Қазақстан 12-жылдық мектептің құрылымы


Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет10/11
Дата26.04.2022
өлшемі45,29 Kb.
#32353
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері

12 жылдық мектептегі білім беру процесінің моделі түрлі деңгейлі вариативті білім беру мазмұны негізінде және оқытудың репродуктивтілігі мен шығармашылық технологиялары үйлесімді қабысқан мұғалім мен оқушының ынтымақтастығы негізінде қалыптастырылуы тиіс.

12 жылдық мектепте оқытуды ұйымдастыруда жалпы дидактикалық ұстанымдармен бірге шешуші мәні бар мынадай принциптерге ие болады:


  • жеке тұлғаның жас және психофизиологиялық даму ерекшелігінің ескерілуі;


  • күтілген нәтижеге жетуге бағдарлығы;


  • ашықтығы;


  • интерактивтігі.


Нәтижеге бағдарланған білім беру моделінде оқыту оқушы (үйрену) мен мұғалімнің (оқыту) өзара байланыс әрекетіне әр оқу процесі компоненттерінің мақсаттарын шектеуді талап етуді мақсатты ұйымдастырылған болып табылады.

Мұғалім қызметінің мақсаты (оқыту):

  • білім беру саласының пәндік және негізгі (ключевых) мақсаттарын ескере отырып, оқу процесінің нақты мақсаттарын жобалау;


  • оқу процесін оқу материалдарын игеруді ұйымдастыру бойынша міндеттер кешенін шешуге бағдарланған білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес конструкциялау;


  • оқу материалдарын даярлау және оқу мақсаттарына сәйкес оқытуды ұйымдастыру;


  • оқу процесін жобалауға және іс жүзінде іске асыруда ақпараттық ортаның әлеуетін пайдалану;


  • оқушының оқу материалын игеруінің тұлғалық-әрекеттік бағыттылығын реттеу;


  • оқушының озық дамуын ұйымдастыру үшін толыққанды жағдай жасау (дамудың жақын зонасына жетуі);


  • құзыреттілік түрінде жеке қол жеткізген нәтижелеріне жағымды эмоция туғызу, қолдау көрсету және психологиялық жағымды орта құру;


  • оқушының өзінің алған білімін қолдана білудегі жеке тәжірибесі мен өзін-өзі анықтау, өзін таныту, өзіндік білімін көтеруге дайындығы бойынша білім алу кеңістігін кеңейту мүмкіндіктерін қарастыру;


  • ағымдағы нәтижелерді бағалау, қойылған мақсаттарға жетуге бағытталған оқытуды уақытында түзету;


Оқушы қызметінің мақсаты (үйрену):


  • жеке білім беру траекториясын қоя білуге берілген мүмкіндікті қолдану (оқу материалын игеру деңгейі, қарқыны);


  • әрекет ету әдістерін, тәсілдерін, біліктілігін оқу мен әлеуметтік құзыреттіліктің құрамдық бөлігі ретінде игеру;


  • оқу жағдайларын шешуге немесе құзыреттіліктің пайда болуына арналған жұмыстардың әдістері мен тәсілдерін, біліктері мен дағдыларын кіріктіру;


  • жалпы орта білім беретін мектептегі білім беру мазмұнын игеруге және оны өзінің жеке білімдік капиталына енгізуге арналған ақпараттық ортадағы (оқулықтар, оқу-әдістемелік әдебиеттер, мультимедиялық бағдарламалар, қашықтан оқыту технологиялары, Интернет желісі т.б.) беріліген мүмкіндікті қолдану;


Оқулықты әзірлеу және басып шығару – мемлекеттік басым міндеттердің бірі. Әзірленетін оқулықтар мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттың талаптарына сәйкес болуы тиіс және оқыту мазмұнын таңдау нәтижеге бағдарланған білімді ескере отырып жүргізіледі.

Сабақты конструкциялауда кезек оқушының өзін-өзі таныту мақсаттарына, оқу материалдарын моделдеуіне, оқушының өнімді әрекетін ұйымдастыруға мүмкіндік туғызатын оқытудың формалары мен әдістеріне кезек беріледі.

12 жылдық мектептегі оқыту мен тәрбиелеуде жеке тұлғаның қабілеттерін толық көрсетіп, дамытатын негізгі тәсілдердің бірі – әрекеттік тәсіл. Әрекеттік тәсілге сәйкес адамның дамуы кезінде осы жас кезеңіндегі жетекші әрекетке зор үлес қосады.

Әрекеттік қатынас оқушының әлеуеттік мүмкіндігін дамытуға және есепке алуға көзделген, әрекетті сабақтан тыс ұйымдастыру нысандарымен, саралау тапсырмаларымен, вариативті бағдарламалармен жететін, жеке білім алу міндеттерін толығымен шешуге мүмкіндік беретін тұлғалық-бағдарлық тәсілмен тығыз байланысты.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет