Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан Малғажұлының



Pdf көрінісі
бет6/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6785
1   2   3   4   5   6
§5 ТІЛДЕГІ АЙҒАҚТАР

Ислам діні қазақ халқына тікелей уағыз-насихаттан 

гөрі ел арасында ауызба-ауыз жеткізілген діни әдебиет, 

қисса-дастандар  мен  жыр-термелер  арқылы  жақсы 

тараған. Бұл тұрғыда халық фольклорын жете зерттеген 

заңғар  жазушы  Мұхтар  Әуезов  былайша  ой  толғаған 

екен: «Қазақ ор та сы на Ислам дінінің та ра у ы на көбінесе 

қазақтың  ақындықты  сүюі  се беп  бол ды  деген  дұрыс 

пікір.  Ел ге  не  жай ыл са  да,  әдебиет  жұрнағы  бо лып, 

әдебиет  өлшеуінің  біріне  түскен  соң  ғана  жай ы ла тын 

болған.  Өлеңсіз,  әңгімесіз,  сұлу  сөзсіз  келген  құрғақ 

үгіт бол са, он дай ды ел тыңдамаған да, ұқпаған, ықылас 

қоймайтын болған. Сондықтан да мұсылманшылық діні 

де  қазақ  елінің  табиғатына,  ыңғайына  қарай  ұйысып 

кел ген.  Бұған  ескі  әдебиеттегі  то лып  жатқан  қиссалар 

дәлел.  Жа ра ма зан  өлеңі  де  сондайлық  дін  мағынасы 

мен  дін  үгіті  бо лып  шығып,  бері  кел ген  соң  қыдырма 

жа ра ма зан шы лар әнге са лып ай та тын бол ды».

Ал  ағартушы  ғалым  Ахмет  Байтұрсынов:  «Дін 

шарттарын,  шариғат  бұйрықтарын  өлеңді  хикая, 

өлеңді  әңгіме  түрінде  айтып,  халықтың  құлағына 

сіңіріп, көңілдеріне қондырған»,– деп тұжырымдайды.

Қазақ даласында кең тараған күні-түні жастанып 

оқитын,  кешкілік  бір  үйге  жиналып,  шамның 

жарығымен  хат  танитындарға  оқытып,  ел  болып 

тыңдайтын  жырлар,  қисса-дастандар  көп  болды. 

Солардың көпшілігі діни жырлар болатын әрі бәрінде 

де имани үгіт-насихат кездесетін.

ХІХ  ғасырдағы  орыс  зерттеушісі  В.В.  Радлов  діни 

дастандардың уағыздық қасиеті жайлы былай деп жазған 

екен:  «Қазақтар  арасында  Исламды  орнықтыруға  бір 


150

151


«Жұм-жұманың» әсері даланы кезіп жүрген жүздеген 

молдадан артық тәрізді».

Қазақ  хандығы  құрылмастан  бұрынғы  Алтын 

Орда  дәуірінде  дүниеге  келіп,  ел  арасында  танымал 

болған  жыр-дастандардың  дені  дін  тақырыбында  еді. 

Солардың қатарында «Зарқұм», «Салсал», «Қаһарман», 

«Кесікбастың  қиссасы»,  «Мұхаммед  пайғамбар»  т.б. 

атауға  болады.  Кейінгі  шығарылған  жырлар  да  осы 

сара  жолдан  айныған  жоқ.  Қандай  жыр  болмасын, 

адамгершілік, имандылық принциптерін насихаттады.

Расында  да,  тіл  –  ділдің  айғағы.  Оның  ішінде 

халық жадында ықылым замандардан сақталып келген 

жыр-өлеңнің  орны  ерекше.  Абайша  айтқанда  «өлең  – 

сөздің  патшасы,  сөз  сарасы,  қиыннан  қиыстырар  ер 

данасы». Халықтың атадан балаға ауызба-ауыз жеткен 

әдебиетінде мұсылмандық ұғымдар мен ұстанымдарды 

білдіретін  сөз  оралымдары  молынан  кездеседі.  Жыр-

термелер,  толғаулардың  басты  мақсаты  да  халықты 

адалдыққа,  ынтымақ-бірлікке,  имандылыққа  шақыру 

болатын.  Мақал-мәтелдердің  де  дені  адамгершілік 

һәм  мұсылманшылық  ұстанымдарынан  туған  десек 

қателеспейміз. Қазақтың хақ жолын қалай ұстанғанын, 

сенімі қандай болғандығын білу үшін халық санасында 

жатталып,  ауыздан-ауызға  көшіп  отырған  тағылымды 

мұраларға,  сөз  патшасы  –  өлең-жыр ла ры на,  тән 

шымырлатқан терме-өсиеттеріне зер салсақ жеткілікті.

Күллі түркінің рухани ұстазы Қожа Ахмет Иассауи 

өз хикметтерін өлең жолдарымен жеткізіп, кейінгілерге 

діни-уағыздың сара жолын салып кеткен.

«Бісміллә» деп баян еттім хикмет айтып,

Шәкірттерге дүр мен гауһар шаштым міне.

Жанды жалдап, қайғы шегіп, қандар жұтып,

Мен  «дәптер  сәни»  сөзін  аштым,  міне,  –  деп 

бастапты сөз басын Әзірет Сұлтан.

Түркі  халқына  ортақ  тұлға  Жүсіп  Баласағұни 

баба (шамамен 1017-1075)  әңгіменің әлқиссасын былай 

бастапты:

Алла аты мен бас та дым сөз әлібін,

Жарылқаған, жаратқан бір Тәңірім!

Рақымды Ием пайғамбарын жіберді,

Кісі ізгісі, ел са ра сы жігерлі.

Ал одан кейінгі келген Ах мет Иүгінеки (ХІІІ ғ.) бы-

лай деп жырлайды:

Бір Алла өлтіретін тірілтетін,

Көрерсің сен де оны көзің жетіп.

Иесі құдіреттің жалғыз Құдай,

Өлгендерді тірілту оған оңай.

Ай тай ын артықтығын Пайғамбардың,

Ұғып ал толғауымен ой мен ардың.

Абылай  ханның  ақылшысы  Бұхар  жырау 

Қалқаманұлы  (1668-1781)  мақтау-мадаққа  Құдай 

Тағаланың  лайық  екендігін,  әңгіменің  абзалы  иманды 

түгендеу  екендігін  жалпақ  жұртқа  ұғынықты  жыр 

жолдарымен жеткізген.

Ей, айташы, Алланы айт, 

Аты жақсы Құдайды айт. 

Төрт шадияр Мұстафа,

Мұсқаф ашқан ғаламды айт. 

Тәңірім сөзі – Фұрқанды айт, 

Кәләм Алла – Құранды айт. 

Тәңірім салса аузыңа, 

Жан жолдасың – иманды айт. 

Жамандыққа жақсылық 

Көктемеген Еділді айт. 



152

153


Қара қылды қақ жарған 

Наушаруандай әділді айт. 

Аршы менен Күрсіні айт. 

Лаухы менен Кәләмді айт.

Құдыретімен жаратқан 

Он сегіз мың ғаламды айт. 

Ақтан сия танытқан 

Дәуіт пенен қаламды айт. 

Сөйлеу үшін жаратқан 

Сөз анасы сәлемді айт. 

Тірілікте сыйласқан 

Ата менен анаңды айт. 

Адам үшін жаратқан 

Қызықты нәубет балаңды айт. 

Өлгеннен соң жер жұтқан 

Қараң қалған денеңді айт.

Жыраулар  поэзиясының  тағы  бір  көрнекті 

өкілі  Шалкиіз  Тіленшіұлы (1465-1560)  әр  ісін  Хаққа 

тапсырғандығын айтады.

Күпшек санды тіл жалмаған күреңді

Тілеген достан аяман!

Тілекті бірге тілеген

Малымды достан аяман!

Тайғақ кешу, тар жерде,

Менім достым бар-ды һәр жерде,

Іздесем табылмайды тар жерде.

Табылмаса қайтейін,

Мен ісімді Хаққа тапсырғанмын һәр жерде!

Үмбетей  жырау  (1697-1786)  шынайы  мұсылман 

мен  тілімен  ғана  мұсылман  болған  жанның  ара-жігін 

өлеңмен ажыратқан.

Дін пұсырман баласы

Адамдықтан жерімес,

Тіл пұсырман, қарашы,

Арамдықтан шегінбес.

Дәніккесін бұл шіркін,

Адал бір дәм жегізбес!

Алдыңғы  жыраулардың  ізімен  жүрген  ақын 

Шортанбай  Қанайұлы (1808-1881)  халықты  ақыретке 

амал етуге шақырып, насихат айтқан. 

Үлкендер, саған айтайын,

Мал басына бармаңдар,

Ақырет қамын қармаңдар!

Дүниенің боғы үшін

Сірә, тіпті азбаңдар!

Тентек болма балаға,

Безер болма келінге,

Қадірің кетер еліңе,

Қарауыл қой сөзіңе!

Қанша нәрсе ереді

Өлгеннен соң өзіңе?!

Қарай алмай жүрерсің

Таңда махшар күнінде

Құдайыңның жүзіне!

Атаның тілін ұл алмас,

Ананың тілін қыз алмас.

Айта беріп қайтейін,

Өлінің тілін тірі алмас!

Жақыннан шыққан жақсыны

Ағайын-туған көре алмас.

Ақыр заманның белгісі –

Бірге туған бауырың

Тату да болып жүре алмас!

Дұғай сәлем дегейсің

Ташкент пенен Бұхарға,

Бір Құдайдан қорыққанға!



154

155


Қызмет етпей мен өттім

Ата менен анаға.

Қарнақтағы, сәлем айт,

Үш қайтара бабама!

Сыр  сүлейлерінің  бірі  Базар  жырау  Оңдасұлы 

(1842-1911)  шынайы  иманның  тілмен  емес,  ділмен 

мойынсұну арқылы көрінуі керектігін ескертеді.

Айдан ару нәрсе жоқ,

Түнде бар да, күндіз жоқ.

Күннен ару нәрсе жоқ,

Күндіз бар да, түнде жоқ.

Мұсылманшылық кімде жоқ.

Тілде бар да, ділде жоқ.

Көшпелі бейнет, көп дәулет

Біреуде бар да, бірде жоқ.

Кейіннен  Маңғыстаудың  марқасқасы  Қашаған 

Күржіманұлы (1841-1929) қазақ даласында діни дәстүрді 

қалыптастырып кеткен ұлы тұлғаларды былайша еске 

алады. 

Мұсылман кемдiк көрген жоқ,



Әзiрет Сұлтан – Қожа Ахмет

Шайтанға соғыс ашқалы.

Зiкiрмен зарлап ерте-кеш,

Нәпсiсiн байлап тастады.

Соңынан өттi Бақырған

Мүшкiлiн айтқан бастағы.

Кәмiл инсан – шын асыл

Мүрсәлiм өткен Бастамы. 

Данышпан  Абай  (Ибраһим)  Құнанбайұлы  (1845-

1904)  да  өле  өлгенше  жамиғы  жұртты  хақ  жолына, 

өнер-білімге шақырып өткені баршаға аян. Өресі биік 

кемеңгер былай деп насихаттайды:

Алла – мінсіз әуелден, Пайғамбар – хақ,

Мүмин болсаң, үйреніп, сен де ұқсап бақ.

Құран рас, Алланың сөзі-дүр ол,

Тәуилін білерлік ғылымың шақ.

Алланың, Пайғамбардың жо лын да мыз,

Ын та мыз ды бұзбастық има ны мыз.

Пай да мақтан, әуесқой шай тан ісі,

Кәні біздің нәпсіні тыйғанымыз?

Діннен  терең  білімі  болған  Мәшһүр  Жүсіп  те 

өмір бойы имани жолды насихаттап өтті. Ойшыл ақын 

былай деп жырлайды:

Бисмилләһир-рахманир-рахим дейін,

Құдайға хамд айтамын мұнан кейін.

Айырған тіл мен жақты заман болар,

Сөйлеп қал, қызыл тілім, оған дейін.

Ташкенттегі  «Көкелташ»  медресесінің  түлегі, 

шайыр Тұрмағамбет Ізтілеуов  (1882-1939) өз шумақта-

рында Жаратқанға мінәжат әсте естен шығармаған:

Ей, Кәрім,көңілін көркейт мұсылманның!

Қуандыр қайбірін де қысылғанның!

Таупық бер біреуі емес, бәріне де,

Көңілінен иман нұрын ұшырғанның!

Серігің жоқ бір Алла,

Өлмейтін тіпті тірі, Алла.

Қастық қылған Ханнастың,

Тұмсығына ұр, Алла.

«Үмітіңді үзбе!» деп

Айтқансың Өзің Құранда.

Қызыл  империяның  атеистік  идеологиясы 

үстемдік  құрып  тұрған  кездің  өзінде  де  қазақ  ақыны 

Мұқағали  Мақатаев  мұсылман  екендігін  ұмытпайды. 

Ғылым-білімнің түбі дінде жатқандығын еске салады.



156

157


Дін – ғылымның атасы,

Дін – ғылымның анасы,

Ғылым – діннің баласы.

Келесі  өлең  жолдарында  қандай  жағдайда  да 

мұсылман болып қалатындығын айтып, жар салады. 

Сатпаймын дінімді мен,

Сатқан емен.

Өлмейтұғын, өшпейтін күнім білем,

Алла есімі – жүрегім жұдырықтай,

Жүрегімнің соққанын біліп жүрем.

Мұхаммедтің үмбеті – мұсылманмын,

Пайғамбарым қолдайды қысылған күн.

Алсын Тағалам, ант етем, ант етемін,

Алла есімін кеудемнен ұшырған күн!

Алла – ақиқат.

Аллаға сеніп өтем,

Адалдық пен ақиқат серігі екен.

Адаспаймын, Аллама сеніп өтем,

Алла есімін баспаймын – жолы бөтен!

Келтірілген мысалдар мол мұраның бір бөлігі ғана. 

Әйтпесе,  қазақ  әдебиетінде  мұсылмандық  танымнан 

туған  туындылар  толып  жатыр.  Тегінде,  халықтың 

ұлттық  санасы  мен  болмысы  Ислам  дінімен  тонның 

ішкі  бауындай  астасып,  жымдасып  кеткен.  Тіпті, 

қазақ  халқының  болмыс-бітімін,  мәдениет-әдебиетін 

Ислам  дінінен  ажыратып  қарау  мүмкін  емес.  Дәлел 

ретінде  халқымыздың  ауызекі  тілінде  қалыптасқан 

сөз  оралымдарын  да  келтіруге  болады.  Өйткені  сөз  – 

адамның  айнасы,  ішкі  сана-сезімінің  сыртқа  шыққан 

көрінісі. 

Сайып  келгенде,  «Алла  -  бір,  Құран  -  шын, 

Пайғамбар  -  хақ»  деген  қағиданы  ертелі-кеш  айтып 

жүрген  кең  сахара  жұртының  жадында  ислами 

қағидалар берік орнаған еді. Олар тіршілігін де, өлімін де 

мұсылманшылық шарттарына сай ету тырысып бақты. 

Халқымыздың сана-салтында Құдайды мадақтау, зікір 

ету  үлгілері  ерекше  сақталып  қалды.  Бабадан  атаға, 

атадан  әкеге,  әкеден  балаға,  баладан  кейінгі  толқынға 

жетіп, ұрпақ жадының түбінде жатталған зікір үлгісінің 

бірі мынадай.

Лә иләһә иллаллаһ! 

Иллалада пайда бар.

Білмеген құлға не ай ла бар?

Жатар жерің қараңғы,

Шамшырағың сайлап ал!

Төсекке  жатқанда  кәлимасын  қайталап,  тілек 

тілегенде  «Алла  құлым  дегей,  Пайғамбар  үмбетім 

дегей»  деп  қайырды.  Сол  арқылы  мұсылмандықтың 

сара  жолынан  сырт  кетпеді.  Тілектің  төресін  де  текті 

бабаларымыз қалдырып кетті:

Бірінші тілек тілеңіз,

Бір Аллаға жазбасқа!



Діни сенімге дәлел сөздер

Қазақ халқының мақал-мәтелдерінен, ел аузында 

жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани 

ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба 

аламыз.  Мұның  өзі  Алаш  жұртының  салт-санасының, 

ақыл-ойының асыл діннен ажырамағандығын көрсетеді. 

Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін  діни  мәтіндерді,  нақыл 

сөздерді мән-мағынасы жағынан олармен бірдей немесе 

ұқсас ел арасында кең тараған мақал-мәтелдермен, сөз 

оралымдармен  салыстыра  ұсынып  отырмыз.  Ұлттың 



158

159


ұтқыр  ойлау  жүйесінде  ойып  тұрып  орын  алатын 

осы  айтылымдар  дәстүрлі  қазақ  мәдениетінің  Ислам 

дінімен біте қайнасып жатқандығын айғақтайды. Салт-

сананың  шынайы  сеніммен  сабақтасып  жатқандығын 

білдіреді.

.»ُرَتتْمتبَأ َوُهَتف ِللها ِرْمكِذِب ُحَتْمفُت�  َلا  ٍلاَب يِذ ٍرْممَأ ْموَأ ٍم َلاَك ُّلُك«

Хадис: «Алланың атымен басталмаған әрбір маңызды 

сөз бен іс шолақ»

175

. Қазақ мәтелі: «Сөздің басы бісміллә, 

бісмілләсіз іс қылма».

*****


﴾َنيِمَلاَعْلا ِّبَر ِهَّلِل ُدْمَحْلا﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «Мақтау-мадақ  әлемдердің 



Раббысы Аллаға тән»

176

.

Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Мақтауға  Алла  ғана 



лайық»; «Кірсіз – ай, мінсіз – бір Құдай»; «Ей, айташы, 

Алланы айт».

*****

.»َتْم�ُك اَمُ�ْميَح َللها ِقَّ�ِا«



Хадисте: «Қайда болсаң да Алладан қорық»

177


.

Қазақ мақал-мәтелдері: «Халықтан ұял, Құдайдан 

қорық»;  «Құдайдан  қорықпағаннан  қорық»;  «Қорқуға 

Құдай ғана лайық».

*****

175 Әбу Дәуіт, Ахмет Әбу һурайрадан (р.а.) риуаят еткен.



176 Фатиха сүресі, 2-аят.

177 Термези риуаят еткен.

.»ِللهاِب ْمنِعَتْمساَف َتْم�َعَتتْمسا اَذِإَو ،َللها  ِلَأْمساَف َتْملَأَس اَذِإ«

Хадисте:  «Бірдеңе  сұрасаң,  Алладан  сұра.  Жәрдем 



тілесең, Алладан тіле»

178


.

Қазақ мақал-мәтелдері: «Алладан сұрағанның екі 

бүйірі шығады, адамнан сұрағанның екі көзі шығады»; 

«Аллаға  сиынған  құстай  ұшады,  адамға  сиынған 

мұрттай ұшады».

*****


﴾َنيِمَلاَعْلا ُّبَر ُهَّللا َءاَشَ� ْنَأ لاِإ َنوُءاَشَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «Әлемдердің  Раббысы  Алла 



қаламаса, қалай алмайсыңдар»

179

.

Қазақ  мақалы:  «Адамның  дегені  болмайды, 



Алланың дегені болады».

*****


﴾ُريِصَ�ْلا ُعيِمَّسلا َوُهَو ٌءْيَش ِهِلْثِمَك َسْيَل﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран Кәрімде: «Оған (Аллаға) ұқсас ештеңе жоқ! 



Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11).

.»ُهُرْمتيَغ ٌءْميَش ْمنُكَ� ْمَلَو ُهَّللا َناَك«

Хадисте: «Алла болды, Одан басқа ештеңе де болған 

жоқ»

180

.

178 Термези риуаят еткен.



179 Тәкуир сүресі, 29-аят.

180 Бұхари риуаят еткен.



160

161


Қазақ өлеңдері:

Мәшһүр  Жүсіп  иләһи  сипаттар  туралы  былай 

деген:

Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,



Боларға басқа басқа бөлектенбес.

Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,

Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам

Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам

Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,

Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.

Еш нәрсеге ұқсамайды Ол һәм еш нәрсе де,

Кітаптың айтқанынан ойлама көп.

Данышпан  Абай  Құнанбайұлы  қазаққа  ортақ 

мұсылманшылық танымды былай жеткізеді:

Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән,

Түп Иесін көксемей бола ма екен?

Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

*****


﴾اَهُمَلْعَب� لاِإ ٍةَ�َرَو ْنِم ُطُقْسَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран Кәрімде: «...Қандай да бір жапырақ жерге 



түспесін, (Алла) оны да біледі...»

181

Қазақ мақалы: «Құдайсыз қурай сынбас»; «Тағдыр 

– Тәңір ісі».

*****


181 Әнғам сүресі, 59-аят.

 يِرْدَ� اَمَو اًدَغ ُبِسْكَ� اَذاَم ٌسْفَب� يِرْدَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 ﴾ُتوُمَ� ٍضْرَأ ِّيَأِ� ٌسْفَب�

Құран Кәрімде: «Ешбір жан ертең не істейтінін 



білмейді, ешбір жан қашан өлетінін білмейді»

182


.

Қазақ мақал-мәтелдері: «Алдағыны Алла біледі»; 

«Ертең  не  боларын  ешкім  білмейді»;  «Өлім  айтып 

келмейді».

*****

.»ُفُحُّصلا  ِتَّفَجَو ُم َلاْمتقَلأا  ِتَعِفُر«



Хадисте: «Қаламдар көтерілді, парақтар кеуіп кетті 

(яғни тағдыр тақтасына бәрі жазылды)»

183


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Қуған  жетпес,  бұйыртқан 

кетпес»; «Тағдырдан қашып құтыла алмайсың».

*****


﴾ِهَّللا ِةَمْحَر ْنِم اوُطَنْقَب� لا﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «...Алланың  рахымынан  күдер 



үзбеңдер..»

184

Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Үмітсіз  –  шайтан»; 

«Күніне тоқсан пәле көрсең-дағы, Сонда да күдер үзбе 

бір Алладан»; «Тәңір ісінен түңілу – күпірлік».

*****

.» ِتاَهَّمُلأا ِماَدْمقَأ َتْمَت ُةَّ�َّْملا«



182 Лұқман сүресі, 34-аят.

183 Термези риуаят еткен.

184 Зүмәр сүресі, 53-аят.


162

163


Хадисте:  «Жұмақ  –  аналардың  аяқтарының 

астында»

185


Қазақ мақалы: «Жұмақ – ананың аяғының астында».

*****

.»ِدِلاَوْملا ِطَخَس  ِف ِّبَّرلا ُطَخَسَو ِدِلاَوْملا ىَضِر  ِف ِّبَّرلا ىَضِر«



Хадисте:  «Алланың  разылығы  ата-ананың  разылы-

ғында, Алланың ашуы ата-ананың ашуында»

186

.

Қазақ мақалы: «Ата-ана разы болмай, Алла разы 



болмас».

*****


.»ٍةَمِلْمسُمَو ٍمِلْمسُم ِّلُك ْمىَلَع ٌةَضْم�ِرَف ِمْملِعلا ُبَلَط«

Хадисте:  «Білім  іздену  әрбір  мұсылман  ер  мен 



мұсылман әйелге парыз».

187


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Оқусыз   білім   жоқ,  

білімсіз   күнің   жоқ»;  «Ақыл  –  тозбайтын  тон,  білім 

–  таусылмайтын  кен»;  «Білекті  бірді  жығады,  білімді 

мыңды жығады»; «Білім таппай мақтанба, өнер таппай 

баптанба»; «Ақыл азбайды, білім тозбайды».

*****


.»ِدْمحَّللا  َلِإ ِدْمهَمْملا َنِم َمْملِعْملا ْماوُبُلْمطُا«

Риуаятта: «Білімді бесіктен табытқа дейін іздеңдер».

Қазақ мақал-мәтелдері: «Білімді тал бесіктен, жер 

бесікке дейін іздеңдер»; «Жүз жыл өмір сүр, жүз жыл 

үйрен».

185 Әбу Бәкір әш-Шафиғи риуаят еткен.



186 Термези риуаят еткен.

187 Ибн Мәже риуаят еткен.

.»ُعَفْمت�َت�  َلا ٍمْملِع ْمنِم َكِب ُذوُعَأ ِّنِإ َّمُهَّللا«

Хадисте:  «Уа,  Алла!  Өзіңмен  пайдасыз  білімнен 



сақтанамын»

188


.

.»ٍرََث َلاِب ٍةَرَجَشَك ٍلَمَع َلاِب ٌمْملِع« :ِّزَتتْمعُمْملا ِنْمب ِللها ُدْمبَع َلاَق

Нақыл сөз: «Амалсыз білім жеміссіз ағаш»

189


Қазақ  мақалы:  «Еңбегі  жоқ  ғалым –  ыстығы  жоқ 

жалын». 

*****


.»ٌمَلاَظ ُلْمهَْملاَو ٌروُن ُمْملِعلا«

Нақыл сөз: «Білім – нұр, надандық – қараңғылық».

Қазақ мақалы: «Білімдіге дүние жарық, білімсіздің 

күні  кәріп»;  «Білім  –  гауһар, бағасы  жоқ,  надандық  – 

кесел, дауасы жоқ».

*****


 ﴾ ِباَ�ْللأا وُلوُأ لاِإ ُرَّكَّذَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «(Аяттардан)  ақыл  иелері  ғана 



үгіт алады»

190


.

  َلِإ ُهَبِحاَص يِدْمهَت� ٍلْمقَع ِلْمضَف َلْم�ِم َبَسَتْمكا اَم ٌلُجَر َبَسَتْمكا اَم«

 َلُمْمكَ�  َّتَح ُهُ��ِد َماَقَتتْمسا لاَو ٍدْمبَع ُناَيمِإ ََّت اَمَو ،ىًدَر ْمنَع ُهُّدُرَت�َو ،ىًدُه

.»ُهُلْمقَع

188 Нәсәи, Ибн Хаббан Әне сахабадан (р.а.) жекізген.

189 Аббасидтер халифасы Абдулла ибн әл-Муътазз (861-909) айтқан.

190 Әли Имран сүресі, 7-аят.


164

165


Хадисте: «Адам дәл ақылдан асқан артықшылыққа ие 

болған емес. Ақыл иесін тура жолға салады, жамандықтан 

қайтарады.  Ақылы  кемелденбейінше  пенденің  иманы 

толықпайды, діні түзелмейді».

191


Қазақ мақал-мәтелдері: «Ақылмен алтын табылар, 

алтынмен ақыл табылмас»; «Ақыл – адам көрігі, сабыр – 

ақыл серігі»; «Ақыл азбайды, әділдік тозбайды»; «Ақыл 

айнымас, алтын шірімес»; «Ақылдының сөзі – дарияның 

өзі»; «Ақыл – алтын сандық, адамына қарай ашылар»; 

«Ақыл көпке жеткізеді, өнер көкке жеткізеді».

*****

.»اَِب ُّقَحَأ َوُهَتف اَهَدَجَو ُثْميَحَف ِنِمْمؤُمْملا ُةَّلاَض ُةَمْمكِْملا ُةَمِلَكْملا«



Хадисте: «Даналық сөз – мүміннің жоғалтқаны, егер 

тапса, оны алуға басқадан гөрі хақылы»

192


.

Қазақ  мәтелдері:  «Білімдіден  шыққан  сөз  – 

талаптыға болсын кез»; «Нақыл сөз – ниеті аққа жақын 

сөз».


*****

.»اًرْمحِسَل ِناَيَتبلا َنِم َّنإ«

Хадисте: «Сөздің сиқырлы күші бар»

193


.

Қазақ мақал-мәтелдері: «Өнер алды – қызыл тіл»; 

«Аузы  құлып  сандықты  тіс  ашпаса,  тіл  ашады»;  «Тіл 

тас жарады, тас жармаса, бас жарады»; «Ақынның тілі 

қылыштан өткір».

*****


191 Әл-Һәйсәми риуаят еткен.

192 Термези, Ибн Мәже жеткізген.

193 Бұхари Абдулла ибн Омардан (р.а.) жеткізген.

.»ٌلاَقَم ٍماَقَم ِّلُكِل«

Хадисте: «Әрбір мақамның, орынның өз сөзі бар».

194


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Орынды  айтылған  сөз 

орнына  қағылған  шегедей»;  «Сөз  жүйесін  тапса,  мал 

иесін табар»; «Сөз тапқанға қолқа жоқ».

*****


.» َّلَدَو َّلَق اَم ِمَلاَكْملا ُرْمتيَخ« :ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٌّيِلَع َلاَق

Нақыл сөз: «Сөздің қайырлысы – аз әрі саз болғаны»

Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) айтқан.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Көп  сөз  ұтпайды,  дөп  сөз 

ұтады»; «Көп сөз – күміс, аз сөз – алтын».

*****


.»َكِلْمهَأ ىَلَعَو َكْميَلَع ًةَكَرَتب ُنوُكَ� ،ْممِّلَسَف َكِلْمهَأ ىَلَع َتْملَخَد اَذِإ«

Хадисте: «Отбасыңа кірген кезде оларға сәлем бер. Ол 



өзіңе де, отбасыңа да береке әкеледі»

195


.

Қазақ мәтелдері: «Сәлем сөздің – анасы»; «Сәлем 

беру – сүннет, қайтару – міндет».

*****


.» ْمتُمْمصَيِل ْموَأ اًرْمتيَخ ْملُقَتيْملَتف ِرِخلآا ِمْموَتيْملاَو ِللهاِب ُنِمْمؤُت� َناَك ْمنَم«

Хадисте:  «Кімде-кім  Аллаға,  ақырет  күніне  иман 



келтірген болса, жақсы сөз сөйлесін, не үндемесін».

196


Қазақ  мақалдары:  «Байлауы  жоқ  шешеннен, 

194 Әл-Хатиб, Ибн Адий риуаят еткен.

195 Термези риуаят еткен.

196 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.



166

167


үндемеген  есті  артық,  бәйге  алмаған  жүйріктен, 

белі  жуан  бесті  артық»;  «Жақсы  байқап  сөйлер,  

жаман шайқап сөйлер».

*****


.»ُهُطْمقَس َرُت�َك ُهُملاَك َرُت�َك ْمنَم«

Нақыл:  «Сөзі  көбейгеннің  қателігі  көбейеді».  Омар 

ибн Хаттабтың (р.а.) сөзі. 

Қазақ мақалдары: «Кісі қызыл тілден өледі, түлкі 

қызыл жүннен өледі»; «Мал басынан байланады, адам 

тілінен байланады»; «Айтпас жерде тілің тарт».

*****

.»اََن َتَمَص ْمنَم«



Хадисте: «Кім үндемесе, құтылады».

197


Қазақ  мақалы:  «Үндемеген  үйдей  бәледен 

құтылады».

*****

.»ِهِناَسِل ْمنِم َمَدآ ُنْمبا اَ�اَطَخ ُرَت�ْمكَأ«



Хадисте:  «Адам  баласының  қателіктерінің  көбісі  – 

тілінен»

198


 

Қазақ  мақалдары:  «Басқа  бәле  –  тілден»;  «Адам 

көңілінен азады, тілінен жазады»;

*****


.»ٍرِئاج ٍناَطْملس َد�ع  ٍلْمدَع ُةَمِلَك ِداَهِْملا ُلَضْمفَأ«

197 Термези риуаят еткен.

198 Хайсами, Мәжмәуз-Зәуәид, 302.

Хадисте: «Жиһадтың ең абзалы – қатыгез сұлтанның 



алдында әділ сөз айту».

199


Қазақ  мақалдары:  «Ала  сөйлеп  ұлыққа 

жаққанша, адал сөйлеп халыққа жақ».

*****

.»اًّرُم َناَك ْموَل َّقَْملا ِلُق«



Хадисте: «Ащы болса да хақты айт».

200


Қазақ мақалы: «Ащы болса да шындықты айт».

*****


.»ِةَ�َت�اَعُمْملاَك ُرَتبَْملا َسْميَل«

Хадис: «Естіген хабар көзбен көргендей болмайды»

201

.

Қазақ  мақалдары:  «Көзбен  көрген  шындық, 



құлақпен  естіген  өтірік»;  «Мың  естігеннен  бір  көрген 

артық».


*****

.»َعِباَصَأ ُعَبْمرَأ  ِبِذَكْملاَو  ِقْمدِّصلا َْمينَتب«

Әли  ибн  Әбу  Талибтен  (р.а.)  жеткен  риуаятта: 

«Шындық пен өтіріктің арасы төрт саусақ».

Қазақ мәтелі: «Өтірік пен шындықтың арасы төрт 

елі».


*****

.»ِهِليِلَخ ِن�ِد ىَلَع ُلُجَّرلا«

199 Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.

200 Ибн Хиббан риуаят еткен.

201 Ахмет, Табарани, Хаким риуаят еткен.


168

169


Хадисте: «Әрбір адам жолдасының дінінде болады»

202


.

Қазақ  мақалдары:  «Ері  жігіт  жолдасымен 

танылады»;  «Ағаш  тамырымен  мықты,  адам  дос-

жарымен мықты».

*****

.»ِراَّدلا َلْمبَتق َراَْملاَو ، َق�ِرَّطلا َلْمبَتق َقيِفَّرلا اوُسِمَتْملا«



Хадисте:  «Жолдан  бұрын  жолдас  ізде,  үйден  бұрын 

көрші ізде»

203


.

Қазақ мақалы: «Жолға шықпас бұрын, жолдасың-

ды сайла, үй салмас бұрын көршіңді ойла».

*****


 ِخِفاَنَو  ِكْمسِمْملا  ِلِماَحَك ِءوّسلا  ِسيِلَلاو  ِلحاَّصلا  ِسيِلَلا  ُلَ�َم  اََّنِإ«

 ْمنَأ اَّمِإَو ُهْم�ِم َعاَتْمبَت� ْمنأ اَّمِإَو َكَ�ِذْمُيح ْمنأ اَّمإ ِكْمسِمْملا ُلِماَحَف ،يِكْملا

 َدَِت ْمنَأ اَّمِإَو َكَباَيِث َقِرْمُيح ْمنَأ اَّمِإ ِيِكلا ُخِفاَنَو ،ًةَبِّيَط اًيحِر ُهْم�ِم َدَِت

.»ًةَ�يِبَخ اًيحِر

Хадисте:  «Жақсы  сұхбаттас  пен  жаман  сұхбат-

тастың  мысалы  миск  тасушы  мен  көрік  үрлеушінің 

мысалындай. Миск тасушы не саған (әтірін) тарту етеді, 

не  өзің  одан  сатып  аласың,  тіпті  болмағанда  (қасыңнан 

өткенде) жағымды жұпар иісті сезінесің. Ал көрік үрлеуші 

не  киіміңді  күйдіреді,  не  одан  жағымсыз  нашар  иісті 

сезінесің»

204


.

202 Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.

203 Табарани, Хатиб, әл-Аскари риуаят еткен.

204 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Қазақ  мақалы:  «Жақсыменен  сөйлессең,  құма-

рыңды  қандырар,  жаманменен  сөйлессең,  көңілінді 

қалдырар».

*****


 َِبَْملاِب  ُءيَِي  ُءوُّسلا  ُلُجَّرلاَو  ،ِحِلاَّصلا  َِبَْملاِب  ُءيَِي  ُحِلاَّصلا  ُلُجَّرلا«

.»ِءوُّسلا

Хадисте: «Игі кісі игі хабар әкеледі, нашар кісі жаман 

хабар әкеледі»

205


.

Қазақ  мақалы:  «Жақсыдан  шарапат,  жаманнан 

кесапат».

*****


.»ِهوُجُوْملا ِناَسِح َدْم�ِع َرْمتيَْملا ْماوُبُلْمطُأ«

Хадисте: «Игілікті түсі игілерден іздеңдер»

206

.

Қазақ мәтелі: «Түсі игіден түңілме».



*****

.»ِنِمْمؤُمْملا ُةآْمرِم ُنِمْمؤُمْملا«

Хадисте: «Мүмін – мүміннің айнасы»

207


.

Қазақ мәтелі: «Мұсылман – мұсылманның айнасы».

*****

.»اًّبُح ْمدَدْمزَت� اًّبُغ ْمرُز«



205 Ас-Суюти риуаят еткен.

206 Табарани риуаят еткен.

207 Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.


170

171


Хадисте: «Аз барсаң, ардағың артады»

208


.

Қазақ мақалдары: «Ағайынмен алыстан сыйласқан 

жөн»; «Жиі барсаң, жалықтырасың».

*****


.»اَهِروُكُب  ِف  ِتَّمُلأ  ْمكِراَب َّمُهَّللا«

Хадисте:  «Уа,  Алла!  Үмбетімнің  ерте  тұрғанына 



береке бер!»

209


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Ерте  тұрған  еркектің 

ырысы  артық,  ерте  тұрған  әйелдің  бір  ісі  артық»; 

«Өлімнен басқаның ертесі жақсы».

*****


 َّمُهَّللا :اَُهُدَحأ ُلوُقيَف ،ِنَلازْم�َت� ِناكَلَم لاإ ِهيِف ُداَبِعلا ُحِبْمصُ� ٍمْموَت� ْمنِم اَم«

.»اًفَل� اًكِسْمُم ِطْمعأ َّمُهَّللا :ُرَخلآا ُلوُقَت�َو ،اًفَلَخ اًقِفْم�ُم ِطْمعأ

Хадисте:  «Пенделер  аман-сау  тұрған  әрбір  күні 

таңертең  екі  періште  түседі.  Бірі:  «Уа,  Алла!  Қайыр 

шығарғанға қарымта бер!» – дейді, ал екіншісі: «Уа, Алла! 

Шығармағанға шығын бер!» – дейді»

210


.

Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Қолы  ашықтың  жолы 

ашық»;  «Қайырлы  іс  адамнан  қайтпаса,  Құдайдан 

қайтады».

*****

 ﴾ْمُهَبنْبيَب� ىَروُش ْمُهُرْمَأَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

208 Табарани риуаят еткен.

209 Әбу Дәуіт риуаят еткен.

210 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Алла  Тағала  былай  дейді:  «..Олардың  (мүмін-

дердің) істері кеңеспен бітеді..»

211


.

 ﴾ِرْملأا يِف ْمُهْرِواَشَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «..(Уа,  Мұхаммед)  Іс 



туралы олармен (мүміндермен) кеңес..»

212


.

Қазақ  мақалдары:  «Кеңесіп  тіккен  тон  келте 

болмас»; «Кең киім тозбайды, кеңесті ел азбайды»; «Бір 

кісінікі мақұл, екі кісінікі ақыл».

*****

  َلوُسَّرلا اوُعيِطَأَو َهَّللا اوُعيِطَأ اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

﴾ْمُكْنِم ِرْملأا يِلوُأَو

Құран  Кәрімде:  «Уа,  иман  келтіргендер! 



Аллаға  бойсұныңдар,  Елшіге  және  әміршілеріңе 

бойсұныңдар!»

213


.

Қазақ  мақалы:  «Тәртіпсіз  ел  болмайды,  тәртіпке 

бағынған құл болмайды».

*****


.» ِسْمفَّت�لا  َنِغ  َنِغْملا َّنِكَلَو ،ِضَرَعْملا ِةَرْمت�َك ْمنَع  َنِغْملا َسْميَل«

Хадисте: «Расында байлық дегеніміз заттың көптігі 



емес, байлық дегеніміз жанның байлығы»

214

– деген.

Қазақ мәтелі: «Басты байлық – көңіл байлығы».

*****

211 Шура сүресі, 38-аят.



212 Әли Имран сүресі, 159-аят.

213 Ниса сүресі, 59-аят.

214 Бұхари риуаят еткен.


172

173


.» َنْمفَت� لا ٌزْمت�َكَو

 

 ُدَفْمت�َت� لا ٌلاَم ُةَعاَ�َقْملا«

Хадисте:  «Қанағат  –  таусылмайтын  байлық, 

жойылмайтын қазына»

215


.

Қазақ мақалдары: «Қанағат – сарқылмас қазына»; 

«Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын 

сойғызар»; «Азға қанағат, көпке шүкір».

*****

.» ِشْميَعْملا ُفْمصِن ُداَصِتْمقلاا«



Хадисте: «Үнемдеу – тіршіліктің жартысы»

216


.

Қазақ  мақалдары:  «Есептемегенге  бәрі  түгел»; 

«Базары жақын байымас»; «Шашу оңай, жинау қиын»; 

«Теңге тиыннан құралады».

*****

.»ةَيِصاَقلا ِمَ�َغلا َنِم ُبْمئِّذلا ُلُكْمأَ� اََّنإَف ،ِةَعاَمَلاِب ْممُكْميَلَعَتف«



Хадисте:  «Көпшілікпен  бірге  болыңдар!  Шынында, 

қасқар да шетке шыққан қойды жейді»

217


.

Қазақ  мақалдары:  «Бөлінгенді  бөрі  жейді»; 

«Жалғыздың  шаңы  шықпас»;  «Жалғыз  ағаш  орман 

емес»; «Айырылсаң азарсың, қосылсаң озарсың».

*****

.»ُّمِصُ�َو يِمْمعُت� ِءْميَّشلا َكُّبُح«



215 Бәйһақи, әл-Асфаһани риуаят еткен.

216 Ас-Суюти Әнес ибн Мәліктен риуаят еткен.

217 Нәсәи Нұғман ибн Бәширден риуаят еткен.

Хадисте:  «Бір  нәрсені  қатты  жақсы  көруің 



(жамандығын) көрсетпейді, естірпейді»

218


.

Қазақ  мақалдары:  «Қарға  баласын  аппағым  дер, 

кірпі баласын жұмсағым дер».

*****


.»ٌةَقَدَص  ٍفوُرْمعَم ُّلُك«

Хадисте: «Әрбір ізгілік – садақа»

219

.

Қазақ мақалдары: «Жақсы сөз – жарым ырыс».



*****

.»ْماوُّباََت ْماوُداَهَت�«

Хадисте: «Бір-біріңе сый беріңдер, сүйіспеншіліктерің 

артады» 

220


Қазақ  мақалы:  «Орамал  тон  болмайды,  жол 

болады».


*****

 ﴾اًرْمسُ� ِرْمسُعْملا َعَم َّنِإ ﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Расында,  жеңілдік 

қиындықпен бірге болады»

221


.

Қазақ  мақалдары:  «Ер  тарықпай,  молықпайды»; 

«Таршылық болмай, кеңшілік болмайды».

*****


.»اًقَلاْمخَأ ْممُكُ�َسْمحَأ ْممُكِراَيِخ ْمنِم َّنِإ«

218 Әбу Дәуіт Әбу Дардадан риуаят еткен.

219 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

220 Бұхари риуаят еткен.

221 Шарх сүресі, 6-аят.


174

175


Хадисте: «Асылы, сендердің ең қайырлыларың – мінез-

құлқы ең жақсыларың».

222


Қазақ мақалдары: «Кішіпейілділік – кісінің көркі»; 

«Кішіпейілдік  –  кішілік  емес,  кісілік»;  «Әдептілік  ар-

ұят  –  адамдықтың  белгісі,  тұрпайы  мінез,  тағы  жат  – 

надандықтың белгісі».

*****

 .»ُءاَيَْملَا ِمَلاْمسِلإا َقُلُخ َّنِإَو اًقُلُخ ٍن�ِد ِّلُكِل َّنِإ«



Хадисте: «Әрбір діннің өзіне тән мінезі бар, Исламның 

мінезі – ұяттылық».

223


.»ُهُّلُك ٌرْمتيَخ ُءاَيَْملَا«

Хадисте: «Ұяттың барлығы да қайырлы».

224

Қазақ мақалдары: «Ұят кімде болса, иман сонда»; 



«Ұят – иманнан»; «Өлімнен ұят күшті».

*****


 اَم ْمعَ�ْمصاَف ِحَتْمسَ� ْمَل اَذِإ : َلوُلأا ِةَّوُتبُّ�لا ِمَلاَك ْمنِم ُساَّنلا َكَرْمدَأ اَِّم َّنِإ«

.»َتْمئِش

Хадисте:  «Адамдардың  алғашқы  пайғамбарлықтан 

үлгерген үлесі «Егер (Құдайдан) ұялмасаң, білгеніңді істе» 

деген (нақыл сөз)»

225


.

Қазақ мақалдары: «Ұялмасаң білгеніңді істе»

*****

222 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.



223 Ибн Мәже риуаят еткен.

224 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

225 Бұхари Әбу Масғұдтан риуаят еткен.

.»اًّزِع  َّلاِإ ٍوْمفَعِب اًدْمبَع هَّللا َداَز اَم«

Хадисте:  «Алла  кешірім  еткен  пенденің  мерейін 

асырады»

226


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Кешіре  білу  –  күштілік»; 

«Алдыңа келсе атаңның құнын кеш».

*****


ُهَسْفَب� َبَلَغ ْنَم َد�ِدَّشلا َّنِكَلَو َساَّنلا َبَلَغ ْنَم ُد�ِدَّشلا َسْيَل«

Хадисте: «Адамдарды жыққан күшті емес, өз нәпсісін 



жеңген күшті»

227


.

Қазақ мақал-мәтелі: «Өз нәпсісін жеңген – батыр».

*****

.»ُهَّبَر َفَرَع ُهَسْمفَتن َفَرَع ْمنَم«



Нақыл сөз: «Кім өзін, нәпсісін таныса, Раббысын таниды».

Қазақ мақалдары: «Өзін-өзі таныған Құдайын таниды».

*****

.»ُهَرَدَق َفَرَع اًءَرْمما ُللها َمِحَر«



Нақыл сөз: «Өз шамасын білген ерге Алланың рахымы 

жаусын». Омар ибн Абдулазиздің сөзі.

Қазақ мақалдары: «Өзін өзі білген ер бақытты, өзін 

өзі билеген ел бақытты»; «Көтере алмайтын қылышты 

беліңе байлама»; «Әлін білмеген әлек»; «Аяз би әліңді 

біл, құмырсқа жолыңды біл».

*****


226 Мүслім риуаят еткен.

227 Ибн Хиббан риуаят еткен.



176

177


.»ِهْميَلَع ْماوُهِرْمكُتْمسا اَمَو َناَيْمسِّ�لاَو َأَطَْملا  ِتَّمُأ ْمنَع َزَواََت َللها َّنِإ«

Хадисте:  «Ақиқатында,  Алла  менің  үмбетімнен 



қателесіп, ұмытып, не мәжбүрлікпен жасаған қателіктерін 

кешіреді»

228

.

Қазақ  мақалдары:  «Жаңылысқанға  жаза  жоқ»; 



«Адасқанның  айыбы  жоқ  қайтып  үйірін  тапқан  соң»; 

«Жаңылмайтын жақ жоқ, сүрінбейтін тұяқ жоқ».

*****

.»ْممُهُمِداَخ ِمْموَقْملا ُدِّيَس«



Хадисте: «Қауымның мырзасы – қызметшісі».

229


Қазақ мақалдары: «Ер азамат белгісі: түзде мырза, 

үйде құл».

*****

.»ُهَفْمتيَض ْممِرْمكُيْملَتف ِرِخلآا ِمْموَتيْملاَو ِللهاِب ُنِمْمؤُت� َناَك ْمنَم«



Хадисте:  «Кімде-кім  Аллаға,  ақырет  күніне  иман 

келтірген болса, қонағын құрметтесін».

230


Қазақ мақалдары: «Қонақтың асын Тәңірі өтейді»; 

«Қонақ келсе есікке, жүгіріп шық кешікпе».

*****

.»ِهْميَلَع ٌةَقَدَص َوُهَتف َكِلَذ َدْمعَتب َناَك اَمَو ،ٍماَّ�َأ ُةَثَلاَث ُةَفاَيِّضلا«



228 Ибн Мәжә риуаят еткен.

229 Әл-Хатиб, ас-Сахауи риуаят еткен.

230 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

Хадисте: «Қонақ ету үш күн, одан асқаны үй иесінің 



садақасы»

231


.

Қазақ мақал-мәтелі: «Қонақ үш күнге дейін құт».

*****

 .»ُهَل َيِداَه لاَف ْملِلْمضُ� ْمنَمَو ،ُهَل َّلِضُم لاَف ُهَّللا ِهِدْمهَت� ْمنَم«



Хадисте:  «Алла  кімді  тура  жолға  салса,  оны  ешкім 

адастыра  алмайды,  кімді  адастырса,  оны  ешкім  тура 

жолға салмайды».

232


Қазақ  мәтелі:  «Алла  адастырғанды  адам  тура 

жолға сала алмас».

*****

 وُدْمغَت� :َرْمتيَّطلا ُقُزْمرَت� اَمَك ْممُكَقَزَرَل ِهِلُّكَوَت� َّقَح ِللها ىَلَع ْممُتْملَّكَوَت� ْممُكَّنَأ ْموَل« 



.»اًناَطِب ُحوُرَت�َو ،اًصاَِخ

Хадисте:  «Егер  Аллаға  нық  тәуекел  етсеңдер,  онда 



Ол сендерге таңертең қарындары қабысып шығып, кешке 

қампайып  қайтатын  құстарды  ризықтандырғанындай 

ризық берер еді».

233


Қазақ мақалдары: «Тәуекелді тау жығар»; «Құдайға 

шын  сенген  құстай  ұшар»;  «Уайым  түбі  –  тұңғиық, 

батасың  да  кетесің,  тәуекел  түбі  –  жел  қайық,  мінесің 

де  өтесің»;  «Ер  жолдасы  –  тәуекел»;  «Алла  деген  ар 

болмас, Алла деген пенделер, еш нәрсеге зар болмас»; 

«Алла деп барсаң, аман келерсің».

*****

231 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.



232 Ахмет, Нәсәи риуаят еткен.

233 Ибн Мәже риуаят еткен.



178

179


 اوُلُخْمدَ� ،ٌماَيِن ُساَّ�لاَو ِلْميَّللاِب اوُّلَصَو ،َملاَّسلا اوُشْمفَأَو ،َماَعَّطلا اوُمِعْمطَأ«

.»ٍملاَسِب َةَّ�َْملا

Хадисте:  «Адамдарды  тамақтандырыңдар,  сәлемді 

таратыңдар  және  түнде  жұрт  ұйықтап  жатқанда 

тәһәжүд  намазын  оқыңдар,  сонда  жұмаққа  аман-есен 

кіресіңдер».

234


Қазақ  мақалы:  «Аллаға  жағам  десең  азанды  бол, 

адамға жағам десең қазанды бол».

*****

.»ِهِب ُمَلْمعَت� َوُهَو ،ِهِبْم�َج  َلِإ ٌعِئاَج ُهُراَجَو َناَعْمتبَش َتاَب ْمنَم  ِب َنَمآ اَم«



Хадисте:  «Жанындағы  көршісінің  аш  жатқандығын 

біле  тұра  өзі  тоқ  болып  жатқан  адам  маған  нақ  иман 

келтірген емес»

235


.

Қазақ мақалы: «Көрші ақысы – Тәңір ақысы».

*****

.»ِناَراَج ِةَماَيِقْملا َمْموَت� ِْمينَمْمصَخ ُلَّوَأ«



Хадисте: «Қиямет күні ең бірінші дауласатындар – 

көршілер», − деген

236


.

Қазақ  мәтелі:  «Ақыретте  алдымен  көршіден 

сұраласың».

*****


.»ِْمينَت�َّرَم ٍرْمحُج ْمنِم ُنِمْمؤُمْملا ُعَسْملُت�  َلا«

234 Ибн Әбу Дуния риуаят еткен.

235 Әл-Баззар риуаяты.

236 Ахмет риуаят еткен.

Хадисте:  «Мүмін  адам  бір  іннен  екі  рет 

шақтырмайды».

237


Қазақ  мақалдары:  «Ақылды  бір  жерде  ер  екі  рет 

сүрінбес»; «Ақылды бір рет мүдіреді, ақылсыз мың рет 

сүрінеді».

*****




ىَلوُلأا ِةَمْدَّصلا َدْنِع َرْب�َّصلا َّنِإ

«

Хадисте:  «Шын  мәніндегі  сабыр  алғашқы  соққыда 



көрінеді».

238


Қазақ мақалы: «Ер сасқанда белгілі, ат шапқанда 

белгілі».

*****

.»ْممُكِرِباَكَأ َعَم ُةَكَرَتبْملا«



Хадисте: «Береке сендердің үлкендеріңмен бірге»

239


.

Қазақ мақалы: «Қариясы бар үйдің қазынасы бар».

*****

 ُدَيْملاَو  ُةَقِفْم�ُمْملا  َيِه اَيْملُعْملا ُدَيْملاَو ىَلْمفُّسلا ِدَيْملا َنِم ٌرْمتيَخ اَيْملُعْملا ُدَيْملَا«



.»ُةَلِئاَّسلا َيِه ىَلْمفُّسلا

Хадисте:  «Берермен  қол  аларман  қолдан  қайырлы. 



Өйткені  берермен  қол  –  садақа  беруші,  ал  аларман  қол  – 

сұраушы».

240


237 Бұхари риуаят еткен.

238 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

239 Бәйһақи риуаяты.

240 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.



180

181


Қазақ мақалдары: «Қолы ашықтың жолы ашық»; 

«Береген қол алаған қолдан қайырлы».

*****

.»ِناَطْميَّشلا َنِم ُةَلَجَعْملاَو ِللها َنِم ِّنَأَّتلا«



Хадисте:  «Байсалдылық  –  Алладан,  асығу  – 

шайтаннан».

241


Қазақ  мақалдары:  «Асыққан  –  шайтанның  ісі»; 

«Асыққан қалар ұятқа, сарғайған жетер мұратқа».

*****

ُرْب�َّصلا َعَم ُرْصَّنلا«



Хадисте: «Жеңіс сабырмен келеді».

242


Қазақ  мақалдары:  «Сабыр  түбі  –  сары  алтын»; 

«Бейнет түбі – зейнет».

*****

.»ٌةَعْمدَخ ُبْمرَْملا«



Хадисте: «Соғыс қулықтан тұрады».

243


Қазақ 

мақал-мәтелдері: 

«Айлалы 

батыр 


алдырмас»;  «Ұрыста  тұрыс  жоқ»;  «Найзамен  ала 

алмағанды  айламен  ал»;  «Айла мен  ақыл  қосылса, 

алдырмайтын  екеу»;  «Арыстандай  айбатың  болсын, 

түлкідей айлаң болсын».

*****

.» ِباَذَعْملا نم ٌةَعْمطِق ُرَفَّسلا«



241 Әбу Яғла, Термези риуаят еткен.

242 Ахмет, Хаким риуаят еткен.

243 Бұхари риуаят еткен.

Хадисте: «Сапар – азаптың бір бөлігі».

244

Қазақ  мақалдары:  «Жол  азабы  –  көр  азабы»; 



«Жолаушыны жол сынайды»; «Жол асусыз болмайды, 

той шашусыз болмайды».

*****

.»ُغاَرَفْملاَو ُةَّحِّصلَا :ِساَّ�لا َنِم ٌيِ�َك اَمِهيِف ٌنوُبْمغَم ِناَتَمْمعِن«



Хадисте:  «Адамдардың  көпшілігі  екі  нығметтің: 

денсаулық пен бос уақыттың қадірін білмейді».

245


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Денсаулық  –  қадірсіз»; 

«Денсаулықтың қадірін ауырғанда білерсің»; «Уақыттың 

бос  өткені  –  өмірдің  бос  кеткені»;  «Қолда  барда 

алтынның  да  қадірі  жоқ»;  «Ауруыңа  ем  іздегенше, 

ауырмайтын жол ізде».

*****


.»ًءاَفِش ْموَأ ًءاَوَد ُهَل َلَزْمتنَأ َّلاِإ ًءاَد ُللها َلَزْمتنَأ اَم«

Хадисте: «Алла қандай дерт түсірмесін, оның шипасы 



мен дауасын да түсірген»

246


 

Қазақ мақал-мәтелдері: «Әр дерттің дауасы бар». 

*****

.»ُةَِلاَّصلا ُةَأْمرَمْملا اَيْمتنُّدلا ِعاَتَم ُرْمتيَخَو ٌعاَتَم اَيْمتنُّدلا«



Хадисте: «Дүние – қызықтау, ондағы қызықтардың 

ең қайырлысы – ізгі әйел».

247


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Жақсы  әйел  –  зейнет, 

244 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

245 Бұхари, Термези риуаят еткен.

246 Ибн Әбдул-Бирр риуаят еткен.

247 Мүслім риуаят еткен.


182

183


жаман әйел – бейнет»; «Жақсы әйел теңі жоқ жолдас, 

түбі жоқ сырлас»; «Жақсы әйел жаман еркекті түзетеді. 

Жаман әйел жақсы еркекті жүдетеді»; «Жақсы болса 

әйелің – үйіңдегі ырысың».

*****


 ٍةَمْمعِن  يِذ  َّلُك َّنِإَف  ،ِناَمْمتِكْملاِب  ْممُكِجِئاَوَح  ءِاَضَق  ىَلَع  ْماوُ�يِعَتْمسِا«

.»ٌدوُسْمَمح

Хадисте:  «Қажет-мақсаттарыңа  жасырын  қол 

жеткізіңдер,  өйткені  әрбір  нығмет  иесі  қызғанышқа  тап 

болады».

248


Қазақ мақал-мәтелдері: «Жаман досқа сыр ашпа»; 

«Жақынға өтірік айтпа, жатқа сыр айтпа»; «Бар болса 

көре алмас, жоқ болса бере алмас».

*****


 َموُقَت�  َلا ْمنَأ َعاَطَتْمسا ْمنِإَف ،ٌةَليِسَف ْممُكِدَحَأ ِدَيِبَو ُةَعاَّسلا ْمتَماَق ْمنِإ«

.»ْملَعْمفَتيْملَتف اَهَسِرْمغَت�  َّتَح

Хадисте: «Қиямет күні болғанда біреуіңнің қолыңда 

бір бұтақ болып, оны отырғыза алатындай мұршасы болса, 

отырғызсын».

249


.»اًدَغ ُتوَُت َكَّنَأَك َكِ�َرِخ ِلآ ْملَمْمعاَو اًدَبَأ ُشيِعَ� َكَّنَأَك َكاَيْمتنُدِل ْملَمْمعِا«

Риуаятта:  «Дүниең  үшін  мәңгі  өмір  сүретіндей 

қарекет ет, ақыретің үшін ертең өлетіндей амал ет».

Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Түстік  өмірің  болса, 

248 Бәйһақи, Табарани риуаят еткен.

249 Ахмет риуаят еткен.

кештік мал жина»; «Дүние – ақыреттің егіні»; «Ертеңін 

ойламаған ер емес»; «Жағың талғанша жақсылық жаса».

*****

 ٌناَسْمنِإ ْموَأ ٌرْمتيَط ُهْم�ِم ُلُكْمأَيَتف اًعْمرَز ُعَرْمزَت� ْموَأ ،اًسْمرَغ ُسِرْمغَت� ٍمِلْمسُم ْمنِم اَم«



.»ٌةَقَدَص ِهِب ُهَل َناَك  َّلاِإ ٌةَميَِب ْموَأ

Хадисте: «Қандай да бір мұсылман көшет отырғызып, 



не  егін  егіп,  одан  құс,  адам,  жануар  жесе,  ол  үшін  садақа 

болады».

250


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Артыңда  мал  қалғанша 

тал қалсын»; «Бір тал кессең, он тал ек».

*****

.»ْملَعْمفَتيْملَتف ٍحِلاَص ٍلَمَع ْمنِم ٌء ِبيَخ ُهَل َنوُكَ� ْمنَأ ْممُكْم�ِم َعاَطَتْمسا ِنَم«



Хадисте:  «Сендердің  біреулерің  жасырын  ізгі  амал 

жасауға шамасы жетсе, жасасын»

251


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Жақсылық қылсаң жасыр, 

жақсылық  көрсең  асыр»;  «Жақсылығыңды  санама, 

сауабы кетеді».

*****

 .»ُهَ�ِقْمتُت� ْمنَأ ًلاَمَع ْممُكُدَحَأ َلِمَع اَذِإ ُّبُِيح َللها َّنِإ«



Хадисте: «Ақиқатында, Алла біреулерің бір іс істесе, 

оны мүлтіксіз жасағанын жақсы көреді»

252


.

Қазақ мақал-мәтелі: «Қайыр қылсаң, бүтін қыл».

*****

250 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.



251 Әл-Хатиб риуаят еткен.

252 Әбу Яғла, Табарани риуаят еткен.



184

185


.» ِساَّ�لِل ْممُهُعَفْمتنَأ ِساَّ�لا ُرْمتيَخ«

Хадисте: «Адамдардың ең қайырлылары – адамдарға 



көбірек пайда әкелгендері»

253


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Ер  жігіттің  белгісі  –  еліне 

тиген  пайдасы»;  «Би  жігітке  жарасар  –  халқына  тиген 

пайдасы».

*****

 ،ُحِلاَّصلا ُراَْملاَو ،ُعِساَوْملا ُنَكْمسَمْملاَو ،ُةَِلاَّصلا ُةَأْمرَمْملَا :ِةَداَعَّسلا َنِم ٌعَبْمرَأ«



 ،ُءوُّسلا  ُراَْملاَو  ،ُءوُّسلا  ُةَأْمرَمْملَا  :ِءاَقَّشلا  َنِم  ٌعَبْمرَأَو  ،ُء ِنَْملا  ُبَكْمرَمْملاَو

.»ُقِّيَّضلا ُنَكْمسَمْملاَو ،ُءوُّسلا ُبَكْمرَمْملاَو

Хадисте: «Төрт нәрсе бақттылықтың белгісі: жақсы 

әйел,  кең  үй,  жақсы  көрші,  жайлы  көлік.  Төрт  нәрсе 

кесірліктің белгісі: жаман әйел, нашар көрші, нашар көлік, 

тар баспана».

254


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Атың  жақсы  болса  – 

пырағың,  алғаның  жақсы  болса  –  шырағың»;  «Атың 

жаман  болса,  арманың  кетеді,  алғаның  жаман  болса, 

мейманың кетеді»; «Жақсы көрші жақыныңнан артық»; 

«Үйі жаманның күйі жаман»; «Үйі жоқтың күйі жоқ».

*****


 ُباَصْ�لأاَو ُرِسْيَمْلاَو ُرْمَخْلا اَمَّ�ِإ اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 *  َنوُحِلْفُب�  ْمُكَّلَعَل  ُهوُ�ِنَ�ْجاَف  ِناَطْيَّشلا  ِلَمَع  ْنِم  ٌسْجِر  ُملاْزلأاَو

 ِرْمَخْلا يِف َءاَضْغَب�ْلاَو َةَواَدَعْلا ُمُكَنْبيَب� َعِ�وُ� ْنَأ ُناَطْيَّشلا ُد�ِرُ� اَمَّ�ِإ

253 Бәйһақи, Табарани риуаят еткен.

254 Ибн Хиббан, Табарани риуаят еткен.

 َنوُهَب�ْنُم ْمُ�ْب�َأ ْلَهَبف ِةلاَّصلا ِنَعَو ِهَّللا ِرْكِذ ْنَع ْمُكَّدُصَ�َو ِرِسْيَمْلاَو

 اَمَّ�َأ اوُمَلْعاَف ْمُ�ْيَّلَوَب� ْنِإَف اوُرَذْحاَو َلوُسَّرلا اوُعيِطَأَو َهَّللا اوُعيِطَأَو *

 ﴾ُنيِ�ُمْلا ُغلاَ�ْلا اَنِلوُسَر ىَلَع

Құран  Кәрімде:  «Уа,  иман  келтіргендер! 



Ақиқатында,  арақ,  құмар  ойындары,  пұттар  және 

(бал  ашуға  тігілетін)  жебелер  –  шайтанның  лас  ісі. 

Одан аулақ болыңдар, бәлкім, мұратқа жетерсіңдер! 

Шайтан  сендердің  араларыңа  арақ  пен  құмар 

ойындары  арқылы  дұшпандық  пен  жеккөрушілік 

салуды  және  Алланың  зікірінен,  намаздан 

тоқтатқысы  келеді.  Енді  сендер  доғарасыңдар  ма? 

Аллаға  бойсұныңдар,  Елшіге  бойсұныңдар  һәм 

сақ  болыңдар!  Ал  егер  теріс  бұрылсаңдар,  онда 

Елшімізге  жүктелгені  анық  жеткізу  ғана  екендігін 

біліңдер»

255


.

.»ٍّرَش ِّلُك ُحاَتْمفِم اَهَّتنِإَف َرْممَْملا ْمبَرْمشَ�  َلا«

Хадисте:  «Арақ  ішпе!  Асылында,  ол  –  барлық 

жамандықтың кілті».

256


Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Арақ  –  барлық  бәленің 

басы»; «Арақ атаңнан қалған ас емес»; «Арақ ақылдан 

айырады,  азапқа  сай  қылады»;  «Апаттан  өлсең  амал 

жоқ,  арақтан  өлсең  обал  жоқ»;  «Арақтың  құмырасы 

–  албастының  құжырасы»;  «Арлы  адам  адамдыққа 

құмар, арсыз адам араққа құмар».

*****

255 Мәида сүресі, 90-92-аяттар.



256 Ибн Мәже риуаят еткен.

186

187


 ﴾ِهِفْوَج يِف ِنْيَب�ْلَب� ْنِم ٍلُجَرِل ُهَّللا َلَعَج اَم﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «Алла  бір  адамның  кеудесінде 



екі жүрек жаратпады»

257


.

Қазақ  мақал-мәтелдері:  «Бір  адамда  екі  жүрек 

болмас, бір көңілге екі тілек сыймас».

*****


﴾ِدوُقُعْلاِ� اوُفْوَأ اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Құран  Кәрімде:  «Уа,  иман  келтіргендер! 



Келісімдеріңде (уағдаларыңда) тұрыңдар!»

258


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Мақал – сөздің атасы, уәде – 

ердің  опасы»;  «Уәде  –  Алланың  сөзі»;  «Ер  жігіттің  екі 

сөйлегені – өлгені»; «Аманат, аманатқа қылма қиянат».

*****

.»َبْملَقْملا ُتيُِت ِكِحَّضلا َةَرْمت�َك َّنِإَف ، َكِحَّضلا ِرِ�ْمكُ� َلاَو«



Хадисте: «Көп күлме, көп күлу жүректі өлтіреді»

259


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Көп  күлген  бір  жылар»; 

«Адам көңілден азады, тілден жазады».

*****


 ُهَّنِإَف ْممُكَقْموَتف َوُه ْمنَم  َلِإ ْماوُرُظْم�َت� َلاَو ْممُكْم�ِم َلَفْمسَأ َوُه ْمنَم  َلِإ ْماوُرُظْمنُا«

.»ْممُكْميَلَع ِللها َةَمْمعِن ْماوُرَدْمزَت� َلا ْمنَأ ُرَدْمجَأ

Хадисте: «Өздеріңнен төменге қараңдар, жоғарыларға 

257 Ахзаб сүресі, 4-аят.

258 Мәида сүресі, 1-аят.

259 Ахмет, Термези риуаят еткен.



қарамаңдар.  Солай  еткендерің  өздеріңдегі  Алланың 

нығметін кемсінуден сақтайды»

260


.

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Алғыға  қарап  пікір  ет, 

артқыға қарап шүкір ет».

*****


.»ٌةَكَرَتب ِةَكَرَْملا  ِف«

Нақыл сөз: «Әрекетте берекет бар».

Қазақ  мақал-мәтелі:  «Әрекет  түбі  берекет»; 

«Жүргенге жөргем ілінер»; «Кәсібі бардың нәсібі бар»; 

«Қайраттансаң,  қайыр  бар»;  «Қолы  қимылдағанның 

аузы қимылдар».

*****

260 Ахмет, Мүслім, Термези, Ибн Мәже риуаят еткен.



188

189


Пайдаланылған әдебиет

Құран Кәрім

Хадис жинақтары

Ат-Тағрифат, Әл-Журжани.

Әл-Маусуа әл-фиқһия әл-куәйтия, 30-том, 53-бет; 

Әл-Урф уал-адат фи раи әл-фуқаһа, Ахмад Фаһми 

Әбу Сунна, Каир, 1947.

Бабалар аманаты, Ахметова З., Алматы, 2012.

Дәстүрлі қазақ этнографиясы, жауапты редакторы 

Артықбаев Ж. О. – Павлодар, 2008.

Дурар әл-хуккам шарх маджаллат әл-ахкам, Али 

Хайдар, Эр-Рияд, 2003.

Қазақ халқының дәстүрлері мен әдет-ғұрыптары, 

ред. проф. Әжіғали С., – Алматы, 2006.

Қазақ халқының салт-дәстүрлері, Кенжеахметұлы 

С., Алматы, 2004.

Қазақ  халқының  тұрмысы  мен  мәдениеті, 

Кенжеахметұлы С., Алматы, 2007.

Қазақ энциклопедиясы, 7-том

Қазақтың  әдет-ғұрып  заңдары,  Смағұлова  А.С., 

Ақтөбе, 2004.

Мағрифат әл-худжаж әл-усул, әл-Баздауи, Бейрут, 

2000.

Мажмуъат расаил, Ибн Абидин



Народы России: киргизы, С-Петербург, 1879 ж.

Орысша-қазақша  түсіндірме  сөздік,  ред.  проф 

Арын Е. – Павлодар, 2006.

Таным  тұғыры,  Ержан  қажы  Малғажыұлы.  – 

Алматы, 2013.

Уқуд рәсм әл-муфти, Ибн Абидин

Усулул-фиқ әл-ислами, Уаһба әз-Зухәйли, Дамаск, 

1986.


Этнографпен әңгіме, Бегманов Қасымхан, Алматы, 

2010.


190

191


МАЗМҰНЫ

Алғы сөз.....................................................................................3

Кіріспе........................................................................................5

§1 ДӘСТҮР ТУРАЛЫ ТҮСІНІК.........................................8

Әрбір халықтың әдет-ғұрпы бар........................................9

Дәстүрді теріске шығару – адасушылық........................11

§2 ДӘСТҮРДІҢ ДІНДЕГІ ОРНЫ....................................14

Терминдерге түсініктеме.....................................................15

Ғұрыпты дәлел ретінде қарастыру...................................20

Ғұрыптың шариғаттағы шарттары..................................21

Әдет-ғұрып – төреші............................................................21

Ижма және ғұрыптың айырмашылығы.........................22

Әдет-ғұрыптың өзгеруіне байланысты пәтуаның 

өзгеруі.......................................................................................22

Дәстүр мен діннің айырмасы............................................23

Дәстүрдің озығы бар, тозығы бар....................................26

Теріс әдеттер...........................................................................27

§3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ИМАНИ ДӘСТҮРЛЕРІ......42

Ұлттық сана............................................................................42

Құдай Тағала туралы таным..............................................45

Тәңірден тіле тілекті............................................................47

Тағдырға сенім........................................................................51

Құдайдан қорықпағаннан қорық......................................52

Пайғамбарға (с.а.с.) құрмет................................................53

Білімдіге, ұстазға құрмет....................................................55

Діни рәсімдерге құрмет......................................................57

Ихсан иелері...........................................................................61

Отан туралы............................................................................63

Ар-ұят – иманнан..................................................................65

Дінді білмеген дымды білмейді........................................66

Қонақжайлылық – қазақы қасиет....................................70

Ансарлықтың қонақ күтуі..................................................73

Дастархан әдептері...............................................................74

Оң жақты жақсы көру.........................................................75

Әдептілік, сыпайылық.........................................................77

Ержүректік..............................................................................79

Қарапайымдылық.................................................................82

Еңбек етсең емерсің..............................................................85

Ерте тұру – құт-береке нышаны.......................................90

Жақсылыққа ұмтылу............................................................91

Тәуекел түбі жел қайық......................................................92



§4 ИМАНИ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.....................................94

Сәлем – сөздің анасы............................................................94

Ата-ананы құрметтеу.........................................................100

Ынтымақ-бірлік...................................................................104

Алғыс айту............................................................................110

Тарту − татулық белгісі......................................................111

Бауырмалдық.......................................................................114

Туыстық байланыс...............................................................117

Көрші ақысы.........................................................................121

Сыйластық.............................................................................127

Дос-жаран.............................................................................130

Нағашы-жиен.......................................................................136

Үлкенге құрмет, кішіге ізет ............................................138

Тілеуқорлық..........................................................................142

Имам Ағзамның әкесінің Әлиден (р.а.) бата алуы....148

§5 ТІЛДЕГІ АЙҒАҚТАР....................................................149

Діни сенімге дәлел сөздер.................................................157

Пайдаланылған әдебиет....................................................188


Бас мүфти Ержан Малғажұлының 

бастамасымен

ДІН МЕН ДӘСТҮР

І кітап

Дайындаған Сәбит Ибадуллаев



Дизайн, тех. редактор Абзал Жаухаров

Басуға 28.10.2013 жылы қол қойылды.

Қағазы офсеттік. Офсеттік басылым.

Пішімі 84/108/ 1/16. Баспа табағы 6.

Таралымы 10000. Тапсырыс № 5

«Ғибрат» ЖШС баспаханасында

басылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет