Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


 Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру



бет39/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45
90. Соғыс жылдарындағы ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
Соғыс жылдарында КазКСР-де, бүкіл елдегідей, қалалық пен ауылдық мекендерде он және жеті жылдық жаппай білім беруді жүзеге асыру уақытша тоқтатылды.
Ауыр материалдық қиыншылықтарға қарамастан мемлекет орта білімге ауқымды қаржы бөліп отырды. 1946 ж. бұл мақсаттарға 85,6 млн. рубль бөлінсе, 1950 ж. 146,5 млн. рубльге көтерілді. Одан қалды, бүкіл елдегідей, Қазақстанда да мектепке көмек көрсету, ортақ білім, сонымен қатар жетімдерге көмек көрсету фондын құружөнінде жексенбілікер өтіп отырды. Сирек қоныстанган аймақтарда интернат мекемелер торабы құрылды және онда 1953 жылға қарай 40 мың бала оқыды. Қазақ мектептерінде Мәскеуден шыққан аударма оқулықтар оқытылды.
Елімізге инженерлер, мұғалімдер мен дәрігерлер және басқа мамандар өте қажет болды. Қазақжұмысшылар саны жылдан жыла өсе бергенімен,бірақ олардың көпшілігінің мамандығы жоқболатын. Елде күнәсіз жазалау барысында керекті мемлекет кайраткерлері, ғалымдар, мәдениетөкілдері кінәсіз жазалаудың құрбаны болды.
Ғалымдар, жоғары оқу орындарының ұстаздары, мектеп мұғалімдері және тағы басқалары халық арасындағы идеялық-тәрбие беру саласында үлкен жұмыс жүргізді. Денсаулық сақтау қызметкерлері қажырлықпен еңбек етті. Соғыстың арқасында емханаларда емдеуде болған жаралы жауынгерлердің жетпіс пайыздан астам қайтадан қатарға қосылды. Соғыс кезінде 118 техникумнан 92-сі сақталды, онда оқитын оқушылар саны тек 389 адамға ғана қысқарды. 1941ж дейінгі 20 жоғары оқу орына 1944 ж жаңадан 5 институт қосылды. Олар: Алматы шетел тілдері, Шымкент технологиялық, Қазақ дене тәрбие институттары, Алматы консерваториясы, Қазақ педогогикалық қыздар институты. Республика жоғары оқу орындарында оқитын студенттердің саны 1941 ж 10,4 мыңнан 1945 жылы 15 мыңға дейін өсті. 
91. Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстан. Бейбіт құрылысқа көшудің қиындықтары.
Кеңес Одағы соғыстан экономикалық жағынан әбден әлсіреп шықты. 32 мың өнеркәсіп орны, сондай-ақ 100 мың ауыл шаруашылық өнеркәсіп орындары үлкен шығынға батты, олардың біраз бөлігі толығымен жойылды.
Соғыс жылдарында еліміз 30 млн-ға жуық халқынан айырылғаны белгілі, одан да көп болуы мүмкін. соғыстың зардабы Қазақстанға ауыр тиді. Мысалы: зауыттарда, фабрикаларда және ауыл шаруашылығында жүмыс күші жетіспеді. Бұл жағдай бірнеше себептерге байланысты еді. Соғыс кезінде Қазақстанға қоныс аударған мамандардың көпшілігі туған жерлеріне кайтты. Көптеген Қазақстандықтар майданда қаза тапты және соғыстан оралмады.
Соғыстан кейінгі елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайы. Ал Қазақстанда ел экономикасын бейбіт өмірге қайта бейімдеу шаралары жүргізілді. Әсіресе өнеркәсіпті дамытуға ерекше көңіл бөлінді. Болат өндіру, цемент, қара және түсті металл өндірісі жабдықтарын шығару, кемір және тау-кен кәсіпорындарын дамыту жақсы жолға қойылды. Өйткені Қазақстанда ауыр өнеркәсіпті дамыту басты назарда болып, негізгі күш осы са-лағажұмсалды. Бүған елдің қорғаныс күшін арттыру бағыты қосылды. Қазақстан Кеңес Одағының әскери-өнеркәсіптік кешенінің ірі ошағына айналды.
Халықтың әлеуметтік-тұрмыстық жағдайын жақсартуда біраз шаралар қолданылды. Бірақ бұл мәселе онымен шешілмеді. Жұмысшылардың жалақысы көп ретте азық-түлікті сатып алып отырды. Әсіресе, ауыл шаруашылық өнімдерін мемлекет өте арзан бағамен сатып алды. 1946 жылы Кеңестер Одағының біраз өңірін аштық жайлады. Бұл туралы ешқандай мәліметтерде айтылмайды.
92 сұрақ
92)XX ғасырдың екінші жартысындағы Қазақстандағы кеңестік реформалардың қайшылықтары мен салдары ?
Ұлы Отан соғысы жеңіспен аяқталғаннан кейін Қазақстан еңбекшілері бейбіт құрылысқа қайта оралды. Экономиканы бейбітшілік жағдайға бейімдеп қайта құру еңбекшілердің қоғамдықсаяси белсенділігі жағдайында жүргізілді. 1946 жылы 18 наурызда қабылданған тӛртіншібесжылдыққа арналған жоспар бойынша соғыстан бүлінген аудандарды қалпына келтіру, ӛнеркәсіп пен ауыл шаруашылығының соғыстан бұрынғы дәрежесіне жетіп, одан едәуір асып түсу міндеті белгіленді. Сонымен бірге онда Қазақстан экономикасын ӛрге бастауға үлкен мән берілді.
Республикада ауыр индустрияны жедел дамыту, сондай-ақ, жеңіл және тоқыма ӛнеркәсібін одан әрі өркендеуіне көзделді . Тұрғын үй құрылысын және қалалар мен жұмысшылардың тұрақты аудандарында мәдени-тұрмыстық орындар жүйесін кеңейтуге ерекше көңілбүлінді. Өнер кәсіп пен ауыл шаруашылығын өркендетунегізінде республика еңбекшілерінің материалдық және мәдени тұрмыс дәрежесін одан әрі көтеру көзделді. Қазақстанға бӛлінген күрделі қаржы көлемі одақ бойынша үшiншi орынға шықты. Мұнда күрделі қаржы кәсіпорындарды қалпына келтіруден гӛрі бұрынғыларын кеңейтіп, жаңа кәсіпорындар салуға бағытталды. Түртіншібесжылдықта бүкіл елде ӛнеркәсіп ӛнімі 1940 жылмен салыстырғанда 40 пайызға өсетін болып белгіленсе, Қазақстанда ол 2,2 есеге арту көзделді. Бесжылдық қорытындысында Қазақстан өнеркәсібінің жалпы өнімі1940 жылмен салыстырғанда 2,3 есе, оның ішінде көмір шығару 2,5, мұнай-1,5, газ-1,9, электр қуатын өндіру 4,1 есе артты.
Соғыстан кейінгі кезеңде ауыл шаруашылығы артелінің жарғысын бұзушыларға қарсы күрес күшейді. 1946-1947 жылдары колхоздарға қарыздар болып келген мекемелер мен ұйымдардан 214 млн. сом ақша, 540 мың гектар жер қайтарылды. Осы жылдарда ұсақ колхоздарды iрiлендiрушаралары iске асырылып, республикада соғысқа дейiнгi6400 колхоздан 1950 жылғы қаңтарда 3670 колхоз қалды, олардың жалпы саны 2 есеге жуық қысқарды.
Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық базасы нығайтылды. Тӛртінші бесжылдықтың аяғына қарай Қазақстан шаруашылықтарында 50 683 трактор, 16 мыңнан астам комбайн, ондаған мың автомашина, шепшабатын және басқа машиналар істеді. Бұлардың басым кепшілігі ескі, моральдық жағынан да тозып, ескірген техника болатын. Ауыл-селода механизаторлар қатары өсіп, МТС қызметкерлерінің жыл сайынғы орташа саны 10 мың адамға көбейді . 1946 жылы қуаңшылық болып, астық шықпай, халық азық-түлік тапшылығының зардабын шекті. Колхоз, совхоз, МТС-тардағы техника ескірген, еңбек ӛнімділігі тӛмен еді. Ауыл шаруашылығының әртүрлі жарғысын бұзушылық етек алды. Колхоздардың меншігі талан-таражға түсті. Колхозшыларға еңбек күнге ӛнім бӛлінбеді. Олардың еңбекке ынталылығы тӛмен болды. Осыған байланысты әкімшіл-әміршіл жүйе қатал саясат жүргізіп, село тұрғындарын мәжбүрлікте ұстады. Олардың саяси құқықтары аяқ асты етіліп, туған жерлерінен кетуіне тыйым салынды. Еңбек ақы тӛлеуде теңгермешілік орын алды. Колхоздарда, совхоздарда ӛндірілген астықтың тұқымдық қордан басқасы мемлекетке дайындық қорына алынды. Колхозшылардың, совхоз жұмысшыларының жеке шаруашылықтарынан ет, сүт, жүн дайындау жүргізілді. Ауыл-селодағы мұндай ауыр жағдайды ӛзгертумәселесіне 50-жылдардың орта шеніне дейін кӛңілбӛлінген жоқ. Сайып келгенде, ӛнеркәсіпті қалпына келтіру, оны жаңа деңгейге кӛтеру ауыл-селоны қанау есебінен іске асты.
Тың игеру Қазақстанның ұлттық-этникалық бейнесінің өзгеруіне әсер етті. Тың игеру кезінде Қазақстаннан тыс жерде өмір сүріп отырған қазақтарды келтіру мүмкіндігі туды, қазақ зиялылары сондай пікір де көтерді , бірақ бұл пікір ескерілмеді. Қазақстанға тың игеруге көптеген басқа ұлттың адамдары келді. Олардың ішінде басшы қызметкерлер, мамандар келді. Олар жергілікті кадрларды ығыстырды. Жергілікті жерлердегі қазақ мектептер жабылды, мектептер жаппай орыс тілінде оқытты. Қазақ тіліндегі газеттер жабылды. Мұндай көріністеринтернационализм мен ұлттар достығының белгісі деп бағаланды. 
Тың және тыңайған жерлерді игерудің сонымен бірге үлкен азаптары мен кӛлеңкелі жақтары да болды. Атап айтқанда, басқа республикалардан келгендердің саны шамадан тыс кӛбейіп кетті. Жергілікті жерлерде ұлттық мектептер жабылып, қазақ балалары ірілендірген мектепинтернаттарда оқытыла бастады. Олардың басым кепшілігінде оқу орыс тілінде жүргізілді. Мұның ӛзі, бір жағынан, қазақ жастарының ӛз ұлтының тілінен, салт-дәстүрі мен мәдениетінен қол үзіп мәңгірттенуіне жол ашса, екінші жағынан жергілікті халықты орыстандыру саясаты қолпашталып, ашық жүргізіле бастады. Жер-су аттары орыс тіліне кӛшірілді. Мұндай орыстанупроцесінен халықты республиканың тәуелсіздігі ғана құтқарды. Бірақ бұл үдеріс соның ӛзінде де қазақ халқының, оның зиялыларының елеулі бӛлігін ӛз ұлтының тілін білмейтін шала қазақ күйінде қалдырды. Осындай саясаттың салдарынан қазақ халқы ӛз республикасында азшылыққа айналды. 1959 жылғы сынақта республика халқындағы қазақтардың үлес салмағы (табиғи ӛсуіжоғары болса да) 8% кеміп, жалпы халықтың 29 пайызына түсіп қалды. Солтүстік облыстардағы қазақтардың үлес салмағы республикалық орташадан кӛп тӛмен болды. Жер, су, қала, қыстақ аттары орысшаланды.
93 сұрақ
Қазақстандағы «қайта құру» саясаты
Халықтың тұрмыс деңгейінің нашарлауы. - Теңгермешілдік.
- Әлеуметтік әділеттіліктің жиі бұзылуы.
- Күнделікті тіршіліктің бұрмалануы.
- Ұлтаралық қатынастардағы шиеленістер.
- Маскүнемдік, нашақорлық, ұрлық, парақорлық, жезөкшелік және коррупция. Сонымен, КСРО қоғам дамуының жаңа бетбағытына мұқтаж жағдайда тұрды.
1985 жылғы наурызда Н.У.Черненко қайтыс болғаннан кейін КОКП ОК-нің Бас хатшысы қызметіне М.С.Горбачев сайланды. 1985 жылы сәуірде КОКП ОК-тың пленумында әлеуметтік, экономикалық дамуды жеделдету мәселесіне сәйкес экономикалық құрылымды қайта құру бағыты жарияланды. М.С.Горбачев саясатының ұрандары: жариялылық жеделдету, қайта құру. Бұл қайта құру бағыты 1986 жылғы КОКП-ның XXVII съезінде мақұлданды. Сонымен партия елде жаңару бағытына бастауға міндет алды. Қайта құру ешқандай бағдарламасыз, ғылыми айқындамасыз жүргізілді. Бұл бағыттың қияли болжамдары көп болды. Қайта құру бағыты алғышқы кезден бастап сәтсіздікке ұшырай бастады. Бұған Мәскеуде В.В.Гришин, Ленинградта Г.В.Романов, Қазақстанда Д.А.Қонаев, Әзірбайджанда Г.Әлиев сияқты басшылар кінәлі деп шешілді. Қайта құру бағыты мемлекетті сол кезде алғышарты қалыптасқан аса ірі дағдарыстан құтқара алмады. Қоғамдағы жағдай күннен күнге қиындай берді. Қайта құру бағытының қарама-қайшылығы. 1987 жылы қантар айында болып өткен КОКП ОК-нің Пленумында «Қайта құру және партияның кадр саясаты туралы» мәселе талқыланды. Қаулының кемшіліктері: 1. Дағдарыстың нақты себептерін көрсете алмады. 2. Жаппай өзгерістердің символына айналып, сөз жүзінде ғана салтанат құрды. 1987 жылғы маусым Пленумы басқару ісін түбірлі қайта құру мәселеріне арналды. Пленум әзірлеген құжаттар негізінде «Мемлекеттік кәсіпорын туралы заң» қабылданды. Бұл заңда тауар-ақша қатынастарының рөлі айқындалды. Мемлекеттік кәсіпорындар дербес тауар өндірушілер ретінде қарастырылды. Шаруашылықты жүргізудің экономикалық әдістерін меңгеруге көшуге негіз жасалды. Ұзақ мерзімді жоспарлау орнына мемлекеттік тапсырыстар жүйесі енгізілді. Алайда, бұл шаралар іске асырылмады. Қоғамның саяси құрылымдарын жаңартпайынша, шаруашылықты жүргізудің жаңа әдістері нәтиже бермейтіндігі айқын болды. Халық шаруашылығындағы жағдай ауырлай түсті. Дүкен сөрелерінен күнделікті тұтынатын тауарлар жоғала бастады, азық-түлік түрлері нашарлады. 1988 жылғы маусым айында болған КОКП XIX Бүкілодақтық конфернцияда қоғамның әлеуметтік экономикалық жүйесіне талдау жасалып мынандай шешімдер қабылдады: 1. Саяси жүйеге реформа жүргізбейінше әлеуметік – экономикалық өзгерістер жасау мүмкін еместегін мойындау.
2. Демократияландыру мен жариялылық.
3. Төрешілдікке қарсы күрес.
4. Халықтық реформа жүргізу.
5. Әлеуметтік әділеттік ұстанымдарын жүзеге асыру.
Осыдан кейін қайта құруды жүргізу үшін ең алдымен саяси жүйеге реформа еңгізу керек болды.
80-жылдарға қарай халық шаруашылығын жоспарлауындағы және өндіргіш күштерді орналастырудағы әміршіл-әкімшіл жүйенің жіберген кемшіліктері мен қайшылықтарының нәтижесі тоқырау құбылыстарын тұғызды. Республика шикізат көзі ретінде қала берді. Рухани

идеологиялық өмірде отарлау жүйесінің толық ықпалында болды. Ғылым мен ағарту саласын қаржыландырудың «қалдықты» ұстанымы сақталды. Ұлттық мәдениет, салт-дәстүрлер, тіл өте ауыр жағдайға тірелді. Тек қана 1954-1986 жылдар аралығында қазақ тілінде білім беретін 600-ге жуық мектеп жабылды. Қазақ тілінің қолдану аясы өте тарылды. Сол кезде билікте отырғандарды тіл тағдыры толғандырмады. Аса маңызды мәселелердің барлығы тек Москвада ғана шешіліп отырды. Республикалар егемендегі сөз жүзінде ғана болды. Қазақстан партия басшысы Д.Қонаев (1912-1993 жж.) өз жұмысында көптеген кемшіліктерге жол берді. Д.Қонаевтің өзіне республика халықтарының арасында табынушылық пайда болды. Оның маңындағылар республикадағы күрделі әлеуметтік-экономикалық, рухани, экологиялық жағдайларға немқұрайды қарады.


94 сұрақ
Д.А.Қонаевтің қызметі. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған желтоқсан оқиғасы.
Жастардың алаңға шығуы
1986 жылғы желтоқсан оқиғасына орталықтың өктемдік әрекеттері мен демократиялық принциптері арасындағы қайшылықтар және шовинистік саясат т.б. қалыптасқан жағдайлар нарызылықтың негізгі себептері болды. Наразылықтың сылтауы 1986 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Компартиясы орталық Комитетінің V пленумы болды. Пленумда Г.П.Разумовский ұсынысымен Қазақстанды көп уақыт бойы басқарған Д.Қонаевты орнынан босатып, мемлекет басшылығына республика халқына бейтаныс Ульяновск облысы партия комитетінің бірінші хатшысы болған Г.В.Колбин тағайындалды. Ел басшылығының ауыстырылуына арналған бұл пленум 18 минутқа ғана созылды. Орталықтың бұл әрекеті барып тұрған саяси қателік және қазақ халқының мүддесін мүлде елемеушілік болды.
Желтоқсан оқиғасы
1986 жылы 17 желтоқсанда Алматыда жастар толқуы басталды. Кейін бұл толқу республиканың басқа қалаларына тарады. Шеру бейбіт және саяси сипатта болды. Жастар шеруі құқық бұзушылық, ұлтшылдық сипаттан аулақ болды. Наразылықтың басты қозғаушы күші студенттер, жастар болды. Бюрократиялық жүйеге үйренген республика басшылары жастар пікірін тыңдағылары келмей, олардың тез таралуын талап етті. Шеруді тарқату мақсатында республика басшылары Алматы Гарнизоны, басқа да әскери күштер көмегімен жастар жиналған Брежнев алаңын қоршады. Демонстрацияны тоқтату мақсатында КСРО-ның кейбір өңірлерінен ішкі әскер бөлімдері әкелінді. Осыншама ірі күштер сапер күрегі, үйретілген иттер, су шашатын машиналар, сойындар т.б. қарулар көмегімен демонстрацияны тоқтатты. Қоғамдық тәртіп сақшылары өрескел қатыгездікке барып, көп адамдардың қаза табуына жол берілді. Республика басшылары бұл жағдайға көз жұма қарады. Шеруге қатысқандарды тергеу ісі өте қатал, заңсыз жүргізілді. Тергеу камераларына, қаланың сыртына әкетілгендерінің саны 8,5 мың болды. Көптеген жастар оқу орындарынан, комсомолдан шығарылды. Желтоқсан оқиғасына қатысқандарының ішінен Қайрат Рысқұлбеков, Ербол Сыпатаев, Ляззат Асанова, Сәбира Мұхамеджанова сияқты жастар жақсыз өктем биліктің құрбандары болды. Біраз уақыттан кейін сол кезде айыпталған 99 адамның 46-ы ақталды, 83 адам 1,5 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылды, 52 адам партия қатарынан, 787 адам комсомол қатарынан шығырылды. 1138 адам комсомолдық сөғіс алды, жоғары оқу орындарының 12 ректоры қызметінен алынды, 271 студент оқудан шығаралды, ішкі істер министрлігінен 1200 адам, денсаулық сақтау және көлік министрлігінен 309 адам жұмыстан шығарылды. Желтоқсан құрбаны Қайрат Рысқұлбеков 1988 жылы мамырда қайтыс болды. 1996 жылы 9 желтоқсанда оған «Халық каһарманы» атағы берілді. 1987 жылғы КОКП ОК-ті Алматыдағы 1986 жылғы желтоқсан оқиғасын «Қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деп бағалады. Желтоқсан оқиғасы КСРО-ның ыдырауын тездетті. Кейіннен партия желтоқсан оқиғасында жіберілген қателерді мойындады.

95 сұрақ
Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация.


Қазақ КСР-нің «мемлекеттік егемендігі туралы» декларациясы – 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. «Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы» Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Онда республиканың тең қүқылы шарт негізінде, егеменді республикалар одағына кіру ойынынан басқа, алғаш рет Қаз КСР-нің егеменділік құқығы жағдайы үшін принципті мемлекеттік-құқықтық ережелер: Одақтың шешуіне берген мәселелерді қоспағанда, Қаз КСР аумағында Республика Конституциясы мен заңдарының үстемдігі туралы, Одақтық Жоғарғы органдардың Қаз КСР-і Конституциясы мен егеменділік құқықтарын бұзатын заңдарының және басқа да актілерінің өз аумағында күшін жою құқы, Қазақ КСР-нің егемендігінің негізін құрайтын өзіндік меншігі, жер және оның қойнауы, су, ауа кеңістігі, өсімдік және жануарлар әлемі, басқа да табиғи ресурстар, халықтың мәдени және тарихи қазыналары, оның аумағындағы барлық ұлттық байлықтар – экономикалық және ғылыми- техникалық әлеует туралы, республиканың қосқан үлесіне сай жалпы Одақтық мүліктен өз үлесіне құқы, соның ішінде алмаз, валюта қоры және алтын қорындағы үлесіне, халықаралық қатынастардың субъектісі болу, өз мүддесіне сай сыртқы саясатын анықтау туралы бекітілген. Сонымен қатар, Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды. Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды.[1]
96 сұрақ


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет