Қазақстанның ұлттық бақтары олардың биоресурстар өнімділігін арттырудағымаңызы. Ұлттық саябақтар елімізде қорғалатын ландшафтылардың жаңа түрі. Олар әлі де толық өріс алып, дами қойған жоқ. Мұның қорықтардан айырмашылығы - туристер мен тынығушылардың кіріп көруіне рұқсат етіледі. Бірақ олардан табиғатты қорғау ретін сақтау талап етіледі. Қазақстанда 5 саябақ ұйымдастырылған. Еліміздегі алғашқы саябақ -
Баянауыл ұлттық саябағы
Ол 1985 жылы Павлодар облысындағы Баянауыл орман шаруашылығьінын негізінде құрылған, ауданы 50,7 мың гектар. Саябақ аумағына енетін таулы-орманды ландшафтылары тамаша табиғат ерекшеліктерімен көзге түседі. Қарағай, қайың ормандары өскен, гранитті, үгіліп мүжілген Баянауыл таулары Сарыарқаның шөлейтті жазықтарында орналасқан. Мұнда құстардың 54 түрі, сүтқоректілердің 54, балықтың 8, өсімдіктің 438 түрі бар. Биік жері - Ақбеттауы, биіктігі 1026 метр. Табиғатының қолайлы жағдайына байланысты Баянауыл тауларын «шөлді даладағы таулы-орманды шұрат» деп атайды. Бұл аймақ жаппай демалыс пен туризмнің дамыған жері. Мұнда көптеген демалыс үйлері, емдеу мекемелер, туристік базалар орналасқан. Саябақта ұзақ уақыт үгілу әрекетінен қайталанбас жартас, шоқылар қалыптасқан. Олар сыртқы түріне орай «Жалмауыз кемпір», «Найзатас», «Тас және Ат басы» т.б. деп аталады.
Іле Алатауы саябағы
1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 199,7 мың гектар. Іле Алатауының солтүстік беткейінде Түрген шатқалынан бастап, батыста Қаскелең асуына дейінгі ерекше ландшафтыларды қорғау және демалыс, тынығу мақсатында пайдаланылады. Мұнда қорғауға аңның 43 түрі, құстың 138 түрі, балықтың 8 түрі, өсімдіктің 1282 түрі алынды.
Қарқаралы саябағы
1998 жылы кұрылған. Ауданы 90,3 мың гектар. Қарағанды облысындағы Қарқаралы ауданында орналасқан. Қарқаралы жәнө Кент тау жүйелерін қамтиды. Осында әйгілі Шайтанкөл орналасқан. Мұнда аңның 39 түрі, қүстың 55 түрі, балықтың 11 түрі, өсімдіктің 68 түрі қорғалады.
Алтынемел табиғи саябағы
1996 жылы Алматы облысының Кербұлақ, Панфилов аудандары жерінде орналасқан. Ауданы 161,1 мың гектар. Алтынемел тауын қамтиды. Мұнда аңның 6 түрі (таутеке, қарақұйрық, құлан, қызыл қасқыр және т.б. ), сонымен бірге құстың 231 түрі, балықтың 30, өсімдіктің 1800 түрі қорғауға алынған.
Көкшетау саябағы
Ол 1996 жылы ұйымдастырылған. Ауданы 182,1 мың гектар. Мұнда аңның 305 түрі, қүстың 223, балықтың 22 түрі, өсімдіктің 800 түрі қорғауға алынған.