Байланысты: аза стан аума ында ы тас асырыны археологиялы ескерткіштер е
71. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру – Кеңестік жүйенің қазақ қоғамын дәстүрлі даму жолынан тайдыру үшін жүзеге асырған саяси-шаруашылықтың шаралары. Алғашқы жылдардан бастап-ақ Қазақ өлкесінің табиғи-климаттық және әлеуметтік ерекшеліктерін ескере қоймаған кеңестік әміршіл-әкімшіл жүйе 20-жылдардың ортасына қарай көшпелі қазақ шаруаларының отырықшыландыру мәселесіне назар аудара бастады. Бүкілресейлік ОАК пен РКФСР ХКК 1924 жылы 17 сәуірдегі ережесі бүкіл елде шаруалар қожалықтарын күшпен ұжымдастыру науқанына ықпал жасады. Жаңадан құрылатын колхоздар көшпелі және жартылай көшпелі бола алмайтын еді. Оның үстіне бүкіл одақтағы барлық көшпелі және жартылай көшпелі шаруалар қожалықтарының 80 %- ға жуығы осы қазақ жерінде болатын. Мемлекеттік жоспарлау бойынша Қазақстандағы көшпелі және жартылай көшпелі шаруашылықтар сандары 706 мыңды, жұмыс істеуші 7 млн-нан астам адам құрады. Қазақстан өлкелік партия комитетінің бюросы 1929 жылы 6-қарашадағы мәжілісінде 1929 – 1930 жылдар, яғни отырықшыландырудың алғашқы жылында, осы шарамен кем дегенде барлық қожалықтардың 12 %-ын қамтуды ( 84000-нан астам) жергілікті органдарға міндеттеді. Қаулыда көшпелі тұрмыстың «социалистік құрылыспен үйлесе алмайтындығы» тағы да атап көрсетілді. Өлкелік партия комитетінің 1930 жылы 19 –қаңтардағы қаулысы бұл жұмысты жаппай ұжымдастыру негізінде күшейте түсу қажеттігіне баса назар аударды. Көшпелі және жартылай көшпелі қазақ шаруаларын отырықшыландыру туралы мәселе Қазақ АКСР ОАК-нің 1930 жылы қаңтарда болып өткен 2-сессиясында жан-жақты әңгіме болып, онда «Қазақ халқын отырықшыландыру жолдары туралы» арнайы қаулы қабылданды. Онда қабылданған шешімдері орындау үшін Қазақ АКСР ХКК-нің жанынан Отырықшыландыру жөнінде тұрақты комитет құрылды. 1930 жылға арналған отырықшыландыру аудандарын анықтау туралы мәселе осы комитеттің ақпанда болған мәжілісінде арнайы қаралды. Бірінші бесжылдықта 380 мың қазақтың көшеплі және жартылай көшпелі қожалықтарын отырықшыландыру көзделді. Алайда, шын мәнінде, осы кезеңде нақты отырықшыланғандар 70,5 мың ғана қожалық болып шықты. Бұл отырықшыландыруға тиісті қазақ қожалықтарының 17,6 % ғана еді. Қазақстан басшылығы отырықшыландыру үрдісін Бүкілодақтық екпінді шараға айналдыруға барынша күш салды. Осы мақсатпен жергілікті жерлерде Қазақстан одақтағы көшпелі халықтар арасындағы отырықшыландыру пионері болуы тиіс ұсыныс та белең алды. Алайда, мұның ешқайсысы да одақтық үкімет тарапынан қолдау таба қойған жоқ. Орталық бұл жылдары жаппай ұжымдастыру шараларын жүргізуді алғашқы орынға қойды. Республика басшылығының ұжымдастыруды отырықшыландыру негізінде жүргізу туралы ұсыныстары қабылданбай, керісінше «жоғарыдан» отырықшыландыру ұжымдастыру негізінде жүзеге асыру талап етілді. Отырықшыландыру шараларын жүзеге асыруды қиындата түскен басты нәрсе – оған деген бюрократиялық және әкімшіл-әміршіл біржақты көзқарастың орын алуы еді. Осының әсерінен отырықшылана бастаған шаруаны құрылыс материалдарымен қамтамасыз ету мүмкін болмай қалды. Бұл, әсіресе, Қазақстаннан тыс жерлерден ағаш тасып әкелуге байланысты жұмыстарда анық көрініс берді. Ағашпен қамтамасыз ету жоспарлары орындалмай, жаңа құрылыстар бар болғаны 25 -30 % құрылыс материалдарымен ғана қамтамасыз етілді. Ағаш дайындайтын одақтық мекемелер Қазақстанға арнап ағаш тасымалдауға немкетті қарады. Отырықшыландыру үрдісі басталғанда техникалық жабдықтау мәселесі аса үлкен қажеттілікке айналды. Сондықтан, отырықшыланатын қазақ ауылдарын соқамен, тырмамен, тұқым сепкіш машинамен алдын-ала қамтамасыз ету жоспарлары белгіленді. Алайда, Мәскеудегі орталықтардың отырықшыландырудың өзіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, ал республика басшылығының өздері бекіткен машинамен жабдықтау жоспарының орындалуын қадағаламауы салдарынан жоспарда белгіленген аз ғана техниканың өзі де қазақ ауылына уақытында жетпей қалды. Арнайы шаруашылық машиналарына бөлінген қаржыны өндіріп алуда жүгенсіздіктер орын алды. Қазақстан үкіметінің шешімі бойынша машинамен жабдықтауға бөлінген кредитті халықты отырықшыландырудың төртінші жылынан бастап қана төлей бастаулары керек еді. Ал, жергілікті басшы органдар болса бұл тәртіпті о бастан-ақ бұзып, машинаны босатқан бетте оның құнының 30-40 % -ын алдын-ала жедел төлеуді талап етті. Мұның өзі отырықшыландыру барысында бар малын қауымдастырып, өздері қайыршылана бастаған халықтың тұрмысын ауырлата түсті. Жергілікті жерлерге машиналар жеткізу ісіне немқұрайлы қарау да орын алды. Егер егіншілік аудандарына шөп шабатын машиналар апарылса, ал мал шаруашылығымен айналысатындарға топырақ өңдейтіндер жеткізілді. Бұрынғы көшпелі қазақтың ауыл шаруашылығы машиналарының тілін білмеуі, машинамен жабдықтаушы ұйымдар тарапынан үйретудің болмауы отырықшыланған шаруаны бұрынғыша ата-баба әдісімен жұмыс жасауға – шалғымен орып, ағаш соқамен жыртуға мәжбүр етті. Еш қозғалыссыз, ашық аспан астында жатқан машиналар тозып бітті. Мамандар жетіспеді. Округтік органдардың қазақ аудандарын қажетті мамандармен қамтамасыз етуге немкетті қараулары салдарынан материалдық жағынан қамтамасыз етілмеген, пәтері жоқ және қазақ тілін білмейтін мамандары отырықшыландыру аудандарында көп тұрақтамады. Қазақстанға сырттан келген келімсектерден құралған өндіріс орындары мен кеңшарлардың қазақ шаруаларына қол ұшын бермеуі де отырықшыландыру үрдісін қиындата түскен еді. Қазақстандағы ірі одақтық кәсіпорындар басшыларының байырғы халықтан өнеркәсіп пролетариатын жасауға көңіл бөлмеулері де отырықшыланатын қазақтарды жұмысшылар қатарына тарту жоспарын 66 % -ға ғана орындауға мүмкіндік берді.Қазақстандағы жаппай күшпен отырықшыландыру үрдісі, негізінен, қазақ халқының өзінің қаражатымен қаржыландырылды. Ал мемлекеттік органдар бөлген қаражат бұл шараны жүзеге асыруда қосымша қолдау түрінде ғана көрінді. Отырықшыландыру аудандарын қажетті әртүрлі мамандармен қамтамасыз ету ісі және мамандардың жергілікті жерлерде тұрақтамауы, қазақ ауылының мәдени-әлеуметтік өмірі басшы адамдар назарынан тыс қалып отырды. 1930 жылға дейін қазақ балаларының оқығаны туралы деректер мүлде жоқ. Ал 1932 жылы қыркүйектегі деректерде мектепте қамтылған оқу жасындағы қазақтар 45 % болған. Отырықшыландыру барысында саяси қуғын – сүргін қатар жүргізілді. Отырықшыландыру қарқыны төмен аудандардағы басшылар егер де басқа ұлт өкілдері болса, олар ұлыдержавалық « шовинизмге», ал олар қазақтар болса онда жергілікті «ұлтшылдық » пиғылға бой ұрды деп айыпталды. Шовинизм көрінісі – қазақтарды отырықшыландыруға бөлінген қаржыны еуропалық селоларға жіберу, сондай-ақ, отырықшыландыру ісін тек қазақтарға қатысты нәрсе ретінде түсіну, еуропалық ұжымшылардың және кеңшарлардың қазақтар шаруашылықтарын қамқорлыққа алуға немқұрайлы қараулары болды. Ал, ұлтшыл деп отырықшыландыру үрдісін кезекті арандатушылық, қазақтар қожалықтары эволюциялық жолмен бірітіндеп дамуы керек, көшпелі шаруашылық Қазақстан табиғатына бейімделген қажеттілік дегендей пікір білдірушілер кінәланді. Сонымен бірге отырықшыландыруды тек сырттан қазақ жеріне қоныстанушыларды жермен қамтамасыз ету үшін жүргізіліп жатқан шара деп түсіндіретіндерге де ұлтшылдар ретінде айып тағылды. Бұл жұмысты жүзеге асыру барысында «оңшыл», «солшыл» деп айыпталғандар да аз болған жоқ. Отырықшыландыру шараларына немкетті және жауапсыз қарағандар «оңшыл», ағым өкілдеріне, отырықшыландыруды барлық, соның ішінде мал шаруашылығы аудандарында да бірдей деңгейде және қарқындата жүргізу керек деп ұрандаушылар «солшыл» ретінде сипатталды. Осындай әртүрлі саяси кінәлаулардан қаймыққан жергілікті басшылар отырықшыландыруға байланысты шараларды, жоғарыдан келген нұсқауларды орындауға тырысып бақты. Ал мұның өзі алғашқы бес жылдық жоспарға сәйкес белгіленген отырықшыландыру жоспарларын орындау қарқынын үдете түсуге себеп болды. 1930 – 1933 жылдардағы жоспарларда Қазақстанда отырықшыланатын қожалықтар саны жыл сайын 20000-ға өсіп отыратын болды. Ал бұл, өлкелік партия комитетінің болжауынша бесжылдықтың тұсында қазақ аудандарындағы егістік көлемін 1 млн. гектардан 5 млн. гектарға дейін өсіруге ықпал етуі тиіс еді. Қағазда белгіленген осы жоспарлардың орындалуына орын алған нақты кемшіліктер кедергі жасады. Ешқандай даярлық және түсіндіру жұмыстары жүргізілмеді. Кейбір қожалықтар тіптен өздерінің отырықшыланып жатқанын білген де жоқ. Отырықшыландыруға қажетті орындар батпақты сайлар аңғарларынан, суы жоқ, егін егуге жарамсыз жерлерден «таңдап» алынды. Мұндай жағымсыз көріністердің орын алуына Қазақстан үкіметінің жерге орналастыру мәселесіне жете мән бермеуі де тікелей себепкер болды. Отырықшылану жөніндегі республикалық комитеттің жерге орналастыру және суландыру мәселесіне арналған қаражатты басқа мақсатқа – отырықшыландыру аудандарында құрылыстар салуға жұмсауы да осының көрінісі еді. Жерге орналастырушы және гидротехник мамандарды материалдық жағынан ынталандыруға жете мән бермеген Қазақстан үкіметі, оларға қысым жасауға және оларды жазалауға әрқашан да бейім тұрды. Мұндай отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жекелеген мамандарды «бүлдірушілік» әрекеттері үшін тұтқынға алу және сотқа тарту туралы ұсыныстар жасаулары орын алды. Топырақтанушылардың немесе агрономдардың арасында өз міндеттеріне жауапсыз, үстірт және немкетті қарағандар да кездескен. Олар кейде жергілікті халықтың мүддесін де, пікірлерін де ескермей, жерді өз беттерінше өлшеп, белгілеп картаға түсірді және аудандық қызметкерлерді үгіттеп, олардың келісімдерін алды. Кейіннен осы жерлерде отырықшыландыру іс жүзінде басталған кезде бұл жерлерде тұщы судың жеткіліксіздігі, топырақтың құнарсыздығы анықталып, бұл орындарды қайтадан өзгертуге тура келді. Осындай «тәртіпсіздіктерді» дер кезінде әшкерелеп, оларға кінәлілердіайқындап жазалау үшін отырықшыландыру жөніндегі тұрақты комитеттің жанынан «жұмыс үштігі» құрылды. Оның міндеті отырықшыландырудың республикалық комитетіне көмектесу болды. Кеңестік жазалау органдарымен тығыз байланысты болған, Конституцияға қайшы бұл үштік жергілікті жерлерде отырықшыландыру үрдісінің қарқынын күштеп жеделдете түсуге елеулі үлес қосты. Жұмысты қиындата түскен тағы бір мәселе – Қазақстан партия ұйымының басшысы Ф. Голощекиннің отырықшылануы шаруаларға деген көзқарасының дұрыс еместігі еді. Оның ойынша, тұрғын үй, баспана мәселесі екінші қатарға жатқызылды. Ол отырықшыландыруда шаруашылық мәселелері – шөп шабу, егіншілікпен айналасуға үйрету бірінші кезекте тұруы керек деп санады. Ал, шаруа екі жылдай киіз үйде отыра тұруы және бірітіндеп өз күшімен баспананы өзі салып алуы тиіс болды. Осыдан келіп Ф.Голощекин отырықшыландыруға байланысты құрылысты шаруаның отбасына арналған баспана салудан емес, алғаш қора-қопсылар, яғни шаруашылық құрылыстарын салудан бастауды ұсынады. Мұндай қате көзқарас және жұмыс барысындағы асыра сілтеулер ауыр зардаптарға ұрындырды. 1930 жылдан бастап қазақтардың қоныстарынан ауа көшулері үдей түсті. Көп кешікпей-ақ босқын қазақтар Қазақстанның өз ішінде шұғыл көбейді және олар көрші республикалар аумағына қоныс аударды. Олардың саны 1 млн. адамнан асып түсті. Осылайша отырықшыландыру саясаты шын мәнінде сәтсіздікке ұшырады, Қазақстанда 1931-1933 жылдары қолдан жасалған алапат аштықтың кең өріс алуына зор ықпал жасады. Зорлап отырықшыландыру науқанында орын алған өрескел кемшіліктер жаңа шаруашылықтық-саяси науқанда босқындарды орналастыру барысында бірітіндеп жойылды. Алайда, қазақтар эволюциялық өркендеудің табиғи, дәстүрлі шаруашылық жолынан тайдырған зорлап отырықшыландыру шаралары демографиялық және рухани тұрғыдан қазақ халқының өмірінде қасіретті ауыр іздер қалдырды.
72. Интеллигенция деп ой еңбегінің рухани болмысын меңгерген адамдарды айта отырып, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет етіп, олардың дамуын жетілдіріп, жеделдететін қозғаушы күш екені белгілі. Интеллигенция деп ой еңбегінің рухани болмысын меңгерген адамдарды айта отырып, олар қоғамдық өмірдің барлық салаларында қызмет етіп, олардың дамуын жетілдіріп, жеделдететін қозғаушы күш екені белгілі. Сонымен бірге интеллигенция қоғамның әлеуметтік — таптық құрамының бөлігі ретінде бір тұтас, ішкі бөліктермен тұтасып жатқан күрделі әлеуметтік топ. Интеллигенцияның топ ретінде қалыптасуының өзіне тән екі белгісі бар: мамандықты еңбек әдісі ретінде (еңбектің мазмұны бойынша) ой еңбегінің бір түріне жатқызылуына және топтық әлеуметтік қызметінің мәніне байланысты еді. Сондықтан кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығындағы қазақ интеллигенциясының тарихын демографиялық жағынан қарастырудың негізінде, саяси қудалаулар мен репрессиялық зобалаңдарға ұшырату арқылы жазалау іс әрекеттерінің әкелген зардаптары, олардың саны мен құрамындағы өзгерістерді зерттеп білу, қоғам өмірін танып білудің алғы шартына жатады. Демек, 1920 — 1950 жылдардың аралығындағы қазақ интеллигенциясы жөніндегі демографиялық зерттеулер бүгінде тың деректер ұсынып, сол кездегі қоғамдық, әлеуметтік дамудың сырын жете білуге жол ашуда. Дегенмен-де қазақ интеллигенциясының саны мен құрамы зерттеу аралығының 1920 жылдары негізінен пролетариат топтарының өкілдерінен құралып, кеңес үкіметінің мемлекеттік басқару жүйесіндегі басшылары маман қызметкерлердің тапшылығынан қазақ жұмысшылар мен шаруалардың арасынан алғыр, еңбекке тәжірибелі адамдарды басшылық қызметтерге тағайындаған еді. Бұл тәсіл, әсіресе, 1930 жылдардың ортасында кең етек алып, жүйеленудің үстінде болды. Сол жылдары орыстандыру саясатының елімізде жүргізілгені мәлім, соның салдарынан басшылық аппараттармен қызметтерге негізінен орыс ұлтының адамдары тағайындалып, мамандықтардың әр түрлі салаларында қызметтер атқарғаны белгілі. Бірақ, бұлардың арасында сауатты, білімі бар қазақтарда болып, олардың қатары бірлі жарым, саусақпен санарлықтай ғана болған екен. Енді, міне 1940–1950 жылдары республикамызда орта немесе жоғары оқу орындарының көптеп ашылуларына байланысты, олардан білім алып, маман ретінде қалыптасқан қазақ интеллигенцияның саны көбейіп келе жатса, ал олардың құрамында қазақтың білімді маман ерлері мен әйелдерінің саны өсіп келе жатқаны байқалады. 1926 жылғы Бүкілодақтық халық санағы бойынша Қазақстандағы интеллигенцияларының саны 13825 адам болып, олар республика халқының 0,2 пайызын құраған еді. Оның құрамында ерлері көбірек 10143, яғни 73,4 пайыз болса, ал әйелдері азырақ 3682, демек 26,6 пайыз болған екен. 1939 жылғы санақта республикадағы интеллигенцияларының саны 354533-ке жетіп, өсімі 5,8 пайызға артса, оның ерлері басымырақ 258292, яғни 72,9 пайыз болып, ал әйелдері төменірек 96241, демек 27,1 пайыз болды [2]. 1959 жылы олардың қатары 772942 адамға көбейіп, өсімі 8,3 пайызға жоғарласа, оның ерлері азырақ 377599, яғни 48,9 пайыз болса, ал әйелдері көбірек 395343, демек 51,1 пайыз болған еді.Осы кезеңде республика халқының санындағы интеллигенцияларының үлесі 1926 жылы 0,2 пайызды құраған болса, ал 1939 және 1959 жылдары аралығында 17,3 пайыздан 12,0 пайызға дейін кеміген. Әрине, интеллигенцияның сапалық көрсеткішінің маңыздысы — олардың қатарындағы жоғары білімі барлардың санының өсуі. Демек, 1920–1930 жылдардағы мамандардың білімі негізінен орта білімділер болып, 1939 жылы жоғары білімі бар мамандардың саны 16,8 мың адам болса, ал 1959 жылы 113,8 мың адамға, яғни 6,8 есе өскен. Сонымен 1926 және 1959 жылдар аралығында республикадағы интеллигенциялардың қатары 55,9 есе, яғни 8,1 пунктке артқан. Соның ішінде олардың сандық көрсеткіштері 1926–1939 жылдары 25,6 есе, демек 5,6 пунктке өссе, ал 1939–1959 жылдары 2,2 есе, яғни 2,5 пункт-деңгейіндегі артушылық байқалады. Қазақстан интеллигенцияларының арасындағы 1926 жылы қазақ интеллигенциясының саны 1693 болып, яғни 12,2 пайызды құраса, ал орыстар қатары 9060 адамды құрап, демек 65,5 пайыз болса, яғни қазақтардың көрсеткіштеріне қарағанда орыстардың қатары 53,3 пайызға, демек 7367 адамға басымдау болған еді [4]. Ал 1939 жылығы қазақтар арасындағы интеллигенциясының саны 93518 адамды құрап, яғни 26,4 пайыз болған, оның қатарындағы ерлері 85441 болып, яғни 91,4 пайызға көбірек болса, әйелдері 8077 болып, демек 8,6 пайызға азырақ екен, ал орыстар қатары 182734 адам болып, яғни 51,5 пайызды құраса, оның арасындағы ерлері 113345 болып, яғни 62,0 пайызға басымырақ болса, әйелдері 69389 болып, демек 38,0 пайызға төменірек еді. Дегенмен қазақтардың санымен салыстырғанда орыстардың қатары 25,1 пайыз, яғни 89216 адамға көбірек болған екен[5]. 1959 жылы қазақ интеллигенциясының саны 148376 адам болып, яғни 19,2 пайызды құрап, оның ерлері 112027 болып, яғни 75,5 пайызға жоғарлаған болса, әйелдері 36349 болып, демек 24,5 пайызға төменірек екен, ал орыстардың қатары 441385 адамды құрап, яғни 57,1 пайыз болып, оның ерлері 210282 болып, яғни 47,6 пайызға азырақ болса, әйелдері 231103 болып, демек 52,4 пайызға басымырақ еді. Дегенмен қазақтарға қарағанда орыстардың қатары 37,9 пайызға, демек 293009 адамға басымдау болғаны байқалады[6]. Сондай-ақ осы аралықта республика халқының арасындағы қазақ интеллигенциясының үлесі 1926 жылы 00,3 пайызды құраса, ал 1939 немесе 1959 жылдар аралығында 1,5 пайыздан 1,6 пайызға дейін өскен екен. Сонымен 1926 және 1959 жылдар аралығында республикадағы қазақ интеллигенцияларының саны 87,6 есе, яғни 146683 адамға, демек 7 пунктке өссе, ал орыстардың қатары 48,7 есе, демек 432325 адамға өскенімен пайыздық көрсеткіші, яғни 8,4 пунктке азайған. Осы аралықта қазақ интеллигенцияларының саны орыстардың санынан 2,9 есе, демек 285642 адамға, және 1,4 пунктке аз болған. Соның ішінде 1926–1939 жылдары аралығында қазақ интеллигенцияларының қатары 55,2 есе, яғни 91825 адамға немесе 14,2 пунктке көбейсе, орыстар саны 20,2 есе, демек 173674 адамға артып, пайыздық көрсеткіші керісінше 14 пунктке кеміген болса, ал 1939–1959 жылдары аралығында қазақтар саны 1,6 есе, яғни 54858 адамға жоғарлап, пайыздың көрсеткіші керісінше 7,2 пунктке азайса, орыстар қатары 2,4 есе, демек 258651 адамға, және 5,6 пунктке көбейген екен. Енді қазақ халқының өзінің ішінде 1926 жылы қазақ интеллигенциясының саны 0,05 пайызды құраса, 1939 және 1959 жылдары олардың қатары 4,0 пайыздан 5,3 пайызға, демек 1,3 пунктке өскен екен. Зерттеу аралығының жылдарында, дәл атап айтқанда: мәдени, ағарту қызметкерлері 1,5 есе, әдебиет пен өнер қызметкерлері 1,8 есе, зоотехник, мал дәрігерлер мен агрономдар 3,2 есе, барлық медицина қызметкерлері 3,5 есе, байланыс қызметкерлері 3,9 есе, инженерлер мен техниктер 4,9 есе, дәрігерлер 6,5 есе, ғылыми қызметкерлер 6,9 есе өскен еді. Демек, осындай демографиялық жағынан қарастыру сипатынан алып қарағандағы, және дерек мәліметтерінің сандық немесе пайыздық үлестерінің көрсеткіштері қазақ интеллигенциясының саны мен құрамында оң өзгерістердің бар екендігін байқатады. Сонымен бірге 1926 немесе 1959 жылдар аралығында республикамызда жүргізілген кеңестендіру саясатының нәтижесі XX ғасырдың басында қалыптасып келе жатқан қазақ интеллигенциясына қарсы ұйымдастырылған, халқының бетіндегі қаймағы мен бас көтерер азаматтарын атқарған қызметтерін сылтаурату мен өтірік жала жабу негізінде жеке өмірлеріне қауіп төндіріп, саяси репрессияларға ұшырату арқылы, жер аудару, түрмеге қамау және асу немесе ату жазаларына кесілді. Енді сол саяси қуғындылар мен репрессияларға ұшыратылған қазақ интеллигенциясы құрамындағы азаматтарының тағдыры мен тағлымындағы демографиялық мәселелеріне тоқталамыз. М. Голощекин 1925 жылдың қыркүйегіндегі республикаға өлкелік партия комитетінің бірінші хатшысы болып келгеннен кейін, ақ, істі қазақтың интеллигенция оқығандарымен күресуден бастады. 1926 және 1959 жылдары аралығындағы Қазақстандағы қазақ интеллигенциясына қарсы бағытталған іс-әрекеттер мен репрессиялау науқаны немесе «халық жауы» ретінде саяси репрессиялық жазалау: ату, асу, жер аудару немесе тұтқындап түрмеге жабу іс-шаралары кең көлемде 1929–1932 жылдары және ресми түрде 1926 жылдың өзінде-ақ басталған еді. Осы аралықта қазақ интеллигенциясының қатары орталықтың саясаты мен идеологиясына сай-деңгейде ғана дамытылып, қатаң бақылауда болғаны өз алдына, үздіксіз репрессияларға ұшыратылып отырды. Кеңестендіру жылдарының зерттеу аралығында қазақ интеллигенциясы саяси репрессиялық жазалаудың үш толқынын бастан кешкен екен: 1.1929–1932 жылдары алаш интеллигенциялары түрмеге қамалды, сотталды, атылды; 2.1937–1938 жылдары «халық жауларын» жою науқаны өтті; 3.1946–1953 жылдары «буржуазиялық ұлтшылдар», космополиттер жазаланды деген қайғы-қасіреттерге душар болғанын байқаймыз. Қазақ халқы, әсіресе оның интеллигенция қауымы мен партия Кеңес орындарындағы басшылық қызметтегі белсенді азаматтары 1926–1930 жылдардағы қуғындауларға ұшырап, тек 1937–1938 жылдары 135 мың қазақ интеллигенциясы саяси репрессия зобалаңының құрбаны болып атылды.1926 жылдың желтоқсан айында өткен БК(б)П-ның Қазақстан өлкелік комитетінің ІІІ пленумы өз шешімінде қазақ коммунистерінің арасында, атап айтқанда, республиканың жауапты партия және кеңес қызметкерлерінің арасында ауылдағы ауқатты топтардың ықпалын бейнелейтін, алашорда идеялогиясынан қол үзбеген адамдар бар деп көрсетіп, олар қазақ коммунистерінің арасындағы ұлтшылдық «оңшыл» және «солшыл» ауытқушылар деп айыпталды. «Оңшыл» және «солшыл» ұлтшылдық ауытқушылардың басшылары ретінде Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Сейітқали Меңдешев, Жүсіпбек Аймауытов, Сұлтанбек Қожанов, Тұрар Рысқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сәкен Сейфуллин және тағы басқа қазақ азаматтарының есімдері аталып, дөрекі сынға алынып, оларға қарсы, «идеялық күресті күшейту қажет» екендігі айтылды. Кешікпей-ақ бұл сын қазақ интеллигенциясына қарсы ашықтан-ашық қудалауға және айыптауға ұласты. «Ауытқушыларға» қарсы күрес «идеялық күрес» 1927–1928 жылдары жаппай жүргізіліп, оның барысында «ұлтшыл-ауытқушылар» саны тез қарқынмен өсірілді. Бұл «идеялық күрес» 1929 жылы маңдай алды қазақ интеллигенциясына қарсы ашық репрессияға ұласты. Халықтың рухани мәдениетін, сақтаушы, қорғаушы және дамытушы болғандар жаппай түрмелерге жабылды, айдалды, атылды. 1926–1932 жылдары қазақ интеллигенциясының тарихында үлкен белестер болып қалғаны өз алдына, бірақ бұл жылдарда олар коммунисттік қысымның күшеюіне қолдарынан келгенше тойтарыс бере отырып, өз қызметтерін жалғастырды. Сол кездегі идеологиялық шабуыл, қызметтен ығыстыру түрінде жасалған қысым ﴾1928–1930﴿ жылдары партия органдары мен ОГПУ-дің Қазақстандағы өкілдігінің бастамасымен ескі қазақ интеллигенцияны тұтқындауға ұласты. Мәселен қазақ қаламгерлеріне әр түрлі жала жабулар бойынша құрамында: Ахмет Байтұрсынов, Әлихан Бөкейханов, Жұмағали Тілеулин, Халел Досмұхамедов, Жанша Досмұхамедов, Міржақып Дулатов, Жүсіпбек Аймауытов, Мұхаметжан Тынышпаев, Әбдірахман Байділдин, Біләл Сүлеев, Мағжан Жұмабаев, Хайретдин Болғанбаев, Ғазымбек Бірімжанов, Қошке Кемеңгеров, Ахметсапа Жүсіпов, Абдолла Байтасов, Мұхтар Әуезов, Жақып, Ақбаев, Әлімхан Ермеков, Жұмахан Күдерин сынды ұлтымыздың біртуар азаматтары бар 150 қазақ оқығаны түрмеге қамауға алынды [8]. Нақтырақ айтқанда бір ғана 1930 жылдың күзінде 40 қазақ азаматы абақтыға қамалып, 15-түрлі мерзімге жер аударылған еді [9]. Осы тұтқынға алынғандардан Мұхтар Әуезов пен Әлімхан Ермеков сынды бірен-сарандары ғана аман қалды. Бұл бүкіл қазақ интеллигенциясына қарсы жасалған репрессияның алғашқы толқыны болса, ал 1929–1932 жылдары ескі интеллигенция өкілдеріне қарсы репрессияның алғашқы толқыны ұйымдастырылып, онда: Жүсіпбек Аймауытов, Диқан Әділев, Әбдірахман Байділдин, Ахметсапа Жүсіпов, Халел Ғаббасов, Шәкәрім Құдайбердіұлы, Үкілі Ыбырай сынды азаматтар қызылдар қолынан қаза тапқан болса, және тағы басқа қазақтың маңдай алды өкілдері репрессияға ұшыраған еді. Ал қалған қазақ интеллигенция қауымын 1937–1938 жылдардағы саяси репрессияға ұшырату арқылы асу, ату зобалаңы күтіп тұрды. Қазақ мәдениеті мен ұлттық болмысына 1937 және 1938 жылдардағы жаппай саяси репрессияның тигізген зардабы өте ауыр болды. Бұл жылдары қазақ интеллигенциясына қарсы бұрын-соңды болмаған көлемде қызыл большевиктік шабуыл жасалды. Тарихи зерттеулерге қарағанда, осы жылдары ﴾1937–1938﴿ қызыл қырғында ең көп қаза тапқандар мемлекеттік және қоғам қайраткерлері болды. Ал осы азаматтардан соң, біздіңше, ең көп саяси репрессияға ұшыратылғандар — ұлттық ой еңбегінің интеллигенция өкілдері, ал олардың ішінен ең алдымен, ақын-жазушылар болды. 1937 жылы 11-ші тамыз күні Ілияс Жансүгіров тұтқынға алынды, 24-ші қыркүйекте Сәкен Сейфуллин тұтқындалды, Бейімбет Майлин 6-шы қазан күні темір торға түссе, ал 8-ші қазанда Ахмет Байтұрсыновтың ұсталғанына байланысты деректер бар. Сондай-ақ Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлин, Ғаббас Тоғжанов, Санжар Аспандияров, Темірбек Жүргенов, Абат Әлібаев, Әуелбек Қоңыратбаев, Мұстафа Қайыпназаров, Райымжан Мәрсеков, Орынбек Беков сынды сөз зергерлері мен қаламгерлерінен, олардың шығармашылық мұрасынан көз жазып қалған қазақ кеңес әдебиеті бір сәтте ортайып, жүдеп шыға келді. Сөйтіп жеке басқа табынудың құрбаны болып кеткендердің қаншама шығармалары, мәдениетке қосар үлестері өздерімен бірге мәңгі жоғалды. Демек, қазақ халқының тұлғалы ұлдары 1937 жылы «халық жауы» деген айып тағылып, қасіретті қудалаудың құрбаны болды. Алайда «халық жауларының" негізгі көпшілігінің тағдыры КСРО Жоғары сот әскери коллегиясының үштігінің мәжілісінде шешілді. Бұл жылдары Кеңес өкіметін орнату мен нығайтуға қатысқандардың көбі: Абдолла Асылбеков, Сейітқали Меңдешев, Бәймен Алманов, Нәзір Төреқұлов, Смағұл Сәдуақасов, Сабыр Шәріпов, Тұрар Рысқұлов халық жауы деп жарияланды. Қазақстанның көрнекті мемлекет және қоғам қайраткерлері Нығымет Нұрмақов, Сұлтанбек Қожанов, Ораз Жандосов, Әбілқайыр Досов, Садықбек Сапарбеков, Зейнолла Төреғожин, Сұлтан Сегізбаев, Ілияс Қабылов, Қайсар Тәштитов және басқада көптеген қазақ азаматтары өтірік жаламен жазаланып, сталиндік жендеттердің қолынан қаза тапты. Сонымен тағы бір құжатта 1937–1938 жылдардағы жазалау кезінде республикада БК(б)П-дан 9223 коммунист шығарылған деген деректер келтірілген. Жалпы осы жылдары 66 мың адам жапа шегіп, 22 мың азамат атылып, 44 мыңы түрмеге жабылған еді.Саяси репрессияның 1937–1938 жылдардағы толқынында қаза тапқан, ақын жазушылардың басым бөлігі Қазан төңкерісіне дейінгі жылдарда қызмет еткен интеллигенция өкілдері еді. Олардың құрамында: Ахмет Байтұрсынов, Мағжан Жұмабаев, Бейімбет Майлин, Молдағали Жолдыбаев, Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Әлихан Бөкейханов, Міржақып Дулатов, Санжар Аспандияров, Құдайберген Жұбанов, Жұмат Шанин, Халел Досмұхамедов, Елжас Бекенов, Біләл Сүлеев, Телжан Шонановтардың халық жаулары болып дүниеден өтуі — төңкеріске дейінгі ескі ой еңбегі интеллигенциясының түгелдей дерлік саяси репрессияның құрбаны болып, қаламгерлердің осы ұрпағынан аман қалғандардың некенсаяқ екендігін көрсетті. Ескі оқығандар бір басқа, ал Хамза Жүсіпбеков, Әбдірахман Айсарин, Қошке Кемеңгеров, Әуелбек Қоңыратбаев, Шәймерден Тоқжігітов, Ілияс Қабылов сынды және тағы басқа қаламгерлердің әдебиетке әкелген-де, саяси жау деп өмірлерін қиған да социализм болды. Саяси репрессия жылдарының зобалаңы қазақ интеллигенциясының құрамындағы маңдай алды ер азаматтарының өмірлерін қиып жіберсе, ал қазақтың әйел интеллигенциясына өте ауыр соққы болып тиді. Бұл оқиға олардың сан жағынан өсуін тежеді. Олар өздері үшін-де, «халық жаулары» болып кеткен күйеулері үшін-де, жауапкершілікке тартылды. АЛЖИР-де қапаста ән айтып «Қалың қазақтың әйелдерінің тас болған жүрегін жылытып, көңілдеріне күн сәулесін ұялатқан» Жанбике Шанина, қамауда жүріп өлең жазған Күләндам Қожанова, Мағжан өлеңдерін тұтқын әйелдердің көңіліне медеу еткен Мәриям Есенберлина, 8 жыл бойы АЛЖИР мен Нижний Тагил лагерінде тұтқында жүріп дәрігерлік қызметпен айналысқан Дәмеш Жүргенова, бес баласынан айырылса да, өзгелерге сүйеніш бола білген Күнжамал Майлиналардың ерліктеріне кейінгі ұрпақ тағзым етеді. Қазақ әйелдеріне тән ең жақсы қасиеттерімен көрінген Гүлбахрам Сейфуллина, Мәриям Тоғжанова, Рәзия Мендешева, Әзиза Рысқұлова, Рабиға Аспандиярова, Бибіжамал Сырғабекова, Айша Қабылова және тағы басқа рухы қайсар қазақ әйелдері болды. Сонымен бірге қандықол сталинистердің қолынан Телжан Шонановтың жұбайы Шахзада Шонанова қаза тапты. Сондай-ақ түркі халық партиясы дегенді құрдыңдар деп айыпталғандардың қатарында Ғанижамал Қабдалиева 1937–1947 жылдары Сібірге айдауда болды. 1937–1938 жылдардағы сталиндік саяси репрессия кезінде құрбан болған осы айтулы азаматтарымыз жайлы бүркемеленген шындықты ашып, халыққа жеткізу жолында «Әділет» қоғамы игілікті істер атқарып келеді. Қоғамның алғашқы төрағасы марқұм Санжар Оразұлы Жандосовтың атына жіберілген құжат — КСРО Жоғарғы соты Әскери коллегисының Алматы қаласында 1938 жылы, ақпан-наурыз айларында өткен көшпелі сессиясының азалы сыр шертетін қаралы тізімді жүйелей келгенде, аталып отырған жылдың 25, ақпанынан 13 наурызына дейінгі аралықта 631 адамның атылғанықталды. Жендеттер күн сайын орта есеппен 43 адамды атып отырған. Атылған азаматтардың ұлттық құрамына назар аударсақ, қазаға ұшыраған 631 адамның 70–75 пайызы қазақ интеллигенциялары екен. Халқының мұңын мұңдап, жоғын жоқтайтын қайраткер ұлдарынан айырылғаннан кейін оның ұлттық интеллектісі мен күш-қуаты төмендейтіні анық. Тізімге қарағанда, ақпан-наурыз айларында сол кездегі қазақтың асыл арыстарының бас көтеретіндері ұсталып, атылған. Бәрі жоғарыда аталған таныс есімдер, ұлт қорғандары мен мақтаныштары еді. Сондай-ақ, қазақ интеллигенциясының аяулы боздақтарының атылған сүйектері мен жатқан жерлерін анықтау, ол жерлерді аяқ асты етпей қастерлеп, құрмет тұту баршамыздың қарызымыз. Осы тұрғыдан зор ізденістердің нәтижесінде атылған 631 азаматтың бәрінің болмасада бірқатарының сүйегі Талғар ауданындағы Жаңалық деген жерден, бұрынғы Диқанбай қыстауының орнынан табылды. Көздеріне қан толып, адамдық ұсқынынан айырылған қарғыс арқалаған жендеттер мәйіттердің қабірлерін-де қазуға ерініп қораның ішінде атып, қабырға төбелерін мәйіттердің үстіне құлата салған деген деректер айтқандарымызға дәлел бола алады. Репрессия мәліметтеріне арналған деректерге жүгінсек 1937–1938 жылдарда «Халық жауы» деген жаламен ересек азаматтардың арасында жазықсыз атылған қазақ азаматтары Одақ бойынша білімі бар, қызмет істеп жүргендер ішінде орташа көрсеткіштен 2 есе, дәлірек айтсақ грузиндерден 2 есе артық, орыстардан 3 есе дерлік, татарлардан 4 есе, ал өзбектерден бақандай 5 есе көп болды.Қазақ халқының тарихынан 1937–1938 жылдардағы сталинизм сүргінінің (репрессияның) құрбандары жайындағы, ақиқат әлі түгел ашылып болған жоқ. ХХ ғасырдың басындағы қазақ интеллигенцияларының азаматтық, интеллектуалдық деңгейі аса жоғары болғаны жалпыға мәлім. Отызыншы жылдары жаңа қаулап өсіп келе жатқан қазақтың интеллигенциясы Коммунистік партия Кеңес өкіметінің жазалау органдарының жіті бақылауы жағдайында қызмет етті. Саяси-идеологиялық қысым олардың маман ретінде өсуіне жасанды қиындықтар тудырды. Сталиндік репрессия кезінде қазақ халқының басшылық қызметтегі азаматтары мен қоғам-қайраткерлері болып жүрген бір туар азаматтары және, ақын жазушыларының ең таңдаулы өкілдері қаза тапты. Ұлтымыз өзінің аса дарынды, білімді, ұлтжанды асыл тұлғаларынан айырылды. Орны толмас шығынға ұшыратылған қазақ интеллигенциясының даму қарқыны бәсеңдеді. Кеңестік шығыстағы түркі халықтарының қатарындағы ең озық ойлы қазақ интеллигенциялары, халқымыздың ақыл-ойының қаймағына келген саяси репрессияның зауалы аса ауыр да қайғылы болды. Яғни 1937–1938 жылдардағы саяси репрессиялық қанды қырғын жазықсыз жандарды жазалау, тұтқындап жер аудару, сотсыз содырлық жасап ату, жою жағдайлары кең өріс алып, еліміздің барлық жерлерін қамтыған болса, ал оның жалғасы соғыстан кейінгі 1940 жылдардың аяғы мен 1950 жылдардың басындағы сталиндік репрессияға ұласты. Бұл жолы «буржуазиялық ұлтшылдар» космополитизм мен күрес жолында сынның атқылауына творчестволық және ғылыми интеллигенция өкілдері түсті. 1940 жылдардың екінші жартысында қазақ халқы ауыз әдебиетінің 100 томға жуық құнды туындылары партия шешімімен қоғамға зиянды деп танылып, оларды пайдалануға тиым салынды. 1950 жылдары кітапхананың кітап қорларынан және сатылатын мекемелерден белгілі тарихшы Ермұхан Бекмахановтың, филолог Есмағамбет Исмайловтың, Мұхтар Әуезовтың, Сәбит Мұқановтың, Әбділда Тәжібаевтың, Ахмет Жұбановтың, Мәриям Хәкімжанованың туындылары алынып тасталды. Сол жылдардағы еліміздегі жүргізіліп жатқан Кеңестік саясаттың нәтижесі тарихшы, филолог ғалымдарымыздың қаймақтары: Ермұхан Бекмаханов, Бек Сүлейменов, Есмағамбет Исмайлов, Қажым Жұмалиев, Ахмет Жұбанов және тағы басқалар қудалаудан тыс қалдырылмады. Ғылым Академиясының президенті, бүкіл әлемге белгілі ғалым-геолог Қаныш Сәтбаев пен жазушы Мұхтар Әуезов сынды халқымыздың көрнекті ұлдарын қызметінен айырып, уақытша болса да біраз репрессияға ұшыратып, республикадан кетуге-де мәжбүр етті. Ұлы Отан соғысынан кейінгі жылдардағы Қазақстан жерінде жүргізілген мұндай жағдайларды тек И. Сталиннің өлімі ғана кезекті жаппай саяси репрессияны тоқтатқанымен қазақ интеллигенцияларына деген саяси-идеялық күрес кейінгі жылдары да жалғасын тауып жатты. Демек, 1940 жылдардың 2-ші жартысы мен 1950-ші жылдардағы жазушы, филолог және тарихшы педагог ғалымдарымыздың сол кездегі жағдайлары бойынша ұлт даярлаудағы орны айта қаларлықтай болған жоқ. Бұл құбылыс тарихи қалыптасқан жағдай еді. Өйткені әкімшіл-әміршіл жүйенің басқарудағы әдісі осындай келіссөздікке әкелді. Яғни біздің бүгінгі рухани саладағы қиыншылықтарымыздың бір ұшы нағыз қазақ мамандарының социалистік құрылыстан зорлықпен ажыратылғанында жатқан еді. Ал, 1920-шы жылдардың екінші жартысы мен 1930 жылдардың басындағы Кеңес өкіметінің қазақ интеллигенцияларының қалыптасып, өніп-өсуіне қарсы ұйымдастырылған күресі, Алаштың қазақ азаматтарына қызметтерін пайдаланды деген ұранды ұстанып оларға дөрекі сындар тағу арқылы қуғындау, түрмеге жабу мен жер аудару арқылы келген репрессия болса, адам көргісіз 1937–1938 жылдардағы қолдан жасалған қанды қырғын «халық жауы» деген және тағы басқа сылтаулар мен айыптаулар тағу арқылы асу, ату және қырып-жоюдың нәтижесіндегі саяси репрессия Қазақстандағы мыңдаған қазақтың маңдай алды ой еңбегі азаматтарының өмірін алып кетсе, ал соғыстан кейінгі және 1950-ші жылдарды толық қамтыған репрессия қазақ интеллигенциялары-ның басқан ізін, аңду, көне әдеби мұраларды саяси-идеялық тұрғыдан жаратпай тастау, еркін ойдың нышанына айналған тарихи тұлғаларды күйелеу тоқтамады. Міне осындай зұлмат саясаттардан соң Қазақстан интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы сапалық жағынан әлсірегенімен, еңсесін көтеріп, көшпен бірге алға жылжудың үстінде болды. Дегенмен-де бұл кезеңнің тағы бір ерекшелігі сол, жаңадан қалыптаса бастаған республика интеллигенцияларының арасындағы қазақ интеллигенциясы қауымының мүшелері зерттеу аралығының жылдарында жүргізілген саяси қуғындау салдары мен репрессиялардың зобалаңдары мен зардаптарын басынан өткізіп, сапалық жағынан бұрынғыдан да күйзеліске ұшырады. Сол бір қайғылы кезеңнен бері араға біраз жылдар түсті. Осы мерзімде бірнеше ұрпақ алмасып, өмір шындығы да өзгеріске ұшырады. Алайда, сол үресілі жылдардың қайғы-қасіреті қазақ халқының бүгінгі таңдағы санындағы кемшіліктеріне байланысты тарихи демографиялық жағынан қарағанда әлі сезіліп, біздің қазақ халқымыздың жадында мәңгілік сақталды, өйткені Голощекиндік геноцид пен Сталиндік террордың жазықсыз құрбандарының балалары мен туыстары ол күнді өмірде ұмытпайды.Қорыта айтқанда 1926 — 1959 жылдар аралығында республика халқының арасында қазақтардың саны 27,1 пайызға кеміп, азайғандығы байқалады. Осылайша қазақ халқы өзінің ата жұртында отырып өз ана тілінен, ұлттық ерекшелігінен, өз мемлекеттігін сезінуден айырмақшы болған қауіпті қара сызықты алғаш рет аттаған еді. Демек, зерттеу аралығында Қазақстан интеллигенцияларының арасында қазақ интеллигенциясының саны мен құрамындағы өзгерістер байқалды. Яғни, бұдан қазақ мамандарының қызмет түрлерінің әр түрлі салалары бойынша қалыптасып, саны мен үлесі артып, қазақ интеллигенциясы қатарының өсіп келе жатқанын байқаймыз.
73. Кеңес Одағын мекендеген халықтардың қай-қайсысы болсын сталиндік зорлық-зомбылықтан, геноцид пен этноцидтен, саяси қуғын-сүргіннен аман қалған жоқ. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халық сенімсіз де сатқын ұлт қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды. Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. 1920-1950 жылдары тұрғындарды күштеп көшіру сталиндік қуғын-сүргіннің негізгі құрамдас бір бөлігіне айналды. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті.КСРО-да күштеп қоныс аударту төмендегідей белгілер бойынша жүзеге асырылды: этностық белгілері бойынша депортация («жазаланган халықтар», «шегараларды тазалау»,«сенімсіз халықтар»);әлеуметтік-таптық белгілері бойынша депортация (1934 жылға дейінгі кулақтарды жер аудару) кезінде келгендер, арнайы көшірілгендер (спецпереселенцы);саяси мүдде негізіндегі 1934-1944 жылдары көшірілгендерді «еңбек қоныстарындағылар» деп атады. 1944 жылдан бастап «арнайы қоныс аударылғандар» деген атау қолданылды. Жоғарыда аталған күштеп жүргізілген депортациялардың ішінде мерзімі жағынан большевиктік әлеуметтік-таптық геноцид бірінші болып жүзеге асырылды. Кубань казактары, зиялылар, діни адамдар алғашқы большевиктік тәжірибенің құрбанына айналды. Одан кейін кулақтар мен байларды тап ретінде жою басталды. Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облыстары, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Кулак деп аталған миллиондаған шаруаның көзін құртқан этнодемографиялық дағдарыс КСРО халықтарына зор зиянын тигізді. Олар арнайы комендатураларда есепте тұрды. ГУЛАГ қызметі жүйесіне күшпен тартылып, көмір өндіру, металл өндірісі, темір жол мен электростанциялар, НКВД (Ішкі істер Халық Комиссариаты) құрылыс объектілерінде, мақта өсіру, қызылша, қант өндірістерінде және т.б. салаларда жұмыс күші ретінде пайдаланылды. 1936 жылы КСРО ХКК құпия қаулыларының негізінде Батыс Украинадан Қазақ АКСР-не 15 мың поляк пен неміс шаруаларын көшіріп, қоныстандыру басталды. Олардың көп бөлігі Солтүстік Қазақстанға, қалғаны Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті. Соғыстың алдында Қазақстан аумағына тағы да поляк ұлты өкілдерінің екінші толқыны көшіріліп әкелінді. 1939-1940 жылдары Гитлер армиясының Польшаға басып кіруіне байланысты Батыс Украина, Белоруссиядағы поляктар қосымша кашып келе бастады. 1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. Тоталитарлық тәртіптің құрсауына алғашқылардың бірі болып қиыршығыстық корейлер ілікті. Олардың кейбір бөлігін 1935-1936 жылдары күштеп әкімшілік қоныс аудару басталды. 1938 жылдың көктемінде корейлерді көшірудің екінші кезеңі басталды. Енді олар тұрақты мекендерге орналастырылды. 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысында – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанда орналасты. Олар балық және ауылшаруашылығымен айналысты. КСРО-ның ұлт саясатындағы 30 жылдардағы қуғын-сүргініне иран ұлты да ілікті. Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді. Күрдтердің Қазақстанға депортациясы да соғыска дейінгі кезеңнен басталады. Кеңес үкіметі орнағаннан кейін Әзірбайжан құрамында 1923 жылы Күрдістан автономиялы республикасы құрылғаны белгілі. Алайда 1936 жылы күрдтердің ғасырлар бойғы арманы аяқ асты етіліп, өздері «сенімсіз халықтар» қатарына жатқызылды. 1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды. Дәл осындай «сценариймен» қарашай, қалмақ, шешен, ингуш, балқар және т.б. Солтүстік Кавказ, Грузия, Қырым өңірі халықтары «фашистік басқыншылармен жақындасты» деген желеумен көшіріліп, ұлттық автономиялар жойылды. 1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазақстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарғақоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді. 1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті. 1944 жылы Орталық Азия мен Қазақстанға Грузиядағы күрдтердің екінші толқыны, 1948-1950 жылдары үшінші толқыны күштеп көшірілді. Екінші дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін майданнан қайтқан майдангер-күрдтер туғандарын таба алмай әуре-сарсаңға түсті. Олардың өздері 50 жылдардың соңына дейін арнайы қоныстардағы НКВД органдарына айына 2 рет барып белгіленіп тұруға міндетті болды. 1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына көшірілді. 1944 жылы Берияның бұйрығымен Қырымды «кеңестерге қарсы элементтерден» тазарту үшін 2000 жүк машинасы әзірленді. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Депортацияға ілінген месхеттік түріктер Грузияның оңтүстік-батыс аудандарынан 1944 жылы қарашада Қазақстанға әкелінді. Жалпы 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды. Жергілікті қазақ халқының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды. Кеңес үкіметі жылдарында жекелеген партия, кеңес, комсомол қызметкерлері ғана емес, тұтас бір халықтар сенімсіз де сатқын ұлттар қатарына жатқызылып, тарихи атамекенінен күштеп жер аударылды.Депортация латынша «deportatio» – «қуғындау», «көшіру» деген мағынаны білдіреді. Халықтар депортациясын белгілі бір ұлт өкілдерінің белгілі бір іс-әрекеттеріне байланысты елден қуылуы деп түсіну қажет. Жалпы КСРО-да депортацияға ұшырағандардың саны 1920 жылдан 1949 жылға дейін 3,2 миллион адамға жетті. Қазақстандағы байларды тәркілеу барысында шамамен 5500 отбасы сыртқа көшірілсе, Қазақстанға Орта және Төменгі Еділ бойы, Мәскеу облысы, Солтүстік Кавказ өңірінен 1932-1933 жылдары мыңдаған адам жер аударылды. Қазақстан «Сібір» сөзінің синониміне айналды. Ресейдің ішкі аудандарынан, Украинадан, Белоруссия мен басқа республикалардан арнайы коныс аударылғандардың жалпы саны 1936 жылға қарай 360 мың адамға жетті.1940-1941 жылдары 200 мыңдай поляк Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазакстан, Талдықорған, Жамбыл, Алматы облыстарына орналастырылды. 1938 жылдың көктемінде 70 корей ұжымшары республиканың 8 облысына – Қызылорда, Алматы, Солтүстік Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе, Оңтүстік Қазақстанға көшірілді.Түрікменстан, Әзірбайжан, Грузия және Армения аудандарында тұрып жатқан ирандықтар 1938 жылы қазан-қараша айларында Алматы, Оңтүстік Қазақстан облыстарына көшірілді.1937 жылдан бастап ешбір негізсіз 7,3 мың күрд Армения, Әзірбайжан аумағынан көшіріліп, Орталық Азия мен Қазақстанға қоныстандырылды.1943 жылы Қарашай автономиялы республикасы жойылып, жалпы саны 45,5 мың адам Қазакстанның Жамбыл және Оңтүстік Қазақстан облыстарына орналастырылды. Қалған отбасылар Қырғызстанға, Өзбекстанға аттандырылды. Жалпы саны 40 мыңдай балқардан Солтүстік Кавказ түгелдей «тазартылды», 46,6 мың балқар отбасы оңтүстік облыстарға қоныстандырылды. Қалғандары Қырғызстанға жөнелтілді.1945 жылға карай Қазақстанға көшірілген шешендер мен ингуштардың жалпы саны 406,3 мың адамға жетті.1943 жылғы 28 қазандағы бұйрық негізінде Қалмақ АКСР-інен 2,2 мың адам Қызылорда облысына орналастырылды. 1944 жылы мамырда 50 эшелонға тиелген татар ұлты өкілдері Берияның бұйрығымен түгелдей Қырым АКСР-інен қуылды. Депортация барысында Қазақстанға 4501 татар, 7 мың болгар мен грек әкелінді. Жалпы, 1943-1944 жылдары Қазақ КСР-іне 109,3 мың отбасы арнайы қоныстандырылды. Жергілікті қазақ халықының үлес салмағы 1939 жылмен салыстырғанда 38%-дан 30%-ға дейін кеміп кетті. Тіптен кейбір аймақтарда қазақтардың үлес салмағы 2 есеге азайды.
74. 1933 ж. фашистік диктатура орнағаннан кейін Нацистік Германия дүние жүзіне үстемдік жүргізу жоспарын жүзеге асыруға кірісті. Оны Италия және Жапония үкіметтері қолдады. 1936 ж. Германия мен Жапония «антикоминтерндік пактіге» қол қойды, 1937 ж. оған Италия қосылды.
Жапония 1931 ж. Қытайда, Италия 1935-36 ж. Эфиопияда, Германия мен Италия 1936 — 39 ж. Испанияда басқыншылық соғыстар жүргізді. 1938 ж. Германия Аустрияны, Мюнхен келісіміне (1938 ж. 29 қыркүйекте Мюнхен қаласында Германия, Ұлыбритания, Франция, Италия үкімет басшылары кездесіп, Чехословакияның Судет облысын немістерге беру, Германия көршілерінен баска жер талап етпеуге келісім жасасты) сәйкес Чехословакияның Судет облысын, 1939 ж. наурызда Чехословакияны, Литваның Мемель облысын, сәуір айында Италия Албанияны басып алды. Еуропада өз мүдделерін қорғау үшін Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Польша, Румыния, Грекия, Түркия елдерін қорғауға міндеттеме алды, сондай-ақ, КСРО-мен үжымдық қауіпсіздік жөнінде келіссөз жүргізді. Кеңес үкіметі олардың кейбір талаптарымен келіспей, келіссөзді тоқтатты да, керісінше, Германиямен өзара шабуыл жасаспау пактісіне (1939 ж. 23 тамыз) қол қойды. Осы Молотов-Риббентроп келісімі (Вячеслав Молотов КСРО-ның, Иоахим фон Риббентроп Германияның атынан келісімге қол қойған) бойынша екі мемлекет жасырын түрде Шығ. Еуропадағы өздерінің ықпал ету аймақтарын бөлісіп алды. Финляндия, Латвия, Литва, Эстония,Бессарабия және Польшаның шығыс бөлігі (Нарва, Висла, Сен өзендерінің шығыс жағы) Кеңес Одағына, ал қалған бөліктер түгелімен Германияға тиесілі болды.Соғыстың 1-кезеңі (1939 ж. 1 қыркүйек — 1941 ж. 21 маусым). КСРО-мен келісімге келгеннен кейін 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, ал 3 қыркүйекте Ұлы-британия мен Франция Германияға соғыс жариялады. Поляк армиясы 8-28 қыркүйекте Варшаваны ерлікпен қорғағанымен еріксіз берілді.17 қыркүйекте Қызыл Армия Молотов — Риббентроп келісімі бойынша, Польшаның шекарасынан өтіп, Бат. Украина мен Бат. Белоруссияны өзіне қосып алды, ал қыркүйек — казан айларында Эстония, Латвия, Литва үкіметтерімен өзара көмек шарттарын жасасып, әскер кіргізді. Осыдан кейін Кеңес үкіметі Финляндиядан Ленинград (казіргі Санкт-Петербург) қаласының қауіпсіздігі үшін шекараны ел ішіне қарай жылжытуды талап етті. Осы талапты күшпен орындатқызу мақсатымен 1939 жылдың аяғы мен 1940 жылдың бас кезінде кеңес-финн соғысы болып, шекара солтүстік-батысқа қарай жылжытылды. Финляндиямен үш айға созылған соғыс кеңес армиясының әлсіз екенін көрсетті және КСРО-ның беделіне үлкен нүксан келтірді. 1940 ж. 28 маусымда Румыния Бессарабия мен Солт. Буковинаны Кеңес Одағына беруге мәжбүр болды. Ұлыбритания мен Франция үкіметтері Германияға соғыс жариялағандарымен, 9 ай бойы ешқандай ұрыс кимылдарын жүргізген жоқ. Осыны пайдаланған Германия Ұлыбритания теңіз флотына соқкы берді де, Бат. Еуропаны жаулап алуға кірісті. 1940 ж. сәуір — мамыр айларында Норвегия мен Дания жаулап алынып, 10 мамырда Бельгия, Нидерланд, Люксембургке, әрі қарай Францияға басып кірді. Петен бастаған француз үкіметі қарсыласудан бас тартып, 22 маусым күні берілді. Оңт. Францияда Петеннің «қуыршақ үкіметі» құрылып, елдің қалған бөлігінде герман билігі орнады. Шарль де Голль бастаған француз патриоттары Ұлыбританияға кетіп, күресті жалғастырды. Маусым айында (1940) Италия үкіметі де Франция мен Ұлыбританияға соғыс жариялады. Енді гитлершілер ағылшын қалаларын аяусыз бомбалауға кірісті. Бірақ Гитлер Ұлыбританияға басып кіруден бас тартып, Кеңес Одағымен соғыска мұқият дайындала бастады. Жапониямен, Италиямен достык нығайтылды. Балкан компаниясы (1941) нәтижесінде Грекия жаулап алынып, Югославияда фашистік Сербия, Хорватия «мемлекеттері» күрылды. Румыния, Мажарстан, Болгария, Финляндия фашистік одақка қосылды. Басып алынған жерлерді қырып жою, еріксіз жүмысқа пайдалану саясаты жүргізіліп, нәтижесінде фашистерге қарсы карсыласу козғалысы дүниеге келді. АҚШ үкіметі бейтараптык саясатынан бас тартып, Ұлыбритания мен баска да Еуропадағы соғысушы елдерге несиеге немесе жалға соғыс материалдарын (лендлиз) беру туралы заң қабылдады (1941 ж. 11 наурыз). 1941 жыл 22 маусым күні Германия КСРО- ға басып кірді. Ең алғаш Брест қамалы құлады. Онда үш дивизияның казармасы бар еді. Германияға Мажарстан, Румыния, Финляндия, Италия мемлекеттері қосылды. Соғыс қиянкескі сипат алып, Германия өзінің Қарулы Күштерінің 77% - ын осы майданда ұстады (қ. Ұлы Отан соғысы ).Осы уақыттта неміс авиациясы (люфтваффе) Мәскеуді бомбалауды бастады. Оған жауап ретінде 1941 жылдың жазында Балтық жағалауында орналасқан Кеңес авиациясы Берлинді бомбалады. Мәскеу шайқасында ( 1942, шілде – қараша ) кеңес армиясы өз отанын қорғап қалды. 1941 жылы шілдеде КСРО үкіметі Ұлыбритания және эмигоациядағы Польша, Чехославакия үкіметтерімен келісімге келді. Қыркүйектің аяғы – қазан айының бас кезінде (1941) Мәскеуде АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері КСРО- ға қару – жарақпен көмек беру жөнінде келісімге қол қойды. Гитлерге қарсы одақтың негізі қаланды. 1941 жылы 7 желтоқсанда Жапония Тынық мұхиттағы АҚШ-тың Перл – Харбор базасына басып кірді. 8 желтоқсанда АҚШ, Ұлыбритания мемлекеттері Жапонияға соғыс жариялады. 1942 жылы 1 қаңтар күні Вашингтонда 26 мемлекет үндеу қабылдап, фашистік одаққа қарсы күш біріктіруге шешім қбылдады. 1941 жылы 22.12 – 1942 жылы 14.01 Черчилль мен Рузвельт біріккен ағылшын – американ штабын және Тынық мұхитта ағылшын – американ – голланд – Аустралия бірыңғай одағын құруға шешім қабылдады.1942 жылы Жапония АҚШ-тың Тынық мұхиттағы негізгі соғыс базаларына соққы берді, Тайланд, Сянган (Гонконг), Бирма, Малайзия, Филиппиндер, Индонезияның басты аралдарын басып алды да, Аустралияға қауіп төндірді. АҚШ Атлант теңізіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитына көшірді де, 1942 жылдың 1 жартысында жапон флотына біршеше соққы беріп (Мидуей теңіз шайқасы), қорғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшеді. Америка және Ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 жылы жазда оларды Атлант мұхитынан ығыстыра бастады. Гитлерге одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71% - і кеңес – герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград тубінде жеңіске жетуі партизан қозғалысы мен Польша, Югославия, Чехославакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б елдерде қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 жыл 29 қазанда Солтүстік Африкада генерал Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренайка, Тоубурк, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын – америкалық экспедициялық корпусы ( генерал Дуйат Эйзенхауер) франциялық Солтүстік Африка саяси - әкімшілік бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б ) келіп түсті. Бірақ шaбуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін тоығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 жылы мамырда Солтүстік Африканы толығымен азат етті. 1943 жылы жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Беларусьті азат етуге кірісті ( қ. Курск шайқасы ). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 жылы жазда Сицилияны басып алып, Апеннин түбегіне беттеді.Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі құлап, П. Бадольо бастаған жаңа үкімет 3 қыркүйекте АҚШ- пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 жылы өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын – американ үкіметтері 1944 жылы мамыр айында Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одағы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 жылы қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесіде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі щабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасаты. Кеңес армиясы Польша және Шығыс Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 жылы 6 маусымда солтүстік – батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды.1944 жылы шілде–қараша айларында Қызыл армия Балтық бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан құрылған румын және болгар укіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехославак әскери бөлімдері Кеңес армиясының көмегімен Чехославакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық – азаттық армиясының және болгар әскерларінің көмегімен Югославияны, қазан айынан бастап, Венгрияны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақатстар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Оңтүстік Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 жылы желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соққы берді. 1945 жылы 12 -14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатқа дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла – Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солтүстігі мен шығыс Пруссияныбасып алып, солтүстікте Венгрияны толық азат етіп, Аустрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 23 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Батыс Аустрияға келіп кірді, 25 сәуір күні кеңес – американ әскерлері Торгау қаласы түбінде бір – бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы ( 16 сәуір – 2 мамыр ) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхорстта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 – 1945 жылдары маусым аралығында одақтастар жапондықтардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Постдам конференциясы (1945 жыл 17 маусым – 2 тамыз ) Германияны қарусыздандыру туралы шешім қабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты қабылдамады.6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Армия Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солтүстік шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңтүстік-Шығыс Азияда ұлт азаттық соғыстың басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 жылы 2 қыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіндігі жөнінде актіге қол қойды. АҚШ Атлант төңірегіндегі флотының бір бөлігін Тынық мұхитқа көшірді де, 1942 жылдың 1-жартысында жапон флотына бірнеше соққы беріп, корғанысқа көшуге мәжбүр етті. Басып алынған жерлерде жапондарға қарсы азаттық қозғалыс күшейді. Америка және ағылшын флоттары Германияның сүңгуір қайықтарына тойтарыс беріп, 1942 ж. жазда оларды Атлант мүхитынан ығыстыра бастады. Соғыстың 3-кезеңі (1942 ж. 19 қараша – 1943 ж. желтоқсан). Гитлерге қарсы одақ тізгінді өз қолына алып, жаппай шабуылға көшті. Германия Қарулы Күштерінің 71%-ы кеңес-герман майданында болды. Қызыл Армияның Сталинград түбінде жеңіске жетуі партизан қозгалысы мен Польша, Югославия, Чехословакия, Грекия, Франция, Бельгия, Нидерланд, Норвегия, т.б. елдерде Қарсыласу қозғалысының күшеюіне алып келді. 1942 ж. 23 қазанда Солт. Африкада ген. Б. Монтгомери басқарған ағылшын армиясы шабуылға шығып, Триполитания, Киренаика, Тобрук, Бенгазиді азат етті. 8 қарашада ағылшын — америкалық экспедициялық корпусы (ген. Дуайт Эйзенхауэр) франциялық Солт. Африка саяси-әкімш. бірлестігіне (Алжир, Оран, Касабланка, т.б.) келіп түсті. Бірақ шабуылға шыққан неміс армиясы одақтастарды Тунистен ығыстырып, бұрынғы француз иеліктерін толығымен басып алды. Дегенмен одақтастар 1943 ж. мамырда Солт. Африканы толығымен азат етті. 1943 ж. жазда өткен әйгілі Курск шайқасында жеңіске жеткен Қызыл Армия бөлімдері жаппай шабуылға шығып, Украина мен Белорусьті азат етуге кірісті (к. Курск шайқасы). Германияның негізгі күші шығыс майданда болғанын пайдаланған одақтастар 1943 ж. жазда Сицилияны басып алып, Апенин түбегіне беттеді. Одақтастардың шабуылы мен антифашистік қозғалыстың күшеюі нәтижесінде шілденің аяғында Италияда Муссолини үкіметі қүлап, П.Бадальо бастаған жаңа үкімет 3 кыркүйекте АҚШ-пен, Ұлыбританиямен уақытша бітім жасасты. Алайда гитлершілер қосымша күш жіберіп, Италия армиясын қарусыздандырып, елді толығымен басып алды. 1943 ж. өткен Каир және Тегеран конференцияларында ағылшын-американ үкіметтері 1944 ж. мамыр айында Батыс Еуропада екінші майдан ашуға келісті, ал Кеңес Одагы Германиямен соғыс аяқталғаннан кейін Жапониямен соғысуға міндеттенді. Соғыстың 4-кезеңі (1944 ж. 1 қаңтар — 1945 ж. 8 мамыр). Одақтастар барлық майданда жаппай шабуылға шықты. 1944 ж. қысқы және көктемгі шабуыл нәтижесінде Қызыл Армия Румыния жеріне өтті. Жазғы және күзгі шабуылдардан кейін 19 қыркүйекте Финляндия Мәскеуде уақытша бітім жасасты. Кеңес армиясы Польша және Шығ. Пруссияға келіп кірді. Оларға поляк армиясы көмектесті. АҚШ, Ұлыбритания үкіметтері 1944 ж. 6 маусымда солт.-батыс Францияда екінші майдан ашты. Одақтастар армиясы француз партизандарының көмегімен герман әскерлерін Франциядан ығыстырып шығарды. 1944 ж. шілде — караша айларында Қызыл армия Балтык бойын, Румынияны азат етіп, Болгария шекарасына келіп жетті. Жаңадан қүрылған румын және болгар үкіметтері Германияға соғыс жариялады. 20 қыркүйекте чехословак әскери бөлімдері кеңес армиясының көмегімен Чехословакияны азат ете бастады. Қызыл Армия бөлімдері Югославия халық-азаттық армиясының және болгар әскерлерінің көмегімен Югославияны, казан айынан бастап, Мажарстанны азат етуге кірісті. 1944 жылдың аяғына дейін одақтастар Францияны, Бельгияны, Нидерландты, Орт. Италия мен Германияның батыс аудандарын азат етті. Бірақ герман әскерлері 1944 ж. желтоқсанда Арденна түбінде шабуылға шығып, америкалықтарға соқкы берді. 1945 ж. 12-14 қаңтарда Қызыл Армияның Балтықтан Карпатка дейінгі аралықта жаппай шабуылы немістерді Арденна түбіндегі шабуылды тоқтатуға мәжбүр етті. Висла — Одер операциясы нәтижесінде Қызыл Армия Польшаның солт. мен Шығ. Пруссияны басып алып, солтүстікте Мажарстанны толық азат етіп, Аустрияға басып кірді. Ағылшын, америка, француз әскерлері 24 наурызда Рейннен өтіп, мамырдың бас кезінде Чехословакия мен Бат. Аустрияға келіп кірді. 25 сәуір күні кеңес — американ әскерлері Торгау қ. түбінде бір-бірімен алғаш рет кездесті. Кеңес армиясының Берлин операциясы (16 сәуір — 2 мамыр) нәтижесінде Берлин алынды. 8 мамыр күні Берлин түбіндегі Карлсхоростта КСРО, АҚШ, Ұлыбритания, Франция өкілдері алдында Германия өзінің жеңілгендігі жөнінде актіге қол қойды. 1944 — 45 ж. маусым аралығында одақтастар жапондардан Үндістанды, Бирманы, Индонезияны, Үндіқытай түбегінің бір бөлігін азат етіп, Жапонияға әуе шабуылын күшейтті. Соғыстың 5-кезеңі (1945 ж. 9 мамыр — 2 кыркүйек). Потсдам конференциясы (1945 ж. 17 маусым — 2 тамыз) Германияны қарусыздандыру туралы шешім кабылдап, Жапониядан тізе бүгуді талап етті. Жапония үкіметі бұл талапты кабылдамады. 6 және 9 тамызда АҚШ әуе күштері Жапонияның екі қаласы Хиросима мен Нагасакиге атом бомбасын тастады. 9 тамызда Қызыл Әскер Моңғолия Қарулы Күштерімен бірге Жапонияға қарсы соғысқа араласты. Кеңес армиясы Солт.- шығыс Қытайды, Солтүстік Кореяны, Сахалин және Курил аралдарын азат етті. Оңт.-Шығыс Азияда ұлтазаттық қозғалысы басталып, 17 тамызда Индонезия Республикасы, 2 қыркүйекте Вьетнам Демократиялық Республикасы құрылды. 1945 ж. 2 кыркүйекте жапон үкіметі тізе бүгетіні жөнінде актіге кол койды. Соғысқа 61 мемлекет, дүние жүзі халқының 80%-ы қатысты. Соғыс қимылдары 40 мемлекет жерінде жүріп, 110 млн адам әскерге алынды. 50 — 55 млн адам қазаға ұшырап, 4 триллион долл. көлемінде шығын шықты. Соғыстың аяғында нацизм және фашизм толық күйреп, Батыс Еуропа елдерінде демократияның орнауына жол ашылды. Нацизмді талқандауда шешуші рөлді КСРО құрамындағы халықтар атқарды