Қазақстан климатының Өзгеру


 Жауын-шашын мөлшерінің экстремум тенденциялары



Pdf көрінісі
бет5/5
Дата27.03.2017
өлшемі3,1 Mb.
#10560
1   2   3   4   5

3.3  Жауын-шашын мөлшерінің экстремум тенденциялары 

ДМҰ  ұсынған  климаттық  индекстардың  Қазақстан  аймағы  үшін  ең  көрнекті 

жауын-шашынның экстремум тенденцияларын көрсететін индекстары таңдалған, жауын-

шашынның  экстремум  тенденцияларының  анализі 1941…2014 жылдар  аралығында 

жасалған.   

Жауын-шашынның  максималды  тəулік  мəні  (Rx1day  индексі)  Қазақстан 

аумағында  өзгермеген (3.10 сүреті).  Республиканың  барлық  аймақтарында  жауын-

шашынның максималды тəулік мəні 0,1…1,0 мм/10 жылына көтеріліп немесе азайп турған 

тенденциялары байқалған. Осыған қарамастан бұл трендтердің статистикалық мəні кейбір 

станцияларда  аз  болды.  Мысалы,  Куйган  метеостанциясында  əр 10 жылдықта 0,75 мм 

жауын-шашынның статистикалық мəні бар сəл өсуі байқалады, ал Бектауата мен Баянаул 

станцияларында  əр 10 жылдықта 1,3…1,6 мм  статистикалық  мəні  бар  өсуі  байқалды. 


Тұрар  Рысқұлов  аулының  метеостанциясында  əр 10 жылдықта  жауын-шашынның 

максималды тəулік мəнінің азайуы 3,61 мм құрады. 

 

 

3.9 сүреті – Жауын-шашын жауған мерзімінің максималды ұзақтылығы (күн), 1 мм 



жоғары болған жауын-шашынның мөлшері 

 

 



 

 

3.10  сүреті –  1941...2014 жылдар аралығында саналған тəулік жауын-шашын 



мөлшерінің (əр 10 жылға/мм) сызықтық тренд коэффициентінің кеңістік таралуы. 

Трендтердің статистикалық мəні болған жағдайларда олардың сараланған мəндері 

бойынша белгілері боялған 

Жылдық  жауын-шашынның  сомасында  экстремалды  бөлік  мəнінің  анализы 

(R95pTOT  индексі)  Қазақстан  аумағы  бойынша  кейбір  метеостанцияларға  қарамастан 

статистикалық мəні аз тенденциялары байқалған жəне əр 10 жылда 0,01…1,0 % көтеріліп 

немесе азайып тұрған. Михайловка метеостанциясы (Павлодар облысы) жəне Мойынқұм 

метеостанцияларында  мəні  бар  экстремалды  жауын-шашын  мөлшерінің  əр 10 жылдықта 

1,2…1,5 %  көбейуі байқалады, ал Чапаево, Чингирлау жəне Астана метеостанцияларында 

жауын-шашынның əр 10 жылдықта 1,2…2,5 %  статистикалық мəні бар азайуы байқалады 



(3.11  сүреті).  Экстремалды  жауын-шашын  мөлшерінің  көбейуі  жылы  мезгілдерде 

эрозиялық  процесс  қауып-қатеріне  əкелу  əбден  мүмкін,  ал  таулы  аймақтарда  күшті  су 

тасқынына, суық мезгілдерінде – қар көшкінінің пайда болуына əкелуі мүмкін. 

 

 



 

3.11 сүреті – 1941...2014 жылдар аралығында жылдық жауын-шашын мөлшерінің 

ішінде экстремалды бөлігінің (əр 10 жылға/%) саны саналған жəне сызықтық тренд 

коэффициентінің кеңістік таралуы. Экстремалды жауын-шашын мөлшері 

95 проценттіліктен асып, тəулік мөлшерлерінің сомалары ретінде саналған. Трендтердің 

статистикалық мəні болған жағдайларда олардың сараланған мəндері бойынша белгілері 

боялған 

Қазақстанның  көптеген  аймақтарында  жауын-шашын  жаумаған  мерзімінің 



максималды  ұзақтылық  тенденциясының  азайуы  байқалған  (СDD  индексі).  Жауын-

шашынның  статистикалық  мəні  бар  тенденциялары  республиканың  солтүстік  пен 

солтүстік-шығыс  аймақтарында 1…4 күнге  азайу  байқалған,  ал  Жусалы,  Павлодар, 

Петропавл  метеостанцияларында  əр 10 жылдықта  шамамен 5 күнге  азайған.  Жауын-

шашын 

жаумаған 



мерзімінің 

статистикалық 

мəні 

бар 


көбейуі 

Көкпекті 

метеостанциясында  əр 10 жылдықта 2 күнге  көбейген.  Қалған  аймақтарда 

тенденцияларының статистикалық мəні аз немесе мүлдем жоқ (3.12 сүреті).  

 

 

 



 

 

3.12 сүреті – 1941...2014 жылдар аралығында саналған жауын-шашын жаумаған 



мерзімінің максималды ұзақтылығының (10 жылға/күн) сызықтық тренд 

коэффициенттерінің кеңістік таралуы. Трендтердің статистикалық мəні болған 

жағдайларда олардың сараланған мəндері бойынша белгілері боялған 


ҚОРЫТЫНДЫ 

2014 жылдың ерекшеліктері. Ғаламдық деңгейде тарихта бақылау жүргізе бастаған 

кезден  бері, 2014 жыл  ең  жылы  жылдардың  бірі  боп  саналды. 2014 жылы  жер  шары 

бойынша  жер  бетінің  жəне  су  бетінің  орташаланған  ауа  температурасының  орташасы 

1961...1990 жылдар аралығындағы ауа температурасының орташа санынан 0,57± 0,09 °C-

қа жоғары болды жəне 14 °C құрады.  

2014  жылында  Қазақстан  бойынша  орташа  жылдық  ауа  температурасының  мəні 

1971….2000 жылдар  аралығы  бойынша  саналған  орташа  көп  жылдық  мəнінен 0,04 

°С-қа 


төмен  жəне 5,65 °C құрады. 2014 жылында  келесі 4 ай – ақпан,  шілде,  қыркүйек,  қазан  

суық болды, 2 ай (наурыз,маусым) жылы болды, ал тамыз айы –экстремалды жылы болды. 

Осының бəрі 2014 жыл орташа жылдық ауа температурасының ауытқуының 1941 жылдан 

бастап іріктеліп келе жатқан қатарында 36 орын алуға себеп болды. 

Жыл  бойынша  ауа  температурасының  орташа  мəні  бүкіл  Қазақстан  бойынша 

нормаға  жақын  болды,  тек  кейбір  онтүстік  аудандарда  жағымсыз  ауытқулар  жəне 

керісінше жағымды ауытқулар шығыс аудандарында болмаса. Нормадан бірнеше жоғары 

мəндер солтүстік пен онтүстік-батыс аудандарда болды. 

Қыс  айларының  ауа  температуралары  көптеген  Қазақстан  аймақтарында  нормаға 

жақын  болды.  Республиканың  онтүстік  өңірлерінде  қыс  айлары  суық  болды  жəне 

мезгілдік ауытқулар минус 2…4 ºС құрады.  

Экстремалды  төмен  ауа  температуралар  келесі  метеостанцияларда  тіркелген: 

Қарағанды облысы Жетіқоныр МС қаңтар айында (ауа температурасының ауытқуы минус 

4,2 ºС  құрады),  Қызылорда  облысы  Злиха  МС  қаңтар  айында  (ауа  температурасының 

ауытқуы  минус 4,2 ºС  құрады).  Ақпан  айында  Жамбыл  облысы  Ұйық  пен  Толе  би 

метеостанцияларында  (ауа  температурасының  ауытқуы  минус 8,6 ºС  жəне 8,1 ºС  минус 

құрады), ал Қызылорда облысы Злиха МС (ауа температурасының ауытқуы минус 8,2 ºС 

құрады).  Ал  шығыс  Қазақстан  аймақтарында  қыс  керісінше  жылы  болды,  мысалы 

Өскемен  метеостанциясында  ауа  температурасының  ауытқуы  қаңтар  айында  нормадан 

4,0 ºС-қа жоғары болды.  

Қыста  республика  бойынша  жауын-шашынның  мөлшері  нормадан 20...100 %-ға 

жоғары  болды.  Жауын-шашынның  тапшылығы  батыс,  онтүстік,  шығыс  жəне  орталық 

Қазақстан аймақтарын (нормадан 20…40 %) қамтыды. 

Көктем  бүкіл  Қазақстан  аймақтарында  жылы  болды.  Ауа  температурасының  ең 

үлкен ауытқуы (2,5 ºС жоғары) батыс жəне солтүстік пен солтүстік-шығыс аудандарында 

байқалған. Бұл аймақтарды көктем айы экстремалды жылы көктем мезгілдерінің қатарына 

10 %-ға  кірді.  Маңғыстау  мен  Атырау  облыстарында  ауа  температурасының  ауытқуы 

нормадан 1,0…5,8 ºС-қа  жоғары  болды.  Сонымен  Маңғыстау,  Атырау  жəне  Ақтөбе 

облыстарында  экстремалды  құрғақ  болды.  Жауын-шашынның  көбейуі  Батыс  Қазақстан, 

Қостанай мен Шығыс Қазақстан облыстарында байқалған. 

2014  жылының  жаз  айларының  ауа  температурасы  нормаға  жақын  болды.  Жаз 

айларының  ішінде,  шілде  айы  салқынырақ  болды,  орташа  айлық  температураның 

нормасынан 1,0…4,7ºС-қа  төмен  болып,  Солтүстік  Қазақстан,  Ақмола,  Қостанай 

облыстарында  суық  ошақтары  таралды,  ал  тамыз  айы  керісінше  айлық  температураның 



нормасынан 1,0…5,2 ºС-қа  жоғары  болып  Батыс  Қазақстан,  Атырау,  Ақтөбе,  Маңғыстау 

жəне Қостанай облыстарында жылу ошағы орналасты. 

Жауын-шашынның  ең  үлкен  тапшылығы  батыс  жəне  онтүстік  Қазақстан 

аудандарында  болды.  Осы  аудандарда  жаз  айы  экстремалды  құрғақ  мезгілдердің  ішіне 

10 %-ға кірді. Республиканың солтүстік-шығысында жəне солтүстік аймақтарында жауын-

шашынның мөлшері нормадан 20…80 %-ға асып түсті. 

Былтырғы  күзге  қарағанда 2014 жылдың  күз  айлары  Қазақстанның  көптеген 

облыстарында  суық  болды,  ал  Атырау,  Маңғыстау  мен  Қызылорда  облыстарында 

экстремалды  суық  болды  жəне  ауа  температурасынаң  аспау  мүмкіндігі 0...9 %-дан 

10...29 %  құрады.  Республиканың  онтүстік-шығыс  аймақтарында  ауа  температурасының 

ауытқуы  нормакға  жақын  болды.  Көптеген  аумақтарда  жауын-шашынның  мөлшері  осы 

мезгілде  нормаға  жақын  болды.  Республиканың  онтүстік-шығыс  аудандарында  таулы 

немесе тауға жақын аймақтарында жəне Қарағанды мен Қызылорда облыстарының кейбір 

жерлерінде  жауын-шашынның  мөлшере  нормадан  екі  есе  аса  түсті.  Батыс  қазақстан 

облыстарында жауын-шашын тапшылығы 20…60 % құрады. Күз айлары осы аймақтарда 

экстремалды құрғақ мезгілдер қатарының ішіне 10 % кірді. 

2014  жылы  абсолюттылық  тəулік  максимум  мен  минимумдары  бірде  бір 

метеостанцияда  алдынғы  жылдың  максимумдары  мен  минимумдарынан  асып  түспеген. 

Қазақстан  территориясы  бойынша  ыстық  күндер  саны  солтүстіктен  онтүстікке  қарай 20 

күннен 70 күнге дейін өсуде. 

2014  жылы  жауын-шашынның  уақыт  бойынша  жауы  біркелікті  болған  емес. 

Экстремалды  жауын-шашын  мөлшерінің  көбісі  Уйл (46 

%) мен  Екібастұз 

(42 %)метеостанцияларында  байқалған.  Экстремалды  жауын-шашын  мөлшерінің  бөлігі 

бұл метеостанцияларында бірталай жоғары. 34 метеостанцияларда (жалпы санынан 36 % 

құрайды)  экстремалды  жауын-шашынның  болғанына 20…39 

% құрады.  Жауын-

шашынның  абсолюттылық  тəулік  максимумы  бірде  бір  метеостанциясында  алдынғы 

жылға қарағанда аспаған. 

Жауын-шашын жауған мерзімінің максималды ұзақтылығы Қазақстанда 2 күннен 9 

күнге  дейін  созылған.  Ұзақтылығына  қарай  ең  ұзақ  жауын-шашын  жауған  уақыт 8 - 9 

күнді құрады жəне бұл Онтүстік Қазақстан облыстарының аудандарында бақыланған. 

61  күннен 89 

күнге  дейін  жететін  жауын-шашынсыз  болған  күндер  батыс 

Қазақстан  мен  онтүстік-шығыс  аймақтарында  бақыланған.  Ұзақтылығы 90 күннен 

142 күнге  дейін  жауын-шашынсыз  болған  күндер  Қызылорда,  Жамбыл  жəне  Онтүстік 

Қазақстан облыстарының метеостанцияларында байқалған. 

Қазақстандағы  климаттық  өзгерістері. 1941...2014 жылдар  аралығында (74 

жыл)  Қазақстандағы  орташа  айлық,  орташа  мезгілдік  жəне  орташа  жылдық  ауа 

температурасының көрсеткіштері көтерілгені байқалады. 

Қазақстан  бойынша  орташа  жылдық  ауа  температураның  көтеріліп  жатқан 

жылдамдығының саны орташалай келгенде 0,27 ºС əр он жылға көтеріледі. Егер де мезгіл 

бойынша  қарастырсақ,  онда  ауа  температурасының  көтерілуі  күзбен  көктем  айыларына 

келеді 10 жылда 0,31 ºС-қа, ал қыс айына 0,27 ºС əр 10 жылдықта,  ал жаз айларында ауа 

температурасының көтеруінің жылдамдығы 0,19 ºС əр 10  жылдықта азайған.  



Көп жағдайларда трендтердін статистикалық мəні 95 % сенімділік интервалында болғанда 

ғана  байқалған,  бұл  трендтің  орташа  жылдық  ауа  температурасының  сомалық 

дисперсиясына 38 % мəнін  кұрайды,  ал  мезгілдер  бойынша – 6 ден 24 % дейін  мəнің 

құрайды.  Атап  өтпеске  болмайды  осы  ғасырда  көктем  мен  жаз  мезгілдерінің  ауа 

температурасының ауытқулары көбінесе жағымды болуда, ал қыс пен күз айларының ауа 

температурасының ауытқулары керісінше жағымсыз болуда. 

Облыстар  бойынша  ауа  температурасының  көтерілуі  қатты  байқалуда  ол – Батыс 

Қазақстан  облысы  онжылдықта 0,38 ºС-қа,  ал  Онтүстік  Қазақстан  облысы,  Шығыс 

Қазақстан  облысы,  Алматы,  Павлодар  жəне  Маңғыстау  облыстарында  керісінше 

0,21…0,26 ºС-қа  төмендеген.  Қалған  облыстарда  орташа  жылдық  ауа  температурасының 

көрсеткіштері онжылдықта 0,27…0,31 ºС арасында болған. 

Қазақстанның  солтүстік,  шығыс  жəне  орталығында  жылыну  екпіні  көктем 

айларына  келеді  жəне  əр  он  жылдықта 0,28…0,38 

ºС-құрайды,  ал  келесі  жылы 

мезгілдердің бірі ол – күз. Батыс өңірлерінде ең үлкен ауа температуралар қыс айларына 

келеді  жəне  он  жылдықта 0,26…0,46 ºС-қа  көтеріледі,  ал  ауспалы  мезгілде  əр  он 

жылдықта 0,25…0,43 ºС-қа көтеріледі. Онтүстік аймақтарының көптеген жерлерінде ауа-

райының  негізгі  жылыну  мерзімі  күз  айларына  келеді  (əр  он  жылда 0,29…0,40 ºС-қа 

көтеріледі),  екінші  жылыну  мерзім – қыс  пен  көктем  айларына  келеді  (əр  он  жылда 

0,21…0,33 ºС-қа  көтеріледі).  Жаз  айларында  Қазақстанның  көптеген  облыстарында 

сызықтық  трендтің  көрсеткіші  (ауа  температурасының  жылдам  көтерілуің  көрсетеді),  əр 

он  жылға 0,13…0,27 

ºС  аралығында  болды  жəне  бұл  мөлшер  сəл  аздау,  бірақ 

детерминация  коэффициенті  шамалы  үлкен  əсіресе  онтүстік  Қазақстан  облыстарында 

18...37 %  құрайды.  Бұл  ауа  температурасының  көтерілуінің  нықты  көрсеткіші  болып 

көрінеді.  

Ауа  температурасының  көтерілуінің  ең  көрнекті  айлары:  қаңтар,  ақпан,  наурыз, 

сəуір  жəне  қараша,  əр 10 жылда 0,41…0,81 ºС-қа  өсуде.  Сəуір,  маусым  жəне  қазан 

айларында  ауа  температурасының  жылынуы  сəл  азырақ,  əр 10 жылда 0,21…0,60 ºС-қа 

өсуде.  Қалған  айларды  ауа  температурасының  ақырындап  өсуі  байқалуда.  Солтүстік 

Қазақстанда 2014 жылы  ауа  температурасының  максималды  мөлшері 33…39 °С  құрады,  

ал онтүстікте тəулік максимумы 34…43°С құрады. 

Ең  төмен  (минус 39…минус 35 °С)  ауа  температуралары  Қазақстанның 

солтүстігінде, 

шығысында 

жəне 


орталығында, 

батыс 


аймақтардың 

кейбір 


метеостанцияларында  байқалған.  Бүкіл  аймақтарды  тəулік  минимумдар  абсолютті 

минимумдарға  қарағанда  бірталай  үлкен  болды.  Жалпы  жылу  толқындарының 

ұзақтылығы  республиканың  батысында  жəне  онтүстік-батысында  көп  сақталды,  Ақтөбе, 

Атырау,  жəне  Маңғыстау  облыстарында 18...30 күндей,  ал  Солтүстік  пен  Шығыс 

Қазақстан облыстарында 18…24 күндей жылу толқындары сақталып тұрды.  

2014  жылы  салқын  толқындар  болған  күндер  саны 6 дан 18 күнге  дейін  батыс 

Қазақстанда  бақыланған,  жəне  кейбір  орталық  пен  онтүстік  жəне  шығыс  Қазақстан 

аймақтарында  да  тіркелген.  Ал  қалған  аймақтарда  күндер  саны 6 күн  бойы  тəулік  ауа 

температурасының  минималды  көрсеткіші  күндер  байқалмаған. 2014 жылы  максималды 

бұндай күндердің саны Қызылорда облысында (18 %-дан жоғары) байқалды, жəне бұндай 



ошақтар  Алматы  облысында (19 %-дан  жоғары, 2.9 б  сүретінде),  шығыс  Қазақстан 

облыстарында (22 %-дан жоғары) бақыланған. 

Статистикалық мəні бар жағдайда болған көрсеткіштердін белгілері боялған 35 ºС 

жоғары  болған  күн  санының  статистикалық  мəні  бар  тенденциялары  Батыс  Қазақстан, 

Ақтөбе,  Атырау,  Маңғыстау,  Қызылорда,  Онтүстік  Қазақстан,  Жамбыл,  Алматы 

облыстары  мен  кейбір  Қостанай  облыстарында 1 күннен 5 күнге  дейін  əр 10 жыл  бойы 

көбейуде.  Шығыс,  Онтүстік  Қазақстанның,  Павлодар,  Алматы,  Қызылорда  мен 

Маңғыстау  облыстарының  кейбір  метеостанцияларында  ауа  температурасының  тəулік 

амплитудасының 0,1…0,2 ºС көтерілуі байқалады.  

Аязды  күндердің  қайталануы  Онтүстік  Қазақстанның,  Қызылорда  мен  Атырау 

облыстарының кейбір ауданында əр 10 жылға 5...6 күнге азаяды. Қалған аймақтарда аязды 

күндердің азайуы 10 жылға 1...4 күнді құрайды. 

1941-2014  жылдар  аралығында  жылдық  жауын-шашынның  соммасы  кішкене 

азайған – 10 жылға/0,8 мм немесе 10 жылға/нормасынан 0,4 % құрады. 

Қазақстан  бойынша  жауын-шашынның  шамалы  орташа  санының  статистикалық 

мағынасы аз тенденциясының азайуы көктем, жаз жəне күз мезгілдерінде байқалады. Қыс 

айларында жауын-шашын шамалы көбейуде. Бүкіл қазақстан бойынша тенденциялардың 

статистикалық мағыналары аз тек қыс айларында болмаса.  

Мезгілдік  жауын-шашынның  өзгеру  белгілері,  республика  аймақтарында  дақ 

ретінде  таралады.  Қазақстанның  көптеген  аймақтарында  жаз  бен  күз  айларында  жауын-

шашынның  мөлшерлері 10 жылға/1...14 %  дейін  азайған,  солтүстік  пен  оңтүстік-шығыс 

таулы  жерлерді  айтпағанда.  Қыс  пен  көктем  мезгілдерінде  оңды  тенденциялар 

Қазақстанның көптеген аймақтарында орналасты, тек онтүстік-батыс пен онтүстік-шығыс 

жəне  солтүстік  пен  орталық  аудандарда,  тағыда  таулы  жəне  тауларға  жақын  онтустік-

шығыс, солтүстік-батыс шығыс аймақтарында 10 жылға/1…9 %  азайуда. Көктем айында 

жауын-шашынның жағымды тенденциялары солтүстік-батыс аймақтарында орналасты, ал 

қалған аймақтарда жағымсыз тенденциялар оналасты. Мезгілдер бойынша жауын-шашын 

мөлшерінің  барлық    тенденцияларының  статистикалық  мəні  жоқ,  тек  қыс  айларында 

болмаса. 

Жауын-шашынның 

экстремумдарында 

небір 


тенденциялар 

байқалады. 

Республиканың  көптеген  аймақтарында  сəл  бір  тенденциялар  байқалған,  əр 10 

жылға/0,01…1,0 мм максималды тəулік жауын-шашын мөлшерінің көтерілуі де азайуыда 

байқалған  жəне  бүкіл  трендтердің  статистикалық  мағынасы  аз,  тек  кейбір  станцияларда 

болмаса.  Жылдық  жауын-шашын  соммасында  экстремалды  жауын-шашын  бөлігінің 

трендтік  анализі  кейбір  Қазақстанның  метеорологиялық  станцияларында,  статистикалық 

мағынасы  аз  тенденцияларының  əр 10 жылға/0,01…1,0 %  көбейуі  немесе  азайуы 

байқалуда.  

Жауын-шашынның  статистикалық  мəні  бар  тенденциялары  республиканың 

солтүстік  пен  солтүстік-шығыс  аймақтарында 1…4 күнге  азайуы  байқалған,  ал  Жусалы, 

Павлодар,  Петропавл  метеостанцияларында  əр 10 жылдықта  шамамен 5 күнге  азайған. 

Жауын-шашын  жаумаған  мерзімінің  статистикалық  мəні  бар  көбейуі  Көкпекті 

метеостанциясында əр 10 жылдықта 2 күнге көбейген.  



 

 

ҚОСЫМША 1  

1971…2000 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА САНАЛҒАН ОРТАЖЫЛДЫҚ ЖƏНЕ 

ОРТАША МЕЗГІЛДІК АУА ТЕМПЕРАТУРАСЫНЫҢ ҚАЗАҚСТАН АУМАҚТАРЫ 

БОЙЫНША КЕҢІСТІК ТАРАЛУЫ. 

 

 



 

ҚОСЫМША 2 

1971…2000 ЖЫЛДАР АРАЛЫҒЫНДА САНАЛҒАН ЖЫЛДЫҚ ЖƏНЕ МЕЗГІЛДІК 

ЖАУЫН-ШАШЫННЫҢ ЖИЫНТЫҒЫНЫҢ КЕҢІСТІК ТАРАЛУЫ. 

 

 

 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет