ِّلُك ْنِم َرَفَب� لاْوَلَبف ًةَّفاَك اوُرِفْنَبيِل َنوُنِمْؤُمْلا َناَك اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
اوُعَجَر اَذِإ ْمُهَمْوَب� اوُرِذْنُبيِلَو ِن�ِّدلا يِف اوُهَّقَفَب�َيِل ٌةَفِئاَط ْمُهْبنِم ٍةَ�ْرِف
﴾َنوُرَذْحَ� ْمُهَّلَعَل ْمِهْيَلِإ
Мысалы, Алла Тағала мүміндерге: «Мүміндерге
жорыққа бүтіндей аттануларына болмайды. Дінді
үйренулері үшін әрі қауымдарына қайтып оралған
кездерінде оларды ескертулері үшін әрбір қауымнан
бір топты (білім алуға) неге аттандырмасқа? Бәлкім,
сонда олар (қауымдары) сақтанар» – деп бұйырған
44
.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُهَلااَو اَمَو ِهَّللا َرْمكِذ َّلاِإ اَهيِف اَم ٌنوُعْملَم ٌةَنوُعْملَم اَيْمتنُّدلا َّنِإ َلاَأ« :َمَّلَسَو
.هَجاَم ُنْمباَو ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»اًمِّلَعَتتُم ْموَأ اًمِلاَعَو
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.): «Шындығында, бұл дүние опасыз және оның
ішіндегінің бәрі де опасыз (терістелген). Тек Алланың зікірі
мен соған қатысы барлар, білімді не үйренуші ғана олай
емес», – деген
45
.
44 Тәубе сүресі, 122-аят.
45 Термези, Ибн Мәже риуаят еткен.
Діни рәсімдерге құрмет
Халқымыз ежелден дініне берік болды. Құдайға
құлшылық ету жолдарын жақсы білді. Ғибадат
рәсімдеріне ерекше көңіл аударып, құрметтеді.
Сондықтан мінәжат, намаз, ғибадат ұғымдары халық
жадында айрықша сақталды. Оның біразын тарихтан
жеткен мағлұматтар және жайнамаз, діни кітаптар
сынды жәдігерлер арқылы білсек, енді бірін тілдегі
айғақтардан аңғарамыз. Ел арасында діни рәсімдерге
құрметті дәлелдейтін мынадай сөз оралымдары
сақталған. «Аллаға жағам десең азанды бол, ағайынға
жағам десең қазанды бол». «Бейнамаздан кейнамаз
жаман».
Тарихи жәдігерлерден, Алаш даласын зерттеген
шетелдіктердің
еңбектерінде
қазақ
халқының
мұсылманшылықты жақсы ұстағандығы жайында
айтылады. Соның бірі 1879 жылы Санкт-Петербургте
шыққан «Народы России» деген еңбектің қазақтарға
арналған шығарылымында дала халқының күні
құлшылықпен басталатындығы туралы мынадай
қызықты мағлұматтар келтірілген. «Қырғыздардың
(қазақтардың – ауд.) күні таң атқаннан басталады. Таң
жарығы шығар-шықпастан молда немесе ерте тұрған
бір адам даусын созып азан айтады. Сол сәтте бүкіл
киіз үйлердің есіктері ашылады. Оянған жандар дәрет
алу үшін суға барады. Дәрет алған соң алғашқы намаз
үйде немесе үй сыртында оқылады. Әйелдер жағы
бұл кезде төсектерін жинап, от жағып, таңғы астың
қамына кіріседі. Таңғы астан кейін үй иесі қолдарын
жуып, «Аллаһу әкбар» деп сақалын сипайды. Сосын
әрқайсысы өз тіршілігіне кіріседі»
46
.
46 Народы России: киргизы, С-Петербург, 1879 ж.
58
59
Қазақтың ежелден мұсылман халық болғандығына
сол замандағы ақын-жыраулардың, би-батырлардың
сөздері дәлел болады. Қазақ пен ноғай бөлінбей
тұрған кездің өзінде ел ағалары мен ауқатты адамдар
қажылыққа барған екен. Оған хан ордасының жырауы
Шалкиіз Тіленшіұлының (1465-1560) Темір биге айтқан
мына өлеңі дәлел.
Тәңірінің үйі Кебені
Ибраһим Халил Алла жасапты,
Ғазырейіл - жан алмаға қасап-ты,
Жығылғанды тұрғызсаң,
Жылағанды уатсаң,
Қисайғанды түзетсең,
Тәңірінің үйі – Бәйтолла,
Сұлтан ием, қарсы алдыңда жасапты!
Ал хан ордасының бағдаршысы Бұқар жырау
Қалқаманұлы (1668-1781) ғұмырлық тілек-өсиеттердің
қатарына ғибадатты да қосып былай толғайды:
Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.
Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тіленіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.
Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.
Шал ақын (Тілеуке Құлекеұлы (1748-1819 ж.)) әрбір
пенденің махшар күніндегі масқаралықтан сақтайтын
тек ізгілік, ғибадат екендігін нақтылап нақыл түрінде
өлеңдетеді де, келесі бір шумағында қазақ жігіттеріне
насихат айтады:
Қараңғы қабірде жатпақ қиын,
Таңла мақшар болады ұлы жиын.
Намаз, ораза, ғибадат бек пайдалы,
Алладан тілек қылып, күнде сыйын.
Жігіттер, өлім – рас маған нансаң,
Ораза ұста, намаз оқы, тілімді алсаң.
Ораза ұстамай, намазды оқымасаң,
Әрине, күнәсі не, өлмей қалсаң.
Қабан жырау (1733-1824) пенде атаулы үміт ететін
екі дүние бақытының қайда болатындығын түсіндіреді,
парыз ғибадаттың сырын ұқтырады:
− Бақыт қайдан келесің?
− Ораза, намаз оқымас.
Алланың атын тоқымас,
Бейнамаздан келемін.
− Бақыт қайда барасың?
− Тарауық намаз оқыған,
Көңіліне аят тоқыған
Ниетті елге барамын.
…Сәресі, сахар ішетін,
Хақ жолына түсетін,
Ниетті елге барамын.
Шортанбай Қанайұлы (1808-1881) мүміннің ғұ-
мырлық жолын құбылаға бағытталған құлшылықпен
қатыстырады:
Құбылаға бас қоймақ –
Мұсылманның тарығы.
Ораза, намаз қаза қылмасаң,
Көңіліңде Құдай барлығы.
60
61
Қазақтың данасы Абай (Ибраһим) Құнан-
байұлы (1845-1904) махаббатпен өрілген иманнан
кейінгі ғибадаттардың әрбір мұсылман үшін маңыз-
дылығына тоқталады. Оларды шынайы сеніммен
орындау керектігіне баса көңіл бөледі:
Руза, намаз, зекет, хаж – талассыз іс,
Жақсы болсаң, жақсы тұт бәрін тегіс.
Бастапқы үшін бекітпей, соңғы төртті,
Қылғанменен татымды бермес жеміс.
Әбубәкір Кердері бабамыз (Әбубәкір Боран-
құлұлы (1861-1903)) ғибадаттың шынайы пайдасы
Қияметте көрінетіндігін айтады:
Пайдасын өзің көресің,
Ғибадат қылып Аллаға.
Бір жаныңды нұрласаң.
Жаныңа ғазап хақ болар
Ораза, намаз, зекет, хаж
Атқарып уақыт тұрмасаң.
Сондай-ақ, ізгі істе ыждағат таныту әрбір
мұсылманға қажет деп біледі:
Мұсылман болсаң – іждәт қыл,
Иман, руза, намазға.
Ағайын болсаң, тату бол,
Әуес болма аразға!
Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (1858-1931) құлшылық
түрлеріне ұғынықты мысалдар келтірген:
Оразаң отыз күнгі – отыз кісі,
Бес кісі – бес намазың білемісің.
Жоқ қылып жамандықты жойылтуға,
Бұларсыз дәнемеге келмес күшің.
Мәшһүр Жүсіп бабамыз қазақтың шариғат жолы
Әбу Ханифа мазһабы екендігін де нақтылап өткен:
Өзіңе болар махшарда,
Ізгіліктің пайдасы,
Хазіреті Имам Ағзам –
Шариғаттың айнасы.
Солардан табылған,
Шайтанды жеңбек хайласы.
Дұрыс намаз, ораза,
Малғұнның тәніне,
Шанышарлық найзасы!
Ихсан иелері
Қазақ халқы ізгілікті, қайырымдылықты
қастерлі ұғым санаған. Бір-бірін жақсылыққа,
адалдыққа үндеген аталарымыз ізгі істі үлкен,
кіші деп бөлмей, қоғамда өзара қайырымдылық
пен ынтымақ ортасының орнауына ерекше назар
аударған. «Жақсы сөз – жарым ырыс» деп тым
болмағанда, игі сөзден құр қалмауға шақырған.
Мұның өзі Ислам құндылықтарымен, Құран
Кәрім мен хадис шәрифтердегі өсиеттермен
астасып жатқан тағылымдар, нағыз мұсылмандық
ұстанымдар. Жаратқан Иенің Өзі мұсылмандарды
жақсы сөз сөйлеуге үгіттейді.
﴾اًنْسُح ِساَّنلِل اوُلوُ�َو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
Алла Тағала мүміндерге: «Адамдарға жақсы сөз
сөйлеңдер!» – деп бұйырған
47
.
﴾اًد�ِدَس لاْوَب� اوُلوُ�َو َهَّللا اوُقَّب�ا اوُنَمآ َن�ِذَّلا اَهُّب�َأ اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
47 Бақара сүресі, 83-аят.
62
63
Тағы бір аятта: «Уа, иман келтіргендер! Алладан
қорқыңдар, дұрыс сөз сөйлеңдер!» – деп бұйырған
48
.
Сірә, қазақтағы «Жақсы сөз – жарым ырыс» деген
сөздің түп-төркіні мына хадисте жатса керек.
ُهاَوَر .»ٌةَقَدَص ُةَبِّيَّطلا ُةَمِلَكْملاَو« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا
Алла Елшісі (с.а.с.): «Жақсы сөз – садақа», − деген
49
.
«Түрі игіден түңілме» деген қанатты сөздің де
мән-мағынасы шарапатты хадистердегі өсиетпен дөп
түсіп тұр.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر ِل َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍّرَذ ِبَأ ْمنَع
ٍهْمجَوِب َكاَخَأ ىَقْملَت� ْمنَأ ْموَلَو ًائْميَش ِفوُرْمعَمْملا َنِم َّنَرِقْمَت َلا« :َمَّلَسَو
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ٍقيِلَط
Әбу Зардан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі
(с.а.с.) оған: «Ізгіліктің кішісін де, ол тіпті, бауырыңды
жарқын жүзбен қарсы алу болсын, немқұрайлы қарамай
орында», – деген
50
.
Шынайы иманның кемелдігіне жету үшін ізгі істен
аянып қалмау қажет. Оның ішінде үлкені де, кішісі
де бар. Көзге көріне бермейтін игілікті мардымсыз
жақсылық деп санауға болмайды. Оған төмендегі хадис
дәлел.
48 Ахзаб сүресі, 70-аят.
49 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
50 Мүслім риуаят еткен.
:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
اَهاَنْمدَأَو ،ُللها َّلاِإ َهَلِإ َلا ُلْموَتق اَهُلَضْمفَأَف ،ًةَبْمعُش َنوُّتِسَو ٌعْمضِب ُناَْميمِلإَا«
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ِناَْميمِلإا َنِم ٌةَبْمعُش ُءاَيَْملاَو ،ِق�ِرَّطلا ْمنَع ىَذَلأا ُةَطاَمِإ
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.): «Иман алпыс бірнеше бөліктен тұрады. Ең
абзалы – «Лә иләһә иллаллаһ» («Алладан басқа құдай жоқ»)
деп айту, ең төмені жолда көлденең жатқан нәрсені алып
тастау. Ұят та иманның бір бөлігі», – деген
51
.
Ихсан дәрежесіне жеткізетін сатылардың басы
орындауы әркімге жеңіл жақсылықтардан басталады.
،ٌقيِلَط ٌهْمجَو :ٌِّينَه ٌءْميَش ُِّبْملَا« :ُهْم�َع ُللها َيِضَر رمع نبا لاق
.»ٌِّينَل ٌمَلاَكَو
Ардақты сахаба Омар ибн Хаттабтың (р.а.) ұлы
Абдулла (р.а.): «Ізгілік деген оңай: жарқын жүз бен
жылы сөз», – деген екен.
Отан туралы
«Туған жердей жер болмас, туған елдей ел
болмас» деп Отанын қастерлеген қазақ атамекеннің
қадір-қасиетіне жете білген. Өйткені туған жер үшін
қаншама жаулармен арпалысып өтті, талай зұлматты
замандарды бастан кешірді.
Жалпы отаншылдық, патриотизм асыл діні-
міздің ұстанымымен ұштасып жатқан ұғымдар.
51 Мүслім риуаят еткен.
64
65
Исламда «хуббул-уатан минәл-иман» деген қанатты
сөз бар. Мағынасы «Отанды сүю – иманнан»
дегенді білдіреді. Отанға деген ыстық сезім, ықылас
жалпыадамзаттық
адамгершілік
қасиеттерге
жатады. Пайғамбар (с.а.с.) да өзінің туған шаһары
Мекке қаласына айрықша ықыласпен қараған.
Мәдинаға қоныс аударып, сонда орнықса да,
алғашқы туған жерін әсте ұмытпаған. Мүһәжір
сахабаларымен бірге Меккені сағынышпен еске
алып отырған.
َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُللها َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمبا ِنَع
اَم َكْم�ِم ِنوُجَرْمخَأ َكَمْموَتق َّنَأ َلاْموَلَو ََّلِإ َكَّبَحَأَو َكَبَيْمطَأ اَم« :َةَّكَمِل
.ُّيِقَهْمتيَتبْملاَو ُّ ِناَرَتبَّطلاَو ُمِكاَْملا ُهاَوَر .»َكَرْمتيَغ ُتْم�َكَس
Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.) Меккеге қарап тұрып: «Сен мен үшін
сондай қымбатсың, сүйіктісің. Егер де тұрғындарың сенен
шығармағанда сенен басқа жерде тұрақтамас едім», –
деген екен
52
.
Қазақ халқында туған жерді қадірлеуге үндейтін
тәлімді сөздер көп. Мысалы, қаз дауысты Қазыбек би
туған жер мен елдің қадірін былайша білдірген:
Алтын ұяң Отан қымбат,
Құт-берекең атаң қымбат,
Аймалайтын анаң қымбат,
Асқар тауың әкең қымбат.
Осы айтылған қымбат құндылықтарды қызғыштай
қорғау әрбір азаматтың қасиетті борышы. Бұл тұрғыда
халық даналығы «Отан үшін отқа түс, күймейсің»
52 Хаким, Табарани, Бәйһақи риуаят еткен.
дейді. Туған жер, туған ел үшін адал қызмет етуге
шақырады. Мұндағы Отан жайлы ұстанымдар жалпы
мұсылманшылық ұстаныммен бір арнада.
ٌْمينَع ،ُراَّ�لا اَمُهُّسََت َلا ِناَ�ْمتيَع« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِللها ِلِيبَس ِف ُسُرْمَت ْمتَ�اَب ٌْمينَعَو ،ِللها ِةَيِشَخ ْمنِم ْمتَكَب
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Екі көзді тозақ оты
шарпымайды: Алладан қорқыныштан жылаған көз бен
Алла жолында елін күзеткен көз», – деген
53
.
Ар-ұят – иманнан
«Малым жанымның садағасы, жаным арымның
садағасы» деген ұлы ұстанымды тіршілігінің басты
қағидасы етіп ұстанған қазақ халқы үшін ар-намыс, ұят-
ұждан ұғымдары аса киелі. Дала тұрғыны дүние күйіп
кетсе де, ар-намысты таптатпауға тарс бекінген. Жаны
үшін малын садақа етсе, ар-ұят үшін жанның өзін пида
етуге дайын болған. Өйткені қазақ үшін «өлімнен ұят
күшті». Сондықтан да ел арасында мынадай мақалдар
кең тараған. «Жарлы болсаң да, арлы бол», «Ұят бар
жерде иман бар», «Ұялмаған бұйырмағаннан ішеді»,
«Ер болсаң нәпсіңді жең».
Мұндай биік ұстаным айқын иманның белгісі.
Қасиетті Құран аяттары мен хадистерде ұятты болуға
шақыратын ұлағат сөздерді көп кездестіреміз.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمب ِنَع
.هَجاَم ُنْمبا ُهاَوَر .»ُءاَيَْملَا ِمَلاْمسِلإا َقُلُخ َّنِإَو اًقُلُخ ٍن�ِد ِّلُكِل َّنِإ« :َمَّلَسَو
53 Термези риуаят еткен.
66
67
Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.): «Әрбір діннің өзіне тән мінезі бар, Исламның
мінезі – ұяттылық», – деген
54
.
ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍْمينَصُح ِنْمب ِناَرْممِع ْمنَع
.»ُهُّلُك ٌرْمتيَخ ُءاَيَْملَا« :ٍةَ�اَوِر ِفَو .»ٍْميَِب َّلاِإ ِتْمأَ� َلا ُءاَيَْملَا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع
.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم
Имран ибн Хусайыннан (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Ұят тек жақсылық әкеледі», –
деген. Басқа риуаятта: «Ұяттың барлығы да қайырлы»,
– делінген
55
.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُءاَفَْملاَو ِءاَفَْملا ْمنِم ُءاَذَبْملاَو ِةَّ�َْملا ِف ُناَيمِلإاَو ِناَيمِلإا ْمنِم ُءاَيَْملا« :َمَّلَسَو
.َناَّبِح ُنباو ُّيذِمِّتلا ُهاوَر .»ِراَّ�لا ِف
Әбу Һурайрадан (р.а.) Алланың Елшісі (с.а.с.)
былай деген: «Ұят – иманнан, ал иман жәннатта болады.
Бұзық сөз – дөрекіліктен, ал дөрекілік тозақта болады»
56
.
Дінді білмеген дымды білмейді
Діни сауаттылық дала халқы үшін киелі
міндеттердің бірі саналды. Қандай жағдайда да діннен
дәріс тыңдап, балаларын шынайы иманға баулуға
54 Ибн Мәже риуаят еткен.
55 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
56 Термези, Ибн Хиббан риуаят еткен.
айрықша көңіл бөлді. Төл сенімінде берік тұрғандықтан
сырттан келетін рухани басқыншылыққа тегеурінді
түрде төтеп бере алды. Ұлттық болмысын қаймағын
бұзбай кейінгі ұрпаққа жеткізе білді.
Қазақ халқында өзінің қажыр-қайраты мен ақыл-
парасатының тереңдігіне сенімді нағыз жігіттерден
бірнеше өнерден хабардар болу талап етілетін. Қайраты
мен ақылы сай жігіт сұлтандарын «сегіз қырлы, бір
сырлы» деп сипаттайтын. Сол «сегіз қырдың» бірі
мұсылманша білімді болу еді. Сондықтан әрбір
талапты ер мұсылмандық қағидаларын басқалардан
гөрі жетік білуге тырысты. Арабша, парсыша, түркіше
оқып, жазып үйренді. Ал діни білімнен мағлұматы
мардымсыз, сауатсыз жандарды былайғы жұрт «әліпті
таяқ деп білмейді» деп әжуалайтын. Расында да, араб
әліпбиінің алғашқы қарпі әлифтің жазылуы тік тұрған
таяққа ұқсайды. Ал мұны білмеген жан нағыз надан
деп танылған.
Абай заманында намаздың шарттарын дұрыс
білмейтін, дұғаларын жөндеп оқи алмайтын адамдар
қазақ қоғамында ең қор, надан адамдардың қатарына
жатқызылған. Өйткені сол кездегі қазақ қоғамында
діннен бейхабар болу, намазды, Құранды дұрыс оқи
алмау, парыздарын білмеу үлкен айып саналған. Оны
Абайдың Абыралы деген досына жазған әжуа өлеңінен
аңғаруға болады.
Мен жасымнан көп көрдім,
Мұсылман мен кәпірді.
Абыралыдай көрмедім
Намаз білмес пақырды.
Қырағатын оқытып
Көріп едім, шатылды.
68
69
Ниет қыла білмейді,
Не қылады нәпілді?!
Осылайша Абай Абыралы деген досының намаз
оқығанын әжуа етеді. Оның Кәусар сүресін қате оқып,
намаздың парыздарын дұрыс білмейтіндігін сынайды.
Намаздың парыздарын толық білмеген кісі үшін нәпіл
оқып тақуасынудың жөні қалай деп айыптайды.
«Дінді білмеген дымды білмейді» деген қағиданы
білім алуда басты назарда ұстаған қазақ халқының
бұл ұстанымы шариғат дариясынан алынған. Ислам
діні мұсылмандарды білімді болуға шақырады. Нағыз
байлық білім екендігін нақтылайды. Құдай туралы
ілімнің, шариғат ілімінің Жаратқанның таңдаулы
құлына беретін баға жетпес тартуы екендігін айтады.
﴾اًمْلِع يِ�ْدِز ِّبَر ْلُ�َو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
Алла Тағала былай дейді: «Раббым! Білімімді
арттыр» деп айт»
57
.
Пайғамбардың (с.а.с.) да білімнің артықшылығы
хақында айтқан өсиеттері көп.
ْمنِم ََّلِإ ُّبَحَأ ِمْملِعْملا ُلْمضَف« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ُّ ِناَرَتبَّطلاَو ُراَّزَتبْملاَو ُمِكاَْملا ُهاَوَر .»ُعَرَوْملا ُمُكِ��ِد ُرْمتيَخَو ،ِةَداَبِعْملا ِلْمضَف
Алланың Елшісі (с.а.с.) бір хадисінде: «Мен үшін
ғибадаттың артықшылығынан гөрі білімнің артықшылығы
сүйіктірек. Діндеріңнің ең қайырлысы – тақуалық», –
деген
58
.
57 Таһа сүресі, 114-аят.
58 Хаким, Баззар, Табарани риуаят еткен.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْمعَِس :ْمتَلاَق اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ِف اًكَلْمسَم َكَلَس ْمنَم ُهَّنَأ ََّلِإ ىَحْموَأ َّلَجَو َّزَع َللها َّنِإ« :ُلوُقَت� َمَّلَسَو
.ُّيِقَهْمتيَتبلا ُهاَوَر .»ِةَّ�َْملا ُق�ِرَط ُهَل ُتْملَّهَس ِمْملِعْملا ِبَلَط
Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың Елшісі
(с.а.с.) былай дейді: «Даңқты һәм ұлық Алла маған:
«Кімде-кім білім алу үшін жолға шықса, Мен оның жұмаққа
баратын жолын жеңілдетемін», – деп уахи түсірді»
59
.
:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر لاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َة�ِواعُم ْمنَع
،ٌمِلْمسُمَو ،ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِن�ِّدلا ِف ُهْمهِّقَفُت� اًرْمتيَخ ِهِب ُللها ِدِرُ� ْمنَم«
.ُّيِذِمْمرِّتتلاو
Муғауиядан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.): «Алла кімге бір қайырлылық қаласа, оның
діни білімін арттырады», – деген
60
.
ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق : َلاَق ،ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍدوُعْمسَم ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع
َلاَو ُّبُِيح َلا ْمنَمَو ُّبُِيح ْمنَم اَيْمتنُّدلا يِطْمعُت� َهَّللا َّنِإ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»َّبَحَأ ْمنَمِل َّلاِإ َن�ِّدلا يِطْمعُت�
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Шындығында, Алла дүниені
сүйген құлына да, сүймеген құлына да береді, ал дінді тек
сүйген құлына ғана береді», – деп айтқан
61
.
59 Бәйһақи риуаят еткен.
60 Бұхари, Мүслім, Термези риуаят еткен.
61 Ахмет риуаят еткен.
70
71
Қонақжайлылық – қазақы қасиет
Қонақжайлық қазақтардың ежелгі қасиеті. Бұл жө-
нінде XIX ғасырдың аяқ кезінде Ресей зерттеушісі Виктор
фон Герн былай деп жазған болатын: «Жалпы алғанда,
қазақтар осы уақытқа дейін жылы жүзділігімен, қайырымды
ақкөңілділігімен және қонақжайлылық қасиетімен таңғал-
дырады. Мұның өзі олардың сүйегіне ежелден сіңіп кеткен
керемет асыл қасиет».
Үйге келген
қонақ
оларда
әрқашан
үй
иесінің қамқорлығы мен қорғауында болады. XIX
ғасырда Қазақстанда болып, оны зерттеген неміс
зерттеушілерінің бірі Ф. фон Хелльвальд та былай
деп жазды: «Қырғыз-қайсақтар барынша қонақжай
мейірімді болып келеді. Олардың киіз үйіне кіріп
жайғасқан кез келген жатжерлік адамның өзімді
біреулер тонап немесе өлтіріп кетеді-ау деп қауіптенбей,
алаңсыз ұйықтай беруіне әбден болады».
Қазақтың дархандық, жомарттық қасиеті бұрынғы
көшпелі ата-бабаларынан үзілмей келе жатқан дәстүр.
Ислам діні келген соң осы дәстүрлерді одан әрі бекітіп,
оларға мұсылмандық реңк берді. Ардақты аяттар мен
Пайғамбар (с.а.с.) өсиеттері, сахабалардың сөздері ілкіде
қалыптасқан ізгілік ұстанымдарын одан әрі нақтылап,
олардың басты мақсаты Жаратқанның жарылқауына
жету екендігін түсіндіріп, қайта жаңғыртты. Кейіннен
қазақтар сақилық қасиет сөз болғанда Атымтай
жомартты мысалға келтіретін болды. Ал Атымтай
персонажының түп негізі араб дәстүрінде мәшһүр
болған Хатим ат-Таи, яғни Таи тайпасынан шыққан
Хатим деген кісі. Арабтар оны жомарттықта мысалға
келтіретін. Мұсылманшылықпен бірге келген бұл
мысалды қазақтар жатсынбай, өзінікіндей етіп өңін
келтірді. Хатим ат-Таиға тілі келмегендіктен Атымтай
деп қазақыландырып алды. Уақыт өте келе ол адамның
араб екендігі ұмытылып, қазақы мысалға айналды.
Кең сахараны жайлаған қазақ халқында қонақ
кәдесінің орны ерекше. Әр үйде қонаққа арналған сый-
сияпат алдын ала дайын тұратын. Бұл үрдіс қазірге
дейін сақталған. Қонақтың сыбағасы әрқашан дайын
тұрады. Мейман күту қазақтың заңына айналған. Егер
қонаққа лайықты құрмет көрсетілмесе, халық биі үй
иесіне айып салатын. Қонаққа деген мұндай құрметтің
бір негізі Ислам дінінде жатыр.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ُهاَوَر .»ُهَفْمتيَض ْممِرْمكُيْملَتف ِرِخلآا ِمْموَتيْملاَو ِللهاِب ُنِمْمؤُت� َناَك ْمنَم« :َمَّلَسَو
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаға, ақырет күніне иман
келтірген болса, қонағын құрметтесін, жақсылап күтсін»,
– деген
62
.
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍرِماَع ِنْمب َةَبْمقُع ْمنَع
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ُفيِضُ� َلا ْمنَميِف َرْمتيَخ َلا« :َمَّلَسَو
Ұқба ибн Амирден (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.): «Қонақ күтпейтін жанда қайыр жоқ», −
деген
63
.
62 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
63 Ахмет риуаят еткен.
72
73
Қазақтар қонақты арнайы қонақ, құдайы қонақ,
қыдырма қонақ, қылқыма қонақ деп төртке бөлген.
Солардың ішінде құдайы қонақ үй иесі танымайтын
бейтаныс жан, жолаушы. Отағасы оны бұрын-соңды
көрмеген адамын «Құдайы қонақпын» десе болды,
жылы шыраймен қарсы алып отырған.
Халық нақылында қонақтың құрметін білдіретін
«қырықтың бірі – қыдыр», «қонақтың өз ырыс-несібесі,
құт-берекесі бар» деген сияқты ұғымдар қалыптасқан.
Мейман бейтаныс болса да, үйдің төріне шығарылып
қонақ хағы беріліп, құрмет көрсетіледі.
Қазақта қонақ болудың қатып қалған мерзімі
болмайтын. Арнайы қонақтар апталап, айлап мейман
болатын. Ал «үш күнге дейін қонақ» дейтін қағида
көбіне құдайы қонаққа қатысты айтылатын. Оған
дейін келген кісінің мақсаты сұралмайтын. Аталмыш
қағиданың діннен алынғанына дау жоқ. Оған төмендегі
риуаят дәлел болады.
ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر وٍرْممَع ِنْمب ٍدِلْم�وُخ ٍح�َرُش ِبَأ ْمنَع
ْممِرْمكُيْملَتف ِرِخلآا ِمْموَتيْملاَو ِللهاِب ُنِمْمؤُت� َناَك ْمنَم« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص
ُةَثَلاَث ُةَفاَيِّضلاَو ،ٌةلْميَلَو ٌمْموَت�« :َلاَق ؟ُهُ�َزِئاَج اَمَو :ْماوُلاَق ،»ُهَ�َزِئاَج ُهَفْمتيَض
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ِهْميَلَع ٌةَقَدَص َوُهَتف َكِلَذ َدْمعَتب َناَك اَمَو ،ٍماَّ�َأ
Әбу Шурейх Хуейлид ибн Амрдан (р.а.) жеткен
риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Кімде-кім Аллаға,
ақырет күнінен иман келтірсе, қонағының сыйын
жақсылап берсін», – дейді. Сахабалар: «Оның сыйы не?»
– деп сұрағанда, ол (с.а.с.): «Оның сыйы – бір күн және
түн. Қонақ ету үш күн, одан асқаны үй иесінің садақасы»,
– деген
64
.
64 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
Ансарлықтың қонақ күтуі
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта бірде
Алланың Елшісіне (с.а.с.) бір кісі келіп, өзінің аш екендігін
білдіреді. Пайғамбар (с.а.с.) оны тамақтандыруды
әйелдерінің біріне тапсырмақ болғанда ол жұбайы:
«Өзіңді ақиқатпен жіберген Алланың атымен ант
етейін, үйде қара судан басқа ештеңе жоқ», – дейді.
Сосын басқа бір әйеліне жібермек болғанда, одан да
сондай жауап алады. Сөйтіп, Пайғамбардың (с.а.с.)
үйінде қонақ күтерлік жағдай жоқтығы анықталады.
Ақырында Алланың Елшісі (с.а.с.) сахабаларына
қайырылып: «Мына кісіні кім қонақ етеді?» – деп
сұрайды. Сонда ансарлардың бірі тұрып: «Мен қонақ
етейін, уа, Расулалла!» – дейді. Сөйтіп, оны мейман
ету үшін алдымен әйеліне барып: «Үйде бірдеңе бар
ма еді?» – деп сұрайды. Әйелі: «Балалардың талғажу
етіп отырған азығынан басқа ештеңе жоқ», – деп жауап
береді. Күйеуі: «Оларды бірдеңемен алдандырарсың.
Қонағымыз үйге кіргенде шамды сөндір. Біз бірдеңе
жеп отырғанға ұқсайық. Ал ол тамақ жегенде шамды
жақ», – дейді. Сөйтіп, бар тағамын қонаққа беріп, оны
разы қылады да, үйде ештеңе жоқ екендігін сездірмейді.
Сол ансарлық таңертең алдына келгенде Құдайдың
қалауымен оның ісінен хабардар болған Пайғамбар
(с.а.с.): «Алла кешегі түні жұбайыңмен екеуіңнің қонағыңа
жасаған істеріңе қайран қалды», – деп, ізгі ісінің сауабымен
сүйіншілейді
65
.
65 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
74
75
Дастархан әдептері
Қазақ халқында сақталған әдептілік дәрістерінен
нағыз мұсылман ұстанымының көрінісін көреміз.
Солардың бірі дастарханда отыру, тамақтану әдебі.
Енді халық санасында сақталған сол әдептерді хадис
шәрифтермен ұштастырып көрелік.
Дастарханға отырғанда Алланың атын ауызға
алып, тамақты табақтың жақын жерінен оң қолмен
алып жеу ата-бабадан келе жатқан дәстүрлі әдеп. Бұл
Пайғамбардың (с.а.с.) өсиеттерінен алынған өнегелер.
ىَّلَص ِللها ُلوُسَر ِل َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَمَلَس ِبَأ ِنْمب َرَمُع ْمنَع
.»َكيِلَ� اَِّم ْملُكَو ،َكِ�يِمَيِب ْملُكَو َللها ِّمَس ُمَلاُغ اَ�« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها
.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم
Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.) былай дейді: «Маған
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Уа, бала! Алланың атын атап,
оң қолыңмен же. Өзіңе жақын жерден же», – деп айтты»
66
.
Асты ала бастағанда Алланың есімін айтуды
ұмытып, кейіннен есінен түсірсе, «алдында да, аяғында
да Бисмилла» десе болады.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :ْمتَلاَق اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ِهِلَّوَأ ِف َيِسَن ْمنِإَف ِهَّللا ِمْمسِب ْملُقَتيْملَتف اًماَعَط ْممُكُدَحَأ َلَكَأ اَذِإ« :َمَّلَسَو
.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِهِرِخآَو ِهِلَّوَأ ِف ِهَّللا ِمْمسِب ْملُقَتيْملَتف
66 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.
Мүміндердің анасы Айша (р.а.) былай дейді:
«Алланың Елшісі (с.а.с.): «Егер де біреулерің тамақ жесе,
«Бисмиллә» деп айтсын. Ал егер басында ұмытса, онда
«Басында да, аяғында да «Бисмилла» деп айтсын», – деп
айтты»
67
.
Асқа сол қолын салған балаға үлкен кісілер оң
қолмен жеуді үйреткен. Бұл келесі хадистен алынған
тағылым болып саналады.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر َرَمُع ِنْمبا ِنَع
َّنِإَف ِهِ�يِمَيِب ْمبَرْمشَيْملَتف َبِرَش اَذِإَو ِهِ�يِمَيِب ْملُكْمأَيْملَتف ْممُكُدَحَأ َلَكَأ اَذِإ« :َلاَق
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ِهِلاَمِشِب ُبَرْمشَ�َو ، ِهِلاَمِشِب ُلُكْمأَ� َناَطْميَّشلا
Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Қайсыбірің тамақ жесе, оң
қолымен жесін, ішсе де оң қолымен ішсін. Шындығында,
шайтан сол қолымен ішіп, сол қолымен жейді»
68
.
Осы тұрғыда оң жақ пен сол жақ жайындағы
халық ұғымы мен мұсылмандық дәстүрдегі пайымды
түсіндіріп өтудің реті келіп тұр.
Оң жақты жақсы көру
Халқымызда барлық істерді оңшылдықты жақсы
көру үрдісі бар. Игілікті іс бастағанда «Іс оң болсын!»
деп тілек тілеген. Мейрам-мерекеде «Ұлыс оң болсын!»
деп құттықтаған. Әрбір істі оң жақтан бастағанды
дұрыс көрген. Адамдармен амандасқанда оң қолмен
амандасқан, бірдеңе бергенде немесе алғанда оң қолмен,
67 Термези риуаят еткен.
68 Мүслім риуаят еткен.
76
77
оң жақтан бастаған. Үйге кіргенде оң аяқпен кірген. Жаңа
түскен келінді босағадан оң аяғымен аттатқан. Алғаш
қадам басқан балаға, жаңадан келген кісіге «Қадамың
оң болсын!» деген тілек айтқан. Жағымды нәрсені
«оңды» деп бағалаған. Жалпы, оң жақты жағымды, ал
сол жақты теріс, жағымсыз деп ұғынған. Бұл ұғымның
мұсылмандық ұстанымға қатысы бар. Құран Кәрімде
Уақиға сүресінің 27-аятында жұмақтықтар «оң жақ
иелері» деп сипатталған. Хаққа сүресінің 19-шы, 25-
ші аяттарында жұмақтық пенденің амал дәптері оң
жағынан беріліп, ал тозақтықтың амал дәптері сол
жағынан берілетіндігі айтылған.
Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) әрбір істі оң жақтан
бастағанды ұнатқан әрі үмбетіне де солай үйреткен.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ْمتَرَكَذ اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .ِهِلُّجَرَت�َو ِهِلْمعَتنَو ِهِروُهُط ِف َعاَطَتْمسا اَم َنُماَيَّتتلا ُّبُِيح َناَك
.ُّيِئاَسَّ�لاَو ٌمِلْمسُمَو
Айша анамыздың (р.а.) айтуынша Аланың Елшісі
(с.а.с.) дәрет алғанда да, аяқ киім кигенде де, шашын
тарағанда да оң жақтан бастағанды ұнататын
69
.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َناَك« :ْمتَلاَق اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ِعيَِج ِف َنُّمَيَّتتلا ُّبُِيحَو ِهِ�يِمَيِب يِطْمعُت�َو ِهِ�يِمَيِب ُذُخَأَ� َنُماَيَّتتلا ُّبُِيح َمَّلَسَو
.ُّيِئاَسَّ�لا ُهاَوَر .»ِهِروُمُأ
69 Бұхари, Мүслім, Нәсәи риуаят еткен.
Айша анамыз (р.а.) былай дейді: «Алла Елшісі
(с.а.с.) оң жақтан бастағанды жақсы көретін. Оң қолымен
беріп, оң қолымен алатын. Барлық істерінде оңшылдықты
жақсы көретін»
70
.
Әдептілік, сыпайылық
Қазақ халқында әдептілік, сыпайылық тәрбиедегі
басты ұстанымдардың бірі. Адамның қандай жағдайда
да әдептілік сақтауы ұнамды қасиет. Халқымыздағы
әдептіліктің, кішіпейілділіктің бір көрінісі үлкенді
сыйлау, құрметтеу, «сіз» деп сөйлеу, атын атамай,
есімінің соңына еке деген сыпайылықты білдіретін
жұрнақ сөз қосып айту. Мәселен, Қазбек − Қазеке,
Дәулет − Дәуке, Бауыржан − Бауке деген сияқты.
Мұндай жұрнақ басқа тілдерде кездеспейді. Мұны XX
ғасырдың бас кезінде белгілі орыс ғалымдарының бірі Л.
Баллюзек те байқап былай деп жазған: «Қазақтардың
сыпайылығы, кішіпейілділігі мен әдептілігінің бір
көрінісі жасы үлкен кісілердің есіміне еке (әке) сөзін
қосып айтуы».
Үлкен кісіге «сіз» деп сөйлеу де әдептіліктің белгісі
еді. Ежелден қалыптасқан осы әдептіліктің ептеп
жойылып бара жатқаны жанға батады.
Дәстүрімізде әйелдер де күйеулерінің атын атамай
«отағасы», «әкесі» деп сыпайы сөйлеген. Сондай-ақ,
ата-енесінің, қайын інілері мен сіңлілерінің есімдерін
атамаған. Үлкен кісілердің алдарынан кесіп өтпеген.
Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) бір сөзінде
сыпайылықтың сынын суреттейді:
70 Нәсәи риуаят еткен.
78
79
Ит жүгіртіп, құс салсаң,
Киген тоның түлкі етер.
Сыпайы сырын білдірмес,
Ақырын ғана бүлк етер.
Сонымен қатар, халқымызда шәкірттер де
ұстаздарының алдын кесіп өтпей, көрген жерде
құрмет көрсеткен. Сондай-ақ, үй иесі жоқ кезде,
отауда ер адам болмағанда басқа ер адамның үйге
түсуіне рұқсат етілмеген. Қазақ даласының мызғымас
заңы осындай болатын.
Осы айтылған қағидалардың барлығы қазақ
қоғамындағы шынайы сыпайылықтың, әдептіліктің
айғағы. «Еңкейгенге еңкей, басың жерге жеткенше,
шалқайғанға шалқай, төбең көкке жеткенше» деп
сәлеміне қарай әдебін жасаған дала халқы кішіпейілдікті
кісіліктің төресі деп санаған. Қазақтың діліне сіңісті
болған осы тақылеттес салиқалылық сипаттары нағыз
мұсылмандық ахлақтың аясына кіреді. Айғақ ретінде
талай аят пен хадисті мысалға келтіруге болар.
Солардың бірсыпырасы төмендегідей.
ْماَم« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ْمنَع اَهْمت�َع ُهَّللا َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ُهاوَر .»ُهَناَش لاِإ ٍءْميَش ْمنِم ُعَزْمت�ُت� لاَو ،ُهَناَز لاِإ ٍءْميَش ِف َقْمفِّرلا َناَك
.َدواد وُبأو مِلسُم
Айшадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар (с.а.с.)
былай деген: «Қандай істе жұмсақтық болса, ол (сол істі)
көркейте түседі, ал қай істе ол болмаса, оның дәрежесін
түсіреді»
71
.
71 Мүслім, Әбу Дәуіт риуаят еткен.
:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَق :ْمتَلاَق اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع
ْمنَمَو ِةَرِخلآاَو اَيْمتنُّدلا ِْميَخ ْمنِم ُهُّظَح َيِطْمعُأ ِقْمفِّرلا َنِم ُهُّظَح َيِطْمعُأ ْمنَم«
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ِةَرِخلآاَو اَيْمتنُّدلا ِْميَخ ْمنِم ُهُّظَح َمِرُح ِقْمفِّرلا َنِم ُهُّظَح َمِرُح
Айша анамыздан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар
(с.а.с.): «Кімде-кім жұмсақтықтан бір үлес алса, ол
дүние мен ақыреттің қайырлығына ие болады. Кімде-кім
жұмсақтықтан мақұрым қалса, ол дүние мен ақыреттің
қайырлығынан мақұрым қалады», – деген
72
.
ًاْميَخ ٍتْميَتب ِلْمهَأِب ُللها َداَرَأ اَذِإ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ُّيِقَهْمتيَتبْملاَو ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»َقْمفِّرلا ُمِهْميَلَع َلَخْمدَأ
Алланың Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Алла егерде
бір үйге қайырлылық қаласа, олардың арасына жұмсақтық
кіргізеді»
73
.
Ержүректік
Қазақ халқы ержүрек, батыр халық. Ата-бабалары
кең жазиралы салқар даланы кейінгі ұрпаққа мұра
етіп, аманат етіп қалдырды. Отан мен жер үшін, «қара
қазан, сары баланың қамы үшін» талай заманды аттың
жалында, түйенің қомында өткізді. Найзаның ұшымен,
білектің күшімен атамекенді анталаған дұшпандардан
қорғап қалды. Сол үшін Алла Тағала оларға кең
даласына лайықты кең пейіл берді, сол жерді қорғап
қалу үшін ержүректілік, батырлық қасиет берді.
72 Мүслім риуаят еткен.
73 Ахмет, Бәйһақи риуаят еткен.
80
81
Қым-қуыт замандарда туған жерін, атамекенін
қорғаудан аянбаған қазақ жұрты батырлықты,
ержүректікті ер жігіттің ең басты қасиеті деп бағалаған.
«Бағы тайған елдің батыры болмас» деген нақыл сөз
қалдырған. Ерлікті бағалап, ездікті сынаған. «Ер бір
өледі, қорқақ күнде өледі», «Ерді намыс өлтіреді, қоянды
қамыс өлтіреді» деген сықылды нақыл сөздермен жас
ұрпақты батыл болып өсуге, Отан қорғауға дайын
болуға баулыған.
Ұлтымыздағы осындай игі дәстүрлер дініміздегі игі
өсиеттермен астасып жатыр. Оған төмендегі риуаяттар
дәлел.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
.دُواَد وُبَأ ُهاَوَر .»ٌعِلاَط ٌْمبُجَو ،ٌعِلاَه ٌّحُش :ِلُجَّرلا ِف اَم ُّرَش«
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Ер адамның бойында ең нашар
қасиет: беймаза сараңдық және сужүрек қорқақтық».
74
Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне қорқақтық, сараңдық
сияқты нашар сипаттардан аулақ болуды өсиет етті.
Сондай теріс мінездерден сақтанудың дұғасын үйретті.
ِْمبُْملا َنِم َكِب ُذوُعَأ ِّنِإ َّمُهَّللا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ِلْمخُبْملاَو
Алла Елшісі (с.а.с.) бір дұғасында: «Уа, Алла!
Өзіңнің атыңмен қорқақтықтан және сараңдықтан
сақтанамын», – деген
75
.
74 Әбу Дәуіт риуаят еткен.
75 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.
Адамзаттың асылы (с.а.с.) күшті, батыл мүміннің
жігерсіз, әлжуаз мүміннен анағұрлым артық болатын-
дығын айтты. Рухани дәрменсіздікке салынудан
сақтандырды.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
ٍّلُك ِفَو ، ِفيِعَّضلا ِنِمْمؤُمْملا َنِم ِللها َلِإ ُّبَحَأَو ٌرْمتيَخ ُّيِوَقْملا ُنِمْمؤُمْملَا«
َكَباَصَأ ْمنِإَو ،ْمزِجْمعَت� َلاَو ِللهاِب ْمنِعَتْمساَو َكُعَفْمت�َت� اَم ىَلَع ْمصِرْمحِا ،ٌرْمتيَخ
اَمَو ُللها ُرَّدَق ْملُق ْمنِكَلَو ،اَذَكَو اَذَك َناَك ُتْملَعَتف ِّنَأ ْموَل :ْملُقَت� َلاَف ٌءْميَش
.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ِناَطْميَّشلا َلَمَع ُحَتْمفَت� »ْموَل« َّنِإَف ،َلَعَتف َءاَش
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.) былай деген: «Күшті мүмін Алла үшін әлсіз
мүміннен гөрі қайырлы әрі сүйікті. Алайда әрқайсысында
да қайырлылық бар. Сондықтан да өзіңе пайда әкелетін
нәрсеге тырысып, Алладан көмек сұра, әлсіздік танытпа.
Егер бір нәрсе болып қалса, «егер былай істегенімде олай
болмас еді» деп айтпа, «Алла солай мөлшерледі, қалағанын
қылды» деп айт. Расында «егер» сөзі шайтанға жол ашады»
76
.
Пайғамбар (с.а.с.) қиын-қыстау шақтарда ерліктің
ерен үлгісін көрсетті. Сахабалары кескілескен ұрыстарда
қаһармандығына куә болды, оны өздеріне пана тұтты.
،ُسْمأَبْملا َّرَْمحا اَذِإ اَّ�ُك« :َلاَق ُهَّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍبِلاَط ِبَأ ِنْمب ِّيِلَع ْمنَع
ُنوُكَ� اَمَف َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ِلوُسَرِب اَ�ْمتيَقَّت�ا ،َمْموَقْملا ُمْموَقْملا َيِقَلَو
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ُهْم�ِم ِمْموَقْملا َنِم َنْمدَأ ٌدَحَأ اَّ�ِم
76 Мүслім риуаят еткен.
82
83
Әли ибн Әбу Талиб (р.а.): «Майдан даласында ұрыс
қызған кезде, екі топ бетпе-бет кездескенде біз Алланың
Елшісін (с.а.с.) қалқалап жүретін едік. Арамызда дұшпанға
ең жақын тұрған адам сол кісі болатын», – деген
77
.
Қарапайымдылық
«Ұлық болсаң кішік бол» деп қандай лауазымда
болса да қара жұрттан бөлектенбеуге, менмендікке
бой алдырмауға насихат еткен халқымыз әрдайым
бетегеден биік жусаннан аласа орташа, қарапайым
жолды қадірлеген, қоңырқай тіршілікті қош көрген.
Ханы да, қарашасы да, байы да, кедейі де қарапайым,
жұртшылықпен емен-жарқын араласқан. Мейманды
күтіп, мұқтаждың қажетін өтеуге тырысқан.
Бажайлап қараған жан осы сипаттардың түп-
төркіні Пайғамбардың (с.а.с.) сүннетінде жатқандығын
аңғарады. Мысалы, қазақта «Жігіттіктің белгісі түзде
мырза, үйде құл» деген сөз бар. Оның мағынасы ер адам
түзде мырза болып, сыйлы, сырбаз көрінгенмен, үйіне
келгенде үй шаруасына араласып, жанұясына қолынан
келген жәрдемін аямаған. Бұл – Пайғамбардың (с.а.с.)
сүннетінен алынған кісілік сипат.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر َّنَأ اَمُهْمت�َع ُهَّللا َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمبا ِنَع
.ُّيِواَخَّسلاَو ُبيِطَْملا ُهاَوَر .»ْممُهُمِداَخ ِمْموَقْملا ُدِّيَس« :َلاَق
Ибн Аббастан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі
(с.а.с.): «Қауымның мырзасы – қызметшісі», – деген
78
.
77 Ахмет риуаят еткен.
78 Әл-Хатиб, ас-Сахауи риуаят еткен.
ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َناَك اَم :اَهْمت�َع ُللها َيِضَر َةَشِئاَع ُتْملَأَس :َلاَق َدَوْمسَلأا ِنَع
ِنْمعَت� ِهِلْمهَأ ِةَ�ْمهِم ِف ُنوُكَ� َناَك« :ْمتَلاَق ؟ِهِتْميَتب ِف ُعَ�ْمصَ� َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها
.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ِةَلاَّصلا َلِإ َجَرَخ ُةَلاَّصلا ِتَرَضَح اَذِإَف ِهِلْمهَأ ِةَمْمدِخ
Әл-Асуад деген кісі Айша анамыздан (р.а.):
«Алланың Елшісі (с.а.с.) үйінде не істеуші еді?» – деп
сұрағанда, ол: «Үйінің қызметінде болатын, намаз
уақыты келгенде дәрет алып, намазға шығатын», – деп
жауап берген
79
.
Адамзаттың асылы ешбір жанды алаламайтын.
Мұқтаждың қажетін өтеуге дайын тұратын.
ِةَ��ِدَمْملا ِلْمهَأ ْمنِم ُةَمَْملأا ْمتَناَك ْمنِإ« :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع
َّتَح اَهِدَ� ْمنِم ُهَدَ� ُعِزْم�َت� اَمَف َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ِلوُسَر ِدَيِب ُذُخْمأَتَل
.هَجاَم ُنْمبا ُهاَوَر .»اَهِتَجاَح ِف ِةَ��ِدَمْملا ْمنِم ْمتَءاَش ُثْميَح ِهِب َبَهْمذَ�
Пайғамбардың (с.а.с.) соншалықты қарапайым-
дылығы туралы Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай дейді:
«Тіпті, Мәдина жұртының бір кішкентай күңінің өзі
талабын орындату үшін Алла Елшісін (с.а.с.) қолынан
жетектеп қалаған жағына апара алатын»
80
.
ْمنِم ْممِهْميَلِإ َّبَحَأ ٌصْمخَش ْمنُكَ� ْمَل« :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ نع
َنوُمَلْمعَت� اَمِل اوُموُقَت� ْمَل ُهْموَأَر اَذِإ اوُناَكَو ،َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِللها ِلوُسَر
.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»َكِلَذِل ِهِتَيِهاَرَك ْمنِم
79 Бұхари риуаят еткен.
80 Ибн Мәже риуаят еткен.
84
85
Әнес ибн Мәлік (р.а.) былай дейді: «Олар (сахабалар)
үшін Алланың Елшісінен (с.а.с.) сүйікті адам болмаса
да, олар оны (с.а.с.) көргенде орындарынан тұрмайтын.
Өйткені оның (с.а.с.) ондай құрметті ұнатпайтындығын
білетін»
81
.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َرَمُع ْمنَع
اوُلوُقَتف ُهُدْمبَع اَنَأ اََّنِإَف ََيْمرَم َنْمب ىَسْميِع ىَراَصَّ�لا ْمتَرْمطَأ اَمَك ِنوُرْمطُ� لا«
.ُدَْمحَأَو ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ُهُلوُسَرَو ِللها ُدْمبَع
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Мені насаралардың
(христиандардың) Мариямұлы Исаны ұлықтағанындай
ұлықтамаңдар. Шынында, мен – Құдайдың құлымын.
Сондықтан да «Алланың құлы әрі Елшісі» деңдер», –
деген
82
.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع
.َدُواَد وُبَأَو ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .ْممِهْميَلَع َمَّلَسَف َنوُبَعْملَت� ٍناَمْملِغ ىَلَع َّرَم َمَّلَسَو
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта Алла
Елшісі (с.а.с.) ойнап жатқан балалардың қасынан өтіп
бара жатып оларға сәлем берген
83
.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا َّنَأ ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍدوُعْمسَم ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع
:ٌلُجَر َلاَق ،ٍْمبِك ْمنِم ٍةَّرَذ ُلاَقْمت�ِم ِهِبْملَتق ِف َناَك ْمنَم َةَّ�َْملا ُلُخْمدَ� َلا« :َلاَق
81 Ахмет, Термези риуаят еткен.
82 Бұхари, Ахмет риуаят еткен.
83 Мүслім, Әбу Дәуіт риуаят еткен.
َهَّللا َّنِإ :َلاَق ،ًةَ�َسَح ُهُلْمعَتنَو ،اً�َسَح ُهُبْموَتث َنوُكَ� ْمنَأ ُّبُِيح َلُجَّرلا َّنِإ
،ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ِساَّ�لا ُطْممَغَو ،ِّقَْملا ُرَطَب ُرْمتبِكْملا ،َلاَمَْملا ُّبُِيح ٌليَِج
.ُدَْمحَأَو ،هَجاَم ُنْمباَو ،َدُواَد وُبَأَو ،ُّيِذِمْمرِّتتلاَو
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Жүрегінде зәренің мысқалындай
тәкаппарлық бар адам жәннатқа кірмейді», – дейді.
Бір адам тұрып: «Кей кісі киімінің жақсы болғанын,
аяқкиімінің жақсы болғанын қалайды ғой», – дейді.
Сонда Пайғамбар (с.а.с.): «Шындығында, Алла көркем әрі
көркемдікті жақсы көреді. Ал тәкаппарлық – ақиқатты
мойындамау, адамдарды менсінбеу», – деп жауап береді
84
.
Еңбек етсең емерсің
Өз нәсібін арам жолмен емес, адал кәсіп арқылы
табу күллі адамзатқа жағатын асыл қасиеттердің бірі.
Қазақ халқында да еңбек етуге шақыратын, адал кәсіп
етуге үндейтін сөздер жеткілікті. Кәсібінің басым бөлігі
мал шаруашылығы болып табылатын дала халқында
еңбек етпеген жан ескерусіз қалатын. Сондықтан
қажырлылық, адал кәсіппен мал табу ер жігітке
қойылатын басты талаптардың бірі саналатын. Тілімізде
тірі жанды тырбанып тіршілік етуге үндейтін мынадай
мақал-мәтелдер бар. «Адал еңбекпен мал іздемек арлы
адамның ісі». «Бейнет, бейнет түбі – зейнет». «Еңбек
етсең – емерсің». «Маңдайы терлемегеннің қазаны
қайнамайды».
84 Мүслім, Термези, Әбу Дәуіт, Ибн Мәже, Ахмет риуаят еткен.
86
87
Берекесі кеткен ауылдың
Айтқаны өсек болар,
Аңдығаны төсек болар.
Берекесі кірген ауылдың
Айналдырғаны шаруа болар,
Еккені тары, жегені жарма болар.
Осы айтылғанның барлығы асыл дініміздің
мұраттарымен сай келеді. Ислам адамзатты алдымен
Құдайға иман келтіруге, сосын сол иманның аясында
ізгі жұмыс істеуге шақырады. Адал еңбекпен несібесін
айыру пайғамбарлардың дағдысы. Әрбір пайғамбар
өз еңбегімен табыс тауып, күнелткен. Иманды жанды
адал еңбек етуге үндейтін төмендегідей хадистер бар.
: َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»َحَصَن اَذِإ ِلِماَعْملا ِدَ� ُبْمسَك ِبْمسَكْملا ُرْمتيَخ«
Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Алланың
Елшісі (с.а.с.): «Кәсіптің ең қайырлысы ықыласты
жұмысшының қол еңбегі», – деген
85
.
ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َبَرْمكَ� ِدْمعَم ِنْمب ِداَدْمقِمْملا ِنَع
َلُكْمأَ� ْمنَأ ْمنِم اًرْمتيَخ ُّطَق اًماَعَط ٌدَحَأ َلَكَأ اَم«:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص
ِلَمَع ْمنِم ُلُكْمأَ� َناَك ُمَلاَّسلا ِهْميَلَع َدُواَد ِللها َِّبيَن َّنِإَو ِهْم�َدَ� ِلَمَع ْمنِم
.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِهْم�َدَ�
Миқдад ибн Мағдыякрабтан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Ешбір адам өз қол еңбегімен тапқан
тағамынан қайырлы тамақ жемеген. Расында, Алланың
85 Ахмет риуаят еткен.
пайғамбары Дәуіт (а.с.) те қол еңбегімен тамақ тауып
жеген», – дейді
86
.
ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍدوُعْمسَم ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع
.ُّيِقَهْمتيَتبْملا ُهاَوَر .»ِةَض�ِرَفْملا َدْمعَتب ٌةَض�ِرَف ِلَلاَْملا ِبْمسَك ُبَلَط« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع
Абдулла ибн Масғұдтан (р.а.) жеткен риуаятта
Алланың Елшісі (с.а.с.): «Адал жолмен кәсіп іздену
парыздан кейінгі парыз», – деген
87
.
ِبْمسَكْملا ُّيَأ ِللها َلوُسَر اَ� :َليِق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍج�ِدَخ ِنْمب ِعِفاَر ْمنَع
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ٌروُرْمتبَم ٍعْميَتب ُّلُكَو ِهِدَيِب ِلُجَّرلا ُلَمَع« :َلاَق ؟ُبَيْمطَأ
Рафиғ ибн Хадижден (р.а.) жеткен хабарда бірде
адамдар Алланың Елшісінен (с.а.с.) кәсіптің ең жақсысы
туралы сұрайды. Сонда ол (с.а.с.): «Ол – кісінің өз
қолымен жұмыс жасауы және барлық ізгі сауда», – деп
жауап береді
88
.
َعَم ُينِمَلأا ُقوُدَّصلا ُرِجاَّتلا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق
.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِءاَدَهُّشلاَو َينِق�ِّدِّصلاَو َِينِّيِبَّ�لا
Бір риуаятта Алланың Елшісі (с.а.с.): «Шыншыл,
аманатқа қиянат жасамайтын саудагер (жұмақта)
пайғамбарлармен, шыншылдармен, шәһидтермен бірге
болады», – деген
89
.
86 Бұхари риуаят еткен.
87 Бәйһақи риуаят еткен.
88 Ахмет риуаят еткен.
89 Термези риуаят еткен.
88
89
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِماَّوَعْملا ِنْمب ِْميَتبُّزلا ْمنَع
اَهَعيِبَيَتف ِهِرْمهَظ ىَلَع ِبَطَْملا ِةَمْمزُِب َ ِتْمأَيَتف ُهَلْمتبَح ْممُكُدَحَأ َذُخْمأَ� ْمنََلأ« :َلاَق
.»ُهوُعَت�َم ْموَأ ُهْموَطْمعَأ َساَّ�لا َلَأْمسَ� ْمنَأ ْمنِم ُهَل ٌرْمتيَخ ُهَهْمجَو اَِب ُهَّللا َّفُكَيَتف
.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر
Зубәйр ибн Аууамнан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Сендердің біреулерің бір жіп алып,
даладан бір құшақ отын арқалап әкеліп, сол арқылы
Алланың қалауымен күнелткені адамдардан қайыр
сұрағанынан қайырлы», – деген
90
.
ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍيِشَب ِنْمب ِناَمْمعُّت�لا ِنَع
ْمَل ْمنَمَو ،َيِ�َكْملا ْمرُكْمشَ� ْمَل َليِلَقْملا ْمرُكْمشَ� ْمَل ْمنَم« :َِبْم�ِمْملا ىَلَع َمَّلَسَو
،ٌرْمفُك اَهُكْمرَت�َو ،ٌرْمكُش ِهَّللا ِةَمْمعِ�ِب ُثُّدَحَّتلا ،َهَّللا ْمرُكْمشَ� ْمَل َساَّ�لا ْمرُكْمشَ�
.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ٌباَذَع ُةَقْمرُفْملاَو ،ٌةَْمحَر ُةَعاَمَْملاَو
Нұғыман ибн Бәширден (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.) мінберге шығып былай деген: «Азға
шүкіршілік етпеген көпке шүкіршілік етпейді. Адамдарға
алғыс айтпаған Аллаға да алғыс айта алмайды. Алланың
нығметі туралы сөйлеу – шүкіршілдік. Ал оны тастау –
күпірлік. Көпшілік – рахымдық, одан бөліну – азап»
91
.
90 Бұхари риуаят еткен.
91 Ахмет риуаят еткен.
ِهَّللا ِلوُسَر ُباَحْمصَأ ىَأَرَتف ،ٌلُجَر َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ىَلَع َّرَم
ْموَل ،ِهَّللا َلوُسَر اَ� :اوُلاَقَتف ،ِهِطاَشَنَو ِهِدَلَج ْمنِم َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص
ْمنِإ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَقَتف ؟ِهَّللا ِليِبَس ِف اَذَه َناَك
َجَرَخ َناَك ْمنِإَو ،ِهَّللا ِليِبَس ِف َوُهَتف اًراَغِص ِهِدَلَو ىَلَع ىَعْمسَ� َجَرَخ َناَك
ىَعْمسَ� َناَك ْمنِإَو ،ِهَّللا ِليِبَس ِف َوُهَتف ِنْم�َيِبَك ِْمينَخْميَش ِنْم�َوَتبَأ ىَلَع ىَعْمسَ�
ًةَرَخاَفُمَو ًءاَ�ِر َجَرَخ َناَك ْمنِإَو ،ِهَّللا ِليِبَس ِف َوُهَتف اَهُّفِعُ� ِهِسْمفَتن ىَلَع
.ُّ ِناَرَتبَّطلا ُهاَوَر .»ِناَطْميَّشلا ِليِبَس ِف َوُهَتف
Бірде Пайғамбардың (с.а.с.) қасынан бір кісі өтеді.
Ол адамның қайраты мен жігерін байқаған Алла
Елшісінің (с.а.с.) сахабалары: «Уа, Расулалла! Мына
адам Алланың жолында ма?» − деп сұрайды. Сонда
Алла Елшісі (с.а.с.): «Егер жас балаларына нәпақа табу
үшін жолға шықса, ол Алла жолында. Егер жасы ұлғайған
қарт ата-анасының қамы үшін шықса, ол Алла жолында.
Егер өз басын (тіленшіліктен, кедейшіліктен) сақтау
үшін шықса, ол Алла жолында. Ал егер адамдарға көрсету
үшін, риякерлік, мақтаншылық мақсатында шықса, ол
шайтанның жолында», − деп жауап береді
92
.
Ерте тұру – құт-береке нышаны
Халқымызда күнделікті тіршілікте азанмен
ертерек тұрып бастау ежелден қалыптасқан үрдіс.
Сонымен қатар, ғұмыр барда ізгі істерді атқаруға асығу
92 Табарани риуаят еткен.
90
91
дегдарлардың дағдысы. Қазақ нақылында «Ерте тұрған
еркектің ырысы артық, ерте тұрған әйелдің бір ісі
артық» делінеді. Бұл мәтелдің мәні төмендегі хадистен
алынғандай.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ْمنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِدِماَغْملا ٍرْمخَص ْمنَع
.دُواَد وُبَأ ُهاَوَر .»اَهِروُكُب ِف ِتَّمُلأ ْمكِراَب َّمُهَّللا« :َلاَق
Сахр әл-Ғамиди (р.а.) жеткізген риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Уа, Алла! Үмбетімнің ерте тұрғанына
береке бер!» – деп дұға қылған
93
.
«Игіліктің ерте-кеші жоқ» дегенмен, «өлімнен
басқаның бәрінің ерте болғаны жақсы» деген нақыл
сөз де бар. Мұның мәні жақсылықтың тезірек
болғаны қайырлы дегенді білдіреді. Қазақ халқында
сақталған мұндай нақыл сөздердің түп-төркіні аят-
хадистер мен мұсылман ғұламалары мен тақуалардың
насихаттарында жатыр. Мысалы, атақты тақуа Хатим
әл-Асамму былай деген екен: «Асыққан – шайтанның
ісі. Тек бес жағдайда асығу: келген қонаққа ас беруге,
балиғатқа толған қыз баланы ұзатуға, қарызды
қайтаруға, мәйітті аттандыруға, істелінген күнәға тәубе
жасауға асығу – Пайғамбардың (с.а.с.) сүннеті».
Жақсылыққа ұмтылу
Қазақ халқының табиғаты жақсы іске, қайырлыққа
құштар. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын,
жаманның жамандығын айт, құты қашсын» деп игі
жақсының ізгіліктерін насихаттап, басқаларға өнеге
етеді. Өмірден өткен жандардың да жақсылықтарын
93 Әбу Дәуіт риуаят еткен.
еске алады. Сондықтан да «жақсының аты өлмейді,
ғалымның хаты өлмейді» деген нақыл кең тараған.
Жалған өмірде қолдан келгенше жақсы іс жасауға
тырысу – әрбір мұсылманның міндеті. Ал жамандыққа
қарсы жақсылық істеу кез келген жанның қолынан келе
бермейтін текті қасиет. Қазақта мынадай сөз бар:
Жақсылыққа жақсылық әр кісінің ісі дүр,
Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі дүр.
Осы сөздердің негізін біз Құран Кәрімнен табамыз.
Жаратқан Ие пендесін теріс пиғылдағы кісімен де
тіл табысып, оның оң жолға түсуіне себепкер болуға
шақырады.
َيِه يِ�َّلاِ� ْعَفْدا ُةَئِّيَّسلا لاَو ُةَنَسَحْلا يِوَ�ْسَ� لاَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
اَهاَّقَلُب� اَمَو * ٌميِمَح ٌّيِلَو ُهَّ�َأَك ٌةَواَدَع ُهَنْبيَب�َو َكَنْبيَب� يِذَّلا اَذِإَف ُنَسْحَأ
﴾ٍميِظَع ٍّظَح وُذ لاِإ اَهاَّقَلُب� اَمَو اوُرَب�َص َن�ِذَّلا لاِإ
Алла Тағала былай дейді: «Жақсылық пен
жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем іспен
қайтар. Сонда араларыңда дұшпандық болған
біреу ең жақын достай болар. Әрі бұл (игі қасиет)
тек сабыр еткендерге ғана беріледі және бұл тек
зор несібеге ие болғандарға ғана беріледі»
94
.
Қоғамға қандай да бір пайда тигізу нағыз
мұсылмандық қасиет. Адамдардың ең жақсысы да сол.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَّ�ِراَس ِنْمب ٍضاَبْمرِع ْمنَع
.ُّ ِناَرَتبَّطلاَو ُّيِقَهْمتيَتبْملا ُهاَوَر .»ِساَّ�لِل ْممُهُعَفْمتنَأ ِساَّ�لا ُرْمتيَخ« :َلاَق
94 Фуссилат сүресі, 34, 35-аяттар.
92
93
Ирбад ибн Сариядан (р.а.) жеткен риуаятта
Пайғамбар (с.а.с.): «Адамдардың ең қайырлысы – адамдарға
көбірек пайда әкелгені», – деп жауап берген
95
.
Тәуекел түбі жел қайық
Қысылтаяң шақтарда Жаратқанға жалбарынып,
тәуекел ету нағыз мұсылмандықтың белгісі. «Ер
жолдасы – тәуекел» деп Тәңірге шынайы тәуекел етуді
тіршіліктің басты негізі етіп алған ата-бабаларымыз
хақиқи иманның үлгісін көрсетті. Тіршілікте Алла
Тағаланың қолдауына үміт артып, «нар тәуекел» деп
білекті сыбана әрекет ету қазаққа тән қажырлылық
қасиеті. Содан болар ел аузында мынадай ұлағатты
сөздер кең тараған. «Уайым түбі − тұңғиық, батасың да
кетесің, тәуекел түбі − жел қайық, мінесің де өтесің».
«Тәуекелсіз іс бітпейді, тәуекел етпеген арықтан
өтпейді». «Ер жолдасы – тәуекел». «Тәуекелшіл тау
жығар».
Мұндай шынайы имани ұстаным діннен алынған
тағылымның нәтижесінде пайда болған. Ардақты
аяттар мен хадистер осыны айғақтайды.
ُّبِحُ� َهَّللا َّنِإ ِهَّللا ىَلَع ْلَّكَوَب�َبف َتْمَزَع اَذِإَف﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق
﴾َنيِلِّكَوَب�ُمْلا
Алла Тағала: «Егер бекінсең, Аллаға тәуекел ет.
Ақиқатында, Алла (Өзіне) тәуекел еткендерді жақсы
көреді», – дейді
96
.
َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْمعَِس :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َرَمُع ْمنَع
95 Бәйһақи мен Табарани риуаят еткен.
96 Әли Имран сүресі, 159-аят.
:َرْمتيَّطلا ُقُزْمرَت� اَمَك ْممُكَقَزَرَل ِهِلُّكَوَت� َّقَح ِللها ىَلَع ْممُتْملَّكَوَت� ْممُكَّنَأ ْموَل« ُلوُقَت�
.هَجاَم ُنْمبا ُهاَوَر .»اًناَطِب ُحوُرَت�َو ،اًصاَِخ وُدْمغَت�
Омар (р.а.) Алланың Елшісінің (с.а.с.): «Егер сендер
Аллаға нық тәуекел етсеңдер, онда Ол сендерге таңертең
қарындары қабысып шығып, кешке қампайып қайтатын
құстарды ризықтандырғанындай ризық берер еді», –
дегенін естігендігін айтады
97
.
Тәңірге тәуекел етумен бірге лайықты әрекет ету
де қатар жүреді. Әйтпесе, «алма піс, ауызға түс» деп
босқа үміттеніп жата берудің еш жөні жоқ.
،ِهَّللا َلوُسَر اَ� :ٌلُجَر َلاَق :َلاَق ُهَّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ٍسَنَأ ْمنَع
ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َلاَقَتف ،ِهِتَقاَ�ِل - ؟ُلَّكَوَت�َأَو اَهُقِلْمطُأ ْموَأ ،ُلَّكَوَت�َأَو اَهُلِقْمعَأ
.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ْملَّكَوَت�َو اَهْملِقْمعِا« :َمَّلَسَو
Әнес ибн Мәліктен (р.а.) жеткен риуаятта бір кісі
Пайғамбардан (с.а.с.): «Уа, Расулалла! Түйемді байлап,
сосын Аллаға тәуекел етейін бе, жоқ әлде бос жібере
салып, тәуекел етейін бе?» – деп сұрайды. Сонда
Пайғамбар (с.а.с.): «Алдымен байлап қой, сосын тәуекел
ет», – деген екен
98
.
97 Ибн Мәже риуаят еткен.
98 Термези риуаят еткен.
94
95
Достарыңызбен бөлісу: |