Әшім Жақай
Монғолия, Баян-Өлгий аймағы.
Тұлба Қоңыр-Өлең ауылы.
АллАҺТАн АсқАн ШЕбЕР Жоқ
Ғаламды ғажап бедерлеп,
Құранды тылсым мәнерлеп,
Еш мінсіз шебер жаратқан,
Аллаһтан асқан шебер жоқ!
Күллі зат көк пен жердегі,
Құдірет Хақтың өрнегі.
Көмкеріп түнгі жұлдызбен,
Нұрымен айдың зерледі.
Төгілген шуақ, нұр-алау!
Жеткісіз баға күн анау!
Қанағат,шүкір етпейтін
Астамшыл пенде күнәлі ау!
Өрмекші тоқып өрмегін,
Жібекқұрт жібек тергенін,
Қарасаң гүлге зер салып,
Шеберді шебер дер ме едің?
Менменсіп тағұт,өңшең”Мен”
Өзіндік шығып өлшемнен,
Пенделіктерге барады,
Қазы да әділ ең сенген.
Түнде бар да күндіз жоқ,
Артында қалар үлгі, із жоқ,
112
Аллаға мадақ
Алдамшы мынау фәниде,
Алдамшы қанша жұлдыз көп.
Пенденің ажал-көрмесі,
Ақырет – шындық көмбесі.
Қызықтап қана қайтатын,
Бұл фәни сынақ көрмесі.
Жар салған атын шығара,
Даңқтылар қанша дүбәра.
Ақындар жайлы Аллаһтан,
Сүресі түскен «Шұғара»!
Салғанда ғашық құлды отқа,
Айланған салқын құндаққа,
Ибраһимдердей құлдардан,
Жырымыз біздің қымбат па?
Әюуптердей құл қайда?
Шүкірлік,сабыр қылмай ма,
Ғашығы үшін жан берер,
Ғашықтар жырын бұлдай ма?!
Айқынды кейде айқыннан,
Қайырлы айтпау айтудан,
Өзгермесе еш не қайыр,
Атанып қажы қайтудан.
Жырларым-арым,зікірім,
Абайла нүкте,үтірін!
Хақ берген баға дей алман,
Қазы мен көптің пікірін.
113
Таңдаулы діни өлеңдер
Өлеңім-Хаққа зар дұға!
Берілсін сыйы жарлыға,
Қажылық болса егер де,
Ғашық құл барсын орныма!
Хақ-Құран- ғылым мектебі,
Мұхаммед тұлға жоқ теңі.
Көруге жазсын жаратқан,
Мәдина мен Меккені!
114
Достарыңызбен бөлісу: |