Оңтүстік Қазақстан территорияда қаңлы, қанғар-печенег (Сырдария даласын мекендеген), арал-каспий бойынан ас және аландарды және Жетісудан батысқа қарай жылжыған қарлұқ, холодж, чагра, чарук тайпаларын біріктірген оғыз мемлекеті (ІХ-ХІ ғғ.) өмір сүрді.
VIII-XI ғғ. Қазақстанның солтүстік, шығыс және орталық аудандарында өздерінің ерте феодалдық мемлекеттерін құрған қимақ және қыпшақ тайпалары өмір сүрді. Қимақ саяси бірлестігінің құрамына көшпелі және жартылай көшпелі түрік тайпалары қыпшақ, эймур, имақ, татар, баяндур т.б. кірді. Қимақ мемлекетінің мұрагерлері қимақ бірлестігіндегі ең ірі тайпа қыпшақтар болды.
Шаруашылықтың бірдей түрімен айналысуы, қоғамдық қатынастарының ұқсастығы, тілдерінің түсініктілігі бұл этникалық топтардың бір-бірімен бірыңғай этносқа жататындарын сезініп, қыпшақ атауын қабылдап, бірігіп кетулеріне көмектесті.
Кейінгі жүз жылдықтағы саяси оқиғалар, түрлі соғыстар қыпшақ бірлестігін де ыдыратып, шығыс қыпшақтардың қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай халықтарының шығуына негіз болуына алғышарттар жасады.
Қазақ этнонимінің шығуы.
Қазақ түрік сөзі. Оның бастапқы түрі екі к дыбысы. Левшиннің қазақтар туралы (1832) белгілі кітабы шыққан уақыттан бері кейбір ғалымдардың еңбектерінде Фирдаусидің “Шах-наме” Рустам тарауында қазақ халқы мен қазақ хандары туралы айтылады мыс деген пайымдаулар тарады. Алайда бұл шындыққа негізделмеген. Данышпан Фирдаусидің өлмес шығармасының мазмұны ориенталистерге жеткілікті мәлім, онда қазақ сөзі туралы еш нәрсе жоқ.
Қазақ сөзі жөніндегі ерте естеліктерді мұсылман жазба ескерткіштерінде ол мүмкін Мысырда құрастырылып, 1245 қолжазба бойынша белгілі және 1894 ж. Лейденде басып шығарылған, осы анонимдік түрік-араб сөздігінде кездестіреміз, оның мәні “үйсіз”, “панасыз”, “кезбе”, “қуылған” дегенді білдіреді.
Тарихи әдебиетте қазақ сөзінің шығу туралы әртүрлі түсіндірмелері бар. Олардың бірін түрік етістігі “қаз”, “қазу” деген сөздермен байланыстырады. Ал енді бірі бұл сөзді “қаз”, қазу және “ақ” деген сөздердің этнимологиясынан құрайды. Енді бір зерттеулер қазақ деген сөзді манғолдың көсек-терген деген арбаның түрін білдіретін сөзден шығарады.
Қорытынды
Сөйтіп ХІІІ ғасырдың басында-ақ Қазақстан жерінде тұрғындардың этникалық жағынан бірігуі басталды. Орта ғасырда Қазақстанда отырықшы, қалалық, көшпелі және далалық мәдениет қалыптасты. Бірақ, тұрғындардың этникалық жағынан бірігуін монғол шапқыншылығы тоқтатты.
Бір сөзбен айтқанда 1459 ж. көшу қазақ халқының құрылуының басы не аяғы емес . Бірақ бұл көп процестің ішіндегі басты кезең: 1459 ж. Жетісу жерінде халықтың бірігуінде тарихи кездесу болды. Яғни, Керей мен Жәнібектің көшуі – қазақ сөзінің тарихтағы бастамасы.