Азаматтық соғыс дегеніміз бір мемлекеттің ішіндегі бір-бірімен жауласушы жақтардың өкімет билігі үшін күресі. обязательно!
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж. қарашада Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты,мұнда Орынбор казактары әскерінің атаманы Дутов Совет өкіметін құлатып, Кеңестердің Бүкілресейлік съезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алды. Кеңес өкіметімен күресудің қарулы орталығы Жетісуда да болды. Верныйда Кеңестерге қарсы күресу мақсатымен ақ гвардия офицерлері жиналды. Революцияға қарсы ошақ Оралда құрылды.Дутов әскери қолбасшысы 1918 жылы жаз айларында Қазақстанды Ресеймен байланыстыратын темір жолды кесіп тастады. Және де осы жылы (1918ж) Алаш партиясы(ақ гвардияшылармен бір топта болды) А.Дутовпен одақ құрады.
75. Жаңа экономикалық саясат
Жаңа экономикалық саясат — 20 ғасырдың 20-жылдарындағы КСРО-да Азамат соғысы салдарынан қираған ел экономикасына жеке меншік иелерін тартып, адамдардың өз еңбегіне мүдделілігін орнықтыруға бағытталған әрекет. 1921 жылы көктемде РКП (Ресей Коммунистік Партиясы) (б) (большевиктер) 10-съезінде “әскери коммунизм” саясатынан Жаңа экономикалық саясатқа(ЖЭС) көшу туралы шешім қабылданды. Жаңа экономикалық саясат шеңберінде қираған халық шаруашылығын қалпына келтіріп, социализмге өту көзделді. Оның мәнісі азық-түлік салғыртын азық-түлік салығымен алмастырып, жеке меншіктің түрлі формаларын пайдалануға жол ашу болды. Жаңа экономикалық саясаттың енгізілуіне байланысты сырттан шет ел капиталы (концессиялар) тартылып, ақша реформасы (1922 — 1924) жүргізілді. И.В. Сталин мен оның маңындағылардың ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру, басқару кадрларына қарсы жаппай жазалау әрекеттерін қолдануы салдарынан 20 ғасырдың 30-жылдарының басында жаңа экономикалық саясат іс жүзінде тоқтатылды.
76. Ф.И. Голощекиннің «Кіші қазан» идеясы: мәні мен салдары.
“Кіші қазан” идеясының мақсаты тоталитарлық жүйені қалыптастыру болды. Қазақстандағы тоталитарлық жүйенің нығаюы Ф.Голощекиннің есімімен байланысты. Кәсіби революционер Голощекин Қызыл-Ордаға келгеннен кейін, бірден, ауылда кеңес өкіметі жоқ, бірақ байдың үстемдігі бар екенін мәлімдеді. Көп ұзамай ол өзінің басты идеясын жариялады: “Мен біздің ауылда “кіші қазанмен” жүру керек деп мәлімдеймін. Ауылдағы экономикалық жағдайды өзгерту керек. Байға қарсы таптық күресте кедейлерге көмектесу керек, егер бұл азаматтық соғыс болса, біз ол үшін боламыз”.
Голощекиннің негізі «Кіші Қазан» төңкерісінің бағыты екі бөліктен тұрған,оның біріншісі өлкенің өнеркәсіптерін орташа және жоғарғы деңгейде дамыту,ал,екіншісі сол өлкелердегі шикізат қорын молайту. Голощекиннің бұл идеясын жақтаушылар да, даттаушылар да бар. Қарсылықтар мен қолдауларға ие болған Голощекин өз идеясын іске асыруда аянбай еңбек еткен болатын.Тіпті,сол кезеңдерде Кеңес үкіметіне наразылықтарын білдіріп,ел қамын ойлап,шыр-пыр болып жүрген қаншама адамдар соқпақ жолдардан өтуге мәжбүр болды.Олардың айтқан пікірлерін бұрмалап,сүбелі сөздерін теріске шығарып оларды «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деп атап,жала жауғандар мол болды.Осы кездерде Голощекин өзіне қарсы шыққандардың барлығын дерлік жазалап,түрлі айыптармен кінәлап түрмелерге қамаған болатын.Тек олар ғана емес сондай-ақ дінге қызмет етіп жүрген талай дін қызметкерлерінде өзге жат дінді ұстанушылар деп жазалап,халық алдында бейнелерін жаман реңде көрсеткен болатын.
77. Қазақстанды индустрияландырудың жолдары мен әдістері туралы пікірталастар.
Индустрияландыру – ірі өнеркәсіпті, ең алдымен ауыр өнеркәсіпті құру және дамыту, ірі өнеркәсіптік өндіріс негізінде бүкіл халық шаруашылығын қайта құру. Индустрияландыру тек социалистік құрылысқа ғана тән кезең емес. Ол - елді жаңғыртудың міндетті шарты. 1920 жылдардың ортасына қарай КСРО үшін бірнеше себептерге байланысты индустрияландыруды жүзеге асырудың қажеттігі туды. Біріншіден, 1925 жылға қарай қалпына келтіру кезеңі аяқталды. Негізгі көрсеткіштер бойынша кеңестік экономика соғысқа дейінгі деңгейге жетті. Өнеркәсіптік өндірістің өсуін қамтамасыз ету үшін істеп тұрған зауыттарды қайта жабдықтау ғана емес, жаңа заманғы кәсіпорындарды құру қажет болды. Екіншіден, елдің экономикалық әлуетін тиімді орналастыру мәселесін шешу міндеті тұрды. Ел бұрынғыдай аграрлы, шаруа елі болып қала берді. Қалаларда жұмыссыздық деңгейі өсіп, әлеуметтік шиеленісті күшейтті. Үшіншіден, елдің халықаралық деңгейде экономикалық және саяси оқшаулануы индустрияландыруды жеделдетуді талап етті. Капиталистік дұшпандық қоршауда қалған КСРО-ға тұрақты соғыс қаупі төнді. Аграрлы ел өнеркәсібінің жоғары дамыған ірі мемлекеттермен әскери қақтығыс болған жағдайда оларға қарсы тұру мүмкіндігі болмады.
78. Қазақ ауылын кеңестендіру саясаты – қазақтың дәстүрлі қоғамының жойылуы. Бай шаруашылықтарының тәркіленуі.
Қазақ Ауылын Кеңестендіру– Қазан төңкерісінен кейін қазақ ауылдарында жүргізілген саяси-әлеуметтік шара. Қ. а. к. аса ауыр жағдайда өтті.
Ф. Голощекин Қазақстандағы егістікке жарамды жерлерге орыс шаруаларын қоныстандыру мақсатын бірінші кезекке қоюға тырысты. Алайда, қазақ жеріне келіп әлі де рулық бөлініс, байдың билігіне куә болған Голощекин ауылды кеңестендіру жұмысы әлі де әлсіз, оны күшейту керек деген тоқтамға келіп, "кіші қазан" идеясын ұсынды. Яғни, сонау 1917 жылы кеңестер билік басына келген кезде, қазақ даласына жетпей қалған идеологияны орнатып, бай мен кедейдің теңсізідгін жойып, ұжымшарды орнату мүддесі көзделді. Ал анығын айтқанда, бұның мәні көшпелілерлің ежелден келе жатқан шаруашылығын, тұрмыс-салтын тұншықтырып, отарлауды күшейтіп, қанау саясатын бүркемелеу еді.
Енді кезек Ұжымдастыру, көшпелі қазақ ауылдарын ұжымдастыру қарқыны бүдан да тез жүргізілді. Ол көп жағдайда күштеу, корқыту, жазыксыз жазалау әрекеттері арқылы іске асырылып отырды.
79. Сталиндік қуғын-сүргін (1930-1950жж.), оның ауқымы және ауыр зардаптары.
Кеңестік билік жергілікті тұрғындардың ұлттық ерекшеліктері мен мүдделерін қорғаушыларға, ұлттық автономия құру идеясын қолдаушыларға «тап жаулары», «ұлтшылдар», «жат пікірдегілер», «әлеуметтік қауіпті элементтер» деген жала жауып, халықтың да оларға деген теріс көзқарастарын қалыптастыруға жағдай жасады. Халықтың қамын жеген ұлт қайраткерлерінен сескенген тоталитарлық билік өкілдері тығырықтан шығар жолды іздеді. 1925 жылы қыркүйекте Қазақстанға басшылық қызметке Ф.И.Голощекиннің келуі елде орын алып отырған жағдайды одан бетер ушықтырды. Ол Қазақстанды кеңестік өзгерістерден тыс қалған деп санап, онда «Кіші Қазан» төңкерісін жүргізу саясатын ұстанды. Оның жүргізген саясаты ұлт зиялыларын жаппай қуғындауға ұласты. Голощекин өзіне қарсы шыққандарды қызметтерінен алып, республикадан қуды, олардың көзін жоюды қолға алды.
Саяси қуғын-сүргін Қазақстанда 1928 жылдың ортасынан Алаш қозғалысына қатысқан қайраткерлерді тұтқындаудан басталды. Оларға «буржуазияшыл-ұлтшыл» деген айып тағылды. Олар әртүрлі мерзімге түрмеге қамалды, ату жазасына кесілді, еріксіз жер аударылды. Ұлт қайраткерлеріне негізінен КСРО-ны құлату үшін жасырын контрреволюциялық ұйымдар құрды деген заңсыз жала жабылды. Сонымен қатар молдалар мен діндарларды «басқаша, бөтен ойлайтындар» деп айыптады.
80. Қазақстандықтардың майдан іс-қимылдарына, партизандық қозғалысқа қатысуы.
Партизандардың ішінде көптеген қаhарман қазақстандық қыздар мен жігіттер болды.Тек Белоруссияның 65 партизан құрамасында 1500-ден астам қазақстандық, Ленинград және Смоленск облыстарында 500-дей, ал Украинаның территориясында партизан отрядтары мен құрамаларына елдің 62 ұлтының өкілдері қатысқан. Оның 1500-і қазақ партизаны болды. Аласапыран соғыста қар төсеніп,мұз жастанған, батырлық пен ерліктің ерен үлгісін көрсеткен, кейбір қазақстандық партизан батыр аталарымызды атап өтейін, олар: Қасым Қайсенов,Тоқтағали Жангелдин, Ғалым Ахмедияров, Үсенбай Тастанбеков, Әбдіғали Төлегенов, Қабыш Ахметов, Әлімбай Тілеулин, Жұмағали Саин т.б. сынды батыр аталарымыз баға жетпес ерліктің асқан үлгісін көрсетті.
Партизан қозғалысына белсене қатысушы Әди Шәріпов өзінің естелігінде былай деп жазады. «Біз қасықтай қанымыз қалғанша Отан-ананың алдында сүттей таза, әскери антқа берік болуға серт бердік. Біз Белоруссияның орман-тоғайы, орыстың кең жазық даласында қан кешкен ұрыстарда жүрсек те туып-өскен Қазақстанымызды, сүйікті Отанымызды қорғайтынымызды жақсы білдік», деп ортақ тудың төңірегіне топтасып, жауынгерлік қаруды берік ұстады.
Партизандар өлімнің аузына мың рет барып, мың рет ажалдың бетіне тура қараған. Соғыстың ең қызу сұрапыл 1941-1943 жылдарында, бет қаратпайтын боран, сақылдаған сары аяздарда үсіп, жаурап, ауыр жорықтан азап шеккен. Ұйқысыз түндер. Азық-түлік жоқ. Жылы киім де жоқ. Жылынуға отты да жағуға болмайды. Отты жақсаң, жауға өзіңді-өзің ұстап бергенің. Сақылдаған сары аязды күндердің қараңғы түндері, партизандарды жау көзінен тасалайды. Партизандар сол қараңғы түндерді пайдаланып, тынығып алған. Ал немістер қараңғы түндерде партизандардан өлердей қорықты. Олар үнемі қыл үстінде жүретіндіктен, көп тыныға алмайтын, өйткені минут, секунд сайын қауіп-қатер күтіп, ажал қай жағымнан келіп қалар екен деп елеңдеп күтіп отырған. Оларға барынша сақ болу керек болды. «Немістерді еш уақытта ізге түсірмеу» –бұл партизандардың бұлжымас заңы болып саналды. Осындай қиын қыстау кезеңдерде партизандардың ажалдан аман қалуының жеңілмес күші-жергілікті халыққа арқа сүйеуінде. Деревнялардағы халықпен жасырын байланысып отырған. Адамдар жасырын түрде күн сайын тамақ, төсеніш шөп, жылы киімдер тасып отырды. Егер немістер біліп қалса, жан түршігерлік ауыр азап шеккізіп, үй іштерімен қырып тастайтындарын біле тұра, халық өз өмірін құрбан етсе де партизандарға көмек беруге әзір тұратын.
81. Ұжымдастырудың әдістері мен қарқыны. Ашаршылық салдарлары.
Компартияның 1927 жылы өткен XV съезі ауылшаруашылығын ұжымдастыру бағытын жариялады.Осылайша «өркениетті кооператорлар қоғамын» құру идеясы КСРО-дағы социализм құрылысының құрамдас бөлігіне айналды. Ұжымдастыру әдістері негізінде мемлекеттің қарамағына алынған жерлерде совхоздар (кеңшарлар), МТС-тер (машина-трактор стансалары), екінші жағынан колхоздар (ұжымшарлар) құру арқылы ұжымдастыруды шешу көзделді.
Қазақстанның астықты аудандарында колхоз құрылысының негізгі формасы – ауылшаруашылық артелі, ал малшаруашылығы аудандарында жерді бірлесіп өңдеу мен шөп шабу жөніндегі серіктестік болуға тиіс еді.
Қарқынды түрде 1928 жылы Қазақстандағы барлық қожалықтың 2%-ы ұжымдастырылған болатын. Ал 1930 жылдың 1 сәуіріне қараған тұста ұжымдастыру көрсеткіші 50%-ға, қазанда 65%-ға жетті.1930 жылғы 1 қаңтар мен 1 наурыз аралығында ғана ұжымдастырылған шаруа шаруашылықтарының саны бұрынғыдан екі есе асып кетті.
Қазақстан басшылығы отырықшыландыру процесін ғасырлар бойы қалыптасқан көшпелі малшаруашылығына, ұлттық салт-дәстүрлерге қарсы қойды.Қазақстан Орталық Комитеті мен Халық Комиссарлары Кеңесі 1928 жылы «Ірі бай шаруашылықтары мен жартылай феодалдарды тәркілеу және жер аудару туралы» декрет шығарды.
Ресми мәліметтер бойынша 1929-1931 жылдары Қазақстанда 372 рет шаруалардың бұқаралық бас көтеруі болды. Тоталитарлық жүйе бұл көтерілістерді аяусыз, әскер күшімен басты.1933 жылдың 1 шілдесінде Қазақстан шаруашылықтарының 67,3 пайызы, ал 1937 жылдың 1 шілдесінде 97,5 пайызы ұжымдастырылды.Ұжымдастыру қарсаңында республикада 40,5 млн. мал басы болса, 1933 жылғы 1 қаңтарда небәрі 4,5, млн. ғана мал қалған еді
Ауыл шаруашылығында егіншілік көлемі күрт азайып кетті. Мал шаруашылығы терең күйзеліске ұшырады. Ұжымдастыру қарсаңында Қазақстанда 40,5 млн бас мал болды, ал 1933 жылдың 1 қаңтарында олардан қалғаны бар болганы 4,5 млн бас еді. 1931—1933 жылдары бүкіл Қазақстанды құшағына алған аштықтан 6,2 млн республика халқының 2,1 млн-ы қырылды.Сондай ақ халыққа қисынсыз ауыр салықтар салынды. 1931–1933 жылдары көшпенді халықтың жартысына жуығы аштан қырылды. Шамасы жеткендер басқа өлкелерге босып, шетелдерге өтіп кетті. Мал басы он шақты есе азайды.
82.Саяси сенімсіздік пен халықтарды Қазақстанға күштеп депортациялау.
1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.
КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды:
1.этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);
2.әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);
3.саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды.
Осы аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды.
Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды.
Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды.
83.Соғыс жылдарындағы(1941-1945ж.) ғылым, мәдениет және халыққа білім беру.
Адольф Гитлердің КСРО жерін басып алу жөніндегі «Барбаросса» жоспары бойынша Қазақстан жері картада географиялық орналасуы бойынша «Үлкен Түркістан» аумағына кірді. Бұл өңірде Үшінші Рейх үшін қуатты шикізат және азық-түлік базасын құру жоспарланды. Германия өз жоспары бойынша әрекеттенгенімен бәрі де неміс фашисттері ойлаеандай болмады. Нақтырақ айтсақ, Кеңес халқы жауға қарсылық көрсете бастады және Кеңес басшыларының қабылдаған шешімі бойынша майданға жақын өнеркәсіп орындарын шығысқа көшіру жүзеге асырылып, оның ішінде 220 зауыт пен фабрика, цехтар мен артельдер Қазақстан жеріне көшірілді. Ақтөбе ферроқорытпа зауытының жаңа құрылысы Запорожье зауытының жабдықтарын алды. Алматы машина жөндеу зауытының аяқталмаған құрылысы Луганск ауыр машина жасау зауытының цехтарын алды. Қазақстанға Украинаның 14 қант зауыты көшірілді. Республика территориясына көшіріліп әкелген зауыттар мен фабрикалар Алматы, Ақтөбе, Семей, Қарағанды, Орал, Шымкент қалаларына орналастырылды. Сонымен қатар Қазақстан оқ дәрі мен өндіріс станоктарын белсенді түрде өндірді. Сұрапыл соғыс жылдарындағы әрбір 3 оқ дәрі Қазақстанда өндірілген болатын. Сонымен қатар 1941 жылмен салыстырғанда 1942 жылы Республикада егіс көлемі 842К га өсіп, жалпы КСРО бойынша егіс көлемінің 30%-ын құрады. Сондай-ақ, Қазақ КСР-і неміс фашисттері жасаған геноцид салдарынан КСРО жеріне әкелінген еврейлерден бөлек Украина, Беларусь, Балтық теңізі елдерінен(Литва, Латвия, Эстония), кейбір деректер бойынша Польшадан да келген босқындарды қабылдап, оларға пана болды.
1924 жылдан бастап ұйымластырылған «Сауатсыздықты жою» қоғамы бойынша жоспар жүзеге аса бастады. Қазақ жерінде мектептер саны артып, институттар ашыла бастады. Қазақстан үкіметі білім беруге қаржы бөлуді ұлғайтты. Нәтижесінде, соғыс алдында 15 пен 50 жас аралығындағы еңбекке жарамды халық арасында сауатсыздық жойылды. Жалпы XX ғасырдың 20-30 жылдары сауатсыздықты жойып, білім беру саласында біраз жұмыс атқарылды. Ал соғыс басталған кезде Республикада 20-дан астам ғылыми-зерттеу институттар ашылды. Сонымен қатар, 1942 жылы Қ. И. Сатпаевқа Жезказған мыс кен орындарына сіңірген көп жылдық енбегі үшін мемлекеттік сыйлық берілді. Соғыс кезінде Алматыда мемлекеттік шет тілдер педагогика институты, Шымкентте технология институты, Қазақ мемлекеттік консерваториясы, Қазақ мемлекеттік кыздар педагогика институты, Дене шынықтыру институты ашылды. Қазақстаннан 100-ге жуық жазушы мен ақындар соғыс майдандарында шайкасты. М. Әуезовтын «Абай» эпопеяснының бірінші кітабы, С. Мұқановтың емірбаяндық «Өмір мектебі» повесі, F. Мүсіреповтың «Қазақ солдаты», F. Мұстафиннің «Шығанақ» туындылары Қазақстанға 1941 жылы қараша айында «Мосфильм», «Ленфильм» киностудиялары көшіріліп әкелінді. Орталық киностудия шеберлерімен бірлесе отырып «8 гвардиялық», «Абай әндері», «Жаунгер ұлы», «Қазақ киноконцерті — майданға», «Саған, майдан» картиналары түсірілді.
1941 жылы қырқүйек айының ауыр күндері қазақтың халық ақыны әрі жыршы Жамбыл Жабаев ленинградтықтарға арнап «Ленинградтық өренім»(Ленинградцы, дети мои), Ленинград тұрғындарына үміт силады.
Қазақтың дарынды әрі атақты әнші қыздары Күләш Бәйсейітова, Роза Бағлановалар Қызыл Әскерді қуаттандыру мақсатында олардың алдында өнер көрсеткен. Сонымен қатар әртістер мейірбикелер мен әскери қыметшілерге бейбіт тұрғындар эвокуациялап, жаралы тұрғындарға алғашқы көмек көрсетуге белсенді атсалысқан.
84.Е. Бекмахановтың тарихи мұрасы. «Бекмаханов ісі».
1943 жылы Ермұқан Бекмахановтың «Қазақ КСР тарихы» еңбегі жарық көрді. Ал 1946 жылы Кенесары Қасымұлы туралы докторлық диссертациясының негізінде «XIX ғасырдың 20-40 жылдардағы Қазақстан» деген монографиясы сынға алынды. Бекмахановқа буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дәріптеуші деген кінә тағылды. 1950 жылдың желтоқсанында «Правда» газетінде «Қазақстан тарихы мәселелерін маркстік-лениндік тұрғыдан баяндайық» деген мақаланың жариялануы оны ресми түрде айыптаудың басы болды. 1951 жылғы сәуірде Қазақстан К(б)П ОК-нің қаулысында автордың «буржуазиялық-ұлтшылдық көзқарастарын» айыптады. Е.Бекмаханов 25 жылға сотталып Мәскеу, Ленинградтағы кейбір ғалымдардың(Анна Панкратова) араласуымен 1954 жылы ақталып шықты. 1940-1950 жылдардың басында қазақ зиялылары Бекежан Сүлейменов, Есмахамбет Ысмайылов(баиырлар мен Кенесары хан туралы еңбектері үшін), Ісмет Кеңесбаев(қазақ тілін толықтай зерттеп, дүниежүзілік түкітанушы симпозиумдарға қатысқан), Ахмет Жұбанов, Қажым Жұмалиев, және тағы басқалар әділетсіз саяси айыптауға ұшырады. Ірі ғалым Әлкей Марғұланның көзқарасы ғалымға жат деп танылды. Қазақ КСР ҒА-ның президенті Қаныш Сәтпаев, дарынды жазушы Юрий Домбровский, Мұхтар Әуезов Қазақстанды тастап кетуге мәжбүр болды. Биология, медидцина және геология ғылымдары салаларындағы көптеген ғалымдарға «космополит» деген айып тағылды. Осы жылдары 90 мыңнан астам «өзегеше ойлайтын» кеңес азаматтары жындыханаларға жатқызылып жаза тартқан.
85.Н. С. Хрущевтің партия-мемлекеттік басқару жүйесіндегі реформасы және оның үстірт сипаты.
Никита Сергеевич Хрущев(1894 ж. 15 сәуір – 1971 ж. 11 қыркүйек) – Кеңес үкіметінің Иософ Сталиннен кейінгі БК(б)П бас хатшысы. Хрущев билікке келе салысымен ішкі және сыртқы саясатта «жылымық» басталды, партиялық-мемлекеттік жүйені өзгертуге талпыныс жасалды. Сонымен қатар, 1956 жылғы КОКП-ның XX съезінде ол өзінің ізашары Сталиннің саясатын сынға алды, нақтырақ, жеке басқа табынушылықтың(культ личности) салдары мен зардаптары жөнінде баяндама жасады. Осыдан кейін сталинндік кезеңдегі саяси қуғын-сүргін(репрессия) құрбандары іле-шала ақтала бастады. Халықтардың саяси және әлеуметтік құқыға өайта қалпына келтіріле бастады.
1953 ж. «Тың игеру» жоспары талқыланыды, ал 1954-1964 жылд. Хрущев Тың игеруді жүзеге асырды. Қазақстанның шұрайлы және қолайлы жерлерінде жаппай жер жырту жұмыстары қолға алдынды. Алайда Хрущев Қазақ КСР-інің барлық жері тың игеруге қолайлы емес екенін және шамадан тыс тың игеру мақсатында жыртылған жерлерлің ауыл шаруашылығы мен мал шаруашылығына кері әсері тиетінін ескермеген еді. Нәтижесінде, тың игеруге қолайсыз жыртылған жерлердің топырағы эрозияға ұшырады да, мал шаруашылығы қатты құлдырауынык салдарынан жүн, мата және ет өндірісі аз өнім берді. Бұл Кеңестік Республикаларды аталған материалдармен(жүн, мата және жіп) қамтамасыз ету үшін аз болды. Елде өнім өндіру жоспарға сәйкес 70%-ға өсуі керек болғанымен тек қана 15%-ға ғана жетті.
Оның тұсында ғарышқа жердің жасанды серігі(1957 ж.) және тұңғыш рет кеңестік ғарышкер (Ю. Гагарин, 1961 ж.) ұшырылды. Дегенмен, елде демократияның дамуына шектеу қойылып, социализм толық орнады деген қорытынды шықты(1959 ж. XXI съезд). Оның билік еткен тұсында басқа елдердің ісіне араласу, мәселен, 1956 ж. Венгрияға әскер енгізу және Батыспен қақтығыстар орын алды, мысалы, 1961 ж. Берлин, 1962 ж. Кариб дағдарысы болды. Сонымен қатар «Американы қуып жету және оны басып озу» секілді жалаң саяси ұрандар оның саясаттының тиянақсыз екенін көрсетті. Ол Қазақстан КП ОК 1-ші хатшысы Жұмабай Шаяхметовты лауаызымынан айырды, себебі ол Хрущевтің тың игеру жаспары бойынша қолайсыз жерлерді игеруге келіспей, нәтижесі Республика үшін ғана емес, жалпы Кеңес үкіметі үшін ауыр тиетінін айтты. Шаяхметов Хрущевке қолайсыз жерлерді тың игеру мақсатында қолданудың орнына Қазақстан жері тарихи мақсатты болған мал шаруашылығына көңіл бөлуді ұсынды. Алайда Хрущев Шаяхметовты онымен әңгімесінде шыншыл емес деп есептеді және оның орнына П. К. Пономаренконы Қазақ КСР-інің 1-ші хатшысы етіп тағайындады.
1956 ж. Оңтүстік Қазақстанның мақта өсіруші аудандарын Өзбекстанға берді. Ал 1960 жылы Қазақстанды бөліп, Солтүстік аудандарды Ресейге, Оңтүстік аудандарды Өзбекстанға, ал Батыс және Оңтүстік-Батыс аудандарды Түркменстанға беру жоспарланды. Бұған Жұмабек Тәшенов Кеңес Үкіметінің Конституциясын қолдана отырып Хрущевтың бұл ісіне ашық түрде қарсы шықты. Тәшеновтың бұл ерлігіне Қонаев тәнті болды.
1958 ж. тамызда кеңестік жүйеге қарсы Теміртау жұмысшыларының көтерілісі болды. Бұл жағдай да халықтың және партия қайраткерлерінің наразылығын туғызбай қоймады және 1964 ж. аталған барлық жағдайдың нәтижесінде Хрущев өз беделін жоғалтып, орнынан босатылады. Ал оның орнына Леонид Брежнев КСРО бас хатшысы болып тағайындалды.
86.Қазақстандағы «қайта құру саясаты»(Горбачев мал). М. С. Горбачевтың реформалары. Жариялылық пен демократия жағдайында одақтық республикаларда туындаған ұлттық қақтығыстар.
1985 ж. КСРО мемлекетінің басына М. С. Горбачев бастаған қалыптағыдан өзгеше ойлап, жаңаша әрекет ететін топ келді. Компартияның сәуір айындағы пленумында КСРО-ның әлеуметтік-экономикалық дамуын жеделдету бағыты шабылданды. Ал 1986 ж. КОКП-нің XXVII съезінде жаңа саясат жүргізудің негіздерін айқындап берді. Қысқа мерзім ішінде экономикадағы тежеуші факторларды жою; адамдардың тұрмыс деңгейін көтеру мәселелері; саяси даму саласындағы ұстанымдарды енгізу; сайлау жүйесін өзгерту; халықтың саяси белсенділігін арттыру; партия мүшелерінің моральдық келбеті мәселелері алға тартылды. Алайда, республикада қоғамдық саяси даму бағыттарын тереңнен қозғаған реформалар бола қойған жоқ. Мұндай жағдай КОКП ОК-нің Қазақстандағы басшылықты ескі тәсілмен-бір-ақ күнде ауыстыра салу әркетіне дейін жалғасты. Горбачевтың тиянақсыз әрі шала орындалған жұмыстары ұлттық қақтығысқа да әкеліп соқты. Мысалы, «Желтоқсан оқиғасы», Әзірбайжан мен Армения арасында болған Қарабақ қақтығысы, экологиялық мәселелерден туындаған Балтық теңізі елдеріндегі ұлттық қозғалыс, Донбастағы шахтерлар көтерелісі және басқалары.
87.Д. А. Қонаевтың қызметі.
Дінмұхаммед Ахметұлы Қонаев 1912 жылы Верныйда дүниеге келді. Кеңестік мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі, техника ғылымдарының докторы, тау-кен инженері.
Қазақ, орыс тілдерін жетік меңгеріп, осы тілдерде сауатты жазып, оқи білген. 1930 жылы Алматыдағы №14 орта мектебін бітіргеннен кейін, 1931 жылы Қазақстан Өлкелік комсомол комитеті Дінмұхамед Қонаевты Мәскеудегі «Түсті металл институтына» оқуға жібереді. 1936 ж. Институтты ойдағыдай бітірген соң 1937-1939 жылд. тау-кен инженері мамандығы бойынша Балқаш мыс қорыту комбинатында жұмыс істейді. 1939 жылғы Екінші дүниежүлік соғыстың қилы күндерінде тылдағы жұмысты ұйымдастыруда іскерлігімен көзге түсіп, «Алтайполиметалл» комбинаты бас инженерінің орынбасары, КСРО-дағы ірі кәсіорындардың бірі – Лениногор кен басқармасының директоры қызметтерін атқарды.
1960-1962 жылдары және 1964-1986 жылдары – Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші хатшысы қызметін атқарды. Д. Қонаев бірнеше мәрте КСРО Жоғарғы Кеңесінің депутаиы болып сайланды. Парламент және партия делегациясын басқарып, бірнеше рет шетелдерде болып қайтты.
Д. Қонаев өз заманының ұлы саясаткері бола білді. Ол билік басында болған уақыт қайшылықты күрделі, қарама-қайшылықты болғанымен, елдің экономикасын, әлеуметтік саласын, ғылымын, ұлттық мәдениетін дамыту ісіне айтулы еңбек сіңірді. Ол басқарған жылдары кең-байтақ Қазақ жерінде 43 қала бой көтерді. Олардың қатарында өнеркәсіп орталығы болған Рудный, Екібастұз, Шевченко(қазіргі Ақтау), Степногрск, Теміртау, Жаңатас, Арқалық, Кентау қалалары болды. қарқынды дамып, тың және тыңайған жерлер игерілді. Кеңшарлар мен ұжымшарлар салынды. Ауылшаруашылығы қарқынды дамып, мал саны көбейді және ауыл шаруашылығының жыл сайынғы өнімдері артып отырды. Қазақстан экономикасы жалпы Кеңес Үкіметінің ең беделді 3 республика РКСФР, Украин КСР-і және Белорус КСР-і экономикасының деңгейіне жетті.
Димаш Ахметұлы Қазақстанда ғылымның дамуына да зор үлесін қосты және 100-ден аса ғылыми еңбектер мен зерттеулер жазды. Біраз ғылыми жұмыстарын шаруашылық пен өндірістік тәжірибеден өткізді. Өз еңбектерінің халық шаруашылығына тигізер пайдасының зор екендігін іс жүзінде дәлелдеп, өндіріс тиімділігін арттырумен қатар, ол жас ғалымдарды қолдап, білім дәне ьілім беру жүйесіне ерекше көңіл бөлді.
Қазақ өнерін жоғары бағалай білген Дінмұхамед Ахметұлы өнерде жүрген жандарды жан-жақты қолдап, қазақ мәдениетінің дамуына да ықпал етті. Ол билік еткен тұста өнер ордалары бой көтеріп, мәдениет үйлері өз қызметін бастады. Қазақ жерінің барлық аймақтарында дерлік білім және мәдени ошақтар ашылып, тұрғын үйлер тұрғызылып, әлеуметтік нысандар салынды.
Дінмұхамед Қонаевтың бастамасы бойынша қазақ жерінің сол кездегі астанасы Алматы қаласында Үкімет үйі, Қазақстан Компартиясының Орталық Комитетінің ғимараты, Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының ғимараты тұрғызылды. Қала көшелерінің саны артып, жаңа тұрғын үйлер салынып, 12 ықшам аудан ашылды. Мекиептер пен бала-бақшалар құрылысы басталып, оқушылар сарайы жас өнерпаздарға есігін айқара ашты. Республика Сарайы, Спорт және Мәдениет Сарайы, Ұлттық Кітапхана, цирк сынды мәдениет, білім және спорт нысандарының саны артты. 1972 жылы «Медеу» спорт кешенінің салунуы мен ашылуын өзі қадағалап, ашылу салтанатына КСРО бас хатшысы Л. Брежневпен ат салысты. Авто, аэро және темір жол вокзалдары, әуежай, «Алматы», «Отырар», «Жетісу», «Алатау», «Достық», «Қазақстан» қонақүйлері салынып, қала көркін аша түсті.
Дінмұхамед Ахметұлы Қонаев Республика партиясы ұйымын басқарған ширек ғасырға жуық уақыт ішінде өзінің мәдениеттілігімен, иманжүзді ізеттілігімен, халық дәстүрін жақсы білетін, тағылымы терең, ой-өресі биік жан екенін көрсете білді. Кейін мемлекет ісінен қол үзген кезде де ол білімдар білікті жан ретінде елде жүріп жатқан реформа бағыттарын, қоғамды демократияландыру қажет екенін терең түсініп, қолдай білді. Димаш Ахметұлы өте қарапайым адам болды. Қолында ірі әрі бүтін бір аса бай Республиканың билігі тұрса да жылы жылы жүзді, ізетті де қарапайым жан болып қала берді. Қанша жерден Қазақ КСР-інің 1-ші хатшысы лауазымна ие болса да оның жеке оққағары мен көлігі болған емес. Димаш Ахметұлы халық арасында өзін еркін ұстай білді және Қазақстан халқы оны қатты жақсы көрді.
88. 1986 жылғы Алматыда және республиканың басқа қалаларында болған Желтоқсан оқиғасы және олардың шынайы себептері.
М. С. Горбачевтің билікке келе салысымен тиянақсыз саясат пен шала іс атқарғаны мәлім. Соның салдырының бірі 1986 ж. сол кездегі Қазақ КСР-інің астанасы болған Алматы қаласында орын алған жастар көтерілісі – Желтоқсан оқиғасы. Бұл бостандыққа, тәуелсіздікке ұмтылған қазақ халқы тарихындағы елеулі оқиға болып табылады.
Жаппай наразылық туындап, соңы Кеңес үкіметіндегі алғашқы әрі аса ірі митингке айналуының бірінші себебі – Дінмұхаммед Қонанвты Қазақ КСР ОК 1-ші хатшысы лауазымынан айырып, оның орнына ұлты қазақ емес, Қазақстанға қатысы жоқ, тіпті бұл жерде тұрмаған Геннадий Колбинді сайлауында. Халықпен санаспастан ұлты басқа, өзге елден келген, Қазақстанға ешқандай да қатысы жоқ адамның билік басына келуі халықтың намысына тиіп, жастардың алаңға шығуына әкеп соқты. Бастапқыда 300-дей адам алаңға «Әркімге өз көсемі», «Долой, Колбин», ұрандарымен шықса, кейінірек адам саны 20К-ға жетіп, саяси тәуелсіздікті талап етіп, Шәмші Қалдаяқовтың «Менің Қазақстаным» әнін әндете бастады. Қазақстанның басқа қалалары да біртіндеп алаңға шыға бастады және көршілес Қырғыз Респуликасынан демократияны қолдайтын жастар бірнеше автобуспен Қазақ-Қырғыз шекарасына жетті. Осыдан соң КОКП жергілікті билік пен әскери күш қызметкерлерімен байланыса ооырып, «бұзақыларды» ұстап, көтерілісті қатігездікпен басып жаншыды. 18 желтоқсан күні алаңға қайта жиналмақ болған көтерілісшілерге қарсы әскери күш көрсетті. Көтерілісшілердің қалған топтарын ығыстыру үшін жедел отряд, милиция мен жасақшылардан арнайы топтар құрылып, көтерілісшілерді қала көшелеріне аттандырылды. Әскери қарулы күштер 19 желтоқсанда қаланың әр тұсында қайтадан шеруге шықпақ болған 6 топты басып, таратты. Жаппай наразылықтрдан соң желтоқсанда болған оқиғаларды тексеру комиссиясының төрағасы Мұхтар Шахановтың мәліметі бойынша 8500 адам ұсталып, 1720 адам жарақат алған. ІІМ жүйесінен 1200 адам жұмыстан қуылған. 12-сі ЖОО-ның ректорлары орнынан айырылған, 246 студент оқудан шығарылып, 99 адам сотталып, оның 2-і өлім жазасына кесілген.
Желтақсанның 19-23 күндері әскери қысымға қарамастан Қазақстанның Жезқазған, Талдықорған, Көкшетау, Қарағанды, Павлодар, Шымкент және тағы басқа қалалары мен Шелек, Шамалған, Сарыөзек елдімекендерінде өз жалғасын табады. Бұл наразалықтар да күшпен басып-жаншылды.
1987 ж. «Желтоқсан» көтерілісі «қазақ ұлтшылдығының көрінісі» деген сипатқа ие болды. Ал қазіргі таңда бұл оқиға әлі де толық зерттелмеген. Көптеген ақпарат Мәскеу мен Алматы архивтерінде жасырылған.
89. Тіл туралы заңның» қабылдануы және оның маңызы.
Тіл туралы Заңымыз" 1989 жылдың 22 қыркүйегінен бері "Құранның сөзіндей" өзгеріске түспей келе жатыр (Әрине, бұл ескі Заң сол жылдары қазақтың рухын көтеруге ықпал еткенін жоққа шығарғымыз келмейді. Алайда тәуелсіздік тұғырын аттағаннан кейін, 1997 жылдың 11 шілдесінде Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңы қабылданды.Деседе бұл заң бұрынғы заңнан алшақ кете алмады.Бұл екі Заң да негізінен еліміздегі ресми орыс тілінің құзіретін арттырып, қазақ тілін шетқақпай жасап келе жатқаны жиі айтылады. Сөйте тұра біздің билік нақты қадамға барып, қазақ елінде қазақ тілінің басымдыққа ие болуына бел шешіп кірісе алмай отыр.Тілі жоғалған ұлттың өзі де жоғалады демекші, ҚР-дағы тіл туралы заң тіліміздің сақталып қалуына тікелей әсер етеді. Мемлекеттік тілдің қоғам өміріндегі маңызы өте зор: оның көмегімен ғылымның, өнердің, техниканың даму және қалыптасу процесі жүреді.
90. Қазақ КСР-нің мемлекеттік егемендігі туралы Декларация. 1991 жылғы тамыз төңкерісі. КСРО-ның ыдырауы және Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының (ТМД) құрылуы.
Қазақ КСР-нің "мемлекеттік егемендігі туралы" декларациясы - 1990 ж. 25 қазанда Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі қабылдаған декларация. "Қазақ КСР-інің Мемлекеттік егемендігі туралы" Декларация республика егемендігін заң жүзінде бекітудің бастамасы болды. Декларация алғаш рет билікті бөлу принципін паш етті. Декларацияға сай, заң шығару билігі Жоғарғы кеңеске берілді, Президент Республика басшысы болып, жоғарғы атқарушы билікті иеленді, ал сот билігі Жоғарғы Сотқа берілді; мемлекеттің әлеуметтік негізін анықтауға таптық тұрғыдан қараудан бас тартты; республика аумағында ядролық қаруды сынауды жүргізуге, қырып-жою қаруларының барлық түрі үшін сынақ полигондарының құрылысы мен қызметіне тыйым салды.Қазақстан қоғамының республикадағы демократиялық, құқықтық, әлеуметтік-экономикалық және мәдени қайта жаңарулары туралы негізгі идеяларды қамтыған Декларациядан Республиканың жаңа Конституциясын жасау басталды. Тамыз төңкерісі — Кеңес Одағы Коммунистік партиясының жақтастары ұйымдастырған, КСРО президенті Михаил Горбачёвті биліктен құлату және КСРО мемлекетін сақтап қалу мақсатымен ұйымдастырылған сәтсіз төңкеріс. Төңкеріс жетекшілері жоғары әскери және азаматтық шенеуніктерден, соның ішінде КСРО вице-президенті Геннадий Янаевтан тұрды, олар бірге Төтенше жағдай жөніндегі мемлекеттік комитетті (ТЖМК, орыс. ГКЧП) құрған. Төңкеріс жасау Горбачёвтың Қырымдағы демалысы кезінде орындалған және сәтсіз аяқталды, көптеген бақылаушылар бұл оқиғаны КСРО ыдырауын одан әрі жылдамдатты деп санайды.1991 жылы 8 желтоқсанда РСФСР, Украина, Белеорусь басшилары Минск қаласында кесдесті (Беловеж келесімі). Талқыланған негізгі мәселелер-1922 жылғы КСРО қүру тұралы келісімшартты жою, Тәуелсіз Мемлекеттер Достығын құру. Осылайша 1991ж 22 желтоқсанда аталған 11 республиканың басшылары КСРО-ны ыдыратып,ТМД-ны құру туралы келісімге қол қойды. Кеңестік жүйенің ауқымынан босап шыққан республикалар «кеңестік», «социалистік» деген атаулардан бас тарта бастады. 1991 жылғы желтоқсанның 10-ы Республика Жағарғы Кеңесінің сессиясында Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасын Қазақстан Республикасы деп өзгертілді. КСРО-ның ыдырау процесін тездеткен 1991 жылғы тамыз бүлігі 1991 жылдың қазанына қарай көптеген республикалардың өз тәуелсіздігін жариялауына септігін тигізді. 1991 жылы 16 желтоқсанда Республиканың Жоғарғы Қеңесінің жетінші сессиясында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тәуелсіздігі туралы» Заң қабылданды. Осы күні Қазақстан өз тәуелсіздігін жариялады. Сонымен, 1991 жылғы 16 желтоқсан Республиканың тәуесіздік алған күні.
91. Қазақстан Республикасы Қарулы күштерінің құрылуы.
Мемлекет басшысы 1992 жылы 7 мамырда Қазақстанның Қарулы Күштерін құру туралы Жарлыққа қол қойды. Оның қарамағына ел аумағында орналасқан барлық әскерлер кірді. Қорғаныс министрлігінің құрамында 3 құрылымдық әскер бар. Олар Құрлық әскерлері, Әуе қорғаныс және Әскери-теңіз күштері. Құрлық әскерлері 2009 жылдың 20 сәуірінде құрылды. Міндеттері: Кез келген агрессияға тойтарыс беру; елдің егемендігі мен аумақтық тұтастығын қорғау; Мемлекеттік және әскери объектілерді күзету; Шекараның құрлықтағы бөлігін бекем ету; Әскери-теңіз күштері - 2003 жылдың 7 мамырында құрылды. Негізгі әскери қимыл аудандары - Каспий теңізінің шекара аймақтары. Қазақ әскери-теңіз күштерінің құрамында 14 кеме бар. Әуе қорғаныс күштері 1998 жылдың 1 маусымында құрылды. Бұл – Қазақстан қорғанысының флагманы. Міндеттері: Елдің әуе шебін қорғау; Мемлекеттік, әкімшілік және әскери объектілерді әуе шабуылынан қорғау.
92. ҚР мемлекеттік рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұранының бекітілуі (1992 ж.).
Негізінен ҚР-ның мемлекеттік рәміздері туралы сөз қозғалғанда ең бірінші ойымызға келетіні ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздері туралы” конституциялық заңы. Ол 2007 жылы 4 маусымда қабылданды.Мемлекеттік рәміздер кез келген мемлекеттің егемендігі мен біртұтастығын бейнелейтін атрибуттарының бірі. Яғни,олар туымыз,әнұранымыз және елтаңбамыз.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туының авторы – Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері Шәкен Ниязбеков.
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. Мемлекеттік ту және елтаңба 1992ж ресми түрде қабылданды.
Қазақстанның әнұраны Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.
93. Қазақстан Республикасының қазіргі қолданыстағы Конституциясының Бүкілхалықтық референдум арқылы қабылдануы (1995 ж.).
Қазақстан Республикасының Конституциясы — Қазақстан Республикасының Ата Заңы. Ағымдағы Конституция 1995 жылы 30 тамыз күні жалпыхалықтық Референдум негізінде қабылданды және 5 қыркүйек күні өз күшіне енді. Конституция 9 тараудан, 98 баптан тұрады.Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады.Бұл тәуелсіз Қазақстанның қабылдаған екінші конституциясы. Алдыңғы конституция 1993 жылы 28 қаңтарда қабылданған болатын.
94. Қаңтар оқиғасы». Қазақстан Президенті Қ.Ж. Тоқаевтың «Жаңа Қазақстан: жаңару мен жаңғыру жолы» атты Жолдауының мәні мен маңызы (2022 ж. 16 наурыз).
2022ж Қаңтар айында болған оқиға барлығымызға аян. Ол жағдайда өз көзімізбен көріп,өз құлағымызбен естідік. Лаңкестер мен бүлікшілердің әсерінен бірнеше отбасы қара жамылды. Мемлекетіміздің тұтастығы мен егемендігіне үлкен қауіп төнді. Сол себетен елбасымыз Қасым Жомарт Тоқаев 2022 ж 16 наурызда “Жаңа Қазақстан:Жаңару мен Жаңғыру жолы” атты бүкіл Қазақстанға жолдау білдірді. Бұл жолдаудың депутаттарға арнайы үндеу жүргізді. Үндеуде көтерілген басты мәселелер:сайлау жүйесін жетілдіру;партиялық жүйені дамыту,сайлау үдерісін жаңғырту,құқық қорғау инститтутарын күшейту,бұқаралық ақпарат құралдарының бәсекеге қабілеттілігін арттыру болды.
95. Ұлттық валюта-теңгенің енгізілуі. Ұлттық қордың құрылуы.
Қазақстан Республикасының ұлттық валютасы. Қазақстан Республикасы Президентінің 1993 жылы 15 қарашадағы жарлығы бойынша айналысқа енгізілді. Үкіметтің Ұлттық банктегі шотында шоғырландырылатын, қаржылық активтер түріндегі, сондай-ақ материалдық емес активтерді қоспағанда, өзге мүлік түріндегі мемлекет активтері Қазақстан Республикасының Ұлттық қоры болып табылады. Ұлттық қор 2001 ж құрылды.
Достарыңызбен бөлісу: |