Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Рамазан айында есінен танған адамның үкімі



Pdf көрінісі
бет30/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Рамазан айында есінен танған адамның үкімі 
қандай?
Жолаушы және науқас адамдардың оразасы


40
Жауап:
Рамазан айында ораза тұтуға ниет етіп, күндіз 
есінен танып қалса, бұл күннің қазасын өтеу парыз емес. 
Есінен тануы көпке созылса, айыққан соң ораза ұстауға
ниет еткен күнінен басқа күндердің қазаларын өтейді. 
Сондай-ақ, Рамазан айында жынды болып қалған адамның 
ақылы кірсе, қалған күндерді тұтып, өткен күндерінің 
қазасын өтейді.
Сұрақ:
Аяқасты жолға шыққан адам оразасын бұза ма?
Жауап:
Таң намазы кіргеннен кейін жолға шыққан 
адам қиналмаса, сол күнгі оразасын бұзбай, соңына дейін 
аяқтайды. Егер ол адам оразасын бұзатын болса, тек қазасын 
өтейді, кәффарат қажет емес. Таң намазына дейін сапарға 
шықса, онда жолаушыға берілген жеңілдікті пайдаланып
оразаға ниет етпеуіне болады. Бірақ бұл күндердің қаза- 
сын өтейді. 
Сұрақ:
Іс-сапарға шыққанда оразаны жалғастырып 
ұстай беруге бола ма?
Жауап:
Жолаушы адам сапар кезінде оразасын ұстай 
беруіне болады. Хамза ибн Амр әл-Әсләми (Алла оған разы 
болсын): «Уа, Алланың Елшісі, сапар кезінде ораза тұтуға 
күшімнің жететінін білемін. Егер ораза ұстар болсам, ол күнә 
болып саналады ма?» – деп сұрағанда, Пайғамбарымыз 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бұл Алла 
Тағаланың берген жеңілдігі, кім қаласа амал етсін, ал егер 
кімде-кім ораза ұстар болса, күнә болып саналмайды
»
, – деп 
жауап берген. Сондай-ақ жолаушы сапарда қиналмайтын 
болса, ұстай беруіне болатындығын меңзейтін «Бақара» 
сүресінің 184-аятында:
 «Білсеңдер, сендер үшін 
(аузы ашық 
жүруден, фидия беруден) 
ораза ұстағандарың әлдеқайда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет