Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Жолаушы және науқас адамдардың оразасы



Pdf көрінісі
бет34/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


46
ӘЙЕЛ КІСІЛЕРГЕ ТӘН ЖАҒДАЙЛАР
Сұрақ:
Рамазан айында неке қидыруға бола ма?
Жауап: 
Рамазан айында неке қидыруға рұқсат. Бірақ, 
ерлі-зайыптылар ауызашарға дейін жыныстық қатынасқа 
түсуге болмайтынын ескергендері жөн.
Сұрақ:
Рамазан айында әйел кісілерге боянуға, түрлі 
лак немесе жақпаларды қолдануға бола ма?
Жауап: 
Оразаны сырттан ішке кірген нәрсе бұзады. 
Сондықтан қолға, бетке жағылған түрлі жақпаларды, лак 
т.б. қолдану оразаға кедергі келтірмейді. Алайда аталмыш 
майлар, лактар су өткізбейтін болғандықтан құлшылық үшін 
алынатын дәреттен бұрын сүрту не кетіру қажет.
Сұрақ:__Етеккір_мен_нифас_кезіндегі_әйелдің_оразасы_қалай_болады_Жауап'>Сұрақ:
Етеккір мен нифас кезіндегі әйелдің оразасы 
қалай болады?
Жауап: 
Рамазанда әйел адамның етеккірі келсе немесе 
жүкті әйел босанса, оразасы бұзылады. Етеккір күндері мен 
нифас кезінде ораза ұстауына болмайды. Бірақ кейін ұстай 
алмаған күндерінің қазасын өтейді.
Сұрақ:
Рамазанда әйел кісі таң намазына дейін 
етеккірінен (хайыз) тазарса не істейді?
Жауап: 
Егер әйел кісі Рамазан айында таң намазының 
уақыты кіргенге дейін етеккірінен тазарса, ораза ұстауы 
міндет. Ниет етіп оразасын тұта бастайды.
Сұрақ:
Оразада әйел кісі таң намазы кіргеннен кейін 
етеккірінен тазарса не істейді?
Жауап: 
Рамазан айында әйел кісі таң намазы кіргеннен 
кейін етеккірінен тазарса, ораза ұстамайды. Алайда Ра-
мазанның құрметі үшін, әрі айналасындағы ауыз бекіткен 


47
адамдарға құрмет ретінде олардың көзінше ас ішпегені 
абзал. Оразаны келесі күннен бастап ұстайды. Рамазанның 
ішінде хайыз болған күндерінің және хайызы тоқтаған 
күнінің қазасын кейінірек өтейді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет