76
РАМАЗАННЫҢ ӘР КҮНІНДЕ
ЖАСАЛАТЫН САУАП АМАЛДАР
ЖОСПАРЫ
Жоспар толық мақсатына жету үшін мынадай кеңестер
ұсынылады:
•
жоспардың әр кезеңінің арасын бөлетін парыз на-
маздар болсын, өйткені ол намаздарды дұрыс орындауға
көмектеседі;
•
егер жоспардан кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз,
оны міндетті түрде келесі кезеңде орындаңыз;
•
бір күндегі кейбір амалдарды жіберіп алсаңыз оны
қалдырмай, келесі күні міндетті түрде жасап үлгеріңіз;
•
бос уақытта пайдалы істермен айналысыңыз. Бұл
жерде бос уақыт деп - бір іс пен басқа бір істің арасында
болатын уақыттар айтылады. Мысалы, аялдамада көлік
күту, көліктегі уақыт, азан мен қамат арасындағы уақыт,
біреуді күтіп жатқандағы т.б. уақыттарды бос өткізбеуге
тырысыңыз;
•
бұл жоспарды тек жалғыз өзіңіз емес, басқалармен
қосылып орындасаңыз жалықпауға, дұрыс орындауға
көмектеседі және олардың сауабындай сізге де сауап
жазылады.
Осы кеңестер төмендегі
жоспардың ойдағыдай
орындалуына септігін тигізеді деп сенеміз.