«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А



бет56/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69
М
Майлы өсімдіктер.
Өсімдіктер майларын екіге бөлуге болады:
1) Сұйық майлар
- кеуіп қалмайтын
- жартылай кебетін
- кебетін
2) Қатты майлар

Өсімдіктер майлары фармацептикалық практикада:


А) Сұйық майлар
1)Кеуіп қалмайтын зәйтүн (оливка) майы, бадам (миндаль) майы, жер жаңғақ (арахис) майы, үпілмәлік (кастровые) майы,
2) жартылай кебетін – күнбағыс майы, мақта майы, жүгері майы
Б) Қатты майлар – какоо майы, болып бөлінеді.

Зәйтүн (Оливка) майы


Европа зәйтүні- Олеасеае тұқымдасынан. Бұл өсімдік Қазақстанда кездеспейді. Мәңгі жасыл ағаш биіктігі 3-7 м. Зәйтүннің отаны Жерорта теңізінің Оңтүстік Шығыс бөлігі (Сирия, Оңтүстікң Анатолия және көршілес аралдар). Ерте заманнан Жерорта теңізі елдерінің бәрінде мәденилендірілуде. ССРО (Қазіргі ТМД) елдерінде қара теңіз жағалауында, Азербайжанда Шығыс Грузия және Оңтүстік –Батыс Түркменияда – Совет ғàлымдары селекционерлері шығарған сорттар егіледі.
Дәрілік шикізаты
Зәйтүннің жаңа жиналған жемістері тағамдық өнiм медициналық, және техникалық зәйтүн майын алу үшін пайдаланады.
Химиялық құрамы
Жеміс жұмсағында шыны майдың (жирное масло) мөлшері 50-70% ал тұқымдарында - 20%.
Медициналық шыны майы негізінен таза триолеиннен тұрады. Майдың техникалық сорттары “ағаш” майы деген атпен белгілі ол май сабын қайнатуда пайдаланылады.
Пайдалануы
Зәйтүн майы камфараның иньекциялық ертіндісін дайындағанда еріткіш ретінде және жыныс гормондарының препараттарын дайындағанда пайдаланылады.
Күнбағыс майы
Өсімдік аты- Біржылдық күнбағыс – Helianthus annuus L.- Подсолнечник однолетнии.
Біржылдық, шөптесін өсімдік биіктігі 2,5 м. Күнбағыстың отаны – Солтүстік Америка. Бұрынғы ССРО елдерінде күнбағыс негізгі майлы өсімдік ретінде Россияда- Воронеж облысында, Солтүстік Кавказда, Поволжьеде, Украйнада, Қазақстанда өсіріледі.
Дәрілік шикізаты
Піскен тұқымшалары селекциялық сорттарына қарай тұқымшалардың мөлшері және салмағы 1000 тұқымшасын алғанда 40 грамнан 200 граммға дейін өзгереді.
Химиялық құрамы
Күнбағыстың тұқымшасында 35% дейін шыны майы болады, көмірсулар 24-27%, белокты заттары 13-20%, фитин 2 %, хлороген қышқылы 2% азда болса илік заттар және органикалық қышқылдар болады. Жапырақтарында 100 грамында 11 мг каротин болады.
Күнбағыс шыны майы 39 %, олейн үшглицеринен 47%, линолев және 9%
шектеулі қышқылдардан тұрады.
Пайдаланылуы
Майын денеге жағуға пайдаланылатын дәрілік заттардың (майдың) еріткіші ретінде қолданылады.
Мақта майы
Өсімдік аты - мақта (Gossypium-хлопчатник), Malvaceae (құлқайырлар-
мальвовые) тұқымдасынан
Химиялық құрамы.
Мақта майының негізгі компоненттері трилиполин (45% шамасында) триолеин (35%) және құрамында пальмигин және стеарин қышқылдары бар триглицеридтер. Мақтаның шыны майы олардың қабықтарынан және қылшықтарынан тазалағаннан кейін тұқымдарын сығып алады. Тұқымдағы майдың мөлшері 30% шамасында болады. Мақтаны жаңа сығып алғанда құрамында 2% бояғыш, қарамай, белокты заттар болады.
Пайдалануы
Мақта майы- тағамдық өнім. Фармацияда мақта майының гидрогенизаторлары пайдаланады.
Жүгері майы Өсімдік аты- жүгері (Zea mays L-Кукуруза)
Біржылдық өсімдік биіктігі 80-300см. Жүгерінің отаны Америка (Мексика, Перу) Қазақстанның барлық региондарында екпе жағдайда өсіріледі.Дәрілік шикізаты Жүгері дәндері ұрықтары. Жүгері дәндерін тартып ұн алғанда оның ұрықтары қалдық ретінде қалады.
Химиялық құрамы
Жүгерінің ұрықтарында 49-57 % шыны майы болады, 13-18 % белокты заттар, 5 %фитин, токоферолдар және басқа заттар болады.
Жүгерінің ұнын өндіргенде ұрықтары қалдық ретінде қалуы мүмкін және май шамамен 18-20% болады. Жүгері майы олейн (45% дейін), линолев (48% дейін) және шекті қышқылдар (11% дейін) болады. Жүгері майында витамин Е және фитостериндер болады.
Пайдалануы
Жүгері майының шипалық қасиеті ол майдың құрамындағы компоненттерінің комплекстік әсеріне байланысты.
Линолев қышқылы липидтердің бөлініп және организмнен шығарылуын тездетеді. Фитостерин ішек-асқазаннан холестериннің сіңірілуіне кедергі келтіреді.
Е витаминінің әсері әр жақты - белок алмасуды тежейді, Капиллярлардың күйрегіштігіне морттығына әсер етеді. Осыған байланысты жүгері майын атроскелерозды емдеу және профилактикасын жасау үшін ішеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет