Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі



бет41/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78
Байланысты:
ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ГЭК НОВЫЙ

Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі.

Қазақ халқының Ресей империясының қоластына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұлбатыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлыбастаған елшілік жібереді.Сейітқұл Қойдағұлов – батыр, елші. Кіші жүз ханы Әбілқайырдың 1730 ж. Ресей императоры Анна Иоановнаға ҚұтлымбетҚоштайұлы бимен бірге жіберген елшілікбасшысының бірі.
1730 ж. қыркүйекте Уфа арқылы Санкт-Петербургке келген қазақ елшілері Анна Иоановнаға Кіші жүз ұлыстарын қорғауға алып, Ресей бодандығына қабылдауын сұрағанӘбілқайыр ханның өтінішін жеткізген. Қойдағұловбастаған елшілік Кіші жүздің Ресейге өз еркіменқосылу процесі барысында, сонымен қатар қазақ-орыс қарым-қатынастарының нығаюындаайтарлықтап роль атқарды Қараша айында елшілікПетерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресейпатшайымы Анна Иоановнаға тапсырады. ХаттаКіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралыөтініш жазылған еді. Бұл хатта Әбілқайыр: «Аса құрметті падиша, Мен, Кіші жүз қазақтарылыңханы Әбілқайыр, өзімнің қол астымдағы бүкілжұртыммен Сіздің императорлық ұлымәртебеңіздің қол астында болғым келеді. Ресеймемлекетіне әрдайым адал боламыз…»деп жазған.Бұл уақытқа дейін Ресей империясыныңқұрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілхайырелшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпенқабылданады.1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайырханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресейимпериясының қол астына алуы туралы» грамотағақол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қоластындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандайшарттар негізінде қабылданатыны туралыбаяндалады:
Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызғаадал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмететкені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.
Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтарданешқандайда тонаушылық пен өкпеге жолберілмейді.

  1. Орынбор экспедициясының ұйымдастырылуы мен қызметі.

1731 жылы Кіші жүз ханы Әбілқайырдан ант қабылдатып алған ресейліктер Кіші жүз шебін қауіпсіз санап, Хиуа, Бұқар, Қоқан хандықтарына жорық-экспедициясын ұйымдастыруды көздеді. І Петрдің нұсқауымен 1734 жылы қырғыз-қайсақ экспедициясы құрылды. 
Оны патшаның сенімді серігі И.К.Кириллов (1689-1737) басқарды. Оның көмекшісіне қазақтардың тілін, дәстүр-салтын жақсы білетін А.Тевкелев тағайындалды. Бұл экспедиция тарихта «Орынбор экспедициясы» деп аталды. 
Оның құрамындағы 2700 адамның 2500-і әскери қызметшілер еді. Экспедицияға үкіметтің берген тапсырмасы Кіші жүздің жағдайын жан-жақты зерттеу болды. Атап айтқанда, олар табиғи ресурстарды зерттеумен, жер бетінің картасын түсірумен айналысты.
Міндеті: қазақ даласының жер жағдайын зерттеу және жер бедерін картаға түсіру еді. Аталмыш экспедиция отарлау стратегиясын жүргізудің қызметін атқарды. Нәтижесінде, Кириллов «Қырғыз-қайсақ ордалары туралы түсіндірулер» атты еңбек жазды. 
Кирилловтан кейін бұл істі В.И.Татищев (1686-1750) қолға алды. Ол өзінің ғылыми еңбектерінде қазақтардың тұрмысын, мінез-құлқын, мәдениетін сипаттап жазады. Осы экспедиция Қазақияның батыс өңіріне барлау-зерттеу тыңшылық жұмысын жүргізу барысында қазақтар тарапынан болуы мүмкін шабуылды болдырмауға Әбілқайыр хан кепіл етіп отырды. Нәтижесінде Әбілқайыр ханға қарасты аумақты басып, тарихта тұңғыш рет Орта Азияға патшаның сауда керуені өтті. 
1734 жылы Орынбор экспедицияның құрамында болған орыс саяхатшысы П.И. Рычков қазақтың шаруашылығы, ру-тайпа құрлымы және отарлық саясаттың басты бағыттары жайлы зерттеу жүргізсе, 1768-1774 жылдары қазақ даласында барлау экспедициясы құрамында болған тағы бір ұлты неміс зерттеуші-тыңшы И.Г. Георгий жергілікті қазақтар туралы жазған мәліметінде: «олар өте аңғал, сенгіш, осы мінезін пайдалана отырып, ортасына алауыздық отын жағып, сол арқылы отарлау саясатын жүргізу қажет» депті.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет