«Қазақстан биоресурстары» пәнінен емтихан сұрақтары А


Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын



бет44/69
Дата22.05.2022
өлшемі200,65 Kb.
#35318
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69
Байланысты:
толық емес биоресурс (копия)

Қазақстанның сирек кездесетін жануарлар түрлері, сипаттамасы (толық), қорларын қорғау.
Сырдария тасбекіресі Құрып бітудің қарсаңындағы өте сирек кездесетін түр. Бұрын Сырдария су алқабын Қарадария сағасына дейін мекендеген. Қазақстанда өте сирек болатын, ол соңғы 25 жылда Сырдың суын реттеп, суару жүйелерін салудың нәтижесінде тіптен кездеспейді. 1980 жылдан ол туралы хабар нақтылы деректермен бекімеген. Нашар зерттелген. Ұзындығы 27 см. Қолдан өсірілмеген. Осы түрдің сақталған жерлерінде қорық ұйымдастырып, қолдан өсіруді жолға қою керек.
Арал бекіресі, қызғылт бірқазан,мәрмәр шүрегей,балықшы тұйғын,лашын,ақ тырна сияқты жануарлар қызыл кітапқа енген.

Қазақстанда Бұл түрдің кейінгі 3 - 4 жылда саны күрт кеміп кеткендіктен жойылып кету қаупі бар. Оның басты себебі: араб елдеріне сату үшін ересектерін аулау және ұядағы балапандарын алу. Заңсыз аулаудың осындай түрі соңғы жылдары кең тарап отыр. Бұл түрді Ақсу-Жабағылы, Наурызым және Үстірт қорықтарында ғана қорғаудың жеткіліксіздігі байқалып отыр. Жаңа қорықтар ұйымдастырудан да бұрын оларды аулауға толық тыйым салу керек.


Қабылан-Өте сирек, Қазақстанда жойылып бара жатқан түр. Үстіртте таралған: ертеде Маңғыстау мен Қызылқұмда тіршілік еткен; шөлді тау бөктерлерін, тау жұрнақтары мен құз-жартастарды мекендейді. Таралу аймағының тарылып, санының кемуінің негізгі себептері - шаруашылықты дұрыс жүргізбеу, басты қоректік объектілердің санының азаюы және қаскерлік. Алматы қорығында ойдағыдай көбеюде.


Қазақстанның су айдындарына жерсіндірілген балықтар. Жерсіндірілген балықтардың пайдасы мен зиянды жақтары.
Қазақстан ихтиофаунасында кездесетің түрлердің нақты санын айту қазіргі кезде қыйындау өйткені ихтиологттар жаңа түрлерді уақытына байланысты әрқалай анықтады. Яғни тәсілдері бірдей болмады. Кейбір түрлер уақытша жасалған қазір жойылып кеткен су қоймаларында сипатталды. Дегенмен шамамен айтуға болады Каспий теңізінен басқа Қазақстан су қоймаларында жергілікті балықтардың 100 шақты түрі және акклиматизацияланған (жерсіндірілген )20 түрі бар деп айтуға болады.
Сазан Cyprinidae – карповые - тұқытектестер тұқымдасына жатады. Сазан туысынан Cyprinus carpio - сазан түріне сипаттама беріп өтейік. Бұрынғы СССР территориясында 3 түрше, ал Қазақстанада 2 түрше кездеседі. Оның бірі Cyprinus carpio aralensis Spitcshakov – арал сазаны. Қазақстанда (батыс Қазақстаннан басқа) кең таралған Арал су алабынан басқасына жерсіндірілген. Ұзындығы 40-45 (80) см, салмағы 2-2,5 (22,5) кг. Кәсіптік түрі Қазақстанда Орал, Каспий
және Эмбадан басқа барлық су алабтарында мекендейді. Ал Орал, Каспий және Эмба су алабтарында европалық сазан мекендейді. Бірақта Арал сазанының табиғи ареалдары Арал бассейнімен шектеледі Амурдарья, Сырдарья, Зеравшан, Сарысу және Шу да, көлдерді (Камышлибалық, Акчатау, Биликоль) су қоймаларын Шардара, Бугунь және Ыстык-көлді қосқанда. Басқа су қоймаларында арал сазаны жерсіндірілген және республикадағы су алабтарына тарау үшін Шу өзенігдегі сазандар пайдаланылған. Мысалы өткен ғасырдың (XIX) сонында шу сазаны Балхаш бассейініне жіберілген, ал XX ғасырдың басында Таласс бассейініне жіберілді. Ал 1930 жылдары сазан Балхаштан Алаколь және Зайсанға, Ертіс бассейніне, ал 1940 жылдары Нура өзеніне жіберілді. Кейінірек сазан Ишим, Тобол, Иртыш, Торғай өзендеріне және Ертіс-Карағанды су қоймаларына жіберілді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   69




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет