Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты және халықаралық қатынастары. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының, Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының, Еуропадағы қауіпсіздік және Ынтымақтастық Ұйымының (ол 2010 жылы басқарған), Солтүстік Атлантикалық ынтымақтастық кеңесінің, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының, Шанхай ынтымақтастық ұйымының және НАТО-ның "Бейбітшілік жолындағы серіктестік" бағдарламасының мүшесі болып табылады. Қазақстан Ресеймен және Беларусьпен Кеден одағын құрды, ол Еуразиялық экономикалық қоғамдастыққа, содан кейін 2015 жылы Еуразиялық экономикалық одаққа айналды. Пайдалы қазбалардың және басқа да табиғи ресурстардың болуы елге өзінің халықаралық саяси рейтингі мен мәртебесін көтеруге мүмкіндік береді. Қазақстан Біріккен Ұлттар ұйымына мүше 186 мемлекетпен (Ватикан мен Палестинаны қоса алғанда) және халықаралық ұйымдармен дипломатиялық қатынастар орнатты Тәуелсіз Қазақстанның сыртқы саясатындағы негізгі мақсаты – елдің қауіпсіздігін сақтау, саяси және экономикалық қарым-қатынастарда аймақтық, субрегиональдық құрылымдарға ену, тәуелсіз мемлекет есебінде елдің дамуы үшін сыртқы қолайлы жағдайларды қарастыру және оны тиянақтау. Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталуымен ерекшеленеді. Ресей, Қытай, Батыс пен Түрік-ислам әлемі арасындағы күштерді дұрыс теңестіру Қазақстанның сыртқы геосаясатының негізі болып есептеледі. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаяси және экономикалық факторларына байланысты көп ғасыр бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татулық және олардың аймақтық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. 1992 жылы наурыз айында Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымыына мүше болып қабылданды. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. Жалпы алғанда, Қазақстан әлемдік қауымдастықтың 138 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты және ТМД елдері арасында дипломатиялық өкілдіктің ең тармақты желісін иеленіп отыр. Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан 56 елде 75 шетелдік өкілдігін, 45 елшілігін, 6 дипломатиялық уәкілдігін, 8 бас консулдық пен 6 консулдық ашты. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Қазақстан сыртқы саясатында басты үш мәселеге ерекше назар аударады: 1.ТМД, Азия, Еуропа елдері, АҚШ, Тынық мұхит, Таяу Шығыс аймағы елдерімен халықаралық байланысты өркендету. 2. Мәдени-экономикалық байланысты күшейте отырып, алдынғы қатарлы өркениетті елдердің қатарына қосылу. 3. Қазақстанның сыртқы саясатында ерекше назар аударатын мәселе – ең жақын әрі ірі көрші мемлекеттермен, солтүстікте – Ресеймен, шығыста – Қытай Халық Республикасымен ойдағыдай қарым-қатынас орнату. 105.