Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы


Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы



бет7/13
Дата10.12.2023
өлшемі233,68 Kb.
#136483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13
Байланысты:
Қазақстан тарихы ГОС экзамен

98. Дүниежүзі қазақтарының тұңғыш Құрылтайының шақырылуы және оның тарихи маңызы.

1992 жылы Алматы қаласында Қазақтардың 1-нші Дүниежүзілік құрылтайы өтті. Құрылтайға алыс және жақын шет мемлекеттерден, соның ішінде Түркия, Алмания, Франция, Норвегия, Моңғолия, Қытай, Аустрия және басқа 33 елдерден 800-ден астам өкіл қатысқан.
Осыдан 30 жыл бұрын 30 қыркүйекте өткен Құрылтайдың күн тәртібінде Дүниежүзі қазақтарының қауымдастығын құру, оның жарғысын қабылдау, басшы органдарын сайлау мәселелерін талқылап, Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевты Дүниежүзі қазақтары қауымдастығының төрағасы етіп сайлау туралы ұсыныс бірауыздан қабылданды.
Түркиядандан Дәлелхан Жаналтай, Қазақстаннан Мырзатай Жолдасбек қатарлы қайраткерлер Төралқа мүшелері ретінде бекітіліп, суретші Бейсен Серікбай Құрылтай таңбасының авторы болды. Қазақ Елінің Тәуелсіздік алғаннан бергі тарихында жаңа бет ашқан бұл құрылтайда және одан кейін де шетелде тұратын қазақтар үшін қабылданған арнайы заңдар өз күшіне енді. Сол арқылы әлемнің 40-қа жуық елінде өмір сүріп жатқан диаспоралар Қазақстанға ағылды. Қауымдастықтың негізгі мақсаты әуелден-ақ, республикадан тысқары, шетелдерде жүрген қазақ диаспорасымен жан-жақты байланыс орнату, мәдени және білім беру мәселелері жөнінен жәрдемдесу болды. Сондай-ақ, қауымдастық тарихи отанына көшіп келген оралмандарға әлеуметтік қамқорлық жасап, қайырымдылық шараларын ұйымдастырды.
Содан бері шетелдердегі қазақтардың мәдени орталықтарымен тығыз байланыс орнатып, бірлескен бағдарламаларды жүзеге асырып келеді. Қауымдастықтың Маңғыстау, АтырауАқтөбеОңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарында бөлімшелері бар. Ұйым қазақ диаспорасының жағдайын тиісті деңгейде зерттеп, Қазақстанның билік орындарына нақты ұсыныстар түсіреді. Сондай жұмыстар нәтижесінде 1996 жылы Қазақстанда «Шетелдік отандастарды қолдаудың мемлекеттік бағдарламасы» қабылданды.
қабылданған жаңа заңдар негізінде, 1991 жылдан 2016 жылғы 1 қаңтарға дейінгі кезеңде 261 мың 104 отбасы немесе 957 мың 772 этникалық қазақ тарихи Отанына қайта оралып, оралман мәртебесін алды. Бұл еліміз тұрғындарының жалпы санының 5,5% құрайды.
Қазақстанға келген оралмандардың көпшілігі, яғни, 61,6% – Өзбекстаннан келген, сондай-ақ, 14,2% – Қытайдан, 9,2% – Моңғолиядан, 6,8% – Түрікменстаннан, 4,6% – Ресейден және 3,6% – өзге елдерден оралған қандастарымыз.
Олардың 21,2% – Оңтүстік Қазақстан облысына, 16,3% – Алматы облысына, 13% – Маңғыстау облысына, 9,4% – Жамбыл облысына, 40,1% – еліміздің өзге өңірлеріне қоныстанды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет