Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы. Аңырақай шайқасы.
Басқыншы жауға карсы күреске бүкіл қазақ халқы көтерілді. Ірі-ірі әскери жасақтарды Әбілмәмбет, Барақ, Сәмеке, Әбілқайыр, Сұлтанбет сияқты хандар мен сұлтандар , Шыңғысханның басқа да көптеген ұрпақтары басқарды.Жас сұлтан Абылайдың беделі тап осы кезеңде көтерілді. Ол кейін қазақтың аса құрметті, беделді де айбынды ханына айналды.
Азаттық күресіне идеялык басшылық жасауды қазақтың үш жүзінің аса көрнекті үш биі өз міндеттеріне алды.Жоңғар шапқыншылығына қарсы азаттық күресінің интернационалдық сипаты болды. Онда ортақ жауға карсы қазақтарға тілі, діні, ділі жағынан да дәстүрлі мәдениеті жағынан да туыс қарақалпақтар мен қырғыздар аянбай соғысты.
Бұланты шайқасының маңызы
Ол жеңіс «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламадан» есін жиып, бойын тіктеп үлгермеген халыққа рух берді. Бұланты шайқасы қазақ жасақтарының өз күштеріне сенуіне, халық санасында бетбұрыс жасауға мүмкіндік берді. Мұны маңыздылығы жөнінен 1941 жылғы Мәскеу түбіндегі жеңіске теңестіретіндер бар. Ал, Елбасы Н.Назарбаев «Бұланты шайқасы – біз үшін орыстардың Полтава шайқасымен пара-пар», – дегені бар. Екіншіден, Бұланты шайқасы алдағы үлкен ұрыстардың, үлкен жеңістердің қозғаушысы болды. Содан кейін қазақ тарихында жоңғар басып алған қазақ жерлерін азат ету кезеңі басталды.
Аңырақай шайқасы
Қазақ халқының жоңғарларға қарсы азаттық күресі барысындағы өте елеулі оқиға — Аңырақай шайқасы. Бұл шайқас 1730 жылғы көктемде Балқаш көлінің оңтүстік-батыс жағындағы Итішпес Алакөл деген жерде болды. Шайқасқа Кіші жүздің ханы Әбілқайыр тікелей басшылық етті. Оған қазақтың үш жүзінің жасақтары қатысты.
Аңырақай шайқасы дәстүрлі жекпе-жек ұрысқа шығудан басталды. Оған жоңғар жағынан әскербасы Шарыш, қазақ жағынан жас батыр Сабалақ (болашақ Абылай хан атанған Әбілмансұрдың жасырын аты) шықты. Сабалақ қарсыласына «Абылай! Абылай!» деген жауынгерлік ұранмен атой сала ұмтылды. Жекпе-жекте қазақ батыры жеңіп шықты. Мұның өзі қазақ жауынгерлерін арқаландырып, олардың жігеріне жігер қосты. Жау жағының берекесі қашып, қатты абыржыды.
Жоңғарлардың рухы төмен түсіп кетті. Осы жекпе-жек шайқастан кейін Сабалақ Абылай атанып кетті. Аңырақай шайкасында қазақтар жоңғарларға естерінен тандыра күшті соққы берді. Шайқас даласында жоңғарлардың есеңгіреген, жеңіліске ұшырап, аңырап қалған жері Аңырақай деп аталып кеткен кәрінеді
Достарыңызбен бөлісу: |