Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті



бет37/78
Дата13.05.2023
өлшемі0,81 Mb.
#92831
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
XVII ғ. және XVIII ғ. Қазақ халқының рухани мәдениеті.

Қазақ халқының мәдениеті өзіндік сипаты бар дәстүрлі мәдениет,қазақ халқының қалыптасуына байланысты оның өзіне тән материалдық және рухани мәдениеті де дамып,жетіліп отырды. Материалдық мәдениет ескерткіштері Қазақстанның байтақ жеріндегі экономика мен мәдени дамудың біркелкі болмағандығын аңғарып отыр. Қазақстанның оңтүстік аудандарында отырықшылық егіншілік шаруашылық үлкен рөл атқарды. Отырықшы және жартылай халықтар Сырдария бойымен Қаратауда орын тепті. Қолөнер кәсібі мен сауда орталықтары Сығанақ,Сауран,Түркістан қалаларында болды.Олар көршілес Орта Азия халықтарымен үздіксіз байланыс жасап отырды.
XVII-XVIII ғасырларда қазақ халқы мәдениетінің өркендеп,дамуына феодалдық соғыстар кедергі болды. Бұл феодалдық талас-тартыстар мен соғыстар кесірінен қаллаар мен егіншілік алқаптар талқандалып,іске жарамсыз болып қалды.Бұл жағдайлар мәдени дамудың да біршама бәсеңдеуіне әкелді.Әсіресе XVII-XVII ғасырлардағы Жоңғар шапқыншылығы қазақ халқының мәдениетіне ауыр зардабын тигізген болатын.
XVIII ғасырларда қазақ мәдениетінде тақырып мен жанры жағынан да алуан түрлі қазақ ауыз әдебиеті кең өрістеді. Қазақ халқының ауыз әдебиетінің осы қазыналарын дүниеге әкеліп,ғасырдан-ғасырға,ұрпақтан-ұрпаққа жеткізген халық арасынан шыққан талантты ақындар мен жыраулар болды.Таңғайжайып ертегілер,аңыздар,мақал-мәтелдер,қара өлең,айтыс,төрт-түлік мал туралы өлеңдер, жар-жар, беташар,қоштасу,жоқтау,жарапазан,шариғат-өлеңдер, т.б сол ақындар мен жыраулардың айтуымен ел арсында кең таралып,сақталып дамып келді.Ауыз әдебиеті көшпелі ел-тұрмысын,олардың көзқарастарын,ұғымдарын,өмір тәжірбелерін бейнелейді. Діни нанымдар мен әдет-ғұрыптарға байланысты да көптеген өлең,жырлар пайда болды.
Ауыз әдебиетінен басқа, қазақтарда жазуда дамыған. Әдеби шығармашылықтың негізгі жанрлары – діни және тарихи еңбектер. Қазақтардың мәдени өміріндегі орын алатын халықтық мерекелері болады. Ол мерекелер адам өмірінде басты қызмет атқарады, мысалы: үйлену тойы, баланың дүниеге келуі, құда жол яғни ас беру және басқалары. Мерекелерде әртүрлі ойындар ұйымдастырылады: бәйге, күрес, сайыс немесе көкпар т.б. ойындар. Әр мерекеде өзіне сәйкес келетін халықтық ойындары болады көк-бөрі және қызбөрі деген. Бұлар ертедегі тотемдік көзқарасқа жатады. Бұл ойындардың арасында ең көп көңіл аударларлық ойын ол “ат шабыс” және “аба қамарғы” ойыны. Бұл ойындарға қатысушыларға құнды сыйлықтар дайындалған. Ең қиын спорттық ойынның түрі алтын-қабақ болды. (алтын тақтайды ату). Мергендер құнды сыйлықтармен марапатталған. Бұдан кейін алтын-қабақ ойыны дамып “күміс тақтай” (жамбы ату) пайда болды. Жаңа жылдың басы Наурызды қазақтар көктем айының бастапқы кезі ретінде тойлады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет