кім Алланың алдына бір ғана жақсылықпен келсе, оған
сол жақсылығы үшін он есе сауап жазылады» делінген.
Ғалымдар шәууәл айындағы алты күн оразаның бір жылдық
сауабын осы аятпен байланыстырады. Рамазан айындағы
отыз күн мен шәууәл айындағы алты күн қосылғанда, отыз
алты күн болады. Бұл сан он есеге көбейтілсе, үш жүз алпыс
күнді құрайды. Бір жылдың қалған бес күні ораза ұстауға
болмайды: Рамазан айтының алғашқы күні мен Құрбан
айттың төрт күні. Оразаның әрбір күні он есе молайса, онда
отыз алты күндік оразада бір жыл ауыз бекітудің сауабы
бар деген сөз.
Достарыңызбен бөлісу: |