Сұрақ:
Зекет беру дүниені азайтады ма?
Жауап:
Шайтан адамды «зекет берсең, дүниең азайып
қалады» деп қорқытып, азғырады. Негізі, зекет дүниені
кемітпейді, керісінше көбейтеді. Құранда «Бақара» сү-
ресінің 276-аятында:
«Алла өсімнің берекетін жояды, ал
садақасы берілген малды берекеттендіріп, арттырады», –
десе, Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі
болсын) хадисте: «Садақа мал-дүниені азайтпайды», –
деген
(Мүслим)
.
Сұрақ:
Жылқыдан зекет беріледі ме?
Жауап:
Кейбір фиқһ ғалымдары Пайғамбарымыздың
(оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Мұсылманға
құлы мен жылқысынан зекет жоқ» деген хадисіне сүйеніп,
жылқының барлық түрлері зекеттен босатылған деген
тұжырым жасаған. Ал Ханафи ғалымдары бұл хадистегі
жылқыларды міністегі жылқылар деп түсінген. Сондықтан
Әбу Ханифа «жылқының тұқымын көбейту, сауда-саттық
үшін өсіру және еркегі мен ұрғашысы аралас болып, өрісте
жайылса әр жылқыға бір динар немесе құнына сәйкес 1/40
мөлшерінде зекет беріледі» деген. Демек, егер еркегі мен
ұрғашысы аралас немесе тек қана ұрғашы жылқылар өрісте
Зекет
75
жайылып, одан бір жыл өткен болса, оның иесі қаласа
әрбір жылқыға бір динардан береді (динар шамамен
3-3,5 гр алтын), қаласа ортақ құнын есептеп, 2,5 пайыз
зекет береді. Арасында ұрғашысы жоқ, тек еркек жыл-
қылардан зекет берілмейді.
Сұрақ:
Достарыңызбен бөлісу: |