Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет2/13
Дата10.12.2023
өлшемі233,68 Kb.
#136483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
1917 ж. 24 қазанда (6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды. Келесі күні көтерілісшілер қаланың ең маңызды жерлерін, мекемелерін басып алды. 1917 ж. 25 қазанда (7 қарашада) Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің билігінің жойылғандығын жариялады. Осылайша Қазан төңкерісі жеңіске жетті.
Ташкент, Омбы,Орынбор, Астрахань тәрізді ірі қалаларда Кеңес өкіметінің орнауы Қазақстанда да биліктің Кеңестердің қолына өтуіне ықпал етті. Алайда Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату төрт айға, 1917 ж. соңынан 1918 ж. наурызына дейін созылды Кеңес өкіметінің Қазақстанда орнауына Ленин бастаған большевиктердің халыққа бейбітшілік, жұмысшыларға зауыт пен фабрика, шаруаларға жер, ұлттар мен ұлыстарға теңдік пен бостандық беру жөніндегі уәдесі өз септігін тигізді. Кеңес үкіметін орнатуға Орал, Жетісу, Сібір, Орынбор казак әскерлері мен құлаған Уақытша үкіметтің жақтастарының қарсылық көрсетуі жағдайды одан әрі шиеленістіре түсті. Кеңес өкіметі Уақытша үкіметтің жақтастары қарулы қарсылық көрсете алмаған Сырдария, Ақмола облыстары және Бөкей Ордасында бейбіт жолмен орнады. Ал, Торғай, Орал, Орынбор, Семей және Жетісу облыстарында Кеңес өкіметін орнату үшін қиян-кескі күрес болды.
Кеңес өкіметінің ұлттық саясатының негізгі принциптері маңызды екі құжатта - 1917 ж. 2 қарашада қабылданған “Ресей халықтары құқықтарының Декларациясында” және 1917 ж. 20 қарашада жарияланған Кеңес өкіметінің “Барлық Ресей және Шығыс мұсылман еңбекшілеріне” үндеуінде көрініс тапты. 1918 ж. қаңтарда кеңестердің Бүкілресейлік 3-съезінде В.И.Лениннің дайындаған “Еңбекшілер мен қаналған халықтардың құқықтары Декларациясы” қабылданды.
РКФСР құрылғаннан кейін елдің Шығысында жаңа автономиялық республикаларды құруға дайындық жұмыстары басталды. Большевиктік ұйымдар, Қазақстан және Түркістанның Кеңестері кеңестік бүкілқазақ, бүкілтүркістандық съездерін шақыруға дайындала бастады. 1918 ж. көктемінде еліміздің шығысында Түркістан автономиялық Кеңестік социалистік республикасы құрылды. Оның құрылуы 1918 ж. 20 сәуірден 1 мамырға дейін Ташкент қаласында өткен Түркістан өлкесі Кеңестерінің 5 съезінде іске асты. Қазіргі Қазақстанның оңтүстік аймағы Түркістан автономиясының құрамына кірді. Бірақта 1918 ж. қаңтарда кеңестердің 3 - Бүкілресейлік съезі Ленин дайындаған “Еңбекшілер мен қаналушы халықтар құқықтарының Декларациясында” өзге ұлттардың өзін-өзі билеу құқы жоққа шығарылды. Осылайша, әуелі 1918 ж. 5 қаңтарында Бүкілресейлік құрылтай жиналысы, одан кейін 5 ақпанда Ташкент кеңесі шешімімен Қоқанд қаласы шабуылмен алынып, Түркістан автономиясы күшпен таратылды. Қазақстанның қалған жерінде – Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарында және Маңғыстауда қазақ кеңестік мемлекеттілігін құруға дайындық жөніндегі күрделі жұмыс одан әрі жалғастырылды.
71. Қазақ өлкесіндегі “ақтар” мен “қызылдардың” қарсыластығы.
1917 жылы большевиктер билікке келді. Ақтар мен қызылдар текетіресі басталды. Ленин ақ террорға қарсы қызыл террорды бастады. Ол деген сөз таптық тегі, сөзі, ісі қызылдарға ұнамағандарды тергеусіз, сотсыз атып тастай бер деген сөз еді. Яғни азамат соғысы басталды. Қазақ даласы ақтармен қызылдар қырғынының табанының астында қалды. Қазақ ауылын ақтар да тонады. Қызылдар да тонады. Салдарынан 1918-19 жылдары қазақ даласын аштық жайлады.
Төніп келе жатқан қауіпке байланысты 1918 жылдың басында жергілікті жерлерде Алашорда үкіметінің бастауымен милиция және өзін-өзі қорғау жасақтарын құру ісі белсенді түрде жүргізілді.
Ақтар большевиктерге қарсы күштердің өкілдері, соның ішінде монархия мен дәстүрлі қоғамдық тәртіпті сақтау идеясын қолдаған Ақ гвардия әскерлері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет