Ұлтаралық келісім мен толеранттықтың қазақстандық
үлгісінің мәні
Жаңа, жылдам өзгеріп отырған жағдайларда, тек қоғамдық
құрылымдардың жаңаруы жағдайында ғана емес, сонымен қатар
сананың да жаңаруы жағдайында келісім мен толеранттықтың
болмысы туралы мәселені көтеру, бұл күрделі феномендердегі
нормативтік және құндылық құрамдардың қатынасы туралы сөз
қозғау маңызды болмақ.
Ұлтаралық келісімнің санаттық болмысы мен құндылықты
мазмұны қоғамның тұтастығы мен біркелкілігін сақтайтын және
нығайтатын этникалық субьектілердің қатынас жүйесі ретінде осы
әлеуметтік тұтастықтың мүддесіне сәйкес келетін құндылықты
қатынастардың критерийі болып табылады.
Ұлтаралық келісім бірінші кезекте өзінің мәнін адамдардың
экономика, саясат, мәдениет, мінез-құлықтары секілді қоғамдық
23
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
өмірдің түрлі салаларындағы қарым-қатынастары арқылы
танылады. Сонымен қатар интегративтік сапа дәрегейіне көтеріледі.
Ұлтаралық келісімнің диалектикасының мәні – бұл этникалық
қауымдастықтардың өзара әрекеттестік пен ынтымақтастыққа
талпынысын таныта отырып, сонымен қатар олардың «араласып
кетуіне» жол бермей, әрқайсысының өз индивидуалдық өзгешелігі
мен жеке ерекшелігін сақтауды талап етеді.
Ұлтаралық өзара әрекеттестіктің сапасы мен тұрақтылығы мен
ұлтаралық келісім төзімділіксіз, яғни өзара қарым-қатаныстағы
тараптардың бір-біріне деген төзімділікке негізделген байланыссыз
мүмкін емес.
Толеранттық (латынша. toleraпtia - төзім) бөгде пікір,
нанымдар, мінез-құлыққа төзімділік таныту. Толеранттық – бұл
тұлғаның адамгер-шілік сапасы немесе қоғамның адамгершілік
құндылықтарды сақтау, моральдық және әлеуметтік қатігездікті
агрессиялық емес қабылдау, басқа адамдар мен ұлттардың
мүдделерімен де есептесе білуді танытатын ұстанымдар жағдайы.
Бұл түсінік 20 ғасырдың ортасына дейін осылайша, яғни өзіңді
тежеу, басқаға жол беруді білдіретін пассивті ұстаным ретінде
танылып келді. Бүгінгі таңда «толеранттық» сөзі басқа мағынада
айтылады. «Толеранттық» – бұл адам өз еркімен және саналы түрде
келетін белсенді әлеуметтік мінез-құлық.
Толеранттық – бұл этникалық, мәдени түрлілігімен
ерекшеленетін заманауи қоғамда өмір сүре білу, адамдардың бір-
бірінің құқығын түсіну және мойындай білуі.
Толеранттықтың негізгі сапасы – бұл басқалардың теңдігін құр-
меттеу мен мойындау, артықшылықтық пен зорлық көрсетуден бас
тарту болып табылады.
Сонымен қатар жағымсыз және жағымды толеранттықты де
ажарыта білу маңызды. Жағымсыз толеранттық барды қанағат
ету, қалыпты жағдайды өзгертуге талпыныс жасамау секілді
ұстанымдарды білдіреді. Позитивті толеранттық – бұл этникалық
көптүрлілікке, оны сақтау мен дамытуға қатысты жағымды қарым-
қатынас ұстанымын танытады.
Ұлтаралық келісім мен толеранттық түрлі ұлт өкілдерінде зорлық
көрсетпеу көзқарасын қалыптастыру, оларды күш қолданбаудың
өзара әрекеттестігінің нақты дағдыларына үйретудің құнды негізі
ретінде көрсетіледі.
24
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Қазақстандық толеранттықтың бастаулары мен іргетасын
қарастырайық.
Біріншіден, қазақ халқы Қазақстанның барлық этникалық,
әлеуметтік топтары үшін ұлттық-мемлекеттік біртұтастықтың
мықты тарихи ядросы ретінде танылады. Қазақтанда тұратын
барлық этникалық топтар үшін қазақтар Еуразия көлемінде бірнеше
ғасырлық бірге өмір сүру тәжірибесі бар ұлт.
Екіншіден, қазақи толеранттық ұзақ мерзімді тарихи кезең бойы
жергілікті айрықша мәдениет негізінде қалыптасқан. Қоғамдық
сананың тарихи дәстүрлері мен мәдени мәніне сәйкес бастапқы
кезеңнен-ақ қазақтар үшін «діни еркіндік» пен «толеранттық»
түсініктерінің мағынасы айқын болып қалыптасты. Еркіндік пен
қонақжайлылықтың табиғи басымдығы, қонақтың барлық игіліктер
мен рухани бостандыққа тең дәрежедегі құқығын мойындау
қазақтардың қанына сіңген ұстанымдары.
Үшіншіден, қазақи толеранттық – бұл үмітсіз мойынсұну
емес, ол бірнеше ғасырлық тәжірибе, өмір дағдысы, мінез-құлық
пен мәдениет үлгісіне негізделіп қалыптасқан саналы, ақылға
қонымды ымыраға келушілік болып табылады. ол қазақ халқының
ғасарылар бойы жинақталған дәстүрлері мен мәдени нормаларының
негізінде қалыптасқан. «Ел-Жұрт», «Жеті ата», «қонақжайлық»,
«асар», «сыйластық», «сабырлылық» – бұл түсініктер қазақтардың
дүниетанымы мен өмір салтының алтын діңгегі. осы аталынған
құндылықтардың негізге алынуы ортақ үйіміздегі бейбітшілік пен
тыныштықты сақтауға мүмкіндік беріп отыр.
Бүгінгі таңда толеранттық тұрақтылықтың кепілі ретінде
елімізді танымал еткен мақтанышы және «экспортқа шығарытын
өнімі» саналады.
Ұлтаралық келісім мен толеранттықтың қазақстандық
үлгісінің келешегі
Бүгінгі таңда өзіндік айрықша белгілері бар ұлтаралық келісім
мен толеранттықтың қазақстандық үлгісін осындай жағдайлардағы
басқа да елдерде жетістікті түрде бейімдеуге мүмкіндік бар деп
айтуға болады.
Қазақстанның ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісім үлгісі
жақын және алыс шет мемлекеттерде танымал болған брендіне
25
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
айналды. Қазақстан әлемнің көптеген мемлекеттері тарапынан
«шегерілген қақтығыстарды» тиімді шеше алатын делдал ретінде
қабылданады.
Қазақстан халқы Ассамблеясының жаңа мақсаттары мен
міндеттері еліміздің сыртқы және ішкі саясаты саласындағы
стратегиялық басымдықтарына сәйкес анықталады және де
Ассамблеяның әрбір мүшесіне үлкен жауапкершілік жүктейді.
Бұл ұстаным сонымен қатар «Қазақстан-2050» стратегиясы
міндеттерін жүзеге асырудың аясындағы қоғам және қазақстандық
халық, оның күшті мемлекеттігін, ашық азаматтық қоғамын қа-
лыптастырудағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға сәйкес келеді.
Келешек қазақстандық қоғамнан бұдан да үлкен шоғырлануды,
біртұтастық пен ауызбіршілікті талап етеді. Бұл тек қана
отанымыздың болашағы үшін азаматтық және ұлттық келісім,
төзімділік пен келісім идеясын қолдау, жаппай жауапкершілік сезімі
жағдайында ғана жүзеге асады.
Егер де әлеуметтік шынайлықтың жағдайы мен мәнін этномәде-
ни императивтер нақтылайтындығын есепке алар болсақ, болашақта
ұлтаралық өзара әрекеттестік барысында позитивті толеранттықтың
орны артатындығын айтуға болады.
Қорытындылар
Қазақстанның құндылықтар феномені туралы мәселенің күн
тәртібіндегі өзектілігінің артуы заманауи жаһандық және аймақтық
өзгерістер мен қауіп-қатерлердің орын алуымен байланысты.
Қазіргі жағдайларда ұлтаралық келісім мен төзімділіктің бала-
масы жоқ. Ал оның нақты бір мемлекетке немесе жалпы халықаралық
қауымдастыққа тиістілігі маңызды емес.
Келісім мен төзімділік идеясы Қазақстанның артып келе жатқан
бітімгершілік әлеуетінің құнды іргетасы болып саналады. Сондықтан
да ол алдағы уақыттта сақталынып, дамытылуы тиіс.
Өзінің жиырма жылдық қызметі барысында Ассамблея
бар назарын ұлтаралық және дінаралық келісімді, қоғамдағы
тұрақтылықты сақтауға, Қазақстанда тұратын барлық ұлттар мен
ұлыстар өкілдері арасындағы достық қарым-қатынасты дамытуға
бағытталған мемлекеттік саясатты жүргізуге арналған ұсыныстар
дайындауға, олардың рұхани-мәдени көтерілуіне жағдай жасауға,
26
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
әлеуметтік қайшылықтар туындаған жағдайда ымыраға келу
шараларын іздестіру мәселелеріне аударып келді.
Келісім мен толеранттық – бұл барлық ұрпақтар деңгейінде
нығайтуды, қорғауды және сіңіруді талап ететін қазақстандық
қоғамның ождандық нормалары болып табылады. XXI ғасырдың
өзгермелі жаңа кезеңінде Қазақстан халқы Ассамблеясының бұл
нормалары таратуға қатысты қызметі тек арта түспек.
Ұсыныстар мен күтілетін нәтижелер
Мақсат етілген 2050 жылы Қазақстан ауызбірлікті халқы бар және
үлгілі ұлттық мемлекет дәрежесіне жетуі үшін қоғамдық келісім
мен толеранттық біртұтас полиэтникалық халықтың, мемлекет
пен азаматтық қоғам институттарының, саяси партиялар мен діни
конфессиялардың ең негізгі принципі ретінде алуы керек.
Ұлтаралық келісім мен төзімділік үлгісі Қазақстан халқының
ұлттық мақтанышы және игілігі болып саналады. Келісім мен
төзімділік идеяларын қоғамдық санаға тиімді қондырудың қолайлы
жолдарының бірі ретінде ұлттық бірлік үрдісіндегі қазақ халқының
рөлін нығайту міндетін алуға болады.
Бұл міндетті орындау үшін:
1.Ұлтаралық төзімділік пен қоғамдық келісімнің қазақстандық
үлгісін қоғамдық санаға үйлестіру және ағартулық бағдарлама-
ларды жүргізу.
2. Төзімділікті қалыптастыратын қазақ халқының өзіндік әлеу-
меттік нормаларын, дәстүрлері мен жоралғыларын жалпыадамзаттық
мәні бар мәдениеттің материалдық емес мұралары ретінде қарастыру.
3.Жалпыұлттық тарихи сананы қалыптастыру барысында негіз-
гі мақсат ретінде – тарихи танымды тұтас, жағымды және қоғамды
біріктіретін мағынада қабылдауға жағдай жасау.
4.Тарих – қазақ тарихы, оның этногенезі толыққанды, яғни
мыңдаған жылдар бойы үздіксіз жүрген үрдіс түрінде оқу пәні
ретінде оқытылуы тиіс.
Сонымен қатар қазақтардың басқа халықтармен мәдени және
экономикалық өзара әрекеттестігі өз деңгейінде сипатталып, басқа
этностардың ел тарихындағы орны айқындалуы керек.
Күтілетін нәтиже:
Ұлтаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық
үлгісін одан ары жетілдіру;
27
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
ӘдебИеттер:
1. Дипломатический курьер. 2004. 3-4 кв. – С.156-157.
2. Токаев К.К. Свет и тень. – Астана, 2007. – 576 с.
3. Абусеитов К. Казахстан – Великобритания: следуя традициям
партнерства // Казахстанская правда 29 декабря 2011 г.
4. Арбабаева Г. Великобритания и Казахстан: наши связи стали
крепче // Международный деловой журнал «Казахстан». 2006.
№3.
5. Токаев К.К. Векторы внешней политики. Европейское
направление. Кн.2. – Алматы, ИД «Жибек жолы», 2008. – 208 с.
6. Международный деловой журнал «Казахстан». – 18 октября
2012 г.
7. Казахстанская правда, 28 февраля 2012 г.
Қазақстандықтардың тарихи санасы мен танымын ауызбірлікке,
өз өткенін, бүгіні мен болашағын мақтан тұтуға қатысты патриот-
тық сезімді қалыптастыруға қолдану.
28
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Этносаралық татулық
пен дінаралық түсіністік –
Қазақстан дамуының қос
тұғыры
айдар ӘбУоВ,
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы
Мемлекеттік басқару академиясы Мемлекеттік
саясаттың ұлттық мектебі «Мемлекеттің саяси
стратегиясы» кафедрасының меңгерушісі, ҚХА
Ғылыми-сарапшылық кеңесінің мүшесі, философия
ғылымдарының докторы, профессор
К
ез-келген мемлекеттің дамуы үшін қоғамда саяси және
діни тұрақтылық қажет. Тәуелсіздік алған тұста алға
қойған мақсат пен міндетті орындауға қол жеткізу
үшін қоғамда этносаралық ынтымақты сақтаудың мәні
зор болды. «Алтау ала болса, ауыздағы кетеді, төртеу түгел болса,
төбедегі келеді» деген дана сөзі халқымыздың ерте заманнан-ақ
бірлікті – ең басты байлық деп танығандығын дәлелдейді. Тәуелсіз
мемлекетіміздің бүгінгі күні жеткен әрбір жетістігінде қоғамдағы
этносаралық ынтымақ пен достықты сақтау және дамыту бағытында
құрылған Қазақстан халқы Ассамблеясының алар орны ерекше
екенін атап өткен жөн.
Қазақстанның этносаралық қатынас саласындағы өткенін, бүгіні
мен болашағын Қазақстан халқы Ассамблеясынан бөліп қарау
мүмкін емес. Жиырма жыл бойы Ассамблея жұмысы елді біріктіріп,
халықты біртұтас қоғам ретінде қалыптастыруда. оның қызметін
бүгінде Біріккен Ұлттар Ұйымы, Еуропадағы Қауіпсіздік және
ынтымақтастық Ұйымы сияқты әлемнің ең беделді халықаралық
ұйымдары мойындады.
Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың
«Қазақстан–2050» даму бағыты мен «Нұрлы жол» жаңа
29
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
экономикалық саясатының стратегиялық міндеттерін іске асыруда
бірлік пен қоғамдық келісімді күшейту негізгі міндет болып
табылады. Өз кезегінде Ассамблея мемлекеттің ұлтаралық саясатын
іске асырудың маңызды құралы ретінде айқындалады. Қазақстан
халқының бірлігі, қазақ халқының үйлестіруші рөлі, этностық, діни,
мәдени, тілдік әралуандылық, толеранттылық пен жауапкершілік
қағидаттары – ұлттық мемлекеттің негізгі ұстанымдарын жүзеге
асырудың бірден-бір тетігі.
Жаһандану жағдайындағы этникалық қақтығыстар, діндер
арасындағы келіспеушіліктер, аймақтық даулар түріндегі қатерлер
кезінде бейбітшілік пен келісімді сақтау мемлекеттік саясат үшін
ерекше маңызды екенін мойындау керек. Ұлт тұтастығын сақтауда
қоғамдық келісім мен саяси-идеологиялық құндылыққа мән
берген жөн. Қоғамдық келісімнің қалыптасу мәселелері Қазақстан
қоғамының полиэтникалық сипатымен өте тығыз байланысты
келеді.
Бүгінгі күні ұлттық бірлікті нығайту мен тұрақтылықты
сақтау – қоғамдық келісімнің өміршең құралы. Бұл ретте Ассамб-
лея қызметі мемлекеттің ішкі тұрақтылығы, орнықты дамуы мен
қауіпсіздігінің шешуші факторына айнала білді. Полиэтникалық
қоғамның ортақ тарихы негізінде мемлекеттік-саяси реттеу
және ортақ шаруашылық қызметті ұйымдастыру арқылы ұлттық
бірлік қалыптасты. Соның негізінде этносаралық қатынастар
мәдениеті деңгейінің индикаторына айналған толеранттылық саяси
тұрақтылыққа қол жеткізуге мүмкіндік берді.
Бүгінде Қазақстан жүзден астам этнос өкілдерінен тұратын
17 миллионға жуық халқы бар мемлекет. Жалпы, көпұлтты елімізде
тарихи сын сағаттарда ұлтаралық келісімнің тұрақты болуы, ең
алдымен, жергілікті халықтың ұлттық ерекшелігінде жатыр. Қазақ
ұлтының тағдыры тауқыметке толы болса да, қаны бөлек, жаны
жат басқалардың құрдымға кетуіне жол берген жоқ. Этносаралық
және конфессияаралық тұрақтылық пен ынтымақты, келісім мен
тыныштықты сақтау ісіне жіті көңіл бөлініп келеді. Өз азаматтары-
ның заң жүзінде діни сеніміне, таңдауына және ұстанымына
кепілдік береді. Сондықтан сенімі мен көзқарасы әралуан сан ұлт
пен ұлыс өкілдері ендігі жерде қара шаңырақтың мақсат-мүдде-
сіне қызмет етіп, елдегі этникалық үйлесімділікті сақтауға барынша
атсалысқаны абзал.
30
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
Елдегі діни тұрақтылыққа келетін болсақ, дәстүрлі діндердің
құндылықтары рухани бірігуге қызмет етеді. Қазақстандық модель-
дің сабақтастығы қазақ халқының ізгілігі мен толеранттылығында,
барлық қазақстандық этностардың татулығында, мақсаттар мен
міндеттердің ортақтығы біріктірген құндылықтарда жатыр.
Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдық мерейтойы
тойлануда. Ел саясатының қос бағаны – ұлтаралық татулық пен
дінаралық түсіністік ортақ үйіміздің мызғымай берік қалануына
ықпал еткен басты факторлар. Иә, ел алдында жүрген ғалым-
сарапшылардың осы тұста бірлік институтына берер бағасы да жоқ
емес. Тарихқа көз жүгіртсек, Ассамблея құру туралы идеяны алғаш
рет 1992 жылы Алматыда өткен Қазақстан халқының І форумында
Елбасы ортаға салған еді. Посткеңестік мемлекеттердің ешқайсысы
көтермеген тың бастаманы сол кездері кейбіріміз түсінбегенімізбен,
қазақ жерінің ауасын жұтып, суын ішкен этностардың теңдігін
қалыптастыруда бір орталықтың қажет екенін ұғынған еді.
осылайша 3 жылдан кейін, Президент жарлығының негізінде 1995
жылы 1 наурызда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
кеңесші орган ретінде Ассамблея құрылды.
Қазақстан халқы Ассамблеясы көз алдымызда құрылып, өз
деңгей-дәрежесін айқындаған институт. Елдің мақсат-мүддесі мен
ұлттық саясатын негіз еткен ұйымның қазіргі таңда алдына қойылған
қоғамдық мәселелерге байсалды шешім ұсына алатын құзыреті бар.
Бұл жиырма жылдық тарихында Ассамблеяның өз миссиясынан
танбағанын білдіреді. Қоғамдық келісім мен татулықтың символына
айналған аталмыш институттың елдің экономикалық-әлеуметтік
дамуында да үлесі бар деп айтуға толық негіз бар:
Біріншіден, Қазақстан – көпұлтты мемлекет болғандықтан,
мұндағы ұлттардың тыныс-тіршілігі, елімізбен қарым-қатынасы,
олардың ұлттық ерекшеліктерінің қаймағы бұзылмай сақталуы
қажет болды. осы ұстанымдарға бекемдік танытқан ұлттық саясат
елімізді мекен еткен барлық ұлт пен ұлыстың тең құқылы ғұмыр
кешуіне жағдай жасаған болатын. Бұл еңбек зая кетпегендіктен,
біздер ұлтаралық татулық тұрғысынан әлемге үлгі болып отырмыз.
Ал елдегі тыныштық пен ынтымақтың тұрақтылығы экономикалық,
әлеуметтік және саяси тұрғыда ұдайы даму мүмкіндіктерін ту-
дырды.
Екіншіден, Қазақстанды мекен еткен ұлттар біз егемендік
алған жылдары шетелге шықса, «қазақстандағы орыспын» немесе
31
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
«қазақстандық неміспін» деп өзін таныстыратын. Қазір қалай?
Кез-келген ұлттың өкілі «қазақсың ба?» дегенге еш қаймықпай,
«қазақпын!» деп жауап бере алады. Мұның сыры – қазақ жерінде
тұратын өзге ұлттардың халық санының үлкен пайызын құрайтын
қазақ ұлтымен терезесін тең сезінуінде. Тұрғылықты жерден
моральдық және материалдық қысым көрмеген ұлт қана осындай
әрекетке барады.
Үшіншіден, қанымызға сіңген қонақжайлылық, дархандық
сияқты асыл қасиеттерімізден нәр алған, сол бай мінезіміздің
шарапатын көрген ұлттар да өз кезегінде туған топыраққа деген
парызына адал болуды мақсат тұтуда. Біз – бақытты елміз. Себебі
тұрақтылық пен татулықты ту еткен қаншама ұлттың баласы бір
шаңырақ астында, көк туымызды көкке желбіретуге үлес қосып
келеді. осы ретте Ассамблея мүшелеріне ерекше алғыс білдіруге
болады. Себебі әр ұлттың ақсақалы, абызы, барлық өкілдері біріге
отырып, бірлікке шақырғандықтан, ұрпаққа өзінің қазақ жеріне
табан тіреген тарихын ұнамды жеткізгендіктен, біз бүгінде бір-
бірімізге алакөздік танытпай, жақсы ғұмыр кешіп келеміз.
Төртіншіден, осы ұлттарды біріктіретін тағы бір құрал бар, ол
– қазақ тілі. Қазақ тілінің тағдыры шешілген аласапыран кезеңде
арашашы болуға ұмтылған да осы институт еді. Бүгіндері бұл
институт Елбасын қайта сайлау туралы бастама көтерсе, оны басқа
мекемелер, ел алдында жүрген зиялылар, халық қолдап жатса, бұл
оның қоғамдық көзқарасқа қозғау сала алатын күшке ие болғанын
аңғартады.
Бесіншіден, өмірдің ағы мен қарасы қатар жүретіні заңдылық. осы
ретте ел басына түрлі сынақтардың да түсетіні белгілі. Қуанышымыз
бен қайғымызда, сын сағатта жанымыздан табылып, өзінің міндетін
орындаған, қазақ ұлтының алдындағы борышына немқұрайлы
қарамаған, жиі-жиі БАҚ арқылы ризашылығын білдіріп отыратын
өзге ұлт өкілдерін көргенде ішің жылиды. Бұл – ұлт саясатына, ел
тұтқасын ұстаған Елбасы саясатына, қашан да құшағы айқара ашық
тұратын қазақ халқына деген ризашылық емес пе?!
Ассамблеяның тізе берсең, таусылмас артықшылықтары бар.
Ең бастысы татулық пен жарасым тапқан қарым-қатынасымыз
көпке үлгі. Ел бірлігінің тәжірибесін бізден үйренуге мүдделі бо-
лып отырған мемлекеттер де жоқ емес. Бұл да біз үшін мақтаныш.
осы орайда 2014 жылдың 17 маусымында Елбасы Жарлығымен
Қазақстан Республикасы Президенті жанынан құрылған «Қоғамдық
32
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
келісім» республикалық мекемесі мен басқа да үкіметтік емес
ұйымдар қызметінің Ассамблея жұмысын алға жылжытудағы
қызметінің маңызы зор екенін айта кеткен жөн.
Қазақстан халқы Ассамблеясы өзіне жүктелген негізгі міндеттерін
орындады. осы саланың тамыршысы ретінде, біздер, ғалымдар
жиырма жылда атқарылған шараларды тізіп қана қоймай, соның
негізінде кешенді бағдарламалар мен ғылыми тұжырымдарды
шығаруға мүдделіміз. Себебі оның жұмысының кемел болуы – этнос
және ұлтаралық саясаттағы рөлінің мықты болуына алып келеді.
осы тұста этникалық қақтығыстарды болдырмауда, бейбітшілік
пен келісімнің негізінде тұрақты қоғам құруда рөлі мығым
Ассамблеяның жұмысын әрі қарай дамытуға өз ұсыныстарымды
айта кеткім келеді:
Мен Ассамблея жанындағы Ғылыми-сарапшы кеңес мүшесі
ретінде мемлекеттің ұлт және этносаралық саясатының жүйелі
түрде қарапайым халыққа жеткізу қажеттілігін аңғардым. Неге
дерсіз? Себебі анда-санда болса да бой көрсететін азаматтар
арасындағы тұрмыстық деңгейдегі келіспеушіліктердің болуы және
әлдекімдер тарапынан оның «ұлтаралық» деп бағаланып жатуы осы
нәзік саясатты толық түсіне алмағандықтан орын алатын сияқты.
Егер қазақ жерінде тұрып жатқан азаматтар елдің ішкі-сыртқы
саясатындағы ынтымақтың ұлы берекеге бастайтынын жүрегімен
түсінер болса, түсінбеушілікке жол берілмейді.
Ғұмыры қарбаласқа толы базар саудагерін немесе қара
жұмысшыны алыңыз. ол кісілердің теледидар қарауға уақыты
бола ма? Көбіне бола бермес. Иә, Ассамблея саясаты, оның мақсат-
мүдделерінің насихаты бар. БАҚ арқылы ол өз миссиясын айтып,
елді осы береке мен бірлікке шақырып-ақ келеді. Бірақ жоғарыда
айтқан дау-дамай көбіне білместіктен туып отыр емес пе. Сондықтан
біз қоғамдық келісім идеясын ең алдымен сол адамдардың санасына
жіті сіңіруіміз қажет. Достықты насихаттайтын, татулықты ту ететін
видео-аудио, жазба материалдар мазмұны әр қазақстандықтың
санасына жетуі шарт. Әлеуметтік желілерді де осы мақсатқа
пайдалансақ құба-құп.
Әлемге назар аударсақ, тыныштығы ұйыған ел кем де кем екенін
көреміз. Таяу шығысты алып қараңыз, айналып келгенде қарапайым
халық жапа шегіп отыр. Неге? Себебі арандап қалды. Құйтырқы
саясаттың, бүлікші топтың құрбанына айналды. Қара су мен қара
33
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
нанға зар болып отыр. отанын тастап бас сауғалап, көрінгеннің
есігінде жүр. Теңіз кешем деп, тереңге кеткендер қаншама... Бір
баскөтерудің құны – өзінің және ұрпағының өмірімен өтелмейтін
қиындыққа айналды. Міне, халық осыдан сабақ алсын.
Ақпараттық-насихат – бүгінгі басымызға түскен зауалдың тиімді
шешімдерінің бірегейі. Елді дұрыс ақпараттандыру ғалымдарға,
журналистерге, саясат көрігін қыздырып жүрген азаматтарға
сын. Сол себепті магистратурада, доктарантурада дін татулығы,
ұлтаралық татулық тақырыптарын зерттейтін мамандар дайындау
керек. олар Ассамблея жұмысына баға беріп қана қоймай, алдағы
мақсаттарына да бағыт-бағдар бере алатын жоғары дәрежеге ие
болмақ.
Сонымен бірге аталған тақырыпта арнайы жазатын журналистер
жоқ. Қоғамдық келісім тақырыбын толыққанды зерттеп, талдамалы
шолу жасай алатын журналистер қатарын қалыптастыру керек.
Айта кету керек, сөз басында әр ұлттың ақсақал, абызына
қатысты әңгімені текке айтқанымыз жоқ. Қариялар – тарихтың өзі
мойындаған тірі институттар: бірлік, ынтымаққа ұйытатын да, тәр-
тібі кемдерді жөнге салып, ақылдысына қанат бітіретін де сол кі-
сілер. Біздер бүгінгі тыныштыққа елімізде тіршілік еткен ұлттардың
үлкен қарияларының тұшымды өсиетімен жеттік. осы ретте, әр
ұлтта қариялар кеңесінің жұмысын жандандыра түсу қажеттігі
өзінен-өзі туындап отырған жоқ па? Қазақ жерінен тамырын үзбеген
өзге ұлт өкілдері бабалары қалыптастырған татулық, ізгілік жолын
кейінгіге бұзбай жеткізсе, қазақ топырағы, қазақ халқы сол ұлттың
атасына рахмет айтпай ма? Ұрпақтар сабақтастығы деген ұғымды
дамыта түсуіміз керек.
Біздер өзімізге бұйырған ұлан-ғайыр атырапты сабырмен,
парасатпен қорғауға бекіп отырмыз. Біз талай жиындарда
айтып жүрміз: елдік, ұлттық мәселеге келгенде ұшқалақтыққа,
қызуқандылыққа, эмоцияға салуға болмайды. Қанымызға біткен
дархандық, әр істің байыбына бара алатын пайымымыз бізді осы
жерге дейін алып келді. Елбасы өз сөзінде: «Әлемді лаңкестік уыты
шалды. Елінің бірлігі шатқаяқтаған елдер сол лаңкестіктің отанына
айналып отыр», – деп нені меңзегенін Сіз бен біз жақсы білеміз.
Сондай-ақ, Ассамблеяның ХХ сессиясында Президент Н. Назарбаев
айтқан мына сөз ерекше санамызда сақталыпты: «Татулық пен
тұрақтылық ел иесі ретінде қазаққа керек. Қазақтың ынтымағы
34
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
мен бірлігі мықты болмайынша, мемлекеттің тұтастық келбетін
сақтау мүмкін емес». Сондықтан әр қазақ өзінің татулық пен бірлік
алдындағы міндетін ойдағыдай атқарар болса, елдің экономикалық,
рухани және әлеуметтік тұрғыда қарыштайтын күні алда деп
сенемін. Ал Ассамблеяның құрылуы, оның саясатының дұрыс
жүзеге асырылуы – саяси, әлеуметтік, ұлттық және экономикалық
дамудың қазақстандық моделін ұсынды.
Елбасының «2015 жылды Қазақстан халқы Ассамблеясының
жылы деп жариялау жөнінде» Жарлыққа қол қоюы әлемде болып
жатқан этносаралық және діни қақтығыстардың шарттары қазіргі
заманның белгілі бір түрі болып отырғандықтан, ұлттық бірлік
пен қоғамдық келісімді нығайту бойынша мемлекеттік саясатты
жүйелеуді ретке келтіріп отыр. Халқымызды қоғамдық келісім мен
бірлік идеясының маңына топтастыруға күш салып келе жатқан
Ассамблеяның мемлекет өміріндегі маңызын одан әрі жетілдіруде
мына нәрселерді ескеру керек:
1) Қазақстандық қоғамның қазіргі дамуы жағдайында бірінші
кезекте этносаралық қарым-қатынас мәселелерін шешу шараларын
қабылдау, тіл мен ұлттық мәдениетті, салт-дәстүрді насихаттауда
ағартушылық жұмыстарды одан әрі жетілдіру, этномәдени
бірлестіктер мен азаматтық қоғамның басқа да институттарын
қоғамдық келісім мен ұлттық бірлікті қамтамасыз ету жөніндегі
міндеттерді шешуге белсенді тарту. Қазақстан халқы Ассамблеясы
халықтың мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеріп, меңгеруінің
үдерісіне басшылық жасаумен шектелмей, толыққанды мемлекеттік
тілге айналуына күш салатын уақыт келді деп санаймын;
2) Этносаралық қатынастар саласында азаматтық қоғамның
әлеуметтік бастамаларын іске асыру, еліміздің әрбір өңірлердегі
этносаралық жағдайды талдау бойынша ғылыми-сараптамалық
жұмыстарды жүйелеу, толеранттылықты нығайту және ақпараттық
жұмысты қамтамасыз ету саласында белсенді жұмыстар жүргізу.
3) Жоғары оқу орындарында магистратура, докторантура
бойынша ұлтаралық және дінаралық татулықты түбегейлі зерт-
тейтін мамандар даярлау ісін қолға алу, мемлекеттік гранттар
бөлу, осы тақырыпты терең зерттейтін сауатты журналистер тобын
жасақтау;
4) 2015 жыл – ұлттық тарихымызды ұлықтау және бүгінгі
биіктерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы. Қазақ
35
№1 (45) 2015
Ғ Ы Л Ы М И - С А Р А П Т А М А Л Ы Қ Ж У Р Н А Л
қазақстан халқы ассамблеясының 20-жылдығына орай
халқының тарихы мен бүгінін дәріптеуде, барша қазақстандық-
тарды ұлттық мәдени құндылықтар рухында тәрбиелеудегі қоғам-
дық келісім рөлі тұрғысында «Мәңгілік Ел» идеясына топтастыру.
Қорыта айтқанда, Қазақстан халқы Ассамблеясы 20 жылдық
қызметінде айтарлықтай тәжірибе жинақтады. Этносаралық және
дінаралық келісімнің қазақстандық моделі қалыптасып, еліміздегі
ұлттық саясатты жүргізуде беделді орынға ие болды. Алдағы
уақытта Қазақстан халқы Ассамблеясы еліміздің бәсекеге қабілетті
30 елдің қатарына қосылуына рухани тәрбие беру арқылы өзінің
маңызды үлесін қосуы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |