ҚазаҚстан мұсылмандары діни басҚармасы АллАғА мАдАқ (таңдаулы діни өлеңдер) алматы, 2010



Pdf көрінісі
бет49/124
Дата13.05.2022
өлшемі2,13 Mb.
#34309
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124
Жайнарбек Зандыбайұлы, 
Ақмола облысы, Бұланды ауданы,
Макин қаласы.
АллА ҰлЫ, АллА АсА мЕЙіРімді
«...Адамда бір кесек ет бар, егер ол бұзылса, адам 
да бұзылғаны» 
(Хадис)
Сол кесек ет кеудедегі дір еткен,
Қуат алып дұға менен тілектен.
Раббысына бағынады шүбәсіз,
Жүректерді түрлендіріп гүл еккен.
Қиын қылып сынаса да кей күнді,
Алла ұлы, Алла аса мейірімді.
Құлдық ұрам, 
құлдық ұрам мен енді
Пенделіктен ада қылып пейілімді.
Ниет қылып жүрегім мен таңдайым,
Тәкбір айтып тазаланып өн бойым.
Қарай-қарай қимастықпен көтерем,
Сағыныш пен сәжде қылса маңдайым.
Тозақ десе тітіркеніп, түнерем,
Ақырет бар,  амал құрып, мұң өрем.
Құрандағы бір аятқа татымас,
Сан құбылып құрасам да мың өлең.
«Бұл жалғанның қызығы да көп»,-десең,
Қателесіп кеттің дер ем көпке сен.


115
Таңдаулы діни өлеңдер
Рахат өмір сүргеніңнен не пайда,
Рақымынан бір Алланың шеттесең.
Адаспассың хақ жолынан таймасаң,
Ақыретке иманыңды сайласаң.
От боп жанып өртенеді өр кеудем,
Ажал емес, арғы жағын ойласам.
Құлшылықпен өтсін көбі күніңнің,
Тәһәжжуд боп тілекшісі түніңнің.
Аса қамқор Алланы ойлап егіліп,
Ыстық жастар жусын жүзін мүміннің
                            


116


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   124




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет