Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Жауап:  Жоқ, бұл жағдайда бір күн қазасын ғана өтейді. Сұрақ



Pdf көрінісі
бет37/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60
Жауап: 
Жоқ, бұл жағдайда бір күн қазасын ғана өтейді.
Сұрақ:
Әйел кісі етеккірі келгенде намазды тоқтатады 
және етеккірден тазарғаннан кейін намаздың қазасын 
өтемейді деп естіп едім. Осы жағдай оразаға да қатысты 
ма?
Жауап: 
Рас, әйел кісі етеккірдің себебімен намазын 
оқымайды және оның қазасын да өтемейді. Себебі, намаз 
тәулігіне бес уақыт. Ал етеккір жағдайы 3 күннен 10 
күнге дейінгі аралыққа созылады. Әрі бұл әр ай сайын 
қайталанатын жағдай. Сондықтан бес уақыт намаздың 
қазасын өтеу қиынға соғады. Бұл да Ислам дінінің әйел 
баласына жасаған жеңілдігі. Ал ораза олай емес. Рамазан 
айында етеккір келу себебімен тұтпаған оразасының 
қазасын кейін өтеуі тиіс. Себебі, ораза жылына бір рет қана 
орындалатын парыз құлшылық және қазасын кез-келген 
уақытта арасын үзбей ұстауға, не бөліп ұстауына да рұқсат 
етіледі.
Сұрақ:
Ораза кезінде әйел кісілерге шаш боятуға, 
тырнақ жөндетуге бола ма?
Жауап: 
Жалпы шариғат бойынша әйел кісіге өзінің 
Әйел кісілерге тән жағдайлар


50
күйеуінің алдында сәнденіп шашын, тырнағын боятуына 
т.б. жолдар арқылы сәнденуіне болады. Ал ораза кезінде 
шашын бояту, тырнақтарын жөндеу сияқты амалдар оразаға 
кедергі емес. Тек бояну барысында әртүрлі себеппен 
мұрыннан, тамақтан ішке бір нәрсенің кетіп қалмауына 
мұқият болуы керек.
Сұрақ:__Истихаза_кезінде_әйел_ораза_ұстай_ма_Жауап'>Сұрақ:
Истихаза кезінде әйел ораза ұстай ма?
Жауап: 
Истихаза – етеккір және нифасқа жатпайтын 
қан түрі. Мұндай кезде әйел кісіге рамазан оразасын ұстау 
міндет.
Сұрақ:
Ораза ұстау үшін әйел күйеуінен рұқсат сұрауы 
керек пе?
Жауап: 
Рамазан оразасын ұстау үшін рұқсат сұрауы қажет 
емес. Өйткені, Рамазан оразасы – Алланың әмірі, парыз. 
Алайда күйеуінің рұқсатынсыз нәпіл ораза ұстауы – мәкрүһ. 
Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) 
былай дейді: «Күйеуі жанында бола тұрып, рұқсатынсыз 
ораза ұстаған әйелдің оразасы дұрыс емес» 
(Бұхари)
. Мұндай 
жағдайда әйелінің нәпіл оразасын бұздыруға күйеуі 
құқылы. Кейін күйеуі рұқсат еткенде немесе күйеуі жоқ 
кезде бұзған оразасының қазасын өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет