Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мен ағарту ісі



бет1/4
Дата11.10.2022
өлшемі115,93 Kb.
#42291
түріСабақ
  1   2   3   4
Байланысты:
Атлах шайқасы ҚМЖ


Қысқа мерзімді (сабақ) жоспары
_ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы білім мен ағарту ісі
(сабақтың тақырыбы)



Бөлім

VI – IX ғасырлардағы Қазақста

Педагогтің Т.А.Ә. (болған жағдайда)

Исалиева Нургуль Абухановна

Күні:

19.09.2022 ж

Сынып: 6

Қатысушылар саны: 17

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Атлах шайқасы
Зерттеу сұрағы: Неліктен Атлах шайқасын «халықтар шайқасы» деп атайды?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқу мақсаттары

6.3.2.3 – Атлах шайқасының тарихи маңызын талдау;
6.2.2.3 – көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттау

Сабақтың мақсаты

  • Атлах шайқасының себептерін түсініп, көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттайды

  • Атлах шайқасының тарихи маңызына талдау жасайды

*Бағалау критерийі

  • Атлах шайқасының алғышарттарын, барысын талдайды

  • Көшпелілердің әскери өнеріндегі жетістіктерін сипаттайды

  • Атлах шайқасының тарихи маңызын талдайды

*Ойлау дағдыларының деңгейі

Қолдану, жоғары ойлау дағдылары

*Тарихи концепт
*Тарихи ойлау дағдысы

Маңыздылық; Дәлел.
Тарихи талдау және бағалау.

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар



Сабақтың басы
5 мин

  • Ұйымдастыру сәті

  • Үй тапсырмасы: анаграмманы шешіңіз

    І

    ш

    т

    е

    м

    и







    Б

    у

    м

    ы

    н










    С

    ұ

    л

    у













    Б

    і

    л

    г

    е










    К

    ү

    л

    т

    е

    г

    і

    н

    Ш

    е

    г

    у













  • БЫМ

  • Оқиғалардың барлығы тарихта сақтала ма?

  • Қандай оқиғалар тарихта маңызды орын алады?

  • Оқиғалардың маңыздылығын қалай анықтаймыз?

  • Суреттерден не көріп тұрсыңыз?

  • Қандай шайқастарды білесіңіз?

  • Бүгінгі сабақ не туралы болуы мүмкін?




Түрік қағандарын анықтап сызады, ол туралы қысқаша мәлімет айтады

Көрсетілген суреттерге болжам жасап, жаңа тақырып атауын ашады



Мұғалімнің ауызша мадақтауы

Слайд 1
Слайд 2






Сабақтың ортасы
15 мин


  • 1-тапсырма: Топтық жұмыс

Оқушыларға тақырып мазмұнын ашатын ықшамдалған мәтін ұсынылып, топтық тапсырма беріледі.
І-топ. Атлах шайқасының қарсаңында Араб халифатының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіреді.
ІІ-топ. Атлах шайқасының қарсаңында Тан империясының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіреді.
ІІІ-топ. Атлах шайқасының қарсаңында Түргеш мемлекетінің және қарлұқ тайпаларының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіреді.
ІV-топ. Атлах шайқасының қарсаңында Тан әскерлерінің және Араб халифатының әскерлерінің макетін жасап, соғыс барысын түсіндіреді.
Мәтін
І топ
1-тапсырма. Атлах шайқасының қарсаңында Араб халифатының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіріңіз.
VIII ғасырдың I-ші жартысында-ақ арабтар Орта Азия мен Қазақстанға үдере шабуыл жасай бастады. 705-706 жылдары Мәуереннахрда түргештер мен соғдылардың біріккен күштері арабтарға елеулі соққы берді. Осылайша 706-709 жылдары түркеш-соғды одағы құрылды. Өз кезегінде, арабтарға қарсы күресте қолбасшы Құли Шор ерекше батырлығымен танылды. Арабтар 711 жылы Самарқандты, 713 жылы Ходжент пен Ферғананы, 715 жылы Шығыс Түркістанды бағындырды. 728-729 жылдары Самарқанд пен Бұхара халқы арабтарға қарсы көтеріліске шыққанда, түргештердің әскеріне сенім артты. Содан түргеш әскерлері аз уақыттың ішінде күллі Соғды жерін арабтардан азат етті. Араб қолбасшысы Насыр ибн Сейяр 737-748 жылдары Қазақстанның оңтүстігін бетке алып, Орта Азияға шабуылдады.
ІІ топ
1-тапсырма. Атлах шайқасының қарсаңында Түргеш мемлекетінің және қарлұқ тайпаларының жүргізген сыртқы саясаты туралы сипаттайды, шапқыншылық бағыттарын картаға түсіріңіз.
737 жылы Түркеш қағаны Сұлық өлтірілгеннен кейін «Сары» түркеш пен «қара» түркештер арасында билік үшін ұзаққа созылған соғыс басталды. Өзара қырқыс пен арабтарға қарсы ұзақ жылдарға созылған соғыс түркеш қағандарының қуатын әлсіретті. 738-748 жылдары сары және қара түргештердің арасында 10 жылға созылған соғыс болды, кейбір деректерде соғыс 20 жылға созылған делінеді.
744 жылы ұйғырдан ойсырай жеңілген қарлұқтар Жоңғарияға, Жетісу өңіріне қарай жөңелді. Ішкі соғыстан, Таң империясының әлденеше реткі тегеурінді соққысынан әлсіреген түркештер қарсылық көрсете алмады. Таң империясы ендігі жерде қарлұқ ябғуын барынша қолдауға кірісті. Қарлұқтардың қолымен түркештерді ығыстырып, Араб халифатының ілгері жылжуын тоқтатуды көздеді. Таң империясы бір мезгіл ол мақсатына жеткендей де болды. Қытайдың генералы Гао Сянь Чжи халифаттың айбынды қалың қолына қарсы шеру тартқанда дәл осы қарлұқ жабғуымен, Ферғана ханының қуатты әскери қолдауына сенген сияқты.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет