Қазақстан тарихы ГОС экзамен
1.Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы.
Кең-байтақ Қазақстан даласында 4970-ке жуық археологиялық ескерткіш мемлекеттік есепте тұр. Адамзат тарихының бастапқы кезеңі тас дәуірі болып табылады. Тас дәуірі – археологиялық кезеңделу бойынша алғашқы тас құралдардың пайда болуынан бастап, қоладан жасалған құралдардың шығуына дейінгі кезеңді қамтитын көне дәуір. Тас дәуірі б.з.б. 2,5 млн. жыл бұрын басталып, б.з.б. ІІІ мыңжылдықта аяқталды, яғни 2 млн. жылдан астам кезеңді қамтиды.Қазақстан аумағындағы ежелгі адамдардың көне еңбек құралдары Оңтүстік Қазақстандағы Қаратау жотасының оңтүстік-батыс беткейінен, Арыстанды өзенінің бойынан табылған. Археолог Х. Алпысбаев 1958 жылы ерте палеолит кезеңінің тұрақтарын Жамбыл облысы, Қаратау қаласының солтүстік-шығысынан тапты. Бұл тұрақтар Бөріқазған, Тәңірқазған деп аталады. Ерте палеолит кезеңінің ескерткіштері Орталық Қазақстандағы Құдайкөл тұрағынан, Жезқазған маңындағы Жаманайбат, Қарағанды облысындағы Обалысай және т.б. тұрақтардан табылды.
2.Тарихқа дейінгі кезеңдегі адамның мәдениеті.Ерте палеолиттегі өнер иен діни түсініктердің қалыптасуы.
Алғашқы адамдардың айнылсқан кәсібі аң аулау ,балық аулау және терімшілік.Ер адамдар тастан пышақ,найза ,үшкір құралдар жасап аң ауласа әйелдер терімшілікпен айналысқан.Терімшілік пен аңшылықтың дамуы алғашқы қауымдық егіншілік пен мал шаруашылығының дамуына алып келді.
Ерте палеолиттегі өнер түрлеріне тастан қашалып жасалған еңбек құралдары және тас , жартас бетіне қашау сызып , ойып салынған петроглифтер жатады.Алғашқы қауым суретшілері сурет салу үшін ағаш көмірді , жосаны пайдаланған.Сонымен қатар үшкір сүйектен ине жасап, оны киім тігуге пайдаланды.
Неандертальдықтардың жерлеу ғұрыпы ежелгі адамдардың діни түсініктері туралы зор мәлімет береді. Жалпы алғашқы адамдардың діни түсініктері : анимизм , тотемизм және фетишизм деп үшке бөлінеді.Тотемизм дегеніміз -адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыруы. Ал аң -құстарға табыну сенімі -зоопатрия деп аталады. Ерте палеолитте өмір сүрген адамдар жан мен рухтың бар екеніне сенген. Бұл сенім ғылыми тұрғыда анимизм деп аталады. Анимизм дегеніміз ерте заманғы жерлеу ғұрпында өлген адамның үстіне қызыл бояу себу түсінігі және жан мен қанның байланысты екенін екенін білдіретін сенім. Ежелгі адамдардың тылсым күш арқылы бір нәрсеге сиқырмен әсер етуі магия деп аталады. Соңғы фетишизм дегеніміз байырғы адамдардың белгілі бір материалды затқа ерекше қасиетті деп табынуы. Алғашқы адамдардың табиғатқа тәуелділігінен туған сенімі -Құдаға табыну.
3.Ұлы даладағы энеолит және қола дәуірі.
Энеолит дәуірі
Адамзат баласының металдан жасалған құралды игере бастаған дәуірі энеолит дет аталады.Мыс-тас дәуірі б.з.б.3000-1800 жылдарды қамтиды.Алғаш рет осы энеолит дәуірінде металл қолданылды. Энеолит дәуірінде 5 мың жыл бұрын Орталық Қазақстан , Шығыс Қазақстан жерлерінде мыс игеру қалыптасты және тас пен мыстан жасалған еңбек құралдары қатар қолданылды.Мыс-тас ғасырында қоғамда орнаған ірі өзгеріс: қоғамдық еңбек бөлінісі қалыптасып, аталық рулық қауым орнай бастады.Шаруашылық түрі 2ге бөлінді:егіншілік, мал шаруашылығы. Аталық ру үстемдігі орнаған кезде патриархалдық отбасылар көбейіп ер адамдардың қоғамдағы рөлі жоғарылады.Энеолит дәуірінің ескерткіштеріне Ботай тұрағы мен Маңғыстау жерінен табылған Шебір тұрағы жатады.Шебір тұрағынан ұлу қабыршықтарынан жасалған моншақ табылды.
Қола дәуірі
Мыс-тас ғасырынан кейінгі кезең қола дәуірі.Қола дәуірінің хронологиясы б.з.б. 1-2 мыңж. Қола мыс пен қалайының қосындысынан алынды.Қазақстан жеріндегі қола дәуірін жоспарлы түрле зерттеген ғалым Ә.Марғұлан болды.Қола дәуіріне Андрронов, Беғазы-Дәндібай мәдениеттері тән.Ежелгі металлургияның негізгі орталықтары болған аймақтар Орталық және Шығыс Қазақстан . Қола дәуірінде мыс кені өндірілген аймақтар Жезқазған , Риддер,Зыряновск. Қ.И.Сәтбаевтың есебі бойынша қола дәуірінде Жезқазғанда 1 млн тонна кен өндіріліп Нарын,Қалба кен орнынан 1100 тонна қалайы қорытылды.Сумен жабдықтаудың жаңа түрі құдық қазу да осы қола дәуірінде ойлап табылды.Қола дәуірінің басты ерекшеліктері көзе құмыралар жасалды, алғашқы қауымыдық құрылыс ыдырап жеке меншік қалыптасты , мал-мүлік теңсіздігі шығып , теселі егіншілік және көщпелі мал шаруашылығы қалыптасты. Қола дәуірінде жоғарғы дінбасылар абыздар болды.Абыздардың негізгі міндеттері салт-дәстүрдің орындалуын қадағалау.
4.Солтүстік Қазақстандағы Ботай мәдениеті.
Энеолит дәуірінің Солтүстік Қазақстандағы жарқын ескерткіштерінің бірі-Ботай мәдениеті.Бүкіл Еуразия даласында ең алғашқы жылқыны қолға үйретушілер-Ботайлықтар.Ботай мәдениетінің хронологиясы б.з.б.3-2 мыңж. 20 ғасырдың 80 жылдары Ботай тұрағын тарихшы В. Зайберт зерттеген . Зерттеулер нәтижесінде Ботай тұрағынан 70 мың жылқының сүйек қалдықтары табылған. Ботай тұрағы шамамен 15 мың гектар жерді алып жатыр және бұл тұрақ қамтитын мерзім 200жыл.Ботайлықтардың жақсы меңгерген кәсібі -жылқыны өсіру. Ботай қонысынан табылған жәдігерлер :158 тұрғын үй , найза мен пышақтар және жылқы сүйектері .
5.Ерте темір дәуірі хронологиясы мен археологиялық мәдениет ескерткіштері.
Б.з.б. 8 ғасыр мен б.з-дың 5 ғасыр аралығын қамтитын дәуір ерте темәр дәуірі деп аталады.Ерте темір дәуірі 2 езеңге бөлінеді: алдыңғы ерте темір дәуірі және кейінгі ерте темір дәуірі. Б.з.б. 8-3 ғасыр аралығы алдыңғы ерте темір дәуірі . Кейінгі ерте темір дәуірінің мерзімі б.з.б.3- б.з-дың 6 ғасыр аралығы.Темір дәуірінде мүлік теңсіздігі түпкілікті орнап ,әскери -демократия пайда болды. Темір дәуірінде климат күрт өзгеріске ұшырап қуаңшылық орын алған соң щаруашылықтың жаңа түрі көшпелі мал шаруашылығы пайда болды.Осы аралықта ат әбзелдері жетілдіріліп, жылқыны көлік ретінде пайдалана бастады.Көшпелілер бірігіп жүн қырқу , мал күзету,құдық қазу сияқты жұмыстарды бірге атқарды.Темір дәуірінде кең таралған салт-дәстүр өліктерді аттарымен бірге көму болды.Таулы Алтай зираттарында өліктерді бальзамдау мен мумиялау қолданылды.Ежелгі тайпалар көк тәңірге сыйынды.Ерте темәр дәуірінің тайпалары : сақтар , исседон,аргиппей, аримаспы және т.б. . Оңтүстік Қазақстандағы ерте темір дәуірі ескерткіштеріне сақтардың Түгіскен,Ұйғарақ , Жетісу жеріндегі Бесшатыр, Есік қорымдары жатады.Түгіскен , Ұйғарақ обаларынан табылған бұйымдар:үш қырлы жебе,ат ауыздық,ер тұрман әбзелдері. Бесшатыр қорымынан 31 оба , семсер-ақинақ, темір пышақ,ақық моншақ, шаш түйрегіштер табылған.Есік обасынан 4000-нан астам бұйымдар, 26 таңбадан тұратын жазуы бар күміс табақша , Алтын киіммен жерленген сақ ханхадасы табылған. Есік обасын 1969жылы ашқан археолог-ғалым К.Ақышев.
6.Ғұн тайпаларының шығу тегі мен этникалық тарихы мәселесі.Ғұндардың (сюнну) империясының саяси тарихы.
Ениссей жағалаулары мен Алтайды мекендеген ежелгі тайпа ғұндар.Ғұндар кезеңі қамтитын аралық б.з.б.3 ғасыр – б.з-дың 4 ғасыры. Б.з.б. 3 ғасырдың аяғында Қытай деректерінде сюнну деген атпен пайда болған ғұн мемлекеті.Ғұн державасының негізін қалаған-Мөде. Мөде шаньюйдың тұсында ғұн халқының саны 300мыңға жетті.Ғұндардың мемлекет басшысы шаньюй(тәңірқұт) деп аталған. Шаньюйден кейінгі басты тұлға – түменбасы.Ғұн империясында түменбасылардға жатқызылды: щанььюй балалары, шаньюй інілері,шаньюй туысқандары.Ғұндардың ру көсемдері ақсақалдар , ақсақалдар кеңесі жылына 3 рет шақырылды . Ғұндар 24 рудан тұрды,24 руды түменбасы басқарды. Әскери жүйе бойынша ғұндар 3 қанатқа бөлінді , әскербасылары сюбашы деп аталды, негізгі әскери құрамы-атты әскерлер .Ғұндар мен Қытайлар арасында 300 жылдан астам соғыс қимылдары журген.Б.з.б 55 жылы ғұндар оңтүстік және солтүстік болып 2ге бөлінді.Билік мұрагерлік жолмен берілді.
7. Қаңлылардың тарихи мәдени мұрасы. Қаңлылардың шығу тегі және этностық тарихы.
Біздің заманымыздан бұрынғы III ғасырдан бастап Қазақстан жерін мекендеген ірі тайпалардың бірі - қаңлылар. Олар Қытай жазба деректерінде кангюйлар деп аталса, иран діни жинағы «Авеста» және үнді діни кітабы «Махабхара-тада» кангха болып кездеседі. Сол кездегі ірі елдердің жаз-ба деректерінде корсетілуі қаңлы тайпаларының жайғана рутайпалық деңгейде емір сүрмегендігін, олардың мемлекеттік дәрежеге көтерілгенін байқатады. Ғылыми пікірлер және Қытай жазба деректері қаңлыларды сақ тайпалары-ның жалғасы, олардың ұрпақтары деп көрсетеді. Қазақстан және Орта Азия жерінде қаңлы тайпалары-ның ескерткіштеріне жүргізген зерттеу жүмыстарының қорытындысы бойынша, олардың қалдырған материалда-ры шартты түрде үш мәдениетке бөлінеді. 1. Қауыншы. 2. Жетіасар. 3. Отырар-Қаратау мәдениеті. Қаңлылардың шаруашылығы, қолөнері мен саудасы Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған. Б.з.б. V-ІV ғасырдағы деректер бойынша, Қаңлы құлшылық мемлекетіне Әмудария мен Сырдарияның жоғарғы орта ағысындағы жерлер қараған: Бұқара, Шахрисиябз, Кушаниз (Қатта-Қорған төңірегі), Ташкент ауданы, Хорезм өлкесі. Қаңлы мемлекеті Үйсін мемлекетімен бірқатарда тарихи сахнаға шыққан. Үйсіндер Ферғана, Ыстықкөл, Шу, Жетісудан Шығыс Түркістан жерлеріне дейін созылып жатқан аймақта орналасқан. Қаңлылардың жерінен алтын, асыл тастар, хош иісті шайлар, кілемшелер, қымбат аң терілері саудаға шығарылған. Қаңлылардың диқаншылықта қолданған кетпен, қолорақ, қолдиірмен, астық сақтайтын ыдыстары, ұралар мен қамбалар және астықтарда көптеп табылды.
8. Ұлы Жібек жолы аумағындағы көшпелі және отырықшы мәдениет (б.з.б.III – б.з. II ғғ).
Көшпелі және отырықшы мәдениеттердің өзара байланысы шаруашылық, мәдени және саяси байланыс. Көшпелілер мен отырықшылар арасындағы байланыс мәселесі тарих ғылымында әр түрлі пікірлер туғызып отыр. Біраз зерттеушілер көшпелілер мен отырықшылар қарым-қатынасын олардың арасындағы қырғи қабақ қақтығыстар, соғыстар, жаулап алу әрекеттерімен байланыстырады. Бұл ретте көшпелілер белсенді рөл атқарды деп есептейді. Енді бір топ зерттеушілер бұл қарым-қатынастағы көшпелілердің орнын төмендетіп көрсетуге тарысады. «Көшпелілер отырықшылардың мәдени жетістіктерін қиратушылар, не болмаса өздеріне қабылдап алушылар болды» деген пікірлер де жиі кездеседі. Көшпелі және отырықшы жұрттардың арасындағы қатынас әр заманда, әр түрлі аймақта әрқалай болды. Олардың карым-қатынасында қақтығыс, соғыстармен қатар бейбіт сабақтастық, шаруашылық, сауда, мәдени өзара әсерлер аз болған жоқ. Мал өнімдеріне мамандандырылған көшпелі экономика егіншілік өнімдерін, қолөнер бұйымдарын отырықшылардан алса, отырықшылар мал өнімдерін, кейбір қолөнер заттарын, қолөнерге қажетті шикізаттарды көшпелілерден алып отырды. Мұндай сауда, айырбас қатынастары, әсіресе отырықшы халықтар мен көшпелі елдер көршілес орналасқан шекаралық, аймақтарда пәрменді түрде іске асып отырды.Отырықшы елдерге жылқы малы, оны мініске, жегуге үйрету көшпелі малшы тайпалардан келді. Атты әскер дәстүрі, садақтың түрлері, қылыш, ат әбзелдері де көшпелілерден келген. Мысалы, VI ғасырда түркі тайпалары пайдаланған темір үзеңгілі ер тоқым келесі ғасырларда бүкіл Еуропаға таралды. Отырықшы елдер көшпелілердің қару-жарағына, киіміне еліктеді. Мысалы, VII—VIII ғасырлардағы түркілердің кісе белдіктері Қытайдан Иракқа дейінгі аралықта пайдаланылған. Таң әулеті кезіндегі Қытайда көшпелілердің киімі кең таралды, Еуропада орыс, поляк, венгр ақсүйектері киім киісінде, шаш қоюында көшпелілер үлгісіне еліктеді. Көшпелілерде б.з.д. 1- мыңжылдықта пайда болған өнердегі «аң стилі» Қытайдан Дунайға дейінгі аралықтағы отырықшы елдерге де кең таралды. Көшпелілердің өзіндік саяси мәдениеті болды. Олар ел басқарушыларын ерекше қасиетті адам, Тәңірдің жердегі өкілі деп түсінді, ерекше басқару жүйесі, империялық қызмет шендері, рәміздері, ел басқарудағы ерекше мұрагерлік дәстүрі болды. Осы мемлекеттік басқару тәртібін көшпелілер кейбір жаулап алған отырықшы елдердің саяси жүйесіне орнықтырып та отырды. Көшпелілер отырықшы халықтардың бірбірімен мәдениет алмасуына, олардың бірінен екіншісіне мәдени үдерістердің ауысуына себепші болды. Көшпелілер миграциясы, олардың бір отырықшы елдерден кейін келесі бір отырықшы халықтарды жаулап алуы арқылы мәдени диффузия іске асып отырды. Ерте орта ғасырлар заманында көшпелілер отырықшылармен тек қана соғысып қойған жоқ, сонымен қатар өзара тығыз бейбіт байланыста болды. Көшпелілер отырықшы елдер шеберлеріне өздеріне қажетті құрал-сайман, жабдықтарға тапсырыс жасаумен қатар оларды қажетті шикізатпен қамтамасыз етіп отырды. Сонымен бірге көшпелілер отырықшылардан түрлі қолөнер түрін үйренді. Қала-дала байланыстары. IX—XII ғасырларда қалыптасқан қала мәдениеті жағдайында қолөнер мен сауда дамыған кезде отырықшы өркениет көшпелілердің экономикалық қарым-қатынастарының қажетті құрамды бөлігіне айналды. Бұл кездегі көшпелілер мен отырықшылардың қарымқатынасы қалаларды жаулап алудан бастап, қарапайым айырбасқа дейін түрлі сипатта болды. Бұл кездегі қала мәдениетінің өсуі, мүлік теңсіздігінің күшеюі көшпелілерді қызықтыра түсті. Қалалар көшпелілердің сауда-саттық жасайтын орталықтарына айналды. Қарлұқтардың, тоғыз-оғыздардың жартылай отырықшылыққа айналуы жөнінде ортағасырлық авторлар жазған.Көшпелілердің Азия мен Еуропада қағанаттар түріндегі ерте мемлекеттіліктерінің пайда болуы 1-мыңжылдықтың екінші жартысындағы аймақтық әлеуметтік-саяси, экономикалық ерекшеліктерін анықтаушы фактор болды.Қыпшақтардың оңтүстік Ресей даласында пайда болуы Киев Русін өзінің оңтүстік-шығыс шекараларын қорғауды ұйымдастыруға, бекіністер салуға мәжбүр етті. Көшпелілер мен отырықшылардың шекаралық аймағының материалдық мәдениеті аралас болды.
9. Жетісу және Тянь-Шандағы үйсіндердің этносаяси құрылымдары.
Ерте темір дәуірі заманында сақтардан соң Жетісу жерін үйсін тайпалары мекендеген. Олар Орталық Азия аумағындағы ертедегі алғашқы этникалық бірлестіктердің бірі болды. Қытай деректерінде «Усун-го» (Үйсін мемлекеті) деп аталады. Үйсіндер Жетісу мен ТяньШаньда, Қытайдың солтүстік-батыс өлкесінде, Шығыс Қазақстандағы Тарбағатай таулы бөктеріндегі далалы өңірлерде өз іздерін қалдырған. Біздің заманымыздан бұрынғы 170-160-ыншы жылдары үйсіндер мемлекеті құрылды. Үйсін мемлекетінің Ұлы Жібек жолының бойында орналасуы оның көршілес елдер, тайпалармен (қытай, ғұн, қаңлы, ұйғыр, қырғыз және т.б.) саяси, экономикалық және мәдени байланыстарды дамытуына мүмкіндік жасады. Бастапқыда Үйсін мемлекеті ғұндармен қалыпты қарым-қатынаста болды. Бірақ Хань патшалығының ғұндарды жеңіп, батысқа бет алу әрекеті үйсіндерді қытайлармен тығыз байланыс орнатуға мәжбүр етті. Қытайлар ғұндарға қарсы батыста жатқан елдерден одақтастар іздеуге кірісті. Қытай императоры Уди б.з.д. 138 жылы үйсін еліне Чжан Цянь бастаған елшілік жібереді. Осыдан кейін екі жақты қарым-қатынастар етек алып, үйсіндер Қытаймен кең дипломатиялық және туыстық қатынаста болған. Қытайлар үйсіндермен құдандасып, күнбиге Хань патшалығының ханшасын әйелдікке береді. Әрине, бұл құдалық белгілі саяси мақсатты көздеп, хань әулеті үкіметі мен үйсіндер арасындағы одақтастық байланыстың негізін қалады. Өз кезегінде ғұндар да үйсіндермен құдаласып, күнбиге өздерінің қыздарын беріп отырған.
10. Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы.
Түріктер 552 жылы Солтүстік Моңғолия жерінде Түрік каганатын құрды. Оның алғашқы билеушісі Бумын қаған еді. Мұқан қаған тұсында бүкіл Ішкі Азия, Оңтүстік Сібір жері, Оңтүстік-батыс Маньчжуриядағы қидандар, қарақытайлар, Тува жері мен Енисей қырғыздары бағындырылды. Иштеми (Естеми) қаған тұсында түріктер батысқа қарай жылжып, Жоңғария жерін, Қазақстанның, Орталық Азияның шығыс аймақтарын бағындыра бастады. VI ғасырдың екінші жартысына қарай түріктер бүкіл Қазақстан жерін, Орталық Азияның біраз бөлігін бағындырып, Қара теңіз жағалауына дейін жетті. Билік басында ақсүйек ашына (ашина) руы тұрды. Бұл — «киелі қасқыр» деген сөз. Қағандар мемлекеттің басты билеушісі болды. Түріктердің туы бөрілі байрақ болуымен қатар олардың қорғаушыоң қағарлары да «бөрі» аталған. Оның алғашқы қағандары Түмен (Бумын), Мұқан, Естеми, Қара- Еске қағандар еді. Ал Батыс түрік қағанатының билеушілері Тон Жабғу қаған (618—630), Жеғуй қаған (610—618) кезінде қағанат саяси-әкімшілік жағынан дамудың ең жоғары дәрежесіне көтерілді. Қытай жазбаларында айтылғандай Бүмын (Тұмын) қағанның кіші інісі Мұқан қаған 552—554 жылдары Түрік қағанатының негізгі дұшпанының бірі жужандарды (аварларды) бағындырып, Орталық Азия билеушісіне айналады. Түрік қағанының тағы бір інісі Иштеми (Естеми) (552— 582 жж.) батысқа жылжып, Жетісу мен Қазақстанның далалық аймақтары және Сырдария, Арал теңізіне дейін жетті. Сасанидтік Иранмен одақтаса жүріп, эфталиттерді бағындырып, Византиямен сауда-экономикалық байланыстар (Земарх елшілігі) орнатады. Түрік қағанаты Қазақстан жеріндегі алғашқы ортағасырлық мемлекет болды.
11. Қарлұқ мемлекетінің саяси тарихы: құрылуы, көрші мемлекеттер мен тайпалармен қарым-қатынастары. Қарлұқ қағанаты ( территориясы, этникалық құрамы, саяси тарихы)
Қарлұқ мемлекеті (756-940 жж.)– Жетісу жеріндегі ежелгі мемлекет. 8 ғасырдың ортасында қарлұқтар елеулі әскери-саяси күшке айналды да, Шығыс Түрік қағандығын талқандауда (745) маңызды рөл атқарып, тоғыз оғыздармен бірге Орхон тағына Тон Йабғу қағанды отырғызды. 736 жылы қарлұқтар бұрынғыдан да күшейді. Өздерінің бұрынғы одақтасы ұйғырлармен бәсекелесіп, «он тайпа қағанының (он-ок бодун) байырғы жерінде», Жетісуға қоныс аударды. Суяб пен Талас қалалары қарлұқтар қолбасшыларының тұрақты мекеніне айналды. Қарлұқ ақсүйектері Жетісуда 766 – 940 жылдары билік құрды. Бұл кезде олардың қолбасшылары қаған емес, жабғу деп аталғанымен ол шартты түрде қаласының кезеңі деп аталды. Жабғу Шығыста Тарым, Батыста Ферғанадан асып, Тохарстанға (Сурхаб-вахш су алабынан Ауғанстанның солтүстік шекарасына) дейін саяси үстемдік жүргізді. 8 ғасырда Жетісу жерінде үстемдік жүргізген түркештер де, одан кейін билік еткен қарлұқтар да елдің этникалық құрамына елеулі өзгеріс енгізбеді. Қарлұқ тайпаларының құрылуы мен ертедегі қарлұқ этникалық топтары қалыптасуының алғашғы кезендері Ішкі Азия аумағында түрік және теле (оғыз) тайпаларының қоршауында өтті. Этникалық үрдістің одан кейінгі даму кезеңі үш тайпалы қарлұқ конфедерациясының құрылуымен байланысты болды, ол кейіннен сан және сапа жағынан Жетісу шегінде қарлұқ халқыньщ қалыптасу сатысына ұласты. Алайда орта ғасырлар дәуірінде бұл үрдіс аяқталған жоқ. Жазбаша деректемелерде қарлұктар туралы алғашқы хабарлар қытайдың Суй әулетінің (581—618) шежіресінде кездеседі және V ғасырдың орта шеніне жатады. Онда қарлұқтар өздерінің басты руының атымен Алтайдың (Ақтағ) баурайларын мекендеушілер ретінде бұлақ деп аталған. «Таншу» әулеттік (618—907) хроникасына сәйкес, қарлұктар (гэлолу, гэлу) түріктерден шыққан және олардың бір тармағы болған.Қарлұқтардың түріктермен генетикалық байланысы туралы деректер орта ғасырлардағы мұсылман тарихнамасында да жинақталған.Қарлұқтардың дербестікке ұмтылуы олардың Ұйғыр қағанатынан бөлініп шығуына жеткізді. 746 жылы қарлұқтар Жетісуға қоныс аударды, ал онда саяси жағдай тым күрделі болатын. Өзара қырқысқан күресте түргеш қағандары өздерінің бұрынғы Қарлұқ тайпаларының мекені күш-құдіретінен айырылды. Соның салдарынан бытырап кеткен түргеш тайпалары қарлұқтарға лайықты қарсылық көрсете алмады. Қарлұқ тайпаларынын мекені - Алтай манында орналысқан. 8 ғ. бастап қарлұқтар Жетісуға қоныс аударады. Қарлұқтардың арқасында 751 ж. арабтар Талас бойында түріктермен болған шайқасты жеңеді. Осы кезден бастап қарлұқ тайпалары күшейіп, олардың патшасы өз билігін Алтайда орнатады. 755 ж. қарлұқтар Жетісуда түргештерді женеді. Түргештердің жартысы қарлұқтарға бағынады, ал қалғаны шығысқа таман көшуге мәжбүр болды.
12. Оғыздардың этникалық тарихы мәселесі.
Оғыздар - IX – XI ғғ. Сырдарияның төменгі ағысында саяси билікке ие болып, мемлекет құрған түркі тілдес тайпалар. Олар өз заманында көршілес Орта Азия және Шығыс Еуропа мемлекеттерімен тығыз саяси, экономикалық және мәдени байланыстар жасай отырып, сол кезеңдегі тарихи-этникалық, миграциялық процесстерде аса үлкен роль атқарды. Ортағасырлық араб-парсы деректерінде гуздар, түркі тіліндегі жазбаларда оғыздар деген аттармен белгілі болған бұл тайпалардың саяси орталығы Сырдарияның Аралға құяр сағасында орналасқан Жанкент қаласы болды. Бұл күндері оғыз тайпаларының түркімен, түрік, әзірбайжан халықтарының этногенезі мен этникалық тарихында басты роль атқарғаны тарихи тұрғыдан зерделеніп, дәлелденді. «Ал қазіргі Қазақстан жерінде өмір сүріп, мемлекет құрған оғыздар қазақ халқының ұлт болып қалыптасуында қаншалықты маңызды орын алды?» деген сұрақ қазақстандық тарихшылар мен этнологтар тарапынан жеткілікті дәрежеде зерттелмей қалып отырғаны жасырын емес. Тіпті, ортағасырлық деректерден «оғыз қалалары» деген атаумен жақсы таныс Арал маңындағы Жанкент, Женд, Хора т.б. қала жұрттарының кейбірін археологиялық тұрғыдан сәйкестендіруде де шешімін таппаған мәселелер жеткілікті. Олардың бірі - оғыздардың астанасы болған Жанкент жайлы жергілікті халық арасында ежелден келе жатқан «Жылан жұтқан қала туралы» деген аңыздың зерттелуі. Жанкентті және оның маңайын мекендеген оғыз тайпалары туралы зерттеу барысында ортағасырлық жазба деректермен қатар осы аталған аңыздың, яғни, онда баяндалатын сюжет пен бейнеленетін образдардың да едәуір маңызы бар. Себебі, аңыздағы Жанкент халқын қырған жылан бейнесін қимақтардың құрамында өмір сүрген қаи немесе қыпшақтардың құрамындағы ұранқай тайпаларымен сәйкестендіруге болады. «Қаи» және «ұранқай» этнонимдерінің этимологиясына С.А. Ақынжановтың іргелі шығармасында жан-жақты түсініктер беріледі. Оғыздардың этникалық тарихын зерттеудегі келесі бір мәселе: «Оғыздарды құраған 24 тайпаның қайсысы «Оғыз қалалары» аталған қоныстарды мекен етті?» деген сұрақ. Бұл тұрғыда шағын да болса археологиялық зерттеулер жүргізіліп жатқан Жанкент қаласынан табылған жәдігерлерге, керамикалық бұйымдардағы таңбаларға сараптама жасап, толыққанды тұжырымдау да оғыздар тарихын зерттеуде аса маңызды болып табылады
13.Қараханидтер?
Қарахан мемлекеті(942-1212жылдар)
Қарахан мемлекеті жайлы деректер араб және парсы авторларының еңбектерінде кездеседі.940ж Қашқарияның қарлұқ тайпалары Баласағұнды басып алып,Сатұқ Боғра хан басқарған жаңа әулеттің негізін қалады.999ж Қарахандықтар Орталық Азиядағы Самани мемлекетін талқандады. Өз билігін Әмударияға дейін жүргізді.10ғ соңы Қарахан мемлекеті мен Қыпшақ хандығы арасындағы солт. Шегара Балқаш және Алакөл көлдерінің бойымен өтті.Қарахандықтар иеліктері батысында Мауараннахрды, Жетісу жерін және шығысында Қашғарды қамтыды.960ж Мұса хан исламды мемлекеттік дін деп жариялады.11ғ 30ж соңында мемл екіге бөлінді-Шығыс Қарахан(астанасы Баласағұн) және Батыс Қарахан(астанасы Бұхара кейін Самарқанд).1210ж Наймандармен күресте Шығыс Қарахан әулеті талқандалды.1212ж Самарқанда Хорезм шахы Мұхаммед Батыс Қарахан әулетінің соңғы өкілін тақтан тайдырды.Қарахан мемл тарихы осылайша аяқталды. Қарахан мемл-дегі билік екі тайпалық топ-жігіл және яғма ақсүйектері арасында бөлінді. Қарахан мемлекетінде биліктің қосарлы немесе тең құқықты қосарлы жүйе қалыптасты.
14.Қыпшақтардың шығу тегі мен этникалық тарихы.
Шығыста-қыпшақтар
Еуропада-командар
Русьте-половецтер
7ғ «Қыпшақ» этнонимі алғаш рет көне түркі руна ескерткішінде кездеседі.Қыпшақтар этнос ретінде Орталық және Шығыс Қазақстан аумағында қалыптасты.Қыпшақтар ж»не қимақтар таризы өзара тығыз байланысты болған.Қыпшақтар Қимақ мемл батыс қағанатын құрған. 11ғ басында Қимақ қағанаты құлағаннан кейін олардың жері Қыпшақ хандығына өтті. 11ғ ортасында Қыпшақтар оғыздарды Сырдария аймағынан және Касптй даласынан ығыстырды. Жалпы 11ғ Қыпшақтар Жетісумн қатар бүкіл Қазақстан жеріне үстемдік етті. 12ғ басы Қыпшақтар Алтайдан Дунайға дейінгі бүкіл «Ұлы далада» үстемдік етті.
Қыпшақ этносы мен мемл қалыптасу кезеңі:
1.7-8ғғ Батыс Түрік қағанаты құрамындағы кезең.
2.8-9ғғ Қимақ қағанаты құрамындағы кезең.
3.9-13ғғ дербес Қыпшақ хандығы
Қорытындылай айтқанда қыпшақтар 11-13ғғ Дунайдан Алтайға дейінгі кең-байтақ аумақты қоныстанып, әлемдік өркениеттің дамуына орасан зор үлес қосты.
15.Найман,керейіт,меркіт,жалайырлар туралы деректердің мәліметтері.
Найман мемлекеті
Территориясы-Батыс Моңғолия мен Шығыс Қазақстан жері
Гүлдену кезеңі- 12ғ екінші жартысында
Тайпалар саны-8
Астанасы-Орхон өзені жағасындағы Балықты қаласы
12ғ соңы-13ғ басында Найман хандығының өзі екіге бөлініп кетті. 1201ж Наймандар моңғолдардың күшеюін тоқтату мақсатында түркі тілдес тайпа өкілдері қатысқан құрылтай ұйымдастырды.1204ж Моңғолдар наймандарды толықтай жеңді. Найманның соңғы билеушісінің ұлы Күшлік қалған әскерді жинап, Жетісуға қоныстанды.
Керейіт мемлекеті-Астанасы Битөбе
12ғ Керейіттер солтүстігінде Орхон өзенінен, солтүстігінде Хуанхэ өзеніне дейінгі жерді иеленді. Керейіт мемл-ін Тоғрұл хан басқарған кезде мемлекеттің аумағы өсіп, нығайды.12ғ 80ж Тоғрұл моңғолдардың жас қолбасшысы Тимучинге қолдау көрсетті. Біраз уақыт Тоғрұл хан керейт-найман одағының жетекшісі болды.12ғ соңы-13ғ басы Керейіт мемлекеті әлсіреп, моңғолдар күшейді.1203ж Бұрынғы одақтастар арасында соғыс болып, керейіттердің жеңілуімен аяқталды.
Меркіттер-13 ғасырдың басында Шыңғыс хан империясына енген моңғол тайпасы Олар Забайкальенің оңтүстік-батысын және қазіргі орталық Моңғолияның солтүстігін мекендеген.
Жалайырлар-Жалайырлар туралы мәлімет моңғол жылнамаларында ғана атап өтіледі. Олардың этникалық құрамы біркелкі болған жоқ.6-7ғғ Жалайырлар Түркі қағ құрамына енді.13-14ғғ Жалайырлар Қазақстан аумағына қонстанып,қазақ халқының құрамына енген. Жылнамаларда жалайыр тайпасының өкілі, Шыңғысхан әскері қолбасшыларының бірі Мұқылай есімі атап өтіледі. Жалайырлар Орт. Азияның кейінгі тарихында да елеулі рөл атқарды. Тарихшы Қадырғали Жалаири жалайыр тайпасынан шыққан.
16.Ұлы Дала Алтын Ордалық кезеңде (13-14ғғ)
Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды.
1227 жылы Жошы өлген соң оның орнына ұлы Батый отырды. 1235 жылы Монғол империясының астанасы Қарақорымда болған құрылтайда Батысқа (Еуропаға) шапқыншылық жорық жасау ұйғарылды. Бұл жорық 1236 жылы басталады. Алтын Орданың астанасы Сарай-Бату, ал кейінірек Сарай-Берке қаласы болды. Түрік деректерінде Батый ханның әскерлері қыпшақтар деп аталды. Себебі, ұлан-ғайыр өлкеде орналасқан мемлекет халқының басым бөлігі түркі тілдес қыпшақтар болатын. Мемлекеттің басты саяси-мәдени тілі қыпшақ тілі болды. Алтын Орда әскерлері оң қол, сол қол деп екі қанатқа бөлінді. Мемлекет басындағы нояндар мен бектердің, басқақтар мен тамғашы- лардың қолында билік көп болды. Алтын Орда мемлекеті тарихи әдебиетте “Қыпшақ ұлысы” деп те аталды. Алтын Орда- да монғолдар басым тайпа болған жоқ. ХІV ғасырда монғолдар түркіленіп, Алтын Орданың халқы “татарлар” деп аталынған. Сонымен қатар Алтын Орда Берке ханның тұсында біртұтас монғол империясынан, бөлек тәуелсіз мемлекет болды. Кейін Алтын Ордада Мөңке хан өз атынан теңге шығара бастады. Алтын Орда ХІV ғасырдың І жартысында, Өзбек пен Жәнібек хандар тұсында едәуір көтерілді. Өзбек ханның тұсында 1312 жылы мұсылман діні мемлекеттік дін болып жарияланды. Алтын Орданың тәуелсіз иеліктерге бөлінген кезі ХІV ғасырдың ІІ жартысы. 1359—1379 жылдар Алтын Орда тарихында “Ұлы дүрбелең” кезеңі деп аталынды. Кейін Тоқтамыс хан Алтын Ордадағы өз билігін соғыстағы жеңістермен бекіте түспек болып 1382 жылы Мәскеуді өртеді. Солтүстік пен Батыста Ақсақ Темірдің басқын- шылық жоспарларына Алтын Орда мемлекеті кедергі жасады. Әмір Темір мен Тоқтамыс хан арасындағы шешуші шайқас 1395 жылы болды. Тоқтамыс пен Темір арасындағы күрес-тартыс Сыпыра жыраудың жырларында бар. Алтын Ордада әскер ісін және дипломатиялық қатынастарды “беклербектер” басқарды. Ал, “басқақтар” алым-салық жинаумен айналысты. Алтын Ордаға Темір мемлекетімен болған соғыс өте ауыр тиді.
17.Моңғолдардың Орта Азия мен Қазақстанды басып алуы.Шыңғысханның Орта Азия және Қазақстанға шапқыншылығы
Шыңғысхан Шығыс Еуропа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Орта Азия мен Қазақстанды жаулап алу жорығына жан-жақты әзірленді. Бұл үшін ол мұсылман көпестерінен, моңғолдардың қол астында болған босқындардан мәліметтер алып, Қарақытайлар мемлекетінің, содан кейін Хорезм шахындағы ішкі жағдай мен әскери күштер туралы деректерге қанықты, соның негізінде ойластырылған іс-қимылдың бағдарламасын жасады.
Шыңғысхан Қазақстан мен Орта Азияға жорықты Жетісу арқылы жүргізбекші болды. Өз басының жеке жауы найманның ханы Күшлік ханды талқандап, бай қалалары бар Жетісуды өзіне қарату үшін оған 1218 жылы Жебе ноян бастаған әскер тобын жіберді.
Жетісуды Шыңғысхан әскері қарсылықсыз оңай басып алды. Жетісуды бағындырғаннан кейін Шыңғысханның Мәуеренахрға, сол кезде бүкіл Орта Азияны билеп отырған Хорезм мемлекетіне қарсы жорыққа жолы ашылды. 1218 жылы көктемде Шыңғысхан Орта Азияға сауда керуенін жіберді. 500 түйеден тұратын керуенінде моңғол жансыздарын қосып есептегенде барлаығы Көп адамы бар керуен 1218 жылдың жазында Отырарға келіп жетті. Отырардың билеушісі Қайырхан Иналшық көпестерді тыңшылық жасады деп күдіктеніп, оларды өлтіруге бұйырды. Шыңғысхан Хорезм шахынан Қайырханды ұстап беруді талап етті. Бірақ Хорезм шахы бұл талапты орындамады, Шыңғысхан жіберген елшілерді өлтіруге әмір берді. «Отырар апаты» деп аталатын бұл тарихи оқиға Шыңғысханның Хорезмге қарсы соғысын тездетті.
Орта Азияны бағындыру үшін Шыңғысхан өзіне тәуелді елдерден алған жасақтармен қоса жалпы саны 150 мыңға дейін адамы бар қалың қолды бастап шықты. Хорезмнің шахы Мұхаммед моңғолдарға қарсы тұруға дайын емес еді.
1219 жылы қыркүйекте Шыңғыс ханның 111 мың әскері Отырар қаласын қоршайды. Бұл қалың қолды Шыңғыс ханның ұлдары Шағатай, Үгедей басқарады. Бір айдың ішінде Шыңғыс хан әскері Отырарды алады. Әйгілі кітапхана өртеніп, халық көптеп қырылады. Қайыр ханның денесіне ерітілген күміс құйып, азаптап өлтіреді. 1219–1220 жылдары Шыңғысханның ұлдары Бұхара, Самарқан, Сығанақ, Сауран, Баршынкент, Жент, Үзгент қалаларын бағындырады.
1221 жылы Шыңғыс хан әскері Хорезмді, Орта Азияны жаулап алады. Осыдан кейін Шыңғыс хан әскерлері парсы, Ауғанстан, орыс, Дешті-Қыпшақ жерлерін жаулап алады. 1224 жылы Ертістегі Шыңғыс хан ордасына қайта оралады. 1219–1224 жылдар аралығында Шыңғыс хан Қазақстан мен Орта Азияны жаулап алып, өз империясының құрамына қосады.
18. Ақ Орда (13ғ-15ғ басы) жергілікті этникалық негізде құрылған тұңғыш мемлекет.
Оның шекарасы Жайық өзенінен Ертіске, Батыс-Сібір ойпатынан Сырдың орта шеніне дейін созылып жатты. Ақ Орданың негізгі халқы ерте заманнан осында мекендеген түркі қыпшақ тайпалары, сондай-ақ, Алтайдан осында қоныс аударған наймандар, қоңыраттар, крейттер, үйсіндер, қарлұқтар және басқалары.Ақ Орданың негізін қалаған Шыңғыстың немересі Жошы ханның үлкен ұлы Орда Ежен. Ақ Орда алғашқы құрылған кезде Алтын Ордаға тәуелді иелік болып есептелді, ал іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізіп отырды. Ол кезде Алтын Орданың астанасы Еділ бойындағы Сарай қаласы еді. Ал Ақ Орданы билеген Орда Еженнің ордасы алғашында Ертіс алқабында Алакөл маңында, яғни әкесі Жошы ханның алғашқы қоныстарында болды. Ақ Орда хандарының кестесі оларды болған уақытына қарай мынадай ретпен тізеді: Орда Ежен, Сартақ, Қоныша, Баян, Сасы-Бұқа, Ерзен, Мүбарак, Шымтай, Ұрыс хан, Қойыршақ, Барақ, т. б.Ақ Орданың кемеліне келіп, толысқан шағы XIV ғ. екінші жартысы. Ақ Орда хандары хандықтың астанасы Сығанақ қаласында өз аттарынан металл ақша шығарды. 1361 жылы Ақ Орданың билеушісі болған Ұрыс хан өз жағдайын біраз күшейтіп, енді Алтын Орда тағына отыруға күш салды. 1374–1375 жылдары Еділ бойымен жорыққа шыққан ол Сарайды өзіне қаратып, Хаджы-Тарханды (Астраханды) қошауға алды. Кама бұлғарларының жерін бағындырды. Бірақ Ұрыс ханның үстемдігі ұзаққа созылмай, келесі жылы ол Еділ бойынын кетіп, Алтын Ордадағы билікті Мамайға беруге мәжбүр болды. Өйткені бұл кезде Орта Азиядағы Мауеренахр жеріндегі билікті өз қолына алып күшейе түскен Әмір Темір Ақ Орданың оңтүстік шекарасына шабуыл қаупін төндірген еді. Ақ Ордаға қарсы шабуылда Әмір Темір Маңғыстау үлесінің билеушісі Түйқожа оғланның баласы Тоқтамысты пайдалануға тырысты. Әмір Темір Ақ Орданы жаулап алу мақсатын жүзеге асыру үшін қару-жарақ, әскери күш беріп, Тоқтамысты Ақ Ордаға қарсы айдап салды.Тоқтамыстың алғашқы жорығы (1374–1375 жж.) сәтсіз аяқталды. Бұл соғыста Ұрыс ханның баласы Құтылық Бұға қаза тапты. Тоқтамыстың екінші жорығы да Ұрыс ханның баласы Тоқтақия басқарған Ақ Орда әскерлерінен жеңілді. Әмір Темір Ақ Ордаға жорық жасау үшін Тоқтамысты үшінші рет әскермен жасақтады және бұл жорықты өзі бастап шықты. Тек төртінші жорық кезінде Ұрыс ханның және оның баласы Тоқтақияның қайтыс болуы Әмір Темірдің жеңіске жетуіне мүмкіндік берді. 1377 жылы Ұрыс хан қайтыс болғаннан кейін, Ақ Орда иелігі оның баласы Темір Мәлікке көшкен-ді. Осы кезде Тоқтамыс Орта Азия әміршісі Ақсақ Темірге сүйеніп, Темір Мәліктің әскерін талқандайды, сөйтіп 1379 жылы өзін Ақ Орданың ханы деп жариялайды. Темірдің басқыншылық соғыстарының нәтижесінде және ішкі талас-тартыстан XIV ғ. аяғы мен XV ғ. бас кезінде Ақ Орда да әлсірейді. Ол Әмір Темірдің боданына айналды.1423–1424 жылдары Ұрыс ханның немересі Барақ өзінің бақталастарын жеңіп шығып, Ақ Ордада хандықты өз қолына алады. Бұл кезде, Ақ Орданың басты қаласы Сығанақ, сондай-ақ Сырдың орта ағысындағы қалалар Темір әулетінің қолында еді. 1425–1426 жылдары Барақ Ақсақ Темірдің немересі Ұлықбекке қарсы жорыққа аттанып, Сығанақты және Сырдария бойындағы басқа да қалаларды босатты. Осы жеңістің нәтижесінде Ақ Орда Темір әулетінің үстемдігінен тәуелсіз болып алды. 1428 жылы Барақ хан жауларының қолынан қаза тапты. Ол Ақ Орданың ең соңғы ханы болды. Барақ хан өлгеннен кейін Ақ Орда ыдырады да, билік Жошының кіші ұлы Шайбан тұқымынан шыққан Әбілхайыр сұлтанның қолына көшті.1227 жылы Жошы өліп, оның ұлысы екіге жіктелгенде жарыққа шыққан Ақ Орда хандығы екі ғасыр өмір сүрді. Ақ Орданың отырықшы аудандарында жерді шартты түрде иелену мен жеке меншіктің түрлері қалыптасты. Көшпелі аудандарда мал шаруашылығы кеңінен дамыды. Ақ Орданың еңбекші халқы хандар мен ақсүйектер пайдасына күшпір, зекет, тағар тәрізді салықтар төлеп, әртүрлі парыз-қарыздарды да өтеп тұрған. Түркі тілдес тайпалар мекендеген Ақ Орданың ресми тілі – қыпшақ тілі, немесе қазақ тілі болып саналады. Ақ Орданың хандары бұқара халықтың қолдауымен Алтын Ордадан тәуелсіздік алып, оны дербес мемлекетке айналдырды. Сырдария бойындағы шаруашылық, мәдениет орталығы болған маңызды қалалар үшін күресте Мәуеренахрдағы Шағатай хандарын жеңді. Әмір Темірдің Ақ Ордаға қарсы жасаған шапқыншылығына тойтарыс беру үшін аянбай күрес жүргізді. Кейін олар қазақ халқының жеке халық болып қалыптасуында үлкен рөл атқарды.
19.Моғолстан (14ғ орт-16ғ басы)
Моғолстан мемлекетінің құрамына Шығыс Түркістан, Оңтүстік-Шығыс Қазақстан және Орта Азияның кейбір жерлері кірді. Мемлекет шекарасы батыста Ташкент пен Түркістан аймағынан шығыстағы Баркөл мен Хами қаласына дейінгі, солтүстікте Балхаш, Тарбағатай мен Қара Ертістен оңтүстіктегі Ферғана мен Қашғарияның егінді аймақтарына дейін созылып жатты. Моғолстан мемлекетінің орталығы – Алмалық қаласы. Ол Шағатай әулеті иеліктерінің шығыс бөлігінде қалыптасты. Бұл мемлекеттің негізін қалаған моңғол әмірлерінің бірінің баласы – Тоғылық-Темір хан (1348–1362 жж.). Моғолстан құрамына кіретін тайпалар: дулаттар, қаңлылар, керейлер, арғындар, баириндер, арлаттар, барластар, булғашылар және басқалары.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер-судың жоғарғы иесі хан болды. Бай-феодалдар жерді шартты иеленудің икта, инджу, сойұрғал сияқты түрлерін пайдаланған. Хандар мен ел билеуші ақ сүйектердің пайдасына қала мен ауыл тұрғындарынан, егінші мен көшпелі халықтан күпшір, зекет, тағар, баж, карадж және тағы басқа да салықтар жиналды. Мемлекетті басқару ісінде ханға Ұлысбек көмектесті. Ол дулат тайпасы әмірлерінен тағайындалған.
Моғолстанның алғашқы ханы Тоғылық Темір өзі билеген түркі тілдес мұсылман халықтары арасында беделін арттырып, үстемдігін нығайту үшін ислам дінін қабылдаған. 1362 жылы Тоғылық Темір қаза тауып, Моғолстанда билік Ілияс-қожаға көшкенде Мәуеренахрға билеуші болып Қазағанның немересі Хұсайын тағайындалды. Шайқастардың бірінде Темірдің екі саусағы кесіліп, бір аяғы жаншылды. Аяғы өмір бойы сырқырап ауырып, ақсақ болып қалған соң, ол содан бастап Темирлан (дұрысы Темирленг, «ленг» парсыша – ақсақ) Ақсақ Темір атанды.
Тоғылық Темірден кейін Моғолстанның ханы болған Ілияс-Қожа 1365 жылы бұрынғы Шағатай иеліктерін біріктіруге әрекет жасады. «Батпақты шайқасында» Әмір Темір жеңіліп қашып құтылды. Әмір Темірдің Моғолстанға жасаған алғаш жорығы 1371 жылы басталды. 1372 жылы Әмір Темірдің өзі Моғолстанға қайта жорық жасап, Ыстықкөл маңындағы Сегізағашқа дейін барып, сансыз тұтқын, сан жетпейтін олжа түсіріп оралады. Осыдан кейін Әмір Темірдің сол кездегі Моғолстанның ең ірі билеушісі болған әмір Қамар-ад-дин дуғлатқа қарсы 1375–1377 жж. аралығында бірнеше жорықтары жүрді.
Ақсақ Темір басқан ізінен қан сорғалатып, тек Моғолстанды ғана емес, сонымен бірге тағы басқа да көптеген елдерді жаулап алды. Мәуеренахрдан өзінің қанды жорығын бастаған ол әмірші болған 35 жыл ішінде (1370–1405 жж.) Хорезмді, Персияны, Әзірбайжанды, Гератты, Грузияны, Арменияны, Ақ Орданы, Ауғанстанды, Үндістанды, Египетті, Бағдатты, Сирияны, Кіші Азияны жаулап алып, табан астына салды. Әмір Темір құрған орасан зор мемлекет, 1405 жылы ол өлгеннен кейін бытырап тарап кетті. Моғол билігі Қызыр Қожа ханның немересі Уәйіс оғлан қолына көшті.
1428 жылы Уәйіс хан қайтыс болғаннан кейін, хандық үшін оның екі баласы Жүніс пен Есенбұғы арасында талас басталды. 1434 жылы Есенбұғы хан тағына отырды. 1462 жылы Жүніс Есенбұғы ханның қайтыс болғанын естіп, өзінің Моғолстанға хандық өкіметке заңды мирасқор екендігін жариялап, онда 1487 жылға дейін билігін жүргізді.
XVI ғасырдың басында Жүніс хан ұрпақтары арасындағы алауыздық пен ішкі феодалдық қырқыс Моғолстан хандығының біржолата ыдырауына әкеліп соқты. Нәтижесінде ежелден Жетісу мен Іле өңірін мекендеген үйсін, дулат, қаңлы, жалайыр және тағы басқа қазақ ру-тайпалары Жетісуда құрылған Қазақ хандығының құрамына бірікті.
20.Батыс Түрік қағанатының құрылуы, құрылымы және саяси тарихы
Батыс түрік қағанаты 603-704 жж өмір сүрді.Астанасы шу өзенінің бойындағы суяб қаласы.Жазғы орталығы Мыңбұлақта орналасқан.Ең алғашқы қағаны Тардуш.Батыс Түрік қағанаты дулу және нушебилер тайпаларынан тұрды.Батыс Түрік қағанатының саяси билігінің күшейген кезі ол Шегу қаған мен Тон қағанның тұсында болды. Тон қаған салық жинауға жергілікті адамдарды бекітіп оларға селиф деген атақ берді.7 ғасырдың басында батыс түрік қағанатының одақтасы болған ел византия.630 жылы қаған ішінде билік үшін таластар басталды.634 жылы нушебилердің қолдауымен билікке Ешбар Елтеріс келді.Ол басқаруды қайта құрып он тайпа он оқ бұдын жүйесін енгізді.640-657 жылдар аралығында дулу мен нушебилер арасындағы тартыс қағандықты әлсіретті.Қытай мемлекеті 659 ж басып кіріп Ешбар қағанды өлтірді солайша қағандық тәуелсіздігінен айырылды.Қағандық билік шексіз мұрагерлік жолмен беріліп отырды.Қаған руынан щыққандарға ябғу,шад,елтебер деген атақтар берілді.Сот істерін жүргізушілер бұрықтар мен тархандар деп аталды.Қарапайым адамдар будундар деп аталды.Будун сөзінің мағынасы халық.Тат сөзінің мағынасы құл.Батыс Түрік қанаты құлағаннан кейін Шығыс түріктері 682 ж Моңғолияда өз мемлекетін қалпына келтірді
21.Түргештердің шығу тегі мәселесі. Талас өзені бойындағы тарихи шайқас.
Түргеш қағанаты 704-756 жылдар аралығында өмір сүрген. Үлкен ордасы – Суяб қаласы, кіші ордасы – Іле өзені бойындағы Күнгіт қаласы болды. Қағанаттың негізгі жер аумағы Жетісу болды. Сонымен қатар қағанаттың жері Шаш (Ташкент) қаласынан Бесбалық, Тұрфан қалаларына (Шығыс Түркістан) дейінгі аралықты қамтыды. Алғашқы қағаны – Үшлік. Түргештер сары және қара түргештер болып бөлінген. Олар Шу, Талас, Іле өзендерінің бойында өмір сүрген.
Сұлу қаған кезінде үш жақты күрес жүрді. Біріншіден, батыста арабтардың шапқыншылығы күшейді, екіншіден, шығыста Қытай қауіп төндірді. Үшіншіден, Шығыс Түрік қағанаты Жетісудағы ішкі қайшылықтарды пайдалануға тырысты. Сұлу қаған шығыстағы жағдайды әскери келісімшарт жасаумен қатар, құдандалық жолмен шешуге тырысқан. Сұлу қағанның шайқастарға тікелей өзі қатысуына және үнемі жеңіске жетуіне байланысты арабтар оған “Сүзеген”, “Мүйізді қаған” деп ат қойған. 751 жылы түргештер Таразға жақын жердегі Атлах қаласында көмекке келген арабтар және қарлұқтармен бірлесіп, қытай әскеріне күйрете соққы берді. Қытайлардың аман қалған бөлігі Жетісудан біржолата кетуге мәжбүр болды. Алайда жікке бөлінушілік тоқтамай, қағандық біржола әлсіреді. Бұл жағдайды пайдаланған қарлұқ көсемдері 756 жылы Түргеш қағанатын құлатып, билікті өз қолдарына алды.
Түргештер көшпелі және жартылай көшпелі мал өсірумен, жартылай отырықшы егін салумен шұғылданды.
22. Орхон-Енисей жазуы ежелгі түркі өркениетінің өркениеттік белгісі ретінде
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер - елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі.Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші - Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
23. Ұлы Жібек жолындағы Қазақстанның түркі дәуіріндегі ортағасырлық сәулет ескерткіштері.
Орта ғасырдағы қазақ жеріндегі белгілі ескерткіштердің бірі – Жошы хан кесенесі. Теңдесі жоқ сәулет өнерінің туындысы қазақтың аңызға айналған түп атасы Алашаға арналған Алаша хан кесенесі болды. Х-ХІ ғасырларда салынған Бабаджа қатын кесенесі сәулет өнерінің дамығанына дәлел бола алады. ХІ-ХІІ ғасырларға жататын Айша бибі кесенесі де сәулет өнерінің көрнекті ескерткіші болды.
24. Моғолстан мен Ақ Орда билеушілерінің Темірге қарсы одағы.
Ақ Орда мен Моғолстан билеушілері өздерінің Әмір Темірге жеке-дара қарсы тұра алмайтындарын біліп, 1380 жылдың аяғында одақ құруға әрекет жасайды. Алайда бұл одақтан да еш нәтиже шықпаған. Өйткені одақтың құрылып жатқанын білген Әмір Темір 1384-1391 жылдардың аралығында алтын Ордаға және моғол жеріне бірнеше рет жорықтар жасаған. Моғолстанды біржолата қаратып алу үшін оның түкпір-түкпіріне 120 мың әскер аттандырады. Осы жорықтарды Темір әскерлері көп олжа түсіріп, қора-қора қой, үйір-үйір жылқы, топ-тобымен қолға түскен тұтқындарды мауараннахрға жіберіп отырған. 1390 жылдардағы жорықтардан кейін Моғолстан Темірге толық тәуелдікке түсті.
25. Әбілқайыр хан мемлекеті.
1428 жылы ақсүйек, шонжарлар 17 жастағы Әбілхайырды хан етіп сайлады. Хандық Өзбек ұлысы, Өзбек хандығы, Шайбани ұлысы, Әбілхайыр ұлысы деп аталды. Ұлыстың алып жатқан жері мен халқының көпшілігі қыпшақтар болғандықтан, оны Қыпшақ хандығы деп те атаған. Әбілхайыр хандығы батысында Жайық, шығысында Балқаш, оңтүстігінде Арал мен Сырдарияның төменгі ағысы, солтүстігінде Тобыл, Ертіс өзендерінің орта саласы аралығын алып жатты. Рузбихан дерегі бойынша, Әбілхайыр хандығы негізгі үш халықтан – шайбанилерден, қарақалпақтардан және қазақтардан тұрған.
1431 жылы Екіретүп деген жердегі Тоқа Темір ұрпақтарымен болған шайқаста Әбілхайыр жеңіске жетті. Кейін Орда-Базарды бағындырып, өзінің орталығы етті. Оған дейін астана Тура қаласы болған. 1446 жылы Әбілхайыр хан Атбасар маңында Мұстафа ханды тас-талқан етті. Бұл жеңістен кейін Сығанақ, Аркөк, Созақ, Аққорған, Үзкент қалаларын басып алды. Cығанақ қаласын өзінің орталығы етті. 1446 жылы Самарқанды алды.
1456-1457 жылдары Әбілхайыр хан Сығанақ қаласы түбінде Үз-Темір бастаған ойраттардан жеңіліп қалды. Ол 1468 жылы Моғолстанға қарсы жорыққа шығады. Жорық кезінде Аққыстау деген жерде қайтыс болды. Қазақ хандығының құрылуымен Әбілхайыр ұрпақтары Шығыс Дешті Қыпшақ жерінде билік жүргізу құқығынан айырылды
26.Ноғай Ордасы 14 ғ. соңы-15 ғ. аумағы және этникалық құрамы
13 ғасырда Қазақстанның солтүстік-батысында Ноғай Ордасы мемлекеттік бірлестігі құрылды. Аумағы – Еділ мен Жайық өзендерінің аралығы. Орталығы – Сарайшық қаласы.Құрамында қоңырат,арғын,найман,қаңлы,алшын,қыпшақ,алаш,тама рулары болды.Ноғай – жорықты Батыймен бірге бастап, Алтын Орданың бес ханы тұсында қолбасшы болған адам. Ноғай әскерінің көпшілігі түрік тілдес маңғыт тайпасы болғандықтан “маңғыт елі” деп те аталған. Ноғай Ордасының негізін қалаған – Ноғайдан кейінгі Едіге. Орда Едігенің баласы Нұрад-дин (1426-1440) тұсында өз алдына жеке мемлекет болып, Алтын Ордадан бөлініп шықты. Ноғайлар 15 ғасырдың ортасында Сырдарияның орта ағысына дейін жетіп, бекініс қалаларды жаулап алды.
Орда билігі мұрагерлік жолмен берілді. Ұлысты билеушілер – мырзалар өз жерінде шексіз үстемдік етті. 16 ғасырда Ноғай Ордасы ыдырай бастады. Халқының кейбір бөліктері Кіші жүзге қосылды.
27. Қазақ халқының қалыптасуы. «Қазақ» этнонимі. Қазақ жүздері.
Жауабы: Қазақ хандығы 1465 жылы Керей мен Жәнібек хандардың бастауымен Есен Бұғадан алған Жетісу жерінде құрылған болатын.Қазақ дегеніміз негізінде халық/этнос атауы емес, “бостандық,тәуелсіздік” деген мағына береді.Сондықтан Қазақ хандығы белгілі бір ұлттан емес,ру/тайпалардың бірігуінен құралған мемлекет.
Қазақ жүздері. Жүз — орда, қазақ халқының үш рулық-тайпалық бірлестіктерінің ортақ атауы. Қазақ қоғамы үш жүзден тұрады: Ұлы жүз, Орта жүз, Кіші жүз.
28. Қазақ жүздерінің қалыптасуына этносаяси және шаруашылық факторлардың әсері
Қазақ жүздерінің мынандай ішкі белгілері бар:
а) ішкі аумақтық тұтастық;
ә) этностық туыстық;
б) шаруашылық-мәдени бірлік;
в) саяси басқару ортақтастығы.
Жүздерге бөлінудің себебі осы факторлар болып саналады. (там по логике сами добавите)
29.Қасым хан тұсында хандық аумағының ұлғаюы.
Қазақ хандығының 4 ханы Қасым хан (Жәнібек ханның ұлы) 1511-1521ж аралығында билік еткен. Ең мықты және ұлы хандардың бірі десекте болады,себебі,
Қасым хан “қасым ханның қасқа жолы” атты заңдар жинағын шығарған,Қасым хан тұсында халық саны 1млн-ға,ал әскер саны 300мың сарбазға жеткен болатын.
Аумағы батыста Сырдарияның оңтүстік жағалауларына дейін, оңтүстік-батысында Түркістан қалаларына дейін, оңтүстік-шығысында Жетісудың солтүстік бөлігінің таулары мен таулы бөктерлеріне дейін созылып жатты. Кейбір мәліметтер бойынша,Қазақ хандығының шекарасы солтүстік-шығыста Ұлытау қыраттары мен Балқаш өзенінің жағалауына дейін, ал солтүстік-батыста Жайық өзеніне дейін жететін.
30. Бұрындық хан тұсындағы Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар мен өңірлер үшін күресі және оның барысы, қорытындысы.
Бұрындық хан — 1480-1511 жж. аралығында Қазақ хандығында билік құрған Керей ханның үш ұлының бірі.
Сыр бойы ХІ ғасырдан бері Дешті Қыпшақтың ажырамас, құрамдас бөлігі және онымен бірге біртұтас шаруашылық, мәдени, этникалық, діни, тілдік кеңістікті құраған. Тек кей тарихи кезеңдерде Сыр өңірі саяси жағынан Мәуереннахрға уақытша қарады.
Соғыстың басталуына себепші болған: немересі Мұхамед Шайбани ханның Түркістан аймағына келіп бекінуі болды.
Бұрындық хан бастаған қазақ әскерлері Мұхаммед Шайбани хан бекінген Сығанақ, Сауран және Созақ өңірлерінде ұрысқа түседі. Бірнеше рет болған ұрыстарда жеңілген Шайбани хан қашуға мәжбүр болады.Осылайша,басында Қазақ хандығы үшін сәтті өтіп,Солт өңірлері Қазақ хандығына карады және орталық пен оңтүстік өңірлерінде өз ықпалын күшейте бастайды.
Сөйтіп, 1496 жылы 3 жылға созылған ұрыстардан соң 2 жақ келісімге келеді. Келісім бойынша Түркістан аймағы үшке бөлініп, оның солтүстігінде қазақ хандығы, оңтүстігінде Моғолстан, орталығында Шайбани хан билік жүргізуге тиіс болады.
31. Шығай хан. Тәуекел хан, оның саясаты.
Шығай хан 1580-1582ж аралығында билік еткен. Сексен жаста болғанымен, қазақтардың ішінде беделді хан болды. Хандықты басқару және сыртқы істер саясатында Хақназар ханның саясатын ұстанған.
Тәуекел хан 1582-1598ж билік еткен.
Өзбек ханына қарсы күресте әскери одақтас ретінде Мәскеумен қарым-қатынасын ұлғайтты. Қазақ-орыс дипломатиялық қатынастарының дамуы керуен саудасының одан әрі кеңеюіне жағдай жасады. Қазақтар рынокқа өз тауарларын: малын, мал өнімдерін апарып отырды. Тәуекел Түркістанды, Ташкентті, Ферғананы, Самарқандты басып алғанымен белгілі. Бұл аймақтардың Қазақ хандығы құрамына қосылуының тарихи маңызы зор болды, бір кезеңнің екіншісімен алмасуында үлкен рөл атқарды.
32.Жәңгір хан тұсындағы Қазақ хандығы. Орбұлақ шайқасы
Жәңгір хан 1643–1652 жылдары билік құрған қазақ ханы, Есім ханның ұлы.
Жәңгір ханның билік еткен жылдары жоңғарлардың қазақ жерін жаулап алуға жасаған жорықтар кезеңіне сай келеді.
1643 жылы қыста Батыр қонтайшының қазақ жеріне шабуыл жасауынан басталады. Жоңғарлар Жетісу өңірінің үлкен бөлігін жаулап алып, 10мыңға жуық адамды тұтқынға түсіреді. Салқам Жәңгір хан жоңғарларға тойтарыс беру үшін 600 сарбазымен Орбұлақ өзенінің бойына беттейді. Осы жерде әйгілі Орбұлақ шайқасы өтеді. Жәңгір ханға көмекке 20 мың сарбазымен Самарқан билеушісі Жалаңтөс Баһадүр келеді. Жалаңтөс Баһадүр көмегінің арқасында Жәңгір хан бұл шайқаста жеңіске жетеді. Батыр қонтайшы шегінуге мәжбүр болады. Жеңіліске ұшыраған жоңғарлар бұл ұрыста он мыңға жуық адамынан айырылады.
Осылайша,Орбұлақ шайқасы Қазақ хандығы үшін сәтті аяқталады.
33. Қазақ қоғамында батырлар мен билер ықпалының өсуі.
Қазақ даласындағы құқықтық ережелердің қолданылу тарихы тереңде жатыр және оның өзіндік қайталанбас ерекшеліктері бар. Онда туындаған әдет-ғұрып нормалары ұлттық сана-сезімнің көрінісі әрі құқықтық мәдениеттің іргетасы. Қазақтарға ар-ождан қашанда қымбат, «малым жанымның садағасы, жаным арымның садағасы» деген сөзге бас иген. Қазақтың әдет-ғұрып нормалары адамгершілік қасиеттерге тұнып тұруы да сондықтан.
Бір сөзбен айтсақ, көшпелі қазақтардың құқықтық мәдениеті халықтың болмысы мен тұрмыс-тіршілігіне, ұлттық салт-санасына лайық еді. Яғни, әдет-ғұрып нормалары ұлттық болмыстың туындысы болды. Сан ғасырлар бойына қазақ халқының қоғамдық өмірінде әділеттілікті сақтау мен құқықтық қатынастарды дамытуда, құқықтық-саяси сана мен мәдениеттің дамуына от ауызды, орақ тілді билер белсенді ықпал етті. Шын
мәніндегі би атанған кісілер – қазақ халқының тарихында қайталанбас ерекше, біртуар тарихи тұлғалар, өз заманында халық би деп танығандар – шешендігі мен әділдігі зор қоғам қайраткерлері еді. Хандықтағы билер кеңесінің беделі күшті болғаны соншалық, хандар кеңестің келісімі мен қолдауынсыз мемлекеттік маңызы бар мәселелерді шеше алмаған.
Ханның қолында негізінен атқарушы билік шоғырланса, заң шығарушылық қызмет пен сот билігін билер кеңесі атқарған. Қазақ қоғамының әлеуметтік құрылымын қарастырған зерттеушілердің көбісі билер институтын хандық және сұлтандық институттардан
кейінгі үшінші орынға қояды. Билер кеңесі ханның қызметіндегі кейбір мәселелер бойынша таласқа түсіп, оны қайта қарауға құқылы болды. Дәстүр бойынша хандық билік мұрагерлік жолмен беріліп отырса да (оның өзінде халық ақ киізге көтеріп сайлауы тиіс), мемлекеттік маңызды мәселелер билер кеңесісіз шешілмеген. Біз бұдан қазақ даласында атам заманнан ақ билік бөлінісі принципінің болғанын көреміз. Ұлы билер Төле, Қазыбек, Әйтеке өмір сүрген кезең – тарихымыздың тәлімі көп, ел үшін үлгі болатын ерекше кезеңі. Олар жаугершіліктің кесірінен ыдыраған халқының есін жиған, әділетті билік шешімдерінен айнымай, келешекке көз салып, үміт отын жағу арқылы көрегендік пен ұйымдастырушылық көрсете білген. Билердің оқығаны көп болмаса да, тоқығаны мол, парасатты, азаматтық тұғырлары биік қасиеттерін, рухани мол қазынасын жария ететін аңыздар мен шежірелер бүгінгі күнге де жеткен. Дегенмен, билердің атқаратын қызметі негізінен қоғамдағы әділеттілікті қамтамасыз етуге, яғни сот билігіне келіп саяды. Қазақ билерінің өзіне тән ерекшелігі мен басқа халықтарда кездеспейтін қасиеті – дау-жанжалдарды мағыналы, шешендік сөздермен шешуі. Мұны қазақ халқына тән феномен деп бағалауымыз қажет. Арнайы том-том болып жазылған кодекстерге, толып жатқан құқықтық-нормативтік актілерге сүйенбей-ақ, өз орнымен қисынды айтылған бір сөзбен дауды тоқтатуды қалыптастырған қазақ ұлты сөз мағынасына, оның шексіз мүмкіндігіне ертеден-ақ назар аударған. «Қап салмағы дәнінде, сөз салмағы мәнінде» деп білетін билер әділдікті шешендікпен ұштастырып, елдің қамын жеген. Алты алаштың да бүтіндігін, татулығы мен басының амандығын тілеп, сол үшін еңбектенді.
34. Хақназар ханның билігі.
Хақназар хан 1538-1580 ж. билік еткен. 42 жыл тақта отырған хан. Ол Қасым ханның саясатын жалғастырып,хандықты нығайтуға күш салған. Ноғай Ордасындағы өзара қырқыстарды пайдаланып, ноғай мырзаларының көбін өз жағына қаратып,Жайықтың жерлеріне ие болды. Хақназар хан билігі кезінде Ресей елімен қарым – қатынасы жақсара түсті. Өзінен бұрынғы хандардан бытыраңқы жағдайға түскен Қазақ хандығын қайта біріктірді. 1523-1524 жылдары жарыққа шыққан қазақ-қырғыз одағын үздіксіз нығайтты, тіпті сол заманның тарихи деректерінде Хақназар хан "қазақтар мен қырғыздардың патшасы" деп аталды. 1579 ж.Баба сұлтан қазақ сұлтандарының Абдаллах ханды Бұхар ханын жақтамақ деп Хақназардың 2 ұлын өлтіреді. Ал 1580 жылы Хақназарды және оның туыстарын өлтірді.
35. XVII ғ. және XVIII ғ. басындағы Қазақ хандығы.
17 ғасырда Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы ауыр болды:
1.Үш жүздің өз алдына жеке ханның сайлануы;
2.Жүздерді билеген хандар Ұлы ханға тәуелді болғанымен, өз жерінде дербес билік жүргізді;
3.Қазақ хандағының шекарасы жиі аусып отырды.
17 ғасырда Қазақ хандығының билігі халықты толық қамтыған жоқ. Соған қарап ойрат тайпасы баса көктеп кіріп ең жақсы жайылымдарды басып алып, қазақтарды қуып шықты. Жоңғарлар шапқыншылықтары да талай рет қазақтарды әлсіретіп, жерлеріне ие болды.
Сонымен қатар 18 ғасырдаТәуке ханның «Жеті жарғы» заңдар жинағы Қазақ хандығында әділдік орнатып, мемлекеттің күш куатын арттырды.
36. Есім ханның Сырдария бойындағы қалалар үшін күресі.
Есім хан (1598 - 1628) хан ретінде ағасымен бірге Сырдария жағалауындағы қалаларда билік үшін күрес жүргізді. Қазақ – бұхар соғыстары 1603 – 1624 ж. Ерекше қантөгіс соғыстар жүргізді. 1599 жылы Бұхара хандығымен шарт жасасып, Есім хан Қазақ хандығына Ташкент қаласы мен оның айналасындағы жерлерді қосты. Алайда, қазақ иеліктерінің бытыраңқылығын пайдаланып, Бұхара ханы Иманкули Ташкентті игеруге бірқатар әрекет жасады. 1611 жылы Иманкули Ташкентке қарсы жорық бастады. Белгісіз себептермен жорық үзіліп, Самарқандқа жеткен Бұхара әскерлері қайтарылды.
37. Тәуке ханның билікке келуі, оның саясаты. Тәуке ханның «Жеті жарғысы».
Тәуке хан 1680-1715 ж. билік етті. Ол Қазақ хандығындағы бытыраңқылықты жойып, бір орталыққа бағынған хандық құруға күш салды. Өз даналығына байланысты оны «Әз –Тәуке» деп атаған.Оның билік жылдарын «Алтын ғасыр» немесе «Қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған заман» деп те атайды. Астанасы – Түркістан. Ішкі саясаты: Өзінің билігін күшейту мақсатында сұлтандардың билігін шектеп, билердін билігін арттырды. Сонда билер жергілікті атқарушы өкіметке айналды. Үш жүздің басын бір жерге қосты. Сыртқы саясаты: Тәуке көршілес жатқан қырғыздарды және қарақалпақ тайпаларын едәуір бөлігін қазақ хандығына қосып алды.
«Жеті жарғы» заңдарын жасауға Төле би, Қзазыбек би, Әйтеке билер атсалысты. Жеті жарғыда осы мәселелер қарастырылды:
1.Жер дауы;
2.Үй ішімен бала тәрбиесі;
3.Ұрлық;
4.Бір халық пен басқа ру арасындағы дау;
5.Ұлтын жаудан қорғау;
6. Құн дауы
38. Ақын-жыраулар: Майқы би, Асанқайғы, Шалкиіз, Қазтуған, Доспамбет, Марқасқа, Ақтамберді. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар.
Жыраулар ерте кезде хандардың жанында кеңесші қызметін атқарды, батырларды дәріптеді, қаза тапқан белгілі адамдарға жоқтау арнады. Әрі жыраулар хандар мен сұлтандардың қайсыбір әрекеттерін мақұлдап немесе сынады.16 – 17 ғасырладаөмір сүрген Доспамбет, Марғасқа, Жиембет, Ақтамберді, Шалкиіз бен Бұхар жыраулардың өлеңдерінен сол кезеңдегі халықтың салт – санасын, ой – өрісін, тілек – мақсатын байқаймыз. Олардың мұраларындағы негізгі идеялар – сұлтандар мен хандарды сынай отырып ел арасында әділдікті орнату, батылдылықты дәріптеу, тек адал жолды таңдау мен даналы болу.
39. «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» жылдары.
Тарихта 1723 – 1727 жылдарды «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» және «Ұлы апат» жылы деп атаған. Себебі, 2,5млн халықтың 40 пайызы қаза тапты.Осы кезде халық арасында «Елім – ай» әні туылды. Қазақ жерінде ерекше қаталдық көрсеткен Цэван – Рабдан 1723 – 25 жылдар Түркістан мен Ташкентті жаулап алды. 32 қала жоңғарлардың қол астына өтті. Жетісу жері қатты ойрандалды. Қазақтардың бір бөлігі Тобыл губерниясына қарай жылжыды.
40.Қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы ұлт-азаттық күресі. Бұланты шайқасындағы жеңістің маңызы.
Жоңғар хандығына қарсы ұзаққа созылған күресте 1728 жылы Ұлытаудағы Бұланты өзенінің бойында, Қарасиыр деген жерде қазақ жасақтары тұңғыш рет ірі жеңіске жетті. Бұл шайқасқа қазақтар мен қырғыздар да белсене қатысты. Біріккен күштердің құрамындағы жауынгерлердің жалпы саны 60 мың адамға жеткен еді. Қанды шайқас болған жердің аты «Қалмаққырылған» деген атаумен де қазақ халқының есінде тарихи атау ретінде мәңгі сақталып қалды. Сол шайқаста жоңғарлардың он мыңға жуық жауынгері қаза тапты. Бұланты өзенінің бойындағы жеңістің баға жетпес зор маңызы болды. Ол Қазақ жауынгерлерінің моральдық рухын әлдеқайда күшейтті. Жоңғарлардың жер қайысқан қалың қолы жеңілістің не екенін білмейді деген жалған аңыздың күлін көкке үшырды. Оның есесіне қазақ жауынгерлерін жігерлендіре түсті. Бұланты шайқасындағы жеңіс жалпы халықтың жүрекжарды қуанышына ұласты, қаһарлы жауға қарсы күресте бүкіл халықтың күш-жігерін өлі де біріктіре түсіп, нығайта беруге деген ұмтылысына тың серпін берді.
Қазақ жауынгерлерінің Бұланты өзені бойындағы жеңісінің стратегиялық маңызы да зор болды. Ол алдағы Аңырақай шайқасында жауға есінен тандыра, ойсырата соққы берудің сенімді кепіліне айналды.
Жоңғар шабуылының салдарынан қазақтардың басына түскен аса ауыр жағдай оларды қалайда күш біріктіруге мәжбүр етті. Осылай ету қажеттігін үш жүздің өкілдері түгел түсінді.
Жауға соққы беруді ұйымдастыру жөнінде бастама көтерген Кіші жүздің ханы Әбілқайыр болды. Ол 1723 жылы 20 мың жауынгері бар жасақты бастап, жоңғарлардың қандас одақтасы Еділ бойындағы қалмақтарға қарсы бірнеше жеңісті жорық жасады. Өз тылын осылайша қауіпсіз еткен ол қалың қолын бастап, Сырдария бойына қарай бет алды. 1724 жылдың көктемінде Қазақ хандығының астанасы Түркістан қаласына жетіп, оны тікелей шабуылмен азат етті. Қаланы бір жыл бойы өз қолында ұстап тұрды. Бірақ жаудың еселенген көп күшінің тегеурінді қысымымен Түркістанды және сол аймақтағы басқа да қалаларды тастап шықты.
1725 жылы құрамында 50 мың жауынгері бар бірлескен қазақ-карақалпақ әскерінің қолбасшысы болды. Сөйтіп жоңғарларға қарсы бірнеше сәтті жорық жасады. Осы кезде оның ұйымдастырушылық таланты, ірі әскери қолбасшы ретіндегі қабілеті, жеке өз басының қаһарман ерлігі айқын танылды. Жауға неғұрлым жылдам әрі күйрете соққы беруді ұйымдастыру қажеттігі бүкіл қазақтың күш-жігерін біріктіруді талап етті. Осы мақсатпен 1726 жылдың күзінде Ордабасы тауында (қазіргі Шымкент қаласының батыс жағында) Бүкілқазақтық Құрылтай болып өтті. Оған қазақтың хандары, үш жүздің сұлтандары, билері, батырлары келді. Қазақ халқының ең таңдаулы өкілдерінің бас қосқан бұл жиынында жауға күйрете соққы беруді, орталықтандырылған күшті басшылықты қалай ұйымдастыруды шешу керек болды.
Қазақтар бір-біріне барынша берілген, адал болуға осы Ордабасыда ант берісті. Құрылтайға қатысушылардың бірауыздан ұйғаруымен Әбілқайыр хан бүкілқазақтық әскери жасақтың бас қолбасшысы болып сайланды. Бүкілхалықтық әскери жасақтың бас сардарбегі болып батырлар арасынан Қанжығалы Бөгенбай бекітілді. Ордабасыдағы осы Құрылтай жиналысының шешімдері қазақ халқының жоңғар басқыншылығына карсы азаттық күресінде өте маңызды рөл аткарды. Қазақ қоғамының бүкіл күш-жігерін нақты іс жүзінде біріктіру қолға алынды. Әрбір ру өзінің жауынгерлік жасақтарын құрып, бүкілқазақтық үлкен жасаққа алып келіп қосуды қасиетті міндетіміз деп білді.
41. Аңырайқай шайқасы
Аңырақай шайқасы (1729 ж., кей деректерде 1730 ж.) — біріккен қазақтардың жоңғар басқыншылығына қарсы жүз жылдық азаттық соғысында жасаған ең ірі жеңісі. Үш жүз жасақтары 1728 жылдан бастап, Балқаш пен Шу бойына қарай жылжып, ұрысқа дайындала бастады. Бұл кезде жоңғарлардың мақсаты қазақ жерін түгел тартып алу еді. Қазақтардың әрекетін сезген олар да Шу мен Балқаштың оңтүстігінде үлкен шеп құрды. Үш жүз жасақтары шешуші шайқас алдында Хантауында, Сұңқар тауында жиналды. Шайқас солтүстігі Балқаш, оңтүстігі Отар даласы, батысы Шу, шығысы Күртіге дейінгі аралықты алып жатты. Аңырақай аталатын да осы өңір. Бұл шайқаста (40—45 күн) қазақтар ірі жеңіске жеткен. Ұрысқа бас қолбасшылар Қабанбай батыр, Бөгенбай батырлар сайланды,Орта шепті Бекжан батыр басқарды. Үш жүз жасақтарының қимылын үйлестіру міндетін Қазыбек батыр. Ұлы жүз қолын Жолбарыс хан мен Төле би, Орта жүз қолын Қаракерей Қабанбай Бөгенбай батыр,Бекжан батыр,Шақшақ Жәнібек, Кіші жүзді Тама Есет, Шекті Тайлақ батырлар басқарып, үлкен ерлік көрсетті. Қазақтың көптеген руына қолбасшы болып сайланған Бөрібай батыр,қазақ садақшыларының жеке жасағын ошақты Саурық батыр басқарды. Шайқасқа болашақ қолбасшы Шапырашты Наурызбай да қатысқан.Шайқастың ең басында Бөлек батыр Қараұлы жоңғар әскерлерінің қолбасы Аңырақаймен жекпе-жекке шығып, оны өлтіреді. Солайша қазақ қолдарының рухын көтерген.Бұл шайқаста көптеген батырлар жекпе-жекке шықты. Бұл соғыста көптеген атақты батырлар қаза тапты. Соққыдан есін жия алмай қалған қалмақтар сусыз сортаң жерде шөлге ұшырап, одан әрі соғыса алмай Аягөз, Шарға қарай жөңкіле қашты.
42. Сейітқұл Қойдағұлов пен Құтлумбет Қоштаев басқарған хан Әбілқайыр елшілігі.
Қазақ халқының Ресей империясының қол астына кіру үрдісін алдымен Кіші жүз бастады. 1730 жылы Петерборға Әбілқайыр хан Сейтқұл батыр Қойдағұлұлы мен Құтлымбет би Қоштайұлы бастаған елшілік жібереді. Қараша айында елшілік Петерборға жетіп, Әбілқайырдың хатын Ресей патшайымы Анна Иоановнаға тапсырады. Хатта Кіші жүзді Ресейдің қол астына алуы туралы өтініш жазылған еді. Бұл уақытқа дейін Ресей империясының құрамына Еділ қалмақтары, Кабардин князьдығы, Грузия толық қосылған болатын. Әбілхайыр елшілігі жоғары дәрежедегі сый-құрметпен қабылданады.1731 жылы 19 ақпанда Анна Иоановна «Әбілқайыр ханды және бүкіл қазақ халқына оларды Ресей империясының қол астына алуы туралы» грамотаға қол қояды. Онда Әбілқайыр хан мен оның қол астындағы халқы Ресей бодан-дығына мынандай шарттар негізінде қабылданатыны туралы баяндалады:
Біріншіден, жоғары мәртебелі императорымызға адал қызмет етуге және бізге башқұрттар қызмет еткені сияқты жасақ төлеуге ант бересіздер.
Екіншіден, Ресейдің қол астындағы халықтардан ешқандайда тонаушылық пен өкпеге жол берілмейді.
Үшіншіден, егер сендерге, қайсақтарға басқа біреулер басқыншылық жа-саса, Ресей императоры тарапынан қорғаласыздар және сіздер Ресейдің қол астындағы ел болып табыласыздар.
Төртіншіден, башқұрттар мен Ресейдің құрамындағы басқа да халықтар сіздердің тұтқындарыңызды босатады, ал сіздер ресейлік тұтқындарды бо-сатуға, башқұрттармен және қалмақтармен бейбіт жағдайда тұруға уәде етесіңдер»
Елшіні қабылдау рәсімі кезінде қазақ билеушілері арасында Ресей бодан-дығын қабылдау мәселесінде бірпіктің жоқтығы білініп қалады. А. Тевкелев, қазақ сұлтандары мен ақсақалдардың бір бөлігінің орыс мемлекетіне бағынуға және ханның ықпалына көнуге қарсы екендерін түсінеді. А.Тевкелевтің көмекшісі, Ресейге адал қызметі үшін тархан атағы берілген башқұрт Таймас Шаимовқа Табын руынан шыққан Бөкенбай батыр, оның күйеу баласы Есет батыр және оларға туыстық байланысы бар Құдайменді мырза Ресей бодандығын қабылдау туралы антты қолдауды ұйымдастыруға келісім береді. Онымен қоса А. Тевкелев «тәуелсіздікті жақтаушылардың бірнешеуін сатып алды». Нәтижесінде 1731 жылы 10 қазанда Ресей бодандығын қабылдау және оған адал болу жөнінде антты бірінші болып Әбілқайыр хан, онан соң Бөгенбай батыр, онан кейін Есет батыр мен Құдайменді мырза береді. Ханнан басқа алғаш ант қабылдағандар ішінде 29 беделді би-сұлтандар мен батырлар болды. Осылайша Кіші жүздің Ресей империясы-ның қол астына өтуінің алғашқы қадамдары басталған еді.
43. Кіші және Орта жүздердің ықпалды сұлтандарынан ант қабылдау (XVIII ғ. 40 ж.)
Қазақтардан ант алу үшін патша үкіметі Әбілқайырға 1731 жылғы 30 сәуірде Санкт-Петербургтен А.И. Тевкелев бастаған елшілікті жіберді. Оған Кіші жүздің билеушілерін Ресейдің қол астына қалай өткізуі керектігі жөнінде жан-жақты нұсқау берілді. Кіші жүздің ат төбеліндей билеуші тобын қалағанынша дүние-мүлік беріп, тікелей сатып алу жағын да қарастырып көруді тапсырды.
Ол үшін 1 миллион орыс рубліне дейін жұмсауға рұқсат етілді. Әбілқайырға императрица Анна Иоанновнамың атынан қымбат бағалы сыйлықтар — болат қылыш, бұлғын ішік, екі түлкі тымақ, шұға маталар мен басқа да сыйлықтар беру көзделді.
Бірақ оларды Құран ұстап ант берілгеннен және құжатқа кол қойылғаннан кейін ғана тапсыру қарастырылды.
Орта жүздің біраз сұлтандары Ресей бодандығын қабылдады. Алайда бұл жерде бодандық қабылдау туралы құжатқа қол қою рәсімі болған жоқ. Қазақ билеуші топтарының бодандық туралы мәселеге өте селқос қарауында. Оған патшалық Ресей империясының қазақ билеушісі топтарынан ант алу рәсімін жиі қайталауы себеп болды. Мысалы Әбілқайырдың өзі 3 рет ант берген. Әбілқайырдың 1742, 1731, 1738 жылдардағы анттарының мәніндей құны болмаған.
44. Абылай сұлтанның дипломатиялық өнері.
Қазақ мемлекеттілігін сақтап, оны нығайтуда қазақ ханы Абылай (1711-1781) көрегенді әрі шебер дипломатиялық саясат жүргізді. 1748 жылы Ресей бодандығын қабылдаған беделді сұлтан оны сақтай отырып, 1756 жылы Қытай бодандығын да қабылдайды. Бірақ іс жүзінде өз алдына тәуелсіз саясат жүргізген болатын.«Қазақ тарихының Герадоты» атанған А.И. Левшин өзінің «Қырғыз қазақ немесе қырғыз қайсақ ордалары мен далаларына сипаттама» атты еңбегінде Абылай ханның ішкі және сыртқы саясаты жөнінде нақтылы деректер кел-тіре отырып, талдау жасаған. Онда Абылай «қазақтардың барлық билеушілерінен айлакерлігімен және тәжірибиелерімен, ақыл парасатымен, оған қарайтын халықтың көптігімен беделді, Қытайдың Боғдыханымен де, Ресей императорымен де қатынасы арқылы бүкіл ордада даңқты болды.Ол күштілігіне сенімділігімен, ақылдылығымен және өте сақ мінезімен айналасына асқан шеберлікпен өзін қолдаушыларды топтастыра білді, жау-ларына күшін де көрсетті, ал қалыптасқан жағдайларға қарай кейде орыс бодандығын, қытай бодандығын мойындап, бірақ шын мәнінде тәуелсіз би-леуші болды»
45.1839 жылғы Хиуа жорығы және оның нәтижелері. Сырдария шекара сызығының белгіленуі.
1839 ж. көктемде Жем өзені бойына Ембі, Ақбұлақ қамалдары салынып, оларға әскер әкелінді. Хиуаға жергілікті қазақтардан барлаушылар жіберілді. Бірақ экспедияцияның Хиуаға әскери жорық екенін білген жергілікті халық оған қарсы шығады. 1839 ж. 22 шілдеде жергілікті қазақтар Ембі қамалының 398 атын айдап әкетеді. 29 қыркүйекте Ақбұлақ қамалының 32 аты барымталанады, 17 қазанда 180 өгіз ұрланады. 1 қарашада ген.-губернатор В.А. Перовскийдің басқарумен 2000 атты әскер, 32 зеңбіректі жасақ Орынбордан жолға шығады. Жолшыбай оларға 250 адаммен Баймағанбет Айшуақов қосылды. 3-Хиуа жорығын генералдар Веревкин, Кауфман, полк Ломакин басқарды. . 15 мамырда Хожелі қаласы маңында 6 мыңдық Хиуа әскерімен ұрыс болды. 20 мамырда Маңғыт қаласы түбінде жасаққа Досан батыр бастаған көтерілісші қазақтар шабуыл жасады. Сол күні Маңғыт қаласы алынды. 400 қала тұрғыны, орыстардан 3 адам өлді. 29 мамырда Хиуаға орыс әскері кірді. 6 маусымда Хиуа бітімге қол қойып, орыс бодандығын мойындады. Хан қазынасының көп бөлігі контрибуцияға алынып, ханның алтын тағы Мәскеудегі Гранит палатасына қоюға жіберілді.
46.Жетісудағы 1860 жылғы әскери іс-қимылдар. Ұзынағаш шайқасы.
1860 жылы тамыз айында Циммерман отряды Шу бойындағы қоқандықтардың екі бірдей Тоқмақ және Пішпек бекіністерін талқандап кетеді. Бұл оқиға 28-30 тамыз күндері аралығында Қоқан ханы Мәллебекке де келіп жетеді. Бұған жауап ретінде қоқан ханы шұғыл түрде Шу өңіріне қарай Қанағатшаhтың басшылығымен жасақталған 2000 әскерді аттандырады. Ол әскердің негізгі бөлігі Ташкент маңындағы құрама руынан құралған болатын. Қоқан хандығының орталығынан ұзақ шақырымдық қашықтықты жылдам енсеріп келген Қанағатшаh әскері Пішпек бекінісінен бұрын, алдымен Талас аймағында орналасқан Әулиеата бекінісіне келіп тоқтайды. Қоқан әскері суыт жүріп, 2-3 күнде Шымкентке жетіп, 2 күн ат суытқан соң, 6 күн жүріп Әулиеатаға келеді, онда 6 күн демалып, тағы 6 күннен кейін Пішпекке жетіп жығылады, бұл жерде де 6 күн әзірлік жасап, жолға шығады.Алдымен Қанағатшаh өз әскерімен Талас бойындағы Әулиеата бекінісіне келіп аялдайды. Ол кезде Әулиеатаны Шәдібек есімді комендант басқарып тұрған еді. Паруанбасы Қанағатшаh Әулиеатаға келе салысымен-ақ шұғыл түрде осы бекініске өзінің жіберген есаулдары арқылы Талас бойында көшіп жүрген барлық Ұлы жүздің ықпалды билерін шақыртады. Көп кешікпей шақырылған билердің барлығы Қанағатшаhтың алдағы орыстарға қарсы қолданатын әскери қимылын білу үшін бекініске келіп жиналады. Ұзынағаш түбіндегі шайқас барысында патша әскері жасырынып жатып, ал қоқандық жасақтар аттың үстінде жүріп соғысқан. Сондықтан да орыс әскерінің артилериясы шайқаста шешуші рөл атқарған болатын. Осы шайқасқа қатысқан қазақтар жанкешті ерлік көрсетті. Қазақ-қырғыз қолын Сыпатай батыр, Сыздық төре, Керім батыр, Диқанбай батыр, Қырбас батыр, Сұраншы батыр, Байсейіт батыр, Шаян батыр, Арыстан батыр, Ақмолда батыр, Жантай манап, Байзақ, Батырбек, Момынбек, Қожабек датқалар бастап шығады. П. Пичугин қырғыздардың атты әскері 3000-дай адам болды, солто руын Іледен қуылған біздің дұшпанымыз – Тойшыбектің ұлы Байсейіт бастап келді деп көрсетеді. Бұл мәлімет ботбайдың батыры Байсейіттің Ұзынағаш шайқасына қазақтармен бірге қырғыз жігіттеріне де қолбасшылық жасағанын аңғартады.
47. Жетісу мен Оңтүстік Қазақстанның Ресей империясы құрамына кіруі
Жалпы Жетісу мен Оңтүстік Қазақстан Ұлы жүздің жері болып саналған. Жетісудың Ілеге дейінгі бөлігі 18-ғасырда Жоңғар билігінде болды. Ол кезде Ұлы жүз ханы Жолбарыстың қол астында Ташкент төңірегіндегі аймақ бар еді. Жолбарыс хан орыс елшісі М.Тевкелевтің Кіпті жүзге келгенін біліп, оған Ресейдің қол астына кірудің шартын анықтау үшін үш старшын аттандырды. Осы кезде Ұлы жүздің атақты билері — Төле би, Қодар би және Сатай, Бөлек, Хангелді батырлар өздерін Ресей азаматтығына қабылдау жөнінде император Анна Иоанновнаға жолдама хат жолдады. Олар Әбілқайыр хан мойындаған шарт бойынша Ресейдің құрамына кіруге тілек білдірді. 1834 жылы 20 сәуірде император Анна Иоанновна оларды Ресейдің қол астына қабылдау жөніндегі грамотаға қол қойды. 1842 жылы Ұлы жүз руларының төрт старшыны Ресейдің қол астына қарау жөнінде ант берді. 19 ғасырдың 50-жылдарында Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстаңдағы бөлігі Қоқан хандығының қол астында еді. Бұл аймақтарды және Орта Азиядағы хандықтарды өзіне бағындыру мақсатымен патша үкіметі Ұлы жүздің Оңтүстік Қазақстандағы аймағына екі жақтан — Перовск және Верный қалаларынан жорық бастайды. Солайша тарихта Ұзынагаш шайқасы орын алған еді
48.Кіші және Орта жүздер аумағында барлық билік институттарын реформалау және аумақтық-әкімшілік басқару жүйесін енгізу (1822 ж., 1824 ж.)
Орта жүздің Уәли ханы және кіші жүздің Шерғазы ханы қайтыс болғаннан кейін 1822-1824 жылдары Орта және Кiшi жүзге енгiзiлген ереже бойынша бұл екi жүз де хан үкiметi жойылды. Ресей жаңа әкiмшiлiк жүйесiн енгiздi. Бұл жүйе алдағы уақытта қазақтардағы билiк Ресей чиновниктерiнiң қолына беруге дайындық болды. Реформа Орта жүзден басталды. Сібір генерал губернаторы М.Сперанскийдің басшылығымен «Сібір қырғыздары (қазақтары) туралы Жарғы» жасалып, ол 1822 жылы қабылданады. (Орыс әкімшілігі сол кезде қазақтарды қырғыздар, ал қырғыздарды қара қырғыздар деп атаған еді). Жарғы бойынша «Сібір қазақтарының облысы» әкімшілік тұрғыда округ –болыс –ауыл жүйесі бойынша бөлінді. Округке 15-20болыс, болысқа 10-12 ауыл, ауылға 50-70 шаңырақ (үйлер) кірді. Округ басшылығында округтық приказдар болды. Округтық приказдарды қазақтар дуан деп атаған. Округтарды формальды түрде аға сұлтандар басқарды. Болыс басшылығында болыс сұлтаны тұрды, олар округтық приказға бағынды. Ауылды ағаман басқарды. Ағамандарды үш жылда бір рет ауыл тұрғындары сайлап, оны округтық приказ бекітті. Болыстар сұлтанға бағынды. 1824 жылы Ресей үкіметі «Орынбор қырғыздары туралы Жарғы» қабылдады. Ол Орынбор генерал губернаторы П.Эссенің басшылығымен жасалды.Кіші жүзде басқару Орынбордағы Шекаралық комиссия арқылы жүзеге асырылды. Жарғы бойынша Кіші жүз үш бөлікке бөлінді. Бұл бөліктер дистанцияларға бөлінді. Дистанция дегеніміз – бекіністер аралығындағы жерлер болатын. Дистанциялар ауылдарға бөлінді. Дистацияларды дистация бастықтары басқарды, ал ауылдарды ағамандар басқарды.
49. 1867 жылғы «Жетісу және Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» және 1868 жылғы 21 қазандағы «Орынбор және Батыс Сібір бас үкіметтерінің Дала облыстарын басқару туралы уақытша ереженің» жүзеге асырылуы.
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Басқарудағы өзгерістер: Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Сот жүйесіндегі өзгерістер: халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды.
50.1886 ж. «Түркістан өлкесін» басқару туралы ереже. Әкімшілік құрылым. 1891 жылғы Дала облыстарын басқару туралы ереже. Көшпелі және отырықшы халықты жерге орналастырудағы өзгерістер.
1886 жылы 2 маусымда «Түркістан өлкесін басқару туралы ереже»кабылданды. Бұл жаңа заңға сай Қазақстанды әкімшілік-аумақтық жағынан басқару жүйесіне бірқатар өзгерістер енгізілді. Түркістан өлкесі жерінің құрамына Ферғана, Самарқан және Сырдария облыстары кірді. Орталығы Ташкент қаласы болды. Сырдария облысы 5 уезден, Ферғана да 5 уезден, Самарқан 4 уезден тұрды.
1891 жылғы «Ереже» бойынша Орынбор және Батыс Сібір генерал-губернаторлықтарының орнына орталығы Омбы болған Далалық (Степной) генерал-губернаторлығы құрылды. Оның құрамына Ақмола, Семей , Орал, Торғай және Жетісу облыстары кірді. Ақмола облысы, Торғай облыстары төрт уезден құралды. Ақмола, Семей және Жетісу облыстары Дала генерал- губернаторлығы құрамына кірді. Үш облыстың негізгі әкімшілік орталығы (облыстардың жеке орталықтарын есептемегенде) Омбы қаласы болды. Бұл өзгерістер патша үкіметінің отаршылдық басқармасының рөлін мейлінше күшейтті, генерал-губернаторларға шексіз билік берілді. Патша үкіметінің отарына айналған еңбекші қазақ халқы ақшалай алым-салық төледі. Олардың мөлшері әртүрлі болып өзгеріп отырды. Мысалы, 1868 жылғы «Ереже» бойынша әр түтіннен 1,5 сом жиналса, 1891 жылғы «Ереже» бойынша 4 сом болды.
Тұтас алғанда 1886-1891 жылдардағы реформалар отаршылдық және феодалдық езгіні күшейте түсуге бағытталған еді.
51. Бөкей ордасының (Ішкі Орда) құрылуы. Жәңгір хан.
Бөкей Ордасы — Ресей империясының вассалы ретінде Еділ мен Жайық өзендерінің аралығында 1801 жылы құрылған тарихи мемлекет. Бөкей Ордасы — қазақтардың және әлемдегі ең соңғы Шыңғысхан ұрпақтарымен меңгерілген мемлекеттік құрылым. 1815 жылдың мамырдың 21 Бөкей хан қайтыс болады. Тақ мұрагері Жәңгір жас болғандықтан, хан тағына регент есебінде уақытша сұлтан Шығай Нұралыұлы отырады.1823 ж. Жәңгір Бөкейұлы хан тағының мұрагері болып танылып, 1824 ж. маусымның 22 «Хан тоғайында» ақ киізге көтеріліп, хан сайланады. Бөкей ордасы тарихында маңызды орын алатын оқиға — Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы бастаған 1836—1838 жж. халық көтерілісі. Бүл — патша әкімшілігі мен хан-сұлтандарға қарсы көтерілген халықтың азаттығы үшін бастаған бой көтеруі болды.
Жәңгір хан өзі билік құрып тұрған кезде елді отырықшылыққа көшіру, мектеп ашып балаларды оқыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Ол ашқан мектептен білім алған алғашқылардың бірі белгілі қазақ этнографы, Орыс география қоғамының қызметкер мүшесі Мұхаммед-Салық Бабажанов бұл ретте былай деп жазады: …ханның ықпалымен және жанашырлығымен Ордадағылар білімнің қажеттілігін сезіне бастады. Шәкірттер мен мұғалімдерді ынталандыру үшін марқұм хан ақшасын да, өзінің ынтасы мен ордалықтарға оқу білімнің пайдасы жөнінде түсіндірмек болған ынтасын да аямады. Өзінің сарайында мектеп ашып, 60 адам ислам діні, орыс жазуы және тіл жөнінде дәріс алды. Бұл мектеп сарай маңында осы күнге дейін «Жәңгір мектебі» деп аталып келді. Ондағы 30 бала Орданың шаруашылық қаржысы есебінен білім алуда.1845 жылы Хан Жәңгір Бөкейұлы қайтыс болады.
52. Мемлекеттік Думадағы қазақ депутаттарының қазақтың жайылымдық жерлерінің талан-таражға салынуы туралы пікірлері.
«1910 жылдары қазақ зиялы қауымының көзқарастарын білдірген алғашқы журналдар мен газеттер пайда болды. 1911–1915 жылдары М.Сералин шығарып тұрған «Айқап» журналы қазақ прозасының орнығуында үлкен рөл атқарды. Журнал қазақ кедейлерінің мүдделерін қорғады, халықты оқу-ағартуға, прогреске шақырды. Ұлттық сананың қалыптасуында 1913–1918 жылдары Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатовтар шығарып тұрған «Қазақ» газетінің маңызы орасан болды. «Қазақ» газетінің либералдық және ұлттық идеологиясы кейінірек «Алаш» партиясы мен Алашорда үкіметі бағдарламасының негізіне алынды»
53. ХХ ғ. басындағы Қазақстандағы көші-қон саясаты және Столыпиндік жаңғырту.
XIX гасырдын 60-90-жылдарында жургізілген әкімшілік реформалар бойынша қазақтардын жерін тугелдей мемлекеттін меншігі деп жариялады.Ол реформалар Казакстанды шаруалар арқылы кен келемде отарлап алуга берік негіз калады. Осыдан бастап қазақ жеріне орыс шаруалары, яғни кулактарды қоныс аударуы басталды. Орыс шаруаларын шикі Ресейден қоныс аудару көп жағдайда қазақтарды ежелгі атамекенінен, конысынан жаппай қуу жане ең құнарлы жерлерін куштеп тартып алу аркылы жузеге асырылды. Қазақ өлкесі бірнеше қоныстандыру аудандарға бөлінді: торгай-орал, семей, сырдария, жетісу.
Патша өкіметі қоныс аудару қорына қазақ өлкесіндегі артық жерлерді қосты.
1893-1905жж-4млн десятина
1906-1912жж-17млн десятина
1917ж-45млн десятинага жетті.
Семей, Акмола, Орал, Торгайдан 40,5млн десятина, Жетісудан 4млн десятина,
Сырдариядан 500мын десятина ен кунарлы жерлер алынды.
Столыпин реформасы 1906 жылы 9 қарашада патша жарлығымен басталып, Уақытша үкіметтің 1917 жылғы 28 маусымдағы қаулысымен жойылды. Стольпиннің аграрлық реформасында Ресейдің ішкі аудандарындағы жер тапшылығын шешумен қатар, орыс шаруаларын көшіру арқылы шалғайдағы отар аймақтарды игеру көзделді. Стольпиннің аграрлық реформасы негізінде Қазақстанға 700 мыңнан астам орыс және украин шаруалар қоныс тепті.
54. Е.Пугачев көтерілісіне қазақтардың қатысуы. «Көзге көрінбейтін» Көктемір көтерілісі.
1773–1775 жылдары Ресейде шаруалардың ірі көтерілістерінің бірі болды.
Қазақтарды осы көпұлтты қозғалысқа итермелейтін бірнеше негізгі себептер болды.Дала халқы жайылымдық жер тапшылығын бастан кешірді.1773 жылдың күзінде қазақтар Орынбордан Гурьевке дейінгі барлық бекіністерді патша әскерлерінің елеулі күштерін өздеріне тарта отырып, үздіксіз қоршауда ұстады. 1774 жылдын тамыз айында старшын Дайыр султан бастаган
50 казак жасағы Пресногорьков бекінісін шабуылдады. Құлсары батыр бастаган қазақтар редутке шабуыл жасап, оған старшындар Алғабай, Итек және Дәуітбай тархан катысты.
Пугачев көтерілісіне қазақтардан баска башкурттар, калмактар, т.б, катыскан еді. Бұл көтерілісті басуга патша әкімшілігі жақсы каруланган жазалаушы әскер жіберді. Жазалаушы әскер Қазан маңында кетерілісшілерді басып-жаншыган соң, Пугачев бастаган көтеріліс жеңіліс тапты. 1775 жылдын көктемінде жазалаушы әскер көтеріліске колдау корсеткен казак ауылдарына шапкыншылыктар жасады. Буган шыдамаган казактар далага ішкерілей көшіп кетіп,бас саугалайды.Ал, 1775 жылдын жазына карай Кіші жуз өңірінде "Көрінбейтін адам" немесе Көктемір туралы аңыз тарайды.
55. С.ДАТҰЛЫ БАСТАҒАН ҰЛТ-АЗАТТЫҚ ҚОЗҒАЛЫС
Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсыболғанкөтеріліс.Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б.Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады.Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі;Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс.Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды.С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.Ал жалпы негізгі мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады.Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді.Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады.1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.
56. БӨКЕЙ ХАНДЫҒЫНДАҒЫ ИСАТАЙ МЕН МАХАМБЕТ БАСТАҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
1801 жылғы 11 наурызда император І Павелдің жарлығымен Кіші жүз қазақтарының Жайық пен Еділ аралығында көшіп-қонуы заңдастырылып, Бөкей Ордасы (Ішкі орда) құрылды.Бөкей Нұралыұлы 19 ғасырдың басында Хан кеңесіне төраға болды, тәкаппарлығы оның бағыныштылығына жол бермеді..Бөкей Ордасындағы қауымдық жерлерді орыс помещиктерінің, хан туыстарының иемденіп алуы, феодалдардың озбырлығы жəне Жəңгір билігінің халық мүддесіне қайшы келуі хандықтың басқару жүйесін шайқалтты. Салықтың ауыртпалығы да әлеуметтік қарсылықтың тереңдеуіне себепші болды. 1833 жылы Жəңгір ханның қайынатасы Қарауылқожа Бабажанұлын Каспий теңізі өңіріндегі қазақ руларына билеуші етіп тағайындауы көтеріліске түрткі болды. Бөкей Ордасындағы шаруалар көтерілісі 1836-1838 жылдары болды.Көтерілістің негізгі қозғаушы күші – шаруалар, сонымен бірге оған старшын, билер де қатысты. Көтеріліс басшылары – Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлы. Көтерілістің басты мақсаты – хан озбырлығына шек қою, шаруалар жағдайын жақсарту, жер мəселесіндегі патша үкіметінің отаршылдық саясатын өзгерту болды. 1836 жылы ақпанның басында басталған көтеріліс халық-азаттық сипатта болды. Көтеріліс басшылары Қарауылқожаны биліктен тайдыруға, ханның жарлықтарын мойындамауға шақырды.. 1836 жылдың соңында Бөкей Ордасындағы оқиға Петербург сарайына əбден белгілі болды. I Николай "бүлік" басшыларын қатаң жазалауды тапсырды. 1837 жылғы 15 қазанда Теректіқұм шайқасында көтерілісшілер Жәңгірдің сыбайласы, хан кеңесшісі Балқы бидің ауылын ойрандады. Бұл жеңіс сарбаздар қатарының өсуіне əсер етті.1838 жылғы 12 шілдеде Ақбұлақ шайқасында зеңбіректер оғынан шегінген көтерілісшілер екі жақты қоршауда қалды. Ауыр жараланған Исатайды казактар қылышпен шауып, атып өлтірді. Көтерілісшілерден 80-дей сарбаз өліп, 6 адам тұтқынға түсті. Айшуақұлынан бірнеше жүз, казактардан 4 адам жарақаттанды. Бас сауғалап қашқан көтерілісшілер, Ақбұлақ шайқасында Исатайға көмекке келмеген сұлтан Қайыпқали тобына қосылудан бас тартты.
1838 жылғы шілдеде Махамбет тобы Нұртазғали Өзбекұлы жəне Табылды Шерғазыұлы сұлтандардың ауылдарына шабуылдады. 1846 жылы қазанда хан жендеттерінің қолынан қайтыс болды.
Исатай көтерілісі бойынша жазалау ісін басқару негізінен Гекеге тапсырылды. Көтерілісті қанға бояған қазақ феодалдары жəне казак офицерлері мен солдаттары марапатталды
1836-1838 жылдардағы көтерілістен кейін салық мөлшеріне шек қойылды. Патша үкіметі қазақ старшындарымен санасатын болды.
Бұл оқиға Ішкі Ордадағы хандық биліктің əлсірегендігін дəлелдеді. Ал көтерілістің жеңілу себептері үстем тап өкілдерінің опасыздығы, көтеріліс басшыларының Кіші жүздегі жəне Ішкі Ордадағы көтерілістерді біріктіре алмауы болды. Бұл қозғалыс 19 ғасырдың 30 жылдарындағы әлеуметтік езгіге де, отаршылдыққа да қарсы бағытталған көтеріліс болды.
57. К.ҚАСЫМҰЛЫ БАСТАҒАН ҚАЗАҚТАРДЫҢ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
Ресей империясының қазақ даласындағы хандық билікті жоюы, шегаралық аймақтарда жаңа бекіністер салып, қазақ жерлерін күштеп тартып алуды одан әрі жалғастыруы және қазақ қоғамында әлеуметтік қатынастардың шиеленісуі Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтерілістің шығуына себеп болды.
ХVІІІ-ХІХ ғасырларда болған басқа барлық көтерілістермен салыстырғанда Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық күрестің басты ерекшелігі оған үш жүздің толық қатысуында болды. Көтеріліс кең қанат жайып, бүкілхалықтық сипат алды.
Көтерілістің мақсаты:
●Ресейдің отарлау саясатына шек қою;
●Патша үкіметінің құрамына кірмеген өңірлердің дербестігін сақтау;
●Қазақ жеріне бекіністер мен әскери шептердің салынуын тоқтату;
●Қазақтарды Қоқан бектері мен Хиуа хандығының езгісінен азат ету.1837 жылы қараша айында Кенесары Қызылжар (Петропавл) маңында Ақтау бекінісіндегі казак отрядына шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді. Бұл көтерілістің бастауы болды. 1838 жылы 26 мамыр күні Кенесары бастаған көтерілісшілер Ақмола бекінісін шабуылмен басып алып, өртеп жіберді. Ақмолаға иелік еткен Карбышев пен сұлтан Қоңырқұлжа Құдаймендіұлы бекіністі тастап, қашып кетеді. 1838 жылы күзде көтеріліс Кіші жүз өңіріне тарайды. Батыр Жоламан Тіленшіұлы көтеріліске қосылады.1841 жылы тамыз айында Кенесары сарбаздары Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорықты тоқтатады. Бұл жолы Кенесары қолы қоқандықтардың билігіндегі Созақ, Жаңақорған, Ақмешіт, Жүлек бекіністерін қоршайды және бірнеше бекіністі алады. Қоқан ханы Кенесарыға одақ құруды ұсынады, бірақ батыр оны қабылдамайды.1838 жылғы желтоқсанда Батыс Сібір генерал-губернаторы князь Горчаков пен I Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашқы талаптары мынандай болды:
●Қазақ жеріндегі округтік бұйрықтарды жою;
●Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру;
●Салық жинауды тоқтату.
Бірақ Кенесары жіберген елшіліктің бес өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылады.
Қырғыздардың қолына тұтқынға түсіп қалған Кенесары ханды патша тарапынан сыйлықтар алған қырғыз манаптары өлтіреді. Нәтижесінде Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс жеңіліске ұшырайды.Көтерілістің жеңілу себептері:
Қазақ феодалдарының біразы Кенесарыны қолдамады;Қазақ халқы арасында рулық алауыздық пен руға бөліну болды;Ресей билеушілерінен жеңілдіктер алған ақсүйектердің бір бөлігі орталықтанған феодалдық мемлекет құруға мүдделі болмады;Көтерілісті қолдамаған ауылдарға Кенесары аса қатты жаза қолданды;Қазақтар қырғыздармен, қоқандықтармен болған шайқастарда Кенесарыны қолдамады.Бұхар, Қоқан феодалдарымен соғысып, күшін сарқыған Кенесары қолы Ресейге қарсы тұра алмады.
58. Ж.НҰРМҰХАМЕДҰЛЫ МЕН Е.КӨТІБАРҰЛЫ БАСТАҒАН КӨТЕРІЛІС
Жанқожа Нұрмұхамедұлы және Есет Көтібарұлы бастаған көтелістердің басты себептері:
•Жер мәселесі- Хиуа, Қоқан хандықтары Қазақ жерінің билігін көздеп, бірнеше рет шабуыл жасап тұрды: 1808ж Ташкентті; 1814ж Түркістанды, 1818ж Ақмешітті басып алады
•Салық мәселесі. Қоқандықтар қазақтарға ауыр алым-салықтар енгізді. Мысалы, Сыр мен Арал қазақтары жыл сайын Қоқан хандығына 6қой, 4арба сексеуіл, 1000бау қамыс төлеу міндеттелді. Ал хиуалықтар зекет,ұшыр салығын жинап отырды.
•Бекіністердің салынуы. 1835ж Сырдария бойында Қожанияз және Жаңақала бекіністері, Хиуа хандығы Қуаңдария өзенінің бойында Құртөбе әскери бекінісін құрды.1847ж Райым, 1855ж Қазалы бекіністері салынды.1842 жылдың күзінде Жанқожаның әскері Хиуаның ірі бекінісі Бесқаланы қиратып қала коменденты Бабажанды өлтірді. 1843 ж Жанқожа батырдың жасақтары қуандария бойындағы хиуалықтар тұрызған қамалды талқандады. Ал 1845 ж осы қамалды қайтадан қалпына келтіру үшін жіберілген 2 мың хиуа шоғырларын талқандап жеңді. Осыдан кейін Сырдария қазақтарымен Хиуа билеушілерінің арсындағы күрес күшейе түсті. 1847 жылы Хиуа хандығының әскері өзен бойындағы қазақтарды егістікпен және пайдалы мал жайылымынан айыру үшін Қуандария өзенін бөгеп тастады, сөйтіп олардың қазақ жеріндегі озбырлығы одан ары қарай жалғасты. Орыс отарлаушыларына қарсы Сыр қазақтарының көтерілісі 1856 ж желтоқсан айында басталды. Көтерілістің басында Жанқожа батыр тұрды. 1856 ж патша әскерлерімен көтерілісшілер арасындағы тікелей соғыс қимылдары басталды.Көтеріліске басқа рулар да, соның ішінде құмды аймақтардағы көшпелілер де қатысты. Нәтижесінде көтерілісшілер саны ең әуелі үш мыңға , ал 1857 жылдың қаңтар айында бес мың адамға жетті.Көтерілісшілермен шешуші шайқас 1857 жылы 9 қаңтарда Қазалыға жақын жердегі Арықбалық мекенінде жүрді. Зеңбірек мылтықпен жақсы қаруланған Фитинговтың әскеріне қарсы Жанқожаның ақ туын көтерген көтерілісшілер бірнеше рет шабуыл жасады. Бірақ Жанқожа сарбаздарының шабуылы сәтсіздікпен аяқталып, аман қалғандары бытырап тарап кетті.1855 ж 8-шілде күні Есеттің жасақтары күтпеген жерден А.Жантөрин сұлтанның лагеріне шабуыл жасап, сұлтанды және он-шақты би старшындарды өлтірді. Аайда оқ дәрісі мол мылтықтармен қаруланған патша әскерлерімен көтерілісшілер шегінуге мәжбүр болды. 1858 ж қыркүйекте Бородин басқарған патша әскерлері Есет батыр бастаған көтерілісшілерді Сам құмында біржолата талқандады. Сөйтіп, патша үкіметінің отарлау саясатына және жергілікті бай шонжарларға қарсы бағытталған кіші жүз қазақтарының Есет батыр бастаған тағы бір көтерілісі сәтсіздікпен аяқталды.
59. 1868-69ж ОРАЛ, ТОРҒАЙ ЖӘНЕ 1870Ж МАҢҒЫСТАУ КӨТЕРІЛІСТЕРІ
1867 жылы 《 Уақытша ереженің 》 енгізілуі, патша үкіметінің отаршылдық саясатының күшеюі және жаңа бекіністердің салынуы,салықтың көбеюі ( шаңырақ салығы әрбір үйге 1 сомнан сомға көбейтілді) Орал.,Торғай және Маңғыстау көтерілістерінің басталуына әкеліп соқты. 1868-1869 жылдары отаршылдыққа қарсы бағытталған Орал, Торғай көтерілісі болды. Орал, Торғайдағы халық көтерілісін - рубасылар басқарды.Ал көтерілістің жеке құрамына басшылық еткен - Ханғали Арсланұлы, басшылық еткен билер - Асау ұлы мен Мұңайтпасұлы , басшылық еткен молдалар - Рысқұлұлы мен Досұлы. 1869 жылы көтерілісшілер 20 мың қолмен Фон Штемпельдің отрядына Жамансай көлі маңында шабуыл жасайды.Жалпы наурыз- маусым айларында көтерілісшілер феодалдық топтарға қарсы 41 шабуыл жасап, оған шамамен 3000-дай адам қатысады. Және осы көтерілісті басуға Рукин бастаған отряд жіберіледі. Осы 1867-1868 ж Уақытша ереженің отаршыл талаптарына байланысты- 1870жылы Маңғыстау көтерілісі басталады. Негізгі түрткі болған жағдай - патша жазалаушыларының адайлықтар көшіп-қонып жүрген аймаққа жақын келуі. Яғни, көтеріліс негізінен адай руынан шығады.Көтеріліс басшылары - Иса Тіленбайұлы мен Досан Тәжіұлы болды.Олар Бозащы деген жерден өздеріне қол жинайды. Подполковник Рукиннің әскерінің талқандалуы Маңғыстау көтерілісшілердің рухын көтереді. Маңғыстау көтерілісі- флотилия құрып соғысқан көтеріліс болды. 1870 ж 5 сәуір күні қазақ шаруалары мен жалдамалы жұмысшылар тобы Александровск фортына шабуыл жасайды.Көтерілісшілер саны - 10 мың болды. Мамыр айында Маңғыстаудағы көтерілісті басу үшін Кавказдан қосымша күш келеді. Көтерілісшілер жеңілгеннен кейін, олардың бір бөлігі , шамамен 3000 шаңырақ Хиуа хандығына көшіп кетеді. Және Милютин “ Бұларды келістіріп жазалау керек” деп санайды. Адайлықтардың арасында рулық патриархалдық құбылыстың сақталып қалуы ( яғни руға бөлінушілік) көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болғандығын көрсетеді. Маңғыстау көтерілісінің негізгі ерекшелігі- жалдамалы жұмысшылар мен жансыз тыңшылардың қатысуы болды. Нәтижесінде адайлықтар жеңілгеннен кейін , соғыс шығыны ретінде - 90 мың қой өткізді.
60. БІРІНШІ ДҮНИЕЖҮЗІЛІК СОҒЫС ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ҚАЗАҚСТАН
Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс қазақ даласына аса ауыр зардаптар әкелді. Аталған соғыстың басты қатысушыларының бірі Патшалық Ресейдің құрамындағы қазақтар мекендеген өлкелер майданды шикізатпен қамтамасыз етуге жұмылдырылды. Соғыс қажеттілігі үшін халықтан алынатын алым-салықтың мөлшері бейбіт замандағымен салыстырғанда 4 есе көбейтілді. Салықтың түрі онға жетті. Қазақстан аумағынан майданға ет, киіз, мақта, сабын, балық, мақта майымен қатар күш-көлік, мініске деп 70 мың жылқы, 13 мың түйе жөнелтілген. Баспана ретінде 14 мың киіз үй алынған. Қазақстан аумағындағы кенорындары соғыс жағдайына жұмылдырылып, көмір, мұнай өндірістеріндегі жұмысшылардың жұмыс күні ұзақтығы 14 сағатқа жетті. Өнеркәсіп пен ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады. Қазақ жеріне Үштік одақтың 230 мыңдай әскери тұтқындары әкелініп орналастырылды. Әскери тұтқындар өндіріске, жол салуға т.б. пайдаланылды. Соғысқа байланысты жағдай ауырлай түскен уақытты Ресей патшасы ІІ Николай 1916 жылы 25 маусымда Түркістан мен Дала өлкесінен 19-43 жас аралығындағы 500 мың адамды қара жұмысқа алу туралы» жарлық шығарды.Осы жылдары (соғыс жылдары) жұмысшылардың жағдайы өте ауыр болды. Бір күндік орташа жалақы – 20 тиын. Жұмыс күнінің ұзақтығы – 12-14 сағат. Қымбатшылық артты: ұн-70%, қант-50%, сабын-200%-ға өсті. Кен өндіру, мұнай, көмір өндіру құлдырады. Өндірістегі мамандығы бар жұмысшылар үлесі күрт азайды. Елдің өнеркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының құлдырап күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты, өндіргіш күштердің даму деңгейі бірте-бірте кеми берді.
61. ЖӘДИДШІЛДІК АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ ЫҚПАЛЫ ЖӘНЕ АШЫЛҒАН МЕКТЕП,МЕДРЕСЕЛЕР
1789 жылы “ Азиялық училище “ ашылып , монғол, Қытай,парсы тілдері үйретіледі. 1813 жылы Ресейдің әкімшілігі үшін Омбыда ,1825 ж Орынборда әскери училище ашылды.1832-1836 жылдар аралығында орысша білім беретін училищелер Семей, Омбы,Өскемен қалаларында ашылды. 1841 ж Кіші ордада ( Бөкей ордасы) Жәңгір ханның бұйрығымен татарша- орысша білім беретін мектеп ашылған. 1850 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы жанынан қазақтарға орысша білім беретін, 1861 ж Троицк қаласында орыс - қазақ мектептері ашылды. 1867жылы Орынбор губернаторы Крыжановскийдің 《 Ресейдің шығыс бөлігіндегі мұсылмандар мұсылмандармен күресу 》 жөніндегі шаралары жарияланады. Бірақ соған қарамастан 1870 жылы Мұсылман мектептерінің алдағы дамуы туралы : Ереже” бекітіледі. Ол бойынша оқу жылы- мамыр- тамыз айлары, медресеге қабылдануы қабылданушының жасы- 16 жасқа дейін , міндетті оқу тілі- орыс тілі болды. 1872 жылы Омбы қаласында мұғалімдер институты ашылды. 1878 жылы Семей статистикалық комитеті ашылды. 1879 жылы Ташкентте мұғалімдер институты ашылды 1883 жылы Семейде қоғамдық кітапхана, Орск қаласында мұғалімдерге мектеп ашылған болатын. 1888жылы Түркістан генерал-губернаторлығының мәліметі бойынша өлкедегі медресе саны - 206-ға жеткен. 1896 жылы Ресейдің әртүрлі оқу орындарында оқыған Торғай облысында қазақ саны - 50-ге жуық. Жалпы 1897 жылғы есеп бойынша сауатты қазақ үлесі - 10%. 1900 жылы Қазақстанда ең алғаш әдістемелік мектеп ашылған қала - Түркістан болды Ал Петропавлдағы мұсылмандар кітапханасы 1910 жылға дейін жұмыс істеген. 19ғ 1-ші жартысында Қаз-ғы медреселерде араб тілі оқытылды. 19ғ 2-ші жартысында ақысыз пайдаланылған қоғамдық кітапханалар ашылды- Торғай, Орынборда, теңізде жүзу ісін меңгертетін мектеп ашылған қала- Атырау, қолөнер кәсіпшілігіне шәкірттер дайындайды мектеп ашылған қалалар - Орал, Торғай. Сырдария мен Жетісу обл- ғы оқу орындарының қызметін қадағалауға тапсырған ген- губернаторлық- Түркістан болды. Және жалпы мұғалімдерді даярлайтын оқу орны- Семинария деп аталды.
62.1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс.
Қазақстан мен Орта Азиядағы 1915 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс патшалық Ресейдің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған ұлт-азаттық қозғалыс болды. 1914 жылы басталған І дүниежүзілік соғыс Ресей империясында пісіп-жетіліп келе жатқан жалпы дағдарысты шырқау шегіне жеткізді.Ең алдымен өзінің шаруашылық ерекшеліктеріне қарай қазақ елінің майданды және елді шикізат, азық-түлікпен қамтамасыз етудегі рөлі мейлінше күшейді1916 жылы 25 маусымда Ресей патшасының Түркістан өлкесі мен ішінара Сібірдің 19-дан 43 жасқа дейінгі ер-азаматтарын майданның қара жұмысына алу туралы жарлығы шықты. Жерінен айырылып, патша әкімшілігінің жергілікті жердегі озбырлығынан жапа шеккен қазақ халқы осы жарлықтан кейін қарулы көтеріліске шықты.Патша өкіметі көтерілісті күшпен басып-жаншыды, қазақ-қырғыз халқы ашаршылыққа ұшырады.
Көтерілістің басталуына ІІ Николай патшаның 1916 жылы 25 маусымдағы «Реквизициялау туралы» жарлығы тікелей себеп болды. Жарлық бойынша Қазақстан, Орта Азия мен ішінара Сібірдің «бұратана халықтарының» ер-азаматтарынан (19 бен 43 жастың аралығында) майданның тыл жұмыстарына (қорғаныс құрылыстары мен жолдар салу, окоп қазу, т.б.) 400 мың адам (оның ішінде қазақтан 240 мыңға жуық) алу белгіленді.
Қазақстандағы көтерілістің алғашқы ошақтары 1916 жылы шілде айының бас кезінде пайда болды. Халықтың ашу-ызасына жұмысқа алынатындардың тізімдерін жасаған билік басындағы шенеуніктер ұшырады, өйткені жасалған тізімдер әуел бастан жаппай парақорлық, көзбояушылық пен қиянатқа,әділетсіздікке негізделді. Әкімшілік жүйе ол кезде қазақтарда тууы туралы куәліктің болмағанын пайдаланып, тізімге жас шамасына қарамастан кедейлерді қалауынша енгізіп, ал ауқатты әулеттерден пара алып, оларды шақыртудан босатты.Көтерілісшілер болыстық кеңселерді, болыстар мен ауыл старшындарының үйлерін, жасалған тізімдерді өртеді, жекелеген болыс бастықтарын өлтірді. Стихиялы қозғалыс біртіндеп ұйымдасқан сипат алып, қарулы көтеріліске ұласты.
Қазақ зиялыларының кейбір өкілдері патша жарлығына батыл қарсы шықты және халықты қарулы қарсылыққа шақырды.
Ал «Қазақ» газетінің жетекшілері патша әкімшілігінен тыл жұмысына адам алуда асықпауды өтініп, керісінше дайындық шараларын жүргізу жөнінде ұсыныстар жасады, көтеріліске шыққан халық патша өкіметі тарапынан аяусыз жазалауға ұшырайтынын ескертіп, көпшілікті жарлықты орындауға қарсылық көрсетпеуге шақырды.Түркістан генерал-губернаторы бірнеше жазалау отрядын жасақтап, көтерілісшілерге қарсы жөнелтті. Көтерілісшілер Самсы төңірегінде отрядқа шабуыл жасап, оларды Верныйға (Алматы) қарай шегінуге мәжбүр етті. Т. Бокин бастаған көтерілісшілер тамызда шабуылға шығып, Верный мен Пішпек арасындағы байланысты үзді. Жетісу облысындағы ірі көтерілістің бірі Қарқара жайлауында болды.1916 жылы шілдеде Қарқаралы (Семей облысы) мен Өскемен уезінің, Көкпекті мен Зайсанның көтерілісшілері майданға жіберілетін адамдардың тізімін тартып алып, болыстарға күш қолданды.
Бұл көтеріліс қазақ халқының сан ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының тарихында ерекше орын алды. Ол Ресейдегі әскери-әкімшіл және отаршыл басқару жүйесінің іргесін шайқалтты және шығыстағы отар халықтарда ХХ ғасырдың басында өріс алған ұлт-азаттық қозғалыстардың құрамдас бір бөлігі болды.
Көтерілістің басты себептері: әлеуметтік-экономикалық және саяси мәселелерге тікелей байланысты болды. Отаршылдық езгінің күшеюі, Қазақстан мен Орта Азияның жергілікті халқының жерлерін тартып алудың жалғасуы, салықтар мен басқа да алымдар көлемінің шамадан тыс ұлғаюы, патша өкіметі жүргізген орыстандыру саясатының кең өріс алуы мен қалың бұқараның әлеуметтік жағдайының күрт төмендеуі көтерілістің басталуына себеп болды.
Көтерілістің негізгі қозғаушы күштері – отарлық езгіден күрт кедейленген шаруалардың қалың тобы мен сол кезде қалыптаса бастаған жергілікті жұмысшылар болды. Көтеріліске сондай-ақ қазақ халқының басқа әлеуметтік топтарының (байлар, болыстар мен билер, интеллигенция) өкілдері де қатынасты. Соңғылары кейбір аймақтарда жетекші рөл атқарды.
Кезеңдері
Көтерілістің бірінші кезені 1916 жылдын жаз айларындагы көтерілістің басталуы. Екінші кезен 1916 жылдың күзі мен кысын- дағы көтерілістің шарықтау шегі. Үшінші кезен 1917 жылдын көктеміндегі көтерілістің бәсеңдеуі мен Акпан төнкерісі.
63. Қазақ зиялыларының қалыптасуы: әлеуметтік құрамы, білімі
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы ХІХ ғасырдың екінші жартысы - ХХ ғасырдың басында Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және саяси дамуында болған өзгерістер қазақ халқының рухани өміріне терең әсер етті. .Осы уақыттарда ұлт зиялыларының қалыптасу процесі басталған шақ еді.Ұлттық зиялылардың қалыптасу жолы бірдей болған жоқ, күрделі және ұзаққа созылған үрдіс болды. . ХХ ғасыр басында қазақ зиялыларына тоқталсақ, әрине олар сан жағынан көп болған жоқ. Оның себебі орта білімді мұғалімдер даярлайтын курстар мен училищилер болмаса, арнайы оқу орындары ол кезде жоқ еді. Негізінен қазақ мамандары Ресейден білім алды ал патша өкіметі үшін қазақ халқының мәдениетін қаранғылықта ұстау тиімді болған еді. ХХ ғасырдың басында ұлттык-отаршылдык езгінің күшеюі, өлкеге капиталистік қатынастардың енуі, патша өкіметінін коныстандыру саясаты казак халкынын ұлттық сана-сезімін өсірді. Казак халкынын отарлық езгіге карсы белсенді әрекеттері күшейе түсті. Қазақ зиялылары казак мемлекеттілігін калпына келтірудін амалдарын карастырып,өз халкынын отаршылдық езгіден азаттық алу жолындағы күресін баскаруға ұмтылды. ХХ ғасырдың басындағы Ә.Бөкейхан, А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов, Б.Каратаев, М.Тынышбаев, М.Шокай және т.б. танымал тұлғалар ұлтты баска халықтармен терезесі тен даму жолына бастай білді. Ұлт зиялылары казак коғамынын оянуына жәрдемдесіп, халыктын кұкыктык,эстетикалык санасы мен өнегелі ой-өрісіне зор ыкпал етті.ХІХ ғасырдың екінші жартысы ХХ ғасырдың басында қазақ жастары үшін Қазан, Мәскеу, Петербург, Орынбор, Омбы, Варшава қалалары үлкен білім ордасы болды. Қазан төңкерісіне дейінгі кезеңде 120-ға жуық қазақ жоғары оқу орнын аяқтағандығы туралы диплом алған. Олардың қатарында Ә.Бөкейханов, М.Тынышбаев, Б.Қаратаев, Б.Құлманов, Б.Сыртанов, Ж.Досмұхамедов, М.Шоқай, Ж.Ақбаев, С.Асфандиаров, С.Шәлімбеков, Х. Досмұхамедов және басқа да бір топ қазақ жастары білім алған еді. Аталған білім алушылар білім алып қана қоймай ХХ ғасырдың басында ұлт мәселесін жеке дара мемлекет мәселесін Ресей отарына қарсы келген зиялылар тобын құрды.Қазақ зиялыларының рухани жетекшісі:Әлихан Бөкейханов еді.
64. Ағартушы ғалым Шоқан Уәлиханов және оның Қазақстанның тарихы, географиясы, экономикасы мен мәдениетіне қатысты ғылыми мұрасы
Шоқан Уалиханов аса дарынды ғалым ретінде тарих, этнография, беунелеу өнері, география, әдебиет, заң және философияға, сонымен қатар басқа да салаларға қосқан үлесі зор.Қазақтан шыққан тұңғыш саяхатшы ретінде Шоқан Уалиханов – Қазақстанда, Шығыс Түркістанды, Орта Азияны зерттеуге үлес қосты. Шоқанның аса зеректігі мен қабілеттілігі және білімділігіне оның өзі оқыған ортадағы достары мен ұстаздары және кейіннен қызметтес болған әріптестері тәнті болған.
Шоқан тарихи маңызы бар мақалаларындағы негізгі тақырып Абылай ханның жүргізген саясаты мен қазақ және жоңғар қарым-қатынасы төңірегінен шығады. Оның «Абылай», «Шуна — батыр», «ХVІІІ ғасырдағы батырлар жөніндегі тарихи мұра» және тағыда басқа мақалалары қазақ-жоңғар қарым-қатынасында және тарихтағы Абылай ханға деген көзқарастарда жаңа бетті ашқандай болды. Жоғарыда аталғандай Шоқан өз шығармаларының көпшілігін ауыз әдебиетінің туындыларына жүгінген әсіресе ақын және жыраулардың шығармаларына жүгінеді. Ол өз еңбектерінде «тарихты зерттеу жағынан халықтың поэзиялық рухы тамаша. Себебі: біріншіден дала халқында тарих таңқаларлық есте сақтау қабілеті бар импровизатор арқылы жетеді, екіншіден ақын жыраулар өз заманының жағдайын толықтай суреттеуі, үшіншіден ауыз әдебиетіндегі поэмалар салт-санамен, мақал-мәтелмен, құқықтық кодекстерімен бірегей болып табылады. Сондықтан ол өткен кездегі халықтың тарихи және рухани дүниесін танытады және де бізге көптеген тарихи қосымша мәліметтерді береді және олардың қайдан шықанын түсіндіреді» деп ауыз әдебиетін зерттеуге деген құлшынысын түсіндіреді.
Шоқан еңбектерінде туған халқының тарихы мен этнографиясын зерттеу қызметінің негізгі міндеті деп есептеді. Оның “Жоңғар очерктері”, “Қырғыздар туралы жазбалар”, “Қырғыздар шежіресі” және тағы да басқа еңбектерінде қазақтардың физикалық кейпі туралы “түріктер мен маңғолдардың араласуы нәтижесінде қалыптасты, бірақ моңғол тамыры едәуір басым болған” дейді.
Ш.Уалиханов этнографиялық фольклорлық деректерді іздеп тауып, жинақтап және оларды жан жақты сынап зерттеу жүргізген. Оның бұл қызметі «Сот реформасы туралы жазба», «Үлкен қырғыз-қайсақ ордасының аңыз, әңгімелері», «Қырғыз шежіресі», «ХҮІІІ ғ. Батырлары туралы тарихи аңыздар», деп аталатын мақалаларда көрініс тапты. Сібір қырғыздары әкімшілігіндегі сот реформасы туралы жазбаларында» Уәлиханов патша үкіметінің Қазақ даласы үшін дайындап жатқан реформасы туралы ойларын демократиялық тұрғыда білдірді, қазақтардың дағдылы құқығын би сотының рөлі мен маңызын сипаттайды.
Шоқан қазақ халқын орыс патшалығының бейбітсүйгіш халқы деп сипаттап, сонымен бірге қазақ халқының экономикалық және әлеуметтік — мәдени артта қалушылығын, таптық әр тектілігін қатал сынады және царизмнің отаршылдық саясатын әшекереледі.
Ш.Уәлиханов өз еңбектерінде Қазақстандағы патша үкіметінің басқару жүйесі мен экономикалық саясатын мақұлдамайды. 1822 жылы Сперанский кезінде жасалған «Сібір қырғыздары туралы Уставтың» негізгі ережелері туралы «мұндай реформалар біздің халқымыз үшін апатты және прогреске қарсы» деп ашық айтты.
Шоқан Уәлиханов әрбір экспедициясында көрген дүниелеріне,жазған зерттеулеріне аса мән берген.
Шоқан Қашқарияны жан-жақты зерттеп, оның саяси және экономикалық құрылысымен жақын танысып бұл елді ерте замандардан бері мекендеп келе жатқан халықтардың тарихы мен этнографиясы жөнінде бай материал жинайды. “Түрлі тайпалар мен түрлі елдердің купецтерімен таныс болуын көрші елдер жөнінде көп маршрут, этнографиялық, статистикалық және сауда мәліметтерін алуына мүмкіндік берді” деп “Алтыншаһардың немесе Қытайдың Нан Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы” деген мақаласында көрсетеді.
Уалихановтың сапарының ең басты нәтижесі “Алтышаһардың немесе Қытайдың Ман-Лу провинциясының шығыстағы алты қаласының жайы туралы” деген күрделі еңбегі болды. Бұл Шығыс Түркістан халықтарының тарихы мен географиясы, әлеуметтік құрылысы жөнінде толық мағлұмат беретін алғашқы ғылыми еңбек еді. Жаңа материалдарды қамтуы және мәселені терең талдауы жағынан Уалихановтың еңбегі біздің отандық ғылымымызға қосылған үлкен байлық болды және күні бүгінге дейін өзінің маңызын жоғалтқан жоқ.
Шоқанның Қашқариядағы зерттеулері сол кезде империалистік Ресей үшін аса маңызды болды. Шындығында да Шоқанның мұндағы зерттеулері Ресейдің осы кездегі жартылай отар Қытайға байланысты саясаты үшін маңызды болып отырды. Сондықтан Шоқан Уалихановтың Шығыс Түркістан жөніндегі этнографиялық зерттеулері тек ғана ғылыми маңызы ғана болмай сонымен қатар саяси маңызы да болды.
65. Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметінің маңызы
Ыбырай Алтынсарин (1841-1889 жж.) — қазақтың аса көрнекті ағартушы-педагогы, жазушы, этнограф, фольклоршы, қоғам қайраткері.
Ыбырай 1841 жылы қазан айының 20-сында қазіргі Қостанай облысы, Қостанай ауданында дүниеге келеді. Үш-төрт жасында әкесі Алтынсары қайтыс болып, атасы Балғожаның қолында өсіп, тәрбиеленеді.
Ыбырай мектепте сабақты ынта қойып оқиды, 1857 жылы оқуын "өте жақсы" деген бағамен бітіріп шығып, 1859 жылдың тамызына дейін өзінің туған елінде тілмаштық қызмет атқарады.
Өз бетімен көп ізденіп, білім қорын молайта келе, Ыбырай өзінің алдына тілмаш болуды емес, туған халқына пайдалырақ басқа бір қызмет істеуді мақсат етіп қояды. Оның ынтасы ағартушылыққа ауады. 1860 жылы Жайықтың шығысындағы қазақтар үшін төрт бастауыш мектеп ашылған кезде, Ыбырай өзі сұранып, Торғай мектебіне мұғалім болуға рұқсат алып, сонда келеді. Бірақ мектеп бірден ашыла қоймайды. Бұл аралықта, Ыбырай ел ішінде мектептің пайдасын түсіндіріп, біраз баланы өз үйінде оқытады. Торғай мектебі 1864 жылы ғана ашылады. "Осы жылы қаңтардың 8-і күні көптен күткен ісім орнына келіп, мектеп ашылды. Оған 14 қазақ баласы кірді. Бәрі де жақсы, есті балалар. Мен балаларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай қызу кірістім", – деп жазады, ол белгілі шығыстанушы, профессор Н.И.Ильминскийге жолдаған хатында.Ыбырай мектептегі сабақ пен тәрбие жұмысын сол кездегі орыс мектептері үлгісінде құрады. Сабақты қазақ тілінде жүргізе отырып, ол балаларға орыс тілін үйретуге, пән негіздерінен білім беруге тырысады.
Ыбырайдың ағартушылық, демократтық көзқарастары осылайша қалыптасып, дамыды.1876 жылы Ыбырай Петербург, Қазан қалаларына барады. Орыстың ағартушылық жүйесін, орыс ағартушы дарының еңбектерін зерттейді. Қазақ тілінде оқу құралдарын жасауды ойлайды. 1879 жылы Ыбырай Торғай облысы мектептерінің инспекторы қызметіне тағайындалады. Бұл оның ағартушылық қызметінің кең өріс алуына жол ашады. Ол еуропалық үлгідегі мектептер ашу ісімен шұғылданады. 1879-1883 жылдар аралығында Торғай облысының төрт уезінде (Торғай, Ырғыз, Троицк, Ақтөбе) жаңа мектептер ашады. 1883 жылы Торғай қаласында қолөнер мектебі ашылды. Ол қазақ даласындағы техникалық білім беретін тұңғыш оқу орны болды. Ыбырай қазақ қыздарын оқыту ісіне ерекше көңіл бөледі. Бұған ескішіл әдет-салттарға қарсы күрестің бір жолы есебінде қарайды. 1887 жылы Ырғызда қыздар мектебін ұйымдастыруы – оның ағартушылық аса зор еңбегі. Қазақ даласында мектептер санының артуына байланысты Ыбырай мұғалімдер даярлайтын мектеп ашуды қолға алды. 1881 жылы Омбы қаласында тұңғыш мұғалімдер мектебі ашылды. Ыбырай мектептер ашу ісімен ғана шектеліп қалмады. Ол сол мектептердегі тәлім-тәрбие, оқу жұмысына айрықша мән берді. Оқу-тәрбие ісін жаңа бағытта ұйымдастырды.
Өзі 1876 жылдан бастап "Қазақ хрестоматиясын" жазуға кірісіп, оны 1879 жылы Орынборда бастырып шығарды. "Бұл кітапты кұрастырғанда мен, – деп жазды. Ыбырай хрестоматиясының алғы сөзінде, – біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын көздедім". "Қазақ хрестоматиясы" балаларға арналған өлеңдер мен шағын әңгіме-новеллалардан құрастырылды. Олардың бірқатарын өзі жазды, біразын сол кездегі орыс оқулықтарынан еркін аударып алды. Хрестоматияға қазақтың халық әдебиетінің үлгілерін де іріктеп кіргізді.
Ыбырай Алтынсарин қазақ халқының ағартушылық тарихында және ұлттық мектебінің қалыптасуында терең із қалдырған тұлға.Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» кірген өлеңдерінде де халық-ағарту идеясын көтерді. Оның "Кел, балалар, оқылық!", "Өнер-білім бар жұрттар" өлеңдері осындай мақсатта туған. "Кел, балалар, оқылық!" өлеңі жастарды оқуға, білім алуға шақырады.
66. Қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы, ұлы ақын-ағартушы Абай Құнанбаев
Абай (Ибраһим) Құнанбайұлы (10 тамыз 1845 жыл – 6 шілде 1904 жыл) — ұстаз, ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, сазгер, аудармашы, саяси қайраткер, либералды көзқарасын ислам дініне таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» – тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.
Абай қазақ әдебиетінің негізін салған әдебиеттің іргелі, ұлы тұлғасы.Ол әдебиетке өз үлесін қосуды,яғни,өлең жазуды ол 10 жасынан бастаған болатын.Абайдың шығармалары үш жүйемен өрбиді: бірі — өз жанынан шығарған төл өлеңдері; екіншісі — ғақлия (немесе Абайдың қара сөздері) деп аталатын прозасы; үшіншісі — өзге тілдерден, әсіресе орысшадан аударған өлеңдері.
Абай өлеңдері түгел дерлік лирикадан құралады, поэма жанрына көп бой ұрмағаны байқалады. Қысқа өлеңдерінде табиғат бейнесін, адамдар портретін жасауға, ішкі-сыртқы қылық-қасиеттерін, мінез-бітімдерін айқын суреттермен көрсетуге өте шебер. Қай өлеңінен де қазақ жерінің, қазақтың ұлттық сипатының ерекшеліктері көрініп тұрады.Ислам діні тараған Шығыс елдерінің әдебиетімен жақсы танысу арқылы өзінің шеберлік — шалымын одан әрі шыңдайды. Шығыстың екі хикаясын «Масғұт» және «Ескендір» деген атпен өлеңге айналдырады. Ислам дініне өзінше сенген діни таным жайындағы философиялық көзқарастарын да өлеңмен жеткізеді. Абайдың дүниетанудағы көзқарасы XIX ғасырдың екінші жартысында Қазақ халқының экономикасы мен ой-пікірінің алға ұмтылу бағытта даму ықпалымен қалыптасты. Дүниетану жолында сары-орыстың төңкерісшіл демократтарының шығармаларын оқып, өз дәуірінің алдыңғы қатарлы ой-пікірін қорытып, басқаларға қазақ өміріндегі аса маңызды мәселелерді түсіндіруге қолданады.
Абай Құнанбаев өз шығармаларында,аса танымал еліміздің әдебиетінде үлкен маңызға ие қара сөздерінде қоғамда маңызы бар үлкен проблемаларды көркем әдебиет лексикасымен қозғай білген тұлға.Сол себептен де ұлы тұлғаның шығармалары қазақ әдебиетінде өзіндік үлкен мәнге ие.
67.Мерзімді баспасөз. Айқап журналы, Қазақ газеті.
Қазақ тіліндегі тұнғыш бұкаралык басылымдарды орталык билік органдары кұрды. ХІХ ғасырдың 60-жыл- дарында Казакстанда патша өкіметі жүргізген әкімшілік реформалардан кейін, Ресейдін өлкеде жүргізіп отырған саясатын түсіндіретін басылымға кажеттік туындады.
Айқап» журналы 1911 жылдын канта- рынан 1915 жылдың тамыз айына дейін Тропикі каласында шығып тұрды. Журналдың редакторы белгілі акын, жазушы Мұхамеджан Сералин (1872-1929) болды. Журнал демократиялык бағытты ұстанды. «Айқап» журналын шығаруға атсалысып, оку-ағарту, мәдениет, ел тарихы жайында макалалар жазғандар катарында Спандияр Көбеев, Сұлтанмахмұт Торайғыров. Жанша Сейдалин, Сәбит Дөнентаев, Шәкәрім Кұдайбердіұлы т.б. болды. Журналдың «Айкап» деп аталу себебін М.Сералин: «... Біздің қазақтың неше жерден «қап» деп қаны қалган істері көп. «Кап» дегізген қапияда өшкен істеріміз көн болган соң журналымыз да өкінішімізге лайық «Айқап» болды»,деп түсіндірді.«Айкап» казак халкынын түйінді мәселесіне айналған жер мәселесін көтерді. Сонымен бірге тете оқудың жаңа әдістерін менгеру, бағдарлама, оку кұралдарын жасау, казак кыздарын оқуға тарту, мектеп жанынан кітапханалар ашу жайында көптеген макалалар жарияланды.
1913-1918 жылдары жалпыұлттык «Қазақ» газеті шығып тұрды. Ол либералдык-демократиялык бағытты ұстанды. Газет Орынбор қаласында даярланып, онын негізін салушылар А.Байтұрсынұлы, М.Дулатов болды. Олар «Қазақ» газетінің төңірегіне Шәкәрім Кұдайбердіұлы Халел Ғаббасов, Хайретдин Болғанбаев, Ғұмар Караш, Райымжан Мәрсеков, Мұхтар Саматов спякты коғам кайраткерлері мен ақындарды топтастырды.Аграрлық мәселелерді көтере отырып, газет жерге мемлекеттік меншікті жою және оны қазак еліне кайтару, сонымен катар жер сатуды токтату тәрізді талаптар койды. «Қазақ» газеті көшпелі және жартылай көшпелі малшаруашылығы, егіншілік, кооперациялык козғалыс және т.б. катысты мәселелерді қозғады.
Газет өлкенің коғамдық-саяси өмірінің эволюциялык либералды- демократиялык жолмен дамуын колдады. Газет бетінде басылған макалалардың көпшілігі казак халкының тілі, әдебиеті, тарихы және этнографиясы мәселелеріне арналды. Сонымен катар газет беттерінде әйел теңдігі, еркіндігі, халыкка білім беру мәселелері де көтерілді. Ресей империясындағы қатынасы да жарык көріп тұрды. халыктардың өзара қарым-қатынасы да жарық көріп отырды.Газет казактар арасында ерекше танымал басылым болды. Ол колдан-қолға беріліп, ауылдан-ауылға тарады. «Қазақ» газеті 1918 жылға дейін шықты. Кейін, Қазақ өлкесінде кеңестік билік орнағаннан соң, большевиктер газетті жауып тастады. Өйткені «Қазақ» газеті большевиктердін идеяларына сәйкес келмеді.
68. “Алаш” қозғалысы және ұлттық мемлекет идеясы
Акпан төңкерісінен кейін 1905 жылдан бастап өмір сүрген Алаш қозғалысы қайта жанданды.Осындай киын-қыстау сәтте казак ұлттык-демократиялык қозғалысының көсемдері жағдайдың және саяси күштердін тез өзгеруін есепке ала отырып, жалпықазақ съезін өткізуді жылдамдату туралы шешім қабылдады. Кадеттер баскарып отырған Уакытша үкімет Казакстанда патшалык самодержавиенін саясатын жалғастырды. Үкімет ұлттык мәселені шеше алмады және аграрлык мәселені шешуге асықпады. Өз жолын өзі аныктау немесе баска да езілген ұлттардың тағдыры сиякты мәселелерге келген- де, Уақытша үкімет оны шешуді ойластырған да жок. Казакстан мен Түркістаннын автономия алуына Ресейдегі «екінші үкімет» Петроград Кеңесі де карсы шықты.Осындай себептерден ұлттык-демократиялык казак зиялылары- ның көсемі Ә.Бөкейхан «Қазақ» газетінде өзінін кадеттер партия- сынан шығатынын және казактың жалпыұлттық партиясын кұрғысы келетінін мәлімдеді.
1917 жылы шілдеде Орынборда бірінші Бүкілқазақ съезі болып өтті. Съезге Семей, Торғай, Акмола, Орал, Сырдария, Жетісу облыстарынан, Бөкей Ордасынан және Ферғана, Бұхара, Хиуадағы казактар кауымдастығынан делегаттар қатысты. Съезде «Алаш» ұлттық партиясы кұрылып, онын аткару комитеті сайланды және оның бағдарламалык максаты анықталды .Партияның негізгі идеясы қазақ халкынын жерлерін біріктіру, отарлау кезінде бұзылған аумақтық тұтастыкты кайта калпына келтіру болды. Бүкілқазақ съезі «Алаш» казак ұлттық саяси партия- сын шын мәнінде заңдастырды. Аткару комитеті негізінде партия- нын баскарушы органы сайланды. 1917 жылдың 21 қарашасында «Қазақ» газетінде «Алаш» партиясынын бағдарламасы жарияланды. Партияның бағдарламасын А. Байтұрсынұлы, М. Дулатов, Е.Ғұмаров және т.б. жасады. Партия багдарламасы 10 тараудан тұрды.
Бағдарламанын басты мақсаты: казак автономиясынын баска автономиялармен тен жағдайда Ресей Федерациясының құрамына кіруін қамтамасыз ету болды. Сондай-ак теңдік, тұлғаның жеке- басына колсұкпаушылык, сөз, баспасөз, одак бостандығы. ана тілінде тегін, колжетімді білім беру, жерді жекеменшікке беруге жол бермеу, оны теңдей етіп пайдалануға бөліп беру және т.б. мәселелерді көтерді.
Алаш қазақ халқының нағыз ұлттық, либералды-демократиялық партиясы болды.
69. Ресейдегі ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы және оның Қазақстанға әсері.
1917 жылы болған Ресейдегі Ақпан буржуазиялық-демократиялық революциясы Қазақстанға айтарлықтай әсер етті.
Патша өкіметі( II Николай Романов) құлатылып, министрлер мен көрнекті шенеуніктер тұтқынға алынды. Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос өкімет орнады. Қос өкіметке уақытша үкімет және жүмысшы, солдат және шаруа депутаттарының кеңесі енді.
Ә.Бөкейханов “Ресей халықтары үшін Туысқандық, Теңдік және Бостандық күні туды” деп Минскіден сәлем жолдады. Әлихан Бөкейханов Уақытша үкіметтің Торғай облысындағы, Мұхаметжан Тынышбаев – Жетісу облысында, Мұстафа Шоқай Түркістан өлкесінің комиссарлары болып тағайындалды. 1917 жылы көктемде Уақытша үкімет тыл жұмысына кеткендерді елге қайтару туралы шешім қабылдады. Тыл жұмысынан оралғандар 1917 жылы шілдеде Верный қаласында “Қара жұмысшылар одағын” құрды. Ал тыл жұмысына Петропавлдан алынғандар қайтып келшен соң “Жас арбакештер одағын” құрды. Сергиопольде 800 майдангер солдаттар мен тыл жұмысына алынған қазақтар “Солдаттардың орыс-мұсылман ұйымын” ұйымдастырды. Тұрар Рысқұлов 1917 жылы Әулиеата мен Меркеде “Қазақ жастарының революцияшыл одағын” құрды.1917 жылы Омбы қаласында “Оқушы жастардың демократиялық кеңесі” құрылды.1917 жылы Петропавлда “Талап” жастар қозғалысы (ұйымы) жұмыс істеді. 1917 жылы Сәкен Сейфуллин Ақмолада “Жас қазақ” жастар қозғалысын (ұйымы) құрды. 1917 жылы 17 наурызда Ташкентте “Шура- ислами” ұйымы кұрылды. Осы ұйымда белсенді рөл атқарғандар М.Шоқай , А.Кари , А.Темірбеков болды.
70. Ресейдегі Қазан төңкерісі және Қазақстандағы саяси өмір. Кеңес өкіметінің орнауы.
Уақытша үкіметтің халық күткен аграрлық мәселені шеше алмауы, жұмысшыларға 8 сағаттық жұмыс күнін енгізу сияқты көкейкесті мәселелерді шешпеуі халық наразылығын одан әрі күшейтті. 1917 ж. жазының соңы мен күзінің бас кезінде бүкіл Ресейдің жер-жерінде халықтың Уақытша үкіметке деген қарсылығы өсе түсті. Большевиктер партиясы “Барлық билік Кеңестерге берілсін” деген ұранды қайта көтерді. Енді бұл ұран қарулы көтеріліске, Уақытша үкіметті құлатуға, пролетариат диктатурасын орнатуға бағытталды.
Достарыңызбен бөлісу: |