Пайдалы өсімдіктер ресурстарын зерттеудіңдеңгейлері. Пайдалы өсімдіктер туралы ғылымның дамуы ерте замандағы Қытай, Египет, Рим, Греция және Шығыс Арабия тарихына, мәдениетіне тығыз байланысты. Ресейде әртүрлі пайдалы өсімдіктер туралы алғашқы мәліметтер дәрілік және хош иісті өсімдіктерге байланысты екендігіне әдебиеттегі мәліметтер айқын көрсетеді.Қазақстанда пайдалы өсімдіктерді пайдалану, олардың ішінде, әрине бірінші ретте дәрілік өсімдіктер пайдалану Шығыс және Батыс елдерінің медицина мектептерінің әсеріне байланысты болды. Мысалы, Қазақстанның оңтүстік аудандарына Иран, Ауғанстан, Үндістан сияқты елдердің әсері бар. Оған қосымша Қазакстанда Европа елдерінде белгілі көптеген шипалық қасиеті бар заттар да қолданылады. Сондықтан шетелдерден әкелінетін шикізаттарды алмастыру қажет болды, осы қажеттілік нәтижесінде Қазақстан флорасында көксағызды (каучук) илік заттары бар шырышты өсімдіктер табылды.Қазақстан флорасында халық медицинасында кеңінен белгілі шипалық қасиеті бар өсімдіктерді, әсіресе, жүрек-қан тамырлары, өт айдайтын, ісікке қарсы қолданылатын өсімдіктерді іздеуге үлкен көңіл бөлінді.Сонымен, ресурстануды өз алдына дербес ғылым саласы екендігі дәлелденген деп санауға болады. «Өсімдіктер ресурсы» деген терминді А.Федоров (1966) былайша түсіну керек деп санайды. «Өсімдіктер ресурсы дегеніміз - бүкіл флорадағы және жер шарындағы өсімдіктер жамылғысында бар потенциалдық байлық».Д.С. Ивашиннін (1969) анықтамасы бойынша «Өсімдіктер ресурсы» - ботаникалық ресурстанудың зерттеу объектісі, ол объект өсімдіктер құрамындағы заттарын, яғни бүкіл флора және өсімдіктер жамылғысындағы бар байлықты қамтиды.
Перспективті техникалықөсімдіктер. Перспективті техникалық өсімдіктер. Техникалық дақылдар – техникалық шикізат алу үшін адам өсіретін мәдени өсімдіктер. Мәселен, мысалы, картоп, күріш немесе жүгері құрамында крахмал бар дақылдар (соның ішінде спиртке одан әрі өңдеу үшін), сондай-ақ көкөніс дақылдары ретінде, ал жүгері мен күрішті дәнді дақылдар ретінде өсіруге болады. Дәнді дақылдарды мал азықтық дақыл ретінде өсіруге болады, т.б.Майлы дақылдарды өсіру аграрлық секторда өте өзекті тақырып болып табылады, өйткені Қазақстанда майлы дақылдар көлемі жыл сайын артып келеді. Бірақ бұл секторды одан әрі дамыту үшін белгілі бір табиғи-климаттық аймаққа қандай түрлердің қолайлы екенін және майлы дақылдарды көбейту үшін не істеу керектігін түсіну маңызды.Негізгі азық-түлік дақылы – бидай. Республикада 35 миллион гектардай жерді ауыл шаруашылығы дақылдары алып жатыр, оның 23 миллион гектары астық, 14 миллион гектары бидай.Қазақстанның оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында техникалық дақылдар егіледі, оның ішінде мақта, қант қызылшасы, темекі ең маңызды болып табылады. Мұнда даму болашағы зор бау-бақша мен жүзім шаруашылығы да дамыды.Шығыс Қазақстанның ауыл шаруашылығы:Елдің бұл бөлігінде ауыл шаруашылығы суарылмайтын егіншілікпен ұсынылған. Жердің басым бөлігі күнбағыс дақылдарына бөлінген. Өзендерге жақын маңда бұршақ, сұлы, бидай және кейбір көкөніс дақылдары да егілген. Мұнда етті-сүтті мал шаруашылығы да қарқынды дамып келеді.