ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет35/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124
Нұрахмет Даният Оразұлы, 
Алматы облысы, Жаркент қаласы
Алмалы ауылы.
ШЕбЕРді ШЕбЕР дЕгЕнШЕ 
АллАнЫ ШЕбЕР дЕсЕЙШі.
Тірексіз ғып тұрғызыпты аспанды,
Тылсым түннен атырыпты ақ таңды.
Өлшеусіз ғып жаратыпты жер бетін,
Топырақтан, судан құрап адамды.
Тіршіліктен тұтандырып ғаламды,
Таратыпты сынақ мынау заманды.
Табиғатпен ұштастырып панаңды,
Кезі келсе қайта өзі алады. 
Көлді қойды құпиялы бір шетке,
Күн ысыса қайтатұғын ол көкке.
Құбылғанда ауа - райы тамшы боп,
Себелейтін сай-салада әр бетте.
Әр дүние, әр құбылыс орнымен,
Әрбір заман құдыретпен өңделген.
Шебер демей қалай ғана болады,
Қамқоршыны бұл пәниді көмкерген.
Сәуле шашып жарқыраған биікте,
Жылу берген тірі жанға киікке.
Барлық ғалам сағынышпен қалаған,
Күннің нұры емес пе осы тірлікте?!


83
Таңдаулы діни өлеңдер
Осыншалық сөз жетпейтін құдіретті,
Алла жолы, ақ жолды кім тілдепті.
Ақ жолынан еш зияндық көрмепті,
Алла үшін ақындарың жыр етті.
Ашар ауыз, көрер көз де құлақта,
Алла салған шеберлік қой жұмақ та.
Адам ата тыйылғанды жеп қойып,
Аттаныпты жұмсақ жерден жыраққа.
Асқан шебер кім дейтұғын сұраққа,
«Алла», - деймін сүйенумен Құранға.
Өз өмірі әрбір жанның бірақ та,
Өз қолында апаратын жұмаққа.


84


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет