80
балаларымызды да
араластыру;
•
қиссалар, риуаяттар, хадистер айту,
сондай-ақ
балаларға кішігірім жарыстар ұйымдастыру;
•
Отбасында имани орта қалыптастыру қажет. Әрине
мұндай отырыстардың балаларды
тәрбиелеуде оң әсері
мол. Сондай-ақ ерлі-зайыптар арасындағы байланысты
күшейтіп, олардың араларында болған кейбір қайшы-
лықтарды жоюға да әсері шексіз.
7. Ақшамнан құптанға дейінгі уақыт
Бұл уақытта ауыз ашылады, қуаныш уақыты. Пайғам-
барымыздың Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын)
хадисінде айтылған:
«
Ораза ұстаушының екі қуанышы болады. Біреуі ауыз
ашқанда біреуі Қиямет күні Раббысына кездескенде
».
Бұл кезде Пайғамбарымыздың (Оған Алланың салауаты
мен сәлемі болсын) айтқан ауызашар дұғасын айтып,
ауыз ашамыз.
Кейбір адамдар тамаққа қызығып, ақшам
намазына мешітке баруды ұмытады. Әрине бұл сүннетке
сай емес. Сондықтан да, ер адамдар ауызды мешітте ашып
намазды оқып келіп, кейін тамаққа отырғаны абзал болады.
8. Құптан мен тарауих намаздарының уақыты
Бұл уақытта мына амалдарға мән берген дұрыс:
•
үйіңізге жақын мешітті таңдау, өйткені, онда танитын
адамдарыңыз болады, олармен байланысыңызды кү-
шейтуге,
қал-жағдай сұрасуға, бауырмашылықты артты-
руға үлкен мүмкіндік болады. Әрине Хатым түсіретін
мешіт болса, нұр үстіне нұр болады;
•
мешітке
жалғыз бармай, таныстарыңызды, туыс-
тарыңызды шақырыңыз;
•
намазды хушуғпен (ықыласпен) оқып, аяттардың
мағыналарына ой жүгіртіңіз.
Достарыңызбен бөлісу: