Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Мәшһүр – Жүсіп Көпеев және оның қазақ фальклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі



бет35/45
Дата04.05.2023
өлшемі357,75 Kb.
#89960
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45
Байланысты:
?àçà?ñòàí àóìà?ûíäà?û òàñ ?àñûðûíà ?àòûñòû àðõåîëîãèÿëû? åñêåðòê

72.Мәшһүр – Жүсіп Көпеев және оның қазақ фальклоры мен шежіресін жинақтауға қосқан үлесі
Мәшһүр-Жүсіп Көпейұлы (1858—1931, Павлодар облысыБаянауыл ауданында туған) — ойшыл, фольклор танушы, этнограф, тарихшыфилософ, қазақ мәдениетімен әдебиетінің белгілі тұлғасы
Ол өлең жазумен қатар, ауыз әдебиеті үлгілерін жинапбастырумен де айналысты. Шежірелер мен айтыстарды, көптеген тарихи жырларды хатқа түсіріп, кейінгі ұрпаққааманаттады. Сонымен бірге, ол күллі ғұмырын қазақ халқынсауаттандыруға жұмсады десек те болады. 
10-15 жасынан бастап-ақ өлең жазып, хат жазарлықболғаннан-ақ Мәшһүр Жүсіп халық әдебиетін ел аузынанда, қағаз бетінен де жинаумен айналысады.
Атақты ақын, ғұлама оқымысты Мәшһүр Жүсіптің көпқырлы талант екені елге мәлім. Қаршадайынан оқыған, оқып қана қоймай, көңіліне мол дүние тоқыған білімдар. Ақынның 1907 жылы үш бірдей кітабы – "Көп жасағаннанкөрген бір тамашамыз", "Хал-ахуал", "Сарыарқаның кімдікіекендігі" атты жыр жинағы жарық көрді.
Мәшһүр Жүсіп 1858 жылы өзінің айтуынша (қазақша қойжылы, арабша ережеп айында, жұма күні, бесін кезінде), Қызылтауда, Найзатас деген жерде дүниеге келеді. Нәрестетуған соң ата-баба салтымен азан шақырып, атын Адам Жүсіп болсын деп қояды
Мәшһүр Жүсіп жазып қалдырған көп материалдардышолып қарай отырып, оның жинаушылық еңбектерінсаралауға бастайтын мынадай ерекшеліктерін жинақтапайтуға болады.
Біріншіден, Мәшһүр Жүсіп ертегінің, не аңыздыңқысқартылған сұлбасын, шығарма фабуласын беруменшектелмеген. Ақын белгілі бір материалды ел арасындағы айтылу қалпын сақтай отырып, неғұрлымтолық қамтып отырған.
Екіншіден, әрбір сөздің сол кездегі дыбысталу қалпын, орфоэпиясын ескеріп, белгілі бір сөздерді естілуібойынша қағазға түсірген. Әсіресе, сөздің дыбыстықәуезділігіне, өзара үндесуіне көп көңіл бөлінетінін, дыбысталу сапасының сөз мағынасына, сол арқылышығарма көркемділігіне пәрменді ықпал жасапотыратынын.
Үшіншіден, Мәшһүр Жүсіп қай материалды кімненқандай жағдайда қалай жазып алғанын жеткізіпотырған. Демек, ол қалдырған жазбалардың тарихи, этнографиялық, т.б. мәні айрықша болатыны күмәнсіз.
Төртіншіден, ел тарихын, мәдениетін, әдет-ғұрпын кеңбілген Мәшһүр Жүсіп жинаған материалдарға дегенөз бағасын, байқауларын қоса жазып отырған. Соңғыайтылғандары Мәшһүр Жүсіптің естігенін құр жазыпалумен ғана емес, оларды саралап, белгілі бір тарихижағдай, ел ахуалымен салыстырып отырғанзерттеушілік еңбегін көрсетеді.
Мәшһүр Жүсіптің фольклорист ғалым ретіндеқалыптасуының үш қайнар көзі бар.
Бірі – өз елінің ауыз әдебиеті мен фольклор үлгілерінентұратын бай мұрасын қабылдауы;
Екіншісі – шығыс елінің, оның ішінде орта ғасырлықғалымдар жетістіктерін игеруі;
Үшіншісі – батыс ғалымдары, оның ішінде орысзиялыларының әсері.
Өзінің өліміне 10 жыл қалғанда 1921 жылы Мәшһүр Жүсіпбар туыс-тумасын жинап, бір жерді анықтап көрсетіп: "Менің мазарымды осы жерден қазыңдар. Мені жатқызыпемес, отырғызып жерлеңдер. Әлсін-әлсін хабар алыптұрыңдар, менің денем 40 жыл бойы бұзылмай сақталады" деген екен.
Мұның себебін сұраған ауылдастарына: " Мен өлген соңқатты әлсірейсіңдер. Ас беріп, жаназа намазымды оқытпақтүгілі, бақа-шаян теріп кетесіңдер", – деп 1931 жылғыашаршылықты күні бұрын болжаған екен. Расында сопыжан тапсырған соң әлсіреген туыстары әулиенің мәйітіндайын мазаратқа әрең апарып жерлейді.⠀
Содан соң әулие Мәшһүр Жүсіп сөзін былай депжалғайды: "Жұт келеді. Қалың қазақ қырылады. Жұттанаман шыққан ел 70 жыл Құдайсыз қоғамда өмір сүреді. Одан кейін елді 30 жыл ұры-қарылар былықтырады. Осының бәрінен өткен соң ғана қазаққа қой үстінебозторғай жұмыртқалаған заман туады" деп болжағанекен.⠀
Әулие Мәшһүр Жүсіптің 4 болжамы орындалып кетті.
Олар: өзінің өлімі, ашаршылық, 70 жыл атейстіккомпартия, 30 жыл ұры-қарының билеуі.⠀
Енді бесіншісі бейбіт, бейқам заман 2021 жылдың соңынакеліп тұр екен. Билікке адал сүт емген, халқына қайырлыбасшылар келеді деп болжаған екен.
73 сұрақ
73) Ресейдегі ақпан бурзуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қащақстанға әсері.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды.
Ресей империясының барлық саяси жүйесіне тән дағдарыстың салдары болып табылатын 1917 жылғы Ақпан революциясының нәтижесінде патша үкіметі құлатылды. Ол Ресей халықтарының, оның алдыңғы қатарлы күштерінің патша билігіне, крепостниктік құрылысқа және отарлық езгіге қарсы көп жылдық күресінің жеңісімен аяқталды.
1917 жылы 28 ақпанда М.В.Родзянконың басшылығымен Мемлекеттік Думаның комитеті құрылып, мемлекеттік және қоғамдық тәртіпті қалпына келтіруді өз қолына алғанын мәлімдеді. 2 наурыз күні Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мен Петроград Кеңесінің арасындағы келісім бойынша Уақытша үкімет құрылды. Жаңа құрылған үкіметтің құрамы мен міндеттерін белгілеген Декларация да осы күні жарияланды. Онда:“Азаматтар! Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті мүшелері астана жұртшылығы мен әскердің қолдауы, ниеттестігі арқасында қазіргі уақытта ескі режимнің қара күштеріне қарағанда анағұрым табысқа жетіп отыр. Қалыптасқан жағдай атқару өкіметін құруға мүмкіндіктер туғызды. Осы мақсатта Мемлекеттік Думаның Уақытша комитеті бұрынғы қоғамдық-саяси қызметімен көзге түскен өкілдерден құрылған алғашқы кабинеттің министрлерін тағайындады”, - деп князь Г.Е.Львов басқаратын кабинеттің министрлері көрсетілді. Бұл кабинет өз қызметінде: 1) саяси, діни, қарулы көтеріліс және т.б. істер бойынша амнистия жариялауды; 2) сөз және баспасөз бостандығын жария етуді; 3) ұлттық, діни және сословиялық шектеушіліктерді жоюды; 4) елді басқару формасын, конституциясын айқындайтын жалпыға бірдей жабық, тікелей дауыс беру арқылы сайланатын Құрылтай жиналысына тоқтаусыз дайындық жүргізуді; 5) полицияны милициямен алмастырып, жергілікті өзін-өзі басқару органдарына бағындыруды және т.б. демократиялық негіздерді басшылыққа алатынын мәлімдеді.
Патшалық билікті құлатқан Ақпан революциясын қазақ қоғамы зор қуанышпен қарсы алды. “Қазақ” газеті 9 наурыздағы санында: «…Киіз туырлықты қазақтың оң жағынан ай, сол жағынан күн туды, жақсылық, қуаныш тек қана орыстікі емес, отаны Руссия болған жұрттың бәріне тегіс жақсылық, бәріне тегіс қуаныш» - деп жар салды. Ақпан революциясы қалың бұқараның саяси құқықтарын кеңінен пайдалануына мүмкіндік жасады, олардың саяси күреске ашық араласуын қамтамасыз етті. Елдегі қоғамдық өмірде саяси партиялардың ролі орасан өсті. Революция патшалық цензураны жойды. Жұртшылық сөз және жиналыс бостандығын кеңінен пайдаланды.
Уақытша үкіметтің ұлттық мәселе бойынша қабылдаған алғашқы актілерінің бірі 1917 жылы 20 наурызда Ресей азаматтарының құқындағы діни наным-сеніміне, ұлтына қарай шектеушілікті алып тастауы болды. Көктен іздегендері жерден табылғандай болған халық Уақытша үкіметке барынша қолдау көрсетуге даяр екендіктерін білдіріп, империяның түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхаттар жөнелте бастады. Қызылжар қаласы мен уезінің мұсылмандары қалалық мешітте жұма-намаз күні бүкіл халыққа шаттық әкелген Уақытша үкімет мүшелеріне ұзақ өмір беріп, бақытты етуін Алладан өтініп, жаңа үкіметке адал қызмет етуге серт берді. Ресей тарихында бірінші рет діни нанымдық, нәсілдік кемсітушілік жойылды деп, ұлттар теңдігін қағаз жүзінде болса да жария еткен бұл акт бұрынғы бұратана атанған езгідегі елдердің орыстармен терезесін тең сезінуіне жол ашты. Қазақ халқының Ақпан төңкерісін зор қуанышпен қарсы алуының мәні де осында болатын.
74 сұрақ
74. Бірінші жалпықазақ съезі – 1917 жылы 21-26 шілдеаралығында Ақмола, Семей, Торғай, Орал, Жетісу, Сырдария, Ферғана облыстарынан және Бөкей ордасынан20-дан астам қазақ өкілдерінің қатысуымен Орынборқаласында өткен сиез. Ол Х.Досмұхамедұлыныңтөрағалығымен, А.Байтұрсынұлының, Ә.Көтібаровтың, М.Дулатовтың, А.Сейітовтың хатшылығымен өтті. Біріншіжалпықазақ сиезінің күн тәртібіне сол тарихи кезендегіелдің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық-саясиөміріне Қатысты төмендегідей 14 мәселе қойылды:
Мемлекеттік құрылыс.
Қазақ автономиясы.
Жер мәселесі.
Халық милициясы.
Земство.
Оқу мәселесі.
Сот мәселесі.
Дін мәселесі.
Әйел мәселесі.
Бүкілресейлік құрылтай жиналысы.
Бүкілресейлік мұсылмандар кеңесі.
Қазақ саяси партиясы.
Жетісу оқиғасы.
Киевте өтетін Бүкілресейлік федералистер сиезіне жәнеСанкт-Петербургтегі оқу комиссиясына Қазақтан өкілжіберу
.
Сиез қабылданған қаулы бойынша Ресей «демократиялықфедеративтік республика болып, қазақ облыстары қоныс, ұлт жігіне қарай облыстық автономия алуға тиіс» болды. Делегаттар жер туралы мәселені аса ұкыптылықпенталқылап, 14 тармақтан тұратын шешім қабылдады. Онда: «Қазақ халқы өзіне қарасты жерге орналасып болғаншақазақ жері ешкімге берілмесін» деп көрсетіліп, бұрынқазақтардың пайдасынан алынып қойған жерлерді керіқайтару талап етілді. Делегаттар «жер туралы қазақ өзалдына заң жобасын жасасын» деген ұсыныс білдіріп, Бүкілресейлік Құрылтай жиналысының болашақдепутаттарына жиналыста бұл мәселені талқылап, оғандепутаттыққа кандидат етіп 81 адамнан тұратын тізімдібекітті. Олардың ішінде Ә.Бөкейхан, Ахмет Байтұрсынұлы, Әлімхан Ермеков, Х.Ғаббасов, Ж.Ақпаев, АйдарханТұрлыбаев, А.Сейітов, М.Дулатов, А.Бірімжанов, С.Қадырбаев, Х.Досмұхамедұлы, Ж.Досмұхамедұлы, Мұхаметжан Тынышбаев, Ы.Жайнақов, С.Аманжолов, М.Шоқай, Ә.Кенесарин, Қ.Қожықов, Ғ.Оразаев, Б.Құлманов, У.Танашев секілді белгілі қазақ зиялыларыболды. Сондай-ақ, депутаттыққа кандидат ретіндеұсынылғандардың арасында Г.Н. Потанин, В.Чайкин, Т.Нарботабеков, Ә.Диваев сияқты басқа ұлт өкілдері де бар еді
75 сұрақ
75
Қазан төңкерісі (орыс. Октябрьская революция) 
1917 жылдың 25 қазан (7 қараша) күні Санкт-Петербургта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс Владимир Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен Ресей уақытша үкіметіне қарсы жүзеге асырылды.
Оған Санкт-Петербург жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, Владимир Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннексиясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезе Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съез Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. 
Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностықтоптардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысыбасталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. 
Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысыныңжетекшілері Қазан төңкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың (ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдатжәне шарауалар кеңестеріне топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты. 
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Әліби Жангелді, Сәкен Сейфуллин, Кәрім Сүтішев, Абдолла Асылбеков, Майкөтов Әділбек, Яков Ушанов, Аманкелді Иманов, Самуил Цвиллинг, Тұрар Рысқұлов, Тоқаш Бокин, Павел Виноградов, Лукиан Емелев, Тәшен Өтепов, Абдолла Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.
Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму жолын күштеп революцияшыл қайта өзгерістер үрдісіне түсірді. 74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі, социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді. Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады. Олардың қатарына ауыл шаруашылығынкүштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылықсалдарынан сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылымқайраткерлерінің әміршілдік жүйе ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық саясатпен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін, оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес. Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды, халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар арасындағы қарым-қатынастар жақсарды.[1]
1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.
Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады, теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды. 
Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді басқару қабілеті төмен болды. Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп болды. Оны Ақпан төңкерісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос өкімет – жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет құрылды. 
Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевиктер және буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат депутаттарынң кеңестері құрылды. 
Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті органдары құрыла бастады. 
Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқай тағайындалды. 
Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының 20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов «Қазақ» жастарының революцияшыл одағы деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған «Бүкілқазақтық» съезде Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі құрылды. «Алаш» партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен тұрады. Олар: 
1. Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
2. Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
3. Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
4. Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
5. Елдегі билік және сот туралы;
6. Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
7. Халықтың табысына қарай салық салу;
8. Жұмысшылар туралы;
9. Ғылым және білім туралы;
10. Жер мәселесі.
1917 жылы 25 қазанда Уақытша өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған өкіметі еді. Оның мақсаты – пролетариат диктатурасының басшылығымен Ресейде жаңа қоғам – социализмді орнату.
Бұл оқиға бүкіл әлемді дүр сілкіндірді, себебі социализмге жол ашуды бірінші Ресей бастады.
Қазан төңкерісі елді экономикалық және саяси дағдарыстан шығуға жол ашты. В.И.Ленин бастған большевиктер партиясы осы дағдарыстан шығудың сара жолы – Ресейдің империалистік соғысты тоқтатып, бейбіт өмірге көшу деп білді. Сондықтан Ресей ең бірінші болып бірінші дүниежүзілік соғыстан шығады.
Кеңес өкіметі әуелі орталықта Петроградтаорнады да, одан әрі тез арада Ресейдің шет аймақтарына дейін орнады.
Ресейдің қол астында болып келген орыс емес басқа халықтардың еңбекші бұқарасы Қазан төңкерісінен кейін экономикалық-әлеуметтік күйзелістен шығумен бірге отаршылдықтың бұғауынан босанып, тәуелсіздік алатын шығармыз деп үміттенді. Большевиктер барлық ұлттар мен ұлыстардың, халықтардың теңдігі мен бостандығын, азаттығын жариялай отырып, оларды төңкеріс туының астынан кетпеуге шақырды.
Кеңес өкіметі Қазақстанда да орнай бастады. 1917 жылы қазаннан 1918 жылы наурызға дейін Қазақстанның көптеген аудандарында Кеңес өкіметі орнады.
Қазан төңкерісінен кейін Қазақстанда кеңестік аппарат құру және экономика саласында алғашқы өзгерістер енгізіле басталды. Ол қандай шаралар:
• ескі мекемелер, оның, ішінде уақытша өкіметінің комиссарлары, отарлау-шенеуіктік әкімшілік қоныстандыру басқармасы, бұрынғы сот жүйелері жойылып, өкімет билігі жұмысшы, солдат депутаттары кеңестерінің қолына өте бастады;
• Ескі мемлекеттік аппараты қирату отарлау саясатына берілген үлкен соққы болды. Ол еңбекшілердің кеңес жұмысына белсене қатысуына жағдай жасады;
• шіркеу мемлекеттен, мектеп шіркеуден ажыратылды;
• ерлер мен әйелдер теңдігі іске асырылды, адамдардың сословиеге бөлінуі жойылды;
• төңкеріске қарсылар мен күрес жөніндегі төтенше комиссиялар, милиция құрылды;
• кеңестердің жанынан еңбек, ағарту, денсаулық сақтау т.б. бөлімдер ашылды;
• заңдар, жарлықтар тек қана орыс тілінде ғана емес, қазақ тілінде де жарияланатын болды;
• кеңес қызметкерлерін даярлайтын курстар жұмыс істей бастады;
• облыстық кеңестер жанынан ұлттық қарым-қатынастарды реттейтін комиссиялар құрылды;
• жерге жеке иелік ету жойылып, Қазақстандағы шіркеу мен монастірлердің, помещиктердің, бай қазақ-орстардың, патша шенеуіктерінің иелігінде болып келген, срндай-ақ қоныс аудару қорындағы жерлер еңбекшілердің пайдалануына берілді.
76 сұрақ
76. 1917 жылдың 5-13 желтоқсан аралығында Орынборда екінші жалпы қазақ съезі өтті. Съезде Алашорда үкіметі құрылды. Оның төрағасы болып Ә.Бөкейхан сайланды. Осы съезде Алаш автономиясы жарияланды. Ә.Бөкейхан бастаған топ Қазақстанды мекендейтін орыстардың еркін білмейінше автономия жариялауды кейінге қалдыра тұруды қажет деп тапты. Ал Х.Досмұхамедұлы бастаған топ автономияны дереу жариялау керек деп санады. Соңында екі жақ ортақ келісімге келді. Нәтижесінде Түркістан қазағын қосып алып, автономия жариялауға 1 ай мерзім берілді. Бір ай ішінде қосылу ісі жүрмесе де автономия жарияланатын болып шешілді. Осы үшін 1918 жылы 5 қаңтарда шақырылған Сырдария съезіне «бірігу мәселесін қозғау үшін» Б.Құлманов, М.Дулатов, Т.Құнанбайұлы арнайы жіберілді. Бүл жиында табиғи талас-тартыстан кейін Түркістанның оқығандары қосылуға ықылас танытса керек. Әйтсе де көзделген бір айда қосылу жайы сол күйінде өзгеріссіз қалды. Түркістан автономиясы да амалсыз жұмысын тоқтатты. Қазақ қайраткерлері автономия жариялау үшін қайта жиналған жоқ. II съездің қаулысы күшінде қалып, енді ресми қағаздарда «Алаш автономиясы» деп жазылатын болды. Тіпті осындай мөр табаны да мұрағаттардағы құжаттарда сақталып қалған[1].
77 сұрақ
77. Түркістан Автономиясы немесе Қоқан автономиясы — Түркістан өлкесі халықтарының өзін-өзі басқаруын қамтамасыз ету мақсатында 1917 жылы 28 қарашада Ресей мемлекеті құрамында құрылған автономиялы мемлекет. Оның өмірге келуіне кеңестік биліктің Түркістан халықтарының өзін-өзі басқару құқығын мойындамауы түрткі болды. 1917 жылы Қазан төңкерісі жеңген соң, 22 қараша күні Ташкентте өз жұмысын аяқтаған 3-Түркістан өлкелік кеңестер съезі өлкеде кеңес билігінің орнағанын, соған байланысты Түркістан Халық Комиссарлары Кеңесінің құрылғанын, өлкедегі биліктің ендігі уақытта соның қолына өтетіндігін мәлімдейді. 14 мүшесі бар бұл үкіметтің құрамында жергілікті мұсылман халықтарының бірде-бір өкілі жоқ еді. Бұл кеңестік биліктің отаршылдық сипатын танытқан оқиға болатын. Бұған жауап ретінде қүрамында Мұстафа Шоқай, Махмұд Бехбудий, т.б. бар «Түркістан өлкесі мұсылмандар кеңесі» 26 қараша күні Қоқан қаласында 4-Түркістан өлкелік төтенше мұсылмандар съезін шақырды. Үш күнге созылған съезд 28 қараша күні Түркістан өлкесін Түркістан автономиясы деп жариялап, Түркістан Құрылтайын шақырғанға дейін саяси биліктің Түркістан Уақытша Кеңесі мен Түркістан халық билігіне өтетіндігі жөнінде қаулы қабылдады. Түркістан Уақытша Кеңесі құрамына барлығы 54 адам енді, оның 32-сі Түркістаннан Бүкілресейлік Құрылтай жиналысына сайланған депутаттар еді. Бұлардың арасында негізгі тұрғындары қазақтардан тұра¬тын Сырдария мен Жетісу облыстарынан 11 өкіл бар болатын. Кеңес құрамында, сондай-ақ мұсылмандар съезі сайлаған өкілдермен бірге, каланың өзін-өзі басқару ұйымдары съезінің 4 өкілі, түрлі өлкелік «еуропалық» ұйымдардың 13 өкілі бар болатын. Түркістан Уақытша Кеңесі 12 орыннан тұрған Түркістан автономиясының Уакытша үкіметін бекітті. Съезд Түркістан өлкесіндегі барлық халықтардың құқығын сыйлап, қорғайтындығын мәлімдеп, өлкенің барлық мұсылман, орыс, т.б. тұрғындарын Түркістан автономиясы төңірегіне топтасуға шақырды. Сонымен, 1917 жылы қарашада Түркістанда қос билік орнап, оның алғашқысы кеңестік негізде құрылып, ең алдымен ресейлік қоныс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы отарлық езгіге қарсы, діни және ұлттық негізде құрылып, жергілікті халықтардың өзін-өзі бас¬қару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады. Түркістан Уақытша үкіметінің төрағасы және Ӏшкі істер министрі болып Мұхамеджан Тынышпаев, Ӏшкі істер министрінің орынбасары болып заңгер Ә.Оразаев бекітілді. Уақытша үкіметтің Сыртқы істер министрі қызметіне Мұстафа Шоқай тағайындалды. Көп ұзамай Түркістан автономиясы үкіметінің төрағасы Мұстафа Шоқай болды. Түркістан автономиясының құрылуын Түркістан өлкесінің жергілікті халықтары зор қуанышпен карсы алып, оған қолдаушьшық танытуға даяр екендіктерін білдірді. 1918 жылы қаңтарда Түркістан қаласында өткен Сырдария қазақтарының съезі Сырдария облысы Алаш автономиясы жарияланғанға дейін Түркістан автономиясы құрамында болатындығын білдірді. Халық зор үміт артқан Түркістан автономиясын 1918 жылы 2 ақпанда Кеңес үкіметі қарулы күшпен таратып, оның бірнеше мүшелерін тұтқынға алды.[1]
78 сұрақ
78. Қырғыз(қазақ) Кеңестік Социалистік Автономиялық Республикасының құрылуы? 
Жауабы:Қазақ автономиялық кеңестік социалистік республикасының құрылуы. Қазан төңкерісінен кейінгі алғашқы уақытта ұлттың өзін-өзі билеу идеясын қабылдамаған В.И.Ленин мен большевиктер партиясы унитарлық мемлекет құруға бет алды.
. Басында бұл автономия «Қырғыз» деп аталып, 1925 жылы ҚазАКСР орталық атқару комитетінің басшысы «қырғыз» сөзін «қазақ» атауымен алмастырып, бұдан былай Қазақ автономиялы кеңестік социалистік республикасы деген атауды пайдалануға енгізді. 1920-24 жылдар аралығында Қаз АКСР орталығы Орынбордан Қызылордаға көшіріліп, кейін 1927 жылдан бастап Алматы қаласына ауыстырылды. 
Қазақ АКСР заңды түрде 1920 жылдан 1936 жылғадейін өмір сүрген мемлекет. 
Қазақ (Қырғыз) Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасын құруға дайындық жұмыстарын ұйымдастыру үшін 1918 жылы 12 мамырда Ұлттар ісі халық комиссариаты жанынан алғашқы арнайы саяси орган – қырғыз (қазақ) бөлімі ашылды. Бірақ, азамат соғысы басталып кеткендіктен, тек 1919 жылдың 10 шілдесінде ғана «Қырғыз (қазақ) өлкесін басқаратын революциялық комитет (Ревком) туралы уақытша ереже» шықты. Тарихта Кирревком деген атпен белгілі комитеттің кұрамында әр жылдары, С. Пестковскийдің төрағалығымен, А.Байтұрсынов, В.Лукашев, Ә.Жангелдин,С.Меңдешев, Б.Қаратаевтар болды
ҚырАКСР-ның құрамына: Семей облысы; Ақмола облысы, Торғай облысы;Орал облысы; Закаспий облысының Маңқыстау уезі Астрахан губерниясы енді
1925 жылы 18 сәуірде өткен Кеңестердің бүкілқазақстандық V съезі «Қырғыз халқының тарихи дұрыс атауын қалпына келтіру үшін қырғыздар алдағы уақыттарда қазақтар деп аталсын» деген қаулы қабылдады. 1925 жылы 15 маусымда Бүкілодақтық Орталық Атқару Комитеті Қырғыз АКСР-ның атын Қазақ АКСР-і және Ақмешіттің атын Қызылорда деп өзгерту туралы қаулы қабылдады. Сонымен, Қазақ (Қырғыз) АКСР-ы бастапқыда Қырғыз АКСР-ы деп құрылды, 1925 жылдың 15 маусымынан бастап Қазақ АКСР-ы деп аталды. Автономия 1936 жылдың 5 желтоқсанына дейін өмір сүрді және Ресей Советтік (Кенестік) Федеративті Социалистік Республикаға (РСФСР) тәуелді болды. Ал 1936 жылдың 5 желтоқсанында автономия республикалық денгейге көтереліп, Қазақ Советтік (Кенестік) Социалистік Республика (КазССР) деп аталды да, бұрынғы КСРО құрамында болған одақтас республикалардың біріне айналды.
79 сұрақ
79. Қазақстандағы жер-су реформасы
Қазақстанда 1921—22 жылдары ЖЭС аясында жүргізілгеншаралардың бірі жер-су реформасы болды. Реформаның негізгі міндеті 1920 жылы құрылған ҚАКСР-нің аумағында қазақ жерлерін біріктіру болды.
Бұл реформа негізінен патша өкіметінің отаршылдық саясатының зардаптарына қарсы және жою мақсатында жүзеге асқан шаралардың бірі еді. 1921 жылы Жетісуда жер – су реформасы жүргізілді. Нәтижесінде қазақ, қырғыз, ұйғыр еңбекшілеріне 460 мың десятина жер қайтарылды. Сонымен бірге Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның қазақ және орыс халқына жер беру үшін көлемі 1 млн. десятинадан астам жер қоры құрылды. Реформаны жүзеге асыруда қателіктер мен асыра сілтеулерге жол берілді. Кей жағдайда қоныс аударушы кедейлер жерден айырылды. Қоныс аударушылар негізінен отаршыл – кулактар қатарына жатқызылып, қазақтар мен қоныстанушылар арасында ұлт араздығы туып отырды.
1921 – 1922 жылдардағы жер – су реформалары нәтижесінде патша үкіметі алған жер түгел қазақ еңбекшілеріне қайтарып берілді.
80 сұрақ
80.ЖЭС мазмұны және оны жүзеге асыру ерекшеліктері
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынанқираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруғабағытталған әрекет.
• 1924 жылы 1 қаңтардан бастап салық тек ақшалайтөленетін болды.
• Салық үдемелі болғандықтан, оның бар ауыртпалығыбайларға және кулактарға түсті.
• Мал өсіретін қожалықтар салықтан босатылды. Жалдамалы еңбекті пайдалануға рұқсат берілді.
• Салықтан түскен қаражат халық ағарту ісіне жұмсалды.
• Жерді жалға беруге рұқсат берілді.
• Несие берілетін болды.
• «Қосшы Одағы» құрылды.
• 1924-1925 жылдары елге тракторлар әкеліне бастады
• ЖЭС ТЕЗ АРАДА ЖАҚСЫ ӨЗГЕРІСТЕР ӘКЕЛДІ. 1921 ЖЫЛДАН БАСТАП ӨНЕРКӘСІП ӨНІМІ ӨСЕ БАСТАДЫ. ОЛ ҚАЙТА ҚҰРУЛЫМНАН БАСТАЛДЫ: ГОЭРЛО ЖОСПАРЫ БОЙЫНША АЛҒАШҚЫ ЭЛЕКТР СТАНЦИЯЛАРЫ ҚҰРЫЛЫСЫ БАСТАЛДЫ. КЕЛЕСІ ЖЫЛЫ АШТЫҚ ЖОЙЫЛДЫ, АСТЫҚ ӨНІМІ ӨСТІ.
• ХАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАЛПЫНА КЕЛТІРУ ІСІ БАСТАЛДЫ. ДЕГЕНМЕН ДЕ КСРО ЭКОНОМИКАСЫ АРТТА ҚАЛДЫ. 20-ЖЖ. ОРТАСЫНА ҚАРАЙИНДУСТРИАЛАНДЫРУ САЯСАТЫНА ӨТУ ҮШІН ҚАЖЕТТІ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖӘНЕ САЯСИ АЛҒЫ ШАРТТАР ҚАЛЫПТАСТЫ
81 сұрақ
81. Ф.И.Голощекиннің “Кіші Қазан” идеясы: мәні мен салдары
1925 жылы БК(б)П Қазақ өлкелік комитетінің Бірінші хатшысы болып Ф.И.Голощекин келгеннен кейін Қазақстанда тоталитарлық жүйе күшейе бастады. Ол ауылдарда Кеңестік биліктің әлі орнатылмағанын, ауыл билігі жергілікті байлардың қолында екенін жария етті. Ол өлкеде ауылдарды кеңестендіруді ұсынды. Ф.Голощекиннің бұл ұраны “Кіші қазан саясаты” (1925-1928жж.) деп аталды. Голощекин Қазақстанда 1917 жылғы Қазан революциясы іске аспаған, сондықтан «Кіші Қазан» революциясын жасау керек деп өз тұжырымын айтты. Голощекин алғаш идеясын халыққа таныстырған кезден бастап көптеген қарсылықтарға ұшырап отырған,көбі оның идеясын даттаса,енді бірі мақтаған.Осындай кезде жоғары жақтың қолдауын күткен Голощекин Сталинге арнап хат жазған болатын.Ол өзінің хатында өзінің идеясының қоғамға пайдалы екенін айтып барынша ағынан жарылған болатын.Нәтижесінде Сталин оған кері хат жазып,оны қолдайтынын білдірген. “Кіші Қазанның” мақсаты қазақ ауылында социалистік өзгерістерді жүзеге асыруға бағытталды және кедейлер мен батрақтардың көмегіне сүйене отырып, кеңестендірудің әлеуметтік базасын жасау еді. Голощекиннің “Кіші Қазан” саясатына наразылық білдірген С.Сәдуақасов, С.Сейфуллин, С.Қожанов, Ж.Мыңбаевтар “ұлтшыл” деп айыпталды. Ұлттық зиялылар жазаланды, республикадан кетірілді, қуғынға ұшырады. “Кіші Қазан” мынадай іс-шараларды қамтыды: 1) Қазақ ауылдарын кеңестендіру; 2) Егістік шабындық жерлерді қайта бөлу; 3) Бай шаруашылықтарын тәркілеу. 1926-1927 жылдары бұрын болмаған жерлерде Кеңестер құрылып, ал бұрыннан қызмет жасап жүрген жерлерде қайта сайлау жүргізілді. Жергілікті байлар ықпалынан кеңестерді қорғау үшін олардың пайыздық құрамын – кедейлер, батрақтар, әйелдер мен коммунистердің қанша болуы керектігін жоғарыдан бекітті. 1927 жылдың қаңтарында ҚазАКСР Орталық Атқару комитеті (ОАК) ауылдық Кеңестерге жер дауы мен су мен жайылымдарды бөлу сияқты кейбір азаматтық және еңбек мәселелерін қарастыру және шешу құқығы берілді. 1928 жылға қарай белгіленген пайыздық үлесіне сай ауылдық, болыстық Кеңестердің құрамы 50-60%-ға жаңартылды. Бұл жағдай орталық билікке алыс аймақтарды басқаруды жеңілдете түсті. Шабындық және егістік жерлерді бөлу науқаны 1926 жылы 20 мамырда шыққан Қазақ АКСР ОАК-нің қарары бойынша «Жерге орналаспай жер пайдаланатын көшпелі және жартылай көшпелі аудандардың шабындық және егістік жерлерін уақытша қайта бөлу туралы» заңы бойынша бекітілді. 1926-1927 жылдары 1250 мың десятина жайылымдық және 1360 мың десятина шабындық жерлер ірі байлардан тартып алынып кедейлерге таратылды. Жерді қайта бөлу негізгі – экономикалық жағдайды жақсарта алмады. Себебі қазақтың дәстүрлі мал шаруашылығының ерекшелігі ескерілмеді. Жер бергенімен мал бермеді. Малсыз жерді пайдалану, жер өңдеу техникасының болмауы жерді пайдалануға мүмкіндік берген жоқ. Сондықтан көптеген кедей шаруалар жерден бас тартып, бұрынғы иелері-байларға қайтарып берді. Осылай бұл реформа сәтсіздікке ұшырады. Шабындық және егістік жерлерді бөлуді өткізуде бірқатар қиыншылықтар кездесті: 1) жерлерді есепке алу жүргізілмеді; 2) Қосшы одағы белсенділік көрсетпеді; 3) жергілікті атқару комитеттері мен ауылдық кеңестер партия науқанына бірден белсенді кіріскен жоқ; 4) байлардың қарсылығы кездесті. Голощекин “Кіші Қазан” жасауға бағытталған төңкерістік бағытына қарсылық білдірген С.Сәдуақасовты ең басты қарсылысы ретінде таныды. “Сәдуақасовшылдықты” Қазақстан партия ұйымы үшін аса қауіпті идеялық бағыт етіп көрсетті. Голощекиннің басқаруымен 1929 жылы – 31, 1930 жылы – 82, 1931 жылы – 80 жалған «контрреволюциялық ұйымдар» ашылып, сол ұйымда болғандар деген жаламен он мыңға тарта қазақтың бетке ұстар азаматтары қамауға алынды. Жалпы Голощекиннің кіші қазан идеясының мазмұнын түйіндесек: келді, ұжымдастыру деп байбалам салды, малды тәркілеп байларды конфескациялады, малы жоқ халыққа еттен салық салды, төрт-түлікпен көшіп жүргендерден қап-қап астық өткізуді талап етті, 1931-1932 жылдары қайғысы ауыр ашаршылықты қолдан жасап, халықты қырды.
82 сұрақ
82. ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИАЛАНДЫРУДЫҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
БК(б)П XIV сьезі (1925 ж., желтоқсан) Индустрияландыруды бастау туралы шешім қабылданып, ол 40-шы жылдарға дейін жүзеге асырылды.
Индустрияландыру саясаты Қазақстанда табиғи байлықтарды зерттеуден басталды. Шикізат көздерін игеру мақсатында Түркістан-Сібір теміржол құрылысы басталды. Оның құрылысы 1927-1930 жылдары аяқталды, ұзындығы 1445 км. Индустрияландырудың барлық ауыртпалығын шаруалар көтерді.
•Елде жұмысшы табы қалыптасты.
•Алайда, индустрияландыру Қазақстанда әміршіл – әкімшіл жүйенің барынша қалыптасуы, орталықтануы, жазалау аппараттарының күш алуы жағдайында жүргізілді.
•Қазақстандағы индустрияландыру тек шикізат өндіру бағытында болды.
•Республиканың қазба байлықтары орталыққа тасылды. Индустрияландыру барысында бұқаралық социалистік жарыс өрістеді.
•Донбасстың жаңашыл забойшысы – Алексей Стаханов бастама көтерді.
•Қазақстандағы алғашқы стахановшы қарағанды шахтеры Түсіп Күзембаев.1935 ж. желтоқсанда республиканың түсті металлургия өнеркәсібі озаттарының тұңғыш слеті болды.Орталықтағы дамыған аудандар ұлт аймақтарын қамқорлыққа алды.Балқаш мыс балқыту комбинатының құрылысына мәскеулік мамандар мен жұмысшылар келді.Донбасс шахтерлері қарағандыны қамқорлыққа алды.
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ИНДУСТРИЯЛАНДЫРУ ЕРЕКШЕЛІГІ
•Қала халқы көбейді.
•1926 жылы қазақтар - 2,1%.
•Соғыс қарсаңында 16 %-ға жетті.
•1930 жылы қала халқы – 29,8 % құрады.
•1939 жылы қалада тұратын қазақтар – 375 мыңға артты.
•Жұмысшы табы құрамындағы қазақтардың үлес салмағы артты.
•1928 жылы – 19,8 %.
•1935 жылы – 43 %-ға өсті.
83 сұрақ
83. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
1927 жылы партияның ХV съезінде елді коллективтендіруге бағыт алуға шешім қабылданды. Бұл науқан 1929 жылы Сталиннің „Правда” газетінде жарияланған „Ұлы бетбұрыс” деген мақаласынан кейін аса қарқынмен жүргізілді. 1928 жылы Қазақ АКСР Атқару комитеті мен халық комиссарлар Кеңесінің „Бай шаруашылықтарын тәркілеу” туралы қаулысы шықты. Осы қаулының негізінде жеті жүзге жуық ірі бай шаруашылықтары тәркіленіп олардың иелері қанаушы тап ретінде атылды. Осы саясат кейіннен колхоздастыру кезінде де жалғасып, оған орта шаруалар да ұшырады. Қазақстандағы коллективтендіру аса жылдамдықпен жүргізілді. 1928 жылы Қазақстанда барлық шаруа қожалықтарының 2% колхоздарға біріксе, 1930 ж. Олардың саны 50% -ке жетті. 1931 ж. Олардың саны 65% болды. Қазақстандағы коллективтендіру қазақ халқының ғасырлардан бері қолданып келе жатқан көшпелі тұрмысын, әдет-ғұрпын, салт-санасын ескерілместен жүргізілді. Шаруаларды еріксіз, зорлап колхоздарға кіргізді. Қазақтарды күштеп отырықшылыққа көшірді. Халықтың қолындағы мал еріксіз колхозға тартып алынды. Бұл істердің барлығы дайындықсыз жүргізілгендіктен және қысқы жем-шөптің болмауынан Қазақстандағы мал шаруашылығы үлкен апатқа ұшырады.
Ашаршылық - қазақ үшін әрқашан күрделі мәселе. Зарлаған ана, шырылдаған бала, өлексе сасыған қазақ даласы - ауылды кеңестендіру саясатының нәтижесі. Бұл зобалаң Ресейдің Поволжье аймағын, Украина мен Қазақстан халқын жайлады.
Аталған ашаршылық салдарынан қазақ хал­қы өз жерінде күні кешеге дейін саны жағынан азшылыққа ұшырап, өзгелерге жол берумен кел­ді. Халықтану демография ғылымының сол ашар­шылық апаттың қыр-сырларын зерттей отырып болашақта оның қайталанбауы үшін өз тұжырымдарын алға тартады. Міне, осы тұрғыдан қарағанда, Қазақстандағы кеңестендіру жыл­да­ры қолдан жасалған ашаршылықтан қазақ хал­қының саны мен үлесіне қалай әсер еткенін 1926,1937 және 1939 жылдары жүріп өткен Бү­кілодақтық халық санақтарының қорытынды нәтижелерін қолдана отырып, оларды өзара ғы­лыми түрде салыстыру арқылы үлкен дәлдікпен есептеп шығара аламыз.
Қолдан жасалған ашаршылық кесірінен 1931-1933 жылдар қазақ халқының ең бір қасіретті жылдары болып саналады. Ашаршылықтың негізгі себептеріне қуаңшылық, жұт, соғыс, қолдан жасалған дағдарыстар мен күйзелістер жатқызуға болады. Оның соңы адамдардың жаппай қырылуына халық санының күрт азайып кетуіне алып келді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   45




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет