Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Әйел адам етеккірін кешіктіру үшін әдейі дәрі



Pdf көрінісі
бет35/60
Дата16.04.2023
өлшемі0,55 Mb.
#83293
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Сұрақ:
Әйел адам етеккірін кешіктіру үшін әдейі дәрі 
ішуіне бола ма?
Жауап: 
Мұндай дәрі ішіп етеккірі келмей ауыз бекітсе
оразасы дұрыс болып есептеледі. Алайда бұл әрекеті 
ағзасына зиян келтіруі мүмкін. Асыл дініміз денсаулыққа 
зиян тигізетін факторлардан сақтануға үндейді. Сол себепті 
мұндай дәрі қолданбағаны жөн. Етеккір кезінде ұстамаған 
оразаның қазасын кейіннен өтеуге болатындығын ескерген 
жөн. 
Сұрақ:
Тығындәрі (свеча) салу оразаны бұзады ма?
Жауап: 
Иә, оразаны бұзады. Бір күн қазасын өтеуі керек. 
Сұрақ:
Әйел ішкі дәрет жолына дәрі тамызса ораза 
бұзыла ма?
Жауап: 
Ханафи мазһабы бойынша мұндай жағдай 
оразаны бұзады. Бір күн қазасын өтейді.
Сұрақ:
Ораза кезінде етеккірі келіп қалған жағдайда не 
істеу керек?
Жауап: 
Етеккірі келген сәттен бастап ораза ұстауын 
тоқтатады. Дегенмен ел-жұртқа көрсетіп ішіп-жемегені 
абзал. Етеккір мерзімі аяқталған соң әйел адамдар қаза 
болған күндерін өтейді.
Сұрақ:__Ұйықтап_жатқан_әйеліне_жақындық_жасаса_оразасы_бұзыла_ма_Жауап'>Сұрақ:
Каффарат міндет болған әйелге сол күні хайыз 
келсе не істейді?
Жауап: 
Оразасын әдейі бұзған күні хайыз келсе, каф- 
Әйел кісілерге тән жағдайлар


48
фарат мойнынан түседі. Себебі, етеккір келген күні ораза- 
дан босатылады.
Сұрақ:
Ұйықтап жатқан әйеліне жақындық жасаса 
оразасы бұзыла ма?
Жауап: 
Мұндай жағдайда күйеуіне қазамен бірге каф- 
фарат міндет. Ал әйелдің оразасы бұзылады. Алайда, бір 
күн қазасын өтеумен шектеледі.
Сұрақ:
Ораза кезінде аяғы ауыр немесе емізулі сәбиі 
бар аналар не істесе болады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет