Қазақстан аумағындағы тас ғасырына қатысты археологиялық ескерткіштердің ашылуы



бет3/13
Дата10.12.2023
өлшемі233,68 Kb.
#136483
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Қазақстан тарихы ГОС экзамен

Қызылдар Социалистік тәртіпті орнатуға ұмтылған большевиктер билігінің өкілдері. Оларды әр түрлі солшыл топтар қолдады
72. Қырғыз (Қазақ) Кеңестік Социалистік Автономилық Республиканың құрылуы- ұлттық мемлекет құру идеясының таптық көзқарасқа негізделген мемлекет құру идеясымен алмастырылуы.
1919 жылдың10 шілдесінде Владимир Ленин Қазақ өлкесін басқару жөніндегі революциялық Комитет туралы Декретке қол қойды. Онда Қазақ революциялық комитеті өлкенің ең жоғары әскери-азаматтық басқармасы ретінде құрылатыны айтылды. Декретте оның мақсаттары мен міндеттері – контрреволюция мен интервенцияға қарсы күресу, өлкеде мемлекеттік, шаруашылық және мәдени құрылыс үшін жағдай жасау, Қазақстанда Кеңестердің Құрылтай съезін әзірлеу белгіленеді(Қазревком болды). Қазақ ревкомының басшысы болып, ұлты поляк, кеңестік тұңғыш комиссар С. Пестковский тағайындалды.
Қазревком мен оның жергілікті жердегі органдары қазақ даласында Кеңестерді ұйымдастыру, адал ұлттың зиялы өкілдерін Кеңес құрылысына тарту, қазақ жерін біріктіру жұмыстарын жүргізді. Қазревкомның органы – «Ұшқын» газетін шығарды. 1920 жылғы 20 тамызда Кеңес үкіметі РКФСР құрамында «Қырғыз (Қазақ) Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасын құру туралы» декретке қол қойды. 1920 жылдың 4 қазанында Орынбор қаласында Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы Кеңестерінің съезі өтті. Съезде РКФСР құрамындағы Қазақ Автономиялы Кеңестік Социалистік Республикасы жарияланды. Республиканың құрамына Қарақалпақстан да кірген болатын.
Астанасы - Орынбор 1920-1924жж; Қызылорда 1925-29; Алматы 1929дан бастап
Жер көлемі 2,7 млн шаршы км
Өырғыз АКСР Қазақ АКСР болып 1925 жылы өзгертілді.
73. Қырғыз (Қазақ) АССР-інің аумақтық шекарасы мәселелерінің әкімшілдік-әміршілдік тұрғыда шешілуі.
Қазревкомның алғашқы басшысы болып поляк С. Пестковский тағайындалды. Ревком құрамына В. Лукашев, Ә. Жангелдин, А. Байтұрсынов, М. Тұңғаншин, С. Меңдешев, В. Қаратаев және басқалар кірді. Декретте Қазақ өлкесінің әкімшілік-территориялық құрылысының негіздері айқындалды және Жангелдин тобы өлке территориясы туралы жаңа тұжырым ұсынды: «Қырғыз өлкесінің территориясын анықтағанға дейін... ревком басқаруына кіреді: Астрахань губерниясындағы қырғыз территориясы және Орал, Торғай, Ақмола мен Семей облыстарының территориялары». Бұл шешімге қарамастан, осы уақытқа дейін өлкенің территориалдық шегі анықталмай қала берді.
Қазақтар тұратын едәуір территория Түркістан автономиясының, Орынбор, Челябі, Алтай губерниясының, Омбы облысының құрамында болды. Кирревком жанынан болашақ республиканың шекарасын анықтаумен және РСФСР ХКК мен Қазақстан Кеңестері съезіне ұсыну үшін жоба дайындаумен айналысқан арнайы комиссия құрылды. Кирревком мен РКП (б) мүшелері барлық қазақ облыстарында болып қайтады. Сапар барысында олар көрші губкомдармен ұдайы араласып, кеңес сұрап отырады, Қазақстан мен Түркістан облыстары мен аудандары тұрғындарының этникалық құрамы туралы деректер жинайды. Осы жұмыс нәтижесінде «Қырғыз территориялары туралы» баяндау хат даярланады. Территорияға қатысты сұрақ та маңызды еді, өйткені өлкеде автономия құрылғаннан кейін оның құзыретінің географиялық шегін де анықтау қажет болды.
74. Қазақ өлкесінің азамат соғысына(1917 ж қараша - 1920ж наурыз) тартылуы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет