96. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесінің Қазақстанды әлемге танытудағы тарихи маңызы. Қазақстан посткеңестік кеңістікте өз аумағында кең ауқымды көрме өткізу құқығына ие болған бірінші ел болды. Жалпы, Ұлыбритания, Франция, АҚШ, Австралия, Австрия, Бельгия, Италия, Канада, Испания, Бразилия, Оңтүстік Корея, Португалия, Германия, Қытай және Түркия сияқты елдер өз кезінде бүкіләлемдік көрме өткізген. «Астана ЭКСПО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі – Қазақстанның астанасы Астана қаласында 2017 жылдың 10 маусымынан 10 қыркүйегіне дейін «Болашақ энергиясы» тақырыбымен өтті. Ал ЭКСПО-2017 көрмесінің бойтұмары Сәуле, Қуат, Мөлдір болды. Көрме орналасқан алаңның аумағы 174 гектарды құрайды. Оның ішінде көрме алаңы 25 гектар, ал қалған 149 гектарда тұрғын үй ғимараттары мен инфрақұрылым нысандары тұрғызылған. Жалпы ғимараттардың барлық кешені шеңбер ретінде жасалды. Ал дәл ортасында шар тәрізді Қазақстанның «Нұр әлемі» павильоны орналастырылды. Бұл әлемдегі ең ірі шар тәрізді ғимарат, оның диаметрі 80 метр, биіктігі 100 метрді құрайды. Яғни, ғимарат бірегей дизайн. Ол әлемдегі толық шар түріндегі алғашқы ғимарат. Көрменің негізгі символы болып табылатын «Нұр Әлемі» шарын салу үшін 13 мың тонна метал қажет болды. Сонымен қатар, шардың беті 2800 шыны панельмен қапталған. Ал шар тәрізді ғимараттың жалпы ауданы 22 мың шаршы метрді құрайды. Бұл көрсеткіш төрт футбол алаңының аумағына тең. Көрменің барлық нысандарын салу үшін 56 мың тонна металл және 500 мың тонна бетон қажет болды. Бұл әлемдегі екі бірдей ең биік зәулім құрылысын салуға жеткілікті. «Нұр әлемі» павильонының айналасында жарты дөңгелек пішінді ғимараттар бой көтерген. Онда ЭКСПО-2017 көрмесіне қатысушы елдерінің стендтері орластырылды. Яғни, ол 115 ел мен 22 халықаралық ұйымның көрме стендтері. Есігі үш ай бүкіл әлемге ашық болған ЭКСПО-2017 көрмесіне 3 айдың ішінде 178 елден 4 млн адам келіп, тамашалаған. Бұл әлемдегі мемлекеттердің 90 пайызы. Барлық павильондарды аралауға жалпы 96 сағат кетеді. Ал көрме барысында 3500 мәдени іс-шара ұйымдастырылды. Сондай-ақ, онда бүкіл әлемнен 33 мың әртіс өнер көрсетті. Әлемнің 53 елінің үкімет басшылары мен жетекшілері халықаралық көрменің құрметті қонақтары мен қатысушылары болды. Көрмеде 4500 волонтер жұмыс істеді. Ал, енді бұл көрменің бізге қандай әлеуметтік тұрғыда, экономикалық тұрғыда пайдасы бар екен? Біріншіден, еліміздегі техника саласының дамуы. Қазақстанда балама энергия көздерін пайдаланатын аймақтар бар. Мысалы, Алматы қаласының маңында жер асты ыстық сулары бар, Жоңғар қақпасынан жел энергиясын алуға болады және Байқоңырдың орналасу траекториясы күн энергиясын алуға қолайлы жер. Ендеше, болашақта энергиядан тапшылық көрмеу үшін «Болашақ энергиясы» атты көрменің бізге бергені мол. Екіншіден, бізге түсетін, ақшалай пайда көрсеткіштері. 2000 жылы Шанхайда өткен көрмеден түскен пайда 12 млрд $ болса, Ганноверде өткен көрменің пайдасы 350 млн еуроға жеткен. Үшіншіден, өзге елдермен достық қатынастарымыз нығайды. Оның көрсеткіші ретінде, қазіргі уақытта Қазақстан Германия мемлекетімен көрмеге дайындығы. Германия бізге құрылыс саласында тәжірибелерімен бөлісті. Бұл инициативаны немістер бастаған еді. Соның төңірегінде елімізде жаңадан жұмыс орындары ашылды, Астана қаласында қонақүйлер салынды. ЭКСПО халықаралық көрмесі Қазақстанның мәртебесін күллі әлемге паш етті. Халықаралық көрмелер бюросының штаб-пәтерінде Қазақстанның жеңісі бізге деген қызығушылықтың барын көрсетті. Бельгияға 44 дауыс, Қазақстанға 104 дауыстың берілгені халықаралық аренада үлкен қызығушылыққа ие екеніміз және өзіміздің мүмкіндіктерімізді көрсетудің алғашқы қадамы болды. ЭКСПО бізге не береді? Оның Қазақстан үшін қандай пайдасы бар? Елдің дамуындағы экономикалық тиімділігі қандай? Біріншіден, бұл еліміз үшін үлкен абырой. Ауқымы жағынан Олимпиада ойындары мен әлемдік футбол чемпионатынан кейінгі орында тұрған көрмені ТМД кеңістігінде тұңғыш рет Қазақстан өткізді, Бұл бізге берілген сенім квотасы һәм Елбасының дәрежесін сыйлау болса керек. Әрі сыртқы саясаттағы табысымыз бен елді біріктіріп, тұтастыра түсетін уақыттық нышан. Екіншіден, Астанаға 3 айдың ішінде 5 миллионның үстінде адам келеді деп күтіліп отыр. Бұл миллиондардың ішінде инвесторлар да, туристер-де, журналистер-де болады. Демек, Қазақстанға ақпараттық шу, туристік қызығушылық,инвестициялық климат жағынан болсын, бұл көрме әбден тиімді. Үшіншіден, көрме Астананың инфрақұрылымына үлкен серпіліс әкелді. Жаңа қонақүйлер салынды, жаңа жұмыс орындары ашылды, жеңіл рельсті трамвай жолдары салынып, сауда-саттық дамыды. Шағын және орта бизнес өркендеді. Көрме өтіп біткен соң қалған павильондардың біразы ғылыми зертханалар, ғылыми орталықтар, зерттеу институттары ретінде қолданылды. Бұл туралы Сыртқы істер министрінің орынбасары Рәпіл Жошыбаев мәлімдеген болатын. Бұл павильондардың негізінде «Зерттеу орталығы» құрылып, оны «Назарбаев университеті» АҚ-ына бекітіп береді.