Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бас мүфти Ержан Малғажұлының


§3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ИМАНИ ДӘСТҮРЛЕРІ



Pdf көрінісі
бет2/6
Дата03.03.2017
өлшемі1,12 Mb.
#6785
1   2   3   4   5   6
§3 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ ИМАНИ ДӘСТҮРЛЕРІ

Ұлттық сана

Қазақ  кеше  көшпелі,  бүгінде  отырықшыланған 

өркениетті  халық.  Яғни  отырықшылық  мәдениетке 

көшкеніне бір ғасырдан астам уақыт болған жаңа қанды 

ұлт. Жалпы сайын далада, тұмса табиғаттың ортасында 

тіршілік  жасаған  номад  халықтардың  ұлттық  санасы 

белгілі бір қорғанның қабырғасының ішінде қым-қуыт 

тіршілік еткен отырықшы жұрттардан өзгеше болған. 

Ол туралы тарихшылар мен әлеуметтанушылар айтып 

кеткен.  Көшпелілер  адамизат  болып  жаратылған  әу 

бастағы  жаратылыстық  саф  сипаттарға  жақынырақ 

болса,  отырықшыларға  өркениеттенген  мәдениет  пен 

қу  саудагерде  болатын  құбылмалы  сипаттар  тән.  Бұл 

тақырып  байланысты  әлеуметтану  ғылымының  түп 

атасы Ибн Халдун өзінің әл-Муқаддима атты еңбегінде 

арнайы  бір  бөлім  жазған.  Ол  былай  дейді:  «Дала 

жұрты  қала  жұртынан  қарағанда  фитраға

29

  жақын. 



Адам  жаны  алғашқы  жаратылыстық  таза  қалпында 

яки фитрада болғанда өзіне жеткен сөзді, үгітті қабыл 

алуға  әзір  тұрады,  жақсылық  пен  жамандықты  тез 

сезіп,  ажыратады.  Алла  Елшісі  (с.а.с.):  «Әрбір  нәресте 



әу бастағы жаратылыста, фитрада туылады. Алайда ата-

анасы  оны  не  яһуди  етеді,  не  христиан  етеді,  не  мәжуси 

етеді», – деген. Адамға жақсы, жаман сипаттың қайсысы 

бірінші  жеткенде  екіншісінен  алыстайды  да,  оған  қол 

жеткізу  бара-бара  қиынға  айналады.  Ізгілік  иесі  өзіне 

ізгілік әдеттері жеткенде бойында зұлымдықтан аулақ 

болу  қасиеті  қалыптасады  да,  жамандықтан  ұзақтап, 

29 Фитра – адамзаттың алғашқы жаратылыстағы бұзылмаған таза 

қалпы, ділі.

оған оралу қиын іске айналады. Керісінше, зұлымдық 

иесі  де  жамандыққа  бой  үйретіп  алғаннан  кейін 

жақсылықтан мүлде жырақ кетеді.

Қала  халқы  жайлы  тіршілік,  рахат  өмірге, 

дүниеқұмарлыққа,  өркениет  қызықтарына  көп  бой 

үйреткендіктен  жан  дүниелерінде  теріс  мінездер, 

жаман  қылықтар  көп  болып,  соның  себебінен  ізгілік 

жолдарынан  алыстайды.  Олардың  бойларынан 

қымсыну,  ұялу  сипаттары  кетеді  де,  отырыстарында 

былапыт сөздерді жиі айтатын болады. Үлкендері мен 

әйелдері  мұндай  теріс  қылықтарға  тәйт  деп  тоқтау 

салмайды.  Сөздері  мен  істерінде  бұзықтық  белгілері 

байқалған соң олардағы ұялу сезімі жойылады.

Ал  дала  жұртында  қалалықтар  сияқты  дүниеге 

құмарлық  сипаты  аздап  болғанымен,  тұрмыс 

жағдайларына қарай жайлы өмірдің шектеулі бөлігіне 

ғана  қол  жеткізеді.  Қызықтар  мен  рахатшылықтың 

көріністері  мұнда  аз.  Сондықтан  жайлы  тіршіліктен 

туындайтын  теріс  сипаттар  да,  бұзық  мінездер  де 

қала  жұртына  қарағанда  азырақ.  Сол  себепті  де  олар 

фитраға жақынырақ...»

30

.

Әрине,  Ибн  Халдунның  бұл  пікірін  жоққа  шығар-



ғандар да болған. Олар мына аятты дәлелге келтірген.

 َدوُدُح اوُمَلْعَب� لاَأ ُرَدْجَأَو اً�اَفِ�َو اًرْفُك ُّدَشَأ ُباَرْعلأا﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

﴾ٌميِكَح ٌميِلَع ُهَّللاَو ِهِلوُسَر ىَلَع ُهَّللا َلَزْب�َأ اَم

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Бәдәуи  арабтар 



күпірлік  пен  екіжүзділікте  қаттырақ  әрі  Алланың 

Елшісіне  түсірген  шектеріннен  мақұрым  қалуға 

лайықтырақ. Алла – Білуші һәм Дана»

31

.

30 Әл-Муқаддима, 4-бөлім.



31 Тәубе сүресі, 97-аят.

44

45

Алайда  осы  аяттан  кейінгі  аяттарда  көшпелі 



арабтардың жақсылары да, жамандары да болатындығы 

жайлы  айтылған.  Сондықтан  бұл  мәселеге  сыңаржақ 

көзқараспен қарауға болмайды.

Дала  халқы  табиғатқа  етене  жақын  тіршілік 

ететіндіктен  жандары  да  тазалыққа,  фитралық 

қасиеттерге  бай.  Тілдері  де,  дәстүрлері  де  қала 

халқынікіндей  көп  бұзылмаған.  Сондықтан  ертедегі 

арабтар  салт-дәстүр  мен  таза  араб  тілін  үйрету 

үшін  балаларын  көшпелі  туыстарының  арасында 

тәрбиелеуге тырысқан. Ардақты Пайғамбардың (с.а.с.) 

өзі  де  араб  тайпаларының  арасында  өсіп,  олардың 

салт-дәстүрлерінен, тілі мен ділінен, шежіресінен жете 

хабардар  болған.  Әрбір  тайпаның  өкілімен  өз  тілінде 

ескі  танысын  көргендей  емен-жарқын  сұхбат  құрған. 

Соның  арқасында  олармен  ортақ  тіл  табыса  алған. 

Мұның  өзі  жаратылыстың  ең  қайырлысына  деген 

Жаратушының ерекше мейірімі, хикметі.

Қазақ халқы да сол арабтар сықылды көшпелі ел 

болды. Оған соншалықты көп уақыт өте де қойған жоқ. 

Сондықтан қала мәдениетімен тіршілік еткен көршілес 

туыс  халықтарға  қарағанда  әлі  де  болса  фитралық 

сипаттарға  жақынырақ.  Қазақстанда  бірнеше  жыл 

жұмыс  істеген  араб  ғалымынан  қазақ  қандай  халық 

екен деп сұрағанда, ол қазақтың нағыз фитраға жақын 

таза пейілді ұлт екендігін айтып, пікірін білдіріпті.

Расымен  де,  халқымыз  ата-бабасының  жолынан 

ауытқи  қоймаған  фитраға  жақын  ел.  Ал  мұндай 

сипаттағы халықтардың бір қайнауы ішінде, болашағы 

әлі  алда.  Тарих  парақтарынан  осы  сипаттағы 

халықтардың  елеулі  жаңалықтар  жасап,  өркениет 

дөңгелегін  алға  жылжытуға  үлкен  үлес  қосқандығын 

білеміз.


Құдай Тағала туралы таным

Қазақ  халқының  ғасырлар  бойы  ұстанып  келе 

жатқан  діні  –  Ислам,  шариғаттағы  іс-амал  мазһабы 

–  ұлы  имам  Әбу  Ханифаның  мазһабы.  Ал  діни 

дүниетанымдық  ұстанымы  Исламның  негізгі  қайнар 

бұлақтары – Құран мен Пайғамбардың (с.а.с) сүннетіне 

негізделген Сүннет және жамағат жұрты, оның ішінде 

Әбу Мансұр әл-Матуридидің мектебі болып табылады. 

Қазақ халқының да ұлттық бет-бейнесі, ділі мен тілі осы 

идеологиялық  мектептің  негізінде  қалыптасты.  Оған 

айғақ  боларлық  айшықты  дәлелдер  жетіп-артылады. 

Бұхар  жыраудан  бастап  Абай,  Шәкәрімге  дейінгі 

ойшылдар  мен  ақындардың  мұраларынан  нағыз 

мұсылмандықтың  үлгісін  көреміз.  Мысалы,  Абылай 

ханның ақылшы абызы Бұхар жырау (1668-1781):

Алла деген ар болмас, 

Ақтың жолы тар болмас! – деп Құдай деген құлдың 

медетсіз  қалмасына  нық  сенімді  екендігін  білдірсе, 

ал  кейінгі  ғасырларда  ғұмыр  кешкен  Мәшһүр  Жүсіп 

таухид  іліміндегі  иләһи  сипаттарды  жалпақ  жұрттың 

құлағына  үйреншікті  өлең  жолдарымен  былайша 

өрнектеген:

Ол – Алла жисм, жауһар, ғариз емес,

Боларға басқа басқа бөлектенбес.

Алланы еш нәрсеге ұқсатуға,

Еш нәрсе Оған ұқсап жөні келмес.

Бар Құдай көкте де емес, жерде де емес,

Мекенін бір Алланың ешкім білмес.

Сипаты сегіз болған, бірі – кәләм,

Сөйлейді құдіретімен Алла Тағалам

Сөйлеуі біздей тілмен, жақпен емес,


46

47

Тіл, жаққа мұқтаж емес секілді адам



Алды-арты, асты-үсті, оң-солы жоқ,

Ауыз, мұрын, аяқ, бас, көз, қолы жоқ.

Еш нәрсеге ұқсамайды Ол, еш нәрсеге,

Кітаптың айтқанынан ойлама көп.

Бұл  жерде  Мәшһүр  Жүсіп  «Мекенін  бір 

Алланың ешкім білмес» деп Жаратқанның кеңістіктен 

орын  алмайтындығын,  жаратылыс  сияқты  мекені 

болмайтындығын  меңзеп  тұр.  Бұл  Құдай  Тағаланың 

Құран Кәрімде айтылған сипатымен дөп келеді.

﴾ُريِصَ�ْلا ُعيِمَّسلا َوُهَو ٌءْيَش ِهِلْثِمَك َسْيَل﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Оған  (Аллаға)  ұқсас 



ештеңе жоқ! Әрі Ол – Естуші һәм Көруші!» (Шура, 11).

﴾َنيِمَلاَعْلا ِنَع ٌّيِنَغ َهَّللا َّنِإَف﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Жаратқан  Ие  былай  дейді:  «Ақиқатында,  Алла 



әлемдерге мұқтаж емес» (Әл Имран, 97).

Сондай-ақ,  қазақтың  данасы  Абай  Құнанбайұлы 

да қазақтың Тәңір туралы танымдық тұжырымын қара 

өлеңмен өрнектейді:

Мекен берген, халық қылған Ол – лә мәкән,

Түп Иесін көксемей бола ма екен?

Және Оған қайтпақсың, оны ойламай,

Өзге мақсат ақылға тола ма екен?

Ақындар  мен  оқымыстылары  анықтап  берген 

Құдай Тағала туралы қазақтың ұстанымы Сүннет пен 

жамағат жұртының ұстанымымен бір. Оның ішінде әл-

Матуриди  мектебінің  ізбасарлары  екендігін  білдіреді. 

Мысалы,  ғұлама  ат-Тахауидің  мұсылманның  наным 

қағидаларын  тұжырымдап  берген  еңбегінде  былай 

делінеді.

 ِه�ِوْمَت َلا ، ِتاَوَدَلأاَو ِءاَضْمعَلأاَو ِناَكْمرَلأاَو ، ِتاَ�اَغْملاَو ِدوُدُْملا ِنَع  َلاَعَت�َو

ِتاَعَدَتْمبُمْملا رِئاَسَك ُتِّسلا ُتاَهِْملا

«Алла  шекаралардан,  шектерден,  тіректерден, 

мүшелерден, құралдардан асқақ, Оны жаратылған нәрселер 

сияқты алты жақ қамтымайды».

Түсіндірмесі:  «Алла  Тағала  уақыт,  кеңістік, 

өлшемдерге мұқтаж емес. Өйткені ол материя емес. Ол 

ұғымдарды, құбылыстар мен заттарды, заңдылықтарды 

жаратқан.  Ал  Өзі  ол  жаратылыстарға,  заңдылықтарға 

бағынбайды.  Алла  Тағала  ондай  жаратылыстық 

қасиеттерден  пәк.  Дүниедегі  нәрселердің  барлығы 

белгілі  бір  кеңістікте  мекен,  орын  алып  орналасқан. 

Олардың  асты  мен  үсті,  алды  мен  арты,  оңы  мен 

солы  бар.  Жаны  барлардың  жүретін  тіректері,  яғни 

аяқтары, сезетін мүшелері, ұстайтын қолдары болады. 

Бұл жаратылғандардың сипаты. Ал Алла Тағала ондай 

сипаттардан  ада.  Жаратқанға  жаратылыстың  қасиетін 

таңған адам күпірлік келтіреді»

32

.

Тәңірден тіле тілекті



Қазақ  халқы  тілек-қажетін  бір  Құдай  Тағаладан 

сұраған.  Дұғасының  қабыл  болуы  үшін  тәуәссүл 

жолдарына жүгінген. Басты тілек Құдайдың қаһарына 

ұшырамау  деп  түсінген  қоғам  Жаратқаннан  сұрап, 

32 Бас Мүфти Ержан қажы Малғажыұлының «Таным тұғыры» кітабы, 

39-бет.


48

49

Оған  тәуекел  еткен  жан  түбінде  мақұрым  қалмайды 



деп иланған. Мысалы, Бұхар жырау былай дейді:

Алла деген ар болмас,

Алла деген пенделер,

Еш нәрсеге зар болмас.

Сонымен  бірге  халық  жадында  сақталған 

оралымдар,  нақыл  сөздер,  мақал-мәтелдер  қазақтың 

Құдайшыл ел болғандығын білдіреді. Мысалы, тілекке 

тек  Тәңірдің  жауап  беретіндігін  мынадай  мақал-

мәтелдермен  білдірген.  «Құдайдан  сұрасаң,  кешірер, 

кісіден сұрасаң, үніңді өшірер». «Адамнан сұрағанның 

екі  көзі  шығады,  Алладан  сұрағанның  екі  бүйірі 

шығады».  «Құдайға  сиынған  құстай  ұшады,  адамға 

сиынған  мұрттай  ұшады».  «Алла  деп  барсаң  аман 

келерсің». 

Мұндай  сөздер  шынайы  мұсылман  танымының 

болғандығын  дәлелдейді.  Қасиетті  аят-хадистерде 

тілекті бір Алладан ғана тілеу керектігі баса айтылған.

 ،ِه�ِداَ�ُت�َتف ٌديِعَب ْممَأ ،ِهيِجاَ�ُت�َتف اَ�ُّتبَر ٌب�ِرَقَأ :َلاَقَتف ِِّبيَّ�لا  َلِإ ٌلُجَر َءاَج ْمدَقَلَو



 يِّ�ِإَف  يِّنَع يِداَ�ِع َكَلَأَس اَذِإَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلَزْمتنَأَف ،ُهْم�َع َتَكَسَف

 يِ� ْاوُنِمْؤُبيْلَو يِل ْاوُ�يِجَ�ْسَيْلَبف ِناَعَد اَذِإ ِعاَّدلا َةَوْعَد ُبيِجُأ ٌب�ِرَ�

.﴾َنوُدُشْرَب� ْمُهَّلَعَل

Бірде  бір  кісі  Пайғамбарға  (с.а.с.)  келіп:  «Уа, 

Расулалла!  Раббымыз  жасырын  дұға  қыларлықтай 

жақын ба, әлде дауыстап шақырарлықтай алыс па?» – 

деп  сұрайды.  Пайғамбар  (с.а.с.)  үндемей  қалады.  Көп 

ұзамай Алла Тағаладан жауап ретінде мына аят түседі: 

«Егер сенен пенделерім Мен жайында сұраса, Мен 

жақынмын, дұға етуші Маған қайырылса, дұғасына 

жауап  беремін.  Сондықтан  да  Маған  (жолдауыма) 

жауап  қатсын,  Маған  иман  келтірсін.  Сонда  тура 

жол табар»

33

.

 ،اًمْموَت� َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِللها  ِلوُسَر َفْملَخ ُتْم�ُك :َلاَق ٍساَّبَع ِنْمب ِنَع

  ِظَفْمحِا ،َكُظَفْمَيح َللها ِظَفْمحِا  ٍتاَمِلَك َكُمِّلَعُأ ِّنِإ ،َم َلاُغ اَ�« :َلاَقَتف

 ،ِللهاِب ْمنِعَتْمساَف َتْم�َعَتتْمسا اَذِإَو ،َللها  ِلَأْمساَف َتْملَأَس اَذِإ ،َكَهاَِت ُهْمدَِت َللها

  َّلاِإ  َكوُعَفْمت�َت� ْمَل ٍءْميَشِب َكوُعَفْمت�َت� ْمنَأ ىَلَع ْمتَعَمَتْمجا ِوَل َةَّمُْملأا َّنَأ ْممَلْمعاَو

  َكوُّرُضَ� ْمَل ٍءْميَشِب َكوُّرُضَ� ْمنَأ ىَلَع ْماوُعَمَتْمجا ِوَلَو َكَل ُللها ُهَبَتَك ْمدَق ٍءْميَشِب

 .»ُفُحُّصلا  ِتَّفَجَو ُم َلاْمتقَلأا  ِتَعِفُر ،َكْميَلَع ُللها ُهَبَتَك ْمدَق ٍءْميَشِب  َّلاِإ

 .ُيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر

Абдулла  ибн  Аббас  (р.а.)  былай  деді:  «Пайғам-

бардың (с.а.с.) артында келе жатқанда Ол (с.а.с.) маған: 



«Ей, балақай! Мен саған мына сөздерді үйретемін: Алланы 

(тіліңде, жүрегіңде) сақта, сонда Ол сені сақтайды. Алланы 

сақта,  сонда  оны  алдыңнан  табасың.  Бірдеңе  сұрасаң, 

Алладан сұра. Жәрдем тілесең, Алладан тіле. Бүкіл халық 

жиналып,  саған  бір  пайда  келтірмек  болса  да,  тек  Алла 

жазған нәрсені ғана келтіре алатындығын және олар саған 

бір  зиян  келтірмекке  жиылса  да,  тек  Алланың  жазғанын 

ғана  келтіре  алатындығын  білгейсің.  Қаламдар  көтерілді, 

парақтар  кеуіп  кетті  (яғни  тағдыр  тақтасына  бәрі 

жазылды)», – деді

34

.



33 Бақара сүресі, 186-аят.

34 Термези риуаят еткен.



50

51

Пайғамбар  (с.а.с.)  егер  құлдары  ықыласпен  тілек 



тілесе, Құдай Тағаланың олардың тілектерін жауапсыз 

қалдырмайтындығы туралы айтқан.

للها ىَّلَص  ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ،ُهْم�َع  ُللها َيِضَر ناَمْملَس ْمنَع

 ِهْم�َدَ� ِهْميَلِإ َعَفَر اَذِإ ِهِدْمبَع ْمنِم يِحَتْمسَ� ٌيِرَك ٌيَّيَح ْممُكَّبَر َّنِإ« :َمَّلَسَو ِهِلآ

.ُدَْمحَأَو هَجاَم ُنْمباَو َدُواَد وُبَأَو ُيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»اًرْمفِص اَُهَّدُرَت� ْمنَأ

Салман  Фарисиден  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Ақиқатында, Раббыларың ұят Иесі және 

Жомарт,  пендесі  Өзіне  екі  қолын  көтеріп  дұға  қылғанда 

ештеңесіз қайтарудан ұялады», – деген

35

.



Ғаламдардың Иесі Хақ Тағала Өзі ғана жасайтын 

істі жаратылыстан сұраған пендесіне ашуланады.

 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُهَّللا ىَّلَص ِهَّللا ُلوُسَر َلاَق َلاَق ُهْم�َع ُهَّللا َيِضَر َةَرْمت�َرُه  ِبَأ ْمنَع

.دحأو ُيِذِمْمرِّتتلا ُهاَوَر .»ِهْميَلَع ْمبَضْمغَت� َهَّللا ْملَأْمسَ� ْمَل ْمنَم«

Әбу  Һурайрадан  (р.а.)  жеткен  риуаятта  Алла 

Елшісі (с.а.с.): «Алла Өзінен сұрамаған жанға ашуланады», 

– деген

36

. Осы хадистің мағынасын бір шайыр мынадай 



шумақтармен айшықтаған екен.

ُبَجْمُت َلا ُهُباَوْمتبَأ يِذَّلا  ِلَسَو ًةَجاَح َمَدآ  ِنَب َّنَلَأْمسَ� َلا

ُبَضْمغَت� ُلَأْمسُ� َينِح َمَدآ  ِنَبَو ُهَلاَؤُس َتْمكَرَت� ْمنِإ ُبَضْمغَت� ُللها

35 Термези, Әбу Дәуіт, Ибн Мәже, Ахмет риуаят еткен.

36 Термези, Ахмет риуаят еткен.

Сұрамағын пендеден, жағарсың кейде жақпассың,

Тілекті тіле Құдайдан айқара ашқан қақпасын.

Ашуландырар Алланы Өзінен тілеуді тәрк етпек,

Ал адамнан сұрасаң, сараңданар, шарт кетпек.

Тағдырға сенім

Басқа мұсылман жұрттары сияқты қазақ халқы да 

иман шарттарының бірі жақсылы-жаманды тағдырдың 

бір Тәңірден болатындығына шүбәсіз сенеді. Сондықтан 

осынау  нанымның  белгісі  тілде  көрініс  тауып,  кейінгі 

ұрпаққа  ұлағат  болып  қалыптасты.  Мысалы,  қазақ 

мәтелінде  «Құдайсыз  қурай  сынбас»  делінеді.  Мұның 

мәні төмендегі аяттың мағынасымен дөп келеді.



﴾اَهُمَلْعَب� لاِإ ٍةَ�َرَو ْنِم ُطُقْسَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «...Қандай  да  бір 



жапырақ жерге түспесін, (Алла) оны да біледі...»

37

Тағы  бір  мәтелде  «Қуған  жетпес,  бұйыртқан 

кетпес»  делінеді.  «Құлдың  қалағаны  болмайды, 

Құдайдың дегені болады» дейді тағы бір нақыл сөзде. 

Бұл сөздердің мағынасы мына аяттардан алынғандай.

﴾َنيِمَلاَعْلا ُّبَر ُهَّللا َءاَشَ� ْنَأ لاِإ َنوُءاَشَ� اَمَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «Бірақ  әлемдердің 



Раббысы  Алла  қаламаса,  сендер  оны  [туралықты] 

қалай алмайсыңдар»

38

.

37 Әнғам сүресі, 59-аят.



38 Тәкуир сүресі, 29-аят.

52

53

﴾ُءاَشَ� اَم ُهَّللا ُلَعْفَب�َو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла Тағала былай дейді: «..Әрі Алла қалағанын 

жасайды»

39

.

Құдайдан қорықпағаннан қорық

Қазақ халқы Жаратқан Иеден жасқануды, әміріне 

бойсұнып,  тыйымынан  тыйылуды  жете  түсінген  һәм 

жүзеге асырған жұрт. Ел аузында сақталған сөздерден 

санаға сіңісті болған тура танымды танимыз. «Құдайдан 

қорықпағаннан  қорық»,  «Киімі  жаманды  ит  қабады, 

пейілі  жаманды  Құдай  табады»,  «Қорық  Құдайдан, 

қайт  райдан».  Осы  сияқты  мақал-мәтелдер  қазақ 

халқының  Алла  Тағаланы  лайықты  ұлықтағандығын 

дәлелдейді. Халқымыз жаман  іске бой үйреткен, тура 

жолдан тайып, азғындаған жанды көргенде «Құдайдан 

қорықсаң, нетті» деп тезге салып, тежеген. 

Бұл сенімнің түп-негізі Құран Кәрім мен хадистерде 

жатыр. Раббы Тағала білімнің көзі Жаратқаннан қорқу 

екендігін баяндаған.



﴾ُهَّللا ُمُكُمِّلَعُب�َو َهَّللا اوُقَّب�اَو﴿ : َلاَعَت� ُللها َلاَق

Алла  Тағала  былай  дейді:  «..Әрі  Алладан 



қорқыңдар, сонда Алла сендерге үйретеді..»

40

Даналардың  данасы  ардақты  Пайғамбарымыз 

(с.а.с.) білім-ғылымның, данышпандықтың түпкі негізі 

Жаратушыдан қорқу екендігін жеткізген.

39 Ибраһим сүресі, 27-аят.

40 Бақара сүресі, 282-аят.

 :َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص َِّبيَّ�لا َّنَأ ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍدوُعْمسَم ِنْمب ِللها ِدْمبَع ْمنَع

.ُّيِقَهْمتيَتبْملا ُهاَوَر .»ِللها ُةَفاََم ِةَمْمكِْملا ُسْمأَر«

Абдулла  ибн  Масғұд  (р.а.)  жеткізген  риуаятта 

Пайғамбар (с.а.с.): «Даналықтың басы – Құдайдан қорқу», 

– деген

41

.



Пайғамбарға (с.а.с.) құрмет

Ұлтымыз 


Ұлы 

Пайғамбарды 

(с.а.с.) 

өз 


дәрежесінде  құрметтеп,  қастерлей  білді.  Сүннетіне 

амал  етіп,  өсиеттерімен  өмір  сүрді.  Халық  арасында 

Пайғамбардың (с.а.с.) өмірбаяны, сипаты, қадір-қасиеті 

жайлы  әңгімелер  мен  қиссалар,  жалпы  мәліметтер 

көп болды. Сондықтан қазақ арасында Алла Елшісіне 

(с.а.с.),  әулетіне,  туыстары  мен  сахабаларына  қатысты 

адам аттары көп кездеседі. Мысалы, Әмина, Абдулла, 

Ахмет,  Мұстафа,  Әбубәкір,  Омар,  Оспан,  Әли, 

Хадиша, Айша, Зейнеп, Фатима, Күлсім, Ұрқия, Асан, 

Үсен,  Сәдуақас,  Сыддық,  Әбутәліп,  Әшім,  Қосай, 

Әбдімүтәліп,  Әбдіманап,  Манап,  Назар,  Әбдірасул, 

Әбдінәби сияқты адам аттары көп кездеседі. Сонымен 

қатар, адамзат ардақтысының (с.а.с.) өзінің есімі ерекше 

көп  кездескен.  Бір  қарағанда  мұндай  пікір  қисынсыз 

болып көрінуі ықтимал. Алайда, тереңірек зерделесек, 

тегі  Мұхаммед  сөзіне  тірелетін  есімдердің  көптігіне 

куә боламыз. Ондай аттардың бір парасының өңі қазақ 

тілінің  үндестік  заңына  байланысты  өзгерген  болса, 

екінші бір бөлігі Пайғамбар (с.а.с.) есіміне деген ерекше 

құрметке  сай  әдейі  өзгертілген.  Мысалы,  Мұхаммед, 

41 Бұхари риуаят еткен.


54

55

Мұхамбет,  Махамбет,  Мәмбет,  Мәмет,  Ормамбет, 



Баймағанбет,  Бейімбет,  Ақмағанбет,  Ақпамбет, 

Жалмағамбет, Жайымбет, Нұрмағанбет, Құлмағамбет, 

Қалмағамбет,  Мұқан,  Мұқажан,  Мұқағали,  Мұқасан, 

Мұқаш, Маханбет, Махан, Мағжан және тағы басқа да 

нұсқалардан көз сүрінеді.

Сондай-ақ, Пайғамбар (с.а.с.) әулеті деп есептелетін 

ишандардың  тұқымдарын  айрықша  құрметтеуді  де 

Алла  Елшісін  (с.а.с.)  қастерлеудің  ерекше  бір  үлгісі 

деуге болады.

Жалпы  адамзаттың  ең  ардақтысы  Алланың 

Елшісіне (с.а.с.) деген құрмет өте ерекше болғандығын 

аңғарамыз. Оған (с.а.с.) титімдей қатысы бар дүниенің 

бәрі қасиетті саналған. Мұның өзі Пайғамбардың (с.а.с.) 

өсиетімен сай келеді.

 ُللها ىَّلَص ِللها ُلوُسَر َلاَق :َلاَق ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع

 ِهِدَلَوَو ِهِدِلاَو ْمنِم ِهْميَلِإ َّبَحَأ َنوُكَأ  َّتَح ْممُكُدَحَأ ُنِمْمؤُت� َلا« :َمَّلَسَو ِهْميَلَع

.ُّيِراَخُبلا ُهاَوَر .»َينِعَْمجَأ ِساَّ�لاَو

Әнес ибн Мәлік (р.а.) жеткізген риуаятта Алланың 

Елшісі (с.а.с.) былай дейді: «Сендердің қайсыбіреуің қашан 

мені  өзінің  әкесінен,  баласынан  және  барлық  адамдардан 

артық  жақсы  көрмейінше  толық  иман  келтірген 

болмайды»

42

.

 َمَّلَسَو ِهْميَلَع ُللها ىَّلَص ِِّبيَّ�لا ِنَع ُهْم�َع ُللها َيِضَر ٍكِلاَم ِنْمب ِسَنَأ ْمنَع

 ُهَّللا َنوُكَ� ْمنَأ :ِناََيمِلإا َةَوَلاَح َّنِِب َدَجَو ِهيِف َّنُك ْمنَم ٌثَلاَث« :َلاَق

42 Бәйһақи риуаят еткен.

 ْمنَأَو ،ِهَّلِل َّلاِإ ُهُّبُِيح لا َءْمرَمْملا َّبُِيح ْمنَأو ،اُهاوِس اَِّم ِهْميَلِإ َّبَحَأ ُهُلوُسَرَو

 َفَذْمقُت� ْمنَأ ُهَرْمكَ� اَمَك ،ُهْم�ِم ُهَّللا ُهَذَقْمتنَأ ْمنَأ َدْمعَتب ِرْمفُكْملا ف َدوُعَت� ْمنَأ هَرْمكَ�

.ِهْميَلَع ٌقَفَّتتُم .»ِراَّ�لا ف

Әнес  ибн  Мәлік  (р.а.)  жеткізген  риуаятта 

Пайғамбар  (с.а.с.)  былай  деген:  «Кімде  мына  үш  нәрсе 

болса  ол  иманның  тәттілігін  сезінеді:  Алла  мен  Оның 

Елшісін  ол  екеуінен  басқа  нәрсенің  барлығынан  артық 

көріп сүю; бір адамды жақсы көрсе, тек Алла үшін жақсы 

көру;  күпірді,  Алла  оны  одан  құтқарғаннан  кейін,  құдды 

отқа түсуді қаламағанындай қатты жек көру»

43

.

Білімдіге, ұстазға құрмет

Қазақ  халқында  әрбір  ауылда,  әрбір  руда  өзінің 

молдасы, діни жетекшісі, пірі, ұстазы болды. Олардың 

біразы  Орта  Азияның  діни  медреселерінде,  одан  ары 

араб  елдерінде  діни  оқу  орындарында,  медреселерде 

көптеген жылдар бойы Ислам дінінен терең білім алып 

келген ұстаздар болатын. Ондай ұстаздарға деген сый-

құрмет ерекше болды. Ел жақсылары оларды алдын ала 

шақырып, үй-жайымен, мал-дүниемен қамтамасыз етті. 

Айрықша ардақтап, қызмет көрсетті. Білімін балаларға, 

қауым-жұртқа  үйрету  үшін  барлық  жағдайын 

жасап,  дүниелік  жағынан  мүлде  алаңдамайтындай 

жағдай  туғызды.  Алаш  жұртындағы  білімге,  діни 

адамдарға  деген  құрмет  сондай  болды.  Бұл  нағыз 

мұсылманшылықтың  көрінісі.  Ислам  тағылымында 

ұстазды  құрметтеу  үлкен  сауапты  іс  болып  саналады. 

43 Бұхари, Мүслім риуаят еткен.



56

57

Қазақ халқында ұстаз туралы мынадай қанатты сөздер 



қалыптасқан. «Ұстазсыз шәкірт тұл». «Ұстазы жоқтың 

ұстазы шайтан». «Ұстазы жақсының ұстанымы жақсы». 

«Ұстаздан ұлағат».

Білім мен ұстазға деген осындай игі дәстүр Құран 

Кәрім мен хадистердегі өсиеттерден алынған.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет