Қазақстандағы жануарлардың алуантүрлілігі (сандық құрамы). Қазақстан жерінде алуан түрлі жануарлар мен өсімдіктер әлемі кездеседі. Мұнда омыртқалы жануарлардың 835 түрі бар. Соның ішінде сүтқоректілердің 178 түрі: құстың - 500-жуық, бауырымен жорғалаушылардың - 49, қосмекенділердің - 12, балықтың - 104, дөңгелекауыздылар немесе балықтәрізділердің 3 түрі тіршілік етеді. Атап айтқанда кез-келген адамға таныс аю, қасқыр, түлкі, қоян, кірпі, үйректер, тырна, қаз, аққу, бүркіт, улы сұр жылан, бақа, алабұға, шортан және тағы басқалар кездеседі.Бұлар бір-бірімен сыртқы түрі, пішіні және т.б. ерекшеліктеріне қарай түрге, туысқа топтасып, үлкен бір бірлестікті құрайды. Қазақстанда сұр жыланның - 2, тырнаның - 3, Аққудың - 3, бүркіттің - 5, қаздың - 7, ал үйректің тіпті 26 түрі бар. Омыртқасыз жануарлардың әртүрлері өте көп, оларға - жәндіктер, өрмекшілер, кенелер, балқылдақденелілер, құрттар және басқа қарапайымдылар жатады.Бұлардың көбі әлі зерттелмеген, сондықтан зоологтар жыл сайын олардың жаңа түрлерін зерттеп, сипаттап жазуда. Қазақстан ғалымдарының зерттеулері бойынша, біздің республикамыздың жерінде омыртқасыз жануарлардың 50 мыңға жуық түрі тіршілік етеді, бұлардың ішінде дене мөлшерінің кішілігіне қарамай, адам өмірі үшін маңызы зор түрлері де бар. Біреулері адамға тамақ ретінде (шаянтәрізділер, былқылдақденелілер); екіншілері - кәсіптік маңызы бар аңдарға жем ретінде (құстар мен балықтар); үшіншілері - адамдар мен жануарлар ауруын тасушылар (қарапайымдылар, биттер, бүргелер, масалар, кенелер, құрттар) болып табылады. Көптеген омыртқасыздар ауылшаруашылығының зиянкестері, кейбіреулері - (қарақұрт, сарышаян, бүйі) улы, тағы басқа түрлері адам үшін өнімдерімен пайдалы: бал аралары - бал, балауыз, прополис; жібек құрты - жібек; кейбір балқылдақденелілер - маржан және т.б. береді.
Қазақстандағы өсімдіктердің алуантүрлілігі (сандық құрамы). Қазақстан территориясында жер шарының барлық ландшафтарының типтері құрғақ субтропикадан және ыстық, қапырық шөлдердің әртүрлі типтерінен биік тау тундрасына және мұздарына дейін кездеседі. Осындай әртүрлі ландшафтардың оған қосымша Каспий, Арал, Балхаш, Зайсан, Алакөл сияқты континентішілік теңіздердің және көлдердің болуы Қазақстан биоталарының бай және әртүрлі болуын қамтамасыз етті. Қазақстан территориясының 40-дан аса бөлігін дала және 55шамасында шөлдер алып жатыр, экожүйелер антропогендік әсерге әлсіз, оңай тұрақсызданады және қайтадан қалпына келу қабілеттілігі өте нашар.
Қазақстанның өсімдіктер жабынын 6000 түрден астам 128 тұқымдасқа жататын жоғары сатыдағы өсімдіктер жасайды. Олардың 14 эндемиктер флоралық әртүрлілік деңгейі Қазақстанның әртүрлі бөліктерінде бірдей емес. Қазақстанның тегістік бөліктерінде шөлдер және далаларда флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі батыстан Шығысқа қарай ұлғаяды. Ал тау жүйелерінде флораның әртүрлілігі және өзіндік ерекшелігі Солтүстік-Шығыстан (Алтай) Оңтүстік батысқа (Батыс Тянь-Шань, Қаратау) қарай ұлғаяды. Қазақстанда 10 монотиптік эндемикалық туыстарды ерекше атауға болады: Physandra (Физандра), Rhaphydophyton (Рафидофитон), Pseuderemоstаshys (Лжепустынноколосник-жалған шөлмесақ), Botschantzevia (Бочанцевия), Pseudomarrubium (Ложная шандра-жалған шандра), Canсriniella (Канкриниелла), Spiraeаnthus (Таволгоцвет-тобылғытүс), Pterygostemon (Птеригостемон), Pastinacopsis (Пастернаковник), Niedzwedzkiа (Недзвецкия)
Қазақстанның 1981 жылы баспадан шыққан Қызыл кітабына жоғарғы сатыдағы өсімдіктердің 279 түрі кіргізілген болса, соңғы жылдары баспаға тапсырылған қызыл кітаптың екінші басылымына өсімдіктердің 400 сирек кездесін түрлері енгізілген. Қазақстан өсімдіктері жамылғысының қалыптаса бастауы аумағының негізгі бөлігін су басып жатқан кезден, бор дәуірінің аяғы мен палеоген дәуірінің бас кезінен басталады. Палеогенде бүкіл Тұран ойпатын теңіз басып жатқан. Ол Торғай бұғазы арқылы Батыс Сібір теңізімен жалғасқан. Теңіз Қазақстанға қараған құрлықты екіге бөлген. Торғай бұғазынан шығыста Алтай, Сарыарқа аймақтарында, негізінен жалпақ жапырақтылары мен мәңгі жасыл қылқан жапырақты өсімдік түрлері (ангара флорасы) тараған. Ал Торғай бұғазынан батысқа қарай (Мұғалжар, Жалпы Сырт, Жем үстірті) мәңгі жасыл субтропиктік түрлер (полтава флорасы) дамыған. Неогенде Торғай бұғазының суы тартылып, құрғағаннан кейін екі жағы қосылған. Осы кезде полтава флорасы шығысқа қарай тарап, Жайсан көліне дейін жеткен. Керісінше, шығыста өскен өсімдіктер батысқа ауысқан. Соның нәтижесінде Қазақстанда торғай флорасы деп аталатын өсімдік түрлері қалыптасқан. Оған платан, грек жаңғағы, емен, шамшат, терек, т.б. жатады.