Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы оразағА Қатысты 200 СҰРАҚ Нұр-Сұлтан 2022


Сұрақ: Қадір түні рамазанның 27-түні дегенге қандай



Pdf көрінісі
бет44/62
Дата14.09.2023
өлшемі1,03 Mb.
#107312
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62
Байланысты:
ОРАЗАҒА 200 СҰРАҚ

Сұрақ:
Қадір түні рамазанның 27-түні дегенге қандай 
риуаяттар бар?
Жауап: 
Убай ибн Кағб (Алла оған разы болсын): «Аллаға 
серт! Мен Қадір түнін білемін! Ол – Пайғамбарымыз 
(Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) бізге күтуге 
бұйырған жиырма жетінші түн» 
(Мүслим)
.
Сұрақ:
Қадір түнінде қандай құлшылық абзал?
Жауап: 
Қадір түні намаз оқып, Құран тиләуат ету, әсіресе 
көп дұға ету абзал.
Қадір түні


59
ПІТІР САДАҚАСЫ
Сұрақ:
Пітір садақа дегеніміз не?
Жауап: 
Пітір – Рамазан айының соңында яғни айтқа 
жетіп, негізгі қажеттіліктерінен тыс ең кемінде нисап 
мөлшеріндей дүниеге ие, бас бостандығы бар әрбір 
мұсылман үшін уәжіп болған садақа. Хадисте: «Алла Елшісі 
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза ұстаған 
адамды ұнамсыз сөздер мен жағымсыз іс-әрекеттерден 
тазарту әрі кедейлерді тамақтандыру үшін пітір садақаны 
міндеттеді. Кім пітірді (айт) намаздан бұрын берсе, ол пітір 
садақа болып қабылданады, ал 
намаздан кейін берсе,
жай 
ғана садақа болып есептеледі», – делінген 
(Бұхари)
.
Сұрақ:
Пітір садақасын кімдер беруге міндетті?
Жауап: 
Ханафи мәзһабы бойынша Рамазан айында 
мұсылман адамның өзі және отбасындағы әр адам үшін пітір 
садақа беруі – уәжіп. Оны өзінің қажеттілігін қоспағанда 
мал-мүлкі, дүниесі күміс нисабына (595 гр) жеткен адам 
береді. Тұрмысы нашар, яғни артық мал-мүлкі нисап 
мөлшеріне жетпеген кісі пітір садақа беруге міндетті емес, 
сауап үшін беріп жатса өз еркі. Алайда, садақаны өзінен 
жағдайы төмен адамға бергені дұрыс. Әйелі және үлкен 
балаларының жағдайлары жетіп тұрса, олар пітір садақаны 
өздері береді. Ал олар үшін де пітір садақа берген адам 
әлбетте сауапқа кенеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет