Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы



Pdf көрінісі
бет31/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60
Алла сендерге жеңілдікті қалайды, ауыртпалық артқысы 
келмейді», – делінген 
(«Бақара» сүресі, 185-аят)
. Әлсіздікті 
сезініп, оразасын ашқан адам денсаулығы жақсарған соң 
қаза болған күндерін өтеуі қажет.
Сұрақ:
Клизма оразаны бұзады ма?
Жауап: 
Клизма оразаны бұзады және бір күн қазасын 
өтеу қажет.
Сұрақ:
Қарт кісілер және дертінен айықпайтын нау- 
қастардың оразасы қалай болады?
Жауап: 
Қарт кісілер мен айықпас дертке шалдыққандар 
оразадан босатылады, орнына фидия береді. Фидияны 
Рамазанның басында не оразадан кейін де беруге болады. 
«Бақара» сүресінің 184-аятында мұндай кісілер жайлы: 
«Бір міскіннің тамағын берсін», – делінген. Әрбір күннің 
оразасы үшін бір кедейді таңертең және кешке екі мезгіл 
тоятындай 30 күн тамақтандырады. Сондай-ақ фидияның 
ақшасын кедейге беруіне де болады. Бір кісінің фидиясын 
бір адамға яки бірнеше адамға бөліп беруге де болады.
Сұрақ:
Фидия төлеуге кімдер міндеттеледі?
Жауап: 
Рамазан оразасын ұстауға қауқары жетпейтін қарт 
немесе созылмалы ауруы бар науқас бір міскіннің қарнын 
әр күнге екі мезгіл тойдыру арқылы фидия төлемін өтейді. 
Ауруынан айығатын науқастың фидия төлеуіне болмайды. 
Мұндай науқас ауруынан айыққан соң оразасының қазасын 
өтеуі тиіс. Бұл үкім денсаулығының түзелуінен үміті жоқ 
кісілер мен қарттығынан ораза ұстай алмайтындарға ғана 
жүреді. Фидия төлеуге жағдайы жоқ пақыр болса, тәубе-
истиғфар жасайды.
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


43
Сұрақ:
Ер кісінің жыныстық мүшесінің ұшына дәрі 
тамызса оразасы бұзыла ма?
Жауап: 
Әбу Ханифа мен шәкірті Мұхаммедтің пікірінде 
бұл жағдайда ораза бұзылмайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет