Қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай ералы тоғжанов



Pdf көрінісі
бет2/10
Дата22.12.2016
өлшемі0,92 Mb.
#240
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

ӘдебИеттер:
1.  Назарбаев  Н.  Біздің  басты  жетістігіміз  –  халықтар  достығы.  1992  жылғы  13  желтоқсандағы 
Қазақстан халықтары форумындағы баяндамасынан. – Б. 92.
2.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  Қазақстан  Республикасының 
Конституциясы  Күніне  арналған  Халықаралық  ғылыми-тәжірибелік  конференцияда  сөйлеген 
сөзі. Астана қ., Бейбітшілік пен келісім сарайы, 2012 жылдың 30 тамызы.
3.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  –  ҚХА  Төрағасы  Н.  Ә.  Назарбаевтың  «Қазақстан–2050: 
бейбітшілік,  руханият  және  келісім  мәдениеті»  тақырыбындағы  Қазақстан  халқы 
Ассамблеясының ХХІ сессиясында сөйлеген сөзі. Астана қ., Бейбітшілік және келісім сарайы. 
2014 жылдың 4 сәуірі. 
4.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Н.  Ә.  Назарбаевтың  2014  жылдың  11  қарашасында 
Қазақстан халқына жолдаған «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Жолдауы. Астана қ. 2014 
жылдың 11 қарашасы. 
5.  Президент Латвии назвал Назарбаева примером для подражания //http://total.kz/
6.  Назарбаев: На Украину доставят уголь из Экибастуза // http://tengrinews.kz/

13
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Ұлттық идеологияның 
темірқазығы – 
мемлекеттілік 
ерлан қарИн, 
ҚР Президенті жанындағы Қазақстан 
стратегиялық зерттеулер институтының директоры, 
саяси ғылымдарының кандидаты
М
емлекет  басшысы  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Астана 
қаласы әкімдігінде сөйлеген сөзін қалың жұртшылық 
зор  ықылас  сезіммен  қабылдап,  қызу  талқылауда. 
Әсіресе,  Президенттің  Астана  активімен  кездесу 
кезінде  2015  жылы  елімізде  Қазақ  хандығының  550  жылдығы 
тойланатындығы  туралы  мәлімдемесі  ақпараттық  кеңістіктегі 
негізгі тақырыпқа айналды. Нұрсұлтан Назарбаев өз сөзінде: «Керей 
мен  Жәнібек  1465  жылы  алғашқы  хандықты  құрды,  қазақтың 
мемлекеттілігінің тарихы сол кезден бастау алады. Бәлкім, ол бүгінгі 
шекарасындағы,  бүкіл  әлемге  осынша  танымал  әрі  беделді,  осы 
ұғымның қазіргі мағынасындағыдай мемлекет болмаған да шығар. 
Бірақ, бұлай деп сол кезеңдегі басқа да барлық мемлекеттер туралы 
да айтуға болады. Ең маңыздысы, сол кезде оған негіз қаланды. Біз 
–  бабаларымыздың  ұлы  істерін  жалғастырушыларымыз»  –  деген 
болатын.  осылайша,  Елбасы  қалың  бұқараның  көкейінде  жүрген 
ойды дөп басып айтып қана қоймай, жаңа бастаманың төңірегінде 
бүкіл елді, халықты тағы бір жұмылдыра түсті. Әсіресе, Мемлекет 
басшысының айтқан сөздеріне жастар тарапынан ықылас сезімдері 
ерекше болғанын айта кеткен жөн. Жастардың Елбасы сөздерінен 
жігерленгендері  соншалық,  Президенттің  мәлімдемесі  ақпарат 
құралдарында жарияланысымен, интернетте, әлеуметтік желілерде 
өз  әсерлерімен  шынайы  бөлісіп,  Мемлекет  басшысының  сөздерін 
цитаталарға бөліп, біріне бірі таратып жатты. осының өзі халықты 
біріктіріп, бір жұдырықтай жұмылдыратын нағыз шынайы ұлттық 

14
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
идея  –  мемлекеттілік  екенін  растайды.  Әрине,  кейбір  сарапшылар 
мен  бақылаушылар  Президенттің  бұл  мәлімдемесінің  астарынан 
басқа бір мағына іздегені де жасырын емес. Біріншіден, біраз жұрт 
мәлімдемені, әсіресе, өзге елдердің де ХV ғасырда қазіргі заманғы 
стандарттарға  сәйкес  мемлекеттің  бүгінгідей  болмағандығы 
жөніндегі  сөздерді  Президенттің  ресейлік  саясаткерлерге  берген 
жауабы  шығар  деп  ұғынып  жатқанға  ұқсайды.  Екіншіден, 
Елбасының Тәуелсіздік азаматтар үшін ең басты киелі де қасиетті 
ұғым болу қажеттігі жөніндегі сөзі еліміздің алдында қашанда түрлі 
қатерлер  бар  екендігін  аңғартқысы  келген  шығар  дейді.  Алайда, 
шын мәнісінде, Қазақстан басшысының мемлекеттіліктің тарихына 
қатысты  ой-толғамдарының,  тарихи  сананы  жаңғыртуға  арналған 
бастамаларының  тамыры  одан  да  тереңде  жатыр.  Ең  бастысы, 
Президент  Қазақ  хандығының  550  жылдығын  тойлау  бастамасы 
«Мәңгілік  Ел»  идеясының  ұлттық  идеялогияға  айналуы  қажет 
екендігін тағы бір аңғартады. 
Қазақ хандығының мерейтойы – 
тарихи зерттеулердің нәтижесі
Біздің  пайымдауымызша,  соңғы  мәлімдемесімен  Нұрсұлтан 
Назарбаев  бірінші  кезекте  қазақтың  тарихына  қатысты  ұзаққа 
созылған  пікірталасқа  ресми  түрде  нүкте  қойған  тәрізді.  Әдетте, 
қазақтың мемлекеттілік дәстүрі тым тереңге кететіндігін тарихшылар 
жақсы  біледі.  Алайда,  ХV  ғасырдың  екінші  жартысында  тарих 
сахнасына шыққан Қазақ хандығының құрылған нақты жылдарына 
қатысты  зерттеушілер  бір  пікірге  келе  алмай,  үнемі  дауласатын. 
Ғылыми  ортадағы  бұл  пікірталастар  бұқараның  тарихи  санасына 
да өз ықпалын, дәлірек айтқанда, кері әсерін тигізбей қалған жоқ. 
Айналадағы  халықтар  өздерінің  мемлекеттілік  тарихын  мыңдаған 
жылдарға апарып тіреп жатқан тұста және тарихты ғылым үшін емес 
тек қана саясат үшін сөз ететіндердің қарасы көбейген қазіргі кезде 
Қазақ хандығының құрылған кезін нақты анықтай алмау халықтың 
көңіліне кірбің ұялататын жайт еді. Енді, міне, бұл пікірталастарға 
тоқтау  салынды.  Және  де  Елбасының  бұл  шешімін  тек  саяси 
қажеттіліктен  туындаған  шешім  деп  қабылдау  дұрыс  болмас, 
себебі, ұлттық тарихтың бірден бір зерттеушісі мен жанашыры кім 
десек біріншіден, Елбасының өзін атасақ әділ болар еді. Еліміздің 

15
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
дамуының түрлі кезеңдерінде, Президент саяси және экономикалық 
мәселелермен  шұғылдана  отырып,  әрдайым  тарих,  руханият 
мәселелеріне де бірдей көңіл бөлетін. Президент көптеген зерттеу-
лерге бастамашы болып қоймай, сол зерттеулердің қорытындыларын 
ғалымдармен ұзақ уақыт бірге отырып жиі талдайтын да. Елбасының 
бастамасымен,  сол  себепті,  Қазақ  хандығының  құрылуы,  ұлттың 
арғы-бергі тарихы, рухани және материалдық мәдениетін түбегейлі 
зерттеу  мәселесіне  басымдық  берілді.  Сол  үшін  мемлекет  қыруар 
қаржы бөліп, көптеген жұмыстар атқарылды. Мәселен, 2004 жылы 
ұлттың тарихы мен мәдени құндылықтарын түгендеу үшін «Мәдени 
мұра» бағдарламасы қабылданып, жылдар бойы жүргізілді. Аталған 
бағдарлама үшін мемлекет қазынасынан 8 млрд. 280 млн. теңгеден 
астам қаржы бөлінген болатын. Яғни, Президенттің бастамасымен 
жүзеге  асырылған  бағдарлама  арқылы  біз,  ең  алдымен,  қазақтың 
тарихына,  салт-дәстүрі  мен  мәдениетіне,  өнеріне  қатысты  құнды 
деректерді  жинақтадық.  Тарихи-мәдени  ескерткіштер  қалпына 
келтірілді.  Археологиялық  қазбалар  жүргізіліп,  бабаларымыздан 
қалған  құнды  жәдігерлерді  таптық.  Тіпті,  өзге  мемлекеттердің 
аумағында  қалған  бабалардың  зираттарын  да  анықтадық.  оларға 
мемлекет қаржысы арқылы жөндеу жұмыстары да жүргізілді. оған 
нақты мысал ретінде, Дамаскіде Әбу Насыр әл-Фарабидің кесенесі 
мен  тарихи-мәдени  орталығын  салу  жұмыстарын,  Дамаскідегі 
Сұлтан әз-Захир Бейбарыс кесенесінің, Каирдегі Сұлтан Бейбарыс 
мешітінің реставрациясын атауға болады. 
«Мәдени  мұра»  бағдарламасы  аясында  537  кітап  бір  жарым 
миллион  данамен  шығарылды.  Қазақтың  дәстүрлі  ән-күйінің 
«Мәңгілік  сарын:  қазақтың  1000  күйі,  1000  әні»  антологиялары 
жарық  көрді.  Қытай,  Түркия,  Моңғолия,  Ресей,  Жапония,  Иран, 
Мысыр, Өзбекстан, Армения, АҚш және Батыс Еуропа елдерінен 
қазақтың  тарихына,  мәдениетіне  қатысты  5  мыңнан  астам  архив 
құжаттары, қолжазбалар, баспа өнімдері алынды. Яғни, тарихымызды 
түгендедік. Мол деректер жинадық. Енді сол деректерді ықтиятты 
түрде  қорытып,  сараптама  жасап,  ғылыми  айналымға  енгізу 
мәселесі тұр. Міне, осы «Мәдени мұра» бағдарламасының тікелей 
Президенттің  тапсырмасымен  жүзеге  асырылғанын  ескеретін 
болсақ,  демек,  Елбасы  өз  мәлімдемесін  тарихшы  ғалымдардың 
біршама  жылдарда  жасаған  зерттеулердің  нәтижесін  сараптай 
отырып шығарған және ғылыми негізделген ой түйіні деп қабылдау 

16
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
қажет.  Рас,  көрші  елдердегі  саяси  жағдайлар  бізге  де  өз  ықпалын 
тигізетіндігі анық жайт. Қазақстанның да Украинадағы оқиғаларға 
бейжай қарамасы белгілі. Бірақ, Қазақ хандығының 550 жылдығын 
тойлау  тек  сол  оқиғалардың  ықпалымен  қабылданған  шешім 
емес.  Бұл  биліктің  ұзақ  жылдар  бойғы  жоспарлы  да  тиянақты 
жұмысының бір нәтижесі. Нұрсұлтан Назарбаев Керей мен Жәнібек 
хандар жайлы тек осы жолы ғана айтып отырған жоқ. 2010 жылдың 
маусымында Астанадағы Керей мен Жәнібек хандардың ескерткіші 
ашылған  кезде  сөйлеген  сөзінде  Президент:  «Біз  елордамыздың 
төрінде  ұлысымызды  заманында  ұйыстырған  Керей  мен  Жәнібек 
хандардың  еңселі  ескерткішін  ашып  отырмыз.  Бұл  тұғырлы 
тарихымызға,  біздің  елдік  дәстүрімізге,  мызғымас  мемлекетімізге 
арналған мәңгілік белгі. 
Баршаңыз  білесіздер,  Керей  мен  Жәнібек  хандар  қасиетті 
Қозыбасы жерінде Қазақ деп аталатын хандықтың алғашқы қадасын 
қағады. Алтын орданың заңды мұрагері ретінде шу мен Сырдың 
арасында  бой  көтерген  қазақ  ордасы  уақыт  өте  келе  ұлан-ғайыр 
далаға иелік етті. Түптеп келгенде Керей мен Жәнібек тұсында тарих 
сахнасына шыққан «қазақ» деген сөз «егемен, еншісін алған еркін 
ел» деген мағынаны береді. Бабаларымыздың ұлыстың атына таңған 
азаттық  аңсарын  ақиқатқа  айналдыру  біздің  ұрпақтың  маңдайына 
жазылыпты»,  –  деген  еді.  Бір  сөзбен  айтқанда,  елдік  дәстүрдің 
терең екендігін бұқараға сезіндіру үшін жасалған қадамдар. Тарихи 
сананы  жаңғырту  оңай  іс  емес  екендігін  ескерсек,  Елбасының 
бастамалары  бір-бірін  толықтырған,  тереңнен  ойластырылған 
дүниелер.  Астанадағы  жаңа  көшелерге  тарихи  тұлғаларымыздың, 
көне қалаларымыздың, жер-су атауларының берілуі де осы кешенді 
жоспардың бір бөлшегі. Президент астананы Алматыдан Арқа төсіне 
көшірген сәтте қалада ең бірінші тұрғызылған ескерткіш Кенесары 
ханға  арналған  болатын.  1990  жылдардың  басында  батырлар  мен 
хандардың,  1995  жылы  ұлы  Абайдың  мерейтойларын  атап,  1998 
жылды  «Халық  бірлігі  мен  ұлттық  тарих  жылы»  деп  атау,  2000 
жылы Түркістанның 1500 жылдығын тойлау, 2001 жылы Астанаға 
Күлтегін  ескерткішінің  көшірмесінің  әкелінуі,  2009  жылы  «Қазақ 
елі»  монументінің  ашылуы,  2011  жылы  Астанада  «Мәңгілік  Ел» 
салтанат қақпасының орнатылуы ұлттық тарихты насихаттап, елдік 
дәстүрді бұқараның санасында жаңғыртуға бағытталған жүйелі де 
салмақты саясаттың көрінісі мен нәтижесі. 

17
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Мемлекеттілік сабақтастығы
Мемлекеттілік дәстүрдің тереңдігін паш ету, оны айрықша атап 
өту ХХ ғасырдың екінші жартысынан бастап жиі байқала бастады. 
шамасы,  бұл  да  мемлекеттік  идеялогияның,  қоғамды  бір  идея 
төңірегіне  жұмылдырудың  тәсілдерінің  бірі  болса  керек.  Тіпті, 
мұндай  мерейтойлар  қарсаңында  көптеген  әлеуметтік-экономика-
лық мәселелер де шешімін тауып жатады. Мәселен, 1971 жылы Иран 
елі парсы мемлекеттілігінің 2500 жылдығын тойлаған. олар өз мем-
лекеттілігінің  басын  Ахемен  әулетінің  патшасы  Кирден  бастайды. 
осы  мереке  қарсаңында  елде  2500  мектеп  салынды.  Көптеген 
қалаларда  абаттандыру  жұмыстары  жүргізілген.  Ірі  кәсіпорындар 
мен  компаниялар  мектеп,  аурухана  салу  жұмыстарына  белсене 
қатысты.  Мерейтойдан  хабар  тарату  үшін  әлемнің  ірі  БАҚ-тары 
мен ақпараттық агенттіктерінен 600-ден астам журналист келген. 52 
мемлекеттің басшылары мен үкімет басшылары қатысты мерекеге. 
Бір сөзбен айтқанда, Иран үшін аса ірі PR акция болды ол. Алайда, 
мерейтой  қарсаңында  бірінші  кезекте  елдегі  білім  беру  жүйесіне 
түбегейлі  өзгерістер  жасалды.  Сауатсыздық  мөлшері  төмендеді. 
Жұмыссыздар саны азайды. Денсаулық сақтау мекемелерінің саны 
артты. Яғни, парсылар өз мемлекеттілігінің мерейтойын тек тамаша 
идеологияға  ғана  емес,  әлеуметтік-экономикалық  жаңғырудың 
құралына айналдырған болатын. 
Бүгінде  Иранның  үлгісін  Түркия  пайдалануда.  Түріктер  2023 
жылы  өтетін  Түркия  Республикасының  100  жылдығына  арналған 
кешенді  жобаларды  бастап  кетті.  Яғни,  экономиканы  одан  әрмен 
дамыту,  қоғамды  демократияландыра  түсу,  білім  беру,  денсаулық 
сақтауды  дамыту,  ұлтаралық  татулықты  нығайту,  аймақтардың 
арасындағы 
әлеуметтік-экономикалық 
айырмашылықтарды 
жою,  заманауи  инфрақұрылымдар  жасақтау  түріктердің  мақсаты 
қазір.  Алайда,  ресми  Анкара  мемлекеттілік  дәстүрдің  тереңдігіне 
үңілмеді.  Селжұқ  мемлекеті  мен  осман  империясынан  бері 
үзілмеген  мемлекеттілік  дәстүрді  насихаттап  отырған  жоқ. 
Керісінше,  Ататүрік  құрған  республиканың  мерейтойына  құрмет 
басым.  Бір  байқағанымыз  –  мемлекеттілік  дәстүрдің  тарихына 
үңілу,  оны  идеология  ретінде пайдалану  азаматтық  ұлт  қалыптаса 
қоймаған елдерде байқалуда. Өздерінің этностық тегіне қарамастан 
«америкалықпыз», «французбыз», «германиялықпыз» дейтін халық 

18
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
қалыптасып  үлгерген  Батыс  Еуропада  мемлекеттілік  тарихын 
тойлау сирек. Керісінше, нақты этностық тегін ұмытпаған және оны 
мақтан  тұтатын  халықтар  мемлекеттіліктің  тарихына  ерекше  мән 
беріп  келеді.  оған  1981  жылы  Болгарияның  өз  мемлекеттілігінің 
1300  жылдығын,  2000  жылы  венгрияның  мемлекеттіліктің  1100 
жылдығын тойлағанын мысал ретінде атап өтуге болады. 
Ал,  посткеңестік  елдерге  келсек,  1999  жылы  Тәжікстан  өз 
мемлекеттілігінің 1100 жылдығын тойлады. олар ІХ-Х ғасырларда 
орталық  Азияда  билік  құрған  Самани  әулеті  кезінде  тәжік  ұлты 
мен  тілі  қалыптасқанын  алға  тартады.  Ал,  Ресей  Федерациясы 
2012  жылы  мемлекеттіліктің  1150  жылдығын  тойлады.  Тіпті,  бұл 
мерейтойды  Беларусь  және  Украина  елдерімен  бірлесіп  атап  өту 
мәселесі  де  қарастырылды.  Мерейтойлық  шаралар  ресейліктердің 
бүгінде насихаттала басталған «орыс әлемі» идеясының айналасына 
топтаса түсуіне айрықша ықпал етті. Өзбекстан болса Әмір Темірдің 
мерейтойымен  ғана  шектелген.  Бірақ,  өзбектер  түрлі  қалалардың 
мерейтойларын  атап  өтуде.  Мемлекеттілік  дәстүрді  өте  мықты 
идеология  құралына  айналдыра  білген  елдердің  бірі  –  Моңғолия. 
Моңғол  жұрты  өткен  ғасырдың  тоқсаныншы  жылдарынан 
бастап-ақ  тарихи  танымды  жаңғыртуға  мықтап  кірісіп  кетті.  2006 
жылы  Моңғолия  шыңғыс  хан  құрған  моңғол  мемлекетінің  800 
жылдығын  атап  өтті.  Мерейтойдың  тек  тарихи  ғана  астарының 
болмайтындығын  салтанатты  шараға  АҚш  ауыл  шаруашылығы 
министрі Майкл йоханс бастаған арнайы делегацияның келгенінен-
ақ  аңғаруға  болады.  Америкалық  саясаткерлер  президент  
Дж. Буштың құттықтауын жеткізген. Ресми Улан-Батор мерейтойды 
ұлтты әлемге танытудың құралы ретінде де пайдалана білді. Алайда, 
моңғолдар  мемлекеттілік  дәстүрдің  тарихын  тіптен  тереңдете 
түсті.  Әрі  күллі  түркіге  ортақ  тарихты  жеке  иемдене  бастағанын 
байқаймыз. олар 2011 жылы Ғұн мемлекетінің 2220 жылдығын да 
ресми  түрде  атап  өткен.  Алайда,  соңғы  кездері  ғұндарды  тікелей 
моңғол ретінде бағалау белең ала бастады. Нәтижесінде, Моңғолия 
туризм  саласын  әжептәуір  дамытты,  елге  келетін  туристер  саны 
жыл санап артып келеді. Тек 2013 жылдың өзінде Моңғолияға 500 
мыңға жуық турист барған. Инвесторлар да елге келе бастады. Қазір 
Моңғолия  жан  басына  шаққандағы  ішкі  жалпы  өнім  мөлшері  өте 
жылдам артып келе жатқан ел. Бірақ, қалай болғанда да моңғолдар 
мемлекеттілік дәстүрді тек идеолгия құралы ғана емес, өте жақсы 

19
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
ұйымдастырылған  PR  акцияларына  айналдыра  білді.  Қалай 
болғанда  да,  мемлекет  құрылуы  мерейтойы  тек  сол  мемлекеттің 
әлемге  өзін  өзі  таныту  үшін  емес,  ал  ең  алдымен  азаматтардың 
патриоттық сезімдерін арттыру үшін ұйымдастырылады. Мысалы, 
Қытай Коммунистік партиясының жетекшілері 2013 жылғы партия 
съезінде  алдағы  онжылдықтардың  негізгі  мақсаты  ретінде  Қытай 
Халық  Республикасының  2049  жылы  аталатын  100  жылдығына 
дайындалуды бекітті. Сол сияқты 2023 жылы аталып өтетін Түркия 
Республикасының  100  жылдығы  да  ең  алдымен  ішкі  аудиторияға 
арналған  іс-шаралар.  Сондықтан,  Қазақ  хандығының  мерейтойын 
өткізуде өзге елдердің тәжірибесін де қарау қажет. 
«Мәңгілік Ел» идеясы – мемлекеттілік дәстүрі
Президент сөзінің астарынан ұққан соңғы пайымымыз тарихты 
насихаттау  арқылы  мемлекеттілік  дәстүрі  бірте-бірте  ұлттық 
идеологияға  айналып  келе  жатқандығы.  Әдетте,  «мемлекеттілік» 
ұғымын  тек  мемлекеттік  құрылым  ретінде  бағалаймыз.  Алайда, 
мемлекеттілік  дегеніміз,  тарихта  өз  мемлекетін  құра  білген 
халықтардың даму деңгейімен де өлшенеді. Әрі мемлекеттің дамуы 
мен  қызметін  ұйымдастыруға  қажет  идеялар  мен  көзқарастардың 
тұтастай  жүйесін  де  «мемлекеттілік»  деп  бағалайды  бірқатар 
сарапшылар.  Демек,  «Мәңгілік  Ел»  идеясы  ұлттық-мемлекеттік 
идеяның негізі, іргетасы десек те болады. Және де, ең бастысы, бұл 
идея елдің өткеніне ғана қатысты емес, болашағына қызмет ететін 
идея. Көне түркілер аңсаған Мәңгілік Ел шын мәнісінде бұл бүгінгі 
біздің түсінігіміздегі мемлекет. Біздің бабаларымыз шынайы түрде 
берік, өзгелерге де ықпалын жүргізе алатын мемлекет ретінде көргісі 
келді, міне, біздің ұрпақтың маңдайына сол бабаларымыздың арман 
еткен қуатты да ықпалды мемлекет құру бақыты тиді. Сондықтан, 
ертең тек Қазақ хандығының мерейтойы емес, сонымен қатар, 2017 
жылы  Түрік  қағандығының  1465  жылдығы,  2024  жылы  Алтын 
орда  мемлекетінің  800  жылдығы  сияқты  атаулы  даталарды  да 
ұмытпауымыз  тиіс.  Әрине,  Қазақ  хандығының  құрылған  жылын 
анықтап,  оған  лайықты  баға  бермей  тұрып,  Қазақ  мемлекетін 
құрған хан-сұлтандарға, батырларға құрмет көрсетпей тұрып, күллі 
түркілік құндылықтарға иелік етуге ұмтылу ерте шығар, бірақ біз 
күллі түркінің атажұртында отырған елміз. оның үстіне, Мәңгілік 

20
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Ел  идеясын  қайта  жаңғырту  арқылы  Қазақ  мемлекеті  өзін  баяғы 
Дала  империяларының  мұрагері,  көне  мемлекеттілік  дәстүрлердің 
жалғастырушысы етіп жариялауда. Түптің-түбінде бүгінде біз айтып 
жүрген «Мәңгілік Ел» ұғымын орыс тіліндегі «державность» сөзінің 
баламасы ретінде қабылдауға болады. Біз жай көптің бірі болатын 
мемлекет емес, озық, ықпалды мемлекет құруға ұмтылуымыз қажет. 
Себебі, қазіргі заманда тек белсенді, қуатты мемлекет қана өміршең, 
қатерлерге төтеп бере алады. осыдан бірнеше жыл бұрын, Қазақстан 
дамыған елу елдің, енді отыз елдің қатарына ену қажеттігі жөніндегі 
Елбасының сөздері бұл тек жай ұран сөздер емес, ұлтты, халықты 
тек алға, бәсекеге қабілетті болуға тартқан Стратегия. Сондықтан, 
Қазақ хандығының 550 жылдығы қазақтың жаңа сапаға көтерілуінің 
кезекті  маңызды  межесі.  Бұл  іс-шараға  мерейтой  деп  емес,  ал  ең 
бастысы  болашақта  ұлттың  сапасын,  мемлекеттілікті  арттыру 
мен  азаматтардың  жүрегінде  мемлекетшілдік  сезімін  ұялатудың 
жаңа  бір  мүмкіндігі  деп  қарауымыз  қажет.  Яғни,  басты  мақсат  – 
Мемлекеттілік дәстүрдің сабақтастығын жаңғырту, бекіту. Және де 
бұл  мерейтой  «Мәңгілік  Ел»  идеясын  бұқараның  санасына  сіңіру 
үшін қажет.

21
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
Келісім мен толеранттық 
Қазақстан халқы 
Ассамблеясының 
даму стратегиясының 
құндылықты негізі ретінде
Юрий бУлУКтаеВ,
ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ-дың 
бас ғылыми қызметкері,
саяси ғылымдарының докторы
З
аманауи  жағдайларда  адамзат  үшін  шынайы 
жағдаяттарды қалыптасып қалған ождандық ұстаным-
дар  және  әлеуметтік  құндылықтармен  ұштастыруға 
уақыт  тығыздығы  мүмкіндік  бермей,  аға  буынның 
тәжірибесі  жаңа  ұрпақ  аяқ  басып  отырған  кезеңде  үйлесімділігі 
кеміп отыр.  
Сондықтан да жылдам өзгеріп отырған кезеңде адам капиталының 
сапалы  өсімі  үшін  Қазақстанда  бас  назар  қоғамның  құндылықты 
сипатына аударылуы тиіс. 
Егер  де  қоғамның  құндылықты  сипатында  отан  алдындағы 
жалпыадамзаттық  және  кәсіби  борыш  (патриотизм),  ождан  мен 
адамгершілік  нормалары,  ұлтаралық  келісім  мен  төзімділік,  дене 
және рухани даму, заңды құрметтеу сезімдері басымдылықта болса, 
бұл  оның  әлеуметтік  тұрақтылығын  қамтамсыз  етуге  қолайлы  
жағдай туғызады. 
Қазақстанның  жаңа  әлемдегі  жаңа  дәрегейі  талап  етіп 
отырған  қазақстандық  қоғамның  құндылықтары  бірінші  кезекте 
мәдениетаралық  және  дінаралық  пікіралмасудың  тарихи 
дәстүрлеріне негізделген.  
Н.Ә.  Назарбаевтың  идеялары  мен  бастамаларын  жүзеге  асыру 
негізінде  Қазақстанда  көпұлтты  қоғам  үлгісі  жетістікті  жұмыс 
істеп  тұр,  және  де  бұл  бүкіл  халықаралық  қауымдастық  үшін 
қажетті  мысал  болуға  толық  құқығы  бар.  Елімізде  түрлі  діндер 

22
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ   Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай 
мен  наным-сенімдер  өкілдерінің  бірге  бейбіт  өмір  сүруіне  бар 
жағдай  жасалынған  және  мемлекеттің  жүргізіп  отырған  саясаты 
бұл ұстанымның барынша нығаюына бағытталған.  
ҚР  Президентінің  1995  жылдың  1  наурызындағы  жарлығы 
негізінде  құрылған  Қазақстан  халқы  Ассамблеясы  ұлттық  саясат 
пен  ұлтаралық  пікіралмасуды  жүзеге  асырудың  айрықша  және 
тиімді  құралы  ретінде  өзін  жақсы  жағынан  таныта  білді.  Түрлі 
этнос  өкілдері  арасындағы  қарым-қатынастағы  сенімділікті 
нығайту, ұлтаралық қатынастардың үйлесімділігін қамтамасыз ету 
– Ассамблеяның негізгі мақсаттарының бірі болып табылады. 
Қазіргі  таңда  Қазақстан  халқы  Ассамблеясының  қоғам  мен 
мемлекеттегі орны мен рөліне, ішкі дамудың қажеттіліктеріне жә-
не сыртқы факторлардың ықпалынан туындап отырған міндеттерді 
шешуге қатысты жаңа көзқарас қажет. 
«Қазақстан-2050:  стратегиясын»  жүзеге  асыруға  қатысты 
Президент  тарапынан  Ассамблеяға  жаңа  стратегиялық  міндет  – 
өз  миссиясын  кеңітуге  қатысты,  яғни  жалпыазаматтық,  саясаттан 
жоғары тұрған жалпы халықтық институт болу мәселесі қойылды. 
осы  міндет  аясындағы  Ассамблеяның  негізгі  миссияларының 
бірі Қазақстан халқы санасына жалпыға ортақ құндылық – келісім 
мен толеранттықты сіңіру болмақ. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет