Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік-аңшылық жануарлар түрлері (жыртқыштар). Оларды тиімді пайдалану және қорғау.
Отанымыздың баға жетпес байлығының бірі әрине жануарлар дүниесі. Солардың ішінде құнды тері, дәмді ет, дәрі-дәрмектік шикізаттар беретін түрлері көп-ақ. Мысалы, проф. А.Бекенов және т.б. (1983) мәліметтері бойынша табиғи жағдайы әр алуан Қазақстан территориясында бағалы терісі мен шипалы еті үшін аңдардың 50 ден астам түрлері ауланады. Қазақстан жануарлар әлемінде 835 омыртқалылар түрлері, оның ішінде 178 түрлер сүтқоректілер, оның 48 түрі (27) кәсіптік ауланатын түрлерге жатады. Тұяқтылардың 12 түрінің 7 түрі (ақбөкен -киік, сайган, бұлан-лось, елік- косуля, қабан, тау теке, құдыр-қабырға, марал) кәсіптік аулатындар. Республикамыз терісі үшін ауланатын аңдарға бай. Мысалы, Кәмшат - Соболь, түлкі -лисица, ондатр, суыр-сурок), сарышунақ-суслик және т.б. Соңғы жылдары экологиялық жағдайдың өзгеруіне байланысты жабайы аңдардың мекен жайлары жаңарып қайта құрылуда деуге болады. Олардың саныда өзгерді. Кейбір жануарлардың жалпы саны азайды ал кейбіреулері көбейді. 1996 жылғы мәліметтер бойынша (Байтулин, 1996). Ақбөкендер саны 850-900 мың, елік-30мың, қабандар-10мың, тау теке-20мың, марал-15мың шамасында. Қасқырлар және шиебөрілердің саны көбейді. Қасқырлар-100мың, ал шиебөрілер-50мың шамасында. Бұл жыртқыштардың санын азайту республикамызда мал шаруашылығын дамытып, кәсіптік аңдарды сақтауда маңызы зор
Қазақстанның терісі қымбат және кәсіптік-аңшылық жануарлар түрлері (кеміргіштер). Оларды тиімді пайдалану және қорғау.
Кеміргіштер отряды (Kodentia bowdich, 1821) кеміргіштер
Қазақстанда кеміргіштер отрядының бағалы терісі үшін ауланатындарына мыналарды жатқызуға болады:
кәдімгі тиін, дала суыры, сұр суыр, көк суыр , қызыл суыр, камшат, саз камшаты, алып кортышқан, алтай бураубасы жатады.
Қоянтәрізділер отряды – Lagomorpha Brandt, 1855.
Бұл отряд өкілдері барлық құрылықта таралған. Кейбір түрлері кәсіптік және әуесқойлық жолмен ауланады. Қазақстанда бұл отрядтың 2 тұқымдасына (қояндар, шақылдақтар) жататын өкілдері мекендейді.
Қояндар тұқымдасынан еті, терісімен түбіті үшін ақ қоян (Lepus timidus Linnaeus, 1758) кәсіптік жолмен ауланады ал құм қояны (Lepus tolai Pallas, 1778) жеңіл еті үшін әуесқойлық жолмен ауланады аталған қояндардың таралуына келетін болсақ ақ қоян түрлі ағаштар, бұталар - өскен орман, сү бойындағы тоғайларды мекендейді. Негізінен ақ қоян Қазақстанда солтүстік және таулы солтүстік – шығыс аудандарында мекендейді. Әсіресе Қостанай, Солүстік Қазақстан, Көкшетау, Павлодар обылыстарында орманды далаларында және Қарағанды, Шығыс Қазақстаның тауларында. Ал Батыс Қазақстан, Орал, Алматы обылыстарында кең таралғанымен саны онша көп емес. Ал құм қояны Қазақстанның Батыс, Оңүстік, Шығыс аймақтарында таралған. Сексеуіл, қоянсүиек, теріскен және басқа бұталар өскен құмды жерлерде, ши, жыңғыл, шеңгел өскен тоғайларда, өзен, көл манында шалғындықтарда, ағаш бұта өскен тау жоталарында мекендейді.
Достарыңызбен бөлісу: |