Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер



Pdf көрінісі
бет28/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


37
себеппен ораза қаза болса, міндетті түрде өтеледі. 
Сұрақ:
Дүйсенбі және бейсенбі күні ораза ұстау парыз 
ба?
Жауап:
Дүйсенбі және бейсенбі күндері ораза ұстау 
нәпіл құлшылық болып саналады. Усама ибн Зайдтен (Алла 
оған разы болсын) келген риуаятта Пайғамбарымыздың 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) дүйсенбі мен 
бейсенбі күндерін ораза ұстаумен өткізгені баяндалған. 
Бұл күндерді оразамен өткізуінің себебін сұрағанда: 
«Адамдардың амалы Алла Тағалаға дүйсенбі мен бейсенбі 
күндері ұсынылады»
, – деген Пайғамбарымыз. Екінші бір 
риуаятта: 
«Ұлы Раббыма амалдарымның ораза ұстаған 
кезімде ұсынылуын қалаймын»
, – деген сөзін қосып айтқан 
(Әбу Дәуід)
.
Оразаға қатысты әртүрлі мәселелер


38
ЖОЛАУШЫ ЖӘНЕ НАУҚАС
АДАМДАРДЫҢ ОРАЗАСЫ
Сұрақ:
Рамазан айында кімге ораза тұтпауға рұқсат 
етіледі?
Жауап:
Алыс сапарға шыққан жолаушы, ораза ұстаса 
ауруы асқынып кететін науқас, жүкті әйел және емізулі ана 
рамазан оразасынан уақытша босатылады. 
Сұрақ:
Ораза тұтпауға рұқсат етілген кісілер ұстамаған 
оразасының қазасын өтейді ме?
Жауап:
Иә, жолаушының сапары аяқталған соң, науқас 
емделген соң, ана баласын емшектен шығарған соң және 
жүкті әйел босанып, нифас қанынан тазарған соң және 
хайыз әйел етеккірінен тазарған соң қазасын өтейді. 
Сұрақ:
Ораза кезінде басқа қалаға іс-сапарға шыққан 
адам сол күндері оразасын тоқтата тұрса бола ма?
Жауап:
Тіпті сапарда ешқандай қиындық көрмесе де, 
Алла Тағала сапардағы адамға оразасын тоқтатуға рұқсат 
берген. Алайда, кейін сапарда қаза болған оразасын өтейді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет