Қазақстан аумағындағы тас ғасырының археологиялық ескерткіштер ерте палеолит бөріқазған мен Шабақты. Орналасуы: Оңт. Қаз., Жамбыл об. Шақпақата мен Арыстанды. Орналасуы: Маңғыстау түбегі мен Қаратауда


Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс



бет4/19
Дата18.05.2023
өлшемі386,49 Kb.
#94114
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е

48. Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс (1837-1847 жылдар аралығы) — қазақтардың патша үкіметіне қарсы барынша бұқаралық және ұзаққа созылған көтерілістерінің бірі болды. XIX ғасырдың 20 — 30-жылдарында отаршыл өкімет билігі мен қазақ халқының арасындағы қарым-қатынас елеулі түрде шиеленісе түсті. БіріншіденКіші жүз бен Орта жүздегі хан билігінің жойылуы сұлтандардың, билердің және батырлардың едәуір бөлігінің наразылығын туғызды. Екіншіден, патша үкіметі қазақ халқының ежелден келе жатқан дәстүрлі жерлерін әскери бекіністер салу үшін жаппай тартып ала бастады. Үшіншіден, бұрын Ресейге ешқандай алым-салық төлеп көрмеген қазақтарға ендігі жерде жасақ, түтін салығы, жол салығы сияқты алым-салық түрлері көбейе түсті, қазақ өз жерін өзі жалға алып, пайдаланатын күй кеше бастады. Төртіншіден, патша үкіметінің әскери отрядтары қазақ ауылдарына шабуыл жасап, күн көрсетпеді. Осының бәрі байырғы жергілікті халықты (номадтарды) қатты күйзеліске ұшыратты, олардың күн көрісін қиындатып жіберді. Көтерілістің басты мақсаты қазақтардың патша үкіметі тартып алған ежелгі жерлерін өздеріне қайтарып алу, округтерді тарату, отаршылар енгізген алым-салықтарды жою еді. Көтерілістің қозғаушы күші қатардағы қарапайым көшпелілер, сондай-ақ старшындар мен бибатырлар, тіпті сұлтандар да болды. Көтерісшілердің қалың қолына үш жүздің атақты батырлары жетекшілік етті. Көтеріліске қатысушылар негізінен қазақ халқы еді. Бірақ олардың арасында орыстар мен башқұртөзбекқарақалпақтүрікмен, тіпті поляктар және басқа халық өкілдері де болды. Олардың кейбіреулері ханның ерекше сенімі мен құрметіне ие болып, жоғары лауазымды қызметтер атқарды. Мәселен, Кенесарының өзінің хатшысы бұрынғы орыс солдаты болды. Наурызбай сұлтанның атқосшысы да Николай Губин есімді орыс еді. Татар Әлім Ягудин Әскери кеңестің мүшесі болатын. Дипломатиялық қызметке ханның атынан өзбеқ Сейдаққожа Оспанов басшылық етті". Бұлардың бәрі де Кенесарыға жақсы ұйымдастырылған тәртіпті әскер құруына көмектесті және көтерілісшілерге өздерінің жеке тәжірибелерін үйретті. 1837 жылы Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс басталды. Ол Қазақстандағы ірі көтерілістердің бірі еді. Оған үш жүздің қазақтары түгел қатысты. Кенесары тарих сахнасына өзінің ұлы бабасы Абылай ханның ісін жалғастырып, алға алып барушы ретінде шықты. Сұлтан Кенесары 1802 жылы дүниеге келген. Ол Қасым сұлтанның бел баласы, Абылай ханның туған немересі еді. Көтерілістің болашақ басшысы Кенесары бала кезінен-ақ ат құлағында ойнады, құралайды көзге атқан мерген болды. Қанжығасы қанды ғажайып аңшылығымен, қара қылды қақ жарған әділдігімен, ерік-жігері, қажымас қайратымен және жүрек жұтқан батылдығымен, қайтпас қайсар қаһармандығымен тaнылды. Оның бойында ұйымдастырушылық және әскери қолбасшылық таланты мол болатын. XIX ғасырдың орта кезіндегі орыс зерттеушілерінің бірі Л. Майер «Кенесарыға көзсіз ерлік тән еді» деп жазды. Замандастарының сипаттауына қарағанда, ол ашық жүзді, орта бойлы және жауырыны қақпақтай төртпақ тұлғалы болған. Аз сөйлеп, көп тыңдайтын, өзін-өзі аса байсалды ұстай білетін. Әңгімелескен адамының  пікіріне әрқашан мұқият назар аударатын. Қонақжай қасиеті ерекше күшті еді. Әкесімен және ағаларымен бірге жүрген кездерінде олардан қолбасылық тәжірибесін едәуір үйреніп алған болатын. Көтеріліс Кенесарының патша үкіметінің саясатын жарамсақтана қолдаған жексұрын сұлтандар мен билердің ауылдарын шауып алудан басталды. Ол шекара шебіндегі бекіністерге де, патша үкіметінің әскери жасақтарына да жиі-жиі шабуыл жасап тұрды. Мәселен, 1837 жылдың аяқ кезінде Кенесары хорунжий Рытовтың отрядын тас-талқан етіп жеңіп шықты. Ол отрядтың құрамында  6 урядник және 48 сібір қазағы болатын. Олар Петропавлдан Ташкентке бара жатқан сауда керуенін күзетіп бара жатқан еді. Кенесары 1838 жылы өзінің адамдарын Батыс Сібір генерал-губернаторына жіберіп, оған арнайы хат жолдады. Хатында Ақтау бекінісі мен Ақмола приказын жоюды, Омбыда тұтқында отырған өз адамдарын түгел босатуды талап етті. Генерал-губернатор Кенесарының адамдарының барлығын да саптағы мың солдаттың арасынан өткізіп, дүре соқтырды. Олардың әскерге жарайтындары тұрақты армия қатарына алынып, қалғандары Шығыс Сібірге жер аударылды. Генерал-губернатордың бұл қылығы Кенесары сұлтанның ашу-ызасын келтіріп, көтерілісті бастап жіберуін тездетті. Ол старшина Симоновтың әскери жасақтарына өлтіре соққы беріп, көптеген қару-жарағы мен оқ-дәрісін тартып алды. 1838 жылы Кенесарының сарбаздары Қоңырқұлжа Құдаймендіұлының ауылдарына шабуыл жасады, оның 12 мыңға жуық жылқысын айдап әкетті. Ақмола төңірегіндегі бекіністер тұрғындарының 2,5 мың малы қоса кетті. Сұлтан Кенесарының туған қарындасы Бопай бастаған сарбаздар Көкшетау округының ауылдарына шабуыл жасады.Кенесары жасақтарының белсенді әскери іс-қимылы 1838 жылдың тамыз айында басталды. Ол Ақмола бекінісіне таяу ірі елді мекенді алты күн бойы қоршауда ұстап, өртеп жіберді. Ақмола бекінісі мықты қорғалатын. Бекіністің төңірегіне терең ор қазылып, оған жете беріс жерлерге күшті кедергі-тосқауылдар қойылған болатын. Ақмола бекінісін аға сұлтан Қ. Құдаймендіұлы мен әскери старшина Карбышев бастаған отряд қорғады. Кенесары шабуылды 1838 жылдың 7 тамызында таң саз бере бастады. Оның сарбаздары бекіністі өрт шығаратын жебелермен атқылады. Бекініс өртке оралды. Кенесарының даңқты батырларының бірі Басықара бекіністің ішкі жағасынa баса-көктеп кіріп барып, сұрапыл ұрыс салды. Ол осы шайқаста ерлікпен қаза тапты. Бекініске АғыбайИманБұқарбай батырлардың сарбаздары басып кірді. Орынбор  губернаторы В. Перовский мен Батыс Сібір губернаторы П. Горчаковтың арасында Кенесарыға қарсы қалай  күрес  жүргізу жөнінде өзара келіспеушілік пайда болды. В. Перовский Кенесарыға қарсы күресті бейбіт келіссөздер арқылы да жүргізу керек десе, П. Горчаков әскери күш қолданып, көтерілісшілерді аяусыз қырып-жою жоспарынан  танбады. Орынбор губернаторы 1840 жылы патша үкіметінің Кенесарыға кешірім жасауына қол жеткізді. Кенесарының тұтқынға алынған туған-туыстарының барлығы да түрмеден босатылды. Арада уақытша бейбіт келісім кезеңі басталды 1841 жылдың қыркүйек айында үш жүздің өкілдері бас қосқан жиында Кенесары Қасымұлы хан сайланды. Сөйтіп Қазақ хандығы қалпына келтірілді. Патша үкіметі бұл жайсыз хабарды өте өкініш сезімімен естіп-білді. Ендігі жерде Кенесары бастаған көтеріліс ұйымдасқан сипат ала бастады. Ұлт-азаттық күресті табысты жүргізу үшін Кенесары хан бір орталықтан басқарылатын мемлекет құрды. Оны ханның өзі басқарды. Ханның жанынан жоғарғы кеңесші орган - өзіне барынша адал берілген батырлардан, билерден, сұлтандар мен жақын туыстарынан тұратын арнайы Кеңес құрылды. Кенесары хандықты өзінің сенімді адамдары - жасауылдар арқылы басқарды. Жасауылдар сот ісімен, шаруашылық  мәселелерімен, дипломатиялық жұмыстармен, алым-салық жинаумен және әскери істермен айналысты. Жасауылдар сонымен қатар орталық өкімет билігі берген нұсқаулардың мұқият орындалуын, мал жайылымдарының дұрыс бөлініп, тиімді пайдаланылуын бақылады, халықтың көңіл күйін де қадағалады. Хан билігі қызметінің оңды нәтижелері ретінде оның қол астындағы халық арасында алауыздық пен барымта алу жойылды. Кенесары ең апдымен алым-салық төлеудің тәртібін ретке келтірді. Мал өсірушілер — зекет, ал диқандар - ұшыр төлейтін болды. Патша әскерлерімен  соғысты одан әрі жалғастыру қосымша материалдық және қаржы шығындарын қажет етті. Сондықтан алым-салықтың да қосымша түрі енгізілді: халықтан киім-кешек, қару-жарақ, ат әбзелдерін жинау қолға алынды. Салық жинауда халықтың жағдайы жеке-жеке ескерілді. Меншігінде малы 40 бастан аспайтындар алым-салықтан босатылды. 40-тан 100 басқа дейін малы барлар бір малдан, ал 100 бастан артық малының әрбір 40 басына бір малдан төлеп тұратын болып белгіленді. Диқандар өздерінің өндірген өнімінің оннан бір бөлігін төлеуге міндетті болды. Көтеріліске деп жиналған астықты патша үкіметі жиі-жиі тәркілеп кетіп жүрді. Тәуекел етіп, көтерілісшілерге астық апарып сатқандар жазалаушы әскердің қаһарына ұшырады. Сондықтан да Кенесары қазақтардың егіншілікпен айналысуын қатты қолдады. Көпестердің сауда керуендерінен алынатын баж салығы едәуір табыс беретінін ескерген Кенесары ондай керуендерді тонауға тыйым  салды. Сауда керуендерінің толық қорғалуын қамтамасыз етті. Керуенбасыларын жеке өзі қабылдап та отырды.  Баж салығын төлеуден жалтарғандарға қосымша салық салынды. Баж салығынан түскен қаржыға Орта Азия базарынан қару-жарақтар мен оқ-дәрі сатып алынды. Кенесары 20 мың сарбаздан тұратын әрі жауынгерлік қабілеті күшті тұрақты әскер жасақтай алды. Кенесары әскері жүздіктер мен мыңдықтарға бөлінді. Ерлігімен ерекше көзге түскен сарбаздардың қатарынан жұзбасылар мен мыңбасылар тағайындалды. Кенесары құралайды көзге ататын мергендерден іріктеп, мергенбасы басқаратын ерекше жасақ құрды. Орыс армиясының үлгісі бойынша хан өз әскерлеріне ерекше айырым белгілерін енгізді. Хан сарбаздарынан шайқас тактикасы мен әскери өнердің амал-тәсілдерін меңгеруді талап етті. Көтерілісшілерді әскери өнерге үйретумен орыстың, татардың және башқұрттардың бұрын тұрақты орыс армиясында қызмет еткен тәжірибелі солдаттары айналысты. Хан армияда қатаң тәртіп орната білді. Мәселен, сатқындық жасаған немесе әскери күзетте ұйықтап қалған сарбаздар өлім жазасына кесілді. Әскери тәртіпті бұзғандар қатаң жазаланды, қару-жарақ арнайы қоймаларда сақталды. Кенесары барлаушылардың қызметін де шебер пайдаланды. Олар көтеріліс басшысына патша әскерлерінің қашан және қайда бет алатынын алдын ала хабарлап отырды. Кенесары әскерінің тыл қызметі де жолға қойылды. Ол көтерілісшілерді азық-түлікпен, жемшөппен қамтамасыз етті. Отаршылдыққа қарсы күреске қазақтардың үш жүзінің бәрі бірдей белсене қатысуы патша үкіметінің зәресін үшырды. Сондықтан да ол көтерілісшілерге қарсы неғұрлым белсенді әрекеттер ұйымдастыруға көшті. 1842 жылы Орынбор  губернаторы Перовскийді Обручев алмастырды. Мұның өзі Кенесарының ендігі жерде Орынбор генерал-губернаторымен қарым-қатынасының нашарлауына алып барып соқтырды. Екі арадағы бейбіт келісім бұзылды. 1842 жылы Сотниковтың отряды Кенесарының ауылына қарақшылық шабуыл жасады. Жазалаушы отряд қыруар көп малды айдап әкетті, он адамды тұтқынға алды. Тұтқынға алынғандардың қатарында Кенесарының әйелі Күнімжан да болды. Кейінірек қазақтар ханның басқа ауылдарына да шабуыл жасай бастады. Ресей императоры Кенесары бастаған көтерілісті басу мәселесін ұдайы ерекше бақылауда ұстады. 1843 жылы ол қазақ ханына қарсы жорық ұйымдастыру жөнінде жарлық шығарды. Ханның басына 3 мың сом мөлшерінде сыйлық жарияланды. Көтерілісшілерге қарсы старшина Лебедев басқарған 300 солдаттан тұратын жазалаушы отряд жіберілді. 1843 жылдың тамыз айында сұлтандар А. Жантөреұлы мен Б. Айшуақұлы бастаған екінші әскер жабдықталды. Онымен бір мезгілде Омбыдан, Петропавлдан, Қарқаралыдан да әскерлер шықты. Патша үкіметінің әскерлері жергілікті жер жағдайын нашар білді. Оның үстіне, дала сарбаздарына қарсы ұрыс жүргізудің ерекше әдісі қажет еді. Мүның бәрі де патша үкіметі жазалаушы әскерінің сілесін қатырды. Туған өлкенің жер жағдайын жақсы білетін Кенесары жауға қарсы шабуылды одан әрі үдетті. 1844 жылы шілденің 20-сынан 21-іне караған түні Кенесары хан Тобыл өзенінің жоғарғы ағысында Жантөре сұлтанның әскеріне күйрете соққы берді. Кескілескен шайқаста сұлтанның 44 адамы қаза тапты. Бұл кезде Дуниковскийдің әскери тобы таяу манда болған еді. Бірақ оның ұрысқа араласып, А. Жантөре сұлтанды құтқарып қалуға батылы жетпеді. Кенесарының жеңіс жігерлендірген негізгі күштері 1844 жылғы тамызда Екатерина станицасына шабуыл жасады. Бекіністің  маңындағы елді мекенді өртеп жіберді, 40 адамды тұтқынға алды, қыруар малды айдап әкетті. Сонымен қатар мылтықтапаншақылышнайза сияқты көптеген қару-жарақ түрлерін олжалады. Арнайы жіберілген жазалаушы отряд Кенесарының ауылына жете алған жоқ. Үкімет басындағыларды абыржушылық пен үрей биледі. Кенесарымен болған соғыстың ұзаққа созылуы патша үкіметіне елеулі шығын келтірді. Сондықтан 1845 жылдың ақпан айында Орынбор басшылығы Кенесары ханға Долгов және Герн бастаған елшілік жіберуді қажет деп тапты. Олар Кенесарыны патша үкіметінің талабын орындауға көндіруге тиіс болды. Сонымен қатар барлау жұмыстарын жүргізуді де көздеді: біріншіден, олар Кенесары әскерлерінің қай жерлерде қаншалықты мөлшерде орналасқанын дәл білуі тиіс болды, екіншіден, Ырғыз бен Торғай өзендерінің бойында тағы қандай бекініс салуға болатынын анықтап қайту еді. Патша үкіметі мұндай шараларды жүзеге асыру арқылы көтерілістің орталық аймақтарына толық бақылау орнатуды көздеді. 1845 жылы Долгов пен Герн бастаған елшілік ханның ордасына жетті. Кенесарыға оның әйелі Күнімжан қайтарылды. Жүргізілген келіссөздер барысында Кенесарыға қабылдауға болмайтын шарт қойылды: көтерілісшілерге үкімет белгілеген шектеулі аймақ шегінде ғана көшіп жүруге рұқсат берілді. Кенесарының Ресейге толық бағынуы және соғыс қимылдарын біржолата тоқтатуы тиіс болды. Орынбор ведомствосына қарайтын қазақтардың барлығы да Ресей империясының азаматтары ретінде әрбір үйдің 1 сом 50 тиын мөлшерінде түтін салығын төлеп тұруы тиіс екендігі, ханның Орынбор қазақтарынан зекет алуына тыйым салынатындығы айтылды. Кенесарының қылмысты істерді қарауына рұқсат етілмейтіні ескертілді. Ханның қашқын орыс пен татар және башқұрттарды жасырын ұстауына тыйым салынатыны, оларды Ресейге қайтаруы тиіс екені туралы сөз болды. Кенесарының Ресейге «ұнамайтын» шет мемлекеттермен  және жеке тұлғалармен қарым-қатынастар жасауына рұқсат етілмейтіні де ескертілді. Кенесары Долгов пен Герн елшілігінің қойған шарттарының түпкі мақсаты оның хан лауазымын иеленуге құқығы жоқтығын тұспалмен түсіндіру екенін оп-оңай ұқты. Хан патша үкіметі қойған бұл талаптардың бірде-біреуін қабыл алған жоқ. Келіссөздер тұйыққа тірелді. Патша үкіметінің елшілігі көздеген мақсатына жете алмады. Елшілер кеткеннен кейін хан әскери кеңес  шақырып, енді Жетісу аумағына қарай көшуге шешім қабылдады.Патша үкіметі содан кейін-ақ Ырғыз өзені бойында Орал, ал Торғай өзені бойында Орынбор әскери бекіністерін салуға кірісіп кетті.Кенесары мен Қоқан хандығы қарым-қатынасының шиеленісіп кетуінің өзіндік себебі де бар еді. Өйткені Қоқан хандығының билеушілері 1836 жылы оның бірге туған бауыры Саржан сұлтанды, 1840 жылы әкесі Қасым төрені өлтірген болатын. Мұның өзі оның Қоқан хандығының билеушілеріне деген ыза-кегін өршіте түсті. Қоқан хандығына қарсы күресте Кенесары Жанқожа Нұрмұхамедұлы батырдың көмегіне сүйенді. 1845 жылы Кенесары хан Қоқан хандығының Жаңақорған, Жүлек және Созақ сияқты бекіністерін тартып алды. 1846 жылы Қоқанның және бір мықты бекінісі Меркіні де қолға қаратты. Содан бастап Қоқан хандығының қазақтарға озбырлық жасауы уақытша болса да тыйылды. Бірақ Кенесары өзіне Қоқан мемлекеті сияқты және бір қатерлі дұшпан тауып алды. Патша үкіметі Кенесары ханды Орынбор өлкесінен қалай да ығыстырып шығаруға ұмтылды. Соның салдарынан Кенесары Сарыарқаны тастап, көтеріліс орталығын Жетісу жеріне қарай ауыстыруға мәжбүр болды. Сібірдегі өкімет билігі Омбыдан генерал Винневский басқарған елеулі әскер күшін зеңбіректерімен қоса Жетісуға жедел түрде жіберді. Азық-түліктің тапшылығы Кенесарыны егіншілікпен айналысуға мәжбүр етті. Күші басым патша үкіметінің қысым жасауымен Кенесары Іле өзенінід оң жақ бетіне өтіп, одан әрі Алатаудың етегіне көшіп барды. Ал патша үкіметі оған Кіші жүз бен Орта жүз қазақтары тарапынан көмекке келетін жолды кесіп тастады. Ұлы жүздің СұраншыБайсейітТайшыбек сияқты батырлары Кенесарыға қолдау көрсетіп, көтерілісшілердің сиреп қалған қатарын толықтырып, едәуip күшейтті. Кенесары Қасымұлы Қытайға барып, бой тасалай тұруды да ойлады. Бірақ оның бұл әрекетін Қытай үкіметі қолдамады. Ресей империясымен қарым-қатынасымызды  бүлдіріп аламыз деген қауіппен Кенесарының өтінішін қанағаттандырудан үзілді-кесілді бас тартты. Қазақтардың арасында беделі күшті әрі жауынгер ханды қабылдаудың ешқандай да қажеті жоқ деп ойлады. Оның үстіне, бұл кезде Қытайдың өзі де қазақтармен діні бір ұйғыр және дүңгендердің көтерілістерінен мазасы кетіп, қатты аландаулы болатын. Көтерілісшілер қырғыз жеріне жақын келді. Бұл кезде қырғыздар Қоқан хандығының ықпалында болатын. Хан солтүстік қырғыз рулары білеуші манаптарының өзіне бағынуын талап етті. Бұл талаптар патша үкіметімен және Қоқан хандығымен одан әрі күрес жүргізу үшін күш біріктіру қажеттігінен туған еді. Хан қырғыздарға арнаған үндеуінде былай деп жазды: «Менің мұнда келгенімнің мақсаты, сендермен жауласу, қан төгісу емес, қайта қазақтар мен қырғыздардың басын қосып, оларды күшейту, Қоқанның қол астынан бөліп алу, қоқандықтардың қысымынан құтқару болып табылады». Қырғыздарда Шыңғысхан ұрпақтарына бағыну дәстүрі қалыптаспаған еді. Сондықтан да олардың ханға бағынуы, сөйтіп өздерінің тәуелсіздігінен айырылуы, әрине, қырғыз ақсүйектерінің ойына кіріп те шықпағаны әбден табиғи нәрсе еді. Оның үстіне, қырғыздар Абылай ханның қырғыз аумағына жасаған жорықтарын да ұмыта қойған жоқ болатын. Қырғыздар патша үкіметінің Сібір әкімшілігі тарапынан едәуір қолдау табатынын да сезді. Вишневский қырғыздарды Кенесарының ауылдарына шабуыл жасауға ашықтан-ашық айдап салды. Алатау қырғыздары Қоқан хандығының қолдауына сүйенді. Қырғыз манаптары ірі тайпа өкілдерін құрылтай жиналысына шақырды. Ықпалы күшті манап Орман барлық қырғыздардың билеушісі болып тағайындалды. Құрылтайға жиналған манаптар Кенесары ханның ұсынысын қабылдаудан ашықтан-ашық бас тартты. Кенесары ханның қырғыздарға қарсы аттанған екі мың сарбазы  жеңіліс тапты. Оның бір мыңы қырғынға ұшырады, екінші жартысы аш-жалаңаш, қару-жарақсыз, жаяу-жалпылап кері қайтты. Қазақ сарбаздарының бірқатары тұтқынға алынды. Мұның өзі қырғыздар тарапынан бұрын-соңды болып көрмеген батылдық пен қатыгездік болып шықты. Қырғыздар жағы қолға түскен тұтқындар үшін орасан зор көлемде  төлем талап етті. Кейінірек қырғыздар тарапынан келісім жасауға арнайы адамдар келді. Қазақтар мен қырғыздар арасында бейбіт келісім жасалды. Тұтқындар алмастырылды. Екі жақта бұдан былай бір-бірімен бейбіт көршілікте, тату-тәтті достықта тұруға серттесті. Бірақ қырғыздар көп ұзамай-ақ бұл келісімді бұзды, Кенесары ханның жақын серіктерінің бірі Саурық батырдың ауылына шабуыл жасады. Олардың бұл шабуылы қырғыз батыры Жаманқараның өлімі үшін кек алу мақсатымен ұйымдастырылған еді. Қырғыздар қазақтардың 700-ге жуық жылқысын айдап әкетті, Саурық батырды өлтіріп кетті. 1847 жылғы сәуірде Кенесары он мындай қолмен Қырғызстанның жеріне басып кірді. Қырғыздармен шайқас Ыстықкөл мен Шу өзенінің жоғарғы ағысы аралығында Кекілік сеңгір тауының қойнауында өтті. Таныс емес таулы шатқал арасында қазақтар абайсызда қоршауда қалып қойған болатын. Соңғы шайқас қарсаңында өткізілген әскери кеңесте Кенесары ханның серіктері қоршауды бұзып өтіп, ханның аман құтылуы туралы ұсыныс  жасады. Бірақ хан ол ұсыныстан біржолата бас тартты. Кенесары хан өз батырларын қоршауда қалдырып, жеке өзі қашып құтылуды ар санады. Сұлтан Рүстем мен Ұлы жүздің ықпалды биі Сыпатай жасақтарының кенеттен шегініп кетуі көтерілісшілердің жағдайын қиындатып жіберді. Тоқмаққа таяу жерде Кенесары 30-дан астам сұлтанымен және аз ғана сарбазымен күші басым қарсыласымен ерлікпен шайқасып, тұтқынға түсті. Көтерілісшілердің шағын тобы қоршауды бұзып шығып қашып құтылды. Қырғыз манаптарының бас қосқан жиынында қолға түскен ханды, сұлтандар  мен сарбаздарды өлім жазасына кесу ұйғарылды. Тұтқындағы хан манаптарды күш біріктіріп, Қоқан хандығы мен Ресей империясына қарсы күреске шақырды. Бірақ қырғыздар ханның сөзіне құлақ аспады. Кенесары мен оның інісі Наурызбай Қасымұлы осылай қаза тапты. Ресей зерттеушісі Л.Мейер қазақ жауынгерлерінің ең соңғы күндері туралы былай деп жазды: «Олар қырғыздармен үш тәулік бойы ерлікпен шайқасты, Сібір қырғыздары көмекке келіп жетер деген үмітте  болды. Бірақ патша үкіметінің жергілікті өкімет билігінің басшылары олардың келетін жолын бөгеп, тосқауыл қойып үлгерген еді. Үшінші тәулік дегенде көтерілісшілердің бір бөлігі қоршауды бұзып шығып, құтылып кете алды. Ханның көптеген сенімді серіктері түгелдей дерлік өлтірілді. Ханның өзі бірнеше сұлтандарымен бірге тұтқынға алынды және азапты ауыр жазаның салдарынан қаза тапты».Кенесарының және оның жақын серіктерінің көзін жоюға қатысқан қырғыз манаптарының бәрі де патша үкіметінің наградаларымен марапатталды. Халықтың сүйікті ханының қапылыста қалай қаза тапқанын ақын Нысанбай Жаманқұлұлы (1812-1871) «Наурызбай-Қаншайым» дастанында қайғылы сарында баяндайды.Әкесі Кенесарының бастаған ісін оның ұлы Сыздық сұлтан мен оған шын берілген батырлар жалғастырды. Ханның қазасы үшін кек алу мақсатымен қазақтар  Қырғызстан аумағына бірнеше рет әскери жорық жасады. Қазақтардың Кенесары хан бастаған ұлт-азаттық көтерілісі осылайша жеңіліс тапты. Кенесары ханның жасақтары Ресейдің жақсы қаруланған әрі күшті әзірліктен өткен тұрақты әскеріне қарсы тұра алмады. Оның үстіне, Кенесары бірнеше бағытта — патша үкіметіне, қырғыз манаптарына және Қоқан хандығына қарсы соғыс жүргізді. Мұның өзі оның негізгі күштерін едәуір шашыратты. Сұлтандар мен рубасыларының арасында ауызбірлік болмады. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының патша үкіметіне қарсы жаппай қатысқан бұқаралық соғыстарының бірі болды. Көтерілістің жеңіліске ұшырауы патша үкіметінің қырғыз жерлерін, Жетісудың аумағын және Оңтүстік Қазақстанды басып алуына жол ашты. Сондай-ақ Бұхара, Қоқан және Хиуа хандықтарын қосып алудың алғышарттары жасалды. Кенесары Қасымұлы қазақ халқының есінде талантты әскери қолбасшы, аса көрнекті мемлекет қайраткері ретінде қалды. Хан билігі іс жүзінде жойылған жағдайдың өзінде ол қазақтың үш жүзінің басын біріктіріп, қазақ мемлекеттілігін  қайтадан қалпына келтірді. Көптеген зерттеушілер Кенесарының ұлы Абылай заманындағы егеменді мемлекеттілікті қалпына келтіру үшін жасаған әрекеттерін жоғары бағалады. Оған патша үкіметі әкімшілігінің өкілдері де құрметтеп қарады, ресейлік ғалымдар Кенесарыны «бүлікшіл сұлтан», «Қырғыз даласының Митридаты» деп атап, оның іс-әрекеттеріне жағымды баға берді. Кенесары Қасымұлының өмірі мен қызметі болашақ ұрпаққа өшпес өнеге. Қазақтың жүрек жұтқан батыр перзенттерінің бірнеше ұрпағы мен XX ғасырдың бас кезіндегі ұлт-азаттық қозғалысының жетекшілері одан үлгі алып өсті. Кенесары Қасымұлының Астана қаласында тамаша ескерткіші, оның есімімен аталатын үлкен көше бар. Кенесары қазақ халқын бостандық пен тәуелсіздік жолындағы күреске жұмылдырды. Кенесары көтерілісі табысқа жетпесе де, оның ұлы істері халық есінде мәңгі сақталады.[1]XIX ғасырдың 20-жылдарында бұрынғы Бөкей хан мен Уәли ханның  иеліктерін біріктіріп, Қарқаралы округін құру едәуір саяси-әкімшілік жаңалықтар енгізді. Мұның өзі патша өкіметіне Орта және Ұлы жүз арасындағы жерлерді тездетіп отарлауға, оның қазақ даласындағы иеліктерін нығайта түсуге мүмкіндік берді. Патша өкіметінің бұл шаралары қазақ  халқының мүддесіне қайшы келетінін, бара-бара қазақ мемлекеттілігінің жойылатынын қазақ халқының көреген қайраткерлері болжай білді. Уәли хан өлгеннен кейін ханның жесірі, ұлы ғалым Шоқан Уәлихановтың әжесі ақылды, көреген, өз заманына лайықты сауаты бар Айғаным патша үкіметінің Сыртқы істер министрлігінің Сібір комитетімен және Азия департаментінің шенеуніктерімен жиі хатхабар алысып тұрды. Бірақ Айғаным қанша қабілетті болғанымен, халықтың патша өкіметіне деген қарулы наразылығына басшылық ете алмайтын еді. Осындай күрделі де қиын міндет Абылайдың отыз ұлының ең кішісі Қасым сұлтанға жүктелді. Оның бел балалары — Саржан, Есенгелді, Ағатай, Бопай, Құшақ және Кенесары бәйбішеден, ал Наурызбай тоқалдан туған еді. Бұлар патша өкіметінің Қазақстанды отарлауына қарсы жиырма жыл бойы жүргізілген ауыр да қиын күрестің белсенді қатысушылары, ал Саржан, Есенгелді, Кенесары сол күрестің ұйымдастырушысы әрі басшылары ретінде тарихта қалды. Осы ұлт-азаттық қозғалыстар патша өкіметінің режіміне аса зор моральдық-саяси апат әкелді. Патша өкіметінің округтік тірек пункттер құру туралы шешіміне ашық қарсы шығып, Көкшетау өлкесіне беделімен белгілі болған Қасым сұлтан еді. Ол өзінің 1825 жылы 14 маусымда Орынбор генерал-губернаторына және басқа да жоғары биліктегі шенеуніктеріне жазған хаттарында патша өкіметінің, оның Омбыда отырған облыстық бастығының қазақ жерінде қазақтарды отарлау үшін салдырып жатқан тірек пункттерін жоюды талап етті. Мұндай өзгерістер жасау үшін, Абылай заманынан бері сақталып келе жатқан тәртіп бойынша, сол өлкенің сұлтандарының, старшындарының келісімін алу керек деп көрсетті. Хаттың соңында патша ағзамнан қазақтар мен оның болыстарына бұрынғыша, Абылай заманындағыдай, өз салт-дәстүрімен тыныштықта өмір сүруіне мүмкіндік беруін сұрады. Орынбор губернаторының бұл хатқа теріс жауап беруі Қасым сұлтанды алған бетінен қайтара алмады. Ол бұдан кейін де патша губернаторларына хат жазып, казак отрядтарын қазақ даласына жіберіп, әскери-тірек базалар салуды тоқтатуды талап етті. 1826 жылғы 18 сәуірдегі хатында жазалаушы отрядтың бейбіт ауылдарға шабуыл жасап, халыққа көп зардап шектіргенін жазады. Орталық және Солтүстік Қазақстанды қамтыған көтерілістің кең етек алуына сұлтандар Ғұбайдолла мен Саржан себепкер болды. Бірақ Ғұбайдулланы патшаның өкімшілік орындары қолға түсіріп, Сібірдегі бір алыс қалашыққа жер аударады. Мұның өзі бүкіл Орта жүзді қамти бастаған қозғалысты бәсеңдете алмады. Ал Қарқаралы округінің ауылдарында қозғалыс күшейе түсті, бұған әсер еткен Қарпық болысындағы көтерілістің өршуі еді. Бұл болыс Саржан сұлтанның иелігінде болатын. Саржан жасақтарының арасында жас сұлтан Кенесары да бар еді. Ол сол кездің өзінде-ақ бостандық туралы ойларымен көзге түсті, кейін Орталық Азиядағы түркі халықтарының «тәуелсіздік жолындағы күрескері» болды. Саржан сұлтан бөлек-бөлек әрекет етіп жүрген жасақтарды біріктіріп, патша өкіметінің қазақ жерін отарлау саясатына қарсы белсене күресті. Жазалаушы отрядтың қысымынан ығысып, әрі Қоқан бектерінің Ресей отарлаушыларына қарсы бірігіп күресеміз дегеніне сеніп, ол өзін қолдаушылармен бірге Қоқан хандығының иелігіне барып қоныстанады. Алайда Қоқан бектері бұрын берген уәделерінен тайып, әрі патша өкіметіне жақсы көріну үшін, 1836 жылы Саржан сұлтан мен оның қасындағыларын жауыздықпен өлтіреді. 1840 жылы сол Қоқан билеушілерінің арандатуынан Қасым сұлтан мен оның жақындары қаза табады. Алайда Қасым сұлтан мен оның балаларының отаршылдыққа қарсы бытыраңқы сипатта жүргізген күресі тоқтап қалмады. Қайта оны әлдеқайда ұйымдасқан сипатта әрі кең көлемде Кенесары (1802—1847 жж.) сұлтан жалғастырды.Қазақстанның Абылай хан кезіндегі аумақтық тұтастығын қалпына келтіру әрі Ресейдің құрамына кірмеген жерлерді сақтап қалу.Патша өкіметінің Қазақстандағы отаршылдық саясаты, Орта жүзде хандық билікті жойып, ресейлік әкімшілік басқарудың жүзеге асырыла бастауы, осылардың салдарынан қазақ халқының, әсіресе шаруалардың жағдайының нашарлай түсуі.Қазақ жерін әскери отарлаудан, яғни Ресей бодандығынан, Қоқан бектерінің озбырлығынан құтқаруға бағытталған азаттық жолындағы күрес болды. Қазақ шаруалары. Сонымен қатар тәуелсіздікті қалпына келтіру жолындағы күреске қатартағы егіншілер де, старшындар да, сұлтандар да ат салысты. Әрине, оған қатысқан үстем тап өкілдерінің мақсаттары бірыңғай емес еді. Жасақшыларға қолбасшылық еткендер арасында Ағыбай, Иман (Амангелді Имановтың атасы), Басығара, Аңғал, Жанайдар, Жеке, Сураншы, Байсейіт, Жоламан Тіленшиев, Бұқарбай сияқты әйгілі халық батырлары болды. Көтеріліске қатысқандар арасында орыстар өзбектер қырғыздарбашқұрттартатарлар да кездесетін. Кенесары Қасымұлы тарих сахнасына Абылай ханның ісін жалғастырушы болып енді. Патша өкіметінің отарлау саясатында 1822—1824 жылдардағы Сібір, Орынбор қазақтары туралы Жарғылар қабылданғаннан кейін, Қазақстанның қалған аудандарына қауіп төнген болатын. Сондықтан ұлт-азаттық қозғалысын басқаруға талап қылған Кенесары сұлтан қазақтың қалған жерін отарлаудан сақтап қалуға әрекет жасады. Бірақ ол бұл әрекетін әуелі бейбіт жолмен шешуді көздеді. Үкімет әскерінің өздерінің ауылдарына бірнеше рет шабуыл жасағанына қарамастан, Кенесары патша үкіметінің Қазақстаңдағы өкілдеріне бірнеше рет хат жазып, өздеріне қоныстарын қайтаруды сұрайды. «Біздің ата-бабамыз, — деп жазды Кенесары, — бізге мұра етіп қалдырған Есіл, Нұра АқтауӨртау, ҚарқаралыҚазылықЖарқайыңОбағанТобыл, Құсмұрын, Оқият, Тоғызақ төңірегі және Жайыққа дейінгі жерлер қазіргі патшаның тұсында бізден тартып алынып, оларға әскери бекіністер салынды. Енді біздің жерімізді күн сайын басып алып, оған бекіністер орнатып жатыр. Бұл әрекет халықты барынша ашындырып отыр. Мұның өзі біздің болашағымызға ғана емес, қазіргі тіршілігімізге де зор қауіп туғызып отыр». Бірақ бұған патша да, оның Қазақстандағы әкімдері де құлақ аспай, қайта отаршылдықты үдете түседі. Орынбор генерал-губернаторына жазған хаттарында: «Мен өзімнің қазақтарым егін егу, аң аулау жөне басқа да бейбіт кәсіптермен шұғылданған кезде ғана тыныш өмір сүре аламын» десе, енді бір хатында патша әкімдерін достық-татулық қатынаста болуға шақырады: «Біз достық пен ынтымақта өмір сүрсек, қандай жақсы болар еді», — дейді. Кенесары Қасымұлы патша өкіметімен келісу әрекетінен еш нәтиже шықпағаннан кейін, қару алып күресуге бел байлайды. Бұл туралы патшаның өкімет орындарына жазған соңғы хаттарының бірінде: «1825 жылдан 1840 жылға дейін патша өкіметінің әскерлері біздің ауылдарымызды он бес рет шауып кетті. Сондықтан біздер, қазақтар, мұндай қысымға, талан-таражға, кісі өлтірушілікке шыдай алмай, лажсыздан басымыздың ауған жағына көшіп жүрдік. Бірақ олар сөйтсек те тыныштық бермеді. Сол себепті де мен — Кенесары Қасымұлы, қаруланып алып, ұлы күресті бастауға аттандым», — дейді. Сол тарихи кезеңде Қазақстанда қалыптасқан қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономиқалық жағдайда бұл ұлт-азаттық қозғалыстың да түпкілікті жеңіске жетуі мүмкін емес еді. Ресей империясының қуатты, тұрақты әскери күші бар екенін былай қойғанда, жеңілудің басқа да себептері болды. Көтеріліске қатысқан үстем тап өкілдері арасында ауызбіршілік болмады. Өзін қолдамаған туыстарымен, қазақтың ауқатты топтарымен, Қоқан хандығымен, ақырында қырғыз ағайындармен күресіп, Кенесары өз күшін әлсіретті. Жікке бөлінген қазақ рулары көтерілісті көбіне өз аймақтарында қолдап, басқа аймақтарға ауысқанда, әсіресе Қоқан және Қырғыз жеріне басып кіргенде, оған қосылмады. Өзін қолдамаған ауылдарды қатаң жазалауы да көтерілісті әлсіретті. Бұл ұлт-азаттық қозғалыстың маңызы зор, ол Орталық Азия мен Қазақстан халықтарының тарихында өшпес із қалдырды, кейінгілердің азаттық, тәуелсіздік жолындағы күресіне үлгі-өнеге әрі тарихи сабақ болды. Кенесарының күресі, оның өзінің халықтың мақсат-мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, ақылды саясаткер ретіндегі сирек кездесетін қасиеті XIX ғасырдың өзінде-ақ халық тарапынан қадірлеушілік туғызды. Патша өкіметі тұсында бұл қозғалыстың мүлде сөз болмауы, ал бола қойса, оны бұрмалап теріс түсіндіру себептері белгілі. Кеңес өкіметі түсында да бұл қозғалыс кертартпа, хандық-феодалдық мемлекетті көксеушілік деп теріс түсіндірілді. Оны тарихи шындық тұрғысынан дұрыс бағалаған ғалымдар қуғын-сүргінге ұшырады. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін ғана Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалыс өзінің шын бағасына ие болды. Осы қозғалыстың басы-қасында болған Кенесары хан мен оның басқа да қаруластарының есімдері тарихтан лайықты орнын алуда.
49. Ресей әскерлерінің қазіргі Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жасалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Ол көтерілістер кезінде халықтың қалың бұқарасын атақты батырлар Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды. Арал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейте түскен мемлекеттердің бірі Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті1814 жылы Түркістанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтардың  Ақмешіт  бекінісі  Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Ақмешіт бірте-бірте сауда керуен жолдары үстіндегі аса ірі әскери бекіністердің біріне айналды. Ол Ташкент, Бұхара және Хиуадан  Троицк,  Атбасарға, Батыс Сібір қалаларына өтетін көпестердің керуендерін бақылап отырды. Қоқандықтар Ақмешіт пен басқа да бекіністер аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналатын алым-салық түрлерін ауырлатып жіберді. Мәселен, әр отбасы жыл сайын салық ретінде Қоқан үкіметіне 6 қой, 4 арба сексеуіл, 1000 бау қамыс төлеп тұруға тиіс болды. Мұның өзі жергілікті тұрғындардың материалдық жағдайын нашарлата түсті. Бұл мәселені қоқандықтармен бейбіт жолмен келісім жасасу арқылы шешу әрекеттерінің сәті түспеді. Сыр бойы қашқтарына қарсы бағытталған Қоқан өктемдігін тоқтату үшін Қасым сұлтан мен оның ұлы Саржан сұлтан күш салып бақты. Бірақ ол екеуі де қоқандықтардың қолынан сатқындық зұлымдықпен қаза тапты. Қоқандықтардың қазақ даласына зұлымдықпен шабуыл жасап тұруын тоқтату мақсатымен атақты хан Кенесары Қасымұлы Қоқан хаңдығының аумағына бірнеше рет жорық жасады. Қазақ даласына тереңдеп ену әрекеттерін Хиуа хандығы да жасады. Мәселен, 1835 жылы ол Қуаңдария өзені бойында Құртөбе әскери бекінісін салды. Ондағы әскери гарнизонда 200 солдат болды. Ал Сырдария өзенінің сол жағалауында Қожанияз және Жаңақала  әскери бекіністері бой көтерді. Шекара шебіне таяу тұратын қазақтардан зекет, ұшыр және басқа да алым-салық түрлерін жинап алу үшін Хиуа хандығы оларға мезгіл-мезгіл әскери жасақтар жіберіп отырды. Салық төлеуден бас тартқан жағдайда  жазалаушы жасақтар қазақ ауылдарын қырып-жойып, тонап кетіп жүрді. Қазақтардың әйелдері мен балаларын күң және құл ету үшін айдап әкетті. Хиуаның ірі шапқыншылықтарының бірі 1847 жылы болды. Ол жолы Хиуаның 1500 сарбазы бар әскери қолы жергілікті қазақтардың 1000-нан астам шаруашылығын тас-талқан етіп, ойрандап кетті. Ал келесі жылы қазақтардың 2500-ден астам отбасы тап осылай ойрандалып, тонауға ұшырады. 500-ге тарта қазақ қаза тапты. Көптеген адам тұтқын болып, құлдыққа сатылып кетті. Хиуалықтардың қорлығы мен қысымына шыдамаған қазақтардың бір бөлігі Қарақұм мен Ырғыз өзені жаққа көшіп кетті. Хиуалықтар мен қоқандықтардың езгісіне төзгісі келмеген Сыр бойының қазақтары өздерінің бостандығы жолындағы күреске шықты. Арал маңындағы қазақтардың хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы, одан сәл кейінірек Ресейдің әскери күштерінің орналаса бастауына қарсы ұлт-азаттық күресін халық арасынан шыққан белгілі батыр Жанқожа Нұрмұхамедұлы (17801860) басқарды. Жанқожа Нұрмұхамедұлы өзінің бүкіл өмірін Арал маңы қазақтарының тәуелсіздігі жолындағы күреске арнады. Жанқожа Кішкене шекті руының басшысы еді. Рулас туыстары оны жеке басының батылдығы, ерлігі және қаһармандығы үшін құрмет тұтты. Оның дүлей қара күші де, ат құлағында ойнайтын шебер шабандоздығы да бар еді. Сыр бойының қазақтары оны ақылды әрі әділетті би ретінде таныды. Батырдың өзгелерден бір ерекшелігі ол дінге берілген иманды кісі еді. Белгілі ғалым әрі қоғам қайраткері М. Тынышбаев ол туралы былай деп жазды: «Барлық үш жүзге ортақ батыр әрі би, қазақтардың бостандығы жолындағы атақты күрескер Жанқожа батыр орыстарды да, хиуалықтарды да, қоқандықтарды да мойындамады». Атап айтқанда, батыр хиуалықтарға бағынбады. Көп шайқастардың бірінде ол өзінің соңына түсіп, қуып келе жатқан хиуа жасақтарын жалғыз өзі тас-талқан етіп жеңіп шығады. Сол жолы өзі де 8 жерінен жаралы болады. Осы бір жүрек жұтқан ерлігі үшін халық оны қадір тұтып, сый-құрметке бөледі. 1835 жылы ол Хиуаның Бабажан бекінісін шауып алды. Жанқожа қол астындағы адамдарға әділ басшылық етті, оларға қатаң талаптар қоя білді. Парақорлар мен ұрыларды өлім жазасына кесті. Ол қарапайым дене еңбегінен ешқашан бас тартып көрген емес. Жанқожа батыр егін даласында, тоған құрылысында, арық-атыз, канал қазуда да өз руластарымен бірге аянбай еңбек етті. Оның атақ-даңқы бүкіл қазақ даласына жайылды. Жанқожа Кенесары Қасымұлымен туыстық қарым-қатынас орнатты. Хан оның қызына үйленді. Атақты батыр XIX ғасырдың бірінші жартысында Хиуаның қатаң тепкісіне қарсы күрескен хан Арынғазы Әбілғазыұлының ісін жалғастырып, алға алып барушы болды. 1836 жылы Жанқожа жауынгерлерімен бірге Хиуа әскерлеріне қарсы күреске шығып, олардың ірі бекініс-қамалы Бесқаланы тас-талқан етіп қиратты. 1843 жылы Жанқожаның жасағы Хиуаның Қуаңдариядағы бекінісінің де тас-талқанын шығарды, ал 1845 жылы Хиуаның құрамында екі мың сарбазы бар ірі жасағын ойсырата жеңді. Жанқожа Қоқан хандығының Сырдарияның төменгі ағысы бойындағы Жаңақорған, КүмісқорғанШымқорған және Қосқорған сияқты әскери бекіністеріне де шабуыл жасады. Ол Кенесары Қасымұлының әскери жасақтарымен белсенді байланыс жасап тұрды. 1845 жылы Жанқожа батыр Кенесары ханның өтініші бойынша Созақ әскери бекінісін басып алуға қатысты. 1847 жылы көтерілісшілер Сырдарияның сол жақ бетіне өтіп, Хиуаның және бір бекінісін — Жаңақаланы басып алып қиратты. Батыр мен оның жақын серіктері хиуалықтар бұрын қазақтардан тартып алып кеткен 3 мың түйені, 500 жылқыны, 2 мың мүйізді ірі қараны және 52 мың қойды қайтарып алды. Кейінірек Жанқожа батырдың Қоқан хандығымен көп жылға созылған тартысты оқиғалары басталды. Қоқандықтар 1851 жылы қазақтардың көп малын күшпен айдап алып кетті. Жанқожа батыр Ақмешітке дейін жорық жасады, қоқандықтардың әскери жасағын талқандады, Қосқорған бекініс-қамалын басып алды. Жергілікті қазақтар Қоқан езгісінен азат етілді. Батыр Хиуа мен Қоқанға қарсы күресіп жүрген кезде Орынбор жақтан Маңғыстауды басып өтіп, Сырдарияны бойлап, Ресей империясының әскери жасақтары ілгері жылжып келе жатты. Патша үкіметінің әкімшілігі барлық жаулап алынған аумақтардағы сияқты Сырдарияның төменгі ағысы бойында да әскери бекіністер сала бастады. Жаңа салынған әскери бекіністерге Орынбор мен Жайық шөбінен қазақтарды, сондай-ақ башқұрттардың отбасыларын көшіріп әкеліп, орналастыра бастады. 1848 жылы Райым бекінісі төңірегінде Орынбор қазақтарының 26 отбасы тұрып жатты. Қоныс аударып, көшіп келушілердің қатары жыл санап арта түсті. Көшіп келгендердің бәрі де Сырдарияның жағасындағы ең құнарлы әрі жақсы суарылатын жерлерге орналастырылды, жергілікті халық өздерінің ежелгі ата-бабасының жерлерінен біртіндеп ығыстырыла бастады. Соның салдарынан Сыр бойындағы диқан қазақтар енді жаңадан тың және тыңайған жерлерді игеруге мәжбүр болды. Олардың бірқатары қоныс аударып келгендердің және шенеун іктердің шаруашылықтарына жалданып жұмыс істей бастады.Райым бекінісі таратылғаннан кейін қоныс аударып келген қазақтар 1855 жылы Қазалы қамалына көшірілді. Олар мұнда келгеннен кейін де ең жақсы, құнарлы, суармалы жерлерге ие болды. Оларға бұрынғысынша үлкен артықшылықтар мен жеңілдіктер берілді. Қарапайым қазақтардың арасындағы наразылық жыл өткен сайын күшейе түсті де, ақырында ол Ресейдің әскери әкімшілігінің озбырлық іс-әрекеттеріне қарсы ашық күреске ұласты. Ресейдің Арал маңындағы аймақтарды Орта Азия хандықтарының езгісінен азат етуі халықтың жағдайын жақсарта алған жок. Патша үкіметі қазақтың әрбір отбасына 1,5 сомнан салық салды. Қазақтардың суармалы жақсы жерлерін қоныс аударушылар мен шенеуніктерге тартып алып беру одан әрі жалғастырыла түсті. Міне, бұл жағдайлардың бәрі де қазақтарды Ресейдің отаршыл өкімет билігіне қарсы барған сайын белсендірек күресуге мәжбүр етті. Хиуалықтарға және қоқандықтарға қарсы күресте Жанқожа батыр ресейліктермен уақытша одақ құруға мәжбүр болған еді. Жанқожа батырдың 1847 жылы Хиуаға қарсы күресін майдаланып қалуға тырысқан патша үкіметі оны өз жағына тартуға күш салып бақты. Осы мақсатпен оған Шекара комиссиясының есебінен жыл сайын 200 сом мөлшерінде жалақы төлеп тұру белгіленді. Оған Қарақұм мен Сырдария жағасындағы Борсыққұм қазақтарының басқарушысы деген лауазымды қызмет те ұсынылды. Ресей жоғарғы өкімет билігінің атынан батырға жасауыл деген атақ та берілді. Бірақ Жанқожа батыр патша үкіметі ұсынған барлық атақ, жалақы, қымбат бағалы сыйлықтардан да біржолата үзілді-кесілді бас тартты. Патша үкіметі Жанқожа батырды Кіші жүздің билеуші-сұлтандарына бағынышты етуге де тырысып көрді. Бұл қитұрқы әрекеттер батырдың патша үкіметінен іргені аулақ салуына себеп болды. Өйткені оның патшаның қолшоқпар шенеуніктеріне айналған сұлтандарға бағынуы тіпті түсіне де кірмейтін жиіркенішті нәрсе болатын. 1856 жылдың желтоқсан айында Сыр бойы қазақтарының Ресейге қарсы қарулы көтерілісі басталды. Бұған түрткі болған себеп ресейлік солдаттардың жергілікті үш қазақты кірпіш зауытының пешіне тірідей жағың жіберуі еді. Көтеріліске шыққандардың жалпы саны 3 мың адамға дейін жетті. Көтерілістің орталығы бұрынғы хан ордасы орналасқан Жаңақала болды. Көтерілісшілердің басым көпшілік бөлігі жаяу адамдар еді. Олардың қару-жарағы жер өңдейтін кетпен мен ұзын сапты шотсойылсадақнайзалардан құралды. Оқ ататын аз ғана мылтықтары бар еді. Жанқожа батыр жедел қимыл жасай алатын бірнеше топ құрды. Олардың әрқайсысының қатары 150— 200 адамнан тұрды. Көтерілісшілер жасағы Қазалы маңына, Перовск бекінісіне таяу жерлерге орналастырылды да, белгі берілген кезде күтпеген жерден бірден лап қойып, шекара шебіне шабуылға шықты. Дұшпанның адам күші елеулі шығынға ұшырады. 1856 жылғы желтоқсан  айының аяқ кезінде Қазалы қамалы қоршауға алынды. Жергілікті тұрғындар барлық бәленің басы осы қамалда жатыр деп ойлайтын. 1857 жылғы қаңтарда көтерілісшілердің саны 5 мың адамға жетті. Бұларға қарсы Фитингофтың отряды қарсы шабуылға шықты. 300 қазақ, 320 жаяу солдаттан құралған жазалаушылар отряды зеңбіректер және ракеталы станоктармен қаруланған болатын. Жазалаушы әскер мен көтерілісшілер арасындағы шешуші шайқас 1857 жылғы 9 қаңтарда  Арықбалық шатқалында өтті. Көтерілісшілерді жігерлендіру үшін олардың алдында желбірете ақ ту ұстаған Жанқожа батыр келе жатты. Бірақ батырдың нашар қаруланған жасағы от шашқаң зеңбіректің снарядына және мылтықтың калың оғына төтеп бере алмады. Көтерілісшілер қосыны басып алынды, мал-мүлкі талан-таражға түсті. 20 мың бастан астам малы айдап әкетілді. Көтерілісшілердің бытыраңқы топтары Қуаңдарияға қарай шегініп кетті, одан әрі Бұхара  мен  Хиуа асуға мәжбүр болды. Көтерілістің негізгі күштері жеңілгеннен кейін Жанқожа батыр Хиуа ханына өтініш жасап, хандықта тұратын қазақтардан, қарақалпақтардан және түрікмендерден әскери жасақ құрап беруді сұрады. Ондағы ойы Қазалы қамалына қайтадан шабуыл жасау еді. Бірақ Хиуа ханы оның өтінішін қабыл алмады, Жанқожа батырдың күшейіп кетуінен қорықты. Патша үкіметінің әскери әкімшілігі Жанқожа Нұрмұхамедұлының көзін жою үшін арнаулы жазалаушы әскер жіберді. 1860 жылы жазалаушы әскер Қызылқұмның ішіндегі Жанқара көлінің басында отырған Жанқожа батырдың ауылын қоршауға алды. Қанды шайқастың барысында 80-нен асқан Жанқожа батыр жазалаушылардың оғынан қаза тапты. Батырдың өмірден өтер кездегі соңғы сәтін Л. Мейер былай деп суреттейді: «Қарт батыр оқ өтпейтін сауытын киіп, қару-жарағын асынып, үйінен шығып үлгерді. Бірақ аты жоқ екен. Ажалымның жеткен жері осы екен деп, ол бір төмпешіктің үстіне аспай-саспай шығып алды да, өз иманын өзі үйіріп, дұға оқи бастады... зулаған оқтар... көпке дейін оның сауытынан өтпей, тайқып ұшып, кері түсіп жатты. Ақырында бір оқ оның мойнына дәл тиіп, қарт батырдың өмірін қиып кетті». Кузьмин бастаған жазалаушы отряд көтерілісшілердің 164 ауылын ойран сала шауып, аяусыз тонады, үйлерді өртеп, малдың бәрін айдап әкетті.  Көтеріліске белсене қатысқандар жазалау шаралары кезінде қаза тапты. Мал-мүлкі түгел тоналған шектілер ашаршылыққа ұшырады. Олардың бір бөлігі Хиуа хандығы жағына өтіп кетті, енді бір бөлігі әскери бекіністерге қайта оралып, аштан қырылып қалмаудың қамын жасады. Жанқожа батырды оның парасаттылығы мен ер жүрек батырлығы үшін орыс әскерилерінің өздері де қатты сыйлайтын. Сыр бойының қазақтары оны қасиетті адам деп санайтын. Халықтың сүйікті ұлы болған оны зор құрметпен жерледі. Сыр бойындағы қазақтардың ұлт-азаттық қозғалысын басқарған батырлардың бірі Есет Көтібарұлы (1807-1888) болды. Ол өзінің батырлығымен, орасан зор дене күшімен, парасатты ақыл-ойымен, қызыл тілге шешендігімен, сондай-ақ ат құлағында ойнайтын шабандоздығымен халыққа ерекше танылған еді. Оның әскери қолбасшылық өнерге шеберлігі, бір орыннан екінші орынға жедел ауысып кете алатын тактикалық тапқырлығы жақсы қаруланған, күші басым орыс әскерлерін қапыда қалдырып, талай рет жеңіске жеткізді. Есет Көтібарұлы ғажайып шешен адам болатын, өз тындаушыларын үйіріп әкетіп, ерлік күреске жігерлендіре білетін. Ағылшын зерттеушісі Бульжер Демитриус Чарлз Есет батырдың өз руластарын патша үкіметіне қарсы күреске жігерлендіре шақырғаны туралы жазды: «Рас, олардың аттары мен қаруы бар. Aт пен қару бізде жоқ деп кім айта алады? Біздің мұхит түбіндегі құмның қиыршығы сияқты көп екеніміз өтірік пе? Өздерің мойын бұрып қараңдаршы: шығыс пен батыста, солтүстік пен оңтүстікте де қаптаған қалың қазақтардыды көретіндерің анық. Сөйте тұра неге біз aт төбеліндей өзге жатжерліктерге бағынуға тиістіміз?!» 1838 жылы Есет батыр Ресейдің Елек бекінісіне шабуыл  жасауға қатысты. Ол 1847-1848 жылдары Жанқожа Нұрмұхамедұлымен бірге Хиуа және Қоқан басқыншыларына қарсы белсене күресті. 1847 жылдың жазында Жем өзенінің бойында Есет батыр патша үкіметінің жазалаушы әскеріне тұтқиылдан шабуыл жасады. Батырдың Ресей әскеріне шабуылдары кейін де жалғаса түсті. Патша әкімшілігі Есет батырға қарсы бірнеше рет жазалаушы әскер жіберді. Алайда туып-өскен елінің жер жағдайын жақсы білетін ол жазалаушы отрядты адастырып, оларға таптырмай кетіп жүрді. Оның үстіне, өз жігіттерін екі топқа бөліп, дұшпанды  қапыда қалдырумен болды. Есет батырдың жігіттері Ресейдің сауда керуендері мен жазалушы әскерлеріңе батыл да сәтті шабуылдар жасап отырды.1855 жылы ол отаршыл әкімшіліктің жергілікті қолшоқпары билеуші-сұлтан Арслан Жантөреұлын өлтірді. Патша үкіметінің сауда керуендері мен бекініс-қамалдарына шабуыл жасауын үдете түседі. Есет Көтібарұлының тарапынан Хиуамен әскери одақ құру жөнінде жасаған ұсынысы сәтсіз аяқталды.Ресеймен жиырма жыл бойы жанқиярлықпен күрес жүргізген Есет батыр 1858 жылы өз еркімен Ресей империясының бейбіт келісім жасасу жөніндегі шартын қабылдады. Өйткені ол Ресейдің аса қуатты әскери машинасына қарсы бұдан әрі күрес жүргізудің пайдасы жоқ бос әурешілік болып шығатынын түсінді. Патша үкіметі оның бұған дейін Ресей империясына қарсы жүргізген күресіне кешірім жасады. Батыр үй басынан алынатын түтін салығынан босатылды. Кейінірек ол тіпті Торғай облысындағы Ырғыз  уездік бастығының көмекшісі қызметіне тағайындалды. 1873 жылы Хиуаға қарсы жасалған жорыққа Ресей әскерлерінің құрамында белсене қатысты. Көтерілісшілердің жеңіліс табуының басты себебі — олардың қару-жарағы нашар, күрес тактикасы ескі болатын. Арал маңындағы қазақтардың көтерілісі  жергілікті сипат алды. Патша үкіметі бұл кезге дейін көптеген әскери бекіністер салып үлгерді, сондай-ақ Қоқан хандығының бекіністерін де жаулап алған болатын. Бұл аймаққа патша үкіметі қыруар қару-жарақ, соның ішінде зеңбіректер де жеткізген еді. Аймақтағы Ресей әскерлерінің саны жыл сайын арта түсті. Көтерілісшілердің бір мезгілде Ресейге, Қоқан мен Хиуаға қарсы  күрес жүргізуі олардың күшін әлсіретті. Оның үстіне, Ресей әскері Жетісу жағына да келіп, патша үкіметінің бұл аймақтағы күш-қуатын арттыра түсті. Жанқожа Нұрмұхамедұлы мен Есет Көтібарұлы бастаған көтерілістердің тарихи маңызы зор болды. Ол көтерілістер Орта Азия хандықтары мен Ресей империясының отаршылдық езгісіне қарсы бағытталды. Халық  көтерілістері  қазақ халқының бойында бостандықты аңсаған рухтың өшпегенін, тәуелсіздік пен азаттыққа деген ұмтылысының зор екенін көрсетіп берді. Қазақ батырлары, өз бастарын қатерге тіге отырып, XIX ғасырдың 60-жылдарындағы әкімшілік реформа басталар қарсаңында отаршыларға қарсы күрес әрекеттерін жүзеге асырды. Бұл көтерілістер патша үкіметінің Орта Азия мемлекеттерінің аумағын жаулап алу үрдісін біраз уақытқа тоқтатты
50. 1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды. 1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генерал-губернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады. 2. Басқарудағы өзгерістер: 1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генерал-губернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды. 3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды 4. Салық жүйесіндегі өзгерістер: 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет