Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


артық» , – делінген. Жолаушы және науқас адамдардың оразасы



Pdf көрінісі
бет31/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

артық»
, – делінген.
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


41
Сұрақ:
Қандай ауру түрлері ораза ұстамауға негіз бола 
алады?
Жауап:
Адам баласы әдетте шыдай алмайтындай дең- 
гейде ауырса, не ауруы болмаса науқастың өміріне қауіп 
төндіретіндей деңгейде болса, ораза ұстамауына негіз 
болады. Ауруынан айыққан соң қазасын өтейді.
Сұрақ:
Рамазан оразасын әдейі бұзған күні қатты 
ауырып қалса каффарат мойнынан түсе ме?
Жауап:
Сол күні ауыз ашуға рұқсат етілетіндей дәрежеде 
ауырып қалса, каффарат мойнынан түседі.
Сұрақ:
Инемен емделу оразаны бұза ма?
Жауап:
Инемен емделу оразаны бұзбайды. Ине адамның 
терісіне, яғни жүйке нүктелеріне салынады. Бұл жағдайда 
ағзаға ешқандай қорек бармайтыны белгілі.
Сұрақ:
Рамазанда хижама жасатқан адам «оразам 
бұзылды» деп әдейі аузын ашса не болады?
Жауап:
«Хижама оразаны бұзады»
деген хадистің 
негізгі мағынасы: хижама қатты әлсіретеді. Бірақ, ораза 
бұзылмайды. Сол себепті оразаның сауабынан айырылады. 
Міне, осы хадистің түпкі мағынасын біле тұра аузын әдейі 
ашқан кісі қазамен бірге каффарат өтеуі міндет.
Сұрақ:
Егер ораза кезінде әлсіздікті сезінсе, оразасын 
бұза ала ма?
Жауап:
Егер аузы берік адамның оразаны жалғастыруы 
ауыр болып жатса, ол күндері оразаны тоқтата тұруға болады. 
Алайда жеңіл-желпі қиналғанға бола оразасын бұзуға тиым 
салынады. Шын мәнінде өзін жайсыз сезініп, денсаулығына 
қауіп төнер болса, оразасын ашуға болады (мысалы, 
мұсылман дәрігердің айтуымен). Құранда: 
«Шынында
,
 
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


42


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет