2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті.
2000 ж. Ресей мен Қазақстан қатынасы жаңа деңгейге көтерілді. Дәл осы кезеңде Ресейдегі Қазақстан жылы және Қазақстандағы Ресей жылы сәтті өтті.
2005 ж. қаңтарда Ресей мен Қазақстан арасындағы 7591 шақырымды құрайтын мемлекеттік шекара белгіленген тарихи маңызды құжатқа қол қойылды.
2007 ж. стратегиялық жұмыс жоспарына сай ғарышты бірлесіп игеру, әскери-техникалық ынтымақтастық, отын-энергетикалық кешені саласында бірлескен жұмыстар жалғасын тапты.
2009 жылдан бастап Қазақстан, Белоруссия және Ресей арасындағы Бірыңғай экономикалық кеңістіктің қалыптасуының заңнамалық мәселелері жетілдіре бастады. Үш мемлекеттің Кеден одағы Еуразиялық экономикалық қауымдастықтан бастау алды. Жалпы, Қазақстан мен Ресей кең ауқымды әріптестік пен одақтастықты қарқынды дамыту жолымен келе жатыр. Екі мемлекет тандемі еуразиялық кеңістіктегі тұрақтылық пен дамудың факторына айналды.