Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет53/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Зекет дегеніміз не?
Жауап:
«Зекет» араб тілінен енген сөз. Бұл сөздің 
тілдік мағынасы «көбею, өсу, тазару» дегенді білдіреді. 
Құранның 
«Расында, өз нәпсісін тазартқан кісі 
(тозақ 
азабынан)
құтылды»
деген, «Шамс» сүресінің 9-аятында 
«өз нәпсісін тазартқан»
деген сөздерде «зекет» сөзі 
«тазару» мәнінде қолданылып тұр. Ал зекеттің шариғат- 
тағы терминдік мағынасы: «Нисап көлеміне жететін дәу- 
леті бар мұсылманның Алла разылығы үшін байлығының
бір бөлігін шариғатқа сай, жылына бір рет Құранда көр- 
сетілген топтағы адамдарға беруі». 
Сұрақ:
Зекеттің үкімі қандай?
Жауап:
Исламның негізгі бес тірегінің бірі Зекет ғибадаты 
Һижраның екінші жылы рамазан оразасынан кейін шәууәл 
айында парыз болды. Қасиетті Құрандағы: 
«Намаз оқыңдар, 
зекет беріңдер»
 
(«Бақара» сүресі, 34, 83-аяттар)
,
 
«Олардың 
күнәларынан тазаланып, малдары көбейіп берекеттенуі 
үшін олардың 
(мұсылмандардың)
малдарынан садақа 
(зекет)
 ал»
 
(«Тәубе» сүресі, 103-аят)
,
 
«Шын мәнінде, садақалар 
(зекеттер) кедей-кепшіктерге, түгі жоқ міскіндерге, зекетті 
жинауға тағайындалған адамдарға, көңілдері жібітілуі 
мақсат етілгендерге 
(жаңа мұсылмандарға т.б.)
, құлдарды 
азат етуге, қарызға батқандарға, Алла жолына және 
қиналған жолаушыларға берілуі Алла тарапынан парыз 
етілді»
,
 
– деген 
(«Тәубе» сүресі, 60-аят)
аяттары зекеттің 
парыздығына дәлел болады. Пайғамбарымыз (оған Алланың 
салауаты мен сәлемі болсын): 
«Ислам бес негізге құрылған: 
Алладан басқа құдай жоқ екеніне және Мұхаммед Алланың 
құлы әрі Елшісі екеніне куәлік ету, намаз оқу, зекет беру, 


71
рамазан оразасын ұстау және шамасы келсе, қажылыққа 
бару»
, – дейді 
(Бұхари)
. Барлық Исламның ғұлама-мүжта-
һидтері зекет ғибадатының парыз екеніне бірауыздан 
келіскен. Тіпті сахабалар: «Зекетті бермейміз дегендерге 
қарсы соғыс ашу керек» деген пікір айтқан. Кімде-кім зекет 
ғибадатының парыздығын қабылдамаса, діннен шығады. Ал 
парыздығын қабылдап орындамаса, күнәһар болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет