Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан Малғажұлының


﴾اوُ�َّرَفَب� لاَو اًعيِمَج ِهَّللا ِلْ�َحِ� اوُمِصَ�ْعاَو ﴿



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6785
1   2   3   4   5   6

﴾اوُ�َّرَفَب� لاَو اًعيِمَج ِهَّللا ِلْ�َحِ� اوُمِصَ�ْعاَو ﴿ :لاع� للها لاق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Алланың  жібінен 



(дінінен) бекем ұстаныңдар да, бөлінбеңдер!»

117


 ِمْثلإا ىَلَع اوُ�َواَعَب� لاَو ىَوْقَّب�لاَو ِّرِ�ْلا ىَلَع اوُ�َواَعَب�َو﴿ :لاع� للها لاق

﴾ِناَوْدُعْلاَو

Алла  Тағала  былай  дейді:  «...Әрі  ізгілік  пен 



тақуалық  жолында  ынтымақтасыңдар,  күнә  мен 

дұшпандық жолында сыбайласпаңдар!»

118


 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ىَسوُم  ِبَأ ْمنَع

117 Әли Имран сүресі, 103-аят.

118 Мәида сүресі, 2-аят.

 .ُهَعِباَصَأ َكَبَشَو ،»اًضْمعَتب ُهُضْمعَتب ُّدُشَ� ِناَيْمت�ُتبْملاَك ِنِمْمؤُمْملِل َنِمْمؤُمْملا َّنِإ«

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر

Әбу  Мұсадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 

(с.а.с.): «Расында, мүмін мүмін үшін (біртұтас) құрылыс 

сияқты,  бірін-бірі  бекітіп  тұрады»,  –  деп,  саусақтарын 

айқастырған

119

.

 ،ْممُهُعَفْمتنَأ ِللها  َلِإ ِساَّ�لا ُّبَحَأ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق



 ُفِشْمكَ� ْموَأ ،ٍمِلْمسُم ىَلَع ُهُلِخْمدُ� ٌروُرُس َّلَجَو َّزَع ِللها  َلِإ  ِلاَمْمعَلأا ُّبَحَأَو

 َعَم َيِشْممَأ ْمنَِلأَو ًاعوُج ُهْم�َع ُدُرْمطَ� ْموَأ ،ًا�ْم�َد ُهْم�َع يِضْمقَت� ْموَأ ،ًةبْمرُك ُهْم�َع

 ،ًارْمهَش ِدِجْمسَمْملا  ِف َفِكَتْمعَأ ْمنَأ ْمنِم ََّلِإ ُّبَحَأ ٍةَجاَح  ِف ِمِلْمسُمْملا يِخَأ

  ِف ِمِلْمسُمْملا ِهيِخَأ َعَم يَشَم ْمنَمَو ،ُهُ�َرْموَع ُللها َرَتتَس ،ُهَبَضَغ َّفَك ْمنَمَو

 َّنِإَو ،ُماَدْمقَلأا ُّلِزَ� َمْموَت� ُهَمَدَق  َلاَعَت� ُللها َتَبْمتثَأ ،ُهَل اَهَتتِبْم�ُت�  َّتَح ِهِتَجاَح

 ُّ ِناَرَتبَّطلا ُهاَوَر .»َلَسَعْملا ُّلِْملا ُدِسْمفُت� اَمَك ،َلَمَعْملا ُدِسْمفُتيَل ِقُلُْملا َءوُس

.اَيْمتنُّدلا  ِبَأ ُنْمباَو

Алланың  Елшісі  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Алла  үшін 



адамдардың  ең  сүйіктісі  адамдарға  пайдалы  болғаны. 

Даңқты һәм Ұлы Алла үшін іс-амалдардың ең сүйіктісі бір 

мұсылманды қуанышқа бөлеуің, не оның бір қайғы-мұңын 

сейілтуің,  не  оның  бір  қарызын  өтеп  беруің,  не  оның 

бір  аштығын  кетіріп,  тамақтандыруың.  Мен  үшін  бір 

119 Бұхари риуаят еткен.



110

111


мұсылман бауырымның қажетімен жүруім мешітте бір ай 

бойы иғтикафта (құлшылықта) болғаннан артық. Кімде-

кім  ашу-ызасын  басса,  Алла  оның  кемшілігін  жасырады. 

Кімде-кім  мұсылман  бауырының  қажетінде  қашан  оны 

өтегенше жүрсе, Алла Тағала қадамдар таятын күні оның 

қадамын нықтайды. Расында жаман мінез жасалған қайыр 

амалдарды сірке суының балды бұзғанындай бұзады»

120



Алғыс айту

Қазақ  халқы  қайырымдылықтың  қадіріне  жете 

білген  халық.  Жақсылық  жасаған  жанға  лайықты 

алғысын  айта  білген  жұрт.  Алғыс  айтудың  бірнеше 

формалары  бар.  Қазірде  кең  тарағаны  «рахмет»  деп 

айту.  Бұл  сөздің  түп-төркіні  «сізге  Алланың  рахымы 

жаусын!» деген тіркес. Уақыт өте келе қысқаша нұсқасы 

қалыптасқан.  Ұлтымыздың  бұрынғы  мұраларына 

зер  салсақ,  көпшілік  арасында  қайыр  қылған  жанға 

«Құдай жарылқасын», «Алла алдыңнан жарылқасын», 

«Жолыңды  ашсын»,  «Жағың  қисамай  жамандық 

көрме»  деген  сияқты  игі  тілектерді  жаудыратынын 

көреміз.  Сондай-ақ,  алғыс  алған  адамның  жаман 

болмайтындығын  білдіретін  мынадай  мақал-мәтелдер 

де бар. «Алғыс алған арымас, қарғыс алған жарымас». 

«Алғыс  алған  жігіттің аты  бәйгеден  келеді».  «Баталы 

құл арымас, батасыз құл жарымас». «Баталы құлға бақ 

қонар».

Зер  салып  қарасақ,  осынау  салихалы  сипаттың 



негізі  асыл  дінімізде  жатқандығын  аңғарамыз. 

Хадистерде бір-біріне алғыс білдіру шынайы мұсылман 

белгісі екендігі баяндалады.

120 Табарани, Ибн Әбу Дүния риуаят еткен.

  َلا« :َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 .ُّيِذِمْمرِّتتلاَو ،دُواَد وُبَأَو ،ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»َساَّ�لا ُرُكْمشَ�  َلا ْمنَم َهََّللا ُرُكْمشَ�

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар 

(с.а.с.): «Адамдарға алғыс білдірмейтін адам Аллаға шүкір 



етіп жарытпайды», – деген

121


.

Алғыс  айтудың  түрлі  формалары  бар.  Қазақта 

«Құдайдан  қайтсын»,  «Құдай  жарылқасын»  деген 

сияқты алғыс түрлері бар. Пайғамбар (с.а.с.) үмбетіне 

алғысты солай айтуға бұйырған.

 ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر ٍدْم�َز ِنْمب َةَماَسُأ ْمنَع

 اًرْمتيَخ ُهَّللا َكاَزَج :ِهِلِعاَفِل َلاَقَتف ٌفوُرْمعَم ِهْميَلِإ َعِ�ُص ْمنَم« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ُّيِئاَسَّ�لاَو ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِءاَ�َّت�لا  ِف َغَلْمتبَأ ْمدَقَتف

Усәма  ибн  Зейдтен  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі  (с.а.с.):  «Кімге  бір  жақсылық  жасалып,  жақсылық 



жасаған  жанға:  «Алла  қайырлы  сауап  берсін!»  деп  айтса, 

алғыс, мақтауын жеткізген болып саналады», − деген

122


.

Тарту − татулық белгісі

Алаш  жұртында  «Орамал  тон  болмайды  жол 

болады»  деген  мәтел  бар.  Мағынасы  азды-көпті  сый 

тарту  арқылы  бір-бірінің  көңілін  аулау,  адамдар 

арасындағы татулық қарым-қатынасты бекіту. Қазақта 

сыйдың  түрі  көп.  Қонақ  кәде,  нағашының  жиенге 

121 Ахмет, Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.

122 Термези, Нәсәи риуаят еткен.



112

113


беретін тартуы сияқты толып жатқан кәде-сыйлар бар. 

Бұл игі дәстүр ықылым заманнан ұласып келе жатқан 

түркі  халықтарына  тән  ұлттық  құндылық.  Сонымен 

қатар,  мұсылманшылық  негізі  де  бар.  Пайғамбар 

(с.а.с.) үмбетіне бір-бірімен тонның ішкі бауындай тату 

болуды,  бір-бірін  туыс-бауырдай  көруді  өсиет  еткен. 

Ондай  бауырмалдыққа  жетудің  жолы  өзара  тарту-

таралғы  беру,  жақсы  қарым-қатынастарды  нығайту 

жолында дүние сарп ету екендігін баса айтқан.

Енді  қазақ  халқында  қалыптасқан  сол  тарту-

таралғы, сый-сияпаттың бірнеше түріне тоқталайық.

Алыс сапардан немесе  базардан,  жәрмеңкеден 

қайтып  оралған  адам  өзінің  жақын  туыстары  мен 

көршілері  үшін  әр  түрлі  сыйлықтар  әкелетін.  Оны 



базарлық деп атайды. Ауыл ақсақалдары тамақ үстінде 

үлкен  табақтан  жасы  кішілерге  ағалардан  тәбәрік 

ретінде асату жасайтын.  Тойдан  не  соғым  етінен 

кешігіп қалған жақын туысқа арнайы сыбағасын алып 

қалып,  келген  кезде  алдына  тартатын.  Қандай  да  бір 

жаңа  киімге,  бағалы  дүниеге,  көлікке  қол  жеткізген 

адамға 

жақын-туыстары, 



дос-жарандары байғазы 

беретін.


Әйелдер үйде қалған балалары мен жақындарына  

мереке-тойларда   болған  жерлерінен   сарқыт   ала 

келетін.  Мұның  өзі  болып  өткен  мереке-тойлардан 

үйде қалғандардың дәм татып, сол арқылы игі шараға 

қатыстылықты сезінуге тәрбиелейді. 

Көптен көрмеген жақын-жұрағат, құда-жекжатқа 

бағалы заттардан, қазы-қарта, сүр еттен сәлемдеме беріп 

жіберу әдет-ғұрпы да болған.

Дүниеге келген  ұл балаға  әкесі,  ағалары,  не 

нағашысы  құлын-тай,  не  бота  атайтын.  Бұл  тартуды 



бәсіре деп айдарлаған. Ат жалын тартып мінетін жасқа 

жеткенде сол бала бәсіресіне мініп шығатын. 

Қазақ  халқында  бір-біріне  қуанышты  хабар 

жеткізгенде  сүйінші  сұрайтын  әдет-ғұрпы  да  бар. 

Жақсы  хабарды  жеткізген  жанға  арнайы  сыйлық 

берілетін.

Жұртымызда  бұдан  да  басқа  сый-сияпат  түрлері 

көп.  Мұндай  игі  жоралғылар  ағайын  арасындағы 

ауызбірлікті, туыстық-бауырмалдық қарым-қатынасты 

нығайтады. Әрі бұл Пайғамбардың (с.а.с.) өсиетіне дөп 

келетін дәстүрлер болып саналады.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ْماوُّباََت ْماوُداَهَت�«

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғам-

бар  (с.а.с.)  үмбетіне:  «Бір-біріңе  сый  беріңдер,  сүйіспен-

шіліктерің  артады»,  –  деп  өсиет  еткен

123


.  Араб  тілінде 

сый-сияпат «һәдия» деп аталады.

Жаратқан  Иенің  Өзі  қандай  да  бір  жақсылық 

жасаған пендеге жақсы сауап болатындығын уәде еткен. 

Ал игіліктің қарымтасы жұмақ болады.

﴾ُناَسْحِْلأا  َّلاِإ ِناَسْحِْلأا ُءاَزَج ْلَه﴿ :لاع� للها لاق

Алла Тағала былай дейді: «Ізгіліктің тартуы тек 



ізгілік емес пе?»

124


Өзіне  бір  сый  жасалған  мұсылман  оған  қарымта 

сый  қайтаруға  тырысады.  Олай  ете  алмаған  жағдайда 

сый берген кісіге жақсы тілек айтады.

123 Бұхари риуаят еткен.

124 Рахман сүресі, 60-аят.


114

115


 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر َرَمُع ِنْمب ِللها ِدبَع ْمنَع

 ُهَنوُئِفاَكُ� اَم ْماوُدَِت ْمَل ْمنِاَف ،ُهوُئِفاَكَف اًفوُرْمعَم ْممُكْميَلا َعَ�َص ْمنَم« :َلاَق

.دُواَد وُبَأ ُهاَوَر .»ُهوُُتْمأَفاَك ْمدَق ْممُكَّنَأ اْموَرَت�  َّتَح ُهَل ْماوُعْمداَف

Абдулла  ибн  Омардан  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Пайғамбар (с.а.с.): «Өздерің бір игілік жасаған жанға пара-

пар игілік етіңдер. Ал егер қарымта игілік ете алмасаңдар, 

онда  қашан  игілігін  қайтардым  деп  ойлағандарыңша  сол 

кісі үшін жақсы тілек тілеңдер»

125

.

Бауырмалдық

Қазақты  басқа  халықтан  ерекшелеп  тұратын  игі 

қасиеті – бауырмалдығы. Жеті атаға дейін бір-бірін туыс 

көретін халқымыз жақынға да, жатқа да жанашырлық 

танытады.  Қаріп-қасер,  мүсәпір  жолаушыға  көмек 

қолын  созады.  Қиын  жағдайда  қалған  жандарға 

жәрдем  етуді  адамдық  борыш  деп  санайды.  Осындай 

мол  пейіліне  қарай  Жаратқан  Ие  де  қазақ  жұртын 

жарылқауынан  кенде  етпеген.  Оның  бір  дәлелі 

мынадай  мақал-мәтелдері  десе  болады.  «Жатырқау 

жаттың ісі,  жақындау  Хақтың  ісі».  «Жақсы адамда 

жаттық жоқ, жақсы жарда қарттық жоқ». «Жақсы адам 

жатырқамайды».

Халқымызда  қалыптасқан  бауырмалдық,  жана-

шырлықтың  негізі  қасиетті  аяттар  мен  хадистерде 

жатыр десек қателеспейміз.



 ﴾ٌةَوْخِإ َنوُنِمْؤُمْلا اَمَّ�ِإ﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

125 Әбу Дәуіт риуаят еткен.

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Шындығында, 

мүміндер – бауырлар»

126


.

 ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِرْمدُْملا ٍديِعَس  ِبَأ ْمنَع

 ًافاَ�ْمكَأ َنوُئِطوُمْملا ،ًاقُلُخ ْممُهُت�َسْمحَأ ًاناَيمِإ َينِ�ِمْمؤُمْملا ُلَمْمكَأ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ُّ ِناَرَتبَّطلا ُهاَوَر .»َنوُفَلْمؤُت�َو َنوُفَلْمأَ� َن�ِذَّلا

Әбу  Сағид  әл-Худриден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Мүміндердің ішіндегі 



иманы толығы – ең жақсы мінез-құлықты, кішіпейіл, тез 

достасқыш тартымдылары»

127

 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع



 ُهاَوَر .»ُفَلْمؤُت� لاَو ُفَلْمأَ� َلا ْمنَميِف َرْمتيَخ لاَو ،ٌفَلْمأَم ُنِمْمؤُمْملَا« :َلاَق

.ُّيِقَهْمتيَتبْملاَو ُدَْمحَأ

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Мүмін адам достасқыш. Достаспайтын, 



тіл табыспайтын жаннан қайыр жоқ», − деген

128


 ِهْميَلَع ُللها ىّلَص ُّبيَّ�لا َلاَق اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر َرَمُع ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع

  ِف َناَك ْمنَمَو ،ُهُمِلْمسُ�  َلاَو ُهُمِلْمظَ�  َلا ِمِلْمسُمْملا وُخَأ ُمِلْمسُمْملَا« :مَّلَسو

 ُللها َجَّرَتف ًةَبْمرُك ٍمِلْمسُم ْمنَع َجَّرَتف ْمنَمَو ،ِهِتَجاَح  ِف ُللها َناَك ِهيِخَأ ِةَجاَح

126 Хужурат сүресі, 10-аят.

127 Табарани риуаят еткен.

128 Ахмет, Бәйһақи риуаят еткен.


116

117


 َمْموَت� ُللها ُهَرَتتَس ًامِلْمسُم َرَتتَس ْمنَمَو ،ِةَماَيِقْملا ِمْموَت�  ِتاَبَرَك ْمنِم ًةَبْمرُك ُهْم�َع

.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِةَماَيِقْملا

Абдулла  ибн  Омардан  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Пайғамбар  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Мұсылман  – 



мұсылманның  бауыры,  оған  зұлымдық  та  қылмайды, 

оны  құрдымға  да  тастамайды.  Кімде-кім  бауырының 

қажеті үшін жүрсе, Алла оның қажетінде болады. Кімде-

кім  мұсылманның  бір  қайғысын  сейілтсе,  Қиямет  күні 

Алла  оның  қайғы-қасіреттерінің  бірін  сейілтеді.  Кімде-

кім  мұсылманның  айыбын  жасырса,  Алла  оның  айыбын 

жасырады»

129

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع



 ُعاَبِّت�اَو ،َض�ِرَمْملا ُةَداَيِعَو ،ِملاَّسلا ُّدَر :ٌسْمَخ ِمِلْمسُمْملا ىَلَع ِِمِلْمسُمْملا ُّقَح«

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»ِسِطاَعْملا ُتيِمْمشَ�َو ،ِةَوْمعَّدلا ُةَباَجِإَو ،ِزِئاَ�َْملا

Алла Елшісі (с.а.с.) Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен 

риуаятта  былай  дейді:  «Мұсылманның  мұсылмандағы 



хағы бесеу: сәлеміне сәлем қайтару, ауру болса халін сұрап 

бару, қайтыс болса жаназасына қатысу, қонаққа шақырса 

бару, түшкірсе «Алла рахым етсін» деп айту»

130


.

129 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

130 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

Туыстық байланыс

Қазақ  халқы  туыстық  байланысты  ерекше 

бағалайтын  ел.  Тіпті,  туыстық  қарым-қатынасты  дәл 

қазақтай сақтайтын ел әлемде кемде-кем. Халқымыздың 

болмысын басқалардан ерекшелейтін бірден-бір қасиеті 

осы туыстық байланыс деуге де болады. «Ағайын тату 

болса  ат  көп,  абысын  тату  болса  ас  көп»  деп  ағайын 

арасындағы  татулықтың  сақталуын  қоғам  бірлігінің 

басты алғышарты деп қараған.

«Ата-ананың  қадірін  балалы  болғанда  білерсің, 

ағайынның  қадірін  жалалы  болғанда  білерсің»  деп 

туыстық қатынастың басқа іс түскенде танылатындығын 

түсінген.

«Ай көрмесең туысың жат, жыл көрмесең жолдасың 

жат», «Мал қонысын іздейді, ер жігіт туысын іздейді» 

деп  туыстық  қатынасты  қандай  жағдайда  да  үзіп 

алмауға, оны қайта жалғап, жандандыруға шақырған.

«Ағайынның  азары  болса  да,  безері  болмас» 

деп  туыс  жаман  болса  да  безінуге  болмайтындығын 

ескерткен.

Туыстық байланысты осылай қадірлеудің бір негізі 

шариғатта  жатыр.  Асыл  дініміз  адамдар  арасындағы 

туыстық қатынастың берік болуын қолдайды, ағайыннан 

ажырамауға  шақырады.  Сөзіміз  дәлелді  болу  үшін 

төменде туыстық байланысқа бекем болуға шақыратын 

хадистердің бір парасын бердік.

 ٌناَْميمِإ ِللها  َلِإ  ِلاَمْمعَلأا ُّبَحَأ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق

 ُضَغْمتبَأَو ،ِرَكْم�ُمْملا ِنَع ُيْمهَّت�لاَو ِفوُرْمعَمْملاِب ُرْممَلأا ْمُث ،ُمِحَّرلا ُةَلِص َُّث ،ِللهاِب



118

119


.ىَلْمعَت� وُبَأ ُهاَوَر .»ِمِحَّرلا ُةَعيِطَق َُّث ،ِللهاِب ُكاَرْمشِلإا ِللها  َلِإ  ِلاَمْمعَلأا

Алланың  Елшісі  (с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Алла 



үшін  ең  сүйікті  іс  –  Аллаға  иман  келтіру,  сосын 

туыстық байланысты сақтау, сосын жақсылыққа үндеп, 

жамандықтан тыю. Алла үшін ең жаман іс – Аллаға серік 

қосу, сосын туыстық байланысты үзу», – деген

131


 ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر ُتْمعَِس :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع

  ِف ُهَل َأَسْم�ُت� ْموَأ ِهِقْمزِر  ِف ُهَل َطَسْمبُت� ْمنَأ ُهَّرَس ْمنَم» :ُلوُقَت� َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ُهَِحَر ْملِصَيْملَتف ِهِرَثَأ

Әнес  ибн  Мәліктен  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі  (с.а.с.):  «Кімде-кім  ырзық-несібесінің  молаюын 



немесе  ғұмырының  ұзақ  болуын  қаласа,  туыстық 

байланысын жалғасын», − дейді

132


.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه ِبَأ ْمنَع

 ٌةَّبََمح ِمِحَّرلا َةَلِص َّنِإَف ،ْممُكَماَحْمرَأ ِهِب َنوُلِصَ� اَم ْممُكِباَسْمنَأ ْمنِم اوُمَّلَعَت�»

.ُّيِذِمْمرِّتتلاَو ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ِرَثَْملأا  ِف ٌةَأَسْم�َم ، ِلاَمْملا  ِف ٌةاَرْمت�َم ،ِلْمهَْملأا  ِف

Пайғамбар  (с.а.с.)  Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен 

риуаятта  былай  дейді:  «Шежірелеріңнен  туыстық 



қатынастарыңды  жалғайтын  нәрселерді  үйреніңдер. 

Шындығында,  туыстық  қатынасты  жалғау  әулетке 

сүйіспеншілік, малға өсім, ғұмырға ұзақтық әкеледі»

133

.

131 Әбу Яғла риуаят еткен.



132 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.

133 Ахмет, Термези риуаят еткен.

 ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق هيِبَأ ْمنَع ٍسَنَأ ِنْمب ِذاَعُم ِنْمب ِلْمهَس ْمنَع

 ْمنَم َيِطْمعُت�َو ،َكَعَطَق ْمنَم َلِصَ� ْمنَأ ِلِئاَضَفْملا ُلَضْمفَأ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها

.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»َكَمَتَش ْمنَّمَع َحَفْمصَ�َو ،َكَعَت�َم

Сәһл ибн Мұғаз ибн Әнестен жеткен риуаятта Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Артықшылықтардың ең биігі – қатыспай 

қойғанмен қатысу, бермегенге беру, өзіңді балағаттағанды 

кешіру», − дейді

134


.

 ىَّلَص ِللها َلوُسَر ُتْمعَِس :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍمَلاَس ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع

 اوُمِعْمطَأَو  ،َمَلاَّسلا  اوُشْمفَأ  ،ُساَّ�لا  اَهُّت�أ  اَ�«  :ُلوُقَت�  َمَّلَسَو  ِهْميَلَع  ُللها

 .»ٍمَلاَسِب َةَّ�َْملا اوُلُخْمدَ� ،ٌماَيِن ُساَّ�لاَو اوُّلَصَو ،َماَحْمرَلأا اوُلِصَو ،َماَعَّطلا

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر

Абдулла  ибн  Сәләмнан  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алланың Елшісі (с.а.с.): «Уа, адамдар! Араларыңдан сәлемді 

таратыңдар,  бір-біріңді  тамақтандырыңдар,  туыстық 

қатынасты  жалғаңдар  және  адамдар  ұйықтап  жатқанда 

намаз  оқыңдар!  Сонда  жұмаққа  аман-есен  кіресіңдер!»  – 

деген


135

 ،ٌةَقَدَص ِينِكْمسِمْملا ىَلَع ُةَقَدَّصلا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَق



.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ٌةَلِصَو ٌةَقَدَص ،ِناَتَ�ْمتثا ِمِحَّرلا يِذ ىَلَع ُةَقَدَّصلاَو

134 Ахмет риуаят еткен.

135 Термези риуаят еткен.


120

121


Пайғамбар  (с.а.с.)  тағы  бір  хадисінде  былай 

дейді:  «Міскінге  берілген  садақа  бір  садақа,  ал  туыстық 



қатынасы  бар  мұқтажға  берген  садақа  екі  садақа:  садақа 

және туыстық қатынас (сауабы)», – деген

136


 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لِل َلاَق ًلاُجَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َبوُّ�َأ  ِبَأ ْمنَع

 َميِقُ�َو ،ًائْميَش ِهِب َكِرْمشُ� َلا َهَّللا َدُبْمعَت�« :َلاَق .َةَّ�َْملا  ِنُلِخْمدُ� ٍلَمَعِب  ِنْمِبْمخَأ

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»َمِحَّرلا َلِصَ�َو ،َةاَكَّزلا َ ِتْمؤُت�َو ،َةَلاَّصلا

Әбу  Аййубтан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  бір  кісі 

Пайғамбарға  (с.а.с.)  келіп:  «Мені  жұмаққа  кіргізетін 

іс  туралы  айтшы»,  –  дегенде  Пайғамбар  (с.а.с.):  «Ол  – 

Аллаға  еш  серік  қоспай  құлшылық  етуің,  намаз  оқуың, 

зекет беруің және туыстық байланысты жалғастыруың», 

– деген


137

.

  ِف َداَزُت�َو ِهِرْممُع  ِف ُهَل َّدَُيم ْمنَأ ُهَّرَس ْمنَم« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َلاَق



.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ُهَِحَر ْملِصَيِلَو ِهْم�َدِلاَو َِّبُيْملَتف ِهِقْمزِر

Алланың  Елшісі  (с.а.с.)  бір  хадисінде  былай 

дейді:  «Кімде-кім  өмірінің  ұзаруын,  ризығының  кеңеюін 

қаласа,  ата-анасына  ізгілік  жасап,  туыстық  қатынасын 

жалғасын»

138

.

 ُنِمْمدُم :َةَّ�َْملا َنوُلُخْمدَ�  َلا ٌةَث َلاَتث »:َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُّبيَّ�لا َلاَق

 ُنْمباَو ىَلْمعَت� وُبَأَو ُدَْمحَأ ُهاَوَر«. ِرْمحِّسلاِب ٌقِّدَصُمَو ،ِمِحَّرلا ُعِطاَقَو ،ِرْممَْملا

136 Ахмет риуаят еткен.

137 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

138 Ахмет риуаят еткен.

.ُمِكاَْملاَو ِهِحيِحَص  ِف َناَّبِح

Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Үш 



адам  жәннатқа  кірмейді.  Олар:  арақ  ішуші,  туыстық 

байланысты үзуші және сиқырға сенуші», – дейді

139


.

 :مَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ ْمنَع

 ُهُرُصْمنَأ ،ِهَّللا َلوُسَر اَ� :ٌلُجَر َلاَقَتف ،»ًاموُلْمظَم ْموَأ ًامِلاَظ َكاَخَأ ْمرُصْمنُا«

 ُهُزُجْمَت« :َلاَق ؟ُهُرُصْمنَأ َفْميَك ًامِلاَظ َناَك ْمنِإ َتْم�َأَرَأ ،ًاموُلْمظَم َناَك اَذِإ

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ُهُرْمصَن َكِلَذ َّنِإَف ِمْملُّظلا َنِم ُهُعَت�ْمَت ْموَأ

Әнестен (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі (с.а.с.): 



«Бауырыңа  ол  зұлым  болса  да,  зұлымдыққа  ұшыраса  да 

көмек бер», − дейді. Бір кісі: «Уа, Расулалла! Егер қиянат 

көрсе, көмек берермін. Ал ол зұлым болса қалай көмек 

беремін?»  −  деп  сұрайды.  Сонда  Алла  Елшісі  (с.а.с.): 

«Оны  зұлымдықтан  тоқтатасың.  Оған  көмек  етуің 

солай болады», − деп жауап береді

140


.

Көрші ақысы

Қазақ  халқы  көрші  ақысын  жете  түсінген. 

«Көрші  ақысы  –  Тәңір  ақысы»  деп  қоңсылықты 

ерекше қадірлеген. Жан-жағында тіршілік етіп жатқан 

жандармен  әрдайым  тату  тұрған.  Сондықтан  да 

бауырды да, басқаны да жанына жақын тартып, көмек 

берген.

139 Ахмет, Әбу Яғла, Ибн Хиббан, Хакимдер риуаят еткен.



140 Бұхари риуаят еткен.

122

123


Ел  аузында  «Алыстағы  туысыңнан  қасыңдағы 

көршің артық» деген нақыл сақталған. Расымен де, басқа 

іс түскенде жырақтағы ағайыннан гөрі жәрдем беруге 

жүгіретін де, қайғымен, қуанышпен алдымен бөлісетін 

де жанашыр көрші. Сондықтан да оның орны ерекше. 

Халқымыз «Көршіні ешкім таңдамайды, Құдай қосады» 

деп,  қоңсыны  Жаратушының  Өзі  белгілейтіндігіне 

сенген. Сондықтан да жақын көршіні «Құдайы көрші» 

деп  атаған.  Мұның  мағынасы  «Құдайдың  Өзі  қосқан, 

үйімізді,  малымызды,  жанымызды  жапсарлас  әрі 

жақын еткен» дегенге саяды. Тәңірді Өзі таңдап қоңсы 

қылған  соң  ол  жақсы  болсын,  жаман  болсын,  тату-

тәтті  тұрып,  көршілік  ақысын  лайықты  түрде  өтеу 

керек деген наным қалыптасқан. Бұл нанымның негізі 

мұсылманшылықта  жатыр.  Өйткені  көршімен  жақсы 

мәміледе  болу  –  шынайы  мұсылмандық  қасиет.  Бұл 

жайында қасиетті аяттар мен хадистерде көп айтылады.

 ًا�اَسْحِإ ِنْ�َدِلاَوْلاِ�َو ًائْيَش ِهِ� اوُكِرْشُ� لاَو َللها اوُدُ�ْعاَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 ِراَجْلاَو  ىَ�ْرُقْلا  يِذ  ِراَجْلاَو  ِنيِكاَسَمْلاَو  ىَماَ�َيْلاَو  ىَ�ْرُقْلا  يِذِ�َو

﴾ ِبُنُجْلا

Алла Тағала былай дейді: «Аллаға ғана құлшылық 



етіңдер. Оған еш нәрсені серік қоспаңдар. Әрі ата-

анаға,  жақын  туыстарға,  жетімдерге,  міскіндерге, 

туыс  көршіге  және  бөгде  көршіге  жақсылық 

жасаңдар».

141

 

Міне,  осы  аятта  айтылғандай  әлемдерді 

Жаратушы  Хақ  Тағала  Өзінің  құлдарын  басқалармен 

бірге  көршілерге  де  жақсылық  жасауға  бұйырады. 

141 Ниса сүресі, 36-аят.

Осылайша  көршінің  ақысы,  көршіге  қайырлық  жасау 

асыл дінімізде Құран аяттары мен хадис шәрифтермен 

нақты бекітілген бұлжымас қағида.

Шариғатымызда  көршілердің  бірнеше  түрлері 

айтылып өткен. Мысалы:

1. Туысқан әрі мұсылман көрші.

2. Туыс бірақ мұсылман емес көрші.

3. Туыс емес, бөгде мұсылман көрші.

4. Мұсылман емес көрші.

Туысқан  болып  келетін  көршінің  үш  ақысы  бар: 

туыстық  ақысы,  мұсылмандық  ақысы  және  көрші 

ақысы.

Туыс  болғанымен  мұсылман  болмаған  көршінің 



екі ақысы бар: туыстық және көршілік ақысы.

Туыс  емес  бөгде  мұсылман  көршінің  екі  ақысы 

бар: мұсылман бауырлық ақысы және көрші ақысы.

Ал мұсылман емес көршінің бір ақысы, яғни тек 

көршілік ақысы ғана бар.

Осылайша  Ислам  шариғаты  мен  әдебі  барша 

мұсылмандарды 

көршілерімен 

жақсы 

болуға 


шақырады.  Ол  көрші  мейлі  мұсылман,  мейлі  кәпір 

болсын бәрібір. Яғни көршіге қандай жағдайда да ізгі 

ниетте  болып,  егер  көмек  керек  болса,  көмек  беріп, 

қиыншылыққа  тап  болса,  жәрдемдесіп  тұру  қажет. 

Тым  болмағанда  көршіні  көргенде  сәлем  беріп,  оқта-

текте  үйлеріне  бас  сұғып,  хал-жағдайларын  сұрап 

тұру  керек.  Өйткені  Алланың  Елшісі  (с.а.с.)  өзінің  бір 

хадисінде көршінің туыстай болатындығын айтқан.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر َرَمُع ِنْمبا ِنَع

 ُهاَوَر .»ُهُثِّرَوُتيَس ُهَّنَأ ُتْم�َت�َظ  َّتَح ِراَْملاِب  ِنيِصوُ� ُل�ِْمبِج َلاَز اَم« :َمَّلَسَو

.ٌمِلْمسُمَو ُّيِراَخُبْملا


124

125


Ибн Омардан (р.а.) жеткен риуаятта Алла Елшісі 

(с.а.с.):  «Маған  Жебірейіл  періштенің  көрші  ақысы 



туралы көп өсиет айтқандығы соншалықты мен көршім 

мұрагеріме айналатын шығар деп ойладым», − деген

142


.

Халқымызда  көрші  ақысы  туралы  нағыз 

мұсылмандық  ұстаным  қалыптасқан.  «Қиямет  күні 

алдымен  көрші  ақысы  сұралады  екен»  деген  ұғым  да 

бар. Бұл ұғымның мұсылманшылықта негізі бар.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍرِماَع ِنْمب َةَبْمقُع ْمنَع

.ُدَْمحَأ ُهاَوَر .»ِناَراَج ِةَماَيِقْملا َمْموَت� ِْمينَمْمصَخ ُلَّوَأ« :َمَّلَسَو

Ұқба  ибн  Амирден  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Қиямет күні ең бірінші дауласатындар – 

көршілер», − деген

143


.

Көрші  адам  мұсылман  не  кәпір,  тақуа  не  пасық, 

дос  не  дұшпан,  жергілікті  не  шетелдік,  пайдалы  не 

пайдасыз болуы ықтимал. Қалай болғанда да олардың 

ішіндегі  қайыр  жасауға  ең  лайықтысы  ең  жақын 

тұратын көрші.

 ِنْم�َراَج  ِل َّنِإ ِهَّللا َلوُسَر اَ� ُتْملُتق :تلاق اَهْمت�َع ُهَّللا َيِضَر َةَشِئاَع ْمنَع

 اَمِِبَرْمتقَأ  َلِإ« :مَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق ؟يِدْمهُأ اَمِهِّ�َأ  َلِإَف

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»اًباَب ِكْم�ِم

Бірде  Айша  (р.а.)  Алла  Елшісінен  (с.а.с.):  «Уа, 

Расулалла!  Менің  екі  көршім  бар,  сыйды  соның 

қайсысына  берейін?»  –  деп  сұрағанда,  Алла  Елшісі 

142 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

143 Ахмет риуаят еткен.

(с.а.с.):  «Есігі  ең  жақын  орналасқанына»,  –  деп  жауап 

берген


144

.

Жақсылық  жасауға  ең  жақын  көршінің  лайықты 



болуының себебі әдетте ол жапсарлас көршісінің үйінде 

не болып жатқанынан хабардар болады. Үйге кім кіріп, 

кім  шығып  жатқандығын  көреді.  Және  қандай  да  бір 

қиыншылыққа тап болғанда қасынан табылатын жақын 

адам.  Сондықтан  да  ол  жақсылық  жасауға  бірден-бір 

лайықты  көрші.  Көрші  ауырып  қалғанда  зиярат  етіп, 

хал-жағдайын  сұрап,  ол  жоқта  бала-шағасы  мен  мал-

мүлкіне  бас-көз  болып,  қарайласу  керек.  Көршінің 

қуанышында да, қайғысына да ортақ болу керек.

Құрылыс  салғанда  көршісімен  ақылдасып  салу, 

оған зиян тигізбеуге тырысу да көрші ақысына жатады. 

Ал құрылыс салып жатқан көршіге көмектесу керек. 

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

.ِهيَلَع ٌقَفَّتتُم .»ِهِراَد ِج  ِف ُهَبَشَخ َزِرْمغَت� ْمنَأ َهَراَج ٌراَج ُعَ�ْمَيم َلا« :َمَّلَسَو

Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  бір  хадисінде:  «Сендердің 

біреулерің өзінің жапсарлас қабырғасына көршісінің арқалық 

бөренесін қоюына тыйым салмасын», – деген

145


. Яғни егер 

бір  зиян  келмейтін  болса,  көршінің  құрылысы  үшін 

өзінің үйінің, не сарайының қабырғасын немесе дуалын 

тірек етуге рұқсат беруі тиіс екен.



Қазақ  халқы:  «Жаман  атқа  жал  бітсе, жанына 

торсық  байлатпас,  жаман  кісіге  мал  бітсе,  жанына 

қоңсы  қондырмас»,  −  деп  көрші  ақысын  белден 

басатындарды  қатты  сынаған.  Оның  адамгершілікке 

де, мұсылманшылыққа да сыймайтындығын ескерткен. 

144 Бұхари риуаят еткен.

145 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.


126

127


Мұның  өзі  мұсылманшылық  қағидаларынан  алынған. 

Ислам дінінде көршіге қандай да бір зарар, жамандық 

жасауға қатаң түрде тыйым салынған. 

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 ٌقَفَّتتُم .»ُهَراَج ِذْمؤُت� لاَف :ِرِخلآا ِمْموَتيْملاَو ِهَّللاِب ُنِمْمؤُت� َناَك ْمنَم« :َمَّلَسَو

.ِهيَلَع


Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  Алланың  Елшісі  (с.а.с.) 

былай  деп  ескерткен:  «Кімде-кім  Аллаға  және  ақырет 



күніне сенген болса көршісін еш зарар бермесін».

146


 

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص بي�لا نأ ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ح�رش  ِبَأ ْمنَع

 ؟  َلوُسَر اَ� ْمنَمَو َليِق »ُنِمْمؤُت� لا للهاَو ،ُنِمْمؤُت� لا للهاَو ،ُنِمْمؤُت� لا للهاَو«

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر .»ُهَقِئاَوَتب ُهُراَج ُنَمْمأَ� لا يِذَّلا« :َلاَق

Әбу Шурейхтен (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар 

(с.а.с.):  «Уаллаһи,  ол  иман  келтірмеді!  Уаллаһи,  ол  иман 



келтірмеді! Уаллаһи, ол иман келтірмеді!» – деп үш рет 

айтады.  Сонда  сахабалар:  «Уа,  Расулалла!  Ол  кім?»  – 

деп сұрағанда, Алла Елшісі (с.а.с.): «Зиянынан көршісін 

аман қалдырмаған жан», – деген

147


. Яғни, көршісін өзінің 

жамандықтарынан,  зиянды  істерінен  сақтай  алмаған 

жан толық иман келтірген болып есептелмейді. Ондай 

жанның  жасаған  ғибадаттары  мен  жақсылықтарының 

да сауабы аз. Пайғамбарымыз (с.а.с.) басқа бір хадисінде 

күндіз  ораза  тұтып,  түнде  намаз  оқып,  тақуалықпен 

146 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

147 Бұхари риуаят еткен.

тіршілік  етіп,  бірақ  көршісіне  зарар  беретін  әйелдің 

тозаққа кіретіндігі туралы ескертіп өткен.

Екінші жағынан көрші қандай жаман адам болса 

да,  қандай  зарар  зиян  беріп  жатса  да  оған  сабырлық 

еткен  дұрыс.  Ондай  көршіні  тура  жолға  үгіттеп, 

жақсылыққа үндеу керек.

 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر ٍسَنَأ ْمنَع

 .»ِهِب ُمَلْمعَت� َوُهَو ،ِهِبْم�َج  َلِإ ٌعِئاَج ُهُراَجَو َناَعْمتبَش َتاَب ْمنَم  ِب َنَمآ اَم«

.ُراَّزَتبْملا ُهاَوَر

Әнес  ибн  Мәлік  (р.а.)  жеткізген  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Жанындағы көршісінің аш жатқандығын 

біле  тұра  өзі  тоқ  болып  жатқан  адам  маған  нақ  иман 

келтірген емес», – дейді

148


.

Пайғамбар  (с.а.с.)  басқа  хадисінде,  тіпті,  үйді, 

қораны сатарда әуелі қабырғалас көршісімен ақылдасуға 

бұйырады.  Көрші  ақысы  туралы  Алла  Елшісі  (с.а.с.) 

өзі үлкен өнеге көрсеткен. Өзіне жәбір беріп, жолына 

нәжіс заттарды төсеп қоятын иман келтірмеген көршісі 

ауырып  қалғанда  оның  хал-жағдайын  сұрап  барады. 

Сондай  керемет  жақсы  қарым-қатынасы  арқылы  сол 

көршісінің иман келтіруіне себепкер болады.

Сыйластық

Сыйластық  –  қазақ  халқында  ежелден  қалып-

тасқан,  қанға  сіңген  қасиет.  Баланың  ата-ананы, 

жиеннің нағашысын, келіннің қайын жұртын сыйлауы 

және  құдалар,  бажалар,  құрдастар,  абысын-келіндер 

148 Әл-Баззар риуаяты.



128

129


арасында  қалыптасқан  өзара  құрмет,  сыйластық 

бұрыннан бар. «Адам сыйлағанның құлы» деген қазақ 

өзін сыйлап, құрметтеген жанға төрден орын ұсынып, 

сұрағанын  береді.  Ал  сыйлағанды  түсінбеген  жанға 

«сиыр  сипағанды  білмейді»  деп  сәлеміне  лайықты 

әдебін жасаған. «Сыйлап берген су да тәтті» деп алдына 

қойылған  асқа  емес,  пейілдің  адалдығы  мен  көңілдің 

тазалығына баса мән берген.

Жалпы халық арасында «сыйластыққа, татулыққа 

жететін ештеңе жоқ» деген жақсы мәтел бар. «Жақсы 

сыйлағанның  құлы,  жаман  қорыққанның  құлы»  деп 

сыйластықты  сырбаздықтың  сыны  етіп  қарастырған. 

Ал  Саққұлақ  би  сыйластықтың  мәртебесі  турасында: 

«Адамның басшысы – ақыл, шолушысы – ой, жетекшісі 

–  талап,  қорғаушысы  –  сабыр,  сынаушысы  –  халық, 

таусылмайтыны  –  арман,  ең  қымбаттысы  –  ар  сақтау, 

бәрінен ардақтысы – адал өмір сүру, соның ішінде ең 

тәттісі – сыйластық», − деген екен.

Сыйластық  «сіз,  бізден»  басталады  да,  шынайы 

адал  қарым-қатынасқа,  сырластыққа,  достыққа 

ұласады. Бұл достардың арасында болатын сыйластық. 

Халық  нақылында  «Сырласуға  дос  жақсы,  сыйласуға 

жат жақсы» делінеді.

Сондай-ақ,  ағайын  адамдардың,  мақсат-мұраты 

бір  жандардың  бір-бірін  құрметтеп,  сыйлауы 

жақсы  тәрбиенің  белгісі.  Қазақ  халқында  «Өзіңді 

өзің  жаттай  сыйла,  жат  жаныңнан  түңілсін»  деген 

мәні  терең  өсиет  сөз  бар.  Яғни  жақын  адамдардың 

араздастыруға,  бір  жамандық  қылуға  ниеттенген 

пиғылы  бұзық  адам  олардың  бір-бірін  жат  адамдай 

сыйлағанын  көргенде  арам  ойынан  айнып,  қастық 

қарекетінен  түк  шықпайтындығын  ұғынады.  Өйткені 

олардың  арасындағы  өзара  құрмет,  сыйластық  күшті. 

Араларынан  ат  алдырмайтын  татулықтары  берік. 

Бір-біріне  «сіз-біз»  десіп,  жайылып  жастық,  иіліп 

төсек  болып  тұрады.  Жақсысын  асырады,  жаманын 

жасырады.  Ендеше  осы  өсиетті  орындаған  жандар 

ешқашан  жағымсыз  жағдайда  қалмайды.  «Өзіңді 

өзің  сыйламасаң, өзгеден  сый  күтпе»  деген  мақал  да 

осындай мағынада айтылған. 

Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) сыйластыққа 

былай деп шақырады:

Бұл, бұл үйрек, бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз,

Судан суға шүйгумен

Көлден көлге қоныңыз.

Байлар ұғлы шоралар

Бас қосыпты десін де,

Маң-маң басып жүріңіз,

Байсалды үйге түсіңіз.

Айнала алмай ат өлсін,

Айыра алмай жат өлсін,

Жат бойынан түңілсін,

Бәріңіз бір енеден туғандай болыңыз!

Қазақ арасында қалыптасқан осындай сыйластық 

пен құрметтің бір негізі төл діні – Исламда жатыр.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ىَسوُم  ِبَأ ْمنَع

 .ُهَعِباَصَأ َكَبَشَو ،»اًضْمعَتب ُهُضْمعَتب ُّدُشَ� ِناَيْمت�ُتبْملاَك ِنِمْمؤُمْملِل َنِمْمؤُمْملا َّنِإ«

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر

Әбу  Мұсадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 

(с.а.с.): «Расында, мүмін мүмін үшін (біртұтас) құрылыс 


130

131


сияқты,  бірін-бірі  бекітіп  тұрады»,  –  деп,  саусақтарын 

айқастырған

149

.

 ُللها ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِراَفِغْملا ِّرَذ  ِبَأ ْمنَع



  ِقِلاَخَو ،اَهُحْمَت َةَ�َسَْملا َةَئِّيَّسلا ِعِبْم�َأَو ،َتْم�ُك اَمُ�ْميَح َللها ِقَّ�ِا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ٍنَسَح ٍقُلُِب َساَّ�لا

Әбу  Зар  әл-Ғифариден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алланың Елшісі (с.а.с.): «Қайда болсаң да Алладан қорық, 



жамандығыңның  артын  оны  өшіретін  жақсылықпен 

ұластыр әрі адамдармен көркем мінезбен қарым-қатынас 

жаса», – деп өсиет еткен

150


.

Дос-жаран

Қазақ  халқы  достықты  ерекше  құрметтейтін 

халық.  Бұрынғы  қазақтар  достасу,  достық  сөздерімен 

бірге тамыр болу, анда дос болу деген сөз тіркестерін де 

көбірек қолданған. Екі жігіт қылыштың не қанжардың 

жүзін сүйіп, мәңгі адал дос болуға серттесіп, ант ішкен. 

Айнымас  достықтың  белгісі  болсын  деп  бір-біріне 

қымбат бағалы бұйымдар ұсынған. Дәйім тығыз қарым-

қатынаста болып, арадағы байланыс үзілмеген. Жақсы 

жолдастар  кейде  өзара  байланысты  одан  әрі  нығайту 

үшін  ұл-қыздарын  үйлендіріп,  құдандалы  адамдарға 

айналған.  Абыз  жырауларымыздан  мынадай  өлең 

шумақтары қалған: 

Екі жақсы дос болмас,

Дос болса түбі бос болмас.

149 Бұхари риуаят еткен.

150 Термези риуаят еткен.

Екі сырттан ит болса,

Қой жібермес қорадан,

Екі жігіт тең болса,

Ат жібермес арадан.

Үмбетей  жырау  Тілеуұлы  (1697-1786)  жолдас 

сынын былай деп жырлайды:

Жар басына қонбаңыз,

Дауыл соқса, үй кетер.

Жатқа тізгін берсеңіз,

Жаламенен бас кетер.

Жаманмен жолдас болсаңыз,

Көрінгенге күлкі етер.

Жақсымен жолдас болсаңыз,

Айрылмасқа серт етер.

Сондай-ақ,  халық  арасында  достықтың  қадірі 

жайлы  мынадай  мақал-мәтелдер  тараған.  «Айрыл-

мастай  досыңа  қайрылмастай  сөз  айтпа».  «Айтулы 

достың малы бір, кемедегінің жаны бір». «Дос жылатып 

айтады,  дұшпан  күлдіріп  айтады».  «Досың  көңіліңді 

суытып айтады, қасың ойыңды жылытып айтады».

Осы айтылған ер-азаматтар арасындағы алғаусыз 

адал достық пейіл, мәрттік мінез жалпы мұсылмандық 

пайымдағы  мүмін  атаулыға  меймандос  көңілмен 

бір  арнада  тоғысады.  Алла  жолында  дос  болып, 

бауырласқан жандар түбінде жұмаққа да бірге кіреді. 

Оның ең ұлы мысалы ретінде Меккеден көшіп келген 

мүһәжірлер  мен  Мәдиналық  ансарлар  арасындағы 

бауырмалдықтан алға тартуға болады.

 َنوُّ�ِحُ� ْمِهِلْ�َب� ْنِم َناَم�لإاَو َراَّدلا اوُءَّوَب�َب� َن�ِذَّلاَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

 َنوُرِثْؤُب�َو اوُ�وُأ اَّمِم ًةَجاَح ْمِهِروُدُص يِف َنوُدِجَ� لاَو ْمِهْيَلِإ َرَجاَه ْنَم


132

133


  َكِئَلوُأَف ِهِسْفَب� َّحُش َقوُ� ْنَمَو ٌةَصاَصَخ ْمِهِ� َناَك ْوَلَو ْمِهِسُفْب�َأ ىَلَع

﴾ َنوُحِلْفُمْلا ُمُه

Алла Тағала былай дейді: «Ал жұртты (Мәдинаны) 



және  иманды  тұрақ  еткендер  (ансарлықтар)  болса, 

өздеріне  көшіп  келгендерді  жақсы  көреді  де, 

оларға  берілген  нәрселер  үшін  көңілдерінде  дық 

сақтамайды.  Тіпті,  өздерінде  таршылық  болса 

да,  оларды  өздерінен  артық  көреді.  Ал  кімде-кім 

өзінің  сараңдығынан  сақтанса,  солар  –  табысқа 

жеткендер!»

151


Пайғамбар  (с.а.с.)  дос  таңдауды  қателеспеуге, 

жақсы  жанмен  жолдас  болуға  шақырады.  Өйткені 

«мұсылман  –  мұсылманның  айнасы»,  дос  арқылы 

адамның  ғұмырлық  ұстанымын,  қадір-қасиетін 

бағамдауға болады.

 : َلاَق  َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َِّبيَّ�لا َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 َدُواَد وُبَأ ُهاَوَر .»ُلِلاَُي ْمنَم ْممكُدَحَأ ْمرُظْم�َتيْملَتف ،ِهِليِلَخ ِن�ِد ىَلَع ُلُجَّرلا«

.ُّيِذِمْمرِّتتلاو

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар 

(с.а.с.): «Әрбір адам жолдасының дінінде болады. Сондықтан 



да сендердің әрбірің кіммен жолдас екендігіне қарасын», – 

деген


152

.

Жақсы жолдас қасыңда болса, көмегі мен кеңесін 



аямайды, сыртта болса, сыртыңнан тілеулес болады.

151 Хашр сүресі, 9-аят.

152 Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.

  َلاَقَتف ؟ُلَضْمفَأ ِباَحْمصَلأا ُّيَأ :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َِّبيَّ�لا ٌلُجَر َلَأَس

 َتيِسُن اَذِإَو ،َكَناَعَأ َتْمرِكُذ اَذِإ يِذَّلا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُِّبيَّ�لا

 .اَينُّدلا  ِبَأ ُنْمبا ُهاَوَر .»َكَرَكَذ

Бір  кісі:  «Уа,  Расулалла!  Жолдастардың  ең 

жақсысы қандай?» – деп сұрағанда, Пайғамбар (с.а.с.): 



«Ең  жақсысы  –  егер  атың  аталса,  саған  болысып,  ал  егер 

ұмытылсаң есіне алатыны», – деген

153


.

Ал  жолдастың  нашарынан  қазақ  сақтана  білген. 

Қара өлеңде айтылғандай:

Баспадым жардың шетін құлай ма деп,

Ішпедім арықтан су лай ма деп.

Қорқамын дос болуға жаманменен,

Тар жерде ер-тоқымын сұрай ма деп.

«Жақсы  жігіт  –  жаныңа  жолдас,  жаман  жігіт  – 

малыңа  жолдас»  делінеді  халық  мақалында.  Байлық 

пен  билік  барда  жолдас  болып,  одан  айрылғанда 

алыстайтын  мал-мүлік,  мүдде,  дүние  үшін  немесе 

күнә  жолында  дос  болғандар  Қиямет  күні  бір-біріне 

дұшпан болады. Бір-бірінен ақысын даулап, бірін-бірі 

айыптайды. Ол туралы қасиетті аяттарда айтылған.



 ﴾َنيِقَّ�ُمْلا  َّلاِإ ٌّوُدَع ٍضْعَب�ِل ْمُهُضْعَب� ٍذِئَمْوَب� ُء َّلاِخَْلأا﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Достардың 



тақуаларынан басқалары сол күні (Қиямет күні) бір-

біріне дұшпан болады»

154


.

Арақ  ішу,  құмар  ойыны  және  басқа  да  Алланы 

153 Ибн Әбу Дуния риуаят еткен.

154 Зухруф сүресі, 67-аят.



134

135


еске  алудан  алыстататын  күнәлі  істер  жолындағы 

достық ақиретте опық жегізеді.



 يِنَّلَضَأ ْدَقَل * لايِلَخ اً�لاُف ْذِخَّ�َأ ْمَل يِنَ�ْيَل ىَ�َلْب�َو اَ�﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

﴾لاوُذَخ ِناَسْ�لإِل ُناَطْيَّشلا َناَكَو يِ�َءاَج ْذِإ َدْعَب� ِرْكِّذلا ِنَع

Алла Тағала былай деген: «(Қиямет күні залымдар 



былай дейді) Қап, әттеген-ай! Пәленшені дос тұтпаған 

болсам еді. Ол мен өзіме жеткен зікірден (Құраннан) 

алыстатты. Шайтан адамға опық жегізеді»

155


.

Ал  бір-бірімен  Алла  разылығы  үшін  бауырларға 

айналған  тақуа  мүмін  жандар  Қияметте  сол  имани 

байланыстарының пайдасын көреді.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 ٌباَشَو ،ٌلِداع ٌمامِإ :ُهُّلِظ َّلاِإ َّلِظ لا َمْموَت� ِهِّلِظ  ِف ُهَّللا مُهُّلِظُ� ٌةَعْمتبس«

 ِنَلاُجَرَو ِدِجاَسَمْملاِب ٌقَّلعَم ُهُبْملَتق ٌلُجَرَو ،َّلجَو َّزَع ِهَّللا ِةَداَبِع ف َأَشَن

  ٍبِصْم�َم ُتاَذ ٌةَأَرْمما ُهْمتَعَد ٌلُجَرو ،ِهْميَلَع اَقَّرَفَت�َو ،ِهْميَلَع اَعَمَتْمجا ِهَّللا ف اَّباََت

  َّتَح اَهاَفْمخَأَف ،ٍةَقَدَصب َقَّدَصَ� ٌلُجَرَو ،هَّللا ُفاخَأ ِّنِإ :َلاَقف ، ٍلاََجَو

 .»ُهاَ�ْمتيَع ْمتَضاَفَتف ًايِلاَخ َهَّللا َرَكَذ ٌلُجَرَو ،ُهُ�يَِيم ُقِفْم�ُت� ام ُهُلاَِش َمَلْمعَت� لا

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  риуаят  етілген  хадисте 

Пайғамбарымыз  (с.а.с.)  былай  дейді:  «Қиямет  күні 

ешқандай көлеңке болмаған кезде Алла Тағала жеті адамға 

155 Фұрқан сүресі, 28, 29-аяттар.



көлеңке береді. Олар: әділ имам (басшы да жатады), Даңқты 

һәм Ұлық Аллаға құлшылықпен есейген жас жігіт, жүрегі 

мешітке  байланған  кісі,  бір-бірін  Алла  жолында  жақсы 

көріп, сол жолда жиналып, сол жолда тарқасқан екі жолдас

сұлу  әйел  күнәлі  іске  шақырғанда  «Мен  Алла  Тағаладан 

қорқамын» деп бас тартқан ер, садақаны жасырын түрде 

көп  беріп,  оның  санын  білмейтін  бай,  оңашада  Алланы 

есіне алып, қорқыныштан көзіне жас алған адам»

156

.

Хикмет пен даналыққа толы хадис жинақтарында 



достық жайлы төмендегідей риуаяттар бар.

 ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِرَعْمشَلأا ىَسوُم  ِبَأ ْمنَع

  ِلِماَحَك ِءوّسلا ِسيِلَلاو ِلحاَّصلا ِسيِلَلا ُلَ�َم اََّنِإ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها

 َعاَتْمبَت� ْمنأ اَّمِإَو َكَ�ِذْمُيح ْمنأ اَّمإ ِكْمسِمْملا ُلِماَحَف ،يِكْملا ِخِفاَنَو ِكْمسِمْملا

 اَّمِإَو َكَباَيِث َقِرْمُيح ْمنَأ اَّمِإ ِيِكلا ُخِفاَنَو ،ًةَبِّيَط اًيحِر ُهْم�ِم َدَِت ْمنَأ اَّمِإَو ُهْم�ِم

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»ًةَ�يِبَخ اًيحِر َدَِت ْمنَأ

Әбу Мұса Ашғариден (р.а.) риуаят етілген хадисте 

Алла Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Жақсы сұхбаттас пен 



жаман  сұхбаттастың  мысалы  миск  тасушы  мен  көрік 

үрлеушінің  мысалындай.  Миск  тасушы  не  саған  (әтірін) 

тарту етеді, не өзің одан сатып аласың, тіпті болмағанда 

(қасыңнан  өткенде)  жағымды  жұпар  иісті  сезінесің.  Ал 

көрік  үрлеуші  не  киіміңді  күйдіреді,  не  одан  жағымсыз 

нашар иісті сезінесің»

157


.

156 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.

157 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.


136

137


 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق وٍرْممَع ِنْمب ِهَّللا ِدْمبَع ْمنَع

 ِهَّللا َدْم�ِع ِناَيِْملا ُرْمتيَخَو ِهِبِحاَصِل ْممُهُرْمتيَخ ِهَّللا َدْم�ِع  ِباَحْمصَْملأا ُرْمتيَخ«

 .ُّيِمِراَّدلاو ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِهِراَِل ْممُهُرْمتيَخ

Абдулла  ибн  Ғамырден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алланың 

Елшісі 


(с.а.с.): 

«Алланың 

дәргейінде 

жолдастардың  ең  қайырлысы  –  жолдасына  қайырлы  бола 

білгені.  Алланың  дәргейінде  көршілердің  ең  қайырлысы  – 

көршісіне қайырлы бола алғаны», – деген

158


.

 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِرْمدُْملا ٍديِعَس  ِبَأ ْمنَع

 وُبَأ ُهاَوَر .»ٌّيِقَ� َّلاِإ َكَماَعَط ْملُكْمأَ� َلاَو ،ًا�ِمْمؤُم َّلاِإ ْمبِحاَصُ� لا« :َلاَق

.ُّيِذِمْمرِّتتلاَو ،َدُواَد

Әбу  Сағид  әл-Худриден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Пайғамбар (с.а.с.): «Иман келтірген жанмен ғана жолдас 



бол!  Асыңды  да  тек  тақуалар  ғана  жесін!»  –  деп  өсиет 

еткен


159

.

Нағашы-жиен

Халқымызда  нағашы  мен  жиеннің  қарым-

қатынасы  ерекше.  «Үйдің  жақсы  болмағы  ағашынан, 

баланың  жақсы  болмағы  нағашыдан»  деп  осы  бір 

туыстық  қатынасқа  айрықша  мән  беріп,  әрбір  балаға 

анасының  туыстарына  құрмет  көрсетуді  үйреткен. 

158 Термези, Дарими риуаят еткен.

159 Әбу Дәуіт, Термези риуаят еткен.

Нағашы-жиендік жақсы қарым-қатынас Ислам дінінде 

де құпталған игілікті іс.

 ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَقَتف ٌدْمعَس َلَبْمتقَأ َلاَق ِهَّللا ِدْمبَع ِنْمب ِرِباَج ْمنَع

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ُهَلاَخ ٌؤُرْمما  ِنُِيْملَتف  ِلاَخ اَذَه« :َمَّلَسَو

Жәбір  ибн  Абдулладан  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Пайғамбар  (с.а.с.)  сахабасы  Сағыдты  (р.а.)  көргенде: 

«Мынау  –  менің  нағашым.  Қанеки,  кім  маған  осындай 

нағашысын  көрсетеді?»  –  дейді  екен

160


.  Өйткені  Сағыд 

(р.а.)  Пайғамбардың  (с.а.с.)  анасы  Әмина  бинт  Уаһб 

шыққан Құрайыш тайпасының Бәни Зуһра аталығынан 

болатын. Пайғамбар (с.а.с.) Сағыдты (р.а.) ержүректігі 

мен  жақсы  мінез-құлқы  үшін  мақтайтын.  Әрі  оның 

атқан жебесі ешқашан мүлт кетпейтін. Сондай-ақ, Бәни 

Зуһра руының әйелдері де: «Біз Пайғамбардың (с.а.с.) 

нағашы  жұртымыз»,  –  деп  мақтаныш  ететін.  Нағашы 

жұртқа деген құрмет арабтардың арасында қазірде де 

сақталған. Анасы жағынан жақын туыстарына қатысты 

нақ қазақтардағыдай мақал-мәтелдері бар.

»ِهِلاَوَخ  ِبيِط ْمنِم ِدَلَوْملا ُبيِط«

«Баланың  жақсы  болуы  нағашысының  жақсы 

болмағынан»

» ِلاَْملا ُقْمرِع ُهُبِذْمَي ُدَلَوْملَا«

«Бала нағашысына тартады»

»ٌدِلاَو ُلاَْملَا«

«Нағашы ата әкемен тең».

160 Термези риуаяты.


138

139


Пайғамбар  (с.а.с.)  өзі  де  қызы  Фатимадан  туған 

Хасан  мен  Хүсейнге  нағашы  ата  болды.  Негізгі  әулеті 

де осы екі жиен немерелерінен тарайды.

Үлкенге құрмет, кішіге ізет 

Дәстүрлі  қазақ қоғамында жасы  үлкен  адамдар-

ды құрметтеу рәсімі  ежелден  бар  болатын.  Ондай 

құрмет  жасы  үлкен  кісінің  қай рудан,  қай жүзден, 

қай ұлттан екендігіне  қарамай  көрсетілетін.  XIX 

ғасырдың  аяқ  кезінде  неміс  ғалымдарының  бірі Ф.

Фон  Шварц былай  деп  жазған  болатын: «Қырғыз-

қайсақтарда  сұлтан,  батырлармен  қатар  барлық  жасы 

үлкен,  қартайған  ер азаматтардың  бәрі  де  кім  екеніне, 

қандай тектен шыққанына қарамай, ерекше сый-құрметке 

бөленеді». Олар  барлық  мерекелерде,  жиын-тойларда 

құрметті орындарға, төрге шығарылады. Жиналыстарда 

олар  елеулі  рөл  атқарады. Жастар олардың  айтқан 

сөздерін  жерге  тастамай,  мүлтіксіз  орындайды. 

Жас жігіт үшін үлкен табақтан ақсақалдың өз қолынан 

ет  асау  ең  жоғары  марапаттың  белгісі  саналады.  Кіші 

іні  үлкен  ағаның  рұқсатынсыз  дастарқан басына  өз 

бетінше ешқашан отырмайды.

Жас  адамның  үлкен кісінің алдын  көлденең 

кесіп  өтуі  көргенсіздік  деп  есептелінетін.  Бұл 

ереже әйел адамның ер азаматтың алдын кесіп өтпеуіне 

де қатысты болатын. Жасы кішілердің жасы үлкендерге 

дауыс көтеруі  сорақы  әдепсіздік  саналып,  оған  үзілді-

кесілді тыйым салынған. Әңгіме үстінде  жасы  үлкен 

кісінің сөзін бөлуге ешқашан рұқсат етілмеген.

Жастар  алыс  жолға  аттанарда  не үй болып,  

шаңырақ   көтерерде  жасы  үлкен  ақсақалдардың 

алдынан  өтіп,  ақ  батасын  алатын.  Қазақтар  жасы 

үлкен  әрі  құрметті  адамдардан  мұндай батаны жауға 

аттанарда да сұрайтын.

Әйгілі Қашаған ақын былай деген:

Жетпістен жасы асқанда,

Сексенге аяқ басқанда,

Жастар елеп келмесе,

Келіп сәлем бермесе,

Күнде асыл кисе де,

Қартайғанда ер жетім.

Яғни жақсы сөз жанды жылытады, аяғы ауырып, 

жүрістен қалған шақта, қатары азайып көңілі жүдеген 

кезде  қарттарға  бұрылып сәлем  беру,  ол  кісілер  үшін 

үлкен құрмет. Олар бір жасап қалады, рахмет айтып, 

батасын береді.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِِّبيَّ�لا َّنأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»ِيِبَكْملا ىَلَع ُيِغَّصلا ُمِّلَسُ�«

Әбу Һурайрадан (р.а.) жеткен риуаятта Пайғамбар 

(с.а.с.): «Кіші үлкенге сәлем беру керек», – деген

161

.

Пайғамбар  (с.а.с.)  үмбетіне  айтқан  өсиеттерінде 



үлкендерді  сыйлап,  жастарға  мейірімді  болуды 

тапсырған.

 ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق َلاَق اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمبا ْمنَع

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»اَنَيِبَك ْمرِّتقَوُت�َو اَنَيِغَص ْممَحْمرَت� ْمَل ْمنَم اَّ�ِم َسْميَل« :َمَّلَسَو

161 Бұхари риуаят еткен.


140

141


Ибн  Аббастан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 

(с.а.с.):  «Кішілерімізге  мейірімді  болмаған,  үлкендерімізге 



құрмет көрсетпеген адам бізден емес», – дейді

162


.

Адамдардың  қарттарын  қадірлеуі  уахимен 

бекітілген. 

 .»َرِباَكَلأا َمِّدَقُأ ْمنَأ ُل�ِْمبِج  ِنَرَمَأ« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَق

.ُّيِعِفاَّشلا ٍرْمكَب وُبَأ ُهاَوَر

Пайғамбар  (с.а.с.):  «Жебірейіл  періште  маған 



үлкендерді алға шығар деп бұйырды», – деген

163


.

Түркі  халықтарының  ортақ  тұлғасы  Махмұд  әл-

Қашғари: «Жасы үлкенді қадірлесе құт болар», – деген 

екен.  Отырыстарда  үлкендерге  төрден  орын  беру, 

ақсақалдардан  бата  сұрау  қазақ  халқының  сүйегіне 

сіңген әдеті. Ал бұл әдеттің негізі хадисте жатыр.

 ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

 يِذِلَو ،ِهِمْملِعِل ِمْملِعْملا يِذِل :ٍةَث َلاَت�ِل  َّلاِإ ُسِلاَجَمْملا ُعَّسَوُت�  َلا« :َمَّلَسَو

.ُّ ِناَرَتبَّطلا ُهاَوَر .»ِهِناَطْملُسِل ِناَطْملُّسلا يِذِلَو ،ِهِّ�ِسِل ِّنِّسلا

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Отырыста үш адамға орын беріп ығысуға 

болады: білімі үшін білімдіге, жасы үшін үлкен кісіге және 

билігі үшін басшыға», – деген

164


.

«Атаңа не қылсаң, алдыңа сол келер» деп халқымыз 

қалп  айтпаған.  Төмендегі  хадисте  де  жасамысқа 

162 Термези риуаяты.

163 Әбу Бәкір аш-Шафиғи риуаяты.

164 Табарани риуаяты.

жақсылық  жасаған  жастың  қартайғанда  қарымтасыз 

қалмайтындығы нақтыланған.

 ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع

 ُهُمِرْمكُ� ْمنَم ُهَل ُهَّللا َضَّيَتق  َّلاِإ ِهِّ�ِسِل اًخْميَش ٌّباَش َمَرْمكَأ اَم« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ُّيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِهِّ�ِس َدْم�ِع

Әнес  ибн  Мәлік  (р.а.)  жеткізген  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Қандай да бір жас жігіт үлкен кісіге жасы 

үшін құрмет көрсетсе, Алла оған жасы ұлғайғанда құрмет 

көрсететін адамды жолықтырады», – деген

165


.

 ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِّيِرَعْمشَْملأا ىَسوُم  ِبَأ ْمنَع

 ُهاَوَر .»ِمِلْمسُمْملا ِةَبْميَّشلا يِذ َماَرْمكِإ ِهَّللا  ِللاْمجِإ ْمنِم َّنِإ« :َلاَق َمَّلَسَو

.ُّيِقَهْمتيَتبْملاَو ،ةَبْميَش  ِبَأ ُنْمباَو ،َدُواَد وُبَأ

Әбу  Мұса  әл-Ашғариден  (р.а.)  жеткен  риуаятта 

Алла  Елшісі  (с.а.с.):  «Шашы  ағарған  мұсылманның 



құрметтелуі  Алланың  ұлықтығының  бір  белгісі»,  – 

деген


166

.

  ِباَرَّشلا ِيِدْمقَتتِب ُيِبَكْملا َأَدْمبُت� ْمنَأ َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َرَمَأ ْمدَقَو



 وُبَأ ُهاَوَر .»َرِباَكَلأاِب :َلاَق ْموَأ ِءاَرَتبُكلاِب ْماوُءَدْمبِا« :َلاَقَتف ،َرِباَكَلأِل ُهَوْمَنَو

.ىَلْمعَت�

165 Термези риуаяты.

166 Әбу Дәуіт, Ибн Әби Шейба, Бәйһақи риуаят еткен.



142

143


Пайғамбар  (с.а.с.)  адамдарға  сусын  не  тамақ 

таратқанда  жасамыстардан  бастауды  бұйырып: 



«Үлкендерден бастаңдар», – деген

167


.

Үлкен  кісі  бар  үйде  береке  бар.  Ғұмырлық 

тәжірибесімен басқаларға ғибратты сөзін, ақыл-кеңесін 

аямайтын, ұрпағын имандылыққа баулитын аталар мен 

әжелер  бар  жерде  құт-береке  де  бар.  Хадис  шәрифте 

де солай айтылған.

 : َلاَق َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص َِّبيَّ�لا َّنَأ اَمُهْمت�َع ُللها َيِضَر ٍساَّبَع ِنْمبا ِنَع

.ُّيِقَهْمتيَتبْملا ُهاَوَر .»ْممُكِرِباَكَأ َعَم ُةَكَرَتبْملا«

Ибн  Аббастан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Пайғамбар 

(с.а.с.): «Береке сендердің үлкендеріңмен бірге», − деген

168

.

Тілеуқорлық



Ата-бабаның  тілеуімен,  дұға-тілектерімен  келе 

жатқан ұрпақпыз. Олай дейтін жөніміз де бар. Баһадүр 

бабаларымыз елі мен жерінің тұтастығы үшін аянбай тер 

төкті, болашақ ұрпағына берекелі батасын беріп, өнеге 

қалдырды.  Ал  бұл  өнеге  пайғамбарлардан  жалғасып 

келе  жатқан  игі  дәстүр  еді.  Ибраһим  пайғамбар  (а.с.) 

ұрпақтары үшін құт-береке, тура жол тіледі. Пайғамбар 

(с.а.с.) әрбір намазынан кейін Жаратқан Иеден үмбеті 

үшін жарылқау сұрап, тура жол тіледі.

Қазірге дейін үлкен кісілерден «Көсегең көгерсін», 

«Жасың  ұзақ  болсын»,  «Қатарыңның  алды  бол»  деген 

сияқты игі тілектерді көп естиміз. Санамызда үлкендер 

167 Әбу Яғла риуаят еткен.

168 Бәйһақи риуаяты.

солай  болу  керек  деген  ұғым  қалыптасқан.  Дегенмен, 

дәстүрлі тәрбиеден, рухани қайнарлардан сусындамаған 

кейбір кейінгі толқын өкілдерінен мұндай тілеуқорлық 

сипатты байқай алмаймыз.

Шындығында,  жастарға  әрдайым  жақсы  тілек 

тілеп  отыру  жасамыстарға,  ақсақалдарға  тән  қасиет. 

Үмбетей жырау Тілеуұлы (1697-1786) айтқандай:

Ер жігітке жарасар

Қолына алған найзасы.

Би жігітке жарасар

Халқына тиген пайдасы.

Ақсақалға жарасар

Тілеуқорлық айласы.

Халық арасында кең тараған осынау ізгі әдеттердің 

түп-қазығы Пайғамбар (с.а.с.) сүннетінде жатыр.

  ٍفوُرْمعَِب ِلِباَقُمْملا َفوُرْمعَم ُّدُرَت� َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َناَك

 : َلاَق ،ُهَءوُضَو امُهْمت�َع ُللها َيِضَر ٍساّبَع ُنْمبا ُهَل َعَضَو اَّمَلَتف ،َفْموَأَو َلَزْمجَأ

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»َل�ِوْمأَّتلا ُهْممِّلَعَو ِن�ِّدلا  ِف ُهْمهِّقَتف َّمُهَّللَا«

Алла  Елшісі  (с.а.с.)  өзіне  жасалған  жақсылықтың 

қарымтасын молынан қайтаратын. Абдулла ибн Аббас 

(р.а.) дәрет алатын суын дайындап бергенде Пайғамбар 

(с.а.с.): «Уа, Алла! Оның діни түсінігін арттыр, оған тәуил 



ілімін үйрет гөр!» − деп дұға еткен

169


. Алланы Елшісінен 

(с.а.с.)  алған  осы  берекелі  бата  арқылы  Абдулла  ибн 

Аббас  (р.а.)  сахабалардың  ішіндегі  ең  білгірі  болды, 

«Құран түсіндірушісі» атанды.

169 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.


144

145


 ُهَل َلاَق ،ِهِتَلِحاَر ْمنَع َلاَم امَل ِلْميَّللاِب ِهِيِسَم  ِف ةَداَتَتق وُبأ ُهَمّعَد اَّمَلَو

 ُهاَوَر .»هّيِبَن ِهِب َتْمظِفَح اَِب ُهّللا َكَظِفَح« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُِّبيَّ�لا

.ٌمِلْمسُم

Сахаба Әбу Қатада (р.а.) бір жорықта келе жатып 

көлігінің  үстінде  қалғып,  бір  жағына  қарай  қисайған 

Пайғамбарды  (с.а.с.)  үш  мәрте  демдеп  жіберіп, 

сүйеніш болады. Сонда Пайғамбар (с.а.с.) оянып кетіп: 

«Пайғамбарын (с.а.с.) қорығаның үшін Алла сені қорысын», 

– дейді


170

.

 َينِح ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍتِباَث ِنْمب َناَّسَِل َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُِّبيَّ�لا َلاَقَو



 .»َكَعَم ُل�ِْمبِجَو ْممُهُجْمهُا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ُهْم�َع ُعِفاَدُ� َناَك

.ُّيِراَخُبْملا ُهاَوَر

Пайғамбар  (с.а.с.)  өзін  және  мұсылмандарды 

өлеңмен  қорғап,  мүшріктерге  қарсы  шумақтар 

шығарған  ақын  сахабасы  Хассан  ибн  Сәбитке  (р.а.): 

«Оларды әжуалап өлең шығар, Жебірейіл періште сенімен 

бірге!» – деген

171


.

Тілеуқорлықтың  бір  түрі  бата  беру үрдісі  қазақ 

халқының  қанына  сіңген  ерекше  дәстүрлерінің  бірі. 

Әрбір айтулы шараның алдында үлкеннің батасын алу 

міндетті саналады.  Батаны,  негізінен,  үлкен  кісілер, 

көпті көрген қариялар береді. Жастарға игі тілектерін 

жаудырып,  Жаратқаннан  алдағы  істің  сәтті  болуын 

170 Мүслім риуаят еткен.

171 Бұхари риуаят еткен.

тілейді.  Ондай  кісілер  аузы  дуалы,  дұғасы  қабыл 

алынатын  адамдар  деп  құрметтеледі.  Бата  алушы 

«әумин»  деп,  айтылған  бата-тілектің  қабыл  болуына 

сенеді. Елге аты мәлім кісілерден, құрметті қонақтардан 

бата алып қалуға тырысу ел арасында кең тараған игі 

дәстүр.

«Бата» деген сөздің өзі «Фатиха» сөзінен шыққан. 



Фатиха   –  Құран  Кәрімдегі  ең  бірінші  сүренің  аты. 

«Фатиха»  сөзі  «ашушы,  беташар»  деген  мағынаны 

білдіреді.  Яғни,  аталмыш  сүре  –  Құдай  Тағаланың 

Кітабының алғашқы сүресі болғандықтан солай аталған.

Батаның Фатихадан өрбитіндігіне бұл сөздің қазақ 

тіліндегі нұсқалары дәлел. Қазақта «бата оқыр» деп бір 

елге не қабірге барып, марқұмға Құран оқып қайтуды 

айтқан.  Демек,  бата  сөзінің  түп-төркіні   –  «Фатиха». 

Соған  қарағанда  ертеректе  дінімізден  ажырамай, 

мұсылмандығымызға  мығым  кезімізде  ізгі  адамдар 

елге  айтатын  бата-тілегін  Фатиха  сүресінен  бастаған 

болса керек.

Бата, тілек, өсиет айту – мұсылмандық болмыстың 

бір  сынығы  десе  болғандай.  Қазақ  халқындағы  сан 

ғасырлардан бері қалыптасып кеткен бата сұрау, бата 

беру  үрдісінің  түп-төркінін  асыл  дініміз  –  Исламнан 

іздегеніміз  жөн.  Мысалы,  Пайғамбарымыздың  (с.а.с.) 

сахабалары  оған  барып,  өздері  үшін  Алла  Тағаладан 

дұға  тілеуін  сұрайтын.  Өйткені  Пайғамбар  (с.а.с.) 

дұғасы  әрқашан  да  қабыл.  Бірде  қатты  қуаңшылық 

болып, адамдар Пайғамбардан (с.а.с.) Алладан жауын 

сұрауын  өтінеді.  Ол  (с.а.с.)  дұға  еткен  сәтте-ақ  көктен 

көптен бері жаумаған нөсер жауын құйып кетеді. Сол 

секілді  ізгі  пенделердің,  ұстаздардың,  ата-аналардың 

дұғалары  қабыл  етіледі.  Олардан  барып,  бата-дұға 

сұрауға болады.



146

147


 َللها ُعْمدا ،َكُمِداَخ ٌسَنَأ ِللها َلوُسَر اَ� :ْمتَلاَق ٍمْميَلُس ِّمُأ ْمنَع ٍسَنَأ ث�دح

 .ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»ُهَتْميَطْمعَأ اَميِف ُهَل  ْمكِراَبَو ُهَدَلَوَو ُهَلاَم ْمرِ�ْمكَأ َّمُهَّللَا« :َلاَق ُهَل

Әнес  сахабаның  (р.а.)  анасы  Умму  Суләйм  (р.а.) 

Пайғамбарға  (с.а.с.)  келіп:  «Уа,  Расулалла!  Мынау 

–  Әнес,  сіздің  қызметшіңіз.  Ол  үшін  Алладан  дұға 

тілеңізші» – деп өтінеді. Сонда Алланың Елшісі (с.а.с): 



«Уа,  Алла!  Оның  малы  мен  жанын  көбейте  гөр!  Оған 

бергеніңнің құт-берекесін бере гөр», – деп тілек тілейді

172


Кейінірек Әнес сахаба (р.а.) расымен де дәулетті болып, 

немере-шөбере,  шөпшектерінің  қызығын  көріп,  ұзақ 

өмір сүрген.

 ىَّلَص ِهَّللا َلوُسَر ُتْمعَِس :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ِباَّطَْملا ِنْمب َرَمُع ْمنَع

  ِلْمهَأ ِداَدْممَأ َعَم ٍرِماَع ُنْمب ُسْم�َوُأ ْممُكْميَلَع  ِتْمأَ�« :ُلوُقَت� َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا

 ،ٍمَهْمرِد َعِضْموَم َّلاِإ ُهْم�ِم َأَرَتبَتف ٌصَرَتب ِهِب َناَك ،ٍنَرَتق ْمنِم َُّث ٍداَرُم ْمنِم ،ِنَمَيْملا

 ْمنَأ َتْمعَطَتْمسا ِنِإَف ،ُهَّرَتبَلأ ِهَّللا ىَلَع َمَسْمقَأ ْموَل ،ٌّرَتب اَِب َوُه ٌةَدِلاَو ُهَل

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ْملَعْمتفاَف َكَل َرِفْمغَتتْمسَ�

Омар  ибн  Хаттаб  (р.а.)  былай  дейді:  «Мен  Алла 

Елшісінің  (с.а.с.)  былай  дегенін  естідім:  «Сендерге 

Йеменнен  келетін  көмекші  әскерлермен  бірге  Қаран 

тайпасының  Мурад  аталығынан  Уәйіс  ибн  Амир  деген 

адам келеді. Оның алапес ауруы бар болған, кейін денесінің 

дирхем  ділдәсы  мөлшеріндей  бөлігінен  өзге  жері  түгел 

жазылған. Оның қатты құрмет тұтатын анасы бар. Ол 

172 Бұхари мен Мүслім риуаят еткен.



Аллаға ант ішсе, Алла оның дұғасын қабыл етеді. Егер одан 

өзің үшін Алладан жарылқау тілеуін сұрағың келсе сұрап 

қал»

173


.

Айтылған  кісі  Пайғамбар  (с.а.с.)  өмірден 

озған  соң  Омардың  (р.а.)  халифалығының  тұсында 

келеді.  Мұсылмандардың  халифасы  одан  өзі  үшін, 

мұсылмандар үшін дұға етуін өтінеді.

Басқа  бір  хадисте  мұсылман  адамның  басқа 

мұсылман  үшін  еткен  тілегінің  қабыл  болатындығын, 

періштелердің «саған да сондай жақсылық болғай» деп 

«әмин» айтып тұратындығы туралы айтылады.

 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِهَّللا َلوُسر َّنَأ ُهْم�ع هَّللا يِضَر ِءاَدرَّدلا بَأ نَع

 دْم�ِع ،ٌةباَجَتْمسُم  ِبْميَغلا ِرْمهَظِب ِهيِخَِلأ ِمِلْمسُمْملا ِءْمرَمْملا ُةَوْمعَد« :ُلوُقَت� َناَك

 ،َينِمآ :ِهِب ُلَّكَوُمْملا ُكَلَمْملا َلاَق ٍْميَِب ِهيِخَِلأ اَعَد اَمَّلُك ٌلَّكَوُم ٌكَلَم ِهِسْمأَر

.ٌمِلْمسُم ُهاَوَر .»ٍلْم�ِِب َكَلَو

Әбу  Дардадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алланың 

Елшісі  (с.а.с.)  былай  деген:  «Мұсылман  адамның 

бауырына сырттай жасаған дұға-тілегі қабыл болады. Оның 

басында арнайы белгіленген періште тұрады. Кісі бауырына 

қайырлық тілеген кезде белгіленген періште: «Әмин! Саған 

да сондай қайырлық болсын», − деп тілейді»

174

.

173 Мүслім риуаят еткен.



174 Мүслім риуаят еткен.

148

149


Имам Ағзамның әкесінің Әлиден (р.а.) 

бата алуы

Әбу  Ханифаның  атасы  Зұта  ардақты  сахаба 

Әлимен (р.а.) кездеседі. Сонда баласы Сәбитке игі тілек 

тілеуін өтінеді. Әли ибн Әбу Талиб (р.а.) Жаратқаннан 

оның  ұлына  жақсылық,  құт-береке  тілеп  дұға  етеді. 

Сол дуалы сөзден шыққан ізгі тілектер қабыл алынып, 

Сәбиттен әлемге Әбу Ханифа атымен мәшһүр болған 

Нұғман  есімді  ұл  дүниеге  келеді.  Бұл  да  болса 

«жақсыдан  –  шарапат»  деген  сөздің  дәлелі  болса 

керек. Кейіннен Әбу Ханифа да Әли (р.а.) ұрпақтарын 

айрықша құрметтеген екен.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет