74
Сұрақ:
Қарызы бар адам садақа беруіне бола ма?
Жауап:
Алған қарызды қайтару – уәжіп. Ал садақаның
үкімі – мұстахаб. Хадисте:
«Жағдайы бола тұра қарызды
өтемей созып жүру – зұлымдық»
, – деп ескертілген (әл-
Мустадрак). Сол себепті, қарызы бар адам әуелі бе-
решегінен құтылуды ойлағаны абзал. Дегенмен берген
садақасы қарызын өтеуге кедергі келтірмесе яки қары-
зын өтейтін уақытта берешегінен құтыла алатындығына
сенімді болса, қажеттілігінен тыс дүниеден шама-шар-
қынша садақа беруіне болады.
Сұрақ:
Зекет беру дүниені азайтады ма?
Жауап:
Шайтан адамды «зекет берсең, дүниең азайып
қалады» деп қорқытып, азғырады. Негізі, зекет дүниені
кемітпейді, керісінше көбейтеді. Құранда «Бақара» сү-
ресінің 276-аятында:
Достарыңызбен бөлісу: