Қазақстан, Алматы қ



Pdf көрінісі
бет4/5
Дата06.01.2022
өлшемі0,68 Mb.
#11463
1   2   3   4   5
Ключевые  слова:  композиция,  сюжет,  композиция  образной  системы,  композиционные  приемы, 

монтажная композиция. 

________________________________ 

 

Композиция – көркем  шығармадағы  эле-



менттердің,  құрамдас  бөліктердің,  образдар-

дың  белгілі  бір  тәртіппен,  рет-ретімен,  жүйелі 

орналасуы.  Әдеби  туындыларға  қатысты  "ком-

позиция" ұғымының түрлі деңгейдегі синоним-

дері  ретінде  кейбір  жағдайларда  "архитек-

тоника", "құрылым", "диспозиция"  терминдері 

де қатар жұмсалады.  Ол шығарма мазмұнымен 

тікелей  байланысты.  Кемел  композициясыз 

жақсы    шығарма  тууы  мүмкін  емес.  Компози-

ция – көркем  шығарманың  пішіндік  құрылы-

мын  ғана  реттеп  қоймай,  ішкі  әлемін  де    үй-

лесімге  келтіреді.  "Нағыз  кемел  туындыда, - 

дейді  Л.Н.  Толстой, - бір  өлеңді,  бір  көріністі, 

Қ.Т. Жанұзақова 




109 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №4(144). 2013 



 

 

бір айшықты сөз тіркесін, бір бөлшекті шығар-



маның  тұтастығына,  бүтін  бітіміне  нұқсан 

келтірмей,  өз  орнынан  басқа  жерге  ауыстыра 

алмайсыз" [1, 131]. Ойшылдың  бұл  пікірі,  ең 

алдымен,  шығарма  композициясына,  оның 

тұтастық сипатына қатысты.  

Кең  мағынасында  композиция – көркем  пі-

шіннің  құрылымы  және  оның  ең  бірінші  қыз-

меті - бір  бүтіннің  барлық  бөлшектерін  бірік-

тіру.  Екінші  қызметі – шығармадағы  образ-

дарды  жүйе-жүйесімен  орналастыра  отырып, 

белгілі бір көркемдік мағына жүктеу. 

Композицияны  шартты  түрде  сыртқы  және 

ішкі  деп  жіктеуге  болады.  Шығарма  компози-

циясын  талдау  барысында  жиі  кездесетін  кем-

шілік - студенттер көбінесе  оның сыртқы құры-

лымына:  томдарына,  бөлімдеріне,  тарауларына 

көп тоқталып жатады. Туындыны тарауларға бө-

лудің көмекші сипаты ғана бар, ол композиция-

лық құрылымның ішкі қабаттарына бағынады.  

Туынды  құрылымын  біртіндеп,  сатылай 

талдаудың тиімді жолын Т.Есембеков ұсынады 

[2, 52]: 

1)  сыртқы композиция компоненттерін анық-

тау 


2)  сюжет пен фабуланың құрылымын талдау 

3)  идеялық-тақырыптық  жүйенің  компози-

циядағы қызметін 

4)  образдар қатары мен құрамының жүйесін 

айқындау 

5)  уақыт  пен  кеңістік,  мекеншақ  компози-

циясын көрсету 

6)  баяндау түрлерінің мәтіндегі ұйымдасты-

рылуы. 

Шығарманың  көркемдік  пішіні  жекеленген 

образдардан  тұрады.  Пішін  арқылы  бейнелен-

ген  мазмұнның  сырын  түсіну  үшін  образдар-

дың шығармадағы орналасу  реті мен  олардың 

өзара  байланысын    міндетті  түрде    талдау  қа-

жет.  Мысалы,  М.Жұмабаевтың  "Жатыр"  өлеңін-

де бодандыққа түскен қазақ халқының  мүшкіл 

халі ұқсас образдар арқылы бейнеленген:  "сұр 

жылан  қан-сөлін  сорып  жатыр", "кең  жері  құ-

рып  жатыр",  "шәкірттер  медреседе  шіріп    жа-

тыр", "жемтікші  құзғын  болып  кіріп  жатыр", 

"қармаққа талай  жасты іліп жатыр", "шешек жар-

ған қазақ гүлі сарғайып, су тимей солып жатыр". 

Бұл  образдар    қатары  соңғы  шумақта    қоры-

тынды түйінге, ең жоғары нүктесіне жеткен:  

 

Мінекей, қазақ солай бітіп жатыр, 



Күннен күн артқа қарай кетіп жатыр. 

Сезінбей өз өлгенін, өзінікін, 

Аты өшкір оқығандар неғып жатыр?! 

Өлеңнің  образдар  қатары  мен  композиция-

сын  талдау  арқылы  ақынның    ой-көзқарасын 

танып  қана  қоймай,  шығарманың  эмоциялық 

әлеміне  бойлаймыз,  ақынның  халқының  бола-

шағына  алаңдап,  оның  қамын  жеген  мұң-қай-

ғысын  терең  сезіне  түсеміз.  Ол,  ең  алдымен, 

шығармадағы  негізгі  ойды  тұтастырып  тұрған 

композициялық тәсіл арқылы жүзеге асқан. 

Әдеби  шығармадағы  тілдік  құрылым  мен 

баяндаудың  да  өз  композициясы    болады.  Әсі-

ресе,  эпикалық  туындыларда  баяндау  түрлері-

нің  ұйымдастырылуы  маңызды  орын  алады. 

Көркем  шығармада  "көпдауыстылық",  оқиға-

ның  әртүрлі  көзқарас  тұрғысынан  суреттелуі, 

баяндаушылар мен баяндау арнасының ауысып 

отыруы  құрылымдық  қызмет  атқарады.  Сон-

дықтан  шығарма  құрылысының  ерекшелігін 

түсіну  үшін  баяндау  композициясын  талдау 

қажет. Егер мәтінде эпикалық дәстүрге сай бір 

ғана баяндаушы болып, көркем тіл бірдауысты 

баяндауға  құрылса,  оны  шығарма  композиция-

сын талдауда назардан тыс қалдыруға болады. 

Ж.Аймауытовтың"Ақбілек"  романында  баян-

дау барысы  өзгеріп отырады. Мұны романның 

сыртқы  композициясынан  да  көреміз,  кейіп-

керлердің  есімімен  аталған  "Бекболат", "Офи-

цер", "Мұқаш"  тарауларында  автормен  қатар 

оқиға  қаһармандары  да  баяндаушының  қыз-

метін  атқарады.  Автор  "Бекболат", ""Мұқаш" 

бөлімдеріндегі баяндау мәнерін ауызекі сөйлеу 

тіліне  жақындатқан. "Офицер"  бөліміндегі  баян-

дау басқаша: бұл   барлығына өз көзқарасы бар

талдау жасай алатын,  бірақ өзін биік, үстем са-

найтын  өзімшіл  оқыған  адамның  сөзі.  Шығар-

мада  баяндау  мәнерінің  әр  бөлімде  ауысып 

отыруы  ерекше көркемдік композициялық ма-

ғына жүктеген. 

Ә.Кекілбаевтың  "Аңыздың  ақыры"  рома-

нында қаһармандар монологтары басты компо-

зициялық,  сюжеттік  функция  атқарады,  оған 

терең  лирикалық  сипат    береді.  Романның  өн 

бойында  кейіпкерлердің    ішкі  рухани  әлемін, 

жан  дүние  қалтарыстарын,  жалпы  табиғатын 

тану мақсатында  қолданылатын ішкі монолог-

тың  көркемдік  қызметі,  оның  шығарма  компо-

зициясындағы салмақты орны  айқын көрінеді. 

Мұнара романның композициялық кіндігі, бас-

ты  символы  ғана  емес,  қаһармандардың  мұна-

раны  қабылдауы  арқылы  олардың  мінез  ерек-

шелігін  де  аңғарамыз.  Роман  композициясы 

төрт тараудан тұрады. "Қызыл алма" тарауында 

Әміршінің  мұнараны  қабылдауы,  онымен  қа-

рым-қатынасы, екеуінің арасындағы үнсіз теке-

тіресі,  сол  арқылы    Әміршінің  өмір  мен  өлім, 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4

 (144). 2013 

Көркем шығарманың композициясын талдау 




110 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4 (144). 2013

жақсы  мен  жаман,  даңқ  пен  дақпырт,  т.б.  құн-

дылықтар  туралы  философиялық  толғанысы, 

ой-тебіренісі, ішкі монологы  суреттеледі. Мұн-

да оқиға Әміршінің көзімен баяндалады.  "Мұ-

нара"  тарауында  оқиға  Жаппардың  қабылдауы 

арқылы  баяндалады,  оның  мұнараны  дүниеге 

әкелудегі  мехнаты,  шығармашылық  азабы,  те-

рең  сезімі,  махаббат  қайғысы,  ой  толғанысы 

суреттеледі.  Жаппардың  өзі  болып  мұнара  тіл 

қатады. "Махаббат"  атты  үшінші  тарауда  ха-

нымның  мұнарамен  үнсіз  сұхбаты,  күн  ұзақ 

мұнараға  тесіле  қараудан  туған  алуан  түрлі 

сезімдері, ойлары, психологиялық ахуалы баян-

далған.  

Композицияның  ең  қарапайым  және  жиі 

кездесетін  тәсілдерінің  бірі – қайталау.  Ол 

шығарманың  бас-аяғын  көмкеріп,  композиция-

лық жинақылық береді. Әсіресе сақиналы  ком-

позицияда  туындының    басы  мен  соңындағы 

қайталаулар композициялық үндестік тудырып, 

шығармаға ерекше көркемдік мән  үстейді. 

Туындыда  жиі  қайталанатын  детальдың 

немесе  образдың  шығарманың  лейтмотивіне 

айналатын тұстары да бар. Мысалы, М.Әуезов-

тің  "Қаралы  сұлу"  әңгімесіндегі  жас,  қайратты 

арудың драмалық жағдайын суреттейтін ыстық 

"қара  жыландардың"  метафоралық  бейнесі, 

О.Бөкеевтің  "Атау-кере"  повесіндегі  Тағанның 

"Неге  біз  осы? " деп  басталатын  мәңгілік  сұ-

рағы,  Ш.Айтматовтың  "Боранды  бекет"  ро-

манындағы "батыстан шығысқа" және "шығыс-

тан батысқа" зулап жатқан поездардың бейнесі. 

Ш.Айтматов  "Бұл  өлкеде  пойыздар  шығыстан 

батысқа  қарай,  батыстан  шығысқа  қарай 

жүйткіп жатады... Бұл өлкеде темір жолдың қос 

қапталынан  басталып  сақара  сар  даланың 

кіндік  тұсы – Сарыөзектің  үланғайыр  жазығы 

көсіліп  жатады.  Бұл  өлкеде  қашықтық  атаулы, 

уақыттың  Гринвич  меридианы  бойынша  өл-

шенгеніндей,  темір  жолдың  алыс-жақыңдығы-

на  қарай  өлшенеді.  Ал,  пойыздар  шығыстан 

батысқа,  батыстан  шығысқа  қарай  жүйткіп 

жатады... " деген  жолдарды  романның  әр  тұ-

сында  үнемі  қайталай  отырып,  өмірдің  өткін-

шілігі    туралы  идеяны  лейтмотивке  айналдыр-

ған. 


Сақиналы  композицияның  бір  үлгісі  болған 

Т.Ахметжанның  "Сұлу  мен  суретші"  повесі 

"Қуғыншы"  суретін баяндаудан басталады: "...Көз 

алдына  ақ  шағи  көрпесін  қымтана  бүркеніп, 

бұйығып  жатқан  Алтайдың  қыземшек  жота-

лары  елестеді.  Үкідей  үлпілдеген  ұлпа  қардың 

үстінде соңына түскен қуғыншыдан құтылмақ-

қа жандәрмен күш салып, бар айла-тәсілін сарп 

еткен алтайы қыр сұлуы құйғыта ұшып барады. 

Бірде оңға, бірде солға бір бұлт етіп, одан қал-

ды  жалт  бұрылып,  кері  қашқанымен  де  жарау 

ат мінген қуғыншы қыр соңынан қалмай діңке-

летіп, өкпесін өшіріп барып тура қара тұмсық-

тан ала темірдей қатты сойылмен сілтеп өткен-

де  түз  тағысы  екі  бүктетіліп  барып  омақаса 

құлады.  Қара  тұмсықтан  қып-қызыл  қан  дір-

дектеді...  Әппақ  қарға  қып-қызыл  қан  там-

ды...Қып-қызыл қан... ". 

Повестің  экспозициясында  осы  суретті  си-

паттау  "Ақжаймаға  қып-қызыл  қан  тамды" 

деген  сөйлеммен  шығарманың  шымылдығын 

ашуы  болашақ  жағдайдың  трагедиялық,  асқақ-

тық  табиғатын  аңғартады. "Қуғыншы"  суреті-

нің  шығарманың  үш  жерінде – басында,  орта-

сында  және  соңында    қайталануы    сюжеттік 

баяндаумен  тығыз  байланысты.  Жарты  беттен 

ұзақтау  үзіндінің  көркемдік  қызметі  маңызды. 

Ол    сюжет  түйінінің  күрделі  және  шешуші  тұ-

сында баяндаудағы ширыққан сәтке эмоциялық 

ажар береді. Осы ретте "қып-қызыл қан" сөзіне 

айрықша  акцент  жасалатынын  байқаймыз. 

Лейтмотив  болған  үзіндідегі  күшейтпелі  сын 

есімдер  арқылы  жасалған  антитеза    (қара  тұм-

сық,  қып-қызыл  қан,  әппақ  қар),  бірнеше  рет 

әдейі  қайталанып,  символдық,  әрі  эмоционал-

дық  мән  арқалаған.  Сол  арқылы  бір-біріне 

алыстау  үш  жерде  қайталанған  тұтастай  үзінді 

шығармада  ерекше  ырғақ  тудырады.  Қайталау  

мәтіннің  жеке  бөліктерінің  арасында  ассоциа-

тивті байланыс орнатып қана қоймай, авторлық 

позицияны  айқын  көрсетеді.  Сол  арқылы  көр-

кем  шығарма  тінінде    кездейсоқ  ешнәрсе  бол-

майтынына көзімізді жетеді. 

Қайталауға  жақын  тәсілдің  бірі – күшейту. 

Бұл  тәсіл  шығармада  жай  қайталап  қою  жет-

кіліксіз  болғанда,  бірыңғай  детальдар  не- 

месе  образдарды  санамалай  отырып,көркемдік 

әсерді  күшейту  мақсатында  қолданылады. 

М.Жұмабаевтың  "Сен  сұлу"  өлеңінің  компози-

циясы  осы  тәсілге  құрылған:  автор  Май  сұлу, 

найзағай сұлу, Ай сұлу, жел сұлу, жер сұлу, су 

сұлу,  күн  сұлу,  түн  сұлу  дей  келіп, "толып 

жатыр  түрлі  сұлу  дүниеде,  бәрінен  де  маған, 

сәулем, сен сұлу"  деп  аяқтайды.  

Күшейту  мен  қайталаудан  оқшаулау  тұрған 

- қарама-қарсы-қою тәсілі.  Атынан айқын бол-

ғандай,  бұл  композициялық  тәсіл  образдарды 

қарама-қарсы  қою,  антитезаға  арқылы  жаса-

лады, мысалы, М.Жұмабаевтың "Өмір" өлеңін-

дегі: "Жайнаған  жаз  көреді  адам  алдын,  // 

Өткен күн – көңілсіз күз, желді салқын. // Қуа-

ныш  қайғыменен  қатар  жүрмек, //  Болмайды 

Қ.Т. Жанұзақова 



111 

 

Вестник КазНУ. Серия филологическая. №4(144). 2013 



 

 

толық  минут  жүзі  жарқын".  Мұндағы  белгі-



ленген  метафоралар  композициялық  мән  үсте-

ген қарама-қарсылыққа құрылған.    

К.Ахметованың "Соңғы хабар"  өлеңінде қа-

рама-қарсылық  тұтастай  өлеңді  қамтып,  шы-

ғарма  композициясы  кереғар  бастаулардың  май-

данына  құрылған  өмір  туралы  идеяны  негіз-

деуге қызмет еткен:   

 

Қарашы!  



Ақ пен көктің арасы,  

Хақ пен көптің арасы,  

Бар мен жоқтың арасы,  

Аш пен тоқтың арасы,  

Қасірет пен шапағаттың арасы,  

Зұлымдық пен махаббаттың арасы,  

Адалдық пен арамдықтың арасы,  

Жақсылық пен жамандықтың арасы,  

Өтірік пен шындықтардың арасы,  

Тазалық пен ұрлықтардың арасы,  

Теңіздер мен құрлықтардың арасы,  

Сұлулық пен сұмдықтардың арасы  

Күннен-күнге ұлғайған  

Арпалысты бір майдан!  

 

Қарама-қарсы  қою – шығарма  композиция-



сын  талдауда  назар  аударуды  қажет  ететін 

тиімді әрі күшті тәсілдің бірі. 

Қазіргі әдебиеттануда зерттеліп жүрген ком-

позицияның  тағы  бір  түрі – монтаж.  Кино 

өнерінен әдебиетке көшкен бұл ұғым  шығарма 

құрылысының  бірнеше  бөліктерге  бөлініп,  

"құранды", "үзік" сипат алуын көрсетеді. Орыс 

зерттеушілері  монтажды    авангардизм,  модер-

низм эстетикасымен байланыстырады.  

Бүгінде "монтаж" сөзі кең мағынаға ие бол-

ған.  Монтажды  композицияда  шығармадағы 

кейіпкерлердің,  оқиғалардың,  детальдардың, 

әркелкі  эпизодтардың  арасында  сырттай  қара-

ғанда қисынды байланыс  жоқ сияқты көрінеді. 

Алайда    олар  алыстан  ой  арқылы  қиыстырыл-

ған.  Автор  үшін  кеңістіктік-уақыттық,  себеп-

салдарлық  сыртқы  байланыстан  гөрі  ішкі, 

эмоционалдық,  мағыналық    байланыс  пен  ой 

үндестігі маңыздырақ.   

Монтажды  композиция  көп  жағдайда  бір-

бірімен    қиысуы  қиын  әркелкі    эпизодтарға, 

"кірме"  әңгімелерге,  лирикалық  шегіністерге 

құрылған, "оқиға  ішінде  оқиғасы"  бар  көп 

желілі сюжетті шығармаларда кездеседі. 

Мұндай  күрделі  композиция  түрі  Ш.Айтма-

товтың  бірқатар  романдарына  тән. "Боранды 

бекет"  шығармасында  шегіністер,  естеліктер 

арқылы  Едігенің  өткені  мен  бүгінгі  өмірін 

суреттеген  негізгі  оқиғамен  қатар  бірнеше 

басқа  желілер  де  бар.  Олар:  Найман  ана  мен  

 

мәңгүрт,  Раймалы  аға  жайындағы  аңыздар, 



"ғарышкерлік"  хикая,  күн  жүйесінен  тыс  орна-

ласкан  Орман  Төс  планетасының  өмірі,  кейін-

нен  қосымша  тарау  ретінде  қосылған  "Шың-

ғысханның ақша бұлты" әңгімесі. Романда осы 

оқиғалар  мен  ондағы  қаһармандар    арасында 

тікелей  қарым-қатынас  көрінбейді,  жеке  желі-

лер  арасындағы  уақыттық,  кеңістіктік  жалғас-

тық та әлсіз, уақыт барысындағы алмастырулар 

мол. Алайда бейнеленген барлық үзік оқиғалар-

дың басы мағыналық тұрғыда бір бағанға берік 

байланып, автордың адам мен қоғам, адам мен 

табиғат  туралы  ортақ  ой-көзқарастарының  төңі-

регіне топтастырылған. 

ХХ ғасыр әдебиетінде баяндау барысын кілт 

үзіп,  қаһармандардың  түрлі  кезеңдегі  өмірін 

суреттеп  кету,  кенет  күтпеген  философиялық 

пайымдауларға  бару,  кейінге,  алыс  өткен  күн-

дерге  лириалық  шегініс  жасау,  болмаса  бола-

шаққа "озып  ету",  күнделікті  өмір  көріністерін 

үзілмелі  кескінде  бейнелеу  кеңінен  тараған. 

Лирикалық шегіністер – ең алдымен, автордың 

жеке  суреткерлік  тұлғасы,  ішкі  сезімдері, 

дүниені  қабылдауы  көрініс  беретін,  автордың 

өз дүниетанымын бейнелейтін поэтикалық фор-

ма.  Кейде  баяндаушы  шығармада  оқиғаны  әң-

гімелеп  қана  қоймай,  өзінің  оқиғаға  қатысын, 

сезім-күйлерін,  қуанышы  мен  ренішін  білді-

реді, оқиғаны кейіпкерлермен бірге өз басынан 

кешіреді  және  кейіпкерлерінің  тағдырына  сел-

қос,  немқұрайлы  қарай  алмайтынын  аңғартып 

қояды.   

С.Ерубаевтың  "Менің  құрдастарым"  рома-

нының композициясы қызғылықты әрі күрделі. 

Шығарма  монтажды  композиция  үлгісінде  жа-

зылған. Ол прологтан, кірме әңгімелерден, ше-

гіністерден,  сюжеттік  шырғалаңы  мол  тарау-

лардан  тұрады.  Шығарма  Қарағанды  көмір 

өндірісінің қайнаған өміріне үңіліп, жас маман-

дардың қалыптасу, өсу жолын, Рахмет пен Лиза 

арасындағы махаббатты суреттейді. Оқиға бас-

талмас  бұрын  автор  "Роман  туралы  әңгіме" 

немесе романның увертюрасы деп атаған  про-

логында  оқырмандарымен  сырласып,  роман-

ның  жазылу  тарихы  туралы,  шығармаға  қалай 

кіріскені, оның жанына, сезіміне не әсер еткені 

туралы  әңгімелейді.  Бірінші  жақтан  "Мен"  деп 

баяндалатын  алғы  сөзде  жазушының  балалық 

шағы  жайындағы  естеліктері,  жазушыны  тол-

ғандыратын,  азаматтық  тұлғасының  қалыпта-

суына  әсер  еткен  жағдайлар  де  сөз  болады. 

Түйіндей  айтқанда,  роман  композициясында 

бір-бірімен  ой  арқылы  алыстан  байланысқан  

 

ҚазҰУ хабаршысы. Филология сериясы. № 4



 (144). 2013 

Көркем шығарманың композициясын талдау 




112 

 

 



 

ISSN 1563-0223                        Bulletin KazNU. Filology series. № 4 (144). 2013

авторлық  ойлар,  авторлық  сезімдер,  естеліктер 

мен  оның  өміріне  қатысты  кейбір  сәттер, 

сюжетке  қатысы  жоқ  кірме  әңгімелер ("Терек 

пен  қызыл  гүл", "Мәңгілік  өмір  туралы  жыр"),  

сюжеттік  баяндау  желісіндегі  кейіпкерлердің 

қазіргі  өмірін  суреттей  отырып,  өткен  тірші-

лігіне    жасалған  шегіністер  (ретроспективтік 

тәсіл)  үйлесімді өріліп кетеді.   

Қазіргі  қазақ  әдебиетінде  монтажды  компо-

зиция  модернистік  ыңғайда  жазып  жүрген  жазу-

шылар  шығармаларында  көрінеді.  Д. Амантай-

тайдың  көп  дау  тудырған,  композициясы  күр-

делі "Гүлдер мен кітаптар"" романы  Әлішердің 

тағдырын,  автор  толғаныстарымен  аралысып 

келген  көне  түріктер  туралы  аңызды  мозаика-

лық  баяндауға  құрылған.  Бір  қарағанда,  роман 

сюжетінде  Әлішерге  қатысты  бүгінгі  күн  оқи-

ғалары мен  ықылым замандардағы түркілердің 

көне тарихын қозғайтын хикаяның, гүлдер мен 

кітаптардың  тізімі  мен  руханият  турасындағы 

пайымдаулардың  қабысуы қиын, бірақ олар бір-

біріменқаламгердің  ой  қуаты  арқылы  өзара 

жалғанып, қиыстырылған. Әрине, бұл бір жағы-

нан  шығармаға  құрылымдық  өзгерістер  енгізу-

ге  ұмтылатын  жазушы  жаңашылдығымен,  із-

деністерімен де ұштасып жатыр.  

Композициялық  тәсілдер  шығарманың  бар-

лық  деңгейлерімен  байланысып  жатады.  Көр-

кем шығарма құрылымының  алуан түрлі  қыр-

лары  бар.  Оған  кейіпкерлер  жүйесі  мен  олар-

дың  ара-қатынасы,  суреттелетін    оқиғалардың  

орналасуы  (сюжет  композициясы),  заттық-пси-

хологиялық  болмысты беру, бейнелеу ерекше-

ліктері  (портрет,  пейзаж,  ішкі  көрініс,  диалог, 

монолог),  баяндау  тәсілдерінің  динамикасы, 

тілдік  бірліктердің,  оның  ішінде  өлең  фор- 

масы  элементтерінің  сабақтастығы  да  кіреді. 

Яғни,  композиция  туындының  тұтастайкөр-

кемдік  пішінін  түгел  қамтып,  әр  бөлігін    реті-

мен  орналастырады.  Түйіндей  айтсақ,  компо-

зиция  шығарма  құрылымының  барлық  дең-

гейлерін:  идеялық-тақырыптық  жүйені,  образ-

дар  қатары  мен  кейіпкерлер  жүйесін,  сюжет 

пен  фабуланың  құрылымын,  уақыт  пен  кеңіс-

тікті,  көркем  тіл  мен  баяндау  түрлерін    ұйым-

дастырады.  

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет