Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022



Pdf көрінісі
бет6/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62
Рамазан оразасына қатысты


10
кешіктірсе)
,
ағаттығы жоқ»
, – деген 
(Имам Шафиғи, «Әл 
Умм»)

Дегенмен ауызашарды кешіктірген адамның оразасы 
дұрыс саналады
. Сонымен қатар ауызашар уақыты кіргенде 
жол жүрсе, бір жұтым сумен не бір түйір құрмамен болса
да кешіктірмей ашқаны жөн.
Сұрақ:
Ауызды немен ашқан дұрыс?
Жауап:
Хадисте: 
«Сендерден кім ауыз ашса, құрмамен 
ашсын. Расында құрма – береке. Егер құрма табылмаса
 
сумен ашсын. Өйткені, су – таза»
, – деп айтылған 
(Тирмизи)
.
Сұрақ:
Ауызашар берудің сауабы қандай?
Жауап: 
Ауызашар беру – сауабы мол амал. Пайғамба- 
рымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): 
«Ораза 
ұстаушыны тамақтандырған адам (ауызашар берген) оның 
сауабын алады. Әрі оған ораза ұстаушының сауабы еш 
кемітілмей беріледі»
, – деп сүйіншілеген 
(Тирмизи)
.
Рамазан оразасына қатысты


11
ОРАЗАҒА НИЕТ
Сұрақ:
Рамазан оразасына ниет етудің үкімі мен уақыты 
бар ма?
Жауап:
Оразаның кез келген түрі үшін ниет ету шарт. 
Құранда «Бәйинә» сүресінің 5-аятында:
«Оларға
 
да хақ 
дінді шын көңілден толық қабылдап, «таухид» сенімімен 
бір Аллаға риясыз құлшылық ету, намазды кемеліне 
келтіріп,
 
ақсатпай уақытылы оқу және зекеттерін толық 
өтеу бұйырылған еді»
, – делінген. Рамазан оразасына ниет 
ету ақшам намазынан басталып, ораза ұстайтын күннің 
таң уақыты кіргенге дейін жалғасады. Ал сәресі уақытында 
ниет етпей ұйықтап қалған жағдайда, таңертең еш нәрсе 
ішіп-жемеген болса, түске дейін ниет етуіне болады. Десе 
де, ең дұрысы түнде және сәресі уақытында ниет ету.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет